Кәсіпорынның негізгі қоры


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1 Бөлім. Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларын тиімді пайдаланудың әлеументтік және экономикалық маңызы.

  1. Негізгі өндірістік қордың мәні мен мазмұны
  2. Негізгі өндірістік қорлардың құрамы мен құрылымы
  3. Негізгі өндірістік қорларды бағалау әдістері
  4. Амортизация және оны аудару тәсілдері
  1. Бөлім. ‘’Ақсай ’’ ЖШС НТК-ның негізгі өндірістік қорларының

пайдалану тиімділігін талдау.

  1. ЖШС ‘’Ақсай’’ НТК-ның шаруашылық қызметіне мінездеме
  2. ЖШС НТК ‘’Ақсай нан’’ зауытының 2008-2009 жылдарындағы негізгі техникалық көрсеткіштерін талдау
  1. Бөлім. ‘’Ақсай ’’ ЖШС НТК-ның негізгі өндірістік қорын

пайдалану тиімділігін жақсарту резервтері

3. 1. Кәсіпорындағы негізгі қорлардың пайдалану тиімділігін істен

шыққан негізгі қорды жаңарту нәтижесінде жоғарлату

Кіріспе

Қазақстан үздіксіз жоғары сапалы өнімдермен қамтамасыз ету, біздің егеменді мемлекетіміздің даму бағдарламасында жүзеге асырылатын маңызды бір бөлімі болып табылады.

Сондықтан да нарықтық экономиканың алға басуының нәтижесінде Қазақстанда тамақ өнеркәсібіндегі нан өндірісіне аса зор көңіл бөлінеді. Нан өнеркәсібі кәсіпорын сандары, өнім көлемі мен маңыздылығы бойынша және механизациялау дейгейі жағынан тамақ өнеркәсібінің жетекші салаларының бірі болып табылады.

Қазіргі кезде республикадағы ірі тамақ өндіріс орындарының бірі - ЖШС “Ақсай нан” нан тоқаш комбинаты Қазақстанға ғана емес дүние жүзіне мәлім, дәлірек 100 елге танымал. Оның өнімі өте сапалы Хылықаралық стандартқа сай болып табылады. 2004 жылы Женевада өткен нан өнімдері көрмесінде ЖШС “Ақсай нан” нан тоқаш комбинатының өнімі 24 елге танылды және де жоғарғы бағаларға ие болды.

Сонымен ЖШС “Ақсай нан” нан тоқаш комбинаты нан өнімдерінің бірнеше түрін өндіреді және күнделікті тұтынылады.

Қазіргі уақытта өмір сүру деңгейінің және сапаның нашарлауына негізделген нан өнімдері нарығының өсу келешегі байқалады. Сондықтан да, қазақстандықтар үшін өнімнің көп бөлігінің сапасының нашар болуына және ассортименттің шектеулігіне қарамастан нан әрқашан “№1 өнім” болып табылып табылады.

Нан зауыттары сыртқы орта өзгерістеріне (монополиялық жағдайдан еркін бәсекелестікке өту) және нан өнімдері нарығында өз үлестерін жоғалтуларына байланысты келесі әрекеттерді жүзеге асыруға мәжбүр болады:

  1. нарыққа, сұранысқа және тұтынушылар қалауы мен қажеттілігіне

жан-жақты және ұқыпты, толық талдау жүргізуге;

  1. сұранысқа және талаптарға сәйкес келетін өнімдер шығаруға, осы

талаптарды қанағаттандыратын өндіріске бейімделуге;

  1. нарыққа және қоғамдық сұранысқа өз қызығушылықтары жағынан

ықпал етуге мәжбүр болды.

Кәсіпорынның экономикалық қызметін жоспарлауда өндірістік

қуаттылық ең басты негізі болып табылады, себебі, өндірістік кәсіпорынның тиімділігі өндірістік қуаттылықты дұрыс пайдалануға тәуелді.

Қазіргі экономикалық жағдайда өндірістік қуаттылық мәселелері үлкен теориялық және тәжірибелік мәнге ие болып отыр. Ол кәсіпорын қуаттылығын арттыру және тиімді пайдалану жолдарын анықтау, оларды есептеу тәсілдері мен деңгейін жүйелі түрде қайта қарауды ұйымдастыру және өндірістік қуаттылықты анықтау тәсілдерін жетілдіруден құралады.

Кәсіпорындағы өндірістік қуаттылықты анықтап білу ең алдымен қуаттылық есебінен талдауды, ақпараттық базаның сапалығын бағалауды, өндірістік қуаттылықты арттыру және тиімді пайдалану мүмкіндіктерін анықтаудан басталады.

Ең алдымен құрал-жабдықтардың жұмыс күші мен сменалығына және өндірістік қуаттылықты пайдалану коэффиценттерінің өзара байланысының сандық және сапалық талдануына ерекше назар аударылады. Өндірістік қуаттылықты пайдалануды жақсарту барысында құрал-жабдықтардың жұмыс күшімен сменалық коэффиценттерінің ролін жоғарлатуға мүмкіндік беретін ұйымдастыру-техникалық шаралар тізімі анықталады.

Жоспарлау кезеңінде қуаттылықты пайдалануды жетілдірудің ең негізгі факторы болып өндірістік бағдарламаның тиімділігін арттыру табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты- ЖШС “Ақсай нан” нан тоқаш комбинатының өндірістік шаруашылық қызметіне толық талдау жүргізу, кәсіпорынды басқару құрылымын зерттеу, кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалану бойынша іс-шаралар жобасын жасау.

Бірінші бөлімде ''Нарықтық экономикалық жағдайындағы кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларының қалыптасуы, теориялық-әдістік негіздері'' өндірістік қорлардың түсінігі, мәні мен мазмұны, құрамы мен құрылымы оларды бағалау әдістері.

Екінші бөлімде ''ЖШС ‘’Ақсай нан'' нан тоқаш комбинатының негізгі өндірістік қорларын мысал ретінде талдау'' негізгі өндірістік қорлардың құрылымы және жастық құрамын талдау.

Үшінші бөлімде ''Кәсіпорында негізгі өндірістік қорларын тиімді пайдалану жолдары''- ЖШС “Ақсай нан” нан тоқаш комбинатының негізгі өндірістік қорларды пайдалану жолдарын жақсарту бойынша ісшаралар ұсынылған.

I. Нарықтық экономикалық жағдайындағы кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларын тиімді пайдаланудың әлеументтік және экономикалық маңызы.

  1. . Негізгі өндірістік қордың мәні мен мазмұны.

Кәсіпкерліктің негізгі мақсаты-пайда табуды жүзеге асырудың қажетті шарты болып капиталдың ұдайы өндірісін жоспарлау болып табылады. Оның ішіне инвестициялау, өндіріс, тұтыну және жүзеге асыру стадиялары кіреді.

Капитал айналымдылығы белгілі бір стадиясына қарай әр түрлі формада болып үзіліссіз қозғалыста жүреді. Капитал айналымы капитал айналымдығынан сәйкес келмейді. Әрбір айналымдылық нәтижесінде кәсіпкерге авансталған капиталдың бір бөлігі ғана қайтарылады; толық айналым жүзеге асырылады, егер кәсіпкерге капитал құндылығы толығымен өзінің алғашқы яғни ақшалай түрінде қайтарылыса. Капиталадың әртүрлі элементтерінің айналымы бірдей жүзеге аспайды. Капитал құндылығының түрлі функцияларына сәйкес капитал негізгі және айналмалы болып бөлінеді. Негізгі капиталға - еңбек құралдарының құндылығы, ал айналмалы капиталға жұмыс күші мен еңбек құралдарының құны жатқызылады.

Батыс елдерінің экономика оқулықтарының авторларының негізгі және айналмалы капиталдары туралы бірдей көзқарасы жоқ, бұл түрлі елдерде қабылданған бухгалтерлік есептің және қаржылық есептің ерекшеліктерімен байланысты. Бұрынғы теория мен пакикада жиі негізгі қор жіне айналым құралдары деген терминдер кездеседі. Ресейдің бухгалтерлік есеп жүйесінің дамуына байланысты оның жалпы қабылданған халықаралық стандарттарға негізделінуімен бұрынғы терминдер де байытылып жатыр. Сөйтіп, негізгі капитал терминімен қатар “айналымсыз активтер” деген түсінік қолданыста жүр. Бірнеше авторлар жорамалдауы бойынша “негізгі каптал” және “айналымсыз активтер” деген түсініктер ұқсас. Негізгі капитал өзіне негізігі құралдарды және ұзақ мерзімді аяқталмаған инвестицияларды, материалдық емес активтерді және ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларды кірістіреді.

Елдің эконоикалық потенциалының сипаттамасында негізгі өндірістік қорлар өте маңызды орын алады. Сол себептен олардың өндіріске әсерін зерттеу көп қызықтырады.

Еңбек құралдарының негізгі қорларға жатқызу туралы сұрақтарды шешу кезінде 2 критерий пайдаланылады:

  • қызмет уақыты
  • еңбек құралдарының бір бірлігінің құны.

Негізгі қорларға ұзақ мерзімде қолданылатын және өнім өндіруге құнын ақырындатып, бөлшектеп қызмет уақыты кезінде және бір бірлікке құнына едәуір қабілеттілігін ауыстыратын өндіріс құралдары жатқызылады. Негізгі қордың белгілі бір бірлік көлемі ұлттық экономиканың дамуының түрлі этаптарында әр түрлі болады.

Негізгі қорға қатысты қасиеттеріне байланысты оларға кейбір еңбек заттары да жатқызылады деген қорытынды жасауға болады ( сонымен қатар еңбек құралдары айналым қорларға да жатқызылатыны белгілі) . Сөйтіп негізгі қорларға атомдық электростанциялардағы, кемелердегі отындар, химиялық өндірістегі катализаторлар т. с. с қосалқы материалдар егер олар өздері еңбек құралдары болмағанына қарамастан өз құндылықтарын басқа еңбек құралдары сияқты аталған әдіспен ауыстырылатын болса жатқызылуы мүмкін.

Пайдалы қазбалардың және жер байлығының экономикалық табиғаты ерекше қызығушылық білдіреді. Табиғи байлықтардың өздерінің құндылығы болмайды, сол себептен олар өндірістік қорларға жатқызылмайды. Бірақ оларға кеткен шығындар арқылы өз құнын ұлғайтып, өндірістік қорлар бола алады. Жер - өндірістік қорға жатқызылмайды. Бірақ оған салынған қаржылар, мысалы құрылыс кезіндегі кептіру арналары, жердің үстін түзулету, шаруашылық құрылысты жүзеге асыру арқылы өзінің негізгі өндірістік қорларын жасайды.

Жердің экономикалық табиғатын және оның құндық бағасын қалыптастыру иесіздендірілген аумағын кәсіпорын балансына қоюға мүмкіндік береді. Бұл, әрине, жерді ұқыпты пайдалануға әкеледі. Бұл айтылғанды басқа да табиғи ресурстарға пайдалануға болады, соның ішінде пайдалы кендердің шығу тегі.

Негізгі қорлар өндіріс процесінде қолданылу сипаттамасына байланысты өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді. Соңғысы өндірістік емес салалар аясында қолданылып және өндірістік емес тұтынуға арналған.

Негізгі өндірістік қорлар қоғамның материалдық - техникалық базасының негізін құрайды. Оның қаншалықты тиімді пайдалануынан және олардың қайтарымдылығынан еңбек өндірісінің көлемі және тұтыну жүретін бөлігіндегі ұлттық табыс көлеміне тәуелді болып келеді.

Негізгі қордың құнының өсуімен қатар халық шаруашылығының дамуы мен толық жетілдірілуі шартына байланысты жаңа еңбек құралдары пайда болады, бұл негізгі қордың дәлелді классификациясын талап етеді. Мұндай классификация кәсіпорынның жоспарлануына және шаруашылық қызметінің талдауына, өндіріс есебіне, негізгі қордың ұдайы өндірісін жоспарлауға және қолдануға, сонымен қатар амортизациялық аударылған сома нормасының есебіне қажет.

Негізгі қорлардың барлығы экономикалық белгілеріне қарай классификациялануы мүмкін. Олардың ішінде маңыздысы функционалдық қызметі, тозу өнімділігі және қызмет уақыты, қолдану деңгейі, кәсіпорын жұмысына әсер ету деңгейі, техникалық жаңашылдық, халық шаруашылығының саласы және керек жарақтары болып табылады. Негізгі капитал жалпы жеке меншік капитал негізінде қарастырылады.

Айта кететін жайт, халық шаруашылығының әр деңгейінде негізгі қордың жүйелеу бірдей болмайды. Классификацияланған топ саны және олардың көлемі өзгеріп тұрады. Негізгі қордың классификациясын өңдеу кезіндегі ұлттық экономиканың дамуының барлық этаптарында аталған методикалық әдіс пайдаланылады.

Осылай Ресейдегі ұлттық шаруашылықты барлық меншік формаларына және қызмет салаларының негізгі қорларына оған қажетті классификация жүріп жатыр. Негізгі қордың классификациясының бір қалыптылығы оның есебінің нақтылығы мен тепе-теңдігінің, халық шаруашылық салаларының дамуын анықтаудың негізгі шарты болып табылады.

Негізгі қордың өзінің құрылымына, жалпы қызметі мен функцияларына, еңбек процесінде жүзеге асырылуына байланысты мынадай топтарға және топшаларға бөлінеді: ғимарат, құрылыс, беріліс құрылғылары, көлік және жабдықтар( бұл топ негізгі өндірістік қордың құрамындағы маңызды болып табылады және мынадай топшаларға бөлінеді: ауыр машина және жабдықтар, жұмыс машиналары және жабдықтар, өлшейтін және реттейтін құрылғылар, есеп шығарушы техника, басқа да машиналар және жабықтар, сонымен қатар автоматтандырылған машиналар деген топшаға бөлінеді) ; транспорттық құралдар, құрал-жабдық, өндірістік инвентарь және жабықтар, жұмысшы және тиімді мал; көп жылғы отырғызулар; жерді жақсарту үшін кеткен капитал шығындары; басқа да негізгі қорлар. Осылай негізгі қорлар 15 категорияға бөлінеді. Негізгі құралдардың есебін қамтамассыз ету үшін ұлттық экономиканы салалары бойынша классификациялау қарастырылады, яғни келесі түрлерге бөлінеді: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, транспор, байланыс, құрылыс, материалдық-техникалық жабдық және өтім, ақпараттық есептеуіш құрылғылар тағы сол сияқты.

Басқаша айтқанда негізгі қордың классификациясы басқа да методикалық әдісті қолдану арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл жерде ең маңыздысы - ол негізгі капиталды жалпы меншікті капитал ретінде қарастырмау болып табылады. Бұл әдіс экономикасы дамыған елдердегі негізгі капиталдың классификациясын жасау үшін қолданылады.

Бұл әдістің бұрынғы практикада жұмыс істеуіне мысал ретінде 1996 жылы 8 мамырда 685 РФ Президентінің қабылдаған жарғысы болып табылады. Бұл жарғы бойынша амортизациясы тиесілі жаңа мүлік классификациясы енгізілді. Осыған байланысты мүлікті амортизация уақытына қарай 4 категорияға бөліп қарастырады:

  1. Ғимараттар, құрылыс және оның құрылымдық компоненттері -

20 жыл;

  1. Жеңіл автокөлік, жеңіл жүкті автокөлік, кеңселік құрылғылар

және жиһаз, компьютерлік техника, ақпараттық жүйе және мәліметтерді өңдеу жүйесі - 4 жыл;

  1. Техникалық, энергетикалық, транспорттық және басқа да

құрылғылар және материалдық активтер ( олар жоғары аталған 2 категорияға кірмейді) - 6, 67 жыл.

  1. Материалдық емес активтер - оларға пайдалануға болжанған

уақыты беріледі, ал егер анықтау мүмкін емес болса, амортизация уақыты 10 жыл ішінде белгіленеді.

Негізгі қорлар өндірістік - шаруашылық қызметінде пайдалану сипаттамасына байланысты қордағы негізгі құралдар, эксплуатация, консервация, аренда деген түрлерге бөліп қарастырылады.

Негізгі қорлар топтарының арақатынасы негізгі қордың өндірістік құрылымын құрайды, бұл өнеркәсіптегі өндірістің техникалық деңгейінің белгісі болып жұмыс атқарады.

Құрылымның талдауы және жоғары сатыға жетілдірілуі шаруашылық қызметтің барлық деңгейлерінде тек кәсіпорындар мен салаларда ғана емес, сонымен қатар цехта, өндірістік аумағында маңызды практикалық мағынасы бар, себебі өнеркәсіптің ұлттық шаруашылық саласы және сонымен қатар жеке өндіріс тек оларға ғана тән негізгі қордың құрылымына ие. Негізгі қорлардың құрылымы өндірістік белгілі бір сипаттамасы болып табылады деп айтуға болады.

Негізгі өндірістік қорлардың түрлерін айтқан кезде актив тек және пассивтік бөлімшелерден айтуға болады.

Активтік бөлімшелерге кәсіпорынның және салалардың өндірістік қуаттылығын және олардың техникалық деңгейін анықтайтын ( өнімді жасау сияқты) негізгі қорлар жатқызылады. Негізгі қордың жекелеген элементтерінің функцияларын негізге ала отырып, негізгі өндірістік қордың ең активті бөлігі бар құрылымын анағұрлым дамушы құрылымы деп санауға болады.

Кең мағынада алғанда негізгі қордың активті бөлігіне еңбек құралдарына кез-келген формада әсер ететін немесе бұл процесті қамтамассыз ететін еңбек құралдары жатқызылады. Бұл топтың негізін машиналар мен жабдықтар құрайды.

Алайда негізгі қордың құрылымы тек өзінің белгілі бір жекелеген элементтерінің арақатынасымен ғана емес, сонымен қатар өзінің динамикасымен сипатталынады. Негізгі қор құрылымының динамикасында толықтай белгілі бір заңдылықтар анықталады.

Әрине, егер де негізгі қорлардың құрылымының тиімділігі активтік бөлігінің үлес салмағымен сипатталынса, сонымен қатар машиналар мен жабдықтар, онда негізгі қорлар құрылымын мейлінше жетілдіру және оның тиімділігін арттыру- сол элементтерінің көлемімен ұлғайтуға бағытталуы керек. Шындығында негізгі қорларды өзгертудің осы прогрессивтік тенденциялары әрқашанда шыдамайды. Бұл кемшіліктер әр түрлі себептерге байланысты пайда болуы мүмкін: жекелеген салалардың масштабтардың және жаңа құрылыстың өсуі мен қайта құрудың төмендеп ақырындап қалуынан.

  1. Пассивтік бөлігіне өндіріске жағдай жасайтын, бірақ өнімнің

тікелей өндірушілері бола алмайтын негізгі қорларды жатқызамыз. Бұл бөлімшеге негізінде ғимараттар мен құрылғылар жатқызылады, жиі - беріліс құрылғылар, сонымен қатар көлік құралдары, инвентарь тағы сол сияқты жатқызылады.

Жүзеге асырылатын классификация негізгі қорды оның өдірістік өнеркәсіптегі атқаратын қызметіне қарай деталдап ( бөлшектеп ) зерттеуге әрқашан мүмкіндік бере бермейді. Сонымен қатар негізгі қор құрылымын оның активтік және пассивтік бөліктерінің арақатынасы түрінде көрсету, олардың салалың шығу тегін және функционалдың құрылымын зерттеу әрқашан мүмкін бола бермейді. Бұған себеп болған жағдай ол классификацияда табылған негізгі қордың үлкейтілген топтары, соның ішінде өнеркәсіптің таулы аймақтар салалары.

Негізгі қорлардың активтік бөлігінің көлемін ұлғайту ол өнімді шығарудың ұлғаюына және кәсіпкерлік қызметтің белгілерінің жақсаруына тікелей әсер етеді.

Ғылыми - техникалық прогрестің жылдамдатылуы жалпы тенденцияны өнеркәсіпте және жекелеген салалардағы негізгі қорлардың активтік бөлігін ұлғайтуды күшейтеді. Жаңа кәсіпорындағы негізгі қорлардың құнының салыстырмалы салмағы бұрынғысына қарғанда жоғары екендігі белгілі.

Пассивтік бөліктің талдауын көзден жіберуге болмайды. Жекелеген жағдайларда пассвтік бөлік өсуі мүмкін. Бұл ерекше жағдай жасау керек болатын өндіріс өніміне ауысуы мүмкін, бұл жаңа өндірістік ғимараттардың құрылысына кететін шығындарды кенеттен ұлғайтады. Негізгі қорлардың пассивтік бөлігінің өсуі кейбір жағдайда қазіргі қоғамдық талаптар негізінде ескі ғимараттің қайта құруына салынған ірі капитал салымдары арқасында болуы мүмкін. Алайда басқа теңбе-тең жағдайларда негізгі қорлардың активтік бөлігін ең үдемелі жабдықты орнату, анағұрлым тиімді жобалау тағы сол сияқты жағдайлар жасау арқылы ұлғайтуға тырысу керек.

Негізгі қорлардың құрылымына ең алдымен кәсіпорынның техникалық деңгейі әсер етуі мүмкін. Өндірістік процестің механизмі, кәсіпорынды жаңа техникамен жабдықтау негізгі қорлар - жалпы құнындағы жұмыс машинасы мен жабдықтардың салыстырмалы салмағын ұлғайтады. Өндірістің және электрлендірілуі ауыр күш жабдықтаудың маңыздылығын күшейтеді. Өндірістің толассыз әдістерін енгізу ішкі және цехаралық көлік құралдарының салыстырмалы салмағын ұлғайтады. Кәсіпорынның техникалық деңгейінің өсуі өндіріске түрлі приборларды, құрылғыларды реттеуіштерді қарқынды енгізуіне әкеп соқтырады.

Қазіргі заманда техникалық прогресс қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуына сапалы өзгертулерге негіз құруға мүмкіндік береді. Негізгі қорлардың активтік бөлігінің өсуі еңбек өндірісінің және өндіріс тиімділігінің ұлғаюының негізгі резерві болып табылады. Сонымен қатар соңғы жылдары зерттелгендей негізгі қорлардың активтік бөлігінің төмендеуі құрал - жабдықтардың және ғимараттардың құнының ұлғаюы арқасында, яғни өндірістің капитал сыйымдылығының өсуі арқасында болады. Негізгі қорлардың өндірістік құрылымының жедел өзгеруін қадағалаудың қажеттілігі негізгі қорлардың тиімділігін арттырумен байланысты болып келеді.

Негізгі қорлардың құрылымы сонымен қатар өндірістің географиялық орнына тәуелді. Қатаң климаттың жағдайларда кәсіпорындарға ғимараттың құрылысына салыстырмалы түрде ірі капитал салымдары керек. Кәсіпорынның шаруашылық қатынастары қамтамасыз етілмеген аудандарда орналасуынан транспорттық құрылғылардың және жабдықтаудың үлес салмағы ұлғаяды, инфраструктураның құруына шығындар ұлғаяды. Сол себептен мемлекеттің шығыс және батыс аудандарының негізгі қорлардың құрылымы әр түрлі болатыны түсіндіріледі.

Негізгі қорлардың құрылымына әсер ететін маңызды факторлардың бірі - кәсіпорынның көлемі болып табылады. Ірі кәсіпорындарда кішілермен салыстырғанда машиналар мен жабдықтардың үлес салмағы жоғары болатыны белгілі, ол ғимараттар мен инвентарь төменірек, себебі өндіріс алаңы анағұрлым рационалды пайдаланылады, ол жердегі көбірек жабдықтар орналастырылады, сол себептен инвентарьға, жабдықтарға және ғимараттарға капитал салымдарын үнемдейді.

Негізгі қорлардың құрылымына өндіріс ұйымдың формасына әсер етеді. Сөйтіп, мысалы, ғимараттар мен жабдықтардың құндарының арақатынасы өндірістің мамандандырылуы мен кооперациясына тәуелді болады. Өндіріс алаңдарын қосалқы қызметтен және бұл кәсіпкерлікке керек емес өніріс құралдарын босату, жабдықтадың дұрыс орналастыруы, техникалық процестің анағұрлым жетілдірілуінен, автоматтандыруы және кіші габаритті машиналарды енгізу негізгі өндірістік қорлардың жалпы массасындағы жабдықтың үлес салмағының ұлғаюына әкеп соқтырады.

Негізгі қорлардың құрылымы өңдейтін және өндіретін өндірістерде әр түрлі болады. Егерде негізгі қорлардың құрылымында алғашқылары машиналар мен жабдықтар болса, онда екіншілеріне құрылғылар жатады.

Негізгі қорлардың құрылымына өндірістің мамандандырылуы, концентрациясы және кооперациясы үлкен әсерін тигізеді. Конценрация мен мамандандырудың деңгейінің анағұрлым жоғары болса, соғұрлым машиналар мен жабдықтардың үлес салмағы және автоматтандыру дәрежесі жоғары болады.

Негізгі қордың құрылымы түрлі салаларда бірдей болмайды, бұл ең алдымен салалардың экономикалық біркелкілігін түсіндіреді. Жұмыс машиналары мен жабдықтар металлургия, метал өңдеу, қара металлургия сияқты салаларда негізгі өндірістік қорлардың құрылымын үлкен үлес алады, құрылғылар мен алмастыратын құралдар газ, мұнай өндіру және отын салалардың негізгі қордың үлкен үлес салмағын құрайды, ал күш машиналары мен жабдықтар - электроэнергия; көлік құралдары - орман эксплуатацияның негізгі қорларда.

Негізгі қорлардың өндірістік құрылымына жалпы ішкі өнім мен ұлттық табыс өнімнің қор сыйымдылығында үлкен маңыздылығы бар.

Негізгі қорлар салалық құрылымындағы қор сыйымдылығының неғұрлым жоғары болса, соғұрлым басқа да жағдайлардағы өндірістік өнім мен ұлттық табыстың қор сыйымдылығы жоғары болады. Негізгі қорлардың өндірістік өқрылымындағы машина мен жабдықтардың, әсіресе, техникалық үлес салмағының ұлғаюымен тура сол негізгі қорлардың жалпы көлемінде өнім өндірісі көтеріледі және сол себептен өнімнің және ұлттық табыстың қор сыйымдылығы төмендейді.

  1. . Негізгі өндірістік қорлардың құрамы мен құрылымы.

Бөлінген бөліктерінен объектілер негізгі объектілерге тұтыну бағасы осы жағдайда уақытша жұмыс істейді. Осы мақсаттарға жету үшін жоспарлы өндірістік жөндейді, сонымен қатар ағымды жөндейді, осылардың нәтижесінде ликвидацияда шағын бұзылу болады.

Қазіргі уақытта барлық өндірістер басқарушылыққа қарамастан өзіндік формаларына шығынның барлық түрлерін жөндеуін негізгі өндірістік қорлардың құрамындағы өндірістік шығындар және өнімді өткізу.

Қалыпты шығындардың мақсаты негізгі өндірістік қорларды жөндеуге өндірісті есепту кезеңдегі щығындарда өндіріс қорды жөндеуге мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақшалай қаражат қорлардың экономикалық мазмұны
Кәсіпорын қаржысы
Кәсіпорынның айналым қорын бағалау
Кәсіпорын капиталының құрылымы
Кәсіпорынның айналымнан тыс қаражаттарының экономикалық маңызы
Коммерциялық негіздегі қызмет ететін кәсіпорынның қаржысы
Кәсiпорынның инвестициялық iс-әрекетiн жүргiзу
Кәсіпорындағы айналым активтерін және босалқы қорды басқару
Компанияның айналым капиталы
Кәсіпорын капиталының бүгінгі және болашақ құны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz