Қаржылық есеп беру аудиті



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..3

1. Нарықтық экономика жағдайындағы аудиттің мәні мен мазмұны
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Аудиттің мәні мен
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 5
1.2 Аудиттің
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .9

2 АУДИТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ...9
2.1 Аудиттің компоненттері, принциптері және
концепциялары ... ... ... ... ... .. ... 9
2.2 Аудиттің постулаттары, стандарттары және
нормалары ... ... ... ... ... ... .. ... .10
2.3 Аудиторлық қызметтің жалпы қабылданған
стандарттары ... ... ... ... ... ... ... 14
2.4 Халықаралық аудит стандарттарының
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...22

КІРІСПЕ

Нарықтық қатынастар жағдайында көптеген кәсіпорындар, банктер,
сақтандыру комапаниялары, көлік және комерциялық ұйымдар мүлікті пайдалану,
жұмыстар мен қызмет көрсетуді орындау, комерциялық операцияларды ақша
қаражаттары ман инвестициялардыңзамын жүргізу бойынша сан алуан келісім
шарттық қатынастарға түседі. Қажетті ақпаратты алудағы мәмілеге қатысушылар
арасындағы осы қатынастардың нақтылығын тексеру нәтижесінде тек тәуелсіз
аудитор ғана дәлелдей алады.
Жеке және ұжымдық меншік иелері акционерлер, жарнашылар,сонымен қатар
кредиторлар өз қызметтерінің саласында барлық көптеген қаржылық және
шаруашылық операциялардың заңға сәйкес орындалғанына және бухгалтерлік
жазбалармен тоқсандық және жылдық есептерде дұрыс көрсетілгеніне өз
бетімен көз жеткізу мүмкіндігінен айрылған. Ұйым қызметі мен оның заңды
орындалуын тәуелсіз аудиторлық тексеру мемлекетке де экономика
қаржыландыру, несие беру, инвестициялау, және салық салу саласында қажетті
шараларды қабылдау үшін қажет, жекелеген кәсіпорындар, ұлттық экономика
салалары мен аймақтар бойынша жүргізілетін аудиторлық тексерулер өздерін
қызықтыратын қаржылық есептеме нақтылығын дәлелдеу үшін республиканың
мемлекеттік органдары, министрліктер мен ведомствалар, соттар,
прокуратураға және басқаларға қажет.
Аудит өзінің кәсіби қызметінде адалдық, обьективтілік, кәсіби
құзыреттілік, құпияны сақтай білетінділік, тәуелсіздік, жинақылық,
мұқияттылық, ғылымиялық, нақтылық, жариялық, демократияшлдық принциптерді
басшылықа алу керек.
Аудитор өзінің кәсіби міндетін орындау барысында қағамдық сенімді
қолдау әрі нығайту ретінде адалдық, обьективтілік және тәуелсіздік
принциптерінің талаптарын сақтауы, өзіне сеніп тапсырған жұмысты мінсіз әрі
адал орындалуы талқылауда білдіретін пікірінің обьективтілігі мен
тәуелсіздігін сақтауы керек.
Аудит теориясы және оны басқару ғылымының бар ережесімен әрекет
етудің нұсқасын құптайды немесе одан бас тартады. Ол белгілі бір бастапқы
мәліметтермен құрылған теориялық базаның ғылыми шынайылығын немесе
жалғандығын көрсетіп береді.
Аудит теориясың негізгі элементтері компоненттер, принциптер,
концепциялар, постулаттар, стандарттар және нормалардан тұрады.
Аудитке кәсіпорын қызметін жан жақты тексеру енеді. Сондықтан ол
аудиторға басшылыққа арналған және оның қызметінің тиімділігін жоғарылату
жөніндегі конструктивті ұсыныстар дайындауға мүмкіндік береді.
Аудиторлық қызметті жүргізудің өндірістік жағдай мен ақпарат
жүргізудің қажетті шарты оның аясы туралы айқын түсінік болып табылады. Ол
белгілі бір уақыт аралығында, компанияның жылдық есеп беруіне аудит
жүргізгенде немесе ішкі аудитте, сондайақ экономикалық обьект болып
табылмайтын ақпараттық жүйедегі аудитте нақты шаруашылық жүргізші
субьектілердің параметрлерімен анықталды.
Аудит стандарттары мен нормаларының ерекшеліктері. Стандарттарды
аудиттің теориясы мен іс тәжірибесінде негізгі ережелер немесе аудиторлық
процедураларының принциптері деп ұғуға болады. Әр елдің ұлттық стандарттары
аудиттің жүргізілу жағдайына қарамастан міндетті түрде орындалуы керек.
Олар халықаралық нормативтердің талаптарына жауап беретін тиісті деңгейдегі
аудиторлық қызметке қолдау көрстеді, аудиторларды өз білімдері мен
біліктерін ұдайы жетілдіруге мәжбүрлейді, жекелеген аудиторлық ұйымдардың
сапасын салыстыруды қамтамасыз етеді, аудиторлардың жұмысын жеңілдетеді әрі
оңтайландырыды.

1 Нарықтық экономика жағдайындағы аудиттің мәні мен мазмұны
1.1 Аудиттің мәні мен маңызы

Аудиторлық қызметтің мәні қаржылық есеп беруді, төлем есептеу
құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер мен кеңес беру, бухгалтерлік
есеп жүргізу мен қалпына келтру, ұйымның активтері мен міндеттемелерін
бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы шаруашлық қызметке экономикалық
талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға қызметтер ұсынытын аудиторлық
фирмалардыңкәсіпкерлік қызметі болып табылуында.
Қаржылық есеп беру аудиттің мақсаты – аудиторға қаржылық қорытынды
есепті құрудың белгіленген концептуалдық негізіне сәйкес барлық елеулі
апектілер бойынша қаржылық қорытынды есептің дайындалғаны жөнінде
қорытынды беру мүмкіндігін беру. Аудит мақсатында стандартты анықтамасына
қарамастан, аудит мақсаты дегенде аудитордың алдына тұтынушы қоятын
мақсатты түсінуіміз керек.
Нарықтық қатынастар жағдайында көптеген кәсіпорындар, банктер,
сақтандыру комапаниялары, көлік және комерциялық ұйымдар мүлікті пайдалану,
жұмыстар мен қызмет көрсетуді орындау, комерциялық операцияларды ақша
қаражаттары ман инвестициялардыңзамын жүргізу бойынша сан алуан келісім
шарттық қатынастарға түседі. Қажетті ақпаратты алудағы мәмілеге қатысушылар
арасындағы осы қатынастардың нақтылығын тексеру нәтижесінде тек тәуелсіз
аудитор ғана дәлелдей алады.
Жеке және ұжымдық меншік иелері акционерлер, жарнашылар,сонымен қатар
кредиторлар өз қызметтерінің саласында барлық көптеген қаржылық және
шаруашылық операциялардың заңға сәйкес орындалғанына және бухгалтерлік
жазбалармен тоқсандық және жылдық есептерде дұрыс көрсетілгеніне өз
бетімен көз жеткізу мүмкіндігінен айрылған. Ұйым қызметі мен оның заңды
орындалуын тәуелсіз аудиторлық тексеру мемлекетке де экономика
қаржыландыру, несие беру, инвестициялау, және салық салу саласында қажетті
шараларды қабылдау үшін қажет, жекелеген кәсіпорындар, ұлттық экономика
салалары мен аймақтар бойынша жүргізілетін аудиторлық тексерулер өздерін
қызықтыратын қаржылық есептеме нақтылығын дәлелдеу үшін республиканың
мемлекеттік органдары, министрліктер мен ведомствалар, соттар,
прокуратураға және басқаларға қажет.
Аудиттің маңызы тиісті жақтардың мүдделеріне қол жеткізуде болып
табылады. Атап айтқанда:
- экономикалық субьектілердің
- салық қызметі тулғасындағы мемлекеттің
- қаржылық есеп беруді әр түрлі пайдаланушыларды
- аудиторлардың меншік иесі мен мемлекеттің мүдделерін қорғау,
сонымен бірге есеп және қорытынды есеп беруді қамтамасыз ету мақсатында.
Ішкі пайдаланушыларға басқару шешімдерін дұрыс қабылдау үшін қателер
мен бұрмалаушылықтар жоқ обьективті қаржылық ақпарат қажет.
Меншік иелену құқығына негізгі өзгерістер енгізу процесі, егер
бұрынғы есеп берулер екі жеке серіктес шаруашылықты жүргізудің жаңа
обьектісін құру үшін өз бизнесін біріктірген кездегідей деген ескерту
болмаған аудиторлық қорытындыны сақтаса ғана қамтамасыз етілуі мүмкін.
Үшінші жаққа бағытталған қаржыландыруду беру туралы өтініш тексерілген
есеп берулермен дәлелделінуі мүмкін.
Аудитке кәсіпорын қызметін жан жақты тексеру енеді. Сондықтан ол
аудиторға басшылыққа арналған және оның қызметінің тиімділігін жоғарылату
жөніндегі конструктивті ұсыныстар дайындауға мүмкіндік береді.

1.2 Аудиттің жіктелуі

Ішкі аудит басқару есебінің бөлінбес және маңызды элементі болып
табылады.Ішкі аудитке деген қажеттілік жоғары басшылық барлық басқару
құрылымдары қызметін күнделікті бақыламауына байланысты кәсіпорында пайда
болады.Жіктемеге сай аудит төмендегі түрлерге болінеді:

Аудиттің түрлері

р\сКритерийлер Түрлері
1 Ақпаратты пайдаланушыларға 1-Сыртқы
қатысты 2-Ішкі
2 Заң талаптарына қатысты 1Міндетті
2Бастамашылық
3 Аудит обьектілері бойынша 1- Банктік аудит
2-Сақтандыру компанияларының аудиті
3- Биржалар, инвестициялық
институтар мен зейнетақы қорларының
аудиті
4- Жалпы аудит
5- Мемлекеттік аудит
4 Тағайындалуы бойынша 1 Қаржылық есеп беру аудиті
2 Салықтың аудиті
3 Сәйкестік аудиті
4 Операциялық аудиті
5 Жүзеге асырылу мерзімі бойынша 1. Бастапқы
2. Келісілген
6 Тексеру сипаты бойынша 1 Дәлелдеуші
2 Жүйелі бағытталған
3 Тәуекелділікке негізделген аудит

Ішкі аудит осы қызмет туралы ақпарат беріп, менеджерлер есе бінің
нақтылығын дәлелдейді. Ең алдымен аудит ресурстарды жоғалтуға жол бермеуге
және кәсіпорын ішіндегі қажетті өзгерістерді іске асыру үшін қажет.
Ішкі аудиторлардың белгілібір қызметін басшыға немесе директорлар
кеңесіне немесе акционерлер жиналысына бағынатын ірі кәсіпорындардың
тексеруші топтары орындайды. Ішкі аудиторлар қызметі кеңірек және оған
енетіндер:
• Активтердің жағдайын бақылау шешім қабылдау кезінде басшылық
пайдаланылатын ақпараттардың дұрыстығын дәлелдеу.
• Жүйешілік бақылау процедураларының орындалуын дәлелдеу.
• Ішкі бақылау жүйесінің қызмет етуімен ақпараттардың өңделудің
тиімділігін талдау.
• Басқарушы ақпараттың жүйе беретін ақпараттардың сапасын бағалау.
Сонымен ішкі аудит шеңберінде активтердің сақталуын жан жақты бақылау
ғана емес, менеджмент саясаты мен сапасын бақылауда жүзеге асырылады.
Аудит обьектілері бойынша: банктік аудит, сақтандыру компанияларының,
биржалардың, инвестициялық институттардың, зейнетақы қорлардың, жалпы
аудит, мемлекеттік аудит болып бөлінеді.
Тағайындалуы бойынша аудит тиісті түрлерге болінеді.
Қаржылық есеп беру аудиті – барлық елеулі аспектілер бойынша
дұрыстығы туралы аудиторлық қорытынды беру мақсатында субьектілерінің
қаржылық қорытынды есебін тексеру.оны сыртқы аудиторлық фирмалар жүргізеді
және пайдаланушылардың кең көлеміне арналған.
Сәйкестік аудиті - бұл ұйымның шаруашылық жүйесінде заң актілері мен
нұсқаушы материалдарының нормаларын, сонымен қатар әкімшілік персоналына
арналған процедуралар немесе ережелердің сақталуын тексеру.
Салық аудиті - бұл салықтарды төлеудің, есептедің дұрыстығы мен
толықтығын аудиторлық тексеру, салық саясатын ұсыну.
Арнаулы аудит - субьект қызметінің жекелеген жақтарын, мемлекет
алдындағы белгілі бірн норма мен міндеттемелердің сақталуын тексеру.
Экологиялық аудит - қоршаған ортаның нақты жағдайының басында
берілген ішкі және сыртқы экологиялық стандарттар мен нормалардан ауытқуын
бағалау.
Оперециялық аудит - басқару үшін тиімділігін, сенімділігімен
пайдалылығын бағалау мақсатында ұйымның шаруашылығын, механизімінің
жекелеген бөлшектерінің қызмет етуін тексеру.
Соңғы жылдары баспадан шыққан арнайы әдебиеттерде “аудит” түсінігі
шаруашылық қызметін бақылаудың жаңа бағыты ретінде кәсіпорындар мен
ұйымдардың қаржы шаруашылық және коммерциялық қызметін қаржылық бақылаудың
жаңа ұйымдастырушы түрі ретінде анықталады . Біздің көзқарасымыз бойынша
бұл түсінік “қаржылық бақылау” түсінігінен біршама кең. Өйткені, ол
көрсеткіштердің дұрыстығы тексертуді ғана емес, сондай-ақ шығындарды
рационализациялау мен пайданы заңдық негізде оптимизациялау мақсатымен
шаруашылық қызыметін жақсарту жөніндегі ұсыныстарды дайындауды қамтиды.
Сонымен қатар, аудитті тексерумен, аудиторларды тексерушілермен теңестіруге
болмайды. ”Ревизия” термині латынның “revision” сөзінен аударғанда
“қызметті зерттеу” дегенді, ал”ревизор ”термині” ревизияны жүргізуші адам”
деген мағынаны білдіреді. Тексеру мен аудит мазмұны жағынан жақын болса да
бір түсінік емес. Аудит тексеру мен бақылаудың түрлі әдістері мен
тәсілдерін қолдана отырып, сонымен бірге өзіне тән ерекшеліктері бар. Олар
жүйеленген түрде 2-ші кестеде көрсетілген.

Өзгешелік Аудит Тексеру
белгілері
Мақсаты Ажырағысыз элементі ретінде Кемшіліктерді жою үшін
шаруашылық өмірдегі анықтау, таратпау оны
кемшіліктерді анықтау, оны тану,бағалау.
таратпау сақтандыру, бағасын
анықтау.
Құқылық Азаматтық құқық: келісімдері Әкімшілік құқық:
негізінде. заңдардың, нұсқаулардың,
жоғарыда тұрған немесе
мемлекеттік ұйымдардың
бұйрықтарының негізінде.
Гносеологиялық Клиенттің қаржылық қорытынды Жұмысшылар тарапынан
есебіндегі ақпараттың жымқырудың болмауы мен
шынайылығын орнату. орындалатын операциялардың
заңдылығын орнату.
Объективтік Клиенттің төлем қабілеттілігін Күші бар заңдарды бұзатын
нашарлататындардың барлығы оның нәрсенің барлығы.
қаржы жағдайын қиындатады.
Басқарушылық Горизонталды, ерікті Вертикалды, әкімшілік
байланыстар. тағайындау мен мәжбірлеу
реттік байланыстар.
Практикалық Клиент жаңа инвестор, Шаруашылық жүйе
міндеттер Кредиторлар тарту арқылы төлем өзінің активтерін сақтау
қаблеттілігін нығайту бойынша бойынша, теріс пайдалануды
міндеттерді шешеді. бұлтартпау және сақтандыру
шаралары бойынша
міндеттерді шешеді.
Қызыметке ақы Клиент немесе оның келісімі Жоғарғы тұрған мемлекеттік
төлеу принціпі боиынша куәландыру функциясы заң шығарушы ұйым.
қажет ететін орган төлейді.
Жеткілікті Шығындар мен нәтижелелердің Зиян мөлшерін, сондай-ақ
қатынасына бағытталған жаңа тұлғаларды анықтау
жеткіліктілік принципі. мен максималды мүмкін
дәлдік принціпі.
Нәтижелер Клиент үшін ұсыныстар мен Тексеру актісі,
аудиторлық қорытындылар. ұйымдастырушылық
қорытындылары, міндетті
нұсқау мен олардың
орындалуын тексеру.

Аудит ешқашанда белгілі бір сыңар жақ мақсатымен жүргізілмейді және
өзінің алдына клиеиенке зиян келтіру мақсатымен негативті материалды жинау
және толтыру міндетін қоймайды. Ал ревизия көп жағдайда сыңар жақ бағытта
болып өзінің алдына ұнамсыз тұлғаларға қатысты, оның беделін түсіретін
материалдар жинауы міндет етіп қояды. Тексеруге (орынан дабыл) деп аталған
сылтау болады, яғни қарапайым тілмен айтқанда кәсіпорын басшылығының
сыртынан сөз тасу немесе жоғары тұрған ұйымдарға жеткіліксіз силамшылық
сылтау болады. Болашақ қаралаушы бола отырып , ол өзіне тән қылықтармен
айыптаушы болады. Кейбір аса ақылды емес тексерушілер өзінің түрімен және
мінез-құлқымен тексерушіліге көбірек қорқыныш ұялатуға тырысады; талап
етпей керіліп, минут сайын есеп жұмыстарын олардың ағымдағы жұмысынан
алаңдаттырады. Мұндай тексерудің салдарымен аудиторлар әлі де соқтығысуда,
есеп жұмысшыларының көздерінде тексерушінің алдындағы қорқыныш ұялап
тұрады.
Аудитордың тексерушіден ерекшелігі тексерушінің тексерілуімен
серіктестік қалпына тән. Мұнан өзге, оның жұмысында көп орынды клиентке
коммерциалық қызметтің түрлі қиын сұрақтарына жауап табуға кеңес беру
қызметі алады. Ол клиентке кеңес беріп көмектесуі қажет. Аудитордың
тексерушіден өзгешелігін түсіндіре отырып аудиторды адвокатпен, тексерушіні
кінәләушімен салыстыруға болады.
Қазіргі кезде елімізде аудитор мамандығының қалыптасуы жүріп жатыр.
Былайша айтқанда, барлығын нөлден бастауға тура келеді. Тексерушілердің
кейбір белгілер бойынша аудитор мамандығына қойылатын талаптарға сәйкес
келмеуі мүмкін . Мәселе олардың кәсіпорындарының өндірістік - шаруашылық
қызметін қатаң реттейтін және жауапты басқарушылық шешімдерді өз бетінше
қабылдауға жол бермейтін әкімшілік -командалық жүйе жағдайында
қалыптасуында. Сондықтан, кәсіби тексерушілер аудиторлық жұмысқа ауыса
отырып, қалыптасқан әдет бойынша тексерушілік кінәлаушылық көзқарастан
арыла алмай келеді. Сондықтан, дәстүрлі тексерушінің ойлау пікірі
аудиторларға тіпті сай келмейді. Аудитор, бірінші кезекте тексерілетін
кәсіпорынға ақыл-кеңес беруші, көмекшісі, анықталған кемшіліктерді қалай
жоюды үйретіп және комерциялық жақсарту үшін не істеуі керектігін айтушы
тұлға. Өзінің орындауға керекті кеңесін, тілектерін ресми түрде емес,
барынша биязы түрде жеткізіледі. Әрине, кәсіпорындардың аудиторлық
ұсыныстарын есепке алуы да алмауы да мүмкін.
2 АУДИТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Аудиттің компоненттері, принциптері және концепциялары

Аудит теориясы мына негізгі элементтерден тұрады: компоненттер,
принциптер, концепциялар, постулаттар, стандарттар және нормалар.
Аудит компоненттері: бірінші компонент- бұл экономикалық обьект.
Аудиторлық қызметті жүргізудің өндірістік жағдай мен ақпаратгізудің қажетті
шарты оның аясы туралы айқын түсінік болып табылады. Ол белгілі бір уақыт
аралығында, компанияның жылдық есеп беруіне аудит жүргізгенде немесе ішкі
аудитте, сондайақ экономикалық обьект болып табылмайтын ақпараттық жүйедегі
аудитте нақты шаруашылық жүргізші субьектілердің параметрлерімен анықталды.
Екінші компонент - өндірістік жағдаймен ақпарат. Аудиттің көптеген
түрі шаруашылық жүргізуші субьектілердің басшылығымен дайындалған ақпаратты
бағалайды.
Үшінші копонент бұл аудитті жүзеге асырушы тұлғаның біліктілігі.
Аудитор ең алдымен өз ісінің құзіретті маманы болуы, яғни тиісті фактілерді
жинай білу керек және осы фактілерді бағалйтын өлшемдерді жете білу қажет.
Одан тәртіптің белгілі бір нораларын, атап айтқанда, өз ісінің
тәуелсіздігін сақтап,қысым көрсетілушілікке қарсы тұра білу керек.
Аудиттің төртінші компонентіне техникалық тұрғыда аудиторлық
қызметтің негізгі мазмұны боып табылатын фактілерді алумен бағалау жатады.
Фактісіз қандайда бір аудиторлық есеп беру ұтымды жүргізілген зерттеудің
нәтижесі ретінде қабылданбайды.
Бесінші компонент ретінде аудит мазмұны туралы ақпаратқа немесе
функциялауға қатысты жиналған фактілер негізінде белгіленген критерийлер
алдыға шығады.
Аудиттің алтыншы компоненті аудиторлық есеп беруді жасау. Аудитор осы
арқылы тексеру барысында ашылған жағдайлар туралы,шаруашылық жүргізуші
субьектілердің қызметін оңайландыру бойынша ұсынған шаралары мен айтқан
ескертпелері туралы хабарлайды.
Аудит принциптері. Аудит өзінің кәсіби қызметінде мына принциптерді
басшылықа алу керек адалдық, обьективтілік, кіби құзыреттілік, құпияны
сақтай білетінділік, тәуелсіздік, жинақылық, мұқияттылық, ғылымиялық,
нақтылық, жариялық, демократияшлдық және т.б.
Мысалы, аудитор өзінің кәсіби міндетін орындау барысында қағамдық
сенімді қолдау әрі нығайту ретінде адалдық, обьективтілік және тәуелсіздік
принциптерінің талаптарын сақтауы, өзіне сеніп тапсырған жұмысты мінсіз әрі
адал орындалуы талқылауда білдіретін пікірінің обьективтілігі мен
тәуелсіздігін сақтауы керек.
Ғылымиялық принциптің мағынасы аудиттің қорытындылары аудит теориясы
және оны басқару ғылымының бар ережесімен әрекет етудің нұсқасын құптайды
немесе одан бас тартады. Ол белгілі бір бастапқы мәліметтермен құрылған
теориялық базаның ғылыми шынайылығын немесе жалғандығын көрсетіп береді.
Нақтылық принципі аудиттің мақсатқа лайықты әрі уақытылы жүргізілуін
білдіреді.
Жариялық принципін сақтау қажеттілігі аудитті жүргізуге де, оның
нәтижесіне де қатысты. Жариялықтың аудиттің дамуы мен аудиторлық беделін
көтеруге пайдасы бар. Қоғамдық пікірді қалыптастыруда маңызы зор.
Халықаралық аудиторлық қызметтің нұсқауында тәуелсіз тексеру
жүргізілгенде сақталуы қажет басқада принциптер аталады. Негізгі
принциптердің маңызы мен оларды сақтау аудиторлықты тек жақсы жағынан ғана
ұғындырып қоймай, оның қызмет нәтижелерінің тиімділігін арттырады.
Концепциялар аудит теориясының бағытын белгілеп береді. Негізгі
тұжырымдаманы қарастырайық :
1. Мінез құлық этикасы жалпыға бірдей этика нормаларын белгілеп қана
қоймай аудитор тәртібінің арнайы ережесінде белгілейді.
2. Тәуелсіздік ең алдымен пікірдің обьективтілігін және шынайы болуын
қамтамасыз етеді.
3. Кәсібилік. Аудиторлар құзыретті, білікті және зерделі болуы қажет.
4. Дәлелділігі. Аудиторлар қисынға негізделген шешім қабылдау үшін
жеткілікті дәрежеде құзарлы мағлұматтар мөлшерін жинап бағалау
керек.
5. Ұсынудың дәлдігі. Ақпаратты ашу мен ұсыну барлығы әдетте бір мәнді
ережелердің толық жинағы ретінде қарастырылатын жалпы қабылданған
аудиторлық стандарттарға қызмет етеді.

2.2 Аудиттің постулаттары, стандарттары және нормалары

Аудиттің көктейтесті мәселелерінің бірі – оның пастулаттарынзерделеу
болып табылады. Кең мағынадағы постулат бұл басқаша дәлелденбейінше, жоққа
шығарылмайынша ақиқат ретінде қабылданатын аксиомалық ережелер.
Постулаттар ғылым және ғылыми тәртіп жүйесінің негізінде жатады. Олар
кез келген ғылыми теорияның дамуы үшін одан кейінгі логикалық құрылымды
жасау базасына керекті бастапқы алғышарт пен болжаулар болып табылады.
Іргелі постулаттарды негізге алаотырып, ең күрделі мәселелерді түсінуге
болады.
Аудит теориясындағы постулаттардың рөлі аса маңызды болады. Батыс
ғылымдары мен мамандары олардың қажеттілігін ерте сезінді. 1961 жылы Р.К.
Маутц және Х.А. Шараф аудиттің 8 постулатын қалыптастырды. Олар өте әйгілі
болып, аудит теориясында кеңінен қолданыла басталы.
Әр түрлі ғалымдар мен маман практиктердің көзқарастарын жан жақты
зерделеу арқылы ғылыми негізделген постулаттар болып мыналар саналады:
1. Қаржылық есеп берулер мен қаржы мәліметтері тексерілуі мүмкін.
2. Мүддделердің қайшы келіп қалуы ықтималдығы.
3. Верификацияның мүмкіндігі.
4. Есептеме дұрыс жасалмаған.
5. егер қаржылық ақпаратты тексеру тәуелсіз пікір білдіру мақсатында
орындалса, онда аудитордың қызметі оның өкілеттілігімен
реттемеленеді.
6. Қате қорытынды жіберіп алудан ешкім де тыс емес.
7. Аудиторлардың пікірі оның мүдделеріне тәуелді.
8. Есеп беру мәліметтерінің обьективтілігі ішкі бақылаудың тиімділігіне
тікелей пропорционалды.
9. Әрбір тізбекті тексеру өткен шақтағы тексерулердің құндылығын кемітуі
мүмкін және әрдайым ақпараттылығы аз болады.
10. Аудитордың әрбір пайымдауы белгілі деңгейде иландырады.
11. Бұрынғы ақпараттың құндылығы.
12. Жалпы қабылданған бухгалтерлік принциптерді ұдайы сақтау.
Осылайша, аудит саласын стандарттау және теориясын дамытудағы
постулаттардың маңызы зор.
Аудит стандарттары мен нормаларының ерекшеліктері. Стандарттарды
аудиттің теориясы мен іс тәжірибесінде негізгі ережелер немесе аудиторлық
процедураларының принциптері деп ұғуға болады. Әр елдің ұлттық стандарттары
аудиттің жүргізілу жағдайына қарамастан міндетті түрде орындалуы керек.
Олар халықаралық нормативтердің талаптарына жауап беретін тиісті деңгейдегі
аудиторлық қызметке қолдау көрстеді, аудиторларды өз білімдері мен
біліктерін ұдайы жетілдіруге мәжбүрлейді, жекелеген аудиторлық ұйымдардың
сапасын салыстыруды қамтамасыз етеді, аудиторлардың жұмысын жеңілдетеді әрі
оңтайландырыды.
Аудиторлық қызмет заңнан басқа стандарттармен, нормалармен және
негізгі постулаттармен реттеледі.
Аудиторлық стандарттар әрбір тексеруші органға кәсіпорынның міндет
жүктеушісі болып табылады, алайда олар ревизиялық іс тәжірибелерді
қорытындылаудан алынған іріктемелер негізінде әзірленген.
Стандарттардан айырмашылығы аудит нормалары негізгі принциптерді
қарастырмайды, сөйтсе де мына жағдайларда қолдануы мүмкін процедуралары
бойынша басшылықты қамтиды:
• өзіндік ерекшелігі бар мәселелерді тексеру
• жекелеген салаларды ревизиялау
• бейаудиторлық есеп берулерді дайындау және т.б.
Аудиторлық стандарттар мен нормалар сияқты жарияланған ресми
құжаттарды мемлекеттік, бақылаушы, заңды және басқада өкілетті инстанциялар
аудиторлар жұмысының құзыреттілігі мен дұрыстығын қарастырғанда басшылыққа
алып, пайдалануы мүмкін.
Аудит теориясын оның мазмұны, мақсаты және ғылыми әдістемелері құрайды
десек, оған қоса оның ғылыми теориялық мәселесін, мазмұнын және пәнін
зерттейтін, анықтайтын тағы да ерекше түсініктемелер бар. Профессор Дж.
Робертсонның айтуынша оған аудит тұжырымдамасы, қағидасы және стандарты
жатады. Аудит ғылымының даму тұрғысынан қарайтын болсақ осы аталған үш
элемент ерекше орын алады.
"Концепция'' деген сөз латын тілінен аударылғанда – табиғат құбылысын
түсіну, адамның өмірге көзқарасының жүйелілігі деп түсінуге болады. Яғни,
ғылыми тұрғыдан өмірге, табиғатқа, экономикаға, саясатқа көзқарасын, өз
ойын бір жүйеге келтіру. Аудит тұжырымдамасы оның ғылыми даму бағытын
анықтайды.
Аудит теориясында бес тұжырымдама қарастырылады. Біріншісі - мінез-
құлық этикасы. Барлық саналы, зерделі, білімді мамандарға тән мінез-құлық
этикасынан басқа аудиторлық арнайы этика анықталған. Бұл мінез-құлық
этикасының ерекшелігі тек аудиторлар емес барлық бухгалтер мамандарына тән
ерекшелік. Бұл ерекшеліктің, мазмұны аудит принципін қарастырғанымызда
дербес, тәуелсіздік және біліктілік, жоғарғы сатыдағы мамандық
түсініктемесін, қарастырғанымызда анықталган. Яғни, тәуелсіздік, дербестік
- екінші тұжырымдама, ал үшіншісі біліктілік, үздік мамандық.
Төртіншісі – дәлелділік. Тексеру барысында жиналған мәліметтер
санымен және сапасымен есептелінетін көрсеткіштер аудит тексеруіне негіз
болмайды, тек қосалқы дәлел болатын мәліметтер. Ал аудитордың мақсаты
тексеру барысында нақты шешім қабылдау үшін жан-жақты мәліметтер жинап
күдіксіз, сенімді дәлелдікті қамтамасыз ету.

Бесінші – дұрыс түсінушілік. Аудиторлық шешім қабылдау үшін жиналған
материалдарды тұжырымдап дұрыс түсіну үшн аудит стандарты негіз болады. Ал
аудит теориясында бухгалтерлік есеп принциптеріне сүйене отырып дұрыс
түсінушілік тұжырымдамасы бухгалтерлік есеп көрсеткіштерінің -
дәлелділігіне, тұжырымдылығына, қысқаша тиянақты көрсеткіштігіне сүйенеді.
Мысалы, бухгалтерлік қаржылық есептер қолданушылардың барлығына түсінікті
мазмұны өте қысқаша, ал барлық талапқа сай жасалынған.
Екінші аудит теориясын толықтыратын ғылыми түсінік— ол аудит
постулаты. Бұл сөздің латын тілінен түсінігін қарастыратын болсақ, ол
дәлелсіз бекітілген "түсінік", дәлелді қажет етпейтін шындық. Ол түсініктің
басқаша мағынада болуы арнайы жасалған теориялық дәделдеумен ғана өзгереді.
Аудиттің фундаменталдық постулаттарын негізге ала отырып аудиттің күрделі
сұрақтарына, түсініктеріне жауап табуға болады. Нақты, қарастыратын болсақ
аудит постулаттары арқылы аудит стандарттарының мазмұны анықталады. Аудит
қағидаларына ғалымдар ертеден-ақ тиянақты көңіл бөлген. Ғалымдардың аудит
постулаттары, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Практикалық аудит» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Бухгалтерлік есептілік сапасын бақылаудың негізгі аспектісі ретінде аудиторлық қызметті дамыту
Қаржылық аудиттің әдістемесі
Халықаралық аудит стандарттарының сипаттамасы
Аудит түрлері
Негізгі құралдардың аудиті
Сыртқы аудиттің түрлері және маңызы
Классикалық ұғымда аудит - кәсіпорында жұмыс істемейтін маманданған тәуелсіз аудитор жүзеге асыратын ешкімге тәуелсіз сырттай қаржылық бақылау
Ұзақ мерзімді міндеттемелер аудиті
Бухгалтерлік есеп пен аудиттің жалпы құрастырылу принципі
Пәндер