Өндірістің экономикалық тиімділігі көрсеткіштерінің жүйесі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Нақты сектордағы өндірістің экономикалық тиімділігінің маңызы
Балатай

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
1 Өндірістің экономикалық тиімділігінің маңызы
1.1 Өндірістің экономикалық тиімділігінің маңызы және мәні,
оның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Өндірістің экономикалық тиімділігін бағалау кезінде шығындар
мен нәтижелердің
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ...8
1.3 Өндірістің экономикалық тиімділігін бағалау көрсеткіштерінің

жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2 Капес-А ЖШС өндіріс тиімділігін талдау
2.1 Шаруашылық экономикасындағы астық өндірісінің
маңызы ... ... ... 22
2.2 Капес-А ЖШС аграрлы өндірісті жүргізудің табиғи
және экономикалық жағдайларына
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...27
2.3 Астық өндірісінің экономикалық
тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .35
3 Шаруашылықта астық өндірісінің экономикалық тиімділігін арттыру жолдары
3.1 Өндіріс тиімділігін арттырудың жолдары мен
факторлары ... ... ... ...38
3.2 Астық өндірісін
жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
...40
3.3 Келешектегі астық өндірісінің экономикалық тиімділігін
есептеу ... 52
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..61
Қолданылған әдебиеттер
тизімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .63

Кіріспе

Өз маңызына қарай экономика еңбек өнімділігін арттыруды және өндіріс
тиімділігін жан-жақты көтеруді ынталандыру болып табылады. Алайда мұндай
жағдайда өндіріс тиімділігін арттырудың, өндіріс тиімділігінің өсімін
анықтайтын факторлардың, оны айқындау әдістерінің негізгі бағыттарын
анықтау маңызды болып табылады.
Қазақстанның қазіргі даму кезеңінде бәсекеге қабілетті өнімдерді
шығару жөнінде кәсіпорындардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету барлық
деңгейдегі басқарушылар үшін бірінші деңгейдегі маңызды міндет болып
табылады, ал барлық деңгейде шаруашылық жүргізудің маңызды сипаты -
өндірістің тиімділігі болып табылады.
Кез келген меншік түріндегі кәсіпорындар үшін белгілі бір уақыт
аралығындағы табыстар мен шынындар динамикасын көрсететін қаржы нәтижелерін
ескеру өте маңызды. Алайда ақшалай түрде көрсетілген қаржылық ақпараттың
өзі өндірістік стратегияның тиісті талдауынсыз, өндірістік ресурстарды
пайдалану және өткізу нарықтарын дамыту тиімділігісіз кәсіпорынның ағымдағы
жай-күйіне және келешекте дамуына толық баға бере алмайды.
Өндіріс шығындарын төмендету, материалды ресурстарды тиімді
пайдалану, мейлінше жоғары экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу және ең
алдымен еңбек өнімділігін және өндіріс тиімділігін арттыру, сондай-ақ осы
базада өзіндік құнды төмендету - өндірісті басқару қызметкерлерінің ең
маңызды және өзекті міндеті болып табылады. Оларды шешу үшін өндіріс
тиімділігін арттыру мақсатында басқаруды жетілдірудің, өндірісті тиімді
басқару әдістерін игерудің, сондай-ақ кәсіпорын өндірісі тиімділігінің
көрсеткіштерін есептеу және салыстырудың мәні зор.
Нарықтық қатынастардың дамуы экономикалық ресурстарды теңгермелі
пайдалануды, өндіріс үдерісіндегі олардың үйлесімдерін реттеу үшін жағдай
жасауды талап етеді. Өндіріс тиімділігі-кәсіпорын ресурстарының оңтайлы
үйлесу үдерісі. Өндіріс тиімділігін бағалауға және жоспарлауға арналған
ұлттық шоттар жүйесін отандық тәжірибеге енгізу жағдайында тиісті
әдістемелер қажет. Сондай-ақ осы мәселе шеңберінде, жоспарлау жұмысы
нұсқалы, индикативтік сипатта болғанымен, нарық жағдайларында мәні өте зор
өндірістік қызмет тиімділігін жоспарлаудың теориялық және әдістемелік
мәселелерін шешуде үлкен мәнге ие.
Жоғарыда айтылған өндірістік қызмет тиімділігі мәселелерінің
өзектілігін анықтайтын жағдайлар дипломдық зерттеу тақырыбын таңдауға
мүмкіндік беріп отыр.
Бұл жұмыстың мақсаты кәсіпорынның өндірістік тиімділік
көрсеткіштерін есептеу әдістерін зерттеу болып табылады. Мұнда кәсіпорынның
өндірістік тиімділігін бағалауға қажет өндірістік тиімділік
көрсеткіштерінің сипаттамалары беріледі.
Осы көрсеткіштерді есептеу негізінде кәсіпорынды басқару өндіріс
үдерістерін үйлестіру, өндіріс тиімділігін арттыру мақсатында кәсіпорынның
өндірісті басқаруын жетілдіру тиіс.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- экономикалық санат ретінде өндіріс тиімділігінің маңызын, шаруашылық
етудің жаңа жағдайларында оның құрылымы мен нақты мазмұнын зерттеу;
- зерттеліп отырған мәселені қазіргі заман талабына сай зерделеу және қамту
негізінде өндірістің тиімділігін басқару үдерісін анықтау;
- өндіріс тиімділігінің көрсеткіштерін индикативті жоспарлаудың әдістемесін
әзірлеу.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі - Капес-А ЖШС болып табылады.
Дипломдық зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі ретінде
кәсіпорынның ресми құжаттар, заңнамалық актілер, отандық және шетел
экономистерінің ғылыми еңбектері, ресми санақ материалдары, Қазақстанның
ұлттық шоттары бойынша жинақтар қолданылды.
Зерттеу негізі-мәселелерді шешуде жүйелі әрі кешенді әдістерді
қарастыратын жалпы ғылыми әдістемелік болып табылды.
Дипломдық зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- өндіріс тиімділігінің маңызын, құрылымын және қызметін ашатын
әдістемеліктің негізгі аспектілері негізделген;
- кәсіпорын есебі жүйесінің жалпы қағидалары мен қызметтерін қолдана
отырып, өндіріс тиімділігін өлшеу әдісі ұсынылған;
Зерттеу нәтижелерінің практикалық маңыздылығы дипломдық жұмыстың
жаңалығы ретінде өндірісті ғылыми - негізделген тұрғыда басқару жөніндегі
нақты ұсыныстарға дейін айқындалған негізгі ережелер болып табылады.
Дипломдық жұмыс кіріспе, үш тарау және қорытындыдан тұрады.
Бірінші бөлімде өндірістің экономикалық тиімділігінің мәні мен маңызы,
экономикалық тиімділікті бағалау кезіндегі шығындар мен нәтижелердің
жіктелуі қарастырылады, сондай-ақ бағалау көрсеткіштерінің нәтижесі
келтірілген.
Екінші бөлімде жалпы экономикалық тиімділіктің сараланған және
қорытындыланған көрсеткіштері, салыстырмалы тиімділік көрсеткіштерін
бағалау әдістері қарастырылған.
Үшінші бөлімде өндіріс тиімділігін одан әрі дамыту тәсілдерін
анықтауға және оны жетілдірудің нақты жолдарын белгілеуге мүмкіндік беретін
факторлар қарастырылған.
Жұмыста кәсіпорынның шаруашылық қызметіне талдау жүргізіледі, одан
алынған нәтижелер негізінде реусурстардың әр бірлігі үшін өнімді өндіру
көлемін нақты ұлғайтуға қол жеткізу мақсатында кәсіпорын өндірісін
басқаруды жетілдіру жөнінде нұсқаулар беріледі.

1. Өндірістің экономикалық тиімділігінің маңызы

1.1. Өндірістің экономикалық тиімділігінің маңызы және мәні,
оның түрлері.

Қандай жағдайда болмасын, адамның алдына қойылған мақсатқа сай әрекет
жасауы тиімділік мәселесімен тығыз байланысты болады. Ресурстардың
шектеулілігі, уақыт үнемдеудің қажеттілігі, қол жеткізу мүмкіндіктері бар
ресурстардан қалай барынша мол өнім алуға болатыны осы ұғымның аясына
кіреді. [1]
Тиімділік мәселесі - ол қашанда таңдау мәселесі. Өнімнің қандай түрлерін,
қандай тәсілмен өндіру керек, оларды күнделікті жағдайда және келешекте
қалай бөлуге болады және ресурстардың қандай көлемін қолдану қажет, осының
бәрі - таңдау кезінде шешілетін мәселелер .
Кәсіпорын экономикасында жалпылама түріндегі тиімділік өндірістік-
шаруашылық қызметтің нәтижелілігін, қол жеткізген нәтижелер мен еңбек
шығындарының арасындағы қатынасты білдіреді.
Тиімділік латынның “effectus” - орындау, іс-әрекет деген сөзінен
алынған. Бастапқыда тиімділік ұғымы техника және технология саласына ғана
қатысты болды. Бұл жағдайда тиімділік ұғымы энергия шығынына немесе кез
келген үдерістің нақты және әлеуетті нәтижесінің арасындағы қатынасқа ғана
қатысты орындалған жұмыстың шамасына қарай қолданылды. Тиімділік таза
объективті немесе технологиялық қасиет болып табылмайды, ол бағалауға
еріксіз тәуелді және бағалау санаты болып табылады.
Кейіннен тиімділік ұғымын өндіріске қажетті үдерістің өндірістік
тиімділігі ретінде, әсіресе, өнімдерді шығарудың ресурстар шығынына қатысы
ретінде қарастыра отырып, экономикалық қызмет саласында қолдана бастады.
Өндіріс тиімділігі - барлық деңгейдегі шаруашылық жүргізудің ең
маңызды сапалы сипаттамасы. Өндірістің экономикалық тиімділігі ұғымының
астары арқылы қоғамдық өндірістің нәтижелері мен шығындарының қатынасы
анықталатын өндірістік әлеуеттің қолданылу деңгейі түсіндіріледі. Қажетті
еңбек шығындарының бірлігі өскен сайын олардың нәтижелері де солғұрлым
жоғарылай береді, ал нәтиже мейлінше жоғары болса, немесе тиімді нәтиженің
әрбір бірлігіне жұсалған шығын неғұрлым аз болса, өндіріс тиімділігі де
солғұрлым жоғары болмақ. Қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділігінің
қорытынды критерийі қоғамдық еңбек өнімділігінің деңгейі қызметін атақарады
[2].
Өндіріс тиімділігі - тауарларды өндіру мақсатындағы ресурстарды
тарату және қайта өңдеу жөніндегі өндіріс қызметінің көрсеткіші.
Тиімділікті ресурстар кірісінің шығысына қатынасы бойынша коэффициенті
арқылы немесе өнімнің шығарылу көлемі мен оның номенклатурасы арқылы
өлшеуге болады.
Өзіне сай белгіленген кез келген практикалық мәні бар тиімділіктің
тиісті түрлерін жекелеген белгілері бойынша бөлудің маңызы бар.
Өндіріс тиімділігінің тиісті түрлері кәсіпорынның шаруашылық
қызметінде өз артықшылығымен алынған нәтижелерінің әр түрлілігі бойынша
бөлінеді. Ең алдымен өндіріс нәтижесі экономикалық немесе әлеуметтік болып
табылады.
Экономикалық нәтиже кәсіпорындағы (кәсіпорын бірлестігіндегі)
өндірістің аралық және соңғы нәтижелерін сипаттайтын әр түрлі құн
көрсеткіштерін айқындайды. Мұндай көрсеткіштерге тауарлық, таза немесе
сатылған өнімнің көлемі, алынған пайданың шамасы, өндірістік ресурс
түрлерінің үнемделуі немесе өнімнің өзіндік құнын төмендетуден алынған
жалпы үнем және т.б. жатқызылады.
Әлеуметтік нәтиже жұмыс аптасы ұзақтығының қысқаруына, жаңа жұмыс
орындары мен адамдардың жұмыспен қамтылу деңгейінің артуына, еңбек пен
тұрмыс жағдайларының, қоршаған орта жай-күйінің жақсаруына, адам өмірінің
жалпы қауіпсіздігіне келіп тіреледі. Өндірістің әлеуметтік салдарларының
жағымды ғана емес, жағымсыз да (жұмыссыздықтың пайда болуы, инфляцияның
күшеюі, экологиялық көрсеткіштердің нашарлауы) жақтары болуы мүмкін.
Олардың өзіндік ерекшеліктері бар. - олардың бәрі бірдей сандық
өлшемге сәйкес келе бермейді. Осыған байланысты кәсіпорындарда өндірістік
экономикалық тиімділігімен қатар әлеуметтік тиімділігін де анықтайды,
бағалайды және өз мүмкіндіктері шегінде ретке келтіреді.
Шығындар мен ресурстардың бірлігінен алынатын соңғы нәтижені ең
жоғары шекке жеткізу немесе соңғы нәтиженің бірлігіне қойылатын шығындар
мен ресурстарды барынша азайту - қоғамның, еңбек ұжымының, жеке тұлғаның
бастапқы мақсаты осындай. Бұл мақсат, оған қол жеткізу әдісі, экономикалық
тиімділікті арттыру (оларды жіктеу және сандық бағалау) жолдары мен
резервтері экономикалық ғылым мен экономикалық (салалық және функционалдық)
тәртіптің мазмұны болып табылады.
Өндіріс тиімділігін өлшеудің бастапқы қағидалары қоғамдық
формацияның барлық түрі үшін бірдей.
Нарықтық экономикаға көшу және оны құру жағдайында тиімділік
санатының иерархиясы, олардың мазмұны мен сипаттамасы өзгеріп отырады.
Нарықтық экономика мен кәсіпкерліктің негізі пайда мен табыс болғандықтан,
экономикалық тиімділіктің бастапқы санаттары ретінде өнімнің, жұмыстар мен
қызмет көрсетулердің сапасы жоғары болған кездегі шығындар мен ресурстардың
бірлігіне келетін пайданы ең жоғары шекке жеткізу, олардың бәсекелестікке
қабілеттілігін қамтамасыз ету болып табылады. Жаңа шарттар бойынша
тиімділіктің жалпыұлттық санаттары де сақталады: ол - халықтың тұрмыс-
жағдайы мен әл-ауқаты жоғары деңгейде болған кездегі шығындар мен
ресурстардың бірлігіне келетін ұлттық табысты, жалпы ұлттық өнімді ең
жоғары шекке жеткізу. Тиімділік санаттарының мұндай иерархиясы қисынды және
нарықтың экономикалық жағдайын айқындайды, немесе өндірістің жалпыұлттық
тиімділігі өндірістің бастауыш ұяшықтары (кәсіпорындар, бірлестіктер,
акционерлік қоғамдар, бірлескен кәсіпорындар) өндірістік қызметінің
тиімділігіне тәуелді болады.
Бастауыш буындардың өндірістік қызметі неғұрлым тиімді болса,
жалпыұлттық экономиканың тиімділігі солғұрлым жоғары болады, қоғам мен
мемлекеттің де әлеуметтік және экономикалық міндеттерін шешуге арналған
ресурстары солғұрлым артық болады.
Тиімділік деңгейі экономиканың қарқынды өсуі, халықтың хал-жағдайын
көтеру, инфляцияны төмендету, еңбек және демалыс жағдайларын жақсарту
сияқты бірқатар әлеуметтік және экономикалық міндеттерді шешуге ықпал
етеді. Тиімділік деңгейі өндірістік күштердің даму деңгейін сипаттайды және
экономика дамуының маңызды көрсеткіші болып табылады. Кәсіпорындағы
шығындар негізгі авансталған және айналым капиталының нысанын, ал соңғы
нәтижелері - пайда нысанын көрсетеді. Сонымен, экономикалық тиімділік
көрсеткіші кәсіпорынның өзіне қалай пайда түсіретіні туралы түсінік береді.

Жалпы (абсолюттік) және салыстырмалы (қатысты) тиімділік
ажыратылады. Жалпы тиімділік жалпы экономикалық нәтижелер мен экономиканың
қандай да бір уақыт аралығындағы тиімділігін бағалау және талдау үшін және
кәсіпорындар мен аймақтар бойынша динамикадағы тиімділік деңгейін салыстыру
үшін қажет.
Салыстырмалы тиімділік өндірістік-шаруашылық, техникалық-ұйымдастыру
кезінде альтернативті нұсқалардан ең маңыздысын (оңтайлысын) іріктеу үшін
шешімдер қабылдау негізделген кезде есептеледі және талданады. Мұндай
іріктеу техникалық-экономикалық көрсеткіштер жүйелерінің нұсқалары бойынша
салыстыру, өтелімділік мерзімін немесе қосымша капиталдық салымдар
коэффициентінің тиімділігін, экономикалық нәтиже шамасын есептеу негізінде
жүзеге асырылады.
Мемлекеттің қатысуы қарастырылатын әр түрлі жобаларды салыстыру,
олардың ішінен ең жақсысын таңдау және жобаны мемлекеттік қолдаудың мөлшері
мен нысанының негізделуі интегралды халық шаруашылығы экономикалық нәтижесі
көрсеткішінің мәні бойынша жүргізіледі. Тиімділіктің негізгі түрлері 1
кестеде келтірілген.

1 кесте
Тиімділіктің түрлері

Белгілері Тиімділіктің түрлері
1 2
Мазмұны Экономикалық
Әлеуметтік
Пайда болу саласы Халық шаруашылығы
Шаруашылық есептегі
Бағалау объектісінің Толық
қамтылуы Жергілікті
Тағайындалу мақсаты Жоспарлы

1 кестенің жалғасы

1 2
Нақты
Нормативтік (жобалық)
Есептеу әдісі Абсолюттік
Салыстырмалы
Қорытындылау деңгейі Толығымен экономикалық
Сала
Кәсіпорын
Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшесі
Жұмыс орны
Бағалау объектісі Кәспорынның өндірістік-шаруашылық қызметі
Шаруашылық функциялары
Шаруашылық үдерістерінің элементтері
Өндіріс және басқару саласындағы жекелеген
өндірістік-шаруашылық шешімдер

Әр түрлі тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетулер кезінде өндіріс
тиімділігі өндіріс құралдары мен жұмыс күшін белгіленген уақыт аралығында
қолданудың соңғы нәтижелерінің кешендік көрінісін айқындайды (нарықтық
экономикасы дамыған шет елдерде шаруашылықтың нәтижелілігін көрсету үшін -
өндіріс пен қызмет көрсету жүйесінің өнімділігі термині қолданылады, мұның
астарынан ресурстарды (еңбекті, капиталды, жерді, матриалдарды, энергияны,
ақпараттарды) тиімді пайдалану деген ұғымды айқын түсінуге болады).
Сонымен, өндіріс тиімділігі және жүйе өнімділігі дегеніміз-өз
мәнінде бір ғана нәтиже үдерісін сипаттайтын синоним-терминдер. Бұл ретте
жүйенің жалпы өнімділігі ұғымының еңбек өнімділігі мен еңбек өндірісінің
пайдалылығына қарағанда, мейлінше мағынасы кең ұғым екенін түсіне
білгеніміз жөн.

1.2. Өндірістің экономикалық тиімділігін бағалау кезінде шығындар мен
нәтижелердің жіктелуі

Өндіріс үдерісі дегеніміз - ресурстардың өзара әрекетінің үдерісі.
Кәсіпорын ресурстарын жіктеудің бірнеше әдісі бар.Соның ішінде жалпы екі
әдісіне тоқталамыз.
Біріншіден, заттық және еңбек (жеке тұлғалы) ресурстары деп бөлінеді.
Заттық реурстар еңбек құралдары (жабдықтар, машиналар мен тетіктер,
ғимараттар мен ғимараттар, көлік жабдықтары, тұрмыстық желі және т.б.)
түрінде немесе еңбек заттары (отын, шикізат, жинақтаушы бұйымдар және т.б.)
түрінде беріледі, сондай-ақ өнеркәсіп кәсіпорнының иелігінде ағымдағы
қызметі мен өндірісті дамытуға арналған ақшалай қаражаты болады.
Еңбек ресурстары дегеніміз - өндіріс үдерісіне қатысатын, кәсіби
білімдері бар, жеке және рухани мүмкіндіктер жиынтығын құрайтын
қызметкерлер.
Өндіріс үдерісіне қажетті заттық ресурстар кәсіпорынның өндірістік
қорын құрайды. Еңбек құралы ретінде қызмет ететін қор бөлігі өндіріске ұзақ
уақыт бойы қызмет көрсетеді, және осы жағдайда өзінің табиғи нысанын
сақтайды және өнімнің құнын бірте-бірте, бөліктерге бөле отырып ауыстырады,
өнім тозған жағдайда, кәсіпорынның негізгі қорын (білдектер, жабдықтар,
көлік құралдары, өндірістік ғимараттар, ғимараттар және т.б.) жасайды.
Кез келген өндірістік кезеңде толығымен қолданылатын және толығымен
өзінің құнын жаңа жасалған өнімге ауыстыратын қор элементтері айналым
қорына (шикізаттың, материалдар мен отынның артық қорлары; аяқталмаған
өндіріс, өндірісті дайындау шығындары, өнімнің жаңа түрлерін игеру, яғни
болашақ кезең шығындары, МБП және т.б.).
Өндіріс үдерісін аяқтау үшін өнім тұтынушыға жеткізілуі тиіс, яғни
айналыс фазасынан толық өтуі тиіс.
Айналыс аясындағы жабдықтар жиынтығына айналыстағы қорлар (қоймадағы
немесе жол үстіндегі дайын өнім, ақшалай қаражат және есеп-айырысу
қаражаттары) жатады.
Өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорлары жинақталып кәсіпорынның
айналым қаражатын (ағымдық активтерді) құрайды.
Өндірістік ресурстарды жіктеудің екінші әдісі өнімді, жалпы ұлттық
өнімді (жыл бойы елде өндірілген барлық дайын тауарлар мен қызмет
көрсетулердің жалпы нарықтық бағасын) өндіріс факторларының жиынтық
ресурсын қолдану нәтижесі ретінде қарастырады.
Бұл факторларға: өндірістік ресурстар, өндіріс факторлары,
ресурстардың меншік иелері, өндіріс құралдарының меншік иелері, білімдері
мен дағдылары жоғары еркін адамдар, материалдар мен табиғи ресурстардың
иелері.
Өнеркәсіп кәсіпорындарының реурстарын жіктеуде қолданылатын факторлық
әдіс:
а) оқытылған, бірлесіп жұмыс істеуге тексеруден өткен және бір
өндірістік ұжымға жинақталып бос адамдардан ұйымдастырылған жұмыс күші;
ә) еңбек құралдары;
б) еңбек заттары.
Жоғарыда аталған әр фактордың меншік иелері табыс алуда, өнім шығару
жөніндегі жұмыстардың жиынтық көлеміне үйлесімді ат салысуда бір мүддені
көздеген.
Жоғарыда аталған факторлардың ешқайсысы ештеңені дербес шеше
алмайды, толық өндіріс бойынша да, жеке өз бөлігі бойынша да бір-бірінің
қатысуңынсыз бұйым өндіре алмайды, атап айтқанда, бастапқы химиялық
шикізатқа да, реагенттерге де, энергияға, катализаторға да алынған химиялық
өнімнің қандай да бір бөлігін айырбастауға болмайды.
Тауарлар мен қызмет көрсетулер аты аталған факторлар ресурстарының
өзара байланысы арқылы ғана жасалады.
Жіктеуге қатысты қарастырылған екі әдіс те өндірістік ресурстардың
түрлері туралы түсінік береді, бірақ егер бірінші әдіс, ең алдымен,
кәсіпорынның қарамағындағы жабдықтардың құрылымын көрсететін болса, екінші
әдіс (ресурстарды өндіріс факторлары бойынша топтау) ресурстарды тек түр-
түрге ғана бөліп қоймайды, сондай-ақ ресурстардың меншік иелерінің
мүдделерін (олардың дайын өнімге қосқан үлесін және тиісті табысты алудан
күтетін нәтижелерін) көрсетеді, олай болса, біздің көзқарасымыз бойынша,
осы кешенді әдіс тиімділікті өлшеу мақсаттарына толық жауап беруге тиіс.
Өндірісте экономикалық ресурстарды бағалаудың екі нысаны бар, олар -
қолдану және тұтыну.
Қолданылған ресурстар дегеніміз - өндіріс үдерісін жүзеге асыруға
арналған аванстандырылған шығындар. Оларға кәсіпорынның негізгі қорлары
(капитал), оның айналым қаражаттары (материал) және жұмыс күші -
өндірісте жұмыс істейтін қызметкерлердің жиынтық саны (жанды еңбек)
жатады.
Тұтынылған ресурстар дегеніміз өнімді өндіруге жұмсалатын жалпы
ағымдық шығындарды қалыптастырады және осы шығындардың жекелеген
элементтерін көрсетеді. Тиісінше жанды еңбекті тұтыну кәсіпорынның
еңбекақы төлеуге жұмсалатын шығындарын, негізгі капиталды - өтелімге
(амортизациялауға) кететін шығындарды, материалдық ресурстарды -
материалдық шығындарды сипаттайды.
Ресурстарды бағалаудың екі нысанын жүзеге асыру мүмкіндігін К. Маркс
атап көрсеткен болатын, ол авансталған негізгі және айналым капиталының
сомасына тең қолданылатын капиталды және өндірістің капиталистік
шығындарына сәйкес тұтынылатын капиталды бөліп көрсетті. Е.Г. Либерманның
түсіндіруі бойынша, шығындар дегеніміз - қозғалыстағы ресурстар, ал
ресурстар дегеніміз - тоқтатылған шығындар.
Қазіргі заман экономисі А.Т. Засухин ресурстарды бағалауға ұқсас
айқындамалық тұрғыдан қарайды: мақсаты жағынан бір кешенге біріктірілген
өндірістік факторлар шығындық (ЗМ) және ресурстық (QM) сипаттамаға ие
болатын өндірістік күшті құрайды. Экономикалық тиімділікті есептеуде
нәтижелер шаруашылық айналымына енгізілген немесе тұтынылған ресурстардың
шамасымен салыстырылады. Сондықтан тиімділікті бағалаудың нақтылығы көп
жағдайда шығындар мен әр түрлі ресурстар шамасын анықтаудың дұрыстығына
байланысты болады.
Ресурстар - ол белгіленген кезеңде кәсіпорынның қарамағындағы
шаруашылық айналымына енгізілген өндіріс факторлары. Кәсіпорынның ресурстар
құрамына: өндірістік және қаржылық ресурстарды жатқызуға болады.
Шығындар дегеніміз - өнімдерді дайындау және сату үдерісінде
тұтынылған ресурстардың (өнімнің өзіндік құнын құрайтын) бір бөлігі.
Шығындар жүзеге асу кезеңділігіне қарай бір жолғы және ағымдық болып
бөлінеді.
Ағымдық шығындар жыл бойы өнім өндіруге және қызмет көрсетуге қажетті
үнемі жұмсалатын материалдық шығындар мен еңбек шығындары.
Біржолғы шығындар дегеніміз - өндірістік қорларды кеңінен қайта
өндіруге, өндірісті техникалық тұрғыда жетілдіруге қажетті бірқатар
жылдарға авансталған материалдық-техникалық жабдықтар (инвестициялар).
Олардың жыл бойы нәтиже беретін ағымдық шығындардан айырмашылығы біржолғы
шығындар, өндірістік күштерді қолданысқа енгізгеннен кейін, әдетте, бір
жылдан артық нәтиже береді. Біржолғы шығындар өндірістік және капиталдық
салымдарға бөлінеді
Өндірістік шығындар іс-шараларды әзірлеуге байланысты ғылыми-зерттеу
және жобалық-конструкторлық жұмыстар кешенін жүргізуге арналады.
Әлемдік тәжірибедегі шығындар мен ресурстарды жіктеу әмбебап жұмыс,
одан шығындар мен ресурстардың төмендегі түрлері бөлінеді:
- жанды еңбек шығындары (жұмыс істелген уақыт, еңбекақы төлеу қоры);
- материалдық шығындар (шикізат, материалдар, отын мен энергия
шығындары);
- өндірістік қорлар (негізгі өндірістік қорлар, айналым қорлары, айналыс
қорлары);
- капиталдық салымдар, инвестициялар (негізгі қорлардың ұдайы өндірісін
кеңейтуге жұмсалатын шығындар және айналым қорларының өсімі);
- табиғи ресурстар (жер, пайдалы қазба қорлары, ормандар, сулар);
- ақпараттық рсеурстар (білім, ғылыми-зерттеу нәтижелері, өнертапқыштық
және жаңашылдық ұсыныстар);
- экономикалық санат ретіндегі уақыт (жұмыс кезеңі, өндіріс уақыты,
инвестицияларды тарату мерзімдері, жаңалықтар, жаңа техниканы енгізу).
Экономикалық тиімділіктің маңызы оның санаттарымен бірге экономикалық
нәтижесінің жіктелуі, сондай-ақ шығындар мен ресурстар негізінде
нақтыланады.
Тиімділік деңгейі туралы ақпараттың нақтылығы экономикалық нәтиженің
жіктелуіне және тұлғалау нысандарына байланысты. Экономикалық нәтижені
бағалау көрсеткіштері үш топқа бөлінеді: көлемді, соңғы және әлеуметтік
нәтижелер.
Экономикалық нәтиженің көлемдік көрсеткіштері бастапқы көрсеткіш болып
табылады және оған өндірілген өнім мен қызмет көрсетулердің табиғи және
бағалық көрсеткіштері: табиғи өлшеуіштердегі өнім өндірісінің көлемі, жалпы
тауарлық өнім, монтаждау-құрылыс жұмыстарының көлемі, өңдеудің нормативтік
құны және т.б. жатады.
Нәтиже көрсеткіштерінің келесі тобы басқарудың әр түрлі деңгейіндегі
өндірістік-шаруашылық қызметінің соңғы нәтижелерін, нарық қажеттілігінің
қанағаттандырылуын, өндірістің сапалы құрылымын көрсетеді. Оларға: ұлттық
табыс, таза өнім, жалпы ұлттық өнім, пайда, өзіндік құнды төмендетуден
түскен үнем, тиісті бағалармен сату көлемі, өндірістік күш пен қорларды
қолданысқа енгізу, өнім мен қызмет көрсетулер сапасы жатады.
Көлемдік нәтижелер тиімділіктің сараланған көрсеткіштерін есептеу
кезінде, ал соңғы экономикалық нәтижелер тиімділіктің қорытындылау
(кешендік) көрсеткіштерін есептеу кезінде есепке алынады.
Өндіріс тиімділігін бағалауда өндірістік-шаруашылық қызмет нәтижесінің
қоғамның, ұжымның әлеуметтік мақсаттарына сәйкестігін, экономиканың
дамуындағы адамдық (жеке тұлғалық) фактордың артықшылығын бейнелейтін
әлеуметтік нәтижелер маңызды орын алады. Әлеуметтік нәтижелер өндіріс
саласында да, одан тысқары жағдайларда да адам өмірімен байланысты іс-
әрекеттің бәрін тұлғалайды. Өндірушілердің экономикалық мүдделері
әлеуметтік нәтижелермен өзара тығыз байланысты: экономикалық нәтижелер
неғұрлым жоғары болса, әлеуметтік нәтижелер де солғұрлым жоғары болмақ және
керісінше. Әлеуметтік нәтижелер өмір сүру деңгейін жақсарту (еңбекақы
төлемін, нақты табыстарды, ең төменгі күнкөріс деңгейін өсіру, тұрғын үймен
қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсету деңгейін, қызметкерлердің жалпы
білім және кәсіби деңгейін көтеру), бос уақыт және оны пайдалану
тиімділігі, еңбек жағдайы (жарақаттанудың азайтылуы, кадрлардың
тұрақтылығы, халықты жұмыспен қамту), экологияның жай-күйі және өндірістің
елдегі және аймақтағы экологиялық жағдайға әсері сияқты көрсеткіштермен
айқындалады.
Әлеуметтік нәтижелер мен олардың экономикалық нәтижелерге ықпалы нақты
сандық бағалауға келе бермейтінін, оларды жанама бағалаудың кеңінен
таратылғанын, мақсаттардың сараланып отыратынын атап өткен жөн.
Ресурстарды немесе шығындарды қамту өз деңгейі бойынша ресурстардың
немесе шығындардың бір түрін қолдану тиімділігін және ресурстардың немесе
шығындардың барлық түрінің қолданылуын сипаттайтын жеке көрсеткіштерге
бөлінеді.
Есептеу әдістемесіне қарай тиімділік көрсеткіштері шығындық және
ресурстық болып жіктеледі. Тиімділіктің ресурстық көрсеткіштерін есептеу
кезінде кәсіпорынның шаруашылық айналымына енгізілген реурстар шамасы
қатысады, ал шығындық көрсеткіштер - бағаланған объектіні сату кезінде
жүзеге асырылған ресурстар шығынының шамасы.
Өз бағытына қарай іс-әрекеттер сыйымдылық және қайтарымдылық
көрсеткіштеріне бөлінеді.
Сыйымдылық көрсеткіштері нәтиже бірлігінде ресурстардың немесе
шығындардың қанша екенін көрсетеді және ресурстардың немесе шығындардың
нәтиже шамасына қатынасымен анықталады. Қайтарымдылық көрсеткіштері,
керісінше, нәтиже шамасын ресурстар шығындарына бөлу арқылы анықталады.

1.3. Өндірістің экономикалық тиімділігін бағалау көрсеткіштерінің
жүйесі

Қазіргі уақытта кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық-қызметі
тиімділігінің жалпылай қабылданған көрсеткіштер жүйесі жоқ. Қандай да
болсын іс-шаралардың тиімділігін өлшеу үшін кейде өзара байланысы жоқ, әр
түрлі нәтиже беретін түрлі әдістемелер қолданылады.
Әдістемелер қатарынан көрсеткіштердің қажетті салғастырымдылығын да
кездестіре алмайсың. Сондай-ақ тиімділіктің жоспарлы және есеп беру
көрсеткіштері сараланады.
Мұның бәрі кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің тиімділігін
кешенді бағалауда қиындық келтіреді және оны іске асырудың әр түрлі
жақтарына жүйелі түрде талдау жасауға мүмкіндік бермейді.
Өндіріс тиімділігі көрсеткіштерінің жүйесі кәсіпорынның барлық
ресурстарының қолдануын жан-жақты бағалауға және барлық жалпы экономикалық
көрсеткіштерді ұстауға тиіс.
Өндіріс тиімділігін есептеу жұмыстарының: жоспар жобасының
сатыларында, жоспарды бекітуде, оны орындау шараларында үзіліссіз
жүргізілуі өте маңызды.
Өндіріс тиімділігі көрсеткіштерінің жүйесінде олардың бәрі бірдей
мағынаға ие бола бермейді. Олардың ішінде басты және қосымша көрсеткіштер
бар.
Егер алғашқыларын қорытындылаушы көрсеткіштер деп атау қабылданса,
онда соңғылары қызметтің қандай да бір белгіленген жағын сипаттайтын
функционалды көрсеткіштер болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің нәтижесін бағалау үшін пайда көрсеткішін
қолдану жеткіліксіз.
Кәсіпорынның пайдаға шығуы тұтынушыға қажет өнімнің белгіленген
мөлшерін шығарудың нәтижесі болып табылады.
Өнімді шығару, бір жағынан, қажетті пайданы алудың және кәсіпорын
тіршілігін қамтамасыз етудің алғышарты болып табылады, ал екніші жағынан,
өнімге (қызмет көрсетуге) деген сұраныс пен оған қойылған баға арқылы
өндірушіге оның қызметінің тиімділігі (немесе тиімсіздігі) туралы белгі
түседі.
Толығымен республика бойынша, аймақ бойынша және кәсіпорын бойынша
тиімділіктің қорытындылаушы (кешендік, интегралдық) көрсеткіштері
қолданылады.
Бұл көрсеткіштер тиімділіктің деңгейі мен динамикасына әсер ететін
көптеген факторлардың толық және өзара байланысын ескеруге мүмкіндік
береді.
Қорытындылаушы көрсеткіштерді қалыптастыру негізінің екі шарты бар:
Соңғы, сапалы нәтижені есепке алу және шығындар мен ресурстардың жиынтық
шамасын көрсету (мысалы, өндіріс пен айналыс шығындары, өндірістік
қорлардың жиынтық шамасы).
Экономикалық тиімділіктің негізгі қорытындылаушы көрсеткіштеріне:
ұлттық табыс (ҰТ), халықтың жан басына шаққандағы жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ),
қоғамдық еңбек өнімділігі, жалпы тиімділік коэффициенті, тауарлық өнімнің
бір сомға түсетін шығындары, пайда, өндіріс пайдалылығы және өнім
пайдалылығы.

Сурет 1
Өндірістің экономикалық тиімділігі көрсеткіштерінің жүйесі

Қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділігінің басты қорытындылашы
критерийі ретінде қоғамдық еңбек өнімділігінің деңгейі қызмет етеді.
Қоғамдық еңбек өнімділігі өндірілген ұлттық табыстың материалдық
өндіріс саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің орташа сандық құрамына
қатынасымен өлшенеді:

Ө қоғ = ҰТ СМ
(1)

Қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділігінің маңызды көрсеткіштері
еңбек сыйымдылығы, материалдық сыйымдылық, капитал сыйымдылығы және қор
сыйымдылығы болып табылады.
Өндірістің экономикалық көрсеткіштері тиімділіктерінің бірі өнімнің
еңбек сыйымдылығы болып табылады - жанды еңбек өнімділігінің көрсеткішке
кері шамасы материалдық өндіріс саласында жұмсалған еңбек мөлшерінің
өндірілген өнімнің жалпы көлеміне қатынасы ретінде анықталады:

t = TQ
(2)

мұндағы, Т - материалдық өндіріс саласында жұмсалған еңбек мөлшері;
Q - өндірілген өнімнің, әдетте, жалпы өнімнің жалпы көлемі.

Қоғамдық өнімнің материалдық сыйымдылығы шикізаттың, материалдардың,
отынның энергияның және өзге де еңбек заттарының жалпы қоғамдық өнімге
қатынасы ретінде есептеледі. Сала (бірлестік, кәсіпорын) өнімінің
материалдық сыйымдылығы материалдық шығындардың өндірілген өнімнің жалпы
көлеміне қатынасы түрінде анықталады:

m = V Q
(3)

мұндағы, m - өнімнің материалдық сыйымдылығының деңгейі;
M - өнімді өндіруге жұмсалған материалдық
шығындардың
құндық тұлғалаудағы жалпы көлемі;
Q - өндірілген (әдетте, жалпы) өнімнің жалпы
көлемі.
Өнімнің материалдық сыйымдылығының төмендеуі елдегі халық
шаруашылығы үшін тиімді. Көптеген ресурстар бойынша үнемдеудің нақты шамасы
жөнінде көзделген мөлшерге қол жеткізілген жоқ. Оның негізгі себептері
ғылыми-технологиялық прогрестерге қол жеткізу деңгейінің өте төмен болуы
және осы бағыттағы экономикалық ұйымдастыру жұмыстарының жеткіліксіздігі.
Өнімнің капиталдық сыйымдылығы мен қор сыйымдылығының көрсеткіштері
белгілі дәрежеде өзара жақын.
Өнімнің капиталдық сыйымдылығының көрсеткіші капиталдық салымдар
шамасының шығарылған өнім көлемінің өсіміне қатынасын көрсетеді.
КQ = К ΔQ,
(4)
мұндағы , КQ - өнімнің капиталдық сыйымдылығы;
К - капиталдық салымдардың жалпы көлемі;
ΔQ - шығарылған өнім көлемінің өсімі.
Өнімнің қор сыйымдылығы кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларының
орташа құнының өндірілген өнімнің жалпы көлеміне қатынасы ретінде
есептеледі:
f = FQ
(5)
мұндағы, f - өнімнің қор сыйымдылығы;
F - кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларының
орташа
құны;
Q - өндірілген (әдетте, жалпы) өнімнің жалпы
көлемі.
Халық шаруашылығында, оның жекелеген салаларында, мысалы,
өнеркәсіпте, қор сыйымдылығының көрсеткішіне кері қор қайтарылымының
көрсеткіші кеңінен қолданылады:

Fқайт =QF
(6)

Соңғы жылдардағы деректер бойынша толығымен халық шаруашылығындағы
және өнеркәсіптегі қор қайтарымы көрсеткішінің төмендеуге, ал қор
сыйымдылығы көрсеткішінің өсуіне жағымсыз әсері бар. 2000 жылға қарағанда
2005 жылы барлық өнеркәсіп бойынша қор қайтарымының көрсеткіші 84 %-ды ғана
құрады. Бұл жерде қолданыстағы өндірістік күштердің төменгі деңгейде
қолданылуына өнеркәсіптегі негізгі өндірістік қорлардың жоғары дәрежеде
тозуына ерекше назар аударған жөн.
Сондай-ақ тиімділіктің дифференциалды көрсеткіштеріне шығындар мен
ресурстардың жекелеген түрлерінің салыстырмалы үнемделуін сипаттаушы
көрсеткіштер жатқызылады. Сонымен, жанды еңбекті салыстырмалы үнемдеу
(қызметкерлердің сандық құрамының салыстырмалы түрде жұмыстан босауы (Эт))
төмендегі формула бойынша анықталады:

Эт = Чб х Кп - Чо
(7)

мұндағы , Чб - кәсіпорын қызметкерлерінің базистік кезеңдегі сандық
құрамы;
Кп - өнімнің, жұмыстар мен қызметтердің өндіріс өсімінің индексі;
Чо - қызметкерлердің жоспарлы және есептік кезеңдегі сандық құрамы.
Жалпы республика, аймақ, кәсіпорын бойынша экономикалық тиімділікті
бағалау үшін тиімділіктің қортындылаушы (кешенді, интегралды) көрсеткіштері
қолданылады. Бұл көрсеткіштер тиімділіктің деңгейі мен динамикасына ықпал
ететін көптеген факторлар мен олардың құрамын мейлінше толық және өзара
байланыста екенін ескеруге мүмкіндік береді. Қорытындылаушы көрсеткіштерді
қалыптастыру негізінің екі шарты бар: олар: соңғы, сапалы нәтижені есепке
алу және шығындар мен ресурстардың жиынтық шамасын бейнелеу (мысалы,
өндіріс шығындары мен айналымдар, өндірістік қорлардың жиынтық шамасы).
Экономикалық тиімділіктің негізгі қорытындылаушы көрсеткіштеріне: ұлттық
табыс (ҰТ), әр жан басына шаққандағы жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), жалпы
тиімділік коэффициенті, тауарлық өнімнің рубльге шаққандағы шығындары,
пайда, өндіріс пайдалылығы және өнімнің пайдалылығы).
Қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділігінің басты қорытындылашы
критерийі ретінде қоғамдық еңбек өнімділігінің деңгейі қызмет етеді.
Қоғамдық еңбек өнімділігі өндірілген ұлттық табыстың материалдық
өндіріс саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің орташа сандық құрамына
қатынасымен өлшенеді:

Ө қоғ = ҰТ СМ
(8)

Қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділігінің маңызды көрсеткіштері
еңбек сыйымдылығы, материалдық сыйымдылық, капитал сыйымдылығы және қор
сыйымдылығы болып табылады.
Нарық экономикасы жағдайындағы өндірістің соңғы нәтижелері мен
жиынтық тиімділігінің маңызды көрсеткіштері пайда және пайдалылық болып
табылады.
Пайдалылықты басқару (жоспарлау, негіздеу және талдау-бақылау)
нарыққа жұмыс істейтін кәсіпорындардың экономикалық қызметінің орталығы
болып табылады. Пайдалылық деңгейі ең алдымен пайданың, шығындар мөлшерінің
және қолданылған ресурстардың шамасына байланысты болады. Нарық
жағдайындағы пайда - бұл кәсіпорындағы өндірістің соңғы мақсаты және
қозғалыстағы нақты себебі. Пайда көрсеткішіне оңтайлы қосымша - бөліну,
соның ішінде өзіндік құнды төмендету есебінен алынған пайдалы көбейтудің
сыбағалы үлесі болып табылар еді.
Сонымен қатар кәсіпорында өркендетілген нарықтық қатынастарды
қалыптастыру кезінде пайданы көбейтудің бір жолы - тек өнімнің шығарылу
көлемін ұлғайту, оны өндіруге жұмсалатын шығындарды төмендету болып қалады.
Пайданың шамасын бағалау кезінде жалпы (баланстық) пайданы, өнімді
сатудан түскен пайданы, таза (есеп айырысу) пайданы ажыратып алады.
Жалпы (баланстық) пайда табыстар мен шығыстар балансының негізінде
барлық өндірістік-шаруашылық қызмет нәтижелері - негізгі қызмет өнімін
сатудан түскен пайданың, өзге де тауарлар мен қызмет көрсетуден түскен
пайданың (шығынның), артық тауарлық-материалдық құндылықтарды сатудан,
сондай-ақ өнеркәсіптік емес санаттағы жұмыстар мен қызметтерді сатудан
түскен пайданың; сатудан тыс операциялардан (айыппұлдар, өсімпұлдар,
тұрақсыздық төлемдері, төленуі мүмкін емес қарыздарды есептен шығарудан
болған шығындар, апаттық зілзалалар) түскен пайдалардың, бағалы қағаздарды
сатудан түскен табыстардың алгебралық сомасы бойынша анықталады.
Өнімді сатудан түскен пайда қолданыстағы көтерме бағамен сатылған
өнімнің шамасы мен өзіндік құны қосылған, оны өндіруге және сатуға
жұмсалған шығындар арасындағы айырмасы ретінде есептеледі.
Кәсіпорын иелігінде қалатын таза (есеп айырысу) пайда баланстық
пайда мен жалгерлік төлем, салықтар мен ұзақ мерзімді несие пайыздарын
шегеруден түскен пайданың айырмасы ретінде есептеледі.
Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің экономикалық
тиімділігінің кешенді, интегралды көрсеткіші пайдалылық болып саналады.
Пайдалылық ағымдағы шығындарды рубльге шаққанда немесе немесе
пайдаланылған ресурстарды (негізгі өндірістік қорларды, айналым
қаражаььарын, жеке және несиелік капиталды) рубльге шаққанда алынған
пайдасының абсолютті немесе салыстырмалы мөлшерін (пайызбен алғанда)
көрсетеді. Есептеу

Р = П З х 100
(9)

формуласы бойынша орындалады,
мұндағы, П - пайда,
З-ағымдық шығындардың немесе қолданылған ресурстардың мөлшері.
Ең алдымен, барлық жалпы (жиынтық) және есептік пайдалылығын
ажыратып алады.
Жалпы пайдалылық баланстық (жалпы) пайданың өндірістік ресурстар
(негізгі өндірістік қорлар мен мөлшерге келтірілген айналым қаражаттары)
құнына қатынасы бойынша анықталады. Сондай-ақ өндіріс тиімділігін
жоспарлау, бағалау және талдау кезінде ағымдық шығындар пайдалылығы,
қолданылған (жинақталған) өндірістік ресурстардың пайдалылығы, капиталдық
салымдардың (инвестициялардың) пайдалылығы есептеледі.
Ағымдық шығындардың пайдалылығы (Рз) пайдалылықтың: сатылған өнімнің
пайдалылығы:

Рп = 100 х П Ор;
(10)

өнімнің жекелеген түрінің пайдалылығы:

Рв = 100 х П С
(11)

сияқты көрсеткіштері бар,
мұндағы, П - сатудан түскен пайда, теңге;
Ор - сатылған өнімнің көлемі, теңге;
С - өнімнің жекелеген түрінің өзіндік құны, теңге.

Өндірістік ресурстардың пайдалылығы (Рр) кәсіпорын иелігіндегі
қорлардың, мүліктің, жеке және несие капиталының қолданылу тиімділігін
көрсетеді. Бұл көрсеткіш:

Рр = (П х 100) (ОПФ + НОС),
(12)

формуласы бойынша анықталады,
мұндағы, ОПФ - негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны;
НОС - мөлшерге келтірілген айналым қаражаттарының орташа жылдық
қалдықтары.
Өндірістік қорларды кеңінен өркендетуге және жаңа техникаға
капиталдық салымдардың (инвестициялардың) тиімділігін бақылау үшін
инвестициялар (капиталдық салымдар) пайдалылығы (Ри) мен олардың
өтелімділік мерзімінің (Т) көрсеткіші есептеледі:

Ри = ΔП Кв,
(13)

Т = Кв ΔП,
(14)

Мұндағы ΔП - капиталдық салымдарды өткізу нәтижесінде түскен таза
пайданың жылдық өсімі,
Кв - тиісті техникалық және ұйымдастыру іс-шараларына арналған
капиталдық салымдар.
Капиталдық салымдардың пайдалылығы іс-шараларға, өтелімділік
мерзіміне арналған капиталдық салымдардың өтеліп, таза пайданың жылдық
өсімімен жабылатын уақыты кезеңіндегі капиталдық салымдардың рубльге
шаққандағы таза пайдасының өсім мөлшерін сипаттайды.
Капиталдық салымдар пайдалылығының коэффициенті олардың экономикалық
мақсаттылығын негіздеу мақсатында ұзақ мерзімді депозиттер бойынша банктік
пайызбен қатар қойылады.
Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер пайдаланудың шектеулі сипатына
ие,олардың бәрі қоғамдық еңбек пен пайдалылық өнімділігінің көрсеткішінен
басқаларының бәрі өндірістің экономикалық тиімділігі мен шығындардың
экономикалық тиімділігі туралы толық әрі жан-жақты ұғым бере алмайды, тек
ресурстардың белгілі бір түрінің қолданылуына сипаттама береді.
Шығындардың жалпы тиімділігі туралы толық түсінік алу үшін құндылық
және табиғи көрсеткіштеріне қорытындылаушы сипаттама қажет.
Жоспарлау және жобалау кезінде жалпы экономикалық тиімділік
нәтижесінің капиталдық салымдарға қатынасы ретінде анықталады. Бұл жағдайда
жалпы және салыстырмалы экономикалық тиімділік бірін-бірі толықтырып
отырады.
Халық шаруашылығы кешендері бойынша, жекелеген салалар, сондай-ақ
негізгі қорлардың ұдайы өндірісі нысандары бойынша шығындардың жалпы
экономикалық тиімділігі пайда өсімінің немесе шаруашылық есеп табысының
(ΔП) капиталдық салымдарға (К) қатынасы ретінде есептеледі:

Э = ΔП К
(15)

Жаңа салынып жатқан цехтар, кәсіпорындар және жекелеген іс-шаралар
бойынша тиімділік көрсеткіші (Эп) жоспарланған пайданың (сметалық құнның)
капиталдық салымдарға қатынасы ретінде анықталады:

Эп = (Ц - С) К,
(16)

мұндағы, К- салынып жатқан объектінің толық құны;
Ц- кәсіпорын өнімінің көтерме баға бойынша жылдық шығарылымы;
С- құрылысты толық жүзеге асырып, енгізілген күштерді
игергеннен
кейінгі өнімнің жылдық шығарылымының өндіріс шығындары
Өндіріс тиімділігі көрсеткіштерінің қозғалыстағы жұмылдырушы рөлі
көп жағдайда оларды есептеу методологиясы бойынша анықталады.
Шаруашылық және техникалық шешімдердің нұсқаларын салыстыру,
кәсіпорындар мен олардың кешендерін орналастыру, жаңа құрылыс салу немесе
ескі кәсіпорындарды қайта жаңарту және т.б. кездерде шығындардың
салыстырмалы экономикалық тиімділігі есептеледі.
Өндірістің салыстырмалы тиімділігін бағалау негізіне есептік және
базалық кезең үшін көрсеткіштердің нақты өзгерісін салыстыру жатқызылады.
Бұл жағдайда өнім өндірісінің жылдар бойынша құндық тұлғалаудағы өсу
көлемдері салыстырмалы бағамен анықталады.
Еңбектің салыстырмалы тиімділік көрсеткіштеріне:
а) еңбек өнімділігінің өсімі мен өсу қарқыны (Тр, ΔТр):

Тр = ВоВб х 100, ΔТр = ВоВб х 100 - 100,
(17)

мұндағы, Во, Вб - есептік және базистік кезеңдегі өнімнің (еңбек
өнімділігінің) шығарылуы
ә) еңбек өнімділігін өндіру есебінен өнімнің өсу үлесі (ΔТп.пр.):

ΔТп.пр. = (1 - ΔЧ ΔТп) х 100,
(18)

Мұндағы ΔЧ - қызметкерлер құрамының белгіленген кезеңдегі өсу
қарқыны, %;
ΔТп - осы кезеңдегі өнім өндірісі өсімінің қарқыны, % жатады.

Осыған ұқсас тәсілмен өнімнің материалдық ресурстарды үнемдеу, қор
сыйымдылығын төмендету есебінен болатын өнім өсімінің үлесі анықталады. Бұл
көрсеткіштер өндірісті қарқындату деңгейін шығындар мен ресурстар өсімінің
қарқындарын өнім өсімінің қарқындарымен салыстыра отырып сипаттама береді.
Егер салыстырып отырған нұсқалардың бірі өзін іске асыру үшін
капиталдық салымдарды талап ететін болса және сол уақыт ішінде мейлінше
төмен өзіндік құнды қамтамасыз ететін болса, онда өзге де тең жағдайларда
бұл нұсқа экономикалық тұрғыда мейлінше пайдалы деп саналады. Бұл жағдайда
қос нәтижеге қол жеткізуге болады, олар: өзіндік құнды төмендету арқылы
үнемдеу және капиталдық салымдар арқылы үнемдеу.
Бұл жағдайларды оңтайлы нұсқа өтелімділік (Т) мерзімін есептеу
немесе қосымша капиталдық салымдардың (Е) салыстырмалы тиімділік
коэффициентінің негізінде және олардың нормативтік мәндерін салыстыруда
оңтайлы нұсқа таңдалады:

Т = (К2 - К1) (С1 - С2) Тн
(19)
немесе
Е = (С1 - С2) (К2 - К1) Ен
(20)

К1К1 және С1С2 кезінде, мұндағы К1, К2 - нұсқалар бойынша
капиталдық салымдар;
С1, С2 - өнімнің немесе нұсқалар бойынша жұмыстардың өзіндік құны;
Тн - өтелімділіктің нормативтік мерзімі,
Ен - капиталдық салымдардың салыстырмалы тиімділігінің нормативтік
коэффициенті.
Оңтайлы нұсқаның критерийі төмендегі формула бойынша анықталады:

Зпі = Сі + Ен х Кі → min
(21)

мұндағы, Зпі - аталған нұсқа бойынша келтірілген шығындар;
Сі - осы нұсқа бойынша ағымдық шығындар;
Кі - әр нұсқа бойынша капиталдық салымдар;
Ен - капиталдық салымдардың салыстырмалы тиімділігінің нормативтік
коэффициенті .
Бұл көрсеткіштерді екі немесе одан да көп нұсқалар бойынша салыстыру
негізінде кез келген техникалық, өндірістік немесе ұйымдастыру міндеттерін
шешу үшін оңтайлы (ең жақсы) іріктеу жүргізіледі. Аталған көрсеткіш бұрын
да ТКК (таза келтірілген кіріс) көрсеткішіне көшкенге дейін инвестициялық
жобаларды таңдау кезінде қолданылған.

2. Капес-А ЖШС өндіріс тиімділігін талдау

2.1. Шаруашылық экономикасындағы астық өндірісінің маңызы

Агроөнеркәсіп кешеннің негізгі міндеттері - ауылшаруашылық өндірісінің
тұрақты өсіміне қол жеткізу, елді азық-түлік өнімдерімен және
ауылшаруашылық шикізатымен қамтамасыз ету, жоғары сапалы өнім алу үшін
кешеннің барлық салаларының күштерін біріктіру.
Астық шаруашылығы жұмысшыларының алдына қойылатын ең басты
стратегиялық міндет - өнімнің өндірісін одан әрі ұлғайту. Астық өндірісі -
Қостанай облысы шаруашылығындағы ауылшаруашылық өндірісінің жетекші саласы.
Оның экономикалық рөлі өндірілген өнімнің маңыздылығы, оны өндірудің
қомақты көлемі бойынша анықталады.
Қостанай облысы күні бүгінге дейін Қазақстандағы астық өндірісі
саласының (негізінен бидай өсіруде) көшбасшы болып табылады. Облыста
шығарылатын бидайдың барлығы дерлік жақсы, жұмсақ сұрыптарға жатады. Одан
алынған ұн жоғары сұрыпты нан өнімдерін дайындауға жұмсалады, ал ұнға
араластырылатын бидайдың бағалы түрлері оның наубайханалық сапасын
арттыра түседі.
Зерттеу нысаны ретінде Әулиекөл ауданындағы Капес-А ЖШС таңдау
шаруашылықтың астық өндірісінде мамандандырылуымен және аталған аймақта
қарапайым болып табылуымен негізделеді. Астық өндірісінің тиімділігін
арттыру мәселесі шаруашылық үшін маңызды болып табылады. Астық өндірісінің
экономикалық тиімділігін талдау жерді пайдалану деңгейін, материалдық және
еңбек ресурстарын бағалауға және өнім өндірісінің көлемін одан әрі көбейту
жолдарын белгілеуге, еңбек өнімділігі мен астық шаруашылығының
пайдалылығын көтеруге мүмкіндік береді.
Аграрлы өндірістің экономикалық тиімділігі өндірістік үдерістің жалпы
нәтижелілігін, қол жеткізген нәтижелер мен өз кезегінде өндірістік
ресурстардың жетілу деңгейін және оларды пайдалану тиімділігін айқындайтын
жанды және заттай еңбек шығындарының арасындағы қатынасты білдіреді. Әрбір
тауар өндірушінің алдында тұрған міндеттерді ойдағыдай шешу тек қана оның
өндірісінің экономикалық тиімділігін арттыру негізінде ғана мүмкін болмақ.
Аграрлы өндірістің экономикалық тимділігін көтерудің объективті қажеттілігі
үнемі қолданылатын факторлардың, сондай-ақ қоғамның экономикалық дамуының
қазіргі кезең ерекшеліктерінің жиынтығы ретінде қарастырылған. Бір жағынан,
аграрлы өндірістің тиімділігін көтеру азық-түлік пен шикізат нарығы
тұтынушыларының ұдайы өсуімен, өнім сапасына қойылатын талаптың күшеюімен,
өндірістік ресурстардың кейбір түрлері бойынша үстелудің шектелуімен,
өндірістік факторлар құнының өзгеруімен және т.б. түсіндіріледі. Екінші
жағынан қоғамның қазіргі даму кезеңінде аграрлы өндірістің экономикалық
тиімділігін көтеру мүмкіндіктері кеңейіп келеді. Жинақталған экономикалық
әлеует, ғылым мен техниканың дамуы, тауар өндірушілердің белсенділігі,
олардың тәжірибесі, сондай-ақ нарықтық қатынастар жағдайындағы
мүдделіліктің артуы өсімдік шаруашылығы өндірісінің өнімдерін арттыруға,
шығындарды азайтып, пайдалылықты арттыруға мүмкіндік береді.
Аграрлы өндірістің экономикалық тиімділігі туралы мәселе қаралған
кезде нәтиже және тиімділік ұғымдарының мағынасы бірдей емес екенін
ескеру қажет. Кез келген өндіріс нәтижесінің нысаны ретінде мейлінше жалпы
түрде оның қызметі - яғни, өндірістің мақсаты іске асырылатын соңғы
нәтижесі алынады, өйткені, бір жағынан, оның құрамына белгіленген кезеңде
өндірістік ресурстар қызметінің жиынтық материалдық нәтижесі, екінші
жағынан, өндірістің соңғы мақсаты тек тікелей өндірістік материалдық
құндылықтар көлемінде ғана жүзеге асыруы мүмкін.
Алайда, нәтиже қанша маңызды болғанмен, ол өнімнің қандай ресурстар
(шығындар) бағасымен алынғанын көрсете алмайтын болғандықтан, өз бетінше
тауар өндірушінің еңбек қызметін жеткілікті түрде сипаттай алмайды.
Бұдан байқағанымыз, бір абсолютті шама - нәтижені білумен қатар,
екніші абсолютті шама - аграрлы өндірістің қолданылған немесе тұтынылған
реурстарын да білудің маңызы өте зор. Экономикалық нәтиженің сол нәтижені
шарттастыратын реурстарға қатынасы және керісінше, ресурстардың
(шығындардың) алынған экономикалық нәтиже шамасына қатынасы аграрлы
өндірістің экономикалық тиімділігіне сипаттама береді:

Экономикалық нәтиже
ресурстар (шығындар)
= ---------------------- немесе --
--------------------------
тиімділік ресурстар (шығындар)
нәтиже

Шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайында өндірісті қарқындату
үдерісінде жүзеге асырылатын әр түрлі шаруашылық іс-шараларының
экономикалық маңыздылығын анықтау өте маңызды болып табылады. Мұндай іс-
шаралардың қатарына егіс алаңдарының әр түрлі құрылымдарының,
ауылшаруашылық дақылдарының жаңа сұрыптарының, прогрессивті технологиялар
мен жекелеген агротехникалық іс-шаралардың тиімділігі жатқызылады.
Алайда саланы қарқындатуға және индустрияландыруға байланысты
энергиялық қуаты мен өскелең өндірімділігімен ерекшеленетін машиналар мен
мамандандырылған техникалардың мөлшері өсіп, ғылымның жаңа жетістіктері
қолданылатындықтан, астық өндірісінің шығындары да өсе түседі. Бір сөзбен
айтқанда, саланы сапалы түрде қайта құру қосымша шығындарды талап етеді.
Сондықтан да аграрлық тауар өндірушілердің маңызды міндеті астық
өндірісінің тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру болып табылады.
Өсімдік шаруашылығының жетекші саласы, әдетте, астық өндірісі болып
табылады. А.В. Бергердің, И.Я. Петренконың, С.Б. Исмуратовтың пікіріне
сүйенсек, астық өндірудің жалпы пайдасының факторлары өте көп.
Өнім өндірудің пайдалылығын арттырудың ең маңызды факторы мен жолы
дәнді дақылдардың өнімділігін одан әрі арттыру болып табылады. Астық
өндірісінің салыстырмалы түрде бірдей жағдайларындағы шаруашылықтар
арасындағы өнімділік деңгейіндегі елеулі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық тиімділік көрсеткіштері
Орман шаруашылығының экономикалық тиімділіктері
Кәсіпорын қызметін экономикалық талдаудың әдіснамасы мен техникасын, өндірістің тиімділігін арттыру жолдарын игеру
Өндірістік кәсіпорынның өзіндік құнын төмендету және пайданы көтеру жолдары
Кәсіпорынның пайдасы мен пайдалылығы көрсеткіштерінің жүйесі
Қазақстан Республикасында өлшеу бірегейлігін ұйымдастыру қамтамасыз ету жүйесі
Шаруашылық субъектісінің қаржы жағдайын талдау мазмұны мен әдістері
Өндірістік айналым қорлары
Кәсіпорынның даму жоспарының негізгі бөлімдері мен көрсеткіштері
«Өндірістік экономика және менеджмент» пәні бойынша дәрістер жинағы
Пәндер