Психологиялық тұрғыдан мұғалім мен оқушы арасындағы қары - қатынас
Қазақстан Республикасы білім және ғылым минстрлігі
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
Педагогика және психология кафедрасы
Тақырыбы:
МҰҒАЛІМ МЕН ОҚУШЫНЫҢ АРАСЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ ОРНЫҚТЫРУ
Орындаған: И-11 тобының студенті Налибаев Н.М.
Тексерген: Бижанова Ғ.Қ.
Арқалық, 2010
Жоспар:
Кіріспе
І. МҰҒАЛІМ МЕН ОҚУШЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
1.1. Психологиялық тұрғыдан мұғалім мен оқушы арасындағы қары-қатынас
1.2. Қарым-қатынас барысында кездесетін осы және өзге де қиындыктарды
жоюдың жолдары
ІІ. МҰҒАЛІМ МЕН ОҚУШЫНЫҢ АРАСЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ ОРНЫҚТЫРУ
2.1. Ғалымдардың мұғалімнің оқушымен арасындағы қатынастардың дауы жайлы
ойлары
2.2. Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасқа кері әсер ететін
факторлар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қарым-қатынас мәселесі бұл әлеуметтік психологияның негізгі
проблемалары. Бірақ қарым-қатынас проблемасымен тек психологтар, педагогтар
айналысып қана қоймайды, оны философтар, социологтар, политологтар да жан-
жақты зерттеуде.
Шығыс елдерінде қарым-қатынас шешендік өнер яғни, риторика бағытында
кеңінен қолданылды.
Психологиялық тұрғыда қарым-қатынас күрделі, жан-жақты процесс
болғандықтан, ол үш аспектіде (коммуникативтік, интерактивтік және
перцептивтік) қарастырылады. Аталмыш үш аспектінің мазмұны адамдардың бір-
бірін тануы, араласуы және хабар беріп, хабар алмасуы. Олай болса, біз
өзіміздің шағын мақаламызда өз тәжірибемізді пайдалана отырып,
педагогикалық қарым-қатынастың психологиялық жағын сөз етпекпіз.
Педагогикалық қарым-қатынас барлық білім беру жүйелеріне қатысты
мекемелерде болатын қарым-қатынастың ерекше түрі. Білім берудің қай
сатысында болмасын мұғалім оқушымен, оқушы мұғаліммен тікелей және кері
қарым-қатынаста болады. Өйткені оқыту мен білім беру үрдісінде мұғалім
үйретуші, бағыттаушы, басқарушы, тәрбиелеуші, т.б. рөлді атқарса, оқушы -
білімді алушы, қабылдаушы, іс-әрекетке араласушы болып қарым-қатынасқа
түседі. Сондықтан да, педагогикалық қарым-қатынастың негізгі құралы — сөз.
Мектеп оқушыларымен жұмыс істейтін мұғалімдер вербальді (сөз) және
вербальді емес (ым не ишара) қарым-қатынастың түрін пайдаланады. Қарым-
қатынастың қай түрі болмасын, ол мұғалімнің шеберлігіне, тәжірибесіне
байланысты деп айтамыз. Психологтар педагогикалық қарым-қатынастың нәтижесі
мұғалімнің баланы біліп тануына және әр баламен диалогқа түсуіне байланысты
деген. Әрине, қанша тәжірибелі мұғалім болса да, балалармен қарым-қатынас
жасау, әр баланы білу, оларды тану, әр баланы іс-әрекетке кірістіру, оларды
сөйлеттіру мұғалімдерге оңай жұмыс емес.
Тәжірибеге және өзіміз жүргізген психологиялық зерттеулерімізге
сүйенсек, жалпы оқушылармен қарым-катынасқа түсіп жүрген мектеп
мұғалімдерді екі топқа (балалармен қарым-қатынас жасауы оңай және
балалармен қарым-қатынас орнатуы қиын) белуге болады.
Бірінші топтағы мұғалімдер қай жастағы оқушылармен болмасын қарым-
қатынасқа оңай түседі. Оның себептері:
- өз сыныбындағы әр баланың психологиясын өте жақсы білуінде;
- баланың ішкі жан дүниесін оятатындай жылы сөздер айтуында;
-мұғалімнің этикасы мен психологиясының дұрыс қалыптасуында;
- мұғалім сөзінің тәртіптілігінде, жүйелігінде, анықтығында,
нақтылығында;
- оқу-тәрбие үрдісінде мұғалімнің бірнеше қарым-қатынастың түрлерін
пайдалана білуінде.
Екінші топ мұғалімдерінің оқушылармен қарым-қатынасқа түсуі қиын. Оның
себептері бірінші топта керсетілген себептерге қарама-қарсы. Дегенмен,
біздің пікірімізше, кейбір мұғалімдердің әр жастағы оқушылармен қарым-
қатынасқа түсе алмауының және оқушымен қарым- қатынастарының өте қиын болу
себептері:
- авторитарлық стильді пайдалануында;
- балаларға салқындық танытуы;
- балаларды әлеуметтік жағынан бөлуі;
- балалардың іс-әрекетін, ойын, сөзін әділ бағаламауы;
- бала бойынан үнемі кемшіліктер іздеуі, оны жариялауы дер едік.
Әлеуметтік психология ғылымында Мұғалім -оқушы, Оқушы - мұғалім және
Балалардың өзара қарым-қатынасы және қарым-қатынас барысында болатын
қиындықтар біршама зерттелінген. Қарым-қатынас қиындықтары эмоциональдық,
когнитивтік бағытта жиі кездеседі.
Оқушылармен дұрыс қарым-қатынас жасауда кедергі келтіретін аталмыш
қиындықтардың пайда болуының өзіндік себептері бар. Сондай негізгі
себептердің бірі:
1. Қазіргі балалардың кепшілігі акселераттар. Психикасы тез дамыған
балалар сұрақ қойғыш, тез қозғалғыш, бәрін білгісі келіп қарым-қатынасқа
тез түсіп отырады. Бұндай топтың балаларын кейбір мұғалімдер тежейтіні
жасырын емес. Мысалы, Тыныш отыр, Немене бәрін білесің бе?, Сен
қашаннан бері білетін болдың?, Әуелі өзіңді түзетіп ал, сосын айтарсың,
т.б. педагогикаға жатпайтын сөздер айтылады.
2. Оқу үрдісінде кейбір мұғалімдер тек өздері сөйлеуді ұнататындығы
жасырын емес.
Өйткені, уақытты пайдаланам деп тек мұғалім өзі сөйлеп, баланың
айтатын сөзіне кедергі келтіріп оның ойымен, пікірімен санаспайды. Яғни,
оқу үрдісінде кейде диалогтық жоқ екені де жасырын емес.
3. Оқушылардың іс-әрекеттерін әділ бағаламау жиі кездесетін құбылыс.
Осының негізінде қарым-қатынас барысында мұғалім мен оқушы арасында дау-
жанжал болып жатады.
Қарым-қатынас барысында кездесетін осы және өзге де қиындыктарды
жоюдың бірден-бір жолы:
- әр жастағы оқушылардың өзіне тән психикалық ерекшеліктерін ескере
отырып, қарым-қатынас орнату;
- мұғалім өзінің жағымсыз көңіл-күйінің болмауын қадағалау;
- қарым-қатынаста педагогикаға жат сөздер айтпау;
- бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау;
- қарым-қатынаста дау-жанжалға жол бермеу;
- сұхбаттасуда жеке оқушының пікірін сыйлау;
- қиын, қыңыр, қырсық оқушылармен жеке дара қарым-қатынас орнатып, олармен
тіл табысу. Оның бірден-бір жолы психологиялық ойындар, тренингтер, т.б
- қарым-қатынаста мұғалім оқушыға, оқушы мұғалімге сену;
- қарым-қатынас сезімдік, танымдық, іскерлік болу.
Қарым-қатынаста кездесетін қиыншылықтарды осы және өзге де жолдар
арқылы жеңе отырып, мұғалім қарым-қатынастың үш функциясын орындайды.
1. Мұғалім қарым-қатынаста оқушыны әрі индивид, әрі жеке тұлға ретінде
дамыту (психологиялық).
2. Оқушыны әлеуметтік ортаның, қоғамның мүшесі ретінде
тәрбиелеу (әлеуметтік).
3. Қарым-қатынас тек адамдар арасында ғана емес, ол қоршаған
дүниемен, табиғатпен байланысты екенін оқушының санасына ұқтыру
(инстументалды).
Әрине, бір мақала төңірегінде қарым-қатынас проблемасын толық шештік
деп айтудан аулақпыз. Біз өз тәжірибеміз арқылы қарым-қатынастың кейбір
психологиялық жақтарын ашуға тырыстык. Әрине, педагогикалық қарым-қатынас
мәселесі қанша зерттелсе де, ол оқу-тәрбие үрдісінде өзекті мәселелердің
бірі. Өйткені, оқу-тәрбие үрдісінің сапасы педагогикалық қарым-қатынастың
дұрыс ұйымдастырылып жүргізілуіне байланысты дер едік.
өскелең ұрпақтың интеллектуалдық, білімдік, жеке тұлғалық қабілеттерін
жетілдіре түсуді талап етуде. Сондықтан қазіргі кезде орта білім беретін
мектептердің әдістемелеріне түрлі жаңа технологиялар мен әдіс – тәсілдер
көптеп енгізіліп жатыр. Сол себепті қазіргі оқыту үрдісі репродуктивті
әдіспен шектеліп қана қалмай, яғни, мұғалім мен оқушы арасындағы қатынас
тұлға – тұлға күйінде өзара сыйласымдылыққа, сенімділікке негізделген.
Мұнда оқушы оқыту үрдісінде тек дәлелденген, қатвп қалған білімдерді ғана
игермей, өзіндік мақсатты іс- әрекеттер жасай алатын болуы қажет. Өйткені,
бұл оқыту үрдісі оқушыға бағытталған. Демек, оқушының бойында қалыптасқан
дағды мен біліктерінің, меңгерген білімдерінің қай деңгейде қалыптасқанына
қарай оқыту үрдісінің нәтижелігі шығады. Бұл тұрғыдан алғанда қазақ тілін
оқыту әдістемесінің негізін қалаған Ыбырай Алтынсариннің пайымдауы бүгінге
дейін өзқ құнын жоймағаны байқалады. Мәселен, мына айтқандары соған дәлел:
Мұғалімнің жұмысы – балалар. Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса,
онда оқытушы оларды көкейне қондыра алмағаны үшін өзін-өзі кінәлауға тиіс.
Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлесуі, шыдамдылық етуі
керек, әрбір нәтижені ықыласпен түсінікті етіп, түсіндіруі керек, мәнерсіз
сөз, орынсыз терминдерді пайдаланбау керек .
Мұғалімнің оқушыға сапалы білім беру дәрежесі сабақты ұйымдастыру
жолдарын білумен тікелей байланысты. Күнделікті бір сарынды, бір ғана
әдіспен өтілген сабақта оқушылардың пәнге деген қызығуын кемітіп, білімді
игеру қабілеттерін төмендетеді. Сондықтан әрбір сабақта оқушыларды
қызықтыратын, сабақта белсенділігін арттыратын түрлі әдіс-тәсілдерді
пайдалану ұтымды. Әсіресе, қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды
пайдалану өте-мөте қажет. Ол оқушылардың сабаққа деген құлшынысын тұғызады.
Бұл жерде мұғалім әрбір сабақта дидактикалық ойындарды жаттығуларға,
тақырыпқа байланыстырып кірістіруі, оларды өзара біріктіруі тиіс. Бұл –
дидактикалық ойындар арқылы оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруді
жетілдірудің негізгі бағыты.
Оқушылардың әлеуметтік дағдылары мен пәнге қатысына ықпал ететін
фактордың бірі пән мұғалімінің балалармен тіл табыса білу қабілеті болып
саналады. Себебі мұғалімнің жеке басының қасиеті оқушының пәнге деген
қатынасына елеулі әсер етеді. Жасөспірімдер үшін мүғалімнің рухани дүниесі,
өздеріне деген көзқарасы маңызды рөл атқарады.
М.М.Рыбакова жасөспірімдер мен мұғалімнің өзара қарым-қатынасының бес
түрін саралайды:
1. диктаттық қатынас - қатаң тәртіппен ресми қарым-қатынас негізінде
білімге ерекше талап қою;
2. нейтралды қатынас - оқушылармен интеллектуалдық-танымдық деңгейде
еркін қатынас жасау, мұғалімнің өз пәніне ерекше ден қоюы, қабілеттілік:
3. қамқорлық қатынас - мезі етерліктей тым өбектеу, оқушының өзіндік
әрекетіне шошына қарау, ата-аналармен үнемі байланысын үзбеу;
4. конфронтациялық қатынас - оқушыларды іштей жек көру, жұмысқа
қанағаттанбау, менсінбеушілік үнмен сөйлесу;
5. ынтымақтастық қатынас- — барлық істі бірлесе жүргізу, бір-біріне
қамқорлық жасау, оптимизм және өзара сеніммен қарым-қатынас жасау.
Соңғы жылдары байқалып жүрген жағдай мектептерде мұғалім мен
оқушылардың арасында осы қатынас түрлерінің ішіндегі диктаттық қатынас пен
нейтралды қатынасты жиірек кездестіреміз. Қазіргі қоғам мұғалімнің оқушыға
өз әрекетінің субъектісі деп қарау қажеттігін талап еткенімен, мұғалімдер
де соған жетуді көздегенімен, нақты оқу үрдісінде оның толық жүзеге аса
бермейтіні жиі байқалуда.
Біз әңгімелескен оқытушылардың барлығы да конфронтациялық қатынасқа
қарсылықтарын білдірді (100 %), бірақ оның кейде бой көрсетіп қалатынын да
жасырмады. Ал, диктаттық қатынасты жақтаушылар (мұғалімдердің 12-15%) қатаң
талаптың қазіргі қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік жағдайларға байланысты
қажеттігін алға тартады. Атап айтқанда. "мұғалім беделінің төмендеуі
салдарынан оқушылар арасында дұрыс көзқарас қалыптаспайды, сондықтан оларды
тек қатаң тәртіпке бағындыру керек, көп жағдайда сабақты тиянақты жүргізу
мүмкін болмай, оқушылар ауа жайылып кетеді де, (мектептердің жылуға
байланысты жабылып қалуы салдарынан), қатаң талап қоймаса, оқуға ынтасы
болмай қалады, балалар әлі де өзін-өзі игеруге дайын емес, сондықтан олар
еркін қарым-қатынастың мәнін түсінбейді, шулап, сабақтың өтуіне мүмкіндік
бермейді, сондықтан қатаң талап қажеттігін айтады. Енді бірі сыныптағы
балалар санының (30-дан кем болмаған жағдайда) тым көптігінен оларды игеру
мүмкін емес дейді. Ал, қамқорлық қатынасқа мектепке келген жас
мұғалімдердің жақындау болуы заңды да. Өйткені олар әлі де өз мамандығын
қыр-сырын жіті білмегендіктен, әр нәрсені де, әсіресе, оқушылардың
еркіндігін де тәртіпсіздікке балайды. Баланың мектептегі әр ісіне өзін
түгелдей жауаптымын деп есептеп, олардың өсіп келе жатқан жеке тұлға екенін
ұмытып кетеді. Ал. мұндай қатынас жан-жағына, оның ішінде мұғалімдерге, сын
көзімен қарайтын жасөспірімдердің намысына тиіп, өзінің есейгендігін
дәлелдеуге ұмтылдыруы сөзсіз. Немесе, керісінше, олардың кейбірінің өзіне
деген сенімін жоғалтып, бұйығыландыруы да ықтимал. Қалай болғанда да,
мұғалім сабаққа дайындықты пәні бойынша өтілетін теориялық тақырыпты қалай
меңгерту, қандай көрнекілік пайдаланамын, оқытуды әйтеуір бағдарламадан
қалмау дсп түсінбей, оқушының білімімен қатар ақыл-ойын, адамгершілік
қасиетін, жеке тұлға ретіндегі өзара қарым-қатынасын қалай қалыптастырамын
деген мәселені де жүзеге асырудың жолдарын іздестіру деп түсінуі қажет.
Өйткені психологтардың айтуынша, мұғалім мен оқушының өзара тіл табысуға
ұмтылуы тек оқушының өсуіне ғана емес, мұғалімнің де маман ретінде өмір
тәжірибесінің шыңдалуына, мамандығының қыр-сырына терең бойлауына мүмкіндік
туғызады. Оқушының оқуға болсын, достарымен қарым-қатынасына болсын, қандай
мотивтердің түрткі болғандығын шын мәнінде ажырата білудің ең қажетті шарты
да осы өзара қарым-қатынаска тәуелді. Мұғалім оқушының әрекетін тек сырттай
бақылап қоймай, олармен қоян-қолтық араласа алғанда ғана баланы жақыннан
таниды. Әрине, баламен ортақ тіл табысу үшін мамандардың бала психологиясы,
олардың әр сатыдағы ерекшеліктері жөнінде теориялық білімі болуы керектігі
даусыз. Сол білімді тәжірибеде қолдану тек сол өзара қарым-қатынас
негізінде жүзеге асады. Көп жағдайда мектептегі. әсіресе, жасөспірімдер
арасындағы ''қиын балалардың қаулап" кетуі - мұғалімнің бұл мәселенің түпкі
себебін, олардың жас ерекшеліктерін жете білмеуінің салдарынан болатын
құбылыс. Жасыратыны жоқ, мұғалімдердің алдындағы шәкіртінің көбінде өзі
орнатқан тәртіп пен талапқа көне бермеуін оның "үлкенді сыйлауды
білмегендігінен", "отбасындағы тәрбиесінен" көріп жатуы жиі көрініс табады.
Және ондай балаларды сынап-мінеу немесе оған мүлде назар аудармау фактілері
де ұшырасады. Ал мұндай қатынастың әсері оқуға ынтаның болмауына, еріксіз,
ата-анасының қаһарынан қорқып қана сыныпта отыруға мәжбүр ететін себепке
тіреледі. Бірақ мұғалімдер көбінде оқушыға беретін үстірт бағасы арқылы
өзінің де оқушы тарапынан бағаланып жататынын ескермейді. Кейбір жағдайда
оқушыны дәрменсіз, өзіне бағынышты деп қарап, оған мән бермеуге тырысады.
Балалар ондай қатал мұғалімге "ұрысқақ, айғайшыл. сондықтан, сабағы
ұнамайды" деп бір-ақ кесіп пікір айтады. Сөйтіп, ол оқушыдан алыстап қана
қоймайды, оның өз пәніне деген кері қатынасын тудырады. Жеке басының
әлсіздігі нәтижесінде бала бойындағы сенімге де өлшеусіз қиянат жасайды.
Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасқа кері әсер ететін фактордың
бірі - оқушыларды әлеуметтік жағдайларына қарай алалап бөлу. Ата-анасының
қызмет дәрежесіне қарап бір сыныптағы балалармен әр түрлі қатынас жасау -
соңғы кезде белең алып бара жаткан жағымсыз құбылыс. "Мықтының" баласына
аузын ашса-ақ жоғары баға қоя салатын мұғалім, жағдайы төмен отбасы
баласына біліміне қарамай сараңдық жасауы бала психологиясына қатты соққы
болатынын естен шығарады, пенделікке бой алдырады. Егер сол баланың бұрын
оқу үлгерімінің жоғары болғанын, неге енді құлдырап бара жатқанын сұраған
адамға, ондай мұғалімнің берер жауабы қашанда дайын: "Қойшының баласы
қойшы, тойшының баласы тойшы болады" деп пәлсапа айтудан танбайды.
Өз мамандығын сүйетін, оны жетік меңгерген мұғалімдердің қайсысының да
тәжірибесіне талдау жасағанда сол жетістіктің негізгі кілті - балаларды
сыйлау, олармен санасу, әр шәкіртін субъект деп тану арқылы туған
түсінісуде екеніп көруге болар еді. Оқушы мен мұғалім арасындағы нәзік
байланыс тек мәдени биік деңгейдегі қарым-қатынастан туары сөзсіз.
"Қарым-қатынас жасау мұның өзі бірлескен творчествоның бірлесе
ойлаудың, әріптестіктің сабағы, әлдекімнің ырқына берілмей, ойын еркін айта
алатын және айтуға тиіс еркіндік сабағы... өйткені позициясы айқын білім
арқылы қарым-қатынас жасау және қарым-қатынас арқылы білім алу керек. Ол
оқушыға өз қарқынын, өз жолын және өз мүмкіндіктерінің потенциалын табуға
құқысын береді де оны творчество адамы тәрбиелейтін рухани праволық
сабағына қайтарады. Өзара қарым-қатынас ынтымақтастық тудырады. ал
"ынтымақтастықта бала күштірек әрі ақылдырақ болып, ол өзі шеше алатын
интеллектуалъды қиындықтар деңгейі жөнінен биікке көтеріледі".
Оқушылардың оқу мотивтерінің қалыптасуы туралы мәселелерді әр қырынан
қарастырып зерделеген ғалым А.К.Маркованың пікіріне сүйене отырып жасалған
тұжырым бойынша бұл тұрғыдағы зерттеу жұмысын жүргізіп отыратын мұғалімнің
оқушымен арасындағы адамгершілік қатынастарында мынадай талаптар ескерілуге
тиісті:
Біріншіден, оқушыларды іріктеп бөлу емес, сабақ үстінде байқалған
жағымсыз әрекеттерді болдырмау үшін олардың психологиялық даму процесін
бақылай отырып тиісті жұмыстар жүргізу шараларын анықтау;
Екіншіден, әр баланың психикалық ерекшелігін зертегенде оны өзгемен
емес, өзімен-өзін, яғни бұрынғы қалпымен бүгінге дейін қалпын салыстырып
отыруға көңіл бөлу.
Үшіншіден,сырттай қарағанда бірдей көрінетін құбылыстардың ішкі
себептерін анықтауға ұмтылу. Мысалы, сабаққа құлқы жоқ балалардың
оқымауының әр түрлі себептері болады: бірі –оқу іскерлігінің қалыптаспауына
болса, екіншісі -өзінің оқудағы мақсаты не екенін білмейді, үшіншісі –тіпті
бала белсенділігінің астарында мақтангершілік, тек баға алу ниеті жатуы да
мүмкін. Ал жауап беруде өзіне-өзі сын көзімен қарап, жоғары талап қоятын,
көзге көп түсуге ұмтылмайтын ұстамдылықтың әсерінен белсенділік таныта
қоймайтын баланың психологиялық ерекшеліктерінің аражігін ажырата білу
талабы да көп мәнге ие.
Төртіншіден, оқушының мотивациясын жете тану үшін мұғалімнің жеке
басының қасиеттері де үлгілі, өзгелерді құрметтеу сезімі жоғары мақсатқа
жету жолында табанды болумен қатар психологиялық тұрғыдан сауатты,
педагогикалық психология мен балалардың жас ерекшеліктерін мейлінше терең
білетін, соған сай қажетті әдістерді қолдана алатын бірікті маман ретінде
де танылуы жұмыс нәтижелілігін өсіретін алғы шартының бірі ғана емес,
бірегейі.
Бесіншіден, мотив қалыптастыру мұғалімнің дайын міндеттер мен
мақсаттарды оқушысының басына көшіруі емес, ол оқушының белсенділігін
туғызатындай жағдайлар жасау, оқуға деген ұмтылысын оятатын ішкі қозғаушы
тетіктерді жандандыру, оқушының сенім –тәжірибесі мен мотивациялық даму
деңгейіне сай келетін жұмыс түрлерін іріктеу, оларды оқушылардың сапалы
орындалуына мүмкіндік туғызу.
Осындай талаптар ескерілген жағдайда мұғалім балалардың да қайта
бірігуіне, бірін –бірі тануына мүмкіндік бере алады. Ал, бір сыныптағы
балаларды өзара қарым-қатынас жасауға үйретудің ең тиімділігі сол әр
баланың өз мүмкіндігін тануына жағдай жасалады. Ұжымдық оқыту нәтижесінде
оқушылардың рефлексивтік дағдылары дамытылады. Ал рефлексияны философтар
да, психологтар да адамның өздігінен дамуының ең негізгі құралы, адам
санасының маңызды ерекшеліктерінің барымен санайды.
Ұзақ уақыт бойы педагогикалық әдебиеттер мұғалім (педагогикалық процесс
оқу және окудан тыс жұмыстың бірлігі ретіндекдралған жағдайда) тәрбие
мақсаты оның оқушылармен бірлескен іс-әрекетінің нәтижесі болғанда не істеу
керек деген сұраққа анық жауап бере алмады. Бұған Н.К. Крупская, А.С.
Макаренко еңбектерінде кейбір нұсқаулар бар, бірақ олар негізінен
оқушылардың оқудан тыс іс-әрекетіндегі тәрбие жұмысына ғана катысты. Бұндай
бағыттар одан әрі бірқатар ғалымдардың (30-ы жылдары А.М. Пистрак, А.М.
Пинкевич, С.Т. Шацкий) еңбектерінде және біраз кейінде (Конникова Т.Е.)
дамыды.
Назар аударатын бір жағдай, барлық авторлар окушылар коллек-тивтерінің
роліне үлкен маңыз берген, бірақта оқушылар коллективінің мүмкіншілігі тек
қана окудан тыс уақыттағм төрбие жүмыс-тарында қолдануы қарастырьшады.
Әрине, бұндай тәсіл коллективтік қатынастардың ерекшелігін тек кдна әртүрлі
окудан тыс іс-әрекеттері түрлерінде ескеруге мүмкіндік береді, ал негізіне
оқушылардың жетекші іс-әрекеті оку еңбегі шетте калды.
Кезінде А.С. Макаренко тұлғаның кемшілігі оның қоғамдағы
қатынастарындағы кемшіліктерімен байланысты деп көрсеткен. Бұндай кортынды
кездейсоқ еместігін, егер адам коғамдық қатынастардың жиынтығы (К. Маркс)
екендігін есімізде болса. Демек, педагогикалық процестің негізі тәрбиелеуші
тетіктерін окушылардың өздеріне төн барлык іс-әрекеттері барысында қалыптас
қан катынастар жазыкгығынан іздеу керек.
Мектеп педагогикалық процесс жүйесінде және оған қатысты отбасы
педагогикалық процесінде оқушы үш адамдар категориясымен катынасқа түседі
(ата-аналар, ұстаздар, оқу және оқудан тыс әрекеттегі оның жолдастары).
Бірақта оқушылардың ата-аналарымен қатынасында жүзеге асатын бірінші
тәрбиелеуші тетік отбасы педагогикалық процесінен басталады, әрине, ол
мектеп педагогикалық процесімен тығыз байланысты. Жалпы білім беретін
мектептің педагогикалық процесінде баска да екі мұғалімдердің оқушылармен
және оқушылардың өзарасындағы катынастарда маңызды. Сондықтан да жалпы
білім беретін мектеп педагогикалық процеске катысты екі бір-бірімен өзара
әрекет болатын және өзара бір-бірін толықтыратын тәрбиелеуші тетіктерді
айтқан жөн.
Мұғалім мынаны білгені жөн, егер бастауыш кластарда ұстаздың окушыға
катынасының маңыздылығы басым болса, өскен сайын оқушының өз құрдастарымен
қатынасының (2 тақырып, зандылықтарды қараңыз). яғни оқушы сол
коллективтегі қатынастапдың маңыздылығы арта түседі (А.В. Киричуктың
деректері). Бірақ белгілі бір жас кезеңінде үш қатынастың біреуінің маңызы
зор деп есептеу әділетсіз. Мысалы, үлкен қоғамдық мүдделі жеткілікті
деңгейдегі рухани байлығы бар отбасы өзінің тәрбиелік ықпалы тек қана
мектепке дейінгі жас кезінде ған емес өмір жолын өздігінен бастағалы тұрған
бозбала, жас жігіт кезінде де сақталынады. Есте қаларлығы, бұндай отбасында
баланың катынас аумағын кеңейте түсуге деген тұракты ұмтылыс бар, бұл
баланы жеке тар мүдде шегінен шығады. Яғни, біз отбасының ұстаздар және
окушылармен катынастарына ықпал етуге деген ұмтылушылығын көреміз.
Егер көрсетілген суреттеме барлық отбасына тән еместігін ескерсек, онда
басым көпшілік оқушыларға мүғалімнің ұйымдастырылған окушының ұстаздармен
жөне олардың бір-бірімен өзара катынастарының маңыздылығы арта түседі. Егер
мұғалім бұндай жұмыстың кажеттілігін түсінбесе, оқушылар катынастарын
калыптастыру жалпы стихиялы сипат алады (А.В. Мудрик).
Осы тақырыпты түсінуде баса көрсететін бір маңызды жағдай: ол ұзақ
уакыт бойы педагогикалық әдебиетгерде (Ф.Н. Гоноболин, Н.А. Петров,И,В.
Страхов) мұғалім мен оқушының өзара қатынастарыньщ тәрбиелік әсері ұстаз
тұлғасының тәрбиеленушілерге ықпалы ретінде қарастырылуында. Бірақ мәселені
көрсетілген кеңістікте карастырылуы сөзсіз жеке өзара катынастарға әкеледі.
Шындығында жеке өзара мұғалімнің оқушылармен қатынасы әрқашанда бірлескен
іс-әрекет барысында қалыптасатын катынастан кейін екінші болады. (М.П.
Шульц). Демек, мұғалім өзара мұғаліммен окушының қатынасы олардың іскерлік
ынтымақгастығы сипатына байланысты екенін білуі керек. Баса көрсететін бір
жағдай, бұндай тәсіл бойына әдеттен тыс маңызды болатын ұстаздың нені
мақсат етіп коятыны байланысты. Мысалы бұл ынтымақтастыкгың мәнін, ол калай
түсінеді.
Алдынғы қатарлы мұғалімдердің педагогикалық теориясы мен практикасы
мұғалімнің окушылармен іскерлік ынтымақтастығында, окушыларға іс-әрекет
тәсілдерін оқытуда оларға еркіндік берумен тактикалық көмектесу арасында
өте нәзік тепе-тендік болуы керектігін дәлелдеді.
Жалпы білім беретін ІІедагогикалық процестің екінші тәрбиелеуші
тетіктің маңыздылығы біріншіден артық болмаса кем емес. Бұл окушылардың
өзара қарым-катынастары.
Өзінің жеке тәжірбиесі негізінде жасалған А.С. Макаренконың қортындысы
оку еңбегін колдану негізінде (М.Д. Виноградова, Н.С. Детникова, И.Б.
Первин); өнімді еңбек (А.А. Пермяков); ерікті катынас (А.В. Мудрик) сияқты
бірқатар эксперименталдық зерттеулерде толығымен дәледенеді. Баса
көрсететін бір жағдай бұл зерттеулер (жетекші - Новикова Л.И.) окушылардың
коллективтік катынастар жүйесіне енуі педагогикалық килігуді, педагогикалық
түзетулерді талап етеді.
Бізге өте маңызды болып көрінетін бұл қортындылар Т.Е. Конникова және
т.б. коллективте тұлғаны калыптастыру мәселесіне арналған зерттеулердің
қортындыларымен ұштасады. Зерттеушілер адамдардың коллективтік іс-
әрекеттердің деңгейі жоғары болған сайын (сонымен қатар балалардың сабағы
коллективтік танымдық іс-әрекеттері), ұстаз әрбір окушы тұлғасының жан-
жақгы дамуына әсер ету мүмкіншілігі кеңейе түсетіндігін сенімді керсетіп
берді.
Оқушылардың бір-бірімен өзара әрекеттеріне байланысты тәрбие
тетіктерінің мәнін талдау, бұл тетікге бірінші сияқты (ұстаз бен
оқушылардың өзара қатынастары) сәтті іс-әрекет болғанда ғана пайда болады
және әрекетке кслтіріледі, сонда ғана іскерлік ынтымақгастық пен өзара
жауапкершілік катынастарды калыптастыруға алғы шарттар жасалынады. Сонымен
бірінші және екінші тәрбиелеуші тетіктер арасында жалпы белгілі бір
ортақтык, іс-әрекет және оның түрі анықталады (қоғамдық мәнді мақсатка
сөзсіз байланысты іс-әрекет, демек міндетті түрде коллективтік). Егер
балалар коллективін қалыптастыру үшін (ал бұл тәрбиенің негізгі қүралы)
ұстаз балалардың әртүрлі іс-әрекетінің тұрлерін айнала қоршаған ортамен
белсенді өзара өрекеттері арқылы ұйымдастыра алса (ерікті қатынас, ойын,
еңбек, табиғат, өнердегі іс-әрекет), онда оған коллектив іс- әрекетін
ұйымдастырудың барлық жағдайында балалардың бір-бірімен өзара катынасын
сауатты реттеп отыруы керек. Барлық жоғарыда айтылғандар негізінде мынадай
қортынды жасауға болады:
- қатынас жаңа тұлғалар арасындағы әртүрлі іс-әрекет түрлеріндегі
катынастарға әсер ету деңгейі жағынан бесаспап болады;
- ұстаз үшін окушы және ата-аналармен кәсіби сауатты катынас -
міндетті кұрал—саймандар болады;
- оқушылар тұлғасының сәтті дамуы мен калыптасуына сәттілікке жету
үшін:
Біріншіден, біртұтас педагогикалык процестің субъектілерінің өмір сүру
іс-әрекеті барысында оқу және окудан тыс уақыттарында өзара әрекеттері
болуы керек;
екіншіден, әрбір процесте накгылы жетістіктерге қол жеткізілгенде оку
іс-әрекетімен окудан тыс іс-әрекетте тұлға дамуына тиімді;
үшіншіден, педагогикалық процесс өзіне тән өзгешелікті ол
коллективтілдігі, сондықтанда өзара әрекет барысында субъектілердің пайда
болатын катынастары жағдайында ұстаз үшін тәрбие тетіктерін ретке келтіру
көкейкесті мәселе болады, себебі ол тұлға арасындағы катынастарында барлық
субъектілердің дәрежесін арттырумен байланысты.
Мұғалім мен оқушылар арасында болатын қатынаста педагогикалық
тактінің маңызы зор.
Такті деген сөздің мағынасын дәлме-дәл беретін сөз қазақ тілінде
жоқ. Педагогикалық такті деп біз мұғалімнің тәрбие беру процесінде
балалардың көңіл күйін, жан дүниесін, мінез құбылыстары мен психо-
физиологиялық ерекшеліктерін терең білудің негізінде нақтылы жағдайлардың
талабына сәйкес қолданатын әдіс-тәсілдердің қосындысын айта-мыз.
Педагогикалық такті болмайынша, мұғалім өз пәнін қанша терең
білгенімен, тіпті тәрбие-лік жұмыста алуан түрлі әдіс-тәсілдерді
меңгергенімен, өзінің алдына қойған жас ұрпаққа жан-жақты тәрбие беру
мақсатына жете алмайды.
Мұғалім мен оқушының арасындағы қатынастар алуан түрлі болып келеді.
Сондықтан да мұғалім оқушыға қатынасын оруақытта да өзгертіп отырады.
Бір жағдайда қатаң талап қоюы, екінші бір жағдайда тілек, өтініш
ретінде болып келуі, үшінші бір жағдайда сендіру мен көз жеткізу,
мойындату, төртінші бір жағдайда үгіттеуі, ақыл-кеңес беруі, бесінші бір
жағдайда түсіндіру, жәрдемдесу, қамқорлық жасауы, алтыншы бір жағдайда
ұялту, бетіне басу не үрсу керек болатын жағдайлар кездессе, жетінші бір
жағдайда мақтау, немесе тазалау жұмысына ұласады.
Осындай сан алуан түрлі қатынастарда әруақытта да белгілі бір
педагогикалық тактіні сақтамаса, ойдағыдай нәтижеге жетіп, оқушыға жағымды
әсер етілмеген болар еді. Сон-дықтан педагогикалық тактіні сақтамаса,
ойдағыдай нәтижеге жетіп, оқушыға жағымды әсер етілмеген болар еді.
Сондықтан педагогикалық тактіні меңгеру, оны шебер қолданып отыру — біздің
күнделікті тіршілігіміз. Оны күнбе-күнгі өмірімізде сан алуан түрде
кездесіп отыратынын өмір нақтылы көрсетіп жүр.
Әрбір ұстаз, ең алдымен, сабағының сапасы мен тиімділігін арттыруға
күнбе-күн көңіл аударып, мұғалім педагогикалық тактінің талаптарына қайшы
келмеуге өзіне-өзі қатаң талап қойып, өз жұмысын әрдайым жетілдіріп отыруы
керек.
Бұл үшін мұғалім өне бойы өзін сергек, көңілді ұстауы керек. Класс
ішіне ешуақытта көңілсіздік, ашулы ызғармен кіруге болмайды. Сол сияқты
оқушының ата-анасы, туыста-рымен нашар қарым-қатынасының, өкпе-аразының
есесін оқушыдан қайтаруға әдеттену педагогикалық тактіге жуыспайды. Кейбір
ұстаздар тарапынан шәкірттің ата-анасының қызмет бабына, жекжаттық,
ағайындық, жора-жолдастық қарым-қатынастарына сәйкес оқушыларға қарым-
қатынасты соған бейімдеп қолдану әдеті де кездесіп жүр. Бұл сияқты әдеттен
мүлдем аулақ болу орынды. Өйткені бұл әдет педагогикалық тактіге ешбір
сиыспайды.
Оқушының әдепсіздігіне, тіл алмауына, кейде мұғалімге қарсы келуіне
немесе сыйламау әдетіне өшігіп оқушыдан кек алу, жек көру әдетінен де аулақ
болуымыз керек. Кейбір ұстаздар тарапынан оқушының тәртіпсіздігінің есесін
үлгірім бағасына ауыстыру әдеті де кездесіп қалады. Бұл әдеттің
тиімсіздігі, педагогикалық тактіге қайшы келуін былай қойғанда, оқушыны
өшіктіріп, қырсықтырып, мұғалімге қарсы қоюға, сыйламаушылыққа әкеліп
соқтыратынын аңғармаймыз. Мұғалім, біріншіден, өте әділетті, шыншыл болуы
керек. Екіншіден, ұстаздың сөзі мен ісінде ешқандай айырмашылық, қайшылық
болмауы шарт.
Мұғалім шәкіртіне өте мейірімді, қайырымды, қамқоршы болуы керек. Бұл
жерде Лев Толстойдың: Егер мұғалім өз ісіне сүйіспеншілікті оқушыға
сүйіспеншілікпен біріктіре алса, онда ол — шын мәніндегі мұғалім болғаны,
— деген сөзін әрбір мұғалім есінде сақтағаны жөн.
Мұғалімнің мінезі жайдары, кең пейілді, сабырлы, ашу дегенді
білмейтін, сөзі өте сыпайы, жұмсақ, ешкімнің көңіліне қаяу түсірмейтін
болуы керек. Бұл туралы А. П. Чеховтың: Өзіңді қарапайым жылы лебізіңмен
сыйлата білмесең, құр қаталдықтан түк те шықпайды — деген нақыл сөзін
ескеру біздерге, ұстаздарға, өте лайықты.
Сондай-ақ Ы. Алтынсаниннің Оқушы сабақты білмей қалса, оған ол үшін
ұрыспау керек. Оған сабақты білдіре алмаған кемістікті өзіңнен іздеуің
керек, — деген өсиетін де есте ұстаған артықтық етпейді. Оқушы сабақты
білмей қалған болса, оның себебін анықтау керек. Сол оқушының сабақты
білмеуі, өз кінәсінен бе, ата-анасының кінәсінен бе, көлденең басқа
себептерден бе, болмаса мұғалімнің сабақ беруде жіберген босаңдығынан ба?
Осыларды анықтау керек те, соған лайықты амал-шара қолдану керек. Мұғалім
әрқашанда өз сабағына сын көзімен қарағаны дұрыс. Әрбір өтілген сабағына
өзі талдау жасасын, яғни өтілген сабағында нендей кемістік кеткенін
зерттеп, анықтап отырса, сабағы күннен-күнге жетіліп, тиімділік сапасы арта
беретіндігінде дау жоқ. Сонда Данышпандықтың ең бірінші белгісі — адамның
өзін-өзі тани білуінде, — деген халық даналығына лайық жұмыс істеген
боламыз. Бұл жағдай мұғалім мен шәкірттің арасын жақындатуға, сыйласуға,
сенімі арта түсуіне көп септігін тигізеді.
Оқушы мұғалімнің сұрауына жауап бергенде олардың сөздеріне, жауабына
ынта қойып, ұқыптап тыңдауды, оқушының сөзін бөлмеу, басқа оқушыларға
бөлдірмеу, орынды жерінде қоштап отыру, кейде жаңылысқан, қиналған жеріне
түзету жасап, жәрдемдесіп жіберуді де қолданып отыруымыз керек. Жәрдемдесу
дегенде мұғалімнің өзі оқушының аузына сөз салып, жетектеуге айналдырып
жіберуге болмайды. Кейде сабақты нашар үлгіретін оқушының тағдырын алдын
ала шешіп қоюшылық та кездеседі. Мысалы, мұғалім: Ибраев, сен тақтаға
шықшы, сен бүгін де ештеңеге жауап беріп жарытпассың. Сен, Ибраев, ең
болмағанда мынаған жауап берші! Бұл сияқты күдікті сөз, ұнамсыз қылықты
көрген оқушыньің өзіне деген сенімі жойылады, үнжырғасы түсіп, не
намыстынып, кектеніп ұстазына біліп тұрса да, жауап бергісі келмейді.
Сол сияқты сабақты өте салғырт, нашар оқитын, не салақ, олақ, жалқау
оңушылардан күдер үзіп, көңіл бөлінбей, ескерусіз-қалдыру жағдайлары де
кездесіп тұрады. Бұл сияқты қылықтар — педагогикалық тактіге үш қайнаса
сорпасы қосылмайтын жаман әдет.
Мұғалімнің бой-басы жинақы, көрікті, киген киімдерді қарапайым, тап-
таза, бойына лайықты, шақ, сәнді болуы керек. А. П. Чеховтың: Адамда
барлық нәрсе: жүзі де, киімі де, жаны да, ойы да керкем болуы тиіс, —
деген ұлағатты сөзі ұстаздарға айтылған сияқты. Орынсыз бояну, шектен асқан
сәнді, жасанды киіну, табиғи өңін өзгертуге әуестену немесе өте салақтық,
бойбасын күтінбей жүру мұғалімдік тактіге үйлеспейді. Өйткені, шәкірт
ұстазынан үлгі алады, еліктейді. Сондықтан ұстаз өзін-өзі күтіп, ұстазға
лайықты болуға ат салысқаны жөн. Мұғалімнің дауысы бірқалыпты, салмақты,
сөзі тиянақты, дәлме-дәл, тұжырымды және жүйелі болуы керек.
Эмоциялық әсер ететін ұстаздық үн оқушылардың ықыласын бірден-ақ
баурап әкетеді де, олардың сабақты жақсы ұғынуына септігін тигізеді.
Жақсы дауыс ырғағына негізделген әдемі үн оқушыларды мейлінше
ынталандырып, жалықтырмайды. Дауыстың жақсы шығуы оның дыбыс сазына өң
берерлік қосымша үндердің гармониялық бірлесуіне тікелей қатысты нәрсе.
Темірдей шаңқылдақ, шіңкілдек дауысты оқушылар аса ұната қоймайды. Сол
сияқты сылбыр, ынжық, өте пәс, асығыс, шапшаң, қайталай беру, жаңыла беру
де ұстаздық дыбыс сазына, үніне мүлдем үйлес-пейді, сөздердің сапа-қадірін
түсіреді, оқушылардың түсіну ұғымын темендетеді. Ұстаздық дыбыс сазына,
үніне кең, толық, таза, айқын сүйкімді дауыс болуы үшін жағымды саз беруге
дағдылану, жаттығу керек. Бұл туралы Макаренко актерден сабақ
алып,үйренгеннен кейін: Дауысты үйлестірудің қандай ұлы іс екенін ұғындым.
Жүре беруіңе ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz