Мүліктің жағдайын талдау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Мүліктің жағдайын талдау

Кәсіпорынның мүлік жағдайын талдаудың мақсаты мен міндеттері

Мүлік дегеніміз - меншіктік құқығы бар материалдық объект. Кәсіпорынның мүлігі - оның активтерінің жиынтығы. Мүлікті сатып алу кездері кәсіпорынның папссивінде ( меншікті капитал + міндеттемелер ) орналасқан. Мүліктік жағдайды талдау мақсаты шаруаландырылған субъектінің - экономикалық потенциалының, яғни, кәсіпорынның активтері мен пассивтерінің құрамы мен құрылымының сипаттамасын беру болып табылады.

Кәсіпорынның активтерінің негізгі (критерии) сипаттамасы - олардың құрылымының тиімділігі (кәсіпорынның қызметінің ерекшелігіне сәйкес) мен активтердің құрамының сапасы.

Мүлікті сатып алу көздерінің талдауында кәсіпорынның төлемқабілеттілігі және өтімділігі жөнінде көзқарасы бойынша, меншікті және қарызға алынған қаржылардың арақатынасына көңіл аударылады.

Мүліктік жағдайды талдаудың тәжірибесінде балансты тік және көлденең талдауларын біріктіру арқылы жүргізеді, сонда бастапқы және (модифицированный) өзгертілген есеп - айырысу үлкейтілген баптар номенклатурасымен бірге талданылуы мүмкін.

Аналитикалық кестелер қолданылады, олар кәсіпорынның қаражаттарын және оның пайда болу көздерінің құрылымын, оның және көрсеткіштерінің динамикасын сипаттайды.

Талдаудың осы кезеңінде кәсіпорынның қызметі туралы түсінік қалыптасады, оның мүлкінің және көздерінің құрамындағы өзгерістер, әртүрлі икөрсеткіштердің өзара байланыстары айқындалады. Осы мақсатта баланстың активі мен пассивінің жеке баптарының арақатынастары, олардың баланстың жалпы қорытындысындағы үлесі анықталады, өткен кезеңмен салыстырғандағы баланстың негізгі баптарының құрылымындағы ауытқу сомаларын есептейді.

Баланстың валютасының жалпы өзгеру сомасы құрама бөліктеріне бөлінеді, ол активтер құрамындағы, олардың қалыптасу көздерінің қозғалысының сипаты және олардың өзара байланыстлығы туралы алдын ала тұжырым жасауға мүмкіндік береді.

Ұзақ мерзімді және ағымдағы қаражаттардың құрамындағы өзгерістерді талдау барысында, олардың кәсіпорындарының міндеттемелерінің өзгерістері өзара байланыста қарастырылады.

Мүлікті бағалау

Мүлікті талдау үшін төмендегі көрсетілген аналитикалық кесте макеті құрастырылады.

Кәсіпорынның актив құрамындағы әр түрлі өзгерістерді қалай талдау керектігін көрсетейік. Егер де мүліктің өсу қарқыны инфляцияның өсу қарқынынан жоғары болса, кәсіпорынның өнімділігінің артуы туралы айтуға болады.

Ұзақ мерзімді активтердің абсолюттік мөлшері мен үлесінің бір мезгілде жоғарылауы, кәсіпорынның қаражатының айналымнан босатылуын көрсетеді.

Егер де ол кәсіпорынның қайта ұйымдастырылуына және жетілдірілуіне байланысты болса, ол оң мағынада бағаланады.

Кәсіпорынның мүлкінің құрамы мен құрылымын талдау

Көрсеткіштер
Кезеңнің басы
Кезеңнің аяғы
Абс. ауытқу мың. тг.
өсу қарқыны %
Мың. тг.
Үлесі %
Мың. тг.
Үлесі %
Көрсеткіштер: 1. мүлік барлығы
Кезеңнің басы:
Кезеңнің аяғы:
Абс. ауытқу мың. тг.:
өсу қарқыны %:
Көрсеткіштер: 1. 1. ұзақ мерзімді активтер
Кезеңнің басы:
Кезеңнің аяғы:
Абс. ауытқу мың. тг.:
өсу қарқыны %:
Көрсеткіштер: 1. 2. ағымдағы активтер
Кезеңнің басы:
Кезеңнің аяғы:
Абс. ауытқу мың. тг.:
өсу қарқыны %:
Көрсеткіштер: 1. 2. 1. ТМҚ
Кезеңнің басы:
Кезеңнің аяғы:
Абс. ауытқу мың. тг.:
өсу қарқыны %:
Көрсеткіштер: 1. 2. 2. дебиторлық қарыз
Кезеңнің басы:
Кезеңнің аяғы:
Абс. ауытқу мың. тг.:
өсу қарқыны %:
Көрсеткіштер: 1. 2. 2. ақшалай қаражат
Кезеңнің басы:
Кезеңнің аяғы:
Абс. ауытқу мың. тг.:
өсу қарқыны %:

Барлық басқа жағдайларда ұзақ мерзімді активтерінің үлесінің жоғарылауы (мүліктің өнеркәсіптік құоылымының тиімсізділігі жөнінде), ағымдағы қаржылық жағдайы (төлеуқабілеттілігі мен өтімділігінің көрсеткіштерінің төмендеуі) нашарлады деп бағалауға болады.

Ағымдағы активтердің абсолюттік және салыстырмалы мөлшерінде өсуі көбіне оң деп бағаланады (өтімділік көрсеткіштерінің жақсаруы) .

Активтердің сапасының төмендеуі кезінде, олар теріс деп бағаланады. Активтердің сапасын тексеру тек қана ішкі қаражат жағдайын талдау барысында жүргізіледі. Сапаның төмендеуі - мерзім өтіп кеткен дебиторлық қарыздың өсуі және жатып қалған, керексіз ТМҚ - ң бар болуымен байланысты.

Талдаудың келесі кезеңі - мүліктің әр түрлі құрамаларының өсу қарқындарын салыстыру. Қозғалмайтын мүліктің өсу қарқынының төмендеуі ағымдағы активтердің өсу қарқындарымен салыстырғанда, кегер де кәсіпорынның өндірістік қуаттарын қысқартумен байланысты болмаса, оң деп бағаланады.

Егер ақшалай қаражаттың өсу қарқыны ТМҚ өсу қарқынынан озып кетсе, бұл кәсіпорынның мүлкінің құрамын жақсартуға әкеледі.

Ұзақ мерзімді активтерге ұқсас, ТМҚ өсу қарқынының төмендеуі мүліктік жағдайдың жақсаруына әекледі (егер де ол өндіріс көлемінің төиендеуіне байланысты болмаса) .

Қай жағдайда ақшалай қаражаттың (абсолютті өтімділігі бар активтер) үлесінің жоғарылауы активтердің құрылымының жақсаруына әкеліп соғады?

Содан кейін, керек мерзімде, қозғалмайтын мүліктің талдауы жүргізіледі, тозу коэффициенті және жарамдылық коэффициент: (қозғалмайтын мүліктің жағдайын сипаттайтын), жаңарту және шығу коэффициенттері (негізгі қаржының қозғалысының көрсеткіштері), өндірістік мүліктің үлесі сияқты көрсеткіштер есептеледі.

Мүліктің пайда болу көздерін бағалау

Орын толтыру көздерін талдау үшін тәріздес кесте құрастырылады.

Мүліктің көздерінің құрылымы меншікті және қарызға алынған қаражаттардың үлесін салыстыру арқылы талданады: меншікті капиталдың үлесінің жоғарылауы қаржылық тұралықтың жақсаруын білдіреді.

Мүліктің пакйда болу көздерінің құрылымы мен құрамын талдау

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестицияның объектісі ретінде жылжымайтын мүліктің ерекшеліктері
Жылжымайтын мүліктің тиімді пайдалануын талдау
Қаржылық көрсеткіштер
Несиені қайтаруға ынталандыру
Қаржылық есеп беру - компанияның қаржы-шаруашылық қызметі талдаудың көзі
Сатуларды салыстыру әдісі
Өндірістік кәсіпорында лизингті пайдалану тиімділігі
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық мазмұны мен мәні
Жылжымайтын мүліктің объектілерін бағалау
Жылжымайтын мүлік құнын анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz