Азаматтардың меншігін мұралаудың нысандары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Сауда - экономикалық колледжі

Азаматтық құқық пәні бойынша
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:Мұрагерлік құқық

Тапсырылған күні: Жетекші: Набиева Ф.Н
___________________ Орындаған: 32 қ
тобының
Корғалған күні: оқушысы:
Тасенова А.Т.
___________________
Бағасы:
__________________

Астана 2011

ЖОСПАР

Кіріспе

І тарау. Азаматтардың меншігін мұралаудың түсінігі және мәні

1.1.Азаматтардың меншігін мұрагерлаудың түсінігі,
мәні және негіздері

1.2.Мұраның ашылу тәртібі

ІІ тарау. Азматтардың меншігін мұралаудың нысандары

2.1. Заң бойынша азаматтардың меншігін мұралаудың
түсінігі және мәні

2.2. Өсиет бойынша азаматтардың меншігін
мұралаудың тәртібі

ІІІ тарау. Мұраны қабылдаудың заңды негіздері

Қорытынды

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 4-5
І тарау. Азаматтардың меншігін мұралаудың түсінігі және мәні
1.1.Азаматтардың меншігін мұрагерлаудың түсінігі,
мәні және негіздері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... 6-7
1.2.Мұраның ашылу тәртібі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8-9

ІІ тарау. Азматтардың меншігін мұралаудың нысандары
2.1. Заң бойынша азаматтардың меншігін мұралаудың
түсінігі және мәні
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 10-
14
2.2. Өсиет бойынша азаматтардың меншігін
мұралаудың тәртібі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15-23
ІІІ тарау. Мұраны қабылдаудың заңды негіздері
... ... ... ... ... ... 24-28

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... . 29-30

Қолданылған әдебиет тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 30-31

Кіріспе

Біздің өмірімізде болып жатқан жағдайлардың барлығы азаматтық құқықтық
қатынастарға жатады деп айтуға болады. азаматтық қатыанстардың пайда
болуының алғы шарттарына оқиға мен заңды факт жатады. Осы оқиғалардың
ішінде адамның қайтыс болуы да бар.

Әрбір адам жеке тұлға ретінде азаматтық құқықтық қатынастардың
субъектісі болып табылады, белгілі бір мүлікке ие болады, ал осы адам
қайтьыс болғанна кейін оның мүлкінің тағдары қалай болады деген сауалға
жауап беру үшін біз азаматтық құққытық заңнаманың мұралау атты құқықтық
институтына жүгінеміз.

Бұл құқықтық институт азаматтық заңнаманың ерекше бөлімінде
көрсетілген. Қазақсатанның мұралау заңнамасы қазіргі кезде жетілген деп
санауға болады. бұл жағдайдың дәлелі – азаматтық кодекстің күшіне
енгізілгеніне 6 жылға жақын, ал осы институттың нормаларына әлі бір де
өзгерту енгізілген жоқ. Теориялық жағынан да бұл қатынастар кеңінен
қамтылған.

Жұмыстың міндеті – мұралау құқығын, азаматтардың меншігін мұралау
арқылы қабылдау тәртібі бойынша азаматтық заңнаманы, арнайы әдебиетті
зерттеу.

Жұмыстың мақсаты – жұмыстың міндетін орындау арқылы азаматтардың
меншігін мұралау тәртібін нақтылап тану, ерекшеліктерін білу, бұл
институттың тәжірибеде жүзеге асуын зерттеу.

Бұл жұмыстың бірінші тарауында азаматтардың меншігін мұралаудың жалпы
түсінігі, маңызы, ерекшеліктері, мұраның ашылу тәртібі көрсетілген. Екінші
тарауда мұралаудың нысандары, яғни заң бойынша мұралаудың түсінігі және
мәні, өсиет бойынша мұралаудың тәртібі анықталған. Үшінші тарауда мұраны
қабылдаудың заңды негіздері көрсетілген.

І-тарау. Азаматтардың меншігін мұралаудың түсінігі және мәні

1.1.Азаматтардың меншігін мұрагерлаудың түсінігі, мәні және негіздері

Адам қайтыс болғаннан кейін оның артында белгілі бір мүлкі қалуы
мүмкін. Бұл мүлікке енді кім билік етеді, кімнің оған деген меншік құқығы
пайда болады. Мұрагерлік бойынша қайтыс болған адамның құқықтары мен
міндеттері ауысады. Азаматтардың меншігін мұралау тәртібімен мұра
қалдырушының, яғни қайтыс болған адамның, меншік құқығы және басқа мүліктік
құқықтары ауысады. Мұрагерлік заң негізінде немесе өсиет бойынша жүзеге
асады.
ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес азаматтардың меншігін мұралау - қайтыс
болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкiнiң басқа адамға (адамдарға) -
мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы.
Қайтыс болған азаматтың мұрасы басқа адамдарға әмбебап құқық
мирасқорлығы талаптарымен, егер заңнамадан өзгеше туындамаса, бiрыңғай
тұтас нәрсе ретiнде және бiр-ақ мезгiлде ауысады.
Азаматтардың меншігін мұралау Азаматтық кодекспен, ал тiкелей өзi
белгiлеген жағдайларда өзге де заң актiлерiмен реттеледi.

Азматтардың меншігін мұралау өсиет және (немесе) заң бойынша жүзеге
асырылады.

Өсиет қалдырылмаған не бүкiл мұраның тағдыры айқындалмаған кезде,
сондай-ақ заңнамада белгiленген өзге де жағдайларда заматтардың меншігін
мұралау заң бойынша орын алады.

Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесiлi мүлiк, сондай-ақ оның қайтыс
болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен мiндеттерi кiредi.
Мұра қалдырушының жеке басына тығыз байланысты мына құқықтар мен
мiндеттер:
1) егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше белгiленбесе, заңды
тұлғалар болып табылатын ұйымдарға мүше болу құқығы;
2) өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу құқығы;
3) алименттiк мiндеттемелерден туындайтын құқықтар мен мiндеттер;
4) зейнетақы төлеу, жәрдемақы және еңбек пен әлеуметтiк қамсыздандыру
туралы заң актiлерiнiң негiзiнде басқа да төлемдер төлеу құқығы;
5) мүлiктiк құқықтармен байланысы жоқ жеке мүлiктiк емес құқықтар
мұраның құрамына кiрмейдi.
Мұра қалдырушыға тиесілі болған жеке мүліктік емес құқықтар мен басқа
да материалдық емес игiлiктердi мұрагерлердiң жүзеге асыруы және қорғауы
мүмкiн.

Ортақ бiрлескен меншiкке қатысушының қайтыс болуы оның меншiктегi
үлесiн айқындау және ортақ мүлiктi бөлу не Азаматтық Кодекстiң 218-бабында
белгiленген тәртiппен одан қайтыс болған қатысушының үлесiн бөлiп шығару
үшiн негiз болып табылады. Бұл жағдайда мұра қайтыс болған қатысушының
ортақ мүлiктегi үлесiне, ал мүлiктi заттай бөлу мүмкiн болмаған кезде -
үлестiң құнына қатысты ашылады.
Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау
салдарынан ашылады. Мұра қалдырушының қайтыс болған күнi, ал оны қайтыс
болған деп жариялаған кезде, егер сот шешімінде басқа күн көрсетiлмесе,
азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмi күшiне енген күн
мұраның ашылу уақыты болып табылады.
Егер бiрiнен кейiн бiрi мұрагер болуға құқылы адамдар бiр күнде қайтыс
болса олар бiр мезгiлде қайтыс болған деп танылады және олардың
әрқайсысынан кейін мұрагерлік ашылады да олардың әрқайсысының мұрагерлері
мұрагерлiкке шақырылады.

2.1.Мұраның ашылу тәртібі

Мұра қалдырушының соңғы тұрған жерi, ал егер ол белгiсiз болса -
мүлiктiң немесе оның негiзгi бөлiгiнiң орналасқан жерi мұраның ашылу орны
болып табылады.
Мұра ашылған кезде тiрi жүрген, сондай-ақ мұра қалдырушының тiрi
кезiнде iште қалған және мұра ашылғаннан кейiн тiрi туған азаматтар өсиет
және заң бойынша мұрагер бола алады.
Мұра ашылғанға дейiн құрылған және мұраның ашылу уақытында болған
заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет өсиет бойынша мұрагерлер болуы мүмкiн.
Мұра қалдырушыны азамат немесе мүмкiн болатын мұрагерлердiң бiреуiн
қасақана өлтiрген немесе олардың өмiрiне қастандық жасаған адамдардың өсиет
бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ. Бұған өсиет қалдырушы
оның өмiрiне қастандық жасалғаннан кейiн өздерiне қатысты өсиет қалдырған
адамдар кiрмейдi.
Мұра қалдырушының соңғы еркiн жүзеге асыруға қасақана кедергi жасаған
және сол арқылы олардың өздерiн немесе оларға жақын адамдарды мұрагерлiкке
шақыруға не мұраның оларға тиесілі үлесін көбейтуге ықпал жасаған
адамдардың өсиет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ.
Балаларына ата-аналық құқықтарынан айырылған және мұра ашылған кезде
бұл құқықтарын қалпына келтiрмеген ата-аналардың балаларынан қалған мұраны,
сондай-ақ мұра қалдырушыны күту жөнiнде өздерiне заң күшiмен жүктелген
мiндеттердi орындаудан жалтарған ата-аналардың (асырап алушылардың) және
кәмелетке толған (асырап алынған) балалардың заң бойынша мұраны алуға
құқығы жоқ.
Лайықсыз мұрагерлердi мұрагерлiктен шеттетуге негiз болатын мән-
жайларды сот белгiлейдi.
Бұл ереже өсиет қалдырудан бас тартуға да қолданылады.
Бұл ережелер барлық мұрагерлерге, соның iшiнде міндеттi үлеске құқығы
бар мұрагерлерге де қолданылады.

ІІ-тарау. Азаматтардың меншігін мұралаудың нысандары

2.1. Заң бойынша азаматтардың меншігін мұралаудың түсінігі және мәні

Заң бойынша мұрагерлер заңнамада көзделген кезек тәртiбiмен
мұрагерлiкке шақырылады.
Заң бойынша мұрагерлiк кезiнде, бiр жағынан, асырап алынған және оның
ұрпақтары және екiншi жағынан, асырап алушы мен оның туыстары қандас
туыстарға теңестiрiледi.
Асырап алынғандар мен олардың ұрпақтары асырап алынушының туған ата-
анасы, оның басқа да қандас туыстары қайтыс болғаннан кейiн заң бойынша
мұрагер болмайды.
Асырап алынушылардың ата-анасы мен оның басқа да қандас туыстары
асырап алынушы және оның ұрпақтары қайтыс болғаннан кейiн заң бойынша
мұрагер болмайды.
Заң бойынша мұрагерлердiң әрбiр келесi кезегi алдыңғы кезектегi
мұрагерлер болмаған, оларды мұрадан шеттеткен, олар мұраны қабылдамаған не
одан бас тартқан жағдайда, заңнамада аталған жағдайларды қоспағанда,
мұрагерлiк құқығын алады.
Заң бойынша мұрагерлердi мұрагерлiкке шақырудың кезектiлiгi туралы
және олардың мұрадағы үлестерiнiң мөлшерi туралы ережелерi мүдделi
мұрагерлердiң мұра ашылғаннан кейiн жасалып, нотариат куәландырған
келiсiмiмен өзгертiлуi мүмкін. Мұндай келiсiм оған қатыспайтын
мұрагерлердiң, сондай-ақ мiндеттi үлеске құқығы бар мұрагерлердiң
құқықтарын қозғамауы тиiс.

1-кезек. Заң бойынша мұрагер болу құқығын бiрiншi кезекте тең үлеспен
мұра қалдырушының балалары, соның iшiнде ол қайтыс болғаннан кейiн тiрi
туған балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы мен ата-анасы алады.

2-кезек. Заң бойынша мұрагер болу құқығын екiншi кезекте тең үлеспен
мұра қалдырушының ата-анасы бiр, ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-
сiңлiлерi (қарындастары), сондай-ақ оның әкесi жағынан да, анасы жағынан да
атасы мен әжесi алады.

3-кезек. Заң бойынша мұрагер болу құқығын үшiншi кезекте тең үлеспен
мұра қалдырушының туған немере ағалары мен апалары алады.

4-кезек. Заң бойынша мұрагер болу құқығын төртiншi кезекте мұра
қалдырушының алтыншы атаға дейiнгiлерiн қосқанда басқа туыстары алады, бұл
ретте туыстық дәрежесi неғұрлым жақын туыстар туыстықтың неғұрлым алысырақ
дәрежедегi туыстарын мұрагерлiктен шеттетедi.

5-кезек. Заң бойынша мұрагер болу құқығын бесiншi кезекте, егер мұра
қалдырушымен бiр отбасында кемiнде он жыл бiрге тұрса, тең үлеспен оның
туыстас аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, (қарындастары), өгей әкесi мен өгей
шешесi алады.
6-кезек. Заң бойынша мұрагер болу құқығын алтыншы кезекте тең үлеспен
мұра қалдырушының асырауындағы еңбекке жарамсыз адамдар алады.

Егер заң бойынша мұрагер мұра ашылғанға дейiн қайтыс болса, ашылатын
мұрадағы оның үлесi ұсыну құқығы бойынша оның ұрпақтарына ауысады. Қайтыс
болған мұрагердiң үлесi заң бойынша мұрагер ұсынған туыстығы бiрдей
дәрежедегi ұрпақтар арасында тең бөлiнедi.
Тiкелей өзiнен тарайтын туыстық бойынша мұрагерлiк жағдайында ұсыну
құқығы туыстық дәреже шектелмей қолданылады, ал көлденең туыстық бойынша
мұрагерлiк жағдайында ұсыну құқығын тиiсiнше оның туған аға-iнiлерiн (апа-
сiңлiлерiн, қарындастарын) ұсына отырып, мұра қалдырушының жиендерi не оның
туған немере ағасын немесе апасын ұсына отырып, немере аға-інілері мен апа-
сіңлілері (қарындастары) алады.

Мұра қалдырушы азамат қайтыс болғанға дейiн кемiнде бiр жыл оның
асырауында болған және онымен бiрге тұрған еңбекке жарамсыз адамдар заң
бойынша мұрагерлер қатарына жатады. Басқа да заң бойынша мұрагерлер болған
кезде олар мұрагер болуға шақырылатын кезектегi мұрагерлермен бiрге мұра
алады.
Егер мұра қалдырушымен бiрге тұрған-тұрмағандығына қарамастан, мұра
қалдырушы қайтыс болғанға дейiн кем дегенде бiр жыл оның асырауында болса,
Азаматтық кодексте аталған заң бойынша мұрагерлердiң қатарына жататын,
бiрақ мұрагерлiкке шақырылатын кезектегi мұрагерлердiң тобына кiрмейтiн
еңбекке жарамсыз адамдар, осы кезектегi мұрагерлермен бiрге мұра алады.
Осы баптың негiзiнде мұрагерлiкке шақырылатын адамдар, басқа да заң
бойынша мұрагерлер болған кезде мұраның төрттен бiрiнен аспайтын бөлiгiн
мұраға алады.

Мұра қалдырушының кәмелетке толмаған немесе еңбекке жарамсыз балалары,
сондай-ақ оның еңбекке жарамсыз жұбайы мен ата-анасы, өсиеттiң мазмұнына
қарамастан, заң бойынша мұрагерлiк кезiнде олардың әрқайсысына тиесiлi
болатын үлестiң (мiндеттi үлес) кемінде жартысын мұраға алады.
Мұндай үлеске құқығы бар мұрагер өсиет бойынша және (немесе) заң
бойынша мұрадан алатынның барлығы, оның iшiнде әдеттегi үй жабдықтары мен
үй-iшi тұрмысында ұсталатын заттардан тұратын мүлiктiң құны және мұндай
мұрагердiң пайдасына белгiленген өсиеттiк бас тартудың құны, мiндеттi
үлеске есептеледi.
Мұрадағы мiндеттi үлеске құқығы бар мұрагер үшiн өсиетте белгіленген
кез келген шектеулер мен жүктеулер өзіне ауысатын мұраның мiндеттi үлесiнен
асатын бөлігіне қатысты ғана жарамды болады.

Ерлi-зайыптыларға өсиетке немесе заңға орай тиесiлi мұрагерлiк
құқықтың мұра қалдырушымен некеде тұру жағдайына байланысты оның басқа да
мүліктік құқықтарына, оның ішінде мүліктің некеде тұрғанда бірге тапқан
бөлігіне меншiк құқығына қатысы жоқ.
Егер мұра қалдырушымен неке мұра ашылғанға дейiн iс жүзінде
тоқтатылғандығы және ерлі-зайыптылардың мұра ашылғанға дейін кемінде бес
жыл бөлек тұрғандығы дәлелденсе, сот шешiмiмен ерлi-зайыптылар заң бойынша
мұрагерлiктен шеттетiлуi мүмкiн.

Мүлiктiң бiр бөлiгi өсиет бойынша мұраға қалдырылған жағдайда мұра
қалдырушы тағайындаған өсиеттi орындаушы мұраның заң бойынша мұрагерлiк
тәртiбiмен ауысатын бөлiгiн де қоса алғанда, барлық мұраны қорғауды және
оны басқаруды жүзеге асырады.
Егер заң бойынша мұрагерлер мұраның заң бойынша мұрагерлiк тәртiбiмен
ауысатын бөлiгiне қатысты көрсетiлген мiндеттердi атқару үшiн мұраны
сенiмгерлiкпен басқарушыны тағайындауды талап етпесе, тұтас алғанда бүкiл
мұраны қорғау және оны басқару жөнiндегi мiндеттердi Азаматтық Кодекстiң
1059-бабына сәйкес өсиет бойынша мұрагерлер немесе сот тағайындаған өсиеттi
орындаушы жүзеге асырады.
Мұраны сенiмгерлiкпен басқарушыны заң бойынша бiр немесе бiрнеше
мұрагердiң өтiнiшiмен мұраның ашылған жерi бойынша нотариус тағайындайды.
Мұраны басқарушыны тағайындаумен немесе оны таңдаумен келiспеген заң
бойынша мұрагер сотта мұраны сенiмгерлiкпен басқарушының тағайындалуына дау
айтуға құқылы.
Егер заң бойынша мұрагерлер болмаса не белгiсiз болса, қаладағы аудан,
аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ
әкiмiнiң аппараты мұраны сенiмгерлiкпен басқарушыны тағайындау туралы
нотариусқа жүгiнуге тиiс. Заң бойынша мұрагерлер келген жағдайда, олардың
талап етуi бойынша мұраны сенiмгерлiкпен басқарушы мұраның есебiнен оған
қажеттi шығындар өтелiп, қисынды сыйақы төлене отырып керi шақырып алынуы
мүмкiн.
Мұраны сенімгерлiкпен басқарушы заңды мұрагерліктiң ерекшелiктерiнен
өзгеше туындамағандықтан, өсиеттi орындаушыға қатысты Азаматтық Кодекстiң
1059-бабында көзделген өкiлеттiктi жүзеге асырады.
Мұраны сенiмгерлiкпен басқарушының мұра есебiнен мұраны қорғау және
оны басқару жөнiндегi қажеттi шығындарды өтеттiруге, ал егер оның
мұрагерлермен келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, сыйақы алуға да құқығы бар.

2.2. Өсиет бойынша азаматтардың меншігін мұралаудың тәртібі

Азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзiне тиесiлi мүлiкке билiк ету
жөнiнде өз ықтиярын бiлдiруi өсиет болып танылады.
Азамат өзінің барлық мүлкiн немесе оның бiр бөлігін заң бойынша
мұрагерлер тобына кiретiн де, кiрмейтiн де бiр не бiрнеше адамға, сондай-ақ
заңды тұлғаларға және мемлекетке өсиет етiп қалдыра алады.
Өсиеттi өзi жасауға тиiс. Өкiл арқылы өсиет жасауға жол берiлмейдi.
Өсиет қалдырушы себебiн түсiндiрместен заң бойынша мұрагерлердiң
бiреуiн, бiрнешеуiн немесе барлығын мұрадан айыруға құқылы. Егер өсиеттен
өзгеше туындамаса, заң бойынша мұрагердi мұрадан айыру оның ұсынылу құқығы
бойынша мұрагерлiк етушi ұрпақтарына қолданылмайды.
Мұра қалдырушы кез келген мүлiк туралы өкiмдi қамтитын өсиет жасауға
құқылы.
Мұра қалдырушы жасалған өсиеттiң оны жасағаннан кейiн кез келген
уақытта күшiн жоюға және өзгертуге ерiктi және күшiн жоюдың немесе
өзгертудiң себебiн көрсетуге мiндеттi емес.
Мұра қалдырушының өсиетте өзi мұрагер етiп тағайындаған адамдарға,
олар қайтыс болған жағдайда өз кезегiнде өсиет еткен мүлiктi белгiлi бiр
түрде билiк ету мiндетiн жүктеуге құқығы жоқ.

Өсиет қалдырушы мұрагер мiнез-құлқының сипатына қатысты мұра алуды
белгiлi бiр талаппен байланыстыруға құқылы.
Мұрагер тағайындау немесе мұра алу құқығынан айыру туралы өкiмге
енгiзiлген заңға қарсы талаптар жарамсыз болады.
Өсиетке енгiзiлген мұрагердiң денсаулық жағдайы бойынша немесе өзге де
объективтi себептерге байланысты мұрагер үшiн орындалмайтын талаптар
мұрагердiң талап қоюы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкiн.

Өсиет қалдырушы өсиетте көрсетiлген мұрагер мұра ашылғанға дейiн
қайтыс болған, оны қабылдамаған не одан бас тартқан немесе Азаматтық
Кодекстiң 1045-бабындағы тәртiппен лайықсыз мұрагер ретiнде мұрагерлiктен
шеттетiлген жағдайда, сондай-ақ мұрагер мұра қалдырушының заңды талаптарын
өсиет бойынша орындамаған жағдайда, басқа мұрагер тағайындай алады
(мұрагердi қосымша тағайындау).
Азаматтық Кодекстiң 1044-бабына сәйкес мұрагер бола алатын кез келген
адам қосымша тағайындалған мұрагер болуы мүмкiн.
Өсиет бойынша мұрагердiң қосымша тағайындалған мұрагерге пайдасы
тимейтiн бас тартуына жол берiлмейдi.

Мүлiктiң өсиет етiлмей қалған бөлiгi Азаматтық Кодекстiң 1061-1066-
баптарындағы тәртiппен мұрагерлiкке шақырылған мұрагерлер арасында заң
бойынша бөлiнедi.
Бұл мұрагерлердiң қатарына заң бойынша мүлiктiң басқа бөлiгi өсиет
арқылы қалдырылған мұрагерлер де кiредi.

Өсиет оның жасалған жерi мен уақыты көрсетiле отырып, жазбаша нысанда
жасалып, нотариатта куәландырылуға тиiс.
Мыналар:
1) нотариатта куәландырылған өсиеттер;
2) нотариатта куәландырылғандарға теңестірiлетін өсиеттер тиiсiнше
ресiмделген болып танылады.
Өсиетке өсиет қалдырушының өзi қол қоюы қажет.
Егер өсиет қалдырушы дене кемiстiктерiне, науқастығына немесе
сауатсыздығына байланысты өсиетке өзi қол қоя алмаса, оның өтiнiшi бойынша
оған нотариустың немесе өсиеттi куәландырушы басқа адамның қатысуымен өсиет
қалдырушының өсиетке өзi қол қоя алмауының себебiн көрсете отырып, басқа
азаматтың қол қоюы мүмкiн.
Азаматтық заңнамаға сәйкес өсиеттi жазу, оған қол қою немесе
куәландыру кезiнде куәлар қатысуға тиiс болған жағдайларда:
1) нотариус немесе өсиеттi куәландыратын өзге адам;
2) пайдасына өсиет жазылған немесе өсиет қалдырудан бас тартылған
адам, оның зайыбы, оның балалары, ата-аналары, немерелерi мен шөберелерi,
сондай-ақ өсиет қалдырушының заң бойынша мұрагерлерi;
3) толық әрекетке қабiлеттiлiгiн иеленбейтiн азаматтар;
4) сауатсыз және өсиеттi оқуға қабiлетсiз басқа да адамдар;
5) жалған жауап бергенi үшiн соттылығы бар адамдар куә бола алмайды,
сондай-ақ өсиет қалдырушының орнына өсиетке қол қоя алмайды.

Нотариатта куәландырылған өсиеттi өсиет қалдырушы жазуы керек не өсиет
қалдырушының айтуымен куәның қатысуы арқылы нотариус жазуға тиiс. Өсиет
қалдырушының айтуымен өсиет жазылған кезде нотариус жалпы жұрт қабылдаған
техникалық құралдарды (жазу машинкасы, дербес компьютер және т.б.)
пайдалануы мүмкiн.
Өсиет қалдырушының айтуы бойынша нотариус жазған өсиеттi өсиетке қол
қойылғанға дейiн нотариус пен куәның қатысуы арқылы өсиет қалдырушы толық
оқып шығуға тиіс.
Егер өсиет қалдырушы дене кемiстiктерiне, науқастығына немесе
сауатсыздығына байланысты өсиеттi өзi оқи алмайтын болса, ол үшiн оның
мәтiнiн нотариустың қатысуымен куә оқып бередi, ол туралы өсиет
қалдырушының өсиеттi өзi оқи алмауының себептерi көрсетiлiп, өсиетте тиiстi
жазба жасалады.
Егер нотариат куәландырған өсиет куәның қатысуымен жасалса, өсиетте
куәның тегi, аты және тұрақты тұратын жерi көрсетiлуге тиiс. Осындай
мәлiметтер өсиетке өсиет қалдырушының орнына қол қойған адамға қатысты да
енгiзілуi тиiс.
Өсиет қалдырушының тiлегi бойынша нотариус өсиеттiң мазмұнымен
таныспай-ақ оны куәландырады (құпия өсиет).
Құпия өсиет, оның жарамсыз болып қалу қаупiмен, өсиет қалдырушының өз
қолымен жазылуға және қолы қойылуға, екi куәның және нотариустың қатысуымен
куәлар қол қоятын конвертке салынып, желiмденуге тиiс. Куәлар қол қойған
конверт куәлардың және нотариустың қатысуымен, нотариус куәландырып қол
қоятын басқа конвертке салынып желiмденедi.
Нотариус жоқ елдi мекендерде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұрагерлік құқық ұғымы және түрлері
ҚР мұрагерлік құқықығынын негіздері
Қазақстан Республикасында жеке меншікті құқықтық реттеу
Г. Спенсердің әлеуметтануындағы мемлекет және құқық мәселелері
Бөтен мүлікті ұрлаудың обьективтік және субьективтікбелгілері
Мемлекеттің басқару нысаны
Экономикалық жүйедегі меншік қатынастарының орны
JavaScript негізгі ерекшеліктері
Меншіктің мәні және экономикалық мазмұны, оның тарихи нысандары
Қазақстан Республикасында кәсіпорын қызметінің заңнамалық негізгі
Пәндер