МОНАРХИЯЛЫҚ БАСҚАРУ НЫСАНЫ ТАРИХЫ МЕН ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 91 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІН. А. СЕЙДАЛИЕВ, У. А. АХАТОВМОНАРХИЯЛЫҚ БАСҚАРУ НЫСАНЫ:ТАРИХЫ МЕН ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫҚазақстан РеспубликасыАлматы, 2010:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ

Н. А. СЕЙДАЛИЕВ, У. А. АХАТОВ

МОНАРХИЯЛЫҚ БАСҚАРУ НЫСАНЫ:

ТАРИХЫ МЕН ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті Ғылыми Кеңесінің 21. 09. 2012 ж. № 1 хаттамасымен баспаға ұсынылған.

Пікір жазғандар:

Аюпова З. К. - заң ғылымдарының докторы, профессор

Жатқанбаева А. Е. - заң ғылымдарының докторы, профессор

Тұрашбекова Д. - заң ғылымдарының кандидаты, доцент

Сейдалиев Н. А., Ахатов У. А.

Қ71 Монархиялық басқару нысаны: тарихы мен қазіргі жағдайы. Монография. - Алматы: «Раритет», 2012. - 122 бет.

Ұсынынылып отырған монографияда монархиялық басқару идеясының саяси-құқықтық ой тарихында қалыптасуы мен дамуы, монархиялық басқару туралы Ресейдің, Қазақстанның саяси-құқықтық ой тарихындағы көзқарастары, монархиялық басқарудың түсінігі және ерекшеліктері, монархиялық басқару нысанын түрлерге жіктеу, монархиялық басқарудың тарихи типтері, қазіргі кезеңдегі монархиялық басқару нысанының дамуы және тәжірибесі, Батыс елдеріндегі монархиялық басқарудың дамуы, Оңтүстік Шығыс Азиядағы монархиялық басқару нысанындағы мемлекеттердің ерекшеліктері қарастырылған.

Монографиялық жұмыс «5В030100, 6М030100, 6D030100 - Құқықтану» мамандықтары бойынша білім алатын студенттерге, заңгерлерге, тарихшыларға және жалпы көпшілік қауымға арналған.

АЛҒЫ СӨЗ

Соңғы жылдары Қазақстандық ғылым саласының қай бағытын алсақ та көш ілгерілеу байқалуда. Бұның барлығы еліміздің сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз аңсаған тәуелсіздік тұғырына қол жеткізудің арқасында деп ойлаймын. Қазіргі таңда Қазақстан әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесіне айналып, жылдан жылға халықаралық аренада беделі артуда. Ол ең алдымен еліміздің демократиялық үрдісі дамыған әлем мемлекеттерімен тығыз мемлекетаралық қатынасты орнатуымен байланысты. Бұл біздің ұлттық стратегиялық мақсаттарымызды жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етуге жол ашады. Халықаралық ынтымақтастық және өзара байланыс үрдісінде Қазақстан, Европаның және Шығыс елдеріндегі монархиялық мемлекетермен де қоян-қолтық дипломатиялық қарым-қатынастар жасауда. Аталған мемлекеттердің мемлекеттік құрылысын және олардың бүгінгі даму тәжірибесін білу және орынды пайдалану еліміз үшін өте ауадай қажет деп санаймыз. Осы қырынан да монографиялық жұмыстың арқау етіп отырған мәселесіне көңіл бөлетін болсақ, оның өте маңызды екендігін тағы да бір аңғарамыз.

Монархиялық басқару жүйесі мемлекеттік басқару нысанының алғашқы түрінің бірі болып табылады. Сондықтан да, монархиялық басқару нысаны адамзат тарихындағы алғашқы мемлекеттік құрылымдардың өмір сүруімен тұтастай байланысты дамып отырған құбылыс. Қазіргі кезеңде әлем елдерінің ішінде дамыған Европалық мемлекеттерде монархиялық басқарудың үлес салмағы басым бағыттардың бірін құрайды. Европа тәжірибесіндегі қазіргі күндегі монархиялық басқару нысанындағы мемлекеттердің барлығы демократиялық бағытта дамуды алға қойып отыр және айтылған жағдайлардың барлығы монархиялық басқару нысанына тарихи кейіпкер ретінде ғана қарап қоймай, оны бүгінгі өміріміздің шындығы ретінде бағалаудың қажеттілігін көрсетеді.

Монографиялық жұмыстың салмақты тұстары жетерлік. Олардың қатарына, аталған ізденісте монархиялық басқару идеясының саяси-құқықтық ой тарихында қалыптасуы мен дамуы, оның ішінде монархиялық басқару туралы Қазақстанның саяси-құқықтық ой тарихындағы көзқарастары алғаш рет ғылыми талдауға түсіп отыр. Қазақстанның өткен тарихына көз жүгіртетін болсақ, далалық жұртқа тән көшпелі монархияның өмірге келіп, оның өз ерекшеліктерінің болғанын зерттеушілердің тың тұжырымдарынан байқауға болады. Жұмыста көшпелі қазақ қоғамындағы үйсін, қаңлы, ғұн, түркі, қимақ т. б. мемлекеттік бірлестіктердегі монархиялық басқару жүйесінің ерекшеліктері нақты ғылыми байлам-тұжырымдар арқылы саралаудан өткен. Зерттеушілер жалпы европалық елдердегі монархиялық басқарумен көшпелі далалық мемлекеттердегі монархиялық басқарудың өзара байланысымен ерекше сипаттарын жіктеп көрсетеді.

Сонымен қатар қазіргі дамыған Европалық, мұсылман мемлекеттері мен Оңтүстік Шығыс Азияның монархиялық басқару нысанына негізделген мемлекеттердің даму ерекшеліктері мен ондағы монарх билігінің демократиялық институттармен өзара ықпалдасуы және өміршеңдігі ерекше аталып өтілген. Қазіргі мұсылман, негізінен араб елдерінде абсолюттік монархияның орнығуы жергілікті халықтың менталитетімен, өмір сүру ерекшеліктеріне, шығыс халықтары бір орталыққа бағыныштылыққа бейімдігімен байланысты екендігі, ал Европалық және Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттерінің тәжірибесінде конституциялық монархияның орнығу себептері мен ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан негіздеп, авторлық тың тұжырымдарын келтіреді.

Монграфиялық жұмыстың тағы бір тартымды қыры автор тарапынан европалық елдердің тәжірибесіндегі монархиялық басқару нысанын тарихи типтерінің жіктелуі деп санаймыз. Орта ғасырлардағы европа елдерінің мемлекеттік құқықтық даму тәжрибесін арнайы зерделей отыра ерте феодалдық монархияның өмірге келуін сословиялық-өкілдік монархиядан абсолюттік монархияға өтудегі қалыптасқан тарихи маңызды жағдайларды автор тарапынан тың тұжырымдармен байытыла түседі. Осы жерде шығыс елдеріндегі диспотиялық монархияның тәжрибесін ежелгі дәуірдегі әлемдік мемлекеттік құқықтық дамуда ерекше роль атқарған Египет, Вавилон, Қытай мемлекеттерінің өткен жолын зерделеу арқылы сомдап көрсетеді. Қазіргі кезеңдегі Араб елдерінің монархиялық басқару жүйесіне көшу себептері туралы да ой қозғай отыра абсолютті монархиялық басқару нысанындағы бұл мемлекеттердің басқару жүйелері мұндағы ислам дінінің ролі кеңінен талданғанын көреміз.

Еліміздің заң ғылымында монархиялық басқару жүйесі тұтастай алынып, кешенді тұрғыда алғаш қойылып зерттеліп отыр. Сонымен қатар, мемлекет және құқық теориясын елімізде жоғарғы деңгейге көтеру үшін фундаментальді осындай бағыттағы ізденулерді де қолға алып жандандыра түсуіміз қажет. Жұмысқа тағы бір осы қырынан қарайтын болсақ, жұмыстың тұтастай ұтымдылығын және дер кезінде туындап отырғандығын көре аламыз.

Шын мәнінде, бүгінгі таңда Қазақстанда мемлекеттанудың келелі мәселелерін арқау еткен сүбелі еңбектер аздап кездеседі. Шындап айтқанда, жоқтың қасы деп те есептеуге болады. Отандық заң ғылымында мемлекеттің нысаны, оның құрылымдық элементтері арнайы зерттеу объектісіне кешенді тұрғыда әлі айнала қойған жоқ. Оның ішінде мемлекеттің басқару нысаны оқулықтар деңгейінде жалпы шолуға түскенінін ескермегенде, оның табиғатын толығымен танытатын монографиялық зерттеулер кездеспейді. Бұл зерттеу жұмысы мемлекеттану саласындағы осындай өзекті мәселелерді одан әрі зерттеуге арқау бола алатын теориялық тұжырымы пайымдалған жұмыстардың қатарына жатады.

Қазіргі кезеңде сонымен қатар, еліміздің заң ғылымының алдында отандық жоғары оқу орындарында толыққанды білім беруге мүмкіндік беретін мемлекет және құқық теориясының академиялық курстарын әзірлеу ісі тұр. Бұл алға қойылған мақсатқа толық жету үшін мемлекет және құқық теориясының жеке-жеке мәселелерін арнайы зерттеп, бағасын беруіміз қажет. Мұндай мәселелерді шешу үшін мемлекет тану немесе құқықтану бағытындағы автор көтеріп отырған арнайы қойылып шешілетін мәселелерді жүйелі зерттеудің қажет екендігі айтпаса да түсінікті.

Монографиялық жұмысты еліміздің жоғарғы оқу орындарында, мемлекет және құқық теориясына, шет елдердің мемлекет және құқық тарихына, салыстырмалы құқықтану пәндерінен дәрістер жүргізуде және арнайы курстарды өткізуде көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.

Монографиялық жұмыс студенттердің мемлекеттік құқықтық мәселелерге байланысты дүниетанымдық көзқарастарын одан әрі байыта түсуде ерекше таптырмайтын еңбек десек те артық айтқандық емес.

Заң ғылымдарының докторы,

профессор А. С. Ибраева

КІРІСПЕ

Монархиялық басқару нысаны мемлекетті басқарудың ежелгі дәуірлерден келе жатқан алғашқы түрлерінің біріне жатады. Қазіргі кезеңдегі әлемдегі мемлекеттердің көпшілігі, монархиялық басқару сатысынан өткен болатын. Монархиялық басқару жүйесі біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ-ІІ мыңжылдықтарда Египетте, Қосөзен аңғарында қалыптасып дамыды. Бұл монархиялық басқару жүйесінің қандай да болмасын тарихи жағдайда экономикалық саяси дамуда өмір сүре алатындығын көрсетеді.

Монархиялық басқару нысаны бүгінгі таңда әлемдегі мемлекеттердің алтыдан бірін құрайтындығын ескеретін болсақ, онда монархиялық басқару жүйесіне байланысты зерттеулерді жүйелі түрде жүргізудің қажет екендігін сезінеміз. Монархиялық басқару нысанындағы мемлекеттердің ірілерінің қатарына: Ұлыбритания, Испания, Жапония және т. б жатады. Сонымен қатар, қазіргі кезеңде монархиялық басқару жүйесі Бельгияда, Норвегияда, Швецияда, Данияда қарқынды даму үстінде. Осы айтылған жағдайлардың барлығы монархиялық басқару жүйесін өткен тарихтың кейіпкері ретінде қарамай, бүгінгі дамыған қоғамның шындығы ретінде бағалауға жол ашатындай.

Қазақстанның мемлекеттілік тарихына көз жүгіртетін болсақ, көшпелі далада монархиялық басқару жүйесіне негізделген талай ірі империялардың өмір сүргендігін көреміз. Осы жерде Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 23 мамырдағы Жарлығымен мақұлданған, «Қазақстан Республикасының мемлекетік сәйкестілігін қалыптастыру тұжырымдамасында» былай делінеді: «Тарихи тұрғыдан келгенде, мемлекет әдетте ұлттық мемлекет ретінде пайда болады, оның құрылтайшысы әрі әлеуметтік базасы белгілі бір этникалық қауым болып табылады. Этностың даму қисынының өзі-ұлттың өмір сүруі мен дамуының материалдық және рухани жағдайын қамтамасыз ететін құрал ретінде мемлекеттің пайда болу қажеттігін негіздейді. Мұның өзі тарихи және жалпы адамзаттық практика. Оған қазіргі заманда халықаралық құқық принципі мәртәбесі беріліп отыр, әрі мұның кез-келген ұлттың мемлекеттік өзін-өзі билеуге құқығының бар екенін білдіреді. Міне, сондықтан да байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құру жөніндегі конституциялық қағиданы халықаралық құқықтың жалпы танылған нормалар мен принциптерінің аясында қабылдау қажет» [1, 3 б] . Бұл айтылған ойға мән беретін болсақ, қазақ даласында өткен мемлекеттердің басқару жүйесін тарихи-құқықтық тұрғыда зерделеудің бүгінгі таңда тәуелсіз мемлекетімізді дамытуда да, маңызды орын алатындығын көреміз.

Қазақ даласында ежелгі дәуірлерден бері көшпелі монархиялар өмір сүріп келді. Қазақ хандығы тұсында хан билігін жүзеге асырудың өзіндік тетігі қалыптасқан болатын. Бұл бізге көшпелі монархияның көріністерін елестетеді. Осы жерде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың мына ойлары хан билігінің сипатын беретіндей: «Қазақ мемлекетінің іргетасын тап осы төре тұқымының өкілдері қалады. Қазақ қоғамындағы жоғары мәртебе иесі сұлтандар, яғни Шыңғысханның ерке кіндікті ұрпақтары-шыңғысзадалар болды.

Олар қазақ қоғамындағы ең бір ықпалды күшке айналды. Шыңғыс тұқымынның балалары туғаннан-ақ сұлтан атағын иемденіп, осынау әлеуметтік топтың тұқым қуалайтын мүшесі ретінде құқыққа ие болды. Былайынша, хан тағының заңды үміткері саналып, әскери қызметтен басқаға араласпады, жазаланудан, билер сотына түсуден азат болды» [2, 206 б] . Бұл айтылған жағдайлар қазақ тарихында өткен көшпелі монархиялық мемлекеттердің ерекшеліктерін әлі де болса, терең зерделеуге, оның мәнін түсінуге бізді итермелейтіндей.

Монархиялық басқару нысанындағы мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу және оның бүгінгі таңдағы жай-күйіне ерекше мән беру, еліміз үшін стратегиялық тұрғыдан да маңызды болып отыр. Сол арқылы ғана біз, монархиялық басқару нысанындағы мемлекеттермен жемісті қарым-қатынас жасауға негіз қалай аламыз.

Жоғарыда айтылған жағдайлардың барлығы, жұмыслық жұмыс тақырыбының бүгінгі күн талабына жауап беретіндігін және тарихи-құқықтық тұрғыдан ғана өзекті болып табылмай, қазіргі өмір шындығында да, маңызды екендігін көрсетеді. Осы айтылған жағдайлардың барлығы жұмыслық жұмыс тақырыбының дер кезінде туындап отырғандығын аңғартады. Сонымен қатар, қазақстандық заң ғылымында монархиялық басқару нысаны осы уақытқа дейін жүйелі түрде арнайы қойылып, зерттелмегенін ескеретін болсақ, онда тақырыптың теориялық тұрғыдан да өзектілігін көрсетеді.

Монархиялық басқару нысаны ежелгі дәуірлерден бері келе жатқан құбылыстың бірі болып табылады. Сондықтан да, монархиялық басқару жүйесі туралы ой-тұжырымдар да, өзінің бастауын ежелгі дәуірлерден алады. Монархиялық басқару жүйесі туралы антика дәуірінің ойшылдары Платон, Аристотель, Полибий, Цицерондар өздерінің еңбектерінде талқылап өткен болатын.

Орта ғасырлық Қазақстан ойшылдарының монархиялық басқару жүйесіне қатысты ойлары Орхон, Енисей жазбаларында, М. Х. Дулати еңбектерінде, Әл-Фараби, Ж. Баласағұн және т. б ойшылдардың көзқарастарында көрініс табады.

Ал орта ғасырлардағы европалық ойшылдардың көзқарастарында монархия идеясы мемлекет пен дін арасындағы күреске үлкен ықпал етті. Бұл кезеңдегі ойшылдар Ф. Аквинский, И. Соборский және т. б мемлекетте діни биліктің үстемдігін қолдаған болатын. Осы кезеңдерде монархиялық бақсару жүйесі туралы ерекше еңбек еткен ойшылдың бірі, Д. Алигьери болып табылады.

Жаңа дәуірлерде монархиялық басқару жүйесі құқықтар мен бостандықтарды, саяси қақтығыстарды реттеудің бірден-бір оңтайлы нысаны деп бағаланды. Мұндай көзқарастарды сол кезеңнің ойшылдары Т. Гоббстің, Дж. Локктың, Г. В. Ф. Гегельдің, Дж. Виконың, Е. Роттердамскийдің және т. б пікірлерінен кездестіреміз.

Сонымен қатар, монархиялық басқару жүйесінің зерттелуіне ресейлік ғалымдар мен ойшылдарда көптеп ат салысты. Ресейлік ойшылдардың ішінде К. Д. Кавелин, В. М. Гессен, М. М. Коркунов, Б. М. Чичерин және т. б монархиялық басқару жүйесіне халық өкілдігін астастыруды қолдаған болатын. Ал, К. Н. Леонтьев, Л. А. Тихомиров, И. Л. Солоневич, И. А. Ильиндер Ресей мемлекетінің гүлденуін тікелей монархиялық басқарумен байланыстырды.

Кеңестік кезеңде таптық идеологияның салқыны қоғам өмірінің барлық саласын шарпып өткен болатын. Бұл мемлекет және құқық теориясына да, өзінің көлеңкесін түсірді. Соның салдарынан кеңестік кезеңде мемлекет нысанына байланысты, оның басқару жүйесіне қатысты мәселелер қарқынды зерттеле қоймады. Кейінгі кезеңде мемлекеттің басқару нысанына байланынысты А. Б. Венгеров, А, В. Малько, М. И. Матузов, В. Е. Чиркин, В. С. Нерсесянц, З. М. Черниловскийлер кеңінен қалам тарты.

Қазіргі кезеңде Қазақстандық ғалымдардың монархиялық басқару жүйесін зерттеуге ат салысқандардың қатарына: С. З. Зимановты, С. С. Сартаевты, Ғ. С. Сапарғалиевты, М. Т. Баймахановты, С. Н. Сабикеновты, З. Ж. Кенжалиевты, С. Өзбекұлын, Н. Ө. Өсеровты, А. К. Котовты, А. С. Ибраеваны, Т. А. Ағдарбековты, Е. К. Нұрпейісовты, Б. А. Майлыбаевты, Ө. Қ. Қопабаевты, З. К. Аюпованы және т. б жатқызуға болады.

Монархиялық басқару жүйесінің зерттелуіне қосылған мұншама үлеске қарамастан, осы уақытқа дейін монархиялық басқару жүйесі арнайы қойылып жүйелі түрде отандық заң ғылымында әлі толық деңгейде өзінің бағасын ала қойған жоқ.

Біздің зерттеуіміз дер кезінде осы олқылықтың орнын толтыруға бағытталып отыр.

Жұмыстың негізгі мақсатын - қазіргі кезеңдегі монархиялық басқарудың жүзеге асуы және монархияның саяси-құқықтық ой тарихында бағалану ерекшелігі құрайды.

Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді шешу көзделеді:

  • монархиялық басқару нысанының әлемдік саяси-құқықтық ой тарихындағы концепциясына ғылыми саралау жүргізу;
  • монархиялық басқару нысанының ұғымына байланысты теориялық түсініктерге талдау жасау;
  • монархиялық басқару нысанының тарихи типтерін саралау;
  • монархиялық басқару нысанын түрлерге жіктеуді жүзеге асыру;
  • қазіргі кезеңдегі монархиялық басқару нысанындағы мемлекеттердің дамуына талдау жасау.

Жұмыстың негізгі қол жеткізген байлам-түйіндерін мемлекет және құқық теориясы, конституциялық құқық саласындағы жеткен ғылыми жетістіктерді одан әрі дамытуда басшылыққа алуға болады.

Сонымен қатар, қазіргі кезеңдегі монархиялық басқару нысанындағы мемлекеттердің басқару жүйесін жетілдіруде және ол туралы құнды пікірлер білдіруде ерекше маңызды болып табылады. Зерттеудің негізгі нәтижелерін отандық заң оқу орындарында, мемлекет және құқық теориясынан, құқықтық және саяси ілімдер тарихы, салыстырмалы құқықтану т. б пәндерден дәрістер жүргізуде және тәжірибелік сабақтарды өткізуде пайдалануға болады.


1 МОНАРХИЯЛЫҚ БАСҚАРУДЫҢ САЯСИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙ ТАРИХЫНДАҒЫ ОРНЫ

1. 1 Монархиялық басқару идеясының саяси-құқықтық ой тарихында қалыптасуы мен дамуы

Монархия идеясы адамзат баласын сан ғасырлардан бері ойландырып келе жатқан бүгінгі күнде, өзінің маңызын жоғалтпаған идеялардың бірі болып табылады. Оның негізінде ортақ заңдылықтары да бар. Себебі, монархиялық басқару мемлекеттік басқарудың алғашқы нысандары ретінде өмірге келді. Сондықтан да, бұл басқару жүйесін жетілдіру туралы саяси-құқықтық ойда сол кезеңнен бастап, өмірге келе бастады.

Монархиялық ұғым-түсініктер ежелгі дәуірдің өзінде қоғамдық өмірде орын алған болатын. Алғашқы мемлекеттік бірлестіктер ежелгі шығыста пайда болғандығын біз жақсы білеміз. Ежелгі шығыста біз сөз ететін монархиялық басқарудың шексіз нысаны, яғни деспотиялық монархия өмір сүрді. Сондықтан да, ежелгі шығыста монархияның бұл нысаны туралы да өзіндік көзқарастар орныға бастады. Адамзат тарихында осы күнге дейін толық күйінде жеткен алғашқы құқықтық мұра «Хаммурапи заңы» болып табылады. Хаммурапи заңы шамамен бд. д. 1792-1750 жылдар аралығында өмірге келген заң болып табылады. Бұл заңды қазіргі зерттеушілер 282 бапқа бөліп жүр. Хаммурапи заңында негізінен хаммурапидің заңды Шамас құдайынан алғандығы бейнеленеді. Бұл биліктің құдайдай берілгендігін көрсетумен қатар, патшаның жердегі құдайдың бірден-бір өкілі екендігін бейнелейді. Осы суреттеменің өзі ежелгі дәуірдің өзінде монархиялық басқарудың элементтерінің қалыптаса бастағандығын айқындайды. Сонымен қатар, Хаммурапи заңында кездесетін мына жолдар: «Жоғары Мәртебелі Ану аннунактар патшасы және Эллиль, аспан мен жердің әміршісі, Мардуктер елінің тағыдырын шешуші, Эйидің (эа) алғашқы төл перзентіне игигтер арасында барша адамдарға әмір жүргізуді табыстады, оның мәртебесін асырды, Бабыл (Вавилон) оның есімін аса құрметпен атады, дүниенің төрт бұрышына даңқын жайды және аспан мен жер секілді іргесі берік, мәңгілік патшалығын орнатты, сонда мені, Хаммурапиді, қамқор (және) құдайдан қорқатын әміршіні елде әділдік орнауы үшін, заңсыздық пен зұлымдық атаулы жойылуы үшін, күштілер әлсіздерге зорлық қылмауы үшін, осы елдің әміршісі етті, ал мен Шамаш секілді Қарабастардың төбесінен көріндім және елді нұрға бөледім, Ану мен Эллунис, адамдарды абзалдандыру үшін мені осылай атады» [3, 254-255 бб] . Жоғарыдағы ойымызды дәлелдей түседі деп айтуымызға болады. Ежелгі дәуірдегі шығыста Вавилонды алып қарайтын болсақ та, сонымен қатар Үндістан мен Қытайдың саяси-құқықтық ой - пікірінде жеке тұлғаның мемлекеттік басқарушы ретіндегі сипаттамасы әрқашанда бөлініп алынып, қарастырылатын. Осы жерде бір ескеретін жағдай ежелгі шығыс елдерінің саяси-құқықтық ой-пікірі әрқашанда қоғамдық ойдың басқа нысандарымен синкретті түрде дамитындығында. Бұл жалпы Ежелгі Шығыстағы саяси-құқықтық ойды бағалауды ескеретін негізгі жағдайдың бірі.

Ежелгі Антика дәуірінің ойшылдары жария билікті ұйымдастырудың саяси-құқықтық концепциясын қалыптастыруға ерекше үлес қосты. Солардың ішінде бөліп айтатын тұлғалардың қатарына Платонды (бд. д 427-347), аристотельді (бд. д 384-322), Полибийді (бд. д. шамамен 201-120 жж. ), Цицеронды (бд. д. 106-43) және т. б жатқызуға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет басқару нысанын зерттеудің теориялық құқықтық негіздері
Мемлекет басқару нысаны
«Мемлекет нысаны түсінігі, түрлері және ерекшелігі»
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ МОНАРХИЯНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ
Мемлекетің құрылым нысаны
Мемлекеттің құрылымдық нысаны
Мемлекеттік нысандар
МЕМЛЕКЕТТІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ МЕН МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы унитарлық (біртұтас) мемлекет
Мемлекет мазмұны мен формасының бірлігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz