Қазақстанның қайталанбас тарихи - мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру, тұмшалау мен пайдалану


«Мәдени мұра» бағдарламасының ұлттық идеяны қалыптастыруда тигізетін әсері көп. Бірақ ұлттық идеяны қозғамас бұрын ерте заманғы мұраларға біраз тоқталып өткеніміз жөн. Өйткені төл мәдениетіміздің өзегі-түркі тектес халықтардың көне дәуірінен басталады.
Алайда, көне тарихымыз, мәдениетіміз бен жазба әдебиетіміз соңғы жетпіс жыл бойына жолы кесіліп, жоны тесіліп, құрсауланып жатты. Қадіми кітаптар құмға сіңген судай ғайып болып, әдебиет пен мәдениет мұралары талауға түсті. Көнекөз қарттар қолда сақталған жазба шежірелерді, тарихи мұраларды өзгелерге көрсетуге қорықты. Ауызша таратуға да жүректері дауаламады. Соның салдарынан ұлттық санамызды айқындайтын салт-дәстүрлеріміз ұмытыла бастады. Көне тарихты білетін құнтты адамдар құрт азайып кетті. Содан болар мәдени мұраларды, тарихи оқиғаларды, дара тұлғаларды зерттеу кезінде көп қиыншылықтарға ұшыраймыз.
Тек қана еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғана көне мұраларға, шежірелік кітаптарға көңіл бөліне бастады. Есімін халық қастерлеген тарихи адамдардың өз ұрпақтарымен жүздесуіне мүмкіндік туды.
Мәдениеттің тұрақты жағы-мәдени дәстүр, соның арқасында тарихтағы адамзаттық тәжірибе жинақталады, әрбір жаңа ұрпақ жасаған тәжірибесіне сүйеніп, оны кемелдендіреді, дамытады. Ертедегі бабаларымыздың өмірлі өнегесі, қадір-қасиеті бізге аңыз күйінде жетті. Батырлардың, билердің, шешендердің, ғалымдардың есімдері халық жадында сақталады. Олардың тұрмыс-салтарын, әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін қастерлеп ұстап, жалғастырып келеді. Бұл көне мұралар жазба шығармашылыққа ауысып, кейінгі ұрпақтың игілігіне, алтын қазынасына айналды. Қазіргі қоғамда адамдар мәдениетті бойына сіңіре отырып, оның үлгілерін қабылдайды.
Жалпы алғанда, қазақ халқының тұрмыс-жіршілігіне, салт-дәстүрін қалпына келтіруге, ұлттық идеяны қалыптастыруда «Мәдени мұра» бағдарламасының маңызы зор.
2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің «ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізгі бағыттары» қазақстан халқына жолдауына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылы 5 қыркүйекте №903 қаулысымен бекітілген. Осы бағдарламаны әзірлеу мәдени мұра саласында қалыптасқан ахуалға неғұрлым белсенді де сындарлы ықпал ету қажеттілігінен туындады. Әкімшіл-әміршіл жүйенің кезінде қазақ халқының тарихы, қалыптасқан мәдени ескерткіштері ұмытылды, қайсібіреулері қиратылды. Оларға ескінің қалдығы деп қарады. Бұлар енді ғана, осы «Мәдени мұра» бағдарламасының арқасында қалпына келтіріле бастады. Тарих пен мәдениеттің 30-дан астам маңызды ескерткіштері қайта жаңғыртылды.
Рухани байлық-әр халықты сақтап қалатын және өмір сүру құқығын дәлелдейтін қайнар бұлақ. Халқымыздың ұлттық дүниетаным ерекшелігін, рухани мәдениетімізді, ұлттық идеямызды әлемге танытатын кез келді. Сондықтан ұлттық идеяны алыстан іздеп, тон пішпей, сол қазақтың мәдени мұраларынан, қазақтың өзінен іздеуіміз керек.
«Ұлт» деген ұлағаты бойында, қандас, бауырмал, өзектес жандардың шаруашылық тауқыметі ойында, болашағы отбасы мен Отанының жолында, өз тағдыры өз қолында, тілі бір, ділі бір жандардың қауымдастығы болса керек. Оларды ортақтастыратын тілі, тағдырластыратын тарихы, сырластыратын, силастыратын, мұндастыратын, жарластыратын, әдебиеті, ата мекенінің тұтастығын, бүгінгі мен ертеңін ойластыратын, отанын қорғауды ұйымдастыратын мемлекеті. Ендеше, тіл, тарих, әдебиет-ұлттың жаны мен қаны, рухани болмысы. Тіл дамып, әдеби тілге айналған тұста, шығыстанушы академик Н. И. Конрад айтқандай, жаңа этнос қалыптасып, биік тұғырға қонады. Тек тіл, тарих, әдебиет бірігіп-кірігіп, тұтас бір рухани материк болып ұлттық болмысты тудырады. Халық-дария, одан батыр да, ақын да, дана да шығады. Халық-Отан тұғыры, ел іші кеніш, көп қорқытады, терең батырады. Ал осы халық рухты болса көші еселенеді, ол өз ортасынан батыр өсіреді, рухсыз халық қара тобырға айналады.
Отан-табиғи, тарихи, әлеуметтік, саяси, мәдени орта, адам баласының тіршілігінің негізі. Әр халықтың өз Отанын, ата мекенін сүю-заңдылық. Отан сүю қанмен бармайды, ана сүтімен, тәрбиемен келеді, әр пенденің әлеуметтік тұлғасымен, азаматтық санасымен негізделеді. Ұлтжандылықтың әлеуметтік тұғыры-халық. Халық-өз отаны үшін қандай да болмасын қиындыққа көнеді.
Отанжандылық, ұлтжандылық-ұлтшылдық емес. Ұлтын сүю, оған табыну ғана емес, ұлтына еңбек ету. Ұлттық идеяның негізі-ұлттық тағдыр-талайы аумалы-төкпелі өмірбаянында, мәдени құндылықтарда. Сонымен бірге, ұлттық иммунитетінде. Ал иммунитет дегеніміз-адам бойындағы белгілі бір қоздырмалы ауруды улы әсері болғанына қарамастан бойына толық сіңірмей, оған қарсы көрсететін әрекеті толыққанды жетілген қасиет. Қазақтың пәлен ғасырлық жоңғар-қалмақ, орыс, тағы да басқа сырт жаугершілігінен аман қалуының сыры сонда. Сондықтан мына алып Қазақстанның иесі алдымен қазақ, ал ондағы диаспора саналатын ұлттар мен ұлыстар соған ортақ, яғни қазандас халық.
«Мәдени мұра» бағдарламасы ұлттық рухты
қалыптастырудың факторы ретінде
Мәдениет - адам ісінен шыққан жасанды нәрселердің бәрі өнер дүниесі, өйткені олардың жасалып шығуына адам ақылы, әуесқойлық, шеберлігі, өнер күші кіріскен. Ахмет Байтұрсынов мәдениетті екі салаға бөліп, «тіршілік үшін жұмсалатын тірнек өнері», көркемділік үшін жұмсалатын нәрселерді жасауға арналған өнер «көрнек өнері» болады деп қараған. Бұл жіктеу - иатериальная, духовная - деген мәдениет түрлері әлемдік әдебиетте де бар. Мәдениетке деген тұтас баянды көзқарас жоқ десе де болады. Әдебиетте бұл күні мәдениеттің мыңнан астам анықтамасы бар.
Ұзақ жылдар әлемдік мәдениет тарихында дала өркениеті, оның мәдениеті мойындалмай келді. Кешегі советтік дәуірде мәдениет туралы ұғым қарабайырланды. 20-шы жылдары сауатсыздықты жоюға лап берген кезде мәдениеттілік ұғымы сауат ашу деңгейіне дейін түсірілді. Мәдениет - мәдени - ағарту жұмысының аясында қалды. Идеологияландырылған мәдениет біркелкі советтік мәдениетті - мазмұны социалистік, түрі ұлттық мәдениетті қалыптастырды. Сөйтіп, ұлттық мәдениет өзінің ғасырлық мазмұнынан айырыла бастады. Солай бола тұрса да қазақтың ұлттық сәулеті, сымбат, кескін, әуез, әдебиет өнерлері шарықтап дами бастады. Сонымен бірге ұлттың діңі, ділі, тілі қасіретке ұшырады, халықтың ұлттық санасы көмескілене бастады, мәдениет саясат құралына айналды. Қазақ мәдениеті өзінің көшбастар көсемдерінің қалың тобынан айырылды. Жаңа тәуелсіздік заманасы қазақтың ұлттық мәдениетін мемлекеттік деңгейге көтерді. Ол көпұлттық сипаты бар Қазақстан мәдениетінің өзегіне айналды. Ұзақ жылғы қуғын - сүргін, зобалаңнан ақталған қазақ мәдениетінің ұлыларының мұрасы халық қазынасына қосылды. Дегенмен де қазақ мәдениетінің осы ту көтерген тұсында проблемелары баршылық.
Ең алдымен, қазақ мәдениеті әлемдік мәдениет өрісінің түлегі. Біз жаңа заманада өзімізбен өзіміз шектеліп, томағы - тұйықта қалып қою қаупінен сақтануымыз керек.
Мәдени мұралар жасауда бұл күні кәсібилік өнерді әуесқойлық өнер жеңіп бара жатқан көріністер жиі кездесетін болды. Өіне, әкесіне ұқсатып, не болмаса кез келген шығыстың ғұламаларының бейнесіне еліктеп салған ешбір мәдени құны жоқ, біркүндік ескерткіштер республиканың әр жерінен бой көтеруде. Ескерткіштер жобаларына әкімдер, билік жүйесінде жүргендер өз шешімімен өзі сүйген өнер иелеріне тапсырыс беріп, бұйрықпен қабылдауда. Конкурс болмаған соң көптеген талантты жастардың қанаты қырқылып өсу жолынан өшу жолына түсуде. Тәуелсіздік - мәдени, рухани мәдениетті жаңа сатыға көтеретін фактор. Ол үшін қазақ мәдениетінің қайраткерлерінің рухани бірлігі керек, мәдени даму жаңа жүйеге салыну керек. Жаңа жиырма бірінші ғасыр мәдени дамуымыздың негізгі бағыттары анықталуы керек. Әлемдік кеңістікте қазақ мәдениеті өзіндік қолтанбасы болуын зерделеу міндеті тұр. Алдыңғы буын ағалардың кейінгі буын інілері, балалары туын биік ұстап, мәдениеттің Хан тәңіріне бір сәт шаршамай, шалдықпай, торықпай беруі - үміт оты!
Халық - дария, одан батыр да, ақын да, дана да шығады. Халық - Отан тұғыры, ел іші кеніш, көп қорқытады, терең батырады. Ал осы халық рухты болса көші еселенеді, ол өз ортасынан батыр өсіреді, рухсыз халық қара тобырға айналады. Адам баласы жаратылғаннан бері 70 млрд. астам адам өмірге келді. Бірақ өркениет тарихында рухты халықтардың аты қалды, заты қалды. Рухты халықтың алды жарық, Рухты халық - жасампаз алып, тарих рухтың еңсесі биік, есесі мол екенің ертедегі гректер, римдіктер, визатийліктер, ежелгі ғұндар, түріктер, Шыңғыс хан дәуіріндегі мұнғылдар дәлелдеді.
Рух - деген не?
Рух - Ахмет Байтұрсыновтың анықтамасы бойынша, халықтың жаны. Аруақ Шоқанның айтуы бойынша, ата - баба рухы. Рух - туған жер, туған ел, ана тілі, ата тарихы, ұлт менталитеті ұғымдарымен, түйіндеп айтқанда, Отанмен тағдырлас. Ұлың рухты болса сүйікті, қызың қылықты болса бақытты. Рухты жан - Азамат - Адам, рухсызы - тұғырсызы - надан, не есалаң. Бір сөзбен айтсақ: Рух адам баласының жан дүниесінің арқауы.
Жалпы адамзаттың қоғам және жеке адамдар болмысының мәнің ұғу, олардың материалдық, рухани қатынастарының қалыптасуы мен оны қабылдаудың, түсінудің жаңа түрлерінің туындауы ХХ ғасырдың соңғы онжылдықтарында түрлі ғылыми талпыныстар, діни сенімдер және мәдениеттану мәселелері арқылы жүргізілуде. Әрине, бұл мәселелердің ғасырлар бойғы қарастыру жағдайларын назардан тысқарылатып отырған жоқпыз. Қайта ол мәселелелер өздерінің нақты сипатын жинақтап, өзіндік ерекшеліктерімен енді ғана қалыптасып келе жатқан мәдениеттану ғылымының төрінен көрінуде. Мәдениетті зерттеудің мұндай тарихи дәстүрлері антропология, социология, психология, тарих, тіл білімі сияқты жалпы гуманитарлық ғылымдар өкілдерінің назарынан күні бүгінге дейін тыс қалған жоқ. мұның өзі мәдениеттану ғылымының әр тектілігіне меңзейді. Зерттеулердің бұл дәстүрлі түрлері алдағы уақытта да, өздерінің заңды жалғастарын таба беретіндігіне ешкім де шүбә келтіре қоймайды.
Алайда жоғарыда көрсетілген жалпы адамзат, жеке адамдар болмыстарының мәні сияқты ақырғы сұрақтарының түсінілуі, танылу жеке ғылым, діни сенім, философия бағыттарында немесе басқа да гуманитарлық білімдер негізінде мүмкін емес екендігін ғасырлар бойғы, күні бүгінгі ақиқаттың өзі көрсетіп отыр. Мәдениет - адам болмысының жасалу тәсілі.
Адам - барлық мәдениеттанымдық мәселелерінің негізі. Осыған байланысты мәдениет түсінігін туптеп келгенде адамдардың қарекеттерінің алғашқы арнайы болмыс тіршілігінің амалы ретінде қабылдай отырып, мәдениетті адамдардың іс-қимылы арқылы түсіну қажеттілігін есте сақтау керек. Мәселені қиындатпай, бір нәрсені атап өткен жөн: «қаракет» түсінігі - бұл адам мен әлем қатынасының белгілі бір типі.
Мәдениет бұл былайша айтқанда, адам мен табиғаттың байланысының принципі, оның қоғамдық өмірге енудің әдісі, сана сезімнің механизмі, басқа құбылыстардан оқшауланбайтындығы және өзіне тән автономиялығы мен бірегейлігі бар ғылым.
Мәдениет бұл әлемге және тұлғаға адами мағына, мән енгізуге мүмкіндік береді. Ол адамзат дамуындағы көп ғасырлар бойы жинақталған қабілеттілігін пайдалану үшін өзіне сіңіріп алады. Мәдениетті болу бұл қолдан келтіру. Көптеген заттарды қолдана білу, ғасырлар бойы қалыптасқан құбылыстарды бүгінгі маңыздылықты өз күйінде және өзі арқылы көре білу.
Рухани құндылықтар мен дәстүрлердің өсіп келе жатқан жас, жеткіншек ұрпақты, бүгінгі заманның көшіне ілесе алатын буын, бітім-болмысы мықты, дүниеге өзіндік көзқарасы бар, атадан балаға мирас болып келе жатқан ақжарқын мінезі мен биік адамгершілік қадір-қасиеттерді бойына жинақтаған жаны жомарт, ділі мен тілі таза азамат, жеке тұлға ретінде қалыптастыруда, қоғам өміріне бейімдеп, әлеуметтендіруде алатын өзіндік орны мен рөлі біршама. Осыған байланысты халықтық тәрбие көздерінің тарихи орны мен рөлін объективті тұғыдан дұрыс бағалап, зерделеу бүгінгі таңда терең мәнді әлеуметтік маңызға, педагогикалық сұранысқа ие болып отыр. Себебі, өткеннің педагогикалық мәдениетін білу, оны ой елегінен өткізу және пайдалану қазіргі жағдайларға жас жеткіншек ұрпақты тәрбиелеудегі әлеуметтік күрделі проблемаларды ойдағыдай шешуге жәрдемдеседі.
Халық педагогикасы - ұлттық қазына, рухани дүние. Халық педагогикасы - қазақ халқының сан ғасырдан бері атадан балаға өлмес мирас болып келе жатқан тәрбие жөніндегі жинақталған тәжірибесі. Мұндағы бас тәрбиеші - халықтың өзі. Ол ұрпақтан ұрпаққа ауыса отырып, бірте-бірте қордаланып, кемелдене келе «халық айтса, қалт айтпайды» дейтіндей кем-кетіксіз, ақаусыз халық игерген тәрбие негізі.
Халықтың ізгілік және адамгершілік тәрбие мұраттары негізіне алынған халықтық педагогиканың прогресшіл дәстүрлерін қайта өркендету аясында ғана білім беру мен тәрбиелеу мазмұнын жаңғырту процесі айрықша мәнге ие бола алады. Бұл мұраттарды орынды және мақсатты пайдалану жеткіншек ұрпақты туған жерге, еңбекке сүйіспеншілік, үлкендерді сыйлау, әр түрлі ұлттар мен ұлыстар өкілдерін құрметтеу және олармен шын пейілді қарым-қатынас жасау табиғатқа аялап қарау рухында тәрбиелеуде жәрдемдесе алады. «Халықтық педагогика, мектептік оқыту мен тәрбиелеу процесінде жеткіншек, жас ұрпақтың бойына білгілі бір ұлттың ғасырдан ғасырға, атадан балаға мирас болып қалып келе жатқан өзіндік ұлттық қадір-қасиеттерін, ұлттық сана-сезімі мен психикалық ерекшеліктерін, салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын, жөн-жоралғыларын, ұлт мәдениеті мен өнерін, көркем әдебиеті мен фольклорын, т. с. с. сіңіру үлгі-өнегесі, бір сөзбен айтқанда, адам баласына жұғысты барлық адамшыл қадір-қасиеттер рухында баланы тәрбиелеуде қолданатын тәлімдері».
Қазақ халқы да бай тарихтың, мәдениеттің, өнердің, ұрпақ тәрбиелеудегі өзіне тән тәрбие көздері мол әрі әдістері ұлттық ерекшеліктерді қамтыған мұраның иесі. Сонау ҮІІІ-ІХ ғғ Әл-Фараби, Қорқыт Ата мұраларынан бастап, Ахмет Ясауи, Асан қайғы, Өтейбойдақ, Қадырғали Жалаири, Қазтуған, Үмбетей, Сыпыра, Доспамбет, Бұқар т. б. қазақ даласы философтарының ой-пікірлері, жыраулардың толғауларының мазмұны адамгершілік-имандылық, рухани-эстетикалық, отаншылдық мәнімен аса маңызды.
Ауыз әдебиеті-халық пдагогикасының тұнық мұхиты. Мақал-мәтелдердің, өсиет өлеңдер мен ертегілердің, жаңылтпаштар мен жұмбақтардың, батырлар жырының халықтық педагогика тақырыбын қамтымайтыны болмайды.
Қазақ отбасының тәрбиесіндегі өскен ұрпақ, халықының экономикалық, әлеуметтік, тарихи, мәдени ерекшеліктерін бойына сіңіре отырып, сол материалдық, рухани құндылықтарды адамдар арасындағы қарым-қатынаста, өзі өмір сүрген ортада жарасымды пайдалануды да меңгеріп отырған. Бұл жерде ата-әже, әке, ана тәрбиесінің, олардың жеке бастарының мінез-құлық, этикалық қасиеттерінің, бала тәрбиесінің қалыптасуына ықпалы мол болған. «Әке-балаға сыншы»-дейді қазақ. Әке балаларының жеке ерекшелігін, қандай іске, өнерге бейімділігін ескере отырып, олардың бойындағ табиғи қасиеттерін дамытуға күш салады. Парасатты әке балаларына, ата-бабаларының, ауыл-аймақтың қадірлі адамдардың іс-әрекеттерін, жарасымды қатынастарға тұлға ретінде енуіне ықпал жасап отырған.
Адамгершілік қадір-қасиеттерді ұрпақ бойына сіңіру, жалпы қазақ қоғамының, отбасының тәлім-тәрбие қағидалардың басты өзегі. «Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет» деген қағидадан бастау алатын адамгершілік тәрбие мазмұны ұрпақты қоғамдық, әлеуметтік ортамен, адамдармен ортадағы қарым-қатынастарға енуіне ықпал жасайтын жағымды мінез-құлықтық қасиеттерге баулиды.
Халық педагогикасының мақсаты, міндеттері, тәрбие көздері, принциптері, бұл саланы зерттеген педагог - ғалымдар: Г. Н. Волков, А. Э. Измайлов, Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, К. Қожахметова, Қ. Бөлеев, Ә. Табылдиев т. б. теориялық, оқу-әдістемелік еңбектерінде тұжырымдалған, әрі бүгінгі таңда мектеп және педагогикалық оқу орындарының оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану жолдары мен әдістері дәйектелген. Авторлардың бәрі дерліктей халықтық педагогиканың мақсатын өткен ұрпақтың ғасырлар сынынан өткен тәлім-тәрбиелік тәжірибелерінің негізінде болашақ ұрпақты ұлттық болмысымызға сәйкес тәрбиелеу деп қорытындылайды.
Ата-ананы, үлкенді, туысқандық байланыстарды терең құрметтейтін ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер негізінде бала беделі өседі. сондықтан да халықтық тәрбиенің негізі талап қою мен мейірімділігінде қатар тұрады.
Тәуелсіздігімізді жариялаған күннен бастап, рухани кеңістігіміз бос қалды. Дәл осы олқылықты пайдалануға кімдер ұмтылмады дейсіз. Ең алдымен, діни миссионерлер қаптады. Келсін-келмесін әркім өз діндерін уағыздап, Қазақстанның рухани кеңістігінен орын алуға талаптанды. Соның нәтижесінде, көп дінді, көп конфессиялы ел атандық. Бұнымен де тұрмады саяси идеологтар «еуразиялық» дейсіз бе, «қазақстандық» дейсіз бе, әйтеуір түр-тұлғасы қазаққа жат идеяларды тықпалай бастады. Бірақ, биік мінберден «қазақтық идеяны» ұсынып, оны қолдап кеткен адам аз болды. Идеологиялық бағыт-бағдарымыздың әлі күнге дейін бір ізге түспеуі салдарынан болар, жазушыларымыз сүбелі туынды жаза алмады, зиялыларымыз ақырып теңдік сұрауға жалтақ. Сөйтіп, елімізде идеологиялық солқылдақтық пайда болды.
Қазір жиі айтыла бастаған «қазақстандық ұлт» және «үш тілділік» идеясы түбінде өмірщең бола қоймйтыны айдан анық. Қазақстан қоғамы бұл идеяны мүлдем қолдап кете қойған жоқ. Әлсіз болса да әр жерден ұлт патриоттарнының үні құмығып естіле бастады. Баспасөзде бұған орай әркім өз пікірін білдіріп жатыр. Демек, бұл құбылыстың жалпыхалықтық сипат алып, жаппай қолдауға ие болып кетер түрі жоқ. Қазақ идеологтары іргемізде тұрған Ресейдің саяси-экономикалық жолын таңдауға құштар. Ресей жүрген соқпақпен жүруге ынталы. Алайда, Ресейдің ұлт саясатына көзжұмбайлықпен қарайды. Әрине, Ресей төлқұжатында «ресейлік» деп жазуды таңдағанмен, «ұлы орыстық» идеясы бекем.
Мемлекеттік тарихы мың жылдарға созылса да, ұлт ретінде тарих сахнасынан берік орын алса да, оның ұлт ретінде пісіп жетілмегені жайлы сөздің қозғалуының өзі ұлттың өзіне деген сенімінің азаюын танытса керек. Осыдан бір ғасыр уақыт бұрын, Ресейдің қоластында, тіпті автономиялық дәрежеміз де бола қоймаған кезде «Алаш» зиялылары осы мәселені күн тәртібіне қойып көрмеген екен. Ал, мемлекет тәуелсіздігін қолына алып, тарих сахнасынан қайта орын алған жиырма бірінші ғасырда, мұндай солқылдақтық танытуымыз, ұлттық рухымыздың кеми түскендігін білдірсе керек. Қазақ ұлт ретінде қалыптасқалы алты ғасыр уақыт болды. Соның нәтижесінде отаршыл күштердің табанды езгісінен аман қалды. Ұлт ретінде жойып жіберуге қандай амал-айла жасаса да, қазақ бүгінге жетті. Тәуелсіздіктің көк байрағын желбіретті. Енді осы байрақтың мәңгі желбіреуіне жұмыс істеуіміз керек. Ол ұшын әлсіреп кеткен ұлттық санамызды оятуымыз қажет. Өсіп келе жатқан өрімдей жастарымыздың санасына өзін-өзі кемсітетін идеяларды таңбаған жөн.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz