Жинақтаушы зейнетақы қорымен есеп айырысудың есебі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   

Ең алдымен МЗЖесептеу, ұстап қалу тәртібі мен аудару мерзімдері зейнетақы заңдарымен, атап айтқанда: 11. 06. 2004 . № 562 Қазақстан Республикасы Заңымен енгізген өзгерістермен бірге «Қазақстан Республикасы нда зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 20. 06. 1997ж. № 136 Қазақстан Республикасы Заңымен және Қазақстан Республикасы Үкіметі 16. 02 . 2004ж № 185 қаулысымен енгізген өзгерістері ескерілген, үкіметтің №245 қаулысымен бекітілген міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережелеріне (№245қаулы) сейкес реттелінетін білу қажет.

Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы міндетті зейнетақы жарналары еседінен зейнетақы мен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан

және жинақтаушы зейнетақы қорына жеке зейнетақы шоты бар жеке тұлға болып табылады.

Міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөнінде агент Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын шетелдік зоңды тұлғаны қоса алғанда, (жеке кәсіпкер) немесе заңды тұлға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын есептеп шыратын, ұстап қалатын(есептеп қосатын) және аударатын шет елдің заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері болып табылады.

Міндетті зейнетақы жарналарының ставкасы-бұл салымшының зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кірісіне процентік қатынаспен көрсетілген және жинақтаушы зейнетақы қорына аударатын төлем мөлшері.

Уәкілетті ұйым (Орталық) осы заңның талаптарындағы міндеттерді жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының үкіметі уәкілдік берген заңды тұлға болып табылады.

Жеке зейнетақы шоты-бұл салымшының (алушының) жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке атаулы шоты, онда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оның міндетті не ерікті зейнетақы жарналары немесе ерікті зейнетақы жарналары инвестициялық кірісі өсімпұл және өзгеде өсімдер есепке алынады және содан зейнетақы төлемдері төленеді.

Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жарналарын тартуды және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен зейнетақы активтерін инвестициалық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылады.

Әлеуметтік жеке код (ӘЖК) - бұл азаматқа, сондай-ақ осы заңға сәйкес зейнетақымен қамсыздандыру құқығы қолданылатын адамдарға берілетін тұрақты жеке код.

Уәкілетті орган - жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициалық басқару жүзеге асыратын ұйымдардың, кастадион банктердің, сақтандыру ұйымдарының қызметін реттеу мен қадағалау жөніндегі функциалар мен өкілеттерді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

Заңның 2-бабының негізінде Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егр заңдар мен халықаралық шарттарда өзгеше көздалмесе, Қазақстан Республикасының азаматтары мен бірдей зейнетақымен қамсыздандыру құқығын пайдаланады.

Мұның өзі, егер шет елдік маман Қазақстан Республикасында алынған оның табысынан міндетті зейнетақы жарналарының ұсталуына тілек білдірсе, онда ол міндетті, сондай-ақ міндетті зейнетақы қорына салымшы болу құқығын пайдаланады.

Салық кодексінің 16-бабының негізінде салық органдары салық төлеушіден жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарының дұрыс есептелгенін және дер кезінде төленгендігін(ұсталғандығынжәне аударылғанын) растайтын құжаттар беруді талап етуге құқылы. Бұған қоса салық төлеушілер мынаны беруге тиіс: есептелген (қоса есептелген, азайтыдған) және түскен міндетті зейнетақы жарналарының сомасының есебі, салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есебі секілді салық төлеушілердің жеке шоттарында көрсетілген, олар әрбір салық төлеушіге жекелей ашылады.

Салық кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Салық комитетіТөрағасының 23 . 12. 2003ж № 530 бұйрығымен(27 . 01. 2004ж №39 бұйрықпен енген өзгерістер мен бірге) Жеке шоттарды жүргізу ережелері(№530бұйрық) бекітілді, ол салық төлеушілердің, салық агенттерерінің жеке шоттарын жүргізу және салық органдарында салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарының есебін жүргізу тәртібін белгілеу.

Осыған байланысты тексерулер жүрген кезде қолайсыз сәттерден аулақ болу үшін бухгалтер жинақтаушы зейнетақы қорларының міндетті зейнетақы жарналарын есептеу және дер кезінде аудару жөніндегі міндеттемесін орындауға мұқиат болуға тиіс.

Практикада кездеседі.

Қызметкер зейнкткерлік жасына жетуінебайланысты 2004 жылғы шілдеден зейнетке шықты, бірақ кәсіпорындағы жұмысын жалғастыруда.

Бухгалтерия қателесіп, шілде және тамыз айлары үшін міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалды және аударды. Кейінне жинақтаушы зейнетақы қоры шілде және тамыз үшін жекелей қайтарды.

МЗЖ түзету қалай дұрыс жүргізуге болады (соның ішінде жеке табыс салығын, әлеуметтік салықты есептеп шығарған кезде), есеп айырысу ведомесіне өзгерістерді қалай дұрыс енгізуге және тқай кезде енгізуге болады (өткен кезең яғни шілде мен тамыз үшін бе әлде қазіргі кезден, яғни қыркүйіктен бе) ?

Заңның 22бабына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден зейнеткерлік жасына жеткен тұлғалар -еркектер 68 жасқа келгенде, әйелдер58жасқа толғандо басталады.

Аталған қызметкер 1 шілдеден бастап зейнеткер болып тодылғандықтан, тап осы айдан бастап оған төленетін табыстырдан міндетті зейнетақы жарналары үсталмауға тиіс.

Осыған байланысты зейнетақы қоры артық ұсталған МЗЖ сомасын қайтарған . Жоғарыда көрсетілгендей, салық заңнамасының нормаларына сейкес жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықты есыптеу ай сайын жүргізіледі. Сонымен, салық міндеттемесінің есептеріндегі түзетуді бұл ретте тиісінше шілде және тамыз үшін жеке жүргізу қажет. Түзету сомаларын тиісті бухгалтерлік анықтамалар мен рәсімдеуге болады. 3 тоқсан үшін салық есептілігі жасаған кезде әр ай байынша салықтардың, МЗЖ- төлеуге тиісті табыстардың дұрыс (түзетілген) сомаларын көрсеткен жөн. Бухгалтерлік есепте түзетуді тиісті сомаларға түелетін кезеңдер ретінде көрсетуге болады немесе қыркүек үшін есептеулердегі жиынтық айырмашылықтар ретінде көрсетуге болады.

Сондай-ақ №245 қаулының 21 тармағына сәйкес қызметкердің табысына салық салуға жатпайтын төлемдердің жекеленген түрлерінің енгізуіне байланысты МЗЖ есептелмеген жағдайда, бухгалтер ЖЗҚ - на түсімдердің сомасын реттеу арқылы түзете алады.

Міндетті зейнетақы жарналарын ай сайын есептеуге не негіз болады. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 15. 03 . 1999ж № 245 қаулысымен бекітілген міндетті зейнетақы жарналарын есептеу және ұстап қалу ережелерінің 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылатын жаңа редакциясының 5- тармағына сәйкес (Қ Р Үкіметінің 16 . 02 . 2004 ж №185 қаулысымен өзгерістер енгізумен байланысты) міндетті зейнетақы жарналары қызметкердің ай сайын есептелетінта бысынан

есептелуге және ұстауға тиіс. Міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі Ереже Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (1- бөлімінің 1-тармағының ) ережелеріне сәйкес әзірленген ін ескеретін балсақ, салық заңнамасында пайдаланылатан(Салық кодексінің 146. 149. 150 . 151-баптары) Қызметкерлердің табысы деген ұғымды басшылыққа алған жөн.

МЗЖ есептеген кезде одан МЗЖ есептелетін табыстың 75 еселенген айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен аспайтын сомасындағы шекткуді ескерген жөн. (Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы «Қазақстан Республикасы Заңының 22-1- бабының 1-тармағы ) 2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы» 5. 12. 2003 ж №505- Қазақстан Республикасы Заңымен ең төменгі айлық жалақының мөлшері 6600теңге сомасында бекітілген, демек, одан міндетті зейнетақы жарналары есептелуге тиіс қызметкердің 2004ж 495000 теңгеден (6600 . 75 ) аспауға тиіс .

Бұған қоса МЗЖ есептелуге тиіс қызметкердің жалақысын анықтаған кезде Ереженің 2004жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа 5-1- тармағының ережелерін де ескерген жөн. Ереженің 5-1- тармағына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары Салық Кодексінің 114 бабы қызметкерге төленетін төлемдердің 15 түрінен және Салық кодексінің 316бабының 4 және 5 тармақшаларында көрсетілген төлемдердің екі түрінен үсталмайды.

Сөйтіп, 2004жылғы 1қаңтардан бастап қызеткердің МЗЖ есептеуге арналған табысын пайдаланылған еңбек демалысы үшін қызметкерге төленетін өтемдер және жеке еңбек шатты бұзған кезде еңбек заңдарына көзделген жағдайлар мен мөлшерлерде төленетін төлемдер алынып тастауға тиіс.

Сонымен, МЗЖ ұсталуға тиіс табыстын мөлшерін анықтаған кезде агент:

- төлемдер қызметкерге жүргізуге тиіс екндігі.

Төлемдер қызметкердің табысына жатқызуға тиіс екндігін (қызметкерге төленетін табыстардың басқа түрлері МЗЖ есептеуге арналған базада ескерілмейді, Мысалы, жалдау ақысы материалға немесе мүлікке төлем, дивидентер, сыйақылар, ұтыстар) басшылыққа алады ;

Қызметкердің табысынан МЗЖ есептеген кезде Ереженің 5-1- тармақшасында көсетілген төлемдер алып тастауға тиіс.

Жинақтаушы зейнетақы қорымен есеп айырысудың есебі.

Зейнетақы қорымен есеп айырусылар есебі «Жинақтаушы зейнетақы қорымен есеп айырысу» деп аталатын шотта жүргізіледі. Меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдар жеке кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғалар шарттар бойынша жұмысшы жолдайтын тұлғалар зейнетақы қорына теарналар аударып тұруға міндетті. Зейнетақы қорына белгіленген мерзімінде жарна төленбеген жағдайларда кәсіпорын өсім сомасын төлейді сондай- ақ ұйымның лауазымды тұлғаларына бұндай жағдай айыппұл салынуы мүмкін.

Жарналар белгілі бір кәсіпорынның ережелерімен жарғыларымен және қолданып жүрген заңдарға сәйкес шығарылған басқа да нормативтік актілермен белгіленген еңбекақының барлық түрлеріне есептелінеді. Жарналар пайдаланбаған демалыс үшін өтемақыға жұмыстан шыққан кездегі берілетін жәрдемақыға материалдық көмек ретінде дерілетін жәрдемақыларға және зейнетақы қорына сақтық жарналарын өндіріп алу мен есепке алу және зейнетақы қоры қаражаттарын жұмсау тәртібі туралы нұсқауда, белгіленген басқа да жағдайда есептелмейді.

Зейнетақы бойынша жарналар сомасы есептеген уақытта кәсіпорынның бухгалтериясында мына түрдегі екі нақты жазу жазылады.

Д-т қызметкер мен еңбекақы бойынша есеп айырысу деп аталатын шоты.

К-т зейнетақымен қамтамасыз ету қорымен есеп айырысу деп аталатын шот.

Ал бұл есептелген жарналар қорға аударған уақытта.

Д-т зейнетақымен қамтамасыз ету қорымен есеп айырысу деп аталатын шот.

К-т Ақша қаражаттары шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылуы тиіс.

Кәсіпорынның зейнетақымен қамтамасыз ету қорымен есеп айырысу деп аталатын шоттардың қалдығында ұйымның зейнетақы қорына аударым қаражаттарын уақытылы төлемегені үшін өсім сомасы көсетіледі.

Уақытылы зейнетақы қорына аударылмаған жарна үшін есептелмеген өсім сомасына бухгалтерияда мына түрдегі жазу жазылады.

Д-т «Жалпы әкімшілік шығындар » деп аталатын шоты,

К-т «Зейнетақы мен қамтамасыз ету қоремен есеп айырсу» деп аталатын шоты.

Ал мұнда соманы кәсіпорын тиісті қорға аударған уақытта.

Д-т «Зейнетақы мен қамтамасыз ету қорымен есеп ауырысу деп аталатын шот,

К-т «Ақшалар » шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.

Зейнетақы қорына төленетін жарналар жұмысшылар мен қызметкерлерге ескптелген еңбекақы сомасынан салықтар сомасы есептелінетін ұсталғанға дейін олардың табыстарының барлық түрлерінен 10% (он пайыз ) мөшерінде ұсталады. Барлық жарна төлеушілер жарналарда ай сайын еңбекақы төлеу мерзімі ішінде аударулары тиіс бірақ келесі айдың 10-жұлдызынан кеш болмауы керек.

Қазақстан Республикасының 1996 жылғы маусым айының үшінші жұлдызында шыққан нөмірі 4-1сонда «Мемлекеттік емес ерікті зейнетақы қорлары туралы » заңына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар ерікті қосымша зейнетақымен қамтамасыз етілуге құқығы бар. Мемлекеттік емес ерікті зейнетақы қоры-бұл банктік емес қаржылық мекеме болып табылатын және жабық акционерлік қоғам түрінде құрылып, заңды және жеке тұлғалардан ерікті зейнетақы жарналарын тарту және тартылған қаражаттардан ивестициялап, қосымша зейнетақы төлеу бойынша іс-әрекет жүргізетін заңды тұлға болып табылады. Әрбір жеке тұлға өзінің еңбекақысынан ұсталып аударылатын зейнетақы жарнасын өзі қалаған қорға салуына құқылы . Жинақталған зейнетақы қорын банктегі шоттарда орналастыру Қазақстан Республикасының ұлттық банк мекемесі белгіленгін тәртіпке сәйкес жүргізіледі.

Жинақтаушы зейнетақы қорымен есеп айырысу есебі шоты бойынша жүргізілетін операциалар.

Операцияның мазмұны.
Дебителетін шот
Кредиттелетін шот
№: 1
Операцияның мазмұны.: Жұмысшлар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақы сомасынан жинақтаушы зейнетақы қорына ұсталған сомаға.
Дебителетін шот: 681
Кредиттелетін шот: 686
№: 2
Операцияның мазмұны.: Жинақтаушы зейнетақы қорына есептелген сомалар есеп айырысу шотынан аударылуы.
Дебителетін шот: 686
Кредиттелетін шот: 441

Міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (қоса есептеу) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару ережелеріне енгізілген өзгерістер туралы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005жылғы 30 маусымындағы №659 қаулысымен Міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару ережелері бекітілген Қазақстан Республикасы үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы №245 қаулысына өзгерістер енгізілді Ережелердегі өзгерістер негізінен 13-12 2004 жыл №11 Қазақстан Респбликасы Заңының негізінде 2005жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістердің енгізілуіне байланысты болған 2005 жылғы 1қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорын құру жөніндегі «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңы күшіне енді, осыған орай әлеуметтік тәуекел басталған жағдайда, олар үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыруға қатысушылар әлеулеттік алымдарды алуға құқылы болады. Еңбек ету қабілетінен айырылған және (немесе) жұмысынан айырылған жағдайда МӘСҚ-на әлеуметтік төлемдер «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын есептеу объектілеріне жатады. Осы әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналарын есептеу мен ұстап қалу төлемді алушы ұсынған зейнетақы шартының көшірмесі негізнде ЗТМО-на (бұдан әрі - Орталық ) жүктелген . Бұл тәртіп Ережелердің 3 тармағының мәтініне енгізілген толықтырулармен белгіленген.

Ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару мерзімдерін айқындайтын 3-1-тармаққа өзгерістер енгізілді. Осы өзгерістерге сәйкес ұстап қалынған міндетті зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына;

-заңды тұлғалар (заңды тұлғалардан - ауылшаруашылығы өнімдері өндірушілерден басқа) ;

-жеке кәсіпкерлер (потент және оңайлатылған декларация негізіндегі шағын бизнес субектілеріне арналған, сондай-ақ шаруа(фермер) қожалықтарына арналған арнаулы салық режимдерін қолданатындардан басқа ),

- адвакаттармен жеке натариустар жалдамалы қызметткерлерге төлейтін табысынан кірістер төленген айдан кейінгі айдың он бесі күнінен кешіктірілмейтін мерзімде төлеуге тиіс.

Сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын өз пайдасына төлеу мерзімі өзгертілді:

Жеке кәсіпкерлер (потент және оңайлатылған декларация негізіндегі шағын бизнес субъектілеріне арналған, сондай-ақ шаруа(фермер) қожалықтарына арналған арнаулы салық режимдерін қолданатындардан басқа) ;

Адвакаттар мен жеке натариустар-еспті айдан кейінгі айдан он бесі күнінен кешіктірілмей мерзімде төлеуге тиіс.

Тап осы жерде орталық үшін ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалудың мерзімі белгіленген - әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылған айдан кейінгі айдың он бесі күнінен кешіктірілмейтін мерзімде төлеуге тиіс. Қалған агенттер мен зейнетақы жарналарын төлеушілер үшін оларды төлеу мерзімдері өзгерген жоқ.

Ережелердің салық төлеушілердің түрлері бойанша міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалу объектілері мен ставкаларын айқындайтын 5-тармағы міндетті зейнетақы жарналарын есептеу және ұстап қалу жөніндегі жаңа агенттер -Орталық пен Қазақстан Республикасы сыртқы істер министірлігі (Қазақстан Республикасы С М) үшін екі абзацпен толықтырылады. Орталық еңбек қабілетінен айырылу және (немесе ) жұмысмен айырылу жағдайына берілетін ай сайынғы әлеуметтік төлемдердің 10проценті мөлшетінде міндетті зейнетақы жарналарын ұстауға тиіс.

Қазақстан Республикасы Сытрқы істер министірлігі Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде жұмыс істейтін дипломатиялық қызмет персоналы бөлінген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министірлігі орталық аппаратының персоналына теңестірілген лауазымдар бойынша жалақының жүз проценттік мөлшерінің он проценті мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналарын ұстауға тиіс.

Міндетті зейнетақы жарналарын есептеу кезінде объектілерден шығарылуға тиіс жеке тұлғалардың төлемдерінің тізбесін белгілейтін 5-1 тармпққа өзгерістер енгізілді.

Мәселен, Салық кодексінің 144-бабының 11-тармақшасына қатысты міндетті зейнетақы жарналарын есептеу объектісіне экологиялық апат немесе ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынықтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңдарына сәйкес төленетін төлемдердің алып тасталатыны нақтыланған. Міндетті зейнетақы жарналарын есептеу кезінде ескерілмеуге тиіс төлемдердің тізбесі Ережелердің 5-1-тармақшасына сәйкес Салық кодексінің 144-бабының 20-тармақшасында көзделген төлеммен толықтырылған. «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиалық және оларға теңестірілген өкілдіктерінде қызметте жүрген жеке тұлғалардың мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен шетелдік валютамен төленетін ресми табыстары».

5-1-тармақтың редакциясы мынадай мәтінмен толықтырылған : «сондай-ақ егер мүгедектігі мерсімсіз деп белгіленген болса, 1және2 топтағы мүгедектерге еңбек қабілетінен айрылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемдерден ». 5-1 тармақтың мұндай толықтырылуы, егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, 1және2 топтағы мүгедектерге төлемдерді қоспағанда, еңбек ету қабілетін жоғалтуына байланысты МӘСҚ-нан әлеуметтік төлемдерден алушылардың барлығынан мзж ұсталатын болатынын білдіреді.

Ережелердің агенттердің банк шоттарынан банктердің міндетті зейнетақы жарналарын аудару тәртібін белгілейтін 12- тармағына аударудың белгіленген тәртібіне ықпал етпейтін редакциалық нақтылаулар енгізілді.

Ережелердің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу кезінде жіберілген қателіктерді түзеруге өтініш рәсімдеу тәртібін белгелейтін 15-тармағына анықтама-растаманың нысаны көзделген, ал Ережелердің 1-қосымша ретінде келтірілген.

Ережелердің 24-тармағында кіріс іс жүзінде төленген кезде ұстап қалынған міндетті зейнетақы жарналарының дер кезінде аударылғаны үшін өсімпұлдың мөлшері «Қазақстан Республиасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы » Қазақстан Республикасы Заңының 22-4бабына 1-тармағында көрсетілген өсімпұл мөлшеріне сәйкес келтірілген және қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2, 5еселенген мөлшерін құрайды.

Агенттер 35-1, 35-2, 35-3-тармақтардың редакциаялардың өзгерістеріне, сондай-ақ Ережелердің міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек туындаған кезде салық органдры мен агенттіктердің қарым-қатынастарын бақылауды жүзеге асыру тәртібін белгілейтін жаңа 35-5, 35-6, 35-7- тармақтарының енгізілуіне назар аударулары қажет. Аталған тармақтардың қағидалары 2006жылғы 1қаңтардан бастап күшіне енген «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыздандыру туралы» Заңның 22-4 бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес келтірілген. Мәселен, Ережелердің 35-1- тармағында салық органдарының агенттерге бекітілген нысан бойынша қалыптасқан берешек туралы хабарламаны жолдауы көзделген, ол Ережелердің 2-қосымшасында келтірілген. Жаңа редакциаға сәйкес қажетті құжаттарды агенттер «хабарлама жіберілген күннен бастап » емес, ал «хабарлама алған күннен бастап» 5күннің ішінде жіберуге тиіс.

Салық органдары берешекті жабуы үшін қаражаттарды валюталық шоттан өндіріп алуға, сондай-ақ қолма-қол ақшамен алып қоюға құқылы екнін ескеру керек. Жаңа тармақтар агенттер қолма-қол ақшаны өндіріп алуды және оларды банке аударуды рәсімдеу тәртібін белгілейді.

Ережелердің Орталықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігіне ақпарат беру тәртібін белгілейтін 36- тармағына редакциасы өзгерілді.

Негізінен Қазақстан Республиасы Үкіметінің 30. 06. 2005ж№659 қаулысымен көзделген өзгерістер, 36 тармаққа енгізіліп (агенттердің тіркеуге қатысты және тізімдер бойынша ай сайынғы есепке қатысты толықтырулар), 2006 жылғы 1шілдеден бастап енетін өзгерістерді қоспағанда, бірінші ресми жариаланған күнінен, яғни2005 жылғы 6 шілдеден бастап (06. 07. 2005ж. «Кзахстанская правда») газеті күшіне енді.

Бухгалтерге Зейнетақы Заңнамасындағы өзгерістер жөнінде.

2005жылғы 1қаңтардан бастап зейнетақы берешегін өндіріп алу тәртібі.

2005жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының көптеген заңнама актілері өзгеріске ұшырады . Салық кодексімен қатар «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына да (бұдан әрі заң) өзгерістермен толықтырулар енгізілді. Бухгалтерлерді әсіресе жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі ЖЗҚ-на МЗҚ) бойынша берешекті өндіріп алу тәртібі мен зейнетақы заңнамасынан бұзғаны үшін жауапкершілік дәрежесі қызықтырады. Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, өндіріп алу механизімінен қарастырайық.

Табыс есептеу және төлеу сәтінде қалынған зейнетақы жарналарын аударуға қажетті мәліметтерді (СТН, ӘЖК зейнетақы шарты және т. б. ) жоқ жұмыстан шығып кеткен қызметкерлер үшін ЖЗҚ-на МЗЖ аудару салық органдары үшін де, салық төлеушілер үшін де маңызды проблемалардың бірі болып табылады. Салық төлеушілерде қызметкерлердің осы санаты бойынша дебиторлық берешек пайда болады, оған өз кезеңінде, күн сайын өсімпұл есептеледі. Бұл ретте салық органдары өздеріне ЖЗҚ-на МЗЖ бойынша берешекті өндіріп алу жөніедегі міндеттерді орындай отырып, қалыптасқан берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын жүргізді, оның ішінде қызмет көрсетуші банктерлерге борышкерлердің шоттары бойынша шығыс операциаларын жүгізуді тоқтатуға өкім береді. Өкімдер қайсыбір қызметкерлер үшін ЖЗҚ-на МЗЖ төлеудің мүмкін еместігін растайтын құжаттарда агент. Жоғарыда айтылғандарға орай, заңның 22-бабы мынадай мазмұндағы 7- тармақпен толықтырылды:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктік шот және төлем тапсырыспен есепайырысу есебі
Міндеттемелер аудиті
Міндеттемелер
Есеп айырысулар түсінігі
Алынуға тиісті борыштар шоты
Бюджетпен есеп айырысу операцияларының есебі
«Казтрансгаз-Алматы» АҚ-ның қысқа мерзімді міндеттемелер есебін ұйымдастыру
Бюджетпен есеп айырысу
Еңбекақы есебін ұйымдастыру
Еңбекақы төлеу шығыстарының аудиті мен талдауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz