Міндеттеме бойынша тұлғалардың ауыстырылуы
Жоспар
I.Кіріспе
Міндеттеме ұғымы және олардың пайда болу негіздері
II.Негізгі бөлім
2.1. Міндеттемені орындау ұғымы мен принциптері
2.2. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің ұғымы мен әдістері
2.3. Міндеттеме бойынша тұлғалардың ауыстырылуы
III. Қорытынды
Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету туралы
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
І. МІНДЕТТЕМЕ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ПАЙДА БОЛУ НЕГІЗДЕРІ
Азаматтық-құқықтық қатынастардың арасында көп кездесетін негіздердің
бірі-міндеттемелер.
Міндеттемеге сәйкес бір тұлға, яғни борышкер басқа тұлғаның, яғни
несие берушінің пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу сияқты
белгілі әрекеттер жасауға не белгілі бір әрекет жасаудан тартынуға
міндетті, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге
құқылы. Міндеттемеде әрқашанда белгілі бір субъективтік құрам, яғни
міндеттеме тараптары болады. Тараптардың бірі борышқор, яғни тауарларды
жеткізуге , жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге, мүлікті
табыстауға, ақшалай қаражат аударуға өзге де іс-әрекеттерді жасауға
міндетті тұлға. Жалпы мағынада алғанда, міндеттеме бір тұлғаның екінші
тұлғаға борышы деген ұымды білдіреді. Міндеттеме мүліктік қатынастар тобына
жатады. Екі тарапты, көп тұлғалар қатысатын, үшінші тұлға қатысатын,
тараптары ауыстырылатын міндеттеме түрлері болады. Міндеттемелер заңның
өзге де құқықтық актілердің шарттары мен талаптарына сәйкес тиісінше
орындалуға , ал мұндай талаптар болмаған жағдайда іс-қағаз айналымына
қойылатын талаптарға сәйкес орындалуға тиіс. Міндеттеменің орындалуы
несиегер мен борышқордың өз құқықтары мен міндеттерінен құралатын
әрекеттерді жасауы.
Міндеттеменің пайда болу негіздері азаматтық құқықтар мен міндеттер
заңдарда көзделген негіздерден, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың
әрекеттерінен пайда болады. Өйткені ол әрекеттер азаматтық заңдарда
көзделмегенімен олардың жалпы негіздерімен мәніне байланысты азаматтық
құқықтар мен міндеттерді туғызады. Осыған сәйкес азаматтық құқықтар мен
міндеттер:
1). Заңдарда көзделген шарттармен өзге де мәмілелерден, сондай-ақ,
заңдарда көзделмегенімен, оларға қайшы келмейтін мәмілелерден;
2). Заңдарға сәйкес азаматтық құқықтық жағдайларды туғызатын әкімшілік
құжаттардан;
3). Азаматтық құқықтар мен міндеттер белгілеген сот шешімімен;
4). Заң құжаттарында тыйым салынбаған негіздер бойынша мүлікті жасау
иемдену нәтижесінде;
5). өнертабыстар мен өнеркәсіптік үлгілер, ғылым, әдебиет пен өнер
шығармаларын және интеллектуалдық қызметтің өзге де нәтижелерін жасау
нәтижесінде;
6). Азаматтар мен заңды тұлғалардың өзге де әрекеттері салдарынан;
8). Заңдар азаматтық-құқықтық жағдайлар басталуын байланыстыратын оқиғалар
салдарынан пайда болады.
Міндеттеменің пайда болуына бірден-бір ықпал жасайтын шарттар немесе
мәмілелер , олар заң құжаттарында көрсетілуі де немесе көрсетілмеуі де
мүмкін. Сонымен қатар міндеттемелер бір жақты мәміледен пайда болады.
Міндеттеменің пайда болуы азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлкіне немесе
олардың өзіне зиян келтіруі салдарынан туындайды. Міндеттемеде оның әр
тарабы - несие беруші немесе борышқор ретінде бір мезгілде бірнеше адам
қатыса алады. Мұндай реттерде ережелерге сәйкес үлесті, ынтымақты және
жәрдем берушілік міндеттеме пайда болады. Борышқор жағынан міндеттемеге
қатысушы адаамдардың біріне несие беруші қойған талаптардың жарамсыз болуы,
сол сияқты мұндай адамға қойылатын талап бойынша талап қою мерзімінің өтіп
кетуі несие берушінің өзге да осындай адамдарға қоятын талаптарына
өздігінен әсер етпейді.
Тараптар, яғни борышқор мен несие беруші және үшінші жақ міндеттемеге
қатысушылар болып табылады. Үшінші жақ ретінде міндеттеме тараптарының
біреуіне міндеттемелер немесе өзге де құқық қатынастары арқылы байланысты
жақтар қатысады. Міндеттемеде үшінші жақ үшін міндеттер туғызбайды.
Заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген реттерде міндеттеме
үшінші жақтар үшін міндеттеме бір немесе екі тарапқа да қатысты құқықтар
туғызуы мүмкін.
ІІ.1. МІНДЕТТЕМЕНІ ОРЫНДАУ ҰҒЫМЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 272-бабында
көрсетілгендей, міндеттеме-міндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес
тиісінше орындалуға тиіс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда
– іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтарға немесе әдетте қойылатын
өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиіс.
Міндеттемелерді орындау дегеніміз - борышқордың алған міндеттемесіне
сай белгілі бір әрекеттерді жасауды тоқтата тұруы. Міндеттемені орындау
көбіне – көп борышқордың белсенді әрекетінен, не әрекетін кейде тоқтата
тұруынан көрінеді. Міндеттемені орындаудың алдына қойған мақсаты болады.
Міндеттемені орындау арқасында азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемелекет
және қоғамның тұтастай алғанда материалдық және рухани қажеттіліктерін
қанағаттандыруға қол жеткізеді. Міндеттемені тиісті дәрежеде орындау оның
тоқтатылуына әкеледі. Міндеттемені тиісті дәрежеде орындауды сипаттайтын
талаптар мен шарттар заңдарда, басқа да нормативтік актілерде міндеттеме
алған жақтардың келісімінде бекітіледі.
Сонымен міндеттемені тиісті дәрежеде орындау дегеніміз - оның саны мен
сапасына субъектілеріне, орнына, мерзімі мен тәсіліне қатысты талаптар мен
шарттарды дәлме-дәл сақтай отырып, орындау болып саналады.
Міндеттемені нақты түрінде орындау принципі Азаматтық Кодекстің
354 бабында мынадай болып бекітілген:
Біріншіден, міндеттемені тиісті дәрежеде орындамағаны үшін айып төлеу
және залалдарды өтеу борышқорларды заңда басқаша қарамаса, міндеттеменің
орындаудан босатпайды. Демек, аталған принцип борышқор міндеттемені бұзған
кезде заңда немесе шартта өзгеше көзделмесе, іс жүзінде оны нақты орындауын
талап етеді.
Екіншіден, міндеттемені орындамаған жағдайда залалды өтеу және оны
орындамағаны үшін айып төлеу борышқорды, егер заң құжаттарында немесе
шартта өзгеше көзделмесе, міндеттемені заттай орындаудан босатады.
Үшіншіден мерзімі өтіп кеткендіктен өзі үшін енді керегі болмай қалған
міндеттеменің орындалуынан несие берушінің бас тартуы, сондай-ақ бас тарту
төлемі ретінде белгіленген ақшалай соманы төлеу борышқорды міндеттемені
заттай орындаудан босатады. Нақты түрінде дәл орындау принципі Азаматтық
Кодекстің кейбір баптарында міндеттеменің жекелеген түрлерін қолдануда
тәртіптелген.
Жалпы ереже бойынша міндеттемені борышқор орындауы тиіс. Сонымен бірге,
заңда міндеттеме шартында, не оның мән – мағынасында міндеттемені
борышқордың тікелей өзі орындау керектігі көрсетілмесе, онда борышқор тек
өзіне алған міндеттеменің орындалуын үшінші жаққа жүктей алады. Егер
заңдардан, міндеттеме шарттарынан немесе оның мәнінен борышқордың
міндеттемені жеке өзі орындау міндеті туындамаса, несие беруші борышқор
үшін үшінші жақ ұсынған орындау ісін қабылдауға міндетті. Егер міндеттемені
орындау борышқордың тікелей өзінен ғана талап етілетін жағдайда (мысалы:
портрет салу, жұмысты жасау, қызмет көрсету) несие беруші үшінші жақтың
ұсынатын орындалған ісін қабылдамауға құқылы. Шарттан туындайтын
міндеттемені орындау үшінші жаққа, егер арнайы ережемен қаралмаса, толықтай
немесе ішінара жүктеледі. Мәселен арнайы ережелер көлік заңдарында
кездеседі, соған сәйкес жүкті жөнелтуші оны тасымалдайтын көлік ұйымымен
шарт жасайды, бірақ көлік жарғыларына сәйкес жүкті тасымалдау міндеттемесі
қалған көлік орындарына жаңа шарт жасамай-ақ жүктеледі. Заңда көрсетілген
ретте үшінші жақ өзіне көшкен міндеттеме бойынша борышкердің келісімінсіз-
ақ несие берушінің талаптарын өз есебінен қанағаттандыра береді. Мұндай
құқық несие берушінің борышқор мүлкінен ақы өндіріп алуы салдарынан өзінің
бұл мүлікке құқығынан яғни пайдалану, иелену, кепілге салу құқығы және
басқа құқықтарынан айырылу қаупі төнген жағдайда үшінші жаққа беріледі.
Мәселен қозғалмайтын мүлікті жалға алушы жалға берушінің несие беруші
алдында қарызы бар екенін және оны өндіртіп алу ниетін білсе, сондай-ақ
жалға алу өзіне тиімді деп есептесе, онда жалға берушінің келісімінсіз-ақ
оның қарызын төлеп тастайды. Бұдан кейін жалға алушының міндеттемедегі
жалға беруші алдындағы борышын өтейді. Несие беруші мұндай жағдайда үшінші
жақтың міндеттемені орындауға қабылдауға міндетті. Нәтижесінде кейін жалға
берушіден ол үшін төлеген қаржысын қайтарып алуды талап ете алады.
Міндеттемеде оның әр тарабы-несие беруші немесе борышқор ретінде бір
мезгілде бірнеше адам қатыса алады. Егер міндеттемеде борышқордың немесе
несие берушінің жағында бір емес, бірнеше тұлға болса, онда көпшілік
тұлғалармен міндеттеме пайда болады.
Бір тараптың талап ету құқығы және екінші тараптың міндетіндегі зат
жөнінде болса, сол міндеттеменің пәні болады.
Міндеттемені орындау пәні зат, оның ішінде ақша, бағалы қағаздар,
шығармашылық қызметтің нәтижесі, жасалатын белгілі бір жұмыстар. Демек
борышқор өз міндетін орындауда мүліктерді тапсыру, жұмыстың нәтижесін беру,
қызмет көрсету несие берушіге ақша төлеу тәрізді істерді қола алады. Ал
мұнсыз не нақты түрінде дәл, не тиісті дәрежеде орындау болуы мүмкін емес.
Міндеттеменің пәні: кейбірінде жеке белгіленген затты беру, ал
кейбірінде тектес белгідегі заттар болуы мүмкін. Тектес белгілері бар
міндеттеменің ең бастысы-ақшалай міндеттеме, яғни белгілі бір ақша сомасын
төлеуді талап ететін міндеттеме.
Ақшалай міндеттемені орындау үшін арнайы талаптар заңда қарастырылған.
Ақшалай міндеттемені орындаудың кейбір ерекшеліктері болады. Ақшалай
міндеттеме теңгемен айқындалады. Ақшалай міндеттемеде шетел валютасы
түріндегі белгілі бір сомаға тең теңге түріндегі сомада төленуге тиіс
екендігі көзделуі мүмкін. Мұндай сома Қазақстандық банкаралық валюта
биржасының курсымен айқындалады, ол төлем жасаған күнгі шетелдік валютаға
сай келуі қажет.
Аталған ереже ақшаның құнсыздануынан несие берушілердің мүддесін
қорғайды. Қазақстан Республикасы аумағындағы міндеттемелер бойынша есеп
айырысу шетел валютасы, сондай - ақ шетел валютасы түріндегі
төлем құжаттарын пайдалануға заң құжаттарында көзделген реттер мен
жағдайлары немесе соған сәйкес белгіленген тәртіп бойынша жүзеге
асырылады.
Ақшалай міндеттеме бойынша азаматты асырауға тікелей
төленетін сома (өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның
орнын толтыру үшін, өмір бойы асырау шарты бойынша және басқалары) ең
төменгі жалақының ресми түрде өсуіне қарай арттырылып отырады.
Демек, мұндай жағдайда азаматтың сотқа есеп айырысу жөніндегі
жүгінуінің қажеті болмай қалды, өйткені мәселе өз-өзінен қалпына келеді.
Міндеттеменің орындалу мерзімі заңмен немесе шартпен, сондай-ақ шарт
алдындағы дауды қарайтын органмен айқындалуы мүмкін. Егер міндеттемеде ол
орындалатын күн немесе ол орындалуға тиісті уақыт кезеңі көзделсе немесе
оны анықтау мүмкін болмаса, міндеттеме сол күні немесе тиісінше сол кезең
ішінде кез-келген уақытта орындалуға тиіс.
Міндеттеме орындалуға тиісті кесімді уақыт тауарларды жеткізу
шарттарында қаралуы мүмкін, онда әр тарап жеткізілетін тауарларды
партияларға бөліп, өздерінің уақытын белгілейді. Ол ұзақ мерзімде
орындалатын болып есептелген міндеттемелер, егер заңдада немесе міндеттеме
шарттарында өзгеше көзделмесе не міндеттеме мәнінен немесе іскерлік қызмет
өрісіндегі әдеттегі құқықтардан туындамаса, бірқалыпты міндеттеменің осы
түрі үшін ақылға қонымды кезеңдерде, яғни күн, онкүндік, ай, тоқсандық
мерзімдермен өлшенеді.
Егер міндеттемеде ол орындалатын мерзім көрсетілмесе, бұл мерзімді
анықтауға мүмкіндік беретін шарттар болмаса, ол міндеттеме пайда болғаннан
кейін ақылға қонымды мерзімде орындалуға тиіс.
Ақылға қонымды мерзім дегеніміз - міндеттеме нақты жағдайды ала отырып,
орындау мүмкіндігі болып табылады. Бұл орайда борышқордың жағдайына
байланысты мүмкіндігі міндеттемені орындау тәсілі ескеріледі. Егер
міндеттемеде ол орындалатын күн немесе ол орындалуға тиісті уақыт кезеңі
көзделсе, немес анықтауға мүмкіндік берсе, міндеттеме сол күні немесе
тиісінше сол кезең ішінде кез келге уақытта орындалуға тиіс.
Ақылға қонымды мерзімде орындалмаған, сол сияқты орындалу мерзімі
талап етілетін кезбен белгіленген міндеттемені, егер заңдардан, міндеттеме
шарттарынан, іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан немесе
міндеттеме мәнінен басқа мерзімде орындау міндеті туындамаса, борышқор
несие беруші оның туындалуын талап еткен күннен бастап жеті күн мерзімінде
орындауға міндетті. Міндеттеменің тез арада орындалуын жүкті сақтайтын
жерге тапсыратын , банкке ақша салатын адам талап ете алады. Борышқорға аяқ
астынан болатын міндеттемені орындау үшін дайындыққа жеті күн мерзім
беріледі. Міндеттемелерде орындау уақыты көрсетілмеген жағдайда несие
беруші борышқордың орындағанын кез келген уақытта, заңда көзделгеннен тыс
ретте қабылдауы керек.
Міндеттеме орындалатын жер – борышқордың заттарды тапсыратын, жұмысты
атқарып, қызмет көрсетіп, ақша төлейтін, ал несие берушінің тиісінше
орындалғанын қабылдайтын орын.
Азаматтық Кодекстің 281-бабына сәйкес:
Егерде міндеттеме орындалатын жер заңдарына немесе оның шарттарында
белгіленбесе немесе міндеттеме мәнінен немесе іскерлік қызмет өрісіндегі
әдеттегі құқықтардан көрінбесе, ол :
1). Міндеттеме бойынша қозғалмайтын мүлікті беру-мүлік орналасқан жерде;
2). Міндеттеме бойынша тауар немесе өзге де мүліктік тасымалдауды пайдалана
отырып беру-мүлікті несиеге берушіге жеткізу үшін оны бірінші
тасымалдаушыға тапсырған жерде;
3). Егер бұл жер міндеттеме пайда болған кезде несие берушіге белгілі
болса, кәсіпкердің басқа міндеттемелері бойынша тауар немесе өзге де
мүлікті беру-мүлік дайындалған немесе сақталған жерде;
4). Ақшалай міндеттеме бойынша-несие берушінің міндеттеме пайда болған
кездегі тұрғылықты жерінде, ал егер несие беруші заңды тұлға болса-
міндеттемеде пайда болған кезде оның болған жерінде, егер несие беруші
міндеттеменің орындалуы кезінде тұрғылықты жерін өзгертіп, бұл туралы
борышқорға хабарласа-орындалатын жердің өзгертілуіне байланысты барлық
шығындарды соның есебіне жатқыза отырып, оның жаңа тұрғылықты жерінде
немесе тұрған жерінде;
5). Басқа да барлық міндеттемелер бойынша-борышқордың тұрғылықты жерінде,
ал егер борышқор заңды тұлға болса - оның орналасқан жерінде орындалуы
тиіс.
Міндеттемені орындау тәсілі заңмен немесе әржақтың жасасқан шарттарымен
айқындалады немесе сол міндеттеменің мәнінен туындайды.
Міндеттеме орындау бір жолға (заттың құнын толықтай төлеу) немесе
несиеге алған мүліктің құнын жабуы, почта көлік құралдарына төлеу тәрізді
мерзімді түрде әрекет ету болып жүзеге асады. Кейбір міндеттемелер тұтастай
немесе бөліктей орындалуы мүмкін (мысалы, қарыз шарты бойынша қарызды
қайтару). Сонымен бірге, егер міндеттеме шартында, заңдарда өзгеше
белгіленбесе, немесе іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан немес
мәнінен өзгеше туындамаса, несие беруші міндеттемені бөлшектеп орындауды
қабылдамауға құқылы.
Борышқор заңда қаралған ретте, нотариат кеңсесіне немесе соттың
депозитіне қарызды тапсыруы міндеттемені орындағаны болып есептеледі.
Азаматтық Кодекстің 291 бабына сәйкес борышқор ақша сомасын немесе бағалы
қағаздарды нотаиус пен соттың депозитіне салу құқығына ие. Егер:
1). Несие беруші немесе орындалған істі қабылдауға өзі уәкілдік берген адам
міндеттеме орындалуға тиісті жерде болмаса;
2). Несие беруші әрекет қабілетсіздігі болып және оның өкілі болмаса;
3). Міндеттеме бойынша, атап айтқанда, бұл мәселе жөнінде несие беруші мен
басқа адамдар арасындағы дауға байланысты несие берушінің кім екені
жайында анық айқындық болмаса;
4). Несие берушінің орындалған істі қабылдаудан жалтаруы немесе өз
тарапынан мерзімін өткізіп алуына байланысты борышқордың міндеттемені
орындай алмаса, онда борышқор міндеттемелерін орындау үшін өзінен
алынатын ақшаны депозит шарттарына, ал бағалы қағаздарды нотариустың
атына сақтау шарттарына, ал заң құжаттарымен белгіленетін жағдайларда,
соттың атына орналастыруға құқылы.
Ақшаны немесе бағалы қағаздарды депозит шарттарына салу немесе
нотариустың не соттың атына сақтау міндеттемінң орындалғаны болып
есептеледі.
Нотариус пен сот өз кезегінде несие берушіге оның борышқорынан депозитке
бағалы қағаздар мен ақшаның келіп түскені туралы хабарлайды.
Өзара міндеттердің орындалуының өзіндік ерекшеліктері бар. Егер
заңдардан, іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан, міндеттеме
шарттарынан немесе оның мәнінен өзгеше туындамайтын болса, тараптар өзара
міндеттерді бір мезгілде орындауға тиіс. Сөйтіп тараптардың бірінің
міндеттемені орындамауы немесе тиісінше орындамауы өзара міндеттерді
орындау және қарсы талаптарды қанағаттандыру кезінде, егер заң
құжаттарында немесе міндеттеме шарттарында өзгеше белгіленбесе, екінші
тарапты өз міндеттерін орындаудан босатады.
Заңдарда немесе міндеттеме шарттарында борышқордың несие берушіге
міндеттеменің орындалу барысы туралы хабарлап отыру міндеті көзделуі
мүмкін.
Азаматтық Кодекстің 282-бабына сәйкес:
1). Қазақстан Республикасы аумағындағы ақшалай міндеттемелер теңгемен
жүргізілуге тиіс.
Қазақстан Республикасы аумағындағы міндеттемелері бойынша есеп
айырысуды жүзеге асырған кезде шетел валютасын, сондай-ақ шетел валютасы
түріндегі төлем құжаттарын пайдалануға Қазақстан Республикасының заң
құжаттарында көзделген реттермен жағдайларда немесе соларда белгіленген
тәртіп бойынша жол беріледі. Төлемдер мен есеп айырысуларды жүзеге асырудың
тәртібі мен жолдары Қазақстан Республикасының Банк заңдарымен белгіленеді
және оларды тараптар тиісті шартта айқындайды.
2). Ақшалай міндеттемені орындау үшін жеткіліксіз төленген төлемнің сомасы
тараптардың өзге келісімі болмаған жағдайда ең алдымен несие берушінің
орындау жөніндегі шығындарын, сонан соң айыпақы мен сыйақыны, ал
қалған бөлігінде-борыштың негізгі сомасын өтейді.
3). Ұзақ мерзімді міндеттемелерде тараптар келіскен шарттарда төлемді
индекстеу көзделуі мүмкін.
Ақшалай міндеттеме бойынша азаматты асырауға, өміріне немесе
денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру үшін, өмір бойы асыру шарты
бойынша тікелей төленетін сома. Ең төменгі жалақының ресми түрде өсуіне
қарай арттырылып отырады.
Балама міндеттеменің орындалуына сәйкес екі немесе бірнеше әрекеттің
бірін жасауға міндетті борышқорға, егер заңдардан немесе міндеттеменің
шарттарынан өзгеше туындамаса, таңдау құқығы беріледі.
Егер міндеттемеге бірнеше несие беруші немесе бірнеше борышқор қатысса,
несие берушілердің әрқайсысы міндеттемені орындауды талап етуге құқылы, ал
борышқорлардың әрқайсысы заңдарда немесе міндеттеме шарттарынан өзгеше
туындамайтындықтан, басқалармен тең үлесті орындауға міндетті .
Ортақтасқан міндеттеменің орындалуына сәйкес:
1). Несие берушілердің әрқайсысы міндеттемені толық атқаруды талап етуге
құқылы, ал борышқорлардың әрқайсысы орындауға міндетті болуына сәйкес
көп жақтар қатысатын міндеттеме ортақтасқан міндеттеме деп танылады.
Егер бұл шартта көзделмесе немесе заң құжаттарында
белгіленбесе, соның ішінде міндеттеменің мәні белгіленбейтін кезде
ортақтасқан міндеттеме немесе ортақтасқан талап пайда болады.
2). Кәсіпкерлік қызметпен байланысты міндеттеме бойынша бірнеше борышқордың
міндеттері, сол сияқты мұндай міндеттемелердегі бірнеше несие
берушінің талаптары егер заңдарда немесе міндеттеме шарттарында өзгеше
көзделмесе, ортақтасқан міндет болып табылады.
3). Борышқорлар ортақтасып, міндетті болған жағдайда несие беруші барлық
борышқорлардан да, жеке-жеке алғанда олардың кез келгенін де оның үстіне
борышты түгелдей де, бөлшектеп те орындауды талап етуге құқылы.
Ортақтас борышқорлардың біріне толық қанағаттанбаған несие беруші
алынбағанда ортақтас борышқорлардың қалғандарынан талап етуге құқылы.
Ортақтас борышқорлар міндеттеме толық орындалғанға дейін міндетті болып
қала береді.
Борышқорлардың бірінші ортақтастық міндетті толық орындауы қалған
борышқорларды несие беруші үшін орындаудан босатады.
4). Талаптар ортақ болған жағдайда ортақтас несие берушілердің кез келгені
борышқорға толық көлемінде талап қоюға құқылы.
Ортақтас несие берушілердің біреуіне міндеттемені толық орындау борышқорды
өзге де несие берушілерге толық орындаудан босатады.
5). Ортақтасқан міндет болған ретте борышқор несие берушінің талаптарына
қарсы басқа борышқорлардың осы борышқор қатыспайтын несие берушіге
осындай қатынастарына негізделген қарсылық білдіруге құқығы жоқ.
Талаптар ортақ болған жағдайда борышқордың ортақтас несие берушілердің
біреуінің талабына қарсы осы несие беруші қатыспайтын борышқордың басқа
ортақтас несие берушімен осындай қатынастарына негізделген қарсылық
білдіруге құқығы жоқ.
Негізгі борышқор несие берушінің міндеттемені орындау туралы талабын
қанағаттандырмаған жағдайда бұл талап орындалмаған бөлігінде басқа
борышқорға, яғни субсидиялық борышқорға мәлімдеуі мүмкін екендігі заң
құжаттарында немесе несие берушімен борышқордың арасындағы міндеттеме
ережелерінде көзделуі мүмкін.
Міндеттеменің орындалғанын қабылдай отырып, несие беруші борышқорлардың
талап етуі бойынша оның толық немесе бір бөлігі орындалғаны жөнінде өған
қолхат беруге міндетті. Егер борышқор міндеттемені куәландыру үшін несие
берушіге борыш құжатын берсе, несие беруші оның орындалғанын қабылдай
отырып, құжатты борышқорға қайтаруға тиіс. Қайтарып беру мүмкін болмаған
жағдайда ол мұны өзі беретін қолхатта көрсетуге міндетті. Қолхат
борышқорға қайтарылған борыш құжатындағы жазумен алмастырылуы мүмкін.
Борышқорда борыш құжатының болуы, өзгеше дәлелденгенге дейін міндеттеменің
тоқтатылғанын куәландырады. Несие беруші міндеттеменің орындалғаны туралы
қолхат беруден, борыш құжатын қайтаруда немесе оны қайтарудың мүмкін
еместігін қолхатта атап көрсетуден бас тартқан жағдайда борышқор оны
орындауды кідірте тұруға құқылы. Бұл ретте несие беруші мерзімін өткізіп
алушы деп есептеледі.
ІІ.2. МІНДЕТТЕМЕНІҢ ОРЫНДАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ҰҒЫМЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
Азаматтық - құқықтық қатынасқа қатысушылар өздеріне тиесілі
міндеттемелерді ерікті түрде орындауы тиіс. Сонымен қатар, өмірде басқа да
жағдайлар кездесуі мүмкін, яғни борышқор өзіне тиесілі міндеттемені
орындамауы немесе мардымсыз орындауы мүмкін . Осыған байланысты несие
беруші мен борышқордың арасында түсініспеушілік туындауы ықтимал. Аталған
салдар қатысушылардың мінез-құлқына дұрыс әсер етуі үшін міндеттемені
орындауда заңда немесе шартта оның орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері
белгіленеді.
Міндеттемені орындауды қамтамасыз ету тәсілдері дегеніміз міндеттемені
тиісінше орындауы үшін заңмен немесе шратпен белгіленген мүліктік сипаттағы
арнаулы шаралар.
Азаматтық-құқықтық нормаларын сақтайтын қатысушылар көп жағдайда
міндеттемені ерікті түрде және тиісінше орындайды. Сонымен бірге өмірде
міндеттемені орындамау немесе тиісінше орындамау орын алатыны тағы шындық.
Осыған байланысты заң міндеттемені орындауды қамтамасыз ету үшін әдістер
деп аталатын арнайы шараларды көздейді.
Міндеттемені қамтамасыз ету оны орындатуға бағытталатын, жалпыға бірдей
емес, арнайы шаралар болып табылады.Сондықтан ол міндеттемелердің бәріне
бірдей емес, тек заңдарда немесе келісімге отырған жақтардың шарттарында
қаралған міндеттемелерге қоланылады. Азаматтық Кодекстің 292- бабының
талаптарына сәйкес, ондай әдістерге:
1). айып төлеу;
2). кепіл;
3). борышқордың мүлігін алып қалу;
4). кепіл болушылық;
5). кепілдік;
6). кепілпұл және басқа әдістер жатады.
Қамтамасыз ету әдістерін өздерінің сипаттарына қарай төрт топқа бөлуге
болады.
Қамтамасыз ету сипатының бірі міндеттемені орындамағанда немесе
тиісінше орындамағанда борышқордың белгілі бір ақша сомасын төлеу арқылы
қосымша мүліктік зала шегуінен (айып төлеу, кепілпұл) көрінеді. Екінші
топтың әдістері несие беруші арқылы мүлікті өндіріп алумен жүзеге асады
(кепіл). Үшінші топтағы қамтамасыз ету әдісі несие берушіге тек борышқордың
ғана емес, үшінші жақтың да мүлкін өндіріп алуды қамтиды. Төртінші топқа
біздің заманымызға бұрын - соңды тән болмаған әдіс-борышқордың мүлкін ұстап
қалу болып табылады. Бұл әдістің ерекшелігі сол-заң несие берушіге борышқор
өз міндетін орындамайынша, борышқордың затын өзін-өзі қорғау мақсатында
ұстап қалу құқығын береді.
Міндеттемені орындауды қамтамасыз ету әдістері негізгі міндеттеме
қосымша міндеттеме түрінде көрінеді. Мысалы, сатып алу-сату шарты негізгі
міндеттеме болып табылады, ал осы шартты жасаған жақтар міндеттемені
мерзімінен кеш орындаса, онда айып төлету қарастырылады. Айып төлету туралы
келісім негізгі міндеттеменің болмысынан келіп шығады. Азамттық Кодекстің
292-бабының 3 тармағына сәйкес міндеттемені орындауды қамтамасыз ету туралы
келісімнің жарамсыздығы негізгі міндеттеменің жарамсыздығына әкеліп
соқтырмайды, керісінше негізгі міндеттеменің жарамсыздығы оны қамтамасыз
ететін міндеттемні жарамсыз етеді. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету
міндеттемесі жөніндегі келісім жазбаша түрде жасалуы тиіс. Жазбаша нысанның
сақталмауы, мәселен, айып төлеу туралы келісімнің жарамсыздығына әкеліп
соқтырады.
Міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің әдістері.
1. Айып төлеу
Борышқор міндеттемесін орындамаған немесе тиісінше орындамаған ретте,
атап айтқанда, орындау мерзімін өткізіп алған ретте несие берушіге төлеуге
міндетті, заңдармен немесе шарттармен белгіленген ақша сомасы айып төлеу
(айыппұл, өсім) деп танылады. Айып төлеу туралы талап бойынша несие беруші
оған келтірілген залалдарды дәлелдеуге міндетті емес. Айып төлеу туралы
келііім негізгі міндеттеменің нысанына қарамастан, жазбаша түрде жасалуға
тиіс. Жазбаша нысанның сақталмауы айып төлеу туралы келісімнің
жарамсыздығына әкеліп соқтырады. Несие беруші тараптардың келісімінде айып
төлеу міндеті көздеген көзделмегеніне қарамастан, заңда белгіленген айып
төлеуді, яғни заңды айып төлеуді талап етуге құқылы. Сонымен қатар егер
заңда тыйым салынбаса, тараптардың келісімімен заңды айып төлеу мөлшері
көбейтілуі мүмкін. Айып төлеу мөлшері нақты ақша сомасында немесе
орындалмаған не тиісінше орындалмаған міндеттеме сомасына шаққандағы
процентпен белгіленеді.
Айып төлеудің есептеу әдісіне орай үш түрі болады: айып төлеу, айыппұл
және өсім.
Бұл орайда өсім ақшалай міндеттеменің уақытын өткізіп алған кезде
қолданылады, яғни өткізіп алған әрбір күн үшін соманың пайызымен ұсталады.
Мәселен, өсім борышқордан тұрғын үй, электр энергиясын пайдаланудағы төлем
төлеу-уақытын өткізіп алғанына орай өндіріледі.
Айыппұл тек қана ақша сомасында немесе соманың белгілі бір мөлшерінде
орындалмаған міндеттемеге қолданылады.
Қосымша міндеттеменің пайда болу негізінде айып төлеуді заңды және
шартты деп екіге бөледі.
Заңды түрі міндеттемеге қандай міндеттемені бұзған кезде қолданылатынын
айқындайды. Заңды айып төлеу көлікпен жүк тасымалдау, өнімді жеткізу,
құрылысқа қажетті құрама бұйымдарды жеткізуші болатын міндеттемелерде
кеңінен қолданылады. Заңды айып төлеу тараптардың міндетінде көзделген-
көзделмегеніне қарамастан борышқордан өндіріле береді. Егер төленуге тиісті
айып (айыппұл, өсім) несие берушінің шеккен залалдарымен салыстырғанда тым
көп болса , сот борышқордың міндеттемені орындау дәрежесін және борышқор
мен несие берушінің назар аударуға лайықты мүдделерін ескере отырып, айып
төлеу мөлшерін азайтуға құқылы. Міндеттемені бұзғаны үшін борышқор жауапқа
тартылатын жағдай болған кезде міндеттеменің орындалмағаны немесе тиісінше
орындалмағаны үшін айып өндіріп алынады.
Шартты айып төлеу әр жақтың келісімімен айқындалады және тараптардың
келісімінде көрсетіледі. Экономиканың нарыққа көшуіне байланысты айып
төлеудің бұл түрі күннен-күнге өсіп келеді. Бұл орайда олар қандай
бұзушылыққа, қандай мөлшерде қолданылатынын өздері айқындайды.
Айып төлеу несие берушіге міндеттеменің тиісінше ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz