МІНДЕТТЕМЕНІ ОРЫНДАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ҮҒЫМЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
Кіріспе.
Міндеттемелерді орындау дегеніміз борышқордың алған міндеттемесіне сай
белгілі бір әрекетті жасауы немесе несие берушінің талап етуі құқығына
сәйкес оқшау әрекетті жасауды тоқтата тұруы. Міндеттемені орындау көбіне-
көп борышқордың белсенді әрекетінен, не әрекетін кейде тоқтата тұруынан
көрінеді.
Міндеттемені орындаудың алдына қоятын мақсаты болады. Міндеттемені
орындау арқасында азаматтардың, занды тұлғалардың, мемлекет пен қоғамның
тұтастай алғанда материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға
қол жеткізіледі. Міндеттемені тиісті дәрежеде орындау оның тоқтатылуына
әкеледі.
Міндеттемені орындаудың құқықтық тәртібі АК-тің 272-291 баптарында,
міндеттеменің жекелеген түрлерін реттейтін (мысалы, сатып алу-сату,
жеткізу, келісім-шарт, электр және жылу энергиясымен қамтамасыз ету, жалға
беру, мердігерлік және т.б.) нормативтік актілерінде бекітілген.
Міндеттемені орындау Азаматтық кодексте бекітілген принциптерге сәйкес
жүзеге асырылуы тиіс. Оған міндеттемені тиісті дәрежеде орындау (272-бап)
және міндеттемені нақты орындау (354-бап) жатады. Міндетемені тиісті
дәрежеде орындау принципі борышқордың міндеттемені зандардың талаптары мен
міндеттеме шартына сәйкес орындауын білдіреді. Ал мұндай шарттар болмаған
жағдайда - дәстүрлі іскерлік айналымға немесе басқа да кәдімгі қойылған
талаптарға сәйкес орындалуы тиіс.
Міндетітемені тиісті дәрежеде орындауды сипаттайтын талаптар мен
шарттар заңдарда, басқа да нормативті актілерде, міндеттеме алған жақтардың
келісімінде бекітіледі. Аталған талаптар мен шарттар қатысу- шыларды,
пәнді, мерзімді және міндеттеменің орындалу тәсілін айқындайды.
Міндеттемені борышқор тап-тұйнақтай етіп орындауы үшін несие беруші немесе
оған уәкілетті орган занда немесе шартта көрсетілген мерзімді, орынды,
белгілі бір тәсілді міндеттемеге енгізуі тиіс.
Жоғарыда аталған шарттардың біреуі орындалмаса, онда міндеттемені
тиісті дәрежеде орындалды деп айтуға болмайды. Міндеттеменің нақты түрінде
дәл принципі борышқордың міндеттемені сол қалпында орындау керектігін
міндеттейді, демек, ол міндеттеме мазмұнында көрсетілген жағдайлар (затты
тапсыру, жұмысты орыңдау, қызмет көрсету) жүзеге асуы үшін әрекет етуге
тиіс, бірақ бұл орайда ақшалай өтем жасай алмайды. Міндеттемені нақты
түрінде дәл орындау принципі көбінесе несие берушінің мүддесін
қанағаттандырады.
Осы принципке сәйкес борышқор тап осындай әрекеттерге баруы керек немесе
орындау пәні болып табылатын нәрселерден бас тартады (мысалы, басқа мүлікті
емес, берілуге тиісті мүлікті беру, немесе несие берушіге құнын төлей
алмайды, басқа жұмысты емес, нақ тасырылған жұмысты жасау және т.б.).
Міндеттемені нақты түрінде орындау принципі Азаматтық кодекстің 354-
бабында бекітілген. Жаңа кодексте қаралып отырған припципке анағұрлым
өзгерістер енгізілген. Біріншіден, міндеттемені тиісті дәрежеде
орындамағаны үшін айып төлеу және залалдарды өтеу борышқорларды, заңда
басқаша қаралмаса, міндеттемені орындаудан босатпайды. Демек аталған
принцип борышқор міндеттемені бұзған кезде, заңда немесе шартта өзгеше
көзделмесе, іс жүзінде оны нақты орындауын талап етеді.
Екіншіден, міндеттемені орындамаған жағдайда залалды өтеу және оны
орындамағаны үшін айып төлеу борышқорды, егер заң құжаттарында немесе
шартта өзгеше көзделмесе, міндеттемені заттай орындаудан босатады (АК-тің
354-бабының 2-тармағы).
2.1.МІНДЕТТЕМЕНІ ОРЫНДАУ СУБЪЕКТІЛЕРІ. Жалпы ереже бойынша міндеттемені
борышқор орындауы тиіс. Сонымен бірге, заңда, міндеттеме шартында, не оның
мәнмағынасында міндеттемені борышқордың тікелей өзі орындау керектігі
көрсетілмесе, онда борышқор тек өзіне алған міндеттеменің орындалуын үшінші
жаққа жүктей алады. Мұндай жағдайда несие беруші борышқор үшін үшінші жақ
ұсынған орындау ісін қабылдауға міндетті (АК-тің 276-бабының 2-тармағы).
Егер міндеттемені орындау борышқордың тікелей өзінен ғана талап етілетін
жағдайда (портрет салу, жұмысты жасау, қызмет көрсету және
т.б.) несие беруші үшінші жақтың ұсынатын орындалған ісін қабылдамауға
құқылы.Шарттан туындайтын міндеттемені орындау үшінші жаққа, егер арнайы
ережемен қаралмаса, толықтай немесе ішінара жүктеледі. Мәселен, арнайы
ережелер көлік заңдарында кездеседі, соған сәйкес жүкті жөнелтуші оны
тасымалдайтын көлік ұйымымен шарт жасайды, бірақ көлік жарғыларына сәйкес
жүкті тасымалдау міндеттемесі қалған көлік орындарына (басқа теміржол,
кеме) жаңа шарт жасамай-ақ жүктеледі.
Занда көрсетілген ретте үшінші жақ, Азаматтық кодекстің 339-347-баптарына
сәйкес өзіне көшкен міндеттеме бойынша борышқордың келісімінсіз-ақ несие
берушінің талаптарын өз есебінен қанағаттаңдыра береді.
Мұндай құқық несие берушінің борышқор мүлкінен ақы өндіріп алуы салдарынан
өзінің бұл мүлікке құқығынан (пайдалану, иелену, кепілге салу құқығы және
басқа кұқықтары) айырылу қаупі төнген жағдайда үшінші жаққа беріледі.
Мәселен, қозғалмайтын мүлікті жалға алушы жалға берушінің несие беруші
алдында қарызы бар екендігін және оны өндіртіп алу ниетін білсе, сондай-ақ
жалға алу өзіне тиімді деп есептесе, онда жалға берушінің келісімісіз-ақ
оның қарызын төлеп тастайды. Бұдан кейін жалға алушының міндеттемедегі
жалға беруші алдындағы борышын өтейді.
Несие беруші, мұндай жағдайда үшінші жақтың міндеттемені орындауын
қабылдауға міндетті. Нәтижесінде жалға алушы кейін жалға берушіден ол үшін
төлеген қаржысын қайтарып алуды талап өте алады.
Міндеттемеде оның әр тарабы - несие беруші немесе борышқор ретінде бір
мезгілде бірнеше адам қатыса алады (АК-тің 269-бабының 2-тармағы). Егер
міндеттемеде борышқордың немесе несие берушінің жағында бір емес, бірнеше
тұлға (қатысушылар) болса, онда көпшілік тұлғалармен міндеттеме пайда
болады. Мысалы, мұрагерлікке калған жекешелендірілген пәтердің үш мұрагері
оны ерлі-зайыпты адамдарға сатты делік, сонда сатып алу-сату кезінде екі
жақтан да көпшілік тұлғалар пайда болады, бұл орайда сатушылар — үшеу, ал
сатып алушылар — екеу.1
2.2. ОРЫНДАУ ПӘНІ.1. Бір тараптың талап ету құқыгы және екінші тараптың
міндетінде зат (нәрсе) жөнінде болса, сол міндеттеменің пәні болады.
Міндеттемені орындау пәні зат, оның ішінде ақша, бағалы қағаздар,
шығармашылык қызметтің нәтижесі, жасалатын белгілі бір жұмыстар т.с.с.
Демек, борышқор өз міндетін орындауда мүліктерді тапсыру, жұмыстың
нәтижесін беру, қызмет көрсету, несие берушіге ақша төлеу тәрізді істерді
қолға алады. Ал мұнсыз не нақты түрінде дәл, не тиісті дәрежеде орындау
болуы мүмкін емес.
Міндеттемені тиісінше орындау үшін борышқор міндеттемеде көрсетілген пәнді
орындауға тиіс, пәнге қойылатын талаптар шартта көрсетіледі. Ал, олай
болмаған жағдайда дәстүрлі құқықпен шешіледі, Мысалы, борышқор беруге тиіс
заттың сапасы міндеттемеде көрсетілуі керек, бұл орайда мемлекеттік
стандарттар мен үлгілердің талаптары ескеріледі.
2. Міндеттеменің пәні: кейбірінде жеке белгіленген затты беру, ал
кейбірінде тектес белгідегі заттар болуы мүмкін. Тектес белгілері бар
міндеттеменің ең бастысы - ақшалы міндеттеме, яғни белгілі бір ақша сомасын
төлеуді талап ететін міндеттеме.
Ақшалай міндеттемені орындау үшін арнайы талаптар заңда қарастырылған.
Ақшалай міндеттемені орындаудың кейбір ерекшеліктері болады. Ақшалай
міндеттеме теңгемен айқындалады. Ақшалай
________
1. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы 1-том, авторы Төлеуғалиев.
Алматы Жеті жарғы 2001 ж-313-316 беттер.
міндеттемеде шетел валютасы түріндегі белгілі бір сомаға тең теңге
түріндегі сомада төленуге тиіс екендігі көзделуі мүмкін. Мұндай сома
Қазақстандық банка-ралық валюта биржасының, курсымен айқындалады, ол төлем
жасалған күнгі шетелдік валютаға сай келуі қажет. Аталған ереже ақшаның
құнсыздануынан несие берушілердің мүддесін корғайды.
Қазақстан Республикасы аумағындағы міндеттемелер бойынша есеп айырысуды
жүзеге асырған кезде шетел валютасы, сондай-ақ шетел валютасы түріндегі
төлем құжаттарын пайдалануға заң кұжаттарында көзделген реттер мен
жағдайлар немесе соған сәйкес белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
Ақшалай міндеттеме бойынша азаматты асырауға тікелей төленетін сома
(өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру үшін, өмір
бойы асырау шарты бойынша және басқалары) ең төменгі жалақының ресми түрде
өсуіне қарай арттырылып отырады (АК-тің 283-бабы).
Демек, мұндай жағдайда азаматтың сотқа есеп айырысу жөнінде жүгінуінін,
қажеті болмай қалады, өйткені, мәселе өз-өзінен қалпына келеді.
Ақшалай міндеттемені орындау үшін жеткіліксіз төленген төлемнің сомасы
тараптардың, өзге келісім болмаған жағдайда ең алдымен несие
берушінің орындау жөніндегі шығындарын, содан соң айып пен марапаттауды
(мүдде), ал қалған бөлігінде-борыштың негізгі сомасын өтейді (АК-тің 282-
бабы).2
2.3. МІНДЕТТЕМЕНІ ОРЫНДАУДЫҢ МЕРЗІМІ, ОРНЫ, ТӘСІЛІ.1.Міндеттеменің орындалу
мерзімі заңмен немесе шартпен, сондай-ақ,1шарт алдындағы дауды қарайтын
органмен айқындалуы мүмкін.
Егер міндеттемеде ол орындалатын күн немесе ол орындалуға тиісті
уақыт кезеңі көзделсе немесе тиісінше сол кезең ішінде кез келген уақытта
________________________
2. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Авторы: З.О. Ашитов, Б.З.
Ашитов. Алматы Жеті жарғы 2003 ж-125-132-беттер.
орыңдалуға тиіс(АК-тің 277-бабы). Мысалы, құрылыс объектісінің бітетін күні
міндеттемені орындау күні болып табылады, ал басқа жұмыстар мердігерлік
шарттарда, ақшаны қайтару-қарыз шартында несие беруші шартында,
қарастырылады.
Міндеттеме орындалуға тиісті кесімді уақыт тауарларды жеткізу шарттарында
қаралуы мүмкін, онда әртарап жеткізілетін тауарларды партияларға бөліп,
өздерінің уақытын белгілейді. Ол тоқсандық, ай, онкүндік мерзімдермен
өлшенеді.
Егер міндеттемеде ол орындалатын мерзім көрсетілмесе, бұл мерзімді
анықтауға мүмкіндік беретін шарттар болмаса, ол міндеттеме пайда болғаннан
кейін ақылға қонымды мерзімде орындалуға тиіс. Ақылға қонымды мерзім
дегеніміз міндеттеме нақты жағдайды ала отырып, орындау мүмкіндігі болып
табылады. Бұл орайда борышқордың жағдайына байланысты мүмкіндігі,
міңдеттемені орындау тәсілі, т.б. ескеріледі (мысалы, несие берушіге
дейінгі қашықтық, көлік түрі, және т.б.). Ақылға қонымды мерзімде
орындалмаған, сол сияқты орындалу мерзімі талап етілетін кезбен белгіленген
міндеттемені, егер заңдардан, міндеттеме шарттарынан, іскерлік қызмет
өрісіндегі әдеттегі құқықтардан немесе міндеттеме мәнінен басқа мерзімде
орындау міндеті туындамаса, борышқор несие беруші оның туындалуын талап
еткен күннен бастап жеті күн мерзімінде орындауға міндетті (АК-тің 277-
бабының 2-тармағы).
Міндеттеменің тез арада орындалуын жүкті сақтайтын жерге тапсыратын, банкке
ақша салатын адам талап ете алады. Борышқорға аяқ астынан болатын
міндеттемені орындау үшін дайындалу үшін жеті күн мерзім беріледі.
Міндеттемелерде орындау уақыты көрсетілмеген жағдайда несие беруші
борышқордың орындағанын кез келген уақытта, заңда көзделгенен тыс ретте
қабылдауы керек. Егер заңдарда немесе міндеттеме шарттарында өзгеше
көзделмесе және оның мәнінен туындамаса, борышқор міндеттемені мерзіміне
дейін орындауға құқылы.
Кәсіпкерлік қызметке байланысты міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындауға
міндеттемені мерзіміне дейін орындау мүмкіндігі заңдарда немесе міндеттеме
шарттарында көзделген (жүкті жеткізу, банктің несие беруі және т.б.), не
іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан немесе міндеттеменің
мәнінен туындаған реттерде ғана жол беріледі (АК-тің 279-бабы). Демек бұл
ереже кәсіпкерлер қатысатын қатынасқа арналады.
Борышқордың несие беруші - кәсіпкермен алдын ала келіспей тұрып
міндеттемені мерзімінен бұрын орындауы оны қиын жағдайға қалдыруы мүмкін,
өйткені, оның орындалған міндеттемені аяқ астынан қабылдай қоюға дайындығы
мен жағдайы келмей қалуы ғажап емес. Айталық, борышқордың тауар әкелетінін
білмегендіктен онда дайын тұрған қойма, тауар сақтайтын арнайы орындар
болмауы мүмкін, оның үстіне әкелінген
тауарды темір жол бекетінен, кемеден ала қоятындай көлікке алдын ала
шарт жасалмауы да кедергі келтіреді. Содан келіп несие беруші залал шегеді,
ал мұның өзі нарық жағдайында қолайсыз нәрсе.
2. Міндеттеме орындалатын жер - борышқордың заттарды тапсыратын,
жұмысты атқарып, қызмет көрсетіп, ақша төлейтін, ал несие берушінің
тиісінше орындалғаның қабылдайтын орын. Мәселен, үйді жөндеу, еденді
тазалау, терезені сүрту тек үй түрған жерде ғана жүзеге асады.
Егерде міндеттеме орындалатын жер заңдарда немесе оның шарттарында
белгіленбесе немесе міндеттеме мәнінен немесе іскерлік қызмет өрісіндегі
әдеттегі құқықтардан көрінбесе, ол:
1) міндеттеме бойынша қозғалмайтын мүлікті беру - мүлік орналасқан
жерде;
2) міндеттеме бойынша тауар немесе өзге де мүліктік тасымалдауды
пайдалана отырып беру - мүлікті несие берушіге жеткізу үшін оны бірінші
тасымалдаушыға тапсырған жерде;
3) егер бұл жер міндеттеме пайда болған кезде несие берушіге белгілі
болса, кәсіпкердің басқа міндеттемелері бойынша тауар немесе өзге де
мүлікті беру - мүлік дайындалған немесе сақталған жерде;
4) ақшалай міндеттеме бойынша - несие берушінің міндеттеме пайда
болған кездегі тұрғылықты жерінде, ал егер несие беруші заңды тұлға болса —
міндеттемеде пайда болған кезде оның болған жерінде, егер несие беруші
міндеттеменің орындалу кезінде тұрғылықты жерін өзгертіп, бұл туралы
борышқорға хабарласа — орындалатын жердің өзгертілуіне байланысты барлық
шығындарды соның есебіне жатқыза отырып, оның жаңа тұрғылықты жерінде
немесе тұрған жерінде;
5) баска да барлық міндеттемелер бойынша — борышқордың тұрғылықты
жерінде, ал егер борышқор заңды тұлға болса — оның орналасқан жерінде
орындалуға тиіс (АК-тің 281-бабы).
3. Міндеттемені орындау тәсілі заңмен немесе әр жақтың жасасқан
шарттарымен айқындалады, немесе сол міндеттеменің мәнінен туындайды.
Міндеттеме орындау бір жолғы (заттың құнын толықтай төлеу) немесе
несиеге алған мүліктің құнын жабуы, пошта, көлік кұралдарына төлеу тәрізді
мерзімді түрде әрекет ету болып жүзеге асады. Кейбір міндеттемелер тұтастай
немесе бөліктей орындалуы мүмкін (мысалы, қарыз шарты бойынша қарызды
қайтару). Сонымен бірге, егер міндеттеме шартында, заңдарда өзгеше
белгіленбесе, немесе іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан немесе
мәнінен өзгеше туындамаса, несие беруші міндеттемені бөлшектеп орындауды
қабылдамауға құқылы (АҚ-тің 274-бабы).
Борышқор заңда қаралған ретте, нотариат қеңсесіне немесе соттың депозитіне
қарызды тапсыруы міндеттемені орындағаны болып есептеледі. Азаматтық
кодекстың 291-бабына сәйкес борышқор ақша сомасын немесе бағалы қағаздарды
нотариус пен соттың депозитіне салу құқығына ие. Ол егер:
1) несие берушінің немесе орындалған істі қабылдауға өзі уәкілдік
берген адамнын міндеттеме орындалуға тиісті жерде болмауы;
2) несие берушінің әрекет кабілетсіздігі және оның өкілінің болмауы;
3) міндеттеме бойынша, атап айтқанда, бұл мәселе жонінде несие беруші
мен басқа адамдар арасындағы дауға байланысты несие берушінің кім екені
жайында анық айқындық болмауы;
4) несие берушінің орындалған істі қабылдаудан жалтаруы немесе оның
тарапынан өзге мерзімін өткізіп алушылық салдарынан борышқор міндеттемені
орындай алмаса, борышқор міндеттемелерін орындау үшін өзінен алынатын
ақшаны депозит шарттарында, ал бағалы қағаздарды - нотариустың атына сақтау
шарттарында, ал заң құжаттарымен белгіленген жағдайларда соттың атына
орналастыруға құқылы.
Ақшаны немесе бағалы қағаздарды депозит шарттарына салу немесе нотариустың
немесе соттың атына сақтау міндеттеменін, орындалғаны болып есептеледі.
Нотариус пен сот өз кезегінде несие берушіге оның борышқорынан депозитке
бағалы қағаздар мен ақшаның келіп түскені туралы хабарлайды.
Өзара міндеттердің орындалуының өзіндік ерекшеліктері бар. Егер заңдардан,
іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан, міндеттеме шарттарынан
немесе оның мәнінен өзгеше туындамайтын болса, тараптар өзара міндетгерді
бір мезгілде орындауға тиіс. Сөйтіп, тараптардың бірінің міндеттемені
орындамауы немесе тиісінше орындамауы өзара міндеттерді орындау және қарсы
талаптарды қанағаттандыру кезінде, егер заң құжаттарында немесе міндеттеме
шарттарында өзгеше белгіленбесе, екінші тарапты өз міндеттерін орындаудан
босатады (АК-тің 284-бабы).3
__________
3. Мемлекет және құқық негіздері. Алматы Жеті жарғы 2001ж-529-536 б.
4. МІНДЕТТЕМЕНІ ОРЫНДАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ҮҒЫМЫ МЕН ӘДІСТЕРІ.
Азаматтық құкықтың нормаларын сақтайтын
қатысушылар көп жағдайда міндеттемені ерікті түрде және тиісінше орындайды.
Сонымен бірге өмірде міндеттемені орындамау немесе тиісінше орындамау орын
алатыны тағы шындық. Осыған байланысты заң, міндеттемені орындауды
қамтамасыз ету үшін әдістер деп аталатын арнайы шараларды кездейді.
Міндеттемені қамтамасыз ету оны орындатуға бағытталатын, жалпыға бірдей
емес, арнайы шаралар болып табылады. Сондықтан ол міндеттемелердің бәріне
бірдей емес, тек заңдарда немесе келісімге отырған жақтардың шарттарында
қаралған міндеттемелерге қолданады.
Азаматтық кодекстің 292-бабының талаптарына сәйкес, ондай әдістерге: айып
төлету, кепіл, борышқордың мүлігін альш қалу, аманат, кепілдік,кепілпұл
және басқа әдістер жатады. Қамтамасыз ету әдістерін өздерінің сипаттарына
қарай төрт топқа бөлуге болады. Қамтамасыз ету сипатының бірі міндеттемені
орындамағанда немесе тиісінше орындамағанда борышқордың, белгілі бір ақша
сомасын төлеу арқылы қосымша мүліктік залал шегуінен (айып төлеу, кепілпұл)
көрінеді.
Екінші топтың әдістері несие беруші арқылы мүлікті өндіріп алумен жүзеге
асады (кепіл). Үшінші топтағы қамтамасыз ету әдісі несие берушіге тек
борышқордың ғана емес, үшінші жақтың да мүлкін өндіртіп алуды қамтиды.
Төртінші топқа біздің заңымызға бұрын-соңда тән болмаған әдіс — борышқордың
мүлкін ұстап қалу болып табылады. Бұл әдістің ерекшелігі сол — заң несие
берушіге борышқор өз міндетін орындамайынша, борышқордың затын өзін-өзі
қорғау мақсатында ұстап қалу құқығын береді.
Міндеттемені орындауды қамтамасыз ету әдістері негізгі міндеттемеге
қосымша міндеттеме түрінде көрінеді. Мысалы, сатып алу-сату шарты негізгі
міндеттеме болып табылады, ал сол шартты жасаған жақтар міндеттемені
мерзімінен кеш орындаса, онда айып төлету қарастырылады. Айып төлету туралы
келісім негізгі міндеттеменің болмысынан келіп шығады. Азаматтық кодекстің
292-бабының 3-тармағына сәйкес негізгі міндеттеменің жарамсыздығы оны
қамтамасыз ететін міндеттемені жарамсыз етеді. Ал міндеттемені қамтамасыз
ету туралы келісімнің жарамсыздығы негізгі міндеттеменін, жарамсыз болуына
әкеліп соқтырмайды. Қамтамасыз ету (қосымша) міндеттемесі
жөніндегі келісім жазбаша түрде жасалуы тиіс. Жазбаша нысанның
сақталмауы, мәселен, айып төлеу туралы келісімнің жарамсыздығына әкеліп
соқтырады (АК-тің 294-бабы).4
2.5. МІНДЕТТЕМЕНІ ОРЫНДАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ӘДіСТЕРІ.АЙЫП ТӨЛЕУ.Борышқор
міндеттемесін орындамаған немесе
тиісінше орындамаған ретте, атап айтқанда, орындау мерзімін өткізіп алған
ретте несие берушіге төлеуге міндетті, зандармен немесе шартпен белгіленген
ақша сомасы айып төлеу (айыппұл, өсім) деп танылады. Айып төлеу туралы
талап бойынша несие беруші оған қелтірген залалдарды дәлелдеуге міндетті
емес (АК-тің 293-бабы).
Айып төлеу- кәсіпкерлік салада пайда болған міндеттемені орындауды
қамтамасыз ету әдістерінің ең көп тараған түрі. Жеткізу, сатып алу,
тасымалдау мердігерлік және т.б. шарттарды орындамау айып төлеу арқылы
қамтамасыз етіледі. Азаматтардың қатысуымен болатын қатынастарда ол ақша
міндеттемелерінде (қарыз шарты, тұрғын үйді жалдау және т.б.) қолданылады.
Айып толеудің есептеу әдісіне орай үш түрі болады: айып төлеу, айыппұл және
өсім. Бұл орайда өсім ақшалай міндеттеменің уақытын өткізіп алған
кезде қолданылады, яғни өткізіп алған әрбір күн үшін соманың пайызымен
ұсталады, Мәселен, өсім борышқордан тұрғын үй, электр энергиясын
4 Азаматтық құқық. Ерекше бөлім-1 том. Авторы: Ғ.А. Жайлин. Алматы
2005 ж -91-102 беттер.
пайдаланудагы және т.б. төлем төлеу уақытын өткізіп алғанына орай
өндіріледі.
Айыппұл тек қана ақша сомасында немесе соманың белгілі бір мөлшерінде
орындалмаған міндеттемеге колданылады.
Қосымша міндеттеменің пайда болу негізінде айып төлеуді заңды және шартты
екіге бөледі. Заңды түрі міндеттемеге, қандай міндеттемені бұзған кезде
қолданылатынын айқындайды. Занды айып төлеу көлікпен жүк тасымалдау, өнімді
жеткізу, құрылысқа қажетті құрама бұйымдарды жеткізу үшін болатын
міндеттемелерде кенінен қолданылады. Заңды айып төлеу та-раптардың
міндетінде көзделген-көзделмегеніне қарамастан борышқордан ендіріле береді
(АК-тің 295-бабы). Егер зандарда тыйым салынбаса, тараптардың келісімімен
занды айып төлеу молшері көбейтілуі мүмкін (АК-тің 292-бабының 2-тармағы).
Шартты айып төлеу әржақтың келісімімен айқындалады. Бұл орайда олар қандай
бұзушылыққа, қандай мөлшерде қолданылатынын өздері анықтайды. Міндеттеменің
тиісінше орындалмауынан келген залалдың көлеміне байланысты есепті,
айыппұл, айрықша және балама айып төлеу болып бөлінеді. Есепті айып төлеу
кезінде залалдың бір бөлігі ғана орындалады, бірақ, онымен залалдың бәрі
жабыла қоймайды. Мәселен, міндеттемені орындамауға байланысты залалдар 5
мың теңгені қүрайтын болса, айып төлеу 2 мың теңге болады делік, сонда
несие беруші борышқордан 2 мың теңгені айып төлеу деп, 3 мың тенгені залал
деп өндіріп алуына хақысы бар.
Әдетте айып төлеу есепті сипатқа ие. Айып телеудің бұл түрі барлық
жағдайларда, заңда немесе келісімдерде басқаша көзделгеннен басқа ретте,
қолданыла береді. Айып төлеудің айыппұл түрі, заң мен шартта қаралған
жағдайда ғана қолданылады. Оның мәні борышқор міндеттемені бұзғаны үшін
айып төлеуді жүзеге асырып, келген залалдың ориын толық толтыруға міндетті.
Аталған мысал бойынша борышқор 2 мың теңге айып төлеуді жүзеге асырып және
5 мың теңгені залалдың орнына құяды. Айырықша айып толеу несие берушіні тек
айып төлеуді жүзеге асырумен шектейді. Аталған мысал бойынша тек 2 мың
теңгені төлетеді де қояды. Айырықша айып төлеу көлік қатынастарында кеңінен
тараған. Ол жүкті тасымалдау жоспарын орындамағаны үшін, көлік құралдарының
нормадан тыс тұрғаны үшін және т.б. өндіріледі. Азаматтардың қатысуымен
болатын қатынастар, айталык, пәтер ақы, электр энергиясына төлеу тәрізді
салаларға тап осындай айып төлеу түрі колданылады.
Балама айып төлеу де несие берушіге міндеттемені бұзғанынан келген
залалды өндірте ме әлде төлетуді жүзеге асыра ма, оған өзінің тандауын
айтуына мүмкіндік береді.
Қазіргі қолданылып жүрген зандарда айып төлеудің аталған түрі бекітілмеген,
ол тек шарт арқылы қаралуы мүмкін.
Айып төлеудің тиісті мелшері, егер келген залал мөлшеріне қарағанда
гым жоғары болатын болса, сотпен төмендетілуі мүмкін (АҚ-тің 297-бабы).
Сондай-ақ, сот борышқордың міндеттемені орындау және борышқор мен несие
берушінің назар аударуға лайықты мүдделерін айыппұл мелшерін азайтуда
ескереді (АК-тің 297-бабы). Айып телеудің негізгі мақсаты борышқордың өз
міндеттемесін орындамағаны және тиісінше орындамағаны салдарынан несие
берушінің шеккен зиянының орнын толтыру болып табылады.
КЕПІЛ.Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемеге сәйкес несие беруші (кепіл
ұстаушы) кепілдің күшіне сүйене отырып, борышқор капілмен қамтамасыз
етілген міндеттемені орындамаған ретте кепілге салынған мүлік құнынан заң
актілерінде белгіленген алымды шығарып алып, осы мүлік тиесілі адамның
(кепіл берушінің) басқа несие берушілер алдында артықшылықпен қанағат
тандырылу құқығына ие болады (АК-тің 299-бабы). Мүлік кепілмен міндеттемені
орындауды қамтамасыз ету несие беруші үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасайды,
өйткені, борышқор міндеттемені орындамаған күнде несие беруші қолындағы
кепілге алынған мүлік арқылы талабын қанағаттандыра алады. Біріншіден,
кепіл салынған мүлік несие беруші - кепілді ұстаушы оны біржолата өзіне
алғанға дейін ондағыдай сақталады, екіншіден, кепілге салынған мүлік (АК-
тің 303,306, 310, 312 баптары) үшін несие беруші — кепіл ұстаушы өз
талаптарын қанағаттандыруда артықшылық құқығына ие болады, үшіншіден,
кепілте салынған мүлік борышқордың өзімем емес, үшінші жақ арқылы салынуы
несие беруші үшін талабын қанағаттандыруда қосымша көз болып есептеледі, ал
басқа несие берушілер мүндай құқықты пайдалана алмайды.
Кепіл құқығы заң, немесе шарт арқылы туындайтын міндеттемеге негізделеді.
Кепіл бойынша қатынастарда әржақ кепіл беруші және кепіл ұстаушы деп
аталады. Кепіл берушінің кепіл мүлкіме меншік құқығы немесе оның,
шаруашылық жүргізу құқығы болады. Мұндай құқықтар оған мүлікке иелік етуге
мүмкіндік береді. Негізгі міңдеттеме бойынша кепіл беруші дегеніміз
борышкордың өзі, сондай-ақ оған үшінші жақтың да құқығы бар.
Кепіл ұстаушы дегеніміз негізгі міндеттеме бойынша несие беруші, яғни
кепілге құқығы бар тұлға. Кепіл ұстаушы өзінің құқығын кепіл жөніндегі шарт
бойынша талаптардан бас тартудың жалпы әрежесіне сөйкес басқа тұлғаға
беруге құқылы.
Кепілдің пәні кез келген мүлік бола алады, оның ішінде қозғалатын және
қозғалмайтын мүліктер, мүліктік құқықтар (талаптар) бар. Ал азаматтық
ашалымнан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz