Міндеттемені тоқтатудың түсінігі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
І. Кіріспе
Міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің ұғымы.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің әдістері.
2.2. Міндеттеменің бұзылғандығы үшін жауаптылық.
2.3. Міндеттемені тоқтатудың түсінігі.
2.4. Міндеттеменің жекелеген әдістері.
2.5. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негіздері (жағдайлары).
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.

КІРІСПЕ

Азаматтық құқықтың нормаларын сақтайтын қатысушылар көп жағдайда
ерікті түрде және тиісінше орындайды. Сонымен бірге өмірде міндеттемені
орындамау немесе тиісінше орындамау орын алатыны шындық. Осыған байланысты
заң міндеттемені орындауды қамтамасыз ету үшін әдістер деп аталатын арнайы
шараларды көздейді.
Міндеттемені қамтамасыз ету оны орындатуға бағытталатын, жалпыға
бірдей емес, арнайы шаралар болып табылады. Сондықтан ол міндеттемелердің
бәріне бірдей емес, тек заңдарда немесе келісімге отырған жақтардың
шарттарында қаралған міндеттемелерге қолданады.Азаматтық кодекстің 292-
бабының талаптарына сәйкес, ондай әдістерге: айып төлеу, кепіл, борышқордың
мүлігін алып қалу, аманат, кепілдік, кепілпұл және басқа әдістер жатады.
Қамтамасыз етудің әдістерін өздерінің сипаттарына қарай төрт топқа
бөлуге болады. Қамтамасыз ету сипатының бірі міндеттемені орындамағанда
борышқордың белгілі бір ақша сомасын төлеу арқылы қосымша мүліктік залал
шегуінен (айып төлеу, кепілпұл) көрінеді. Екінші топтың әдістері несие
беруші арқылы мүлікті өндіріп алумен жүзеге асады (кепіл). Үшінші топтағы
қамтамасыз ету әдісі несие берушіге тек борышқордың ғана емес, үшінші
жақтың да мүлкін өндіртіп алуды қамтиды. Төртінші топқа біздің заңымызға
бұрын-соңда тән болмаған әдіс-борышқордың мүлкін ұстап қалу болып табылады.

Бұл әдістің ерекшелігі сол – заң несие берушіге борышқор Азаматтық құқық
авторы: Ғазиз Ибрагимұлы Төлекғалиев. өз міндетін орындамайынша,
борышқордың затын өзін-өзі қорғау мақсатында ұстап қалу құқығын береді.
Міндеттемені орындауды қамтамасыз ету әдістері негізгі міндеттемеге
қосымша міндеттеме түрінде көрінеді. Мысалы, сатып алу-сату шарты негізгі
міндеттеме болып табылады, ал сол шартты жасаған жақтар міндеттемені
мерзімінен кеш орындаса, онда айып төлету қарастырылады. Айып төлету туралы
келісім негізгі міндеттеменің болмысынан келіп шығады. Азаматтық кодекстің
292-бабының 3-тармағына сәйкес негізгі міндеттеменің жарамсыздығы оны
қамтамасыз ететін міндеттемені жарамсыз етеді. Ал міндеттемені қамтамасыз
ету туралы келісімнің жарамсыздығы негізгі міндеттеменің жарамсыз болуына
әкеліп соқтырмайды. Қамтамасыз ету (қосымша) міндеттемесі жөніндегі келісім
жазбаша түрде жасалуы тиіс. Жазбаша нысанның сақталмауы, мәселен, айып
төлеу туралы келісімнің жарамсыздығына әкеліп соқтырады (АК-тің 294-бабы).

2.1. Міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің әдістері.

Борышқор міндеттемесін орындамаған немесе тиісінше орындамаған ретте,
атап айтқанда, орындау мерзімін өткізіп алған ретте несие берушіге төлеуге
міндетті, заңдармен немесе шартпен белгіленген ақша сомасы айып төлеу
(айыппұл, өсім) деп танылады. Айып төлеу туралы талап бойынша несие беруші
оған келтірген залалдарды дәлелдеуге міндетті емес (АК-тің 293-бабы).
Айып төлеу - кәсіпкерлік салада пайда болған міндеттемені
орындауды қамтамасыз ету әдістерінің ең көп тараған түрі. Жеткізу, сатып
алу, тасымалдау, мердігерлік және т.б. шарттарды орындамау айып төлеу
арқылы қамтамасыз етіледі. Азаматтардың қатысуымен болатын қатынастарда ол
ақша міндеттемелерінде (қарыз шарты, тұрғын үйді жалдау және т.б.)
қолданылады.
Айып төлеудің есептеу әдісіне орай үш түрі болады: айып төлеу,
айыппұл және өсім. Бұл орайда өсім ақшалай міндеттеменің уақытын өткізіп
алған кезде қолданылады, яғни өткізіп алған әрбір күн үшін соманың
пайызымен ұсталады. Мәселен, өсім борышқордан тұрғын үй, электр энергиясын
пайдаланудағы және т.б. төлем төлеу уақытын өткізіп алғанына орай
өндіріледі.
Айыппұл тек қана ақша сомасында немесе соманың белгілі бір мөлшерінде
орындалмаған міндеттемеге қолданылады.
Қосымша міндеттеменің пайда болу негізінде айып төлеуді заңды және
шартты деп екіге бөлінеді. Заңды түрі міндеттемеге, қандай міндеттемені
бұзған кезде қолданылатынын айқындайды. Заңды айып төлеу көлікпен жүк
тасымалдау, өнімді жеткізу, құрылысқа қажетті құрама бұйымдарды жеткізу
үшін болатын міндеттемелерде кеңінен қолданылады. Заңды айып төлеу
тараптардың міндетінде көзделген-көзделмегеніне қарамастан борышқордан
өндіріле береді (АК-тің 295-бабы). Егер заңдарда тыйым салынбаса,
тараптардың келісімімен заңды айып төлеу мөлшері көбейтілуі мүмкін (АК-тің
292-бабының 2-тармағы).
Шартты айып төлеу әржақтың келісімімен айқындалады. Бұл орайда олар
қандай бұзушылыққа, қандай мөлшерде қолданылатынын өздері анықтайды.
Міндеттеменің тиісінше орындалмауынан келген залалдың көлеміне
байланысты есепті, айыппұл, айрықша және балама айып төлеу болып бөлінеді.
Есепті айып төлеу кезінде залалдың бір бөлігі ғана орындалады, бірақ
онымен залалдың бәрі жабыла қоймайды. Мәселен, міндеттемені орындамауға
байланысты залалдар 5 мың теңгені құрайтын болса, айып төлеу 2 мың теңге
болады делік, сонда несие беруші борышқордан 2 мың теңгені айып төлеу деп,
3 мың теңгені залал деп өндіріп алуына хақысы бар.
Айып төлеудің айыппұл түрі, заң мен шартта қаралған жағдайда
қолданылады. Оның мәні борышқор міндеттемені бұзғаны үшін айып төлеуді
жүзеге асырып, келген залалдың орнын толық толтыруға міндетті. Аталған
мысал бойынша борышқор 2 мың теңге айып төлеуді жүзеге асырып және 5 мың
теңгені залалдың орнына құяды.
Айрықша айып төлеу несие берушіні тек айып төлеуді жүзеге асырумен
шектейді. Аталған мысал бойынша тек 2 мың теңгені төлетеді де қояды.
Айрықша айып төлеу көлік қатынастарында кеңінен тараған. Ол жүкті
тасымалдау жоспарын орындамағаны үшін, көлік құралдарының нормадан тыс
тұрғаны үшін және т.б. өндіріледі. Азаматтардың қатысуымен болатын
қатынастар, айталық, пәтер ақы, электр энергиясына төлеу тәрізді салаларға
тап осындай айып төлеу түрі қолданылады.
Балама айып төлеу де несие берушіге міндеттемені бұзғанынан келген
залалды өндірте ме әлде төлетуді жүзеге асыра ма, оған өзінің таңдауын
айтуына мүмкіндік береді.
Қазіргі қолданылып жүрген заңдарда айып төлеудің аталған түрі
бекітілмеген, ол тек шарт арқылы қаралуы мүмкін.
Айып төлеудің тиісті мөлшері, егер келген залал мөлшеріне қарағанда
тым жоғары болатын болса, сотпен төмендітілуі мүмкін (АК-тің 297-бабы).
Сондай-ақ, сот борышқордың міндеттемені орындау дәрежесін және
борышқор мен несие берушінің назар аударуға лайықты мүдделерін айыппұл
мөлшерін азайтуда ескереді (АК-тің297-бабы). Айып төлеудің негізгі мақсаты
борышқордың өз міндеттемесін орындамағаны және тиісінше орындамағаны
салдарынан несие берушінің шеккен зиянының орнын толтыру болып табылады.
Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемеге сәйкес несие беруші (кепіл
ұстаушы) кепілдің күшіне сүйене отырып, борышқор кепілмен қамтамасыз
етілген міндеттемені орындамаған ретте кепілге салынған мүлік тиесілі
адамның (кепіл берушінің) басқа несие берушілер алдында артықшылықпен
қанағаттандырылу құқығына ие болады (АК-тің 299-бабы).
Мүлік кепілмен міндеттемені орындауды қамтамасыз ету несие беруші
үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасайды, өйткені, борышқор міндеттемені
орындамаған күнде несие беруші қолындағы кепілге алынған мүлік арқылы
талабын қанағаттандыра алады. Біріншіден, кепіл салынған мүлік несие беруші-
кепілді ұстаушы оны біржолата өзіне алғанға дейін ойдағыдай
сақталады,екіншіден, кепілге салынған мүлік (АК-тің 303, 306, 310, 312
баптары) үшін несие беруші-кепіл ұстаушы өз талаптарын қанағаттандыруда
артықшылық құқығына ие болады, үшіншіден, кепілге салынған мүлік
борышқордың өзімен емес, үшінші жақ арқылы салынуы несие беруші үшін
талабын қанағаттандыруда қосымша көз болып есептеледі, ал басқа несие
берушілер мұндай құқықты пайдалана алмайды.
Кепіл құқығы заң немесе шарт арқылы туындайтын міндеттемеге
негізделеді.
Кепіл бойынша қатынастарда әр жақ кепіл беруші және кепіл ұстаушы
деп аталады. Кепіл берушінің кепіл мүлкіне меншік құқығы немесе оның
шаруашылық жүргізу құқығы болады. Мұндай құқықтар оған мүлікке иелік етуге
мүмкіндік береді. Негізгі міндеттеме бойынша кепіл беруші дегеніміз
борышқордың өзі, сондай-ақ оған үшінші жақтың да құқығы бар.
Кепіл ұстаушы дегеніміз негізгі міндеттеме бойынша несие беруші,
яғни кепілге құқығы бар тұлға. Кепіл ұстаушы өзінің құқығын кепіл жөніндегі
шарт бойынша талаптардан бас тартудың жалпы ережесіне сәйкес басқа тұлғаға
беруге құқылы.
Кепілдің пәні кез келген мүлік бола алады, оның ішінде қозғалатын
және қозғалмайтын мүліктер, мүліктік құқықтар (талаптар) бар. Ал азаматтық
айналыман алынып тасталған мүліктер, несие берушінің жеке басымен тығыз
байланысты талаптар, атап айтқанда, алименттер,өміріне немесе денсаулығына
келтірілген зиянды өтеу туралы талаптар және құжаттарымен оларды басқаға
беруге тыйым салынған өзге құқықтар кепіл пәні бола алмайды.
Кепіл талаптың қойылған кезіндегі мөлшерін қаматамсыз етеді. Бұған
негізгі қарыздан басқа орындауды кешіктіргеннен келген айып төлеу, зиянды
қалпына келтіру, керілге алынған мүлікті кепіл ұстаушының ұстауға кеткен
шығынын өтеу қосылады. Кепіл ұстаушы аталған сомалар бойынша шығынның орнын
толтыруды талап етуге құқылы.
Егер тараптар мұндай талаптарды кепіл арқылы қамтамасыз ету мөлшері
туралы уағдаласқан жағдайда кепіл болашақта пайда болатын талаптарға
қатысты да белгіленуі мүмкін (АК-тің 302-бабы).
Кепіл туралы шарттың нысаны мен мазмұны және ерекше талаптар
хақында заңда белгіленген (АК-тің 307-бабы). Шартта кепілдің мәні мен оны
бағалау құны, кепілмен қамтамасыз етілетін міндеттеменің мәні, мөлшері мен
орындалу мерзімі көрсетілуге тиіс.
Кепіл туралы шарт жазбаша түрде жасалуға тиіс. Егер негізгі
міндеттеме нотариалды куәландыруға жатса, онда кепіл туралы шарт нотариалды
куәландырылуы керек. Қозғалмайтын мүлік кепілі туралы шарт нотариалды
куәландырылғанда ғана күшіне енеді.
Кепіл туралы шартта өзгеше көзделмегендіктен, кепіл құқығы кепілді
тіркелуге жататын мүлік жөніндегі шартты тіркеу кезінен бастап, басқа мүлік
жөнінен-бұл мүлікті кепіл ұстаушыға берген кезден бастап пайда болады (АК-
тің 310-бабы). Кепіл туралы шарт тіркеуге жатқан жағдайда, ол тіркеуден
өткен сәтінен бастап жасалған деп есептеледі.
Қазіргі қолданылып жүрген заңдар кепілге салынып үлгерген затты
қайталап кепілге салу мүмкіндігін қарастырады. Кейіннен берілетін кепіл
бұрынғы жасалған шартта рұқсат етілген не тыйым салынбаған болса жүзеге
асады. Мұндай жағдайда кепіл беруші кепіл ұсатушыға кепілге берілген мұндай
мүлік туралы мәлімет береді. Кейінгі кепіл ұстаушының талабы алдыңғы кепіл
ұстаушылардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін кепіл мәнінің құнынан
қанағаттандырылады.
Кепілдің екі түрі болады:
а) ипотека;
ә) кепілзат;
Ипотека-кепілге салынған мүлік кепіл салушының немесе үшінші бір жақтың
иелігінде және пайдалануында қалатын кепіл түрі. Ипотекаға тұтастай
кәсіпорындар, жекелеген құрылыстар, ғимараттар, яғни жерге тікелей
байланысты (ипотека) басқа да объектілер, сондай-ақ айналымдағы тауар және
азаматтық айналымнан алынбаған басқа да мүлік ипотека мәні бола алады.
Ипотека тәртібіне кепілге салынған мүлік кепіл ұстаушыда қалады.
Ипотека, сондай-ақ белгілі бір мүліктің кепілі заңда белгіленген
тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өтуге жатады. Бұл орайда әңгіме
кәсіпорындардың, ғимараттардың, құрылыстардың, пәтерлердің, жер учаскесіне
құқықтың және басқа қозғалмайтын мүліктің (ипотека) кепілі Қазақстан
Республикасының қозғалмайтын мүліктің ипотекасы туралы жалпы ережелер
қолданылады (АК-тің 299-бабының 2-тармағы).
Ипотека туралы шартта ипотеканың мәні, оның атауы, тұрған жері және
бұл мәннің айтарлықтай идентификация үшін сипаттауы, сондай-ақ кепіл
ұстаушының ипотека мәніне құқығы, осы несие берушінің құқығын тіркеген-осы
мүлікке-мемлекеттік органның тіркеуі көрсетілуі тиіс. Жер учаскесінің
ипотекасы туралы шартқа жер ресурстары мен жерге орналастырудың тиісті
комиттері берген осы учаскесі шекарасының сызбасы қоса тіркелуі қажет.
Шартта негізгі міндеттеме туралы-міндеттеменің ақшалай құны, туындау
негіздері, орындау мерзімі және т.б. көрсетіледі.
Ипотека туралы шартты жасаған кепіл беруші кепіл ұстаушыны
ипотеканың мәніне үшінші жақтың белгілі құқықтары жөнінде жазбаша ескертуге
міндетті (кепіл құқытары, жалға беру, сервитуттар және т.б.).
Ортақ меншіктегі мүлікке орай ипотеканың өзіндік ерекшелігі
болады. Мәселен, көп пәтерлі үйдегі бір пәтер кепілге салынған күнде
кепілге тек тұрғын жай ғана емес, осы үйдегі ортақ меншікте қолданылатын
құқықтар да жатады. Ортақ үлестік меншікке қатысушы басқа меншік иелерінің
келісімінсіз-ақ ортақ қозғалмайтын мүлікке өз үлесін қоса алады. Ортақ
бірлескен меншіктегі мүліктерге, оның ішінде сол үйдегі пәтерлердің тұрғын
жайы болып табылмайтын орындамаған ипотека барлық меншік иелерінің жазбаша
келісімі арқылы жүзеге асады (АК-тің 307-бабы).
Ипотека туралы шарт нотариалды куәландырылуы керек. Ол қозғалмайтын
мүліктің тұрған жері бойынша мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап
жасалады деп есептеледі.
Кепілге салынған мүлікті кепіл ұстаушының иелігіне беруі кепілзат деп
аталады (АК-тің 303-бабы). Жақтардың келісімі бойынша кепілге салынған
мүлік кепіл ұсатушыда құлыпталып, мөр басылып немесе белгі қойылуы арқылы
сақталады.
Кепілге салынған мүлікті күту мен сақтау кепілге қатысты негізгі
міндет болып табылады. Бұл міндетті кепілге салынған мүлік орналасқан жақ
мойнына алады.
Сондай-ақ бұл тарап: кепілге салынған мүлікті сақтауды қамтамасыз ету
үшін қажетті шараларды, оның ішінде оған үшінші жақтар тараптарынан қол
сұғылып, талаптар қойылуынан қорғау үшін қажетті шаралар қолдануға; кепілге
салынған мүліктің жоғалуы немесе бүлінуі қаупінің пайда болуы туралы екінші
тарапқа дереу хабарлауға міндетті.
Кепіл беруші және кепіл ұстаушы басқа тарапта тұрған кепілге салынған
мүліктің бар екендігіне, санына және сақталу жағдайына тексеру жүргізуге
құқылы болады.
Аталған міндеттерді кепіл ұстаушының өрескел бұзуы кепіл берушіге
кепілді мерзімінен бұрын тоқтатуды талап етуге құқық береді (АК-тің 312-
бабы).
Кепіл беруші:
➢ егер кепіл мәні соншалықты өзгеруіне байланысты өзінің мақсатына
пайдалануға жарамай қалса, одан бас тартуға құқығы бар. Мұндай
жағдайда кепіл беруші келген залалды қалпына келтіруді талап етуге
хақылы;
➢ кепіл беруші кепілге салынған мүліктің жоғалуынан немесе бүлінуінен
келген залалды кепіл ұстаушыдан есептеуді талап етуге, негізгі
міндеттеменің орындалуын талап етуге, де құқылы;
➢ егер заңда өзгеше көзделмесе, ол кепіл ұстаушының келісімімен
кепіл мәнін өзгертуге де хақылы. Егер кепіл мәні жойылып немесе
бүлінсе немесе заңмен тағайындалған негізде меншік құқығы немесе
шаруашылық жүргізу құқығы тоқтатылса, онда кепіл беруші кепіл мәнін
қалпына келтіруді немесе оған тең келетін мүлікпен ауыстыруды талап
ете алады, бұл орайда кепіл ұстаушының келісімі талап етілмейді.
Кепіл беруші кепілге салынған мүлікті пайдалануды Азаматтық кодекстің
315-бабына сәйкес жүзеге асыра алады. Егер шартта өзгеше көзделмесе және
кепіл мәнінен өзгеше туындамаса, кепіл беруші кепіл нысанын оның мақсатына
сәйкес пайдалануға, соның ішінде одан жемістер мен табыстар табуға құқылы.
Кепілге салынған мүлікті пайдалану үшін (бөтенге беру, жалға беру, басқа
тұлғаның тегін пайдалануы және т.б.) кепілге беруші кепіл ұстаушының
келісімін алуы тиіс. Бірақ та кепіл берушінің кепілге салынған мүлікті
өсиет етіп қалдыру құқығын шектейтін келісімі жарамсыз болады.
Меншік иесі болып табылатын кепіл беруші, егер заңда өзгеше
көзделмесе, кепілге салынатын мүліктің жоғалуы мен кездейсоқ қирау немесе
бүліну тәуекелін мойнына алады.
Кепіл ұстаушы кепіл мәнін шартта көрсетілген шекте ғана пайдалануға
құқылы. Мұндай жағдайда ол өзіндегі кепілзаттың пайдалануы жөнінде кепіл
берушіге есеп беріп тұрады. Тараптар шарт бойынша кепіл ұстаушыға кепілге
салынған нәрсенің негізгі міндеттемені өтеу мақсаттарында немесе кепіл
берушінің мүдделері үшін жемістер мен табыстар табу міндеті жүктелуі мүмкін
(АК-тің 315-бабы).
Кепіл ұстаушы кепілге салынған мүліктің жоғалуы мен бүлінгені үшін
оның нақты құны мөлшерінде (құны төмендеген сома) жауапты болады, бұл
орайда мүліктің кепіл ұстаушыға берілген кездегі әр жақтың айқындалған
құны есепке алынбайды. Егер кепіл ұстаушы бұл орайда кәсіпкерлікпен
айналысатын тұлға болатын болса, онда ол кінәсіне қарамай жауап береді.
Бірақ, мүліктің сақталмауы дүлей күштердің салдарынан болғандығын дәлелдей
алса, жауапкершіліктен құтылады. Қалған жағдайларда құқық бұзушылықтары
үшін жауап береді. Шарт арқылы кепіл ұстаушының келтірген залалын, яғни
мүліктің жоғалуы мен бүлінуін айқындап, кепіл берушінің олардың орнын
толтыруын талап етуге еркі бар.
Кепілдің мәні, яғни нәрсесі кепіл берушіге берілетін мүліктік құқық
болуы да мүмкін (талаптар). Бұл міндеттемеден туындайтын мүлікті иелену
құқығы, пайдалану құқығы, оның ішінде жалға алушының құқығы және басқа
құқықтар болуы мүмкін. Мұндай жағдайда кепілге салынған мүліктің мерзім
құқығын шектеуге құқық беріледі әрі ол кепіл сол мерзімнен аспауы керек.
Шартта кепілге салынатын нәрсенің құны жоқ болса, онда ол тараптардың
келісімі бойынша айқындалады.
Жылжымайтын мүлікке қатысты ақы өндіріп алу сот арқылы жүзеге асады.
Кепіл туралы шартта, сондай-ақ, Азаматтық кодексте және өзге де заң
құжаттарында көзделген реттерде кепіл ұстаушы кепілге салынған мүлікті
соттан тыс күштеу тәртібімен сауда өткізу (аукцион) арқылы өз бетімен
сатуға құқылы. Ақшалай қарызды қамтамасыз ететін кепілге салынған нәрсені
сату жөнінде кепіл ұстаушы банктің де осындай құқығы болады.
Кепіл негізгі міндеттеме немесе кепіл құқығы тоқтатылғанда, кепілге
салынған мүлік жойылғанда, кепілге салынған мүлікті жария саудаға салып
сатқан ретте, сондай-ақ оны сату мүмкін болмаған ретте күшін жояды.
Ломбардқа заттарды кепілге салу да-кепілдің бір ерекшелігі. Бұл
субъект құрамына, кепіл нәрсесіне, негізгі міндеттеменің сипатына және т.б.
қатысты болады (АК-тің 328-бабы).
Азамат кепіл беруші ретінде өзінің жеке тұтынуындағы мүлікті қысқа
мерзімді несиені қамтамасыз ету үшін кепілдікке салады. Бұл орайда кепіл
ұстаушы ломбард болып табылады. Бұл-лицензия негізінде кәсіпкерлікті
жүзеге асыратын арнайы ұйым.
Заттың кепілі туралы шарт кепілдік билеттерімен рәсімделеді. Кепілге
салынған мүлік ломбардқа беріледі, ол өз кезегінде кепіл берушінің
пайдасына заттың құнымен сақтандырады. Оның кепілге салынған затты
пайдалануға, иелік етуге хақысы жоқ. Ломбард кепілге қойылған заттардың
жоғалуы немесе бүлінуі үшін жауапты болады (АК-тің 328-бабы).
Ломбардқа заттарды кепілге салумен қамтамасыз етілген несиені
белгіленген мерзімде қайтармаған жағдайда, ломбард нотариаттың атқарушылық
жазбасы негізінде жеңілдік ретінде бір айлық мерзім өткеннен кейін
кепілге қойылған мүлікті сату үшін белгіленген тәртіп бойынша сатып
жіберуге құқылы (АК-тің 328-бабының 5-тармағы). Осыдан кейін, егер кепілге
қойылған мүлікті сатудан түскен сома оларды толық қанағаттандыру үшін
жеткіліксіз болса да, ломбардтың кепіл беруші-борышқорға қойған талабы
өтеледі.
Ломбардтың азаматтары кепіл арқылы несие берумен қамтамасыз ету
ережесі, заттай кепілдік туралы шарттың тұжырымы заңмен белгіленеді.
Заттарды ломбардқа кепілге салу туралы шарттың, Азаматтық кодекстің және
тиісті заң құжатында кепіл берушіге берілетін құқықтарымен салыстырғанда,
оның құқытарын шектейтін ережелері шарт жасасқан кезден бастап жарамсыз
болады (АК-тің 328-бабы).
Міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің жаңа әдісі-борышқордың
мүлкін алып (ұстап) қалу (АК-тің 292-бабы). Оның мәні мынадай: борышқор
немесе борышқор айтқан тұлғаға берілуге тиісті затты және сол зат бойынша
борышқор міндеттемені мерзімінде орындамаған немесе кідіртудің салдарынан
оған басқа да залалдар әкелсе, міндеттеме қашан орындалғанша несие беруші
затты өзінде ұстай тұрады (РФ-ның АК-тің 359-бабы 1-тармағы).
Қазақстандық азаматтық заңдарда борышқордың мүлкін алып (ұстап)
қалуға анықтама берілмеген. Бұл әдістің өзіне тән бір ерекшелігі несие
беруші заттық құқыққа ие бола тұрып меншік иесі бола алмайды.Несие беруші
заттың есесін қайтару, залалдардың орнын толтыру және т.б. өзінің
талаптарын заттың құнынан қанағаттандырады. Мұндай әдістің кепіл әдісіне
келетін тұстары бар. Бұл жағдайлардың қайсысында болсын несие берушінің,
кепіл ұстаушының талаптарын алдын ала белгіленген мүлік есебінен
орындалады. Сонымен қатар міндеттемені орындаудың осы айтқан әдістері
арасында айтарлықтай ерекшелік те бар. Кепіл негізгі міндеттеменің
туындауына орай бір мезгілде әр жақтың келісімімен тағайындалады. Ал, затты
алып (ұстап) қалу міндеттеменің негізгісінде болсын, қосымшасында болсын
көрсетілген не көрсетілмегеніне қарамастан негізгі міндеттеменің бұзылуынан
келіп шығады.
Борышқордың мүлкін алып қалу бір жақты әрекет, ол заңға негізделген
және міндеттеменің ақшалай орындалмауына байланысты (затты төлеу,
жоғалғанды қалпына келтіру, және басқа залалдар) белгілібір заңдық
фактілердің туындауынан көрінеді.
Бұл әрекет бұзылған құқықты қорғауға бағытталған,сондықтан да,
оны несие берушінің бұзылған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несие берушінің құқықтарындағы әмбебап құқықты мирасқорлық нәтижесінде
Борышқор әрекетін нақты айқындайтын міндеттеме және балама міндеттеме
Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау негіздері
Шартқа негізделген міндеттемелер, шарттан тыс міндеттеме және бір жақты еркін құжат түрлеріндегі міндеттеме
Азаматтық - құқықтық жауапкершіліктің негіздері
ШАРТТЫ ЖӘНЕ ШАРТТАН ТЫС МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ
Міндеттемесін орындауды талап ететін жақ
Міндеттеменің ұғымы және тараптары
Рента шартының түсінігі мен түрлері
Міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің әдістері
Пәндер