Азаматтық кодекстің 344 - бабына сәйкес, міндеттеме жөніндегі несие берушінің құқықтыры заң құжаттары және соларда көрсетілген мынадай жағдайлардың болуы негізіндн
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-4
I Міндеттеменің ұғымы және тараптары
1.1 Міндеттеменің пайда болу
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 5-1 4
II Міндеттеменің бұзылғандығы үшін жауаптылық
2.1 Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негіздері және түрлері ... ... ..15-
19
2.2 Міндеттеменің тоқтатылуының жекеленген
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ..19-25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .26-27
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..28
Кіріспе
Мiндеттеменi орындамау, не тиiстi дәрежеде орындамау (мезгiлiнде
орындамау, тауарлар мен жұмыстарды толық орындамау, мiндеттеме мазмұнында
белгiленген басқа жағдайларды бұзып орындау) тиiсiнше орындамау оның
бұзылуы деп түсiнiледi. Тиiстi дәрежеде орындауға мүмкiндiк болмаған
жағдайда борышқор бұл туралы несие берушiге дереу хабарлауға мiндеттi.
Мiндеттеменi бұзғандық үшiн борышқорды жауапқа тарту несие берушiнiң
талап етуi бойынша жүргiзiледi.
Мiндеттеменiң бұзылуынан туындаған залалдың орнын толтырудан
борышқорды босату жөнiндегi тараптардың мiндеттеме бұзылғанға дейiн
қабылдаған келiсiмi жарамсыз болады, алайда тараптар өзара келiсiм бойынша
мүлiктегi нақты келтiрiлген зиянды ғана өндiрiп алуды көздеуi мүмкiн.
Егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, залалды анықтаған
кезде, мiндеттеме орындалуға тиiстi жерде, борышқор несие берушiнiң талабын
өз ықтиярымен қанағаттандырған күнi, ал егер талап ерiктi түрде
қанағаттандырылмаса, талап арыз берiлген күнi қолданылған баға назарға
алынады. Мән-жай негiзге ала отырып, сот шешiм шығарған күнi не нақты төлем
төленген күнi қолданылған бағаны назарға ала келiп, залалдың орнын толтыру
туралы талапты қанағаттандыра алады.
Заңдарда немесе шартта залалдарды емес, айып төлеудi өндiрiп алуға жол
берiлетiн; залал толық сомасында айып төлеуден тыс өндiрiп алынуы мүмкiн;
несие берушiнiң таңдауы бойынша не айып төлеу, не шығын өндiрiп алынуы
мүмкiн болатын жағдайлар көзделуi ықтимал.
Мiндеттеменiң орындалмағаны немесе тиiстi дәрежеде орындалмағаны үшiн
шектелген жауаптылық белгiленген жағдайларда айып төлеу арқылы жабылмаған
бөлiгiнде, не одан тыс, не оның орнына өтелуге жататын залал осындай
шектелумен белгiленген шекке дейiн өндiрiп алынуы мүмкiн.
Мiндеттеме тиiстi дәрежеде орындалмаған жағдайда айып төлеу және
залалдарды өтеу, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе,
борышқорды мiндеттеменi орындаудан босатпайды.
Мiндеттеме орындалмаған жағдайда залалды өтеу және оны орындамағаны
үшiн айып төлеу, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе,
борышқорды міндеттеменi заттай орындаудан босатады.
Борышқор кiнәлi болған кезде, егер заңдарда немесе шартта өзгеше
көзделмесе, мiндеттеменi орындамағаны және (немесе) тиiстi дәрежеде
орындамағаны үшiн жауап бередi. Егер борышқор мiндеттеменi тиiстi дәрежеде
орындау үшiн өзiне байланысты шаралардың барлығын қолданғаны дәлелдесе, ол
кiнәсiз деп танылады.
Осыған байланысты менің курстық жұмысымның мақсаты: міндеттеменің
ұғымы және тұлғалардың міндеттемені орындау, міндеттеменің орындауын
қамтамасыз ету және міндеттеменің бұзылғандығы үшін жауаптылықты қарастыру,
тағы басқа жекелеген әдістер тәртібіне, мазмұнына мән бере қарауы.
I Міндеттеменің ұғымы және тараптары
1.1 Міндеттеменің пайда болу негіздері
Кәсіпкерлік қызметпен байланысты міндеттеме бойынша бірнеше
борышқордың міндеттері, сол сияқты бірнеше несие берушінің талаптары, егер
заң құжаттарында немесе міндеттеме шарттарында өзгеше көзделмесе,-
ортақтасқан міндет болып табылады.
Несие беруші ортақтасқан міндетті барлық борышқорлардан да, жеке-жеке
алғанда олардың кез келгенінен де, сондай-ақ, түгелдей де, бөлшектеп те
борышты талап етуге құқылы. Ортақтасқан борышқорлардың біріне толық
қанағаттанбаған несие беріші алымдарын олардың қалғандарынан талап етуге де
құқығы бар.
Ортақтасқан борышқорлар міндеттеме толық орындалғанға дейін міндетті
болып қала береді.
Борышқорлардың бірінің ортақтас міндетті толық орындалуы қалғандарын
несие беруші алдындағы міндеттерінен босатады.
Талаптар ортақ болған жағдайда ортақтас несие берушілірдің кез келгені
борышқорларға толық көлемінде талап қоюға құқылы.
Ортақтас несие берішілердің біреуіне міндеттемені толық орындау
борышқорды өзге несие берушілерге оны орындаудан босатады.
Ортақтасқан міндет болған ретте борышқордың несие берушінің
талаптарына қарсы борышқорлардың осы борышқор қатыспайтын несие берушіге
осындай қатынастарына негізделген қарсылық білдіруге құқығы жоқ.
Талаптар ортақ болған жағдайда борышқордың ортақтас несие
берушіліердің біреуінің талабына қарсы осы несие беруші қатыспайтын
борышқордың басқа ортақтас несие берушімен осындай қатынастарына
негізделген қарсылық білдіруіне құқығы жоқ.
Азаматтық кодекстің 288-бабынасәйкес негізгі борышқор несие берушінің
міндеттемені орындау туралы талабын қанағаттандырмаған жағдайда бұл талап
орындалмаған бөлігінде басқа-борышқорға (субсидиялық борышқорға) мәлімдеуі
мүмкін екендігі заң құжаттарында немесе несие беруші мен борышқордың
арасындағы міндеттеме ережелерінде көзделуі мүмкін.
Сонымен субсидиялық міндеттеме дегенді түсіндіре кетелік, яғни
борышқор өзінің алған негізгі міндеттемесіне орай атқаруға тиісті әрекетін
мезгілінде орындай алмаса, міндеттемені басқа борышқорға жүктейді. Мысалы,
субсидиялық міндеттеме дегенді түсіндіре кетелік, яғни борышқор өзінің
алған негізгі міндеттемесіне орай атқаруға тиісті әрекетін мезгілінде
орындай алмаса, міндеттемені басқа борыштарға жүктейді. Мысалы, субсидиялық
міндеттемеде заңды тұлға құрылтайшысының жауапкершілігі қарастырылады,
мүлігінің жеткіліксіздігіне банкротқа ұшыраған ондай заңды тұлғаның
ауыртпалығын негізгі қоғам өзіне көтеріп алады.
Міндеттеме жүзеге асуы кезінде оның субъектілерінің құрамында
өзгерістер болуы мүмкін. Яғни құқықтық қатынасқа бұрынғы несие берушінің
орнына жаңа қатысушы келе алады, сондай-ақ бұрынғы борышқордың орнын
кейінгісі басады. Бұл жағдай жалпы құқық қабылдаушылық ( әмбебап )
негізінде жүзеге асады. Мысалы, заңды тұлғаны қайта құрғанда, мүлік
мұрагерлікпен ауысқанда мұндай мәселе көрініс береді. Құқық қабылдау
кезінде бұрынғы тұлғаның барлық құқықтары мен міндеттері кейінгісіне
ауысады, сондықтан да сондай құқықтарының біріне нақты міндеттемесі де
кіреді.
Заң міндеттемедегі тұлғаны ауыстыруға жеке құқық қабылдаушылық
жағдайында рұқсат береді, яғни белгілі бір адамнан екіншісіне қандай да бір
міндет өткен кезде беретін тұлғаның басқа қалған мүлкі сақталады.
Міндеттемені тұлғаның ауысуы мұндай жағдайда арнайы мәміле негізінде жүзеге
асады, бұл талап етуді беру шарттары мен борыштың ауысуы деп аталады.
(Азаматтық кодекстің 339-347 және 348-баптары).
Несие берушіге талап етуді басқа адамға беруіне жол беріледі. Несие
берушілер арасында борышқорға талап ету құқығы келісім шарт арқылы жүзеге
асады. Мысалы, қарыз беруші өзі бір жаққа ұзақ уақыт кеткенде інісіне қарыз
алушыдан алған қарызды қайтаруды талап ету құқығын қалдырады. Талап етуді
біреуге беру ( мұны цессия деп атайды ) басқа шарттар сияқты жасалады, оның
күші, тәтібі және т.б. белгіленеді. Сонымен бірге талап етуді беруді жүзеге
асыру тәртібіне қатысты талап қоюы циссияның аясына кірмейді. Несие
берушінің жеке басымен тығыз байланысты құқықтардың, атап айтқанда, алимент
жөніндегі және азаматтың өміріне немесе денсаулыгына келтірілген зиянның
орнын толтыру жөніндегі талаптардың басқа адамға ауысуына жол берілмейді
(Азаматтық кодекстің 340- бабы).
Несие беруші құқықтарының басқа адамға ауысуы үшін, егер заң
құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, борышқорбың келісімі талап
етілмейді (Азаматтық кодекстің 339- бабы 2- тармағы).
Дейтұрғанмен талап етуді беру шарты жасалғанда бұл еске салынуы тиіс.
Егер несие беруші құқықтарының басқа адамға ауысқаны жөнінде борышқорға
жазбаша түрде хабарланбаса, жаңа несие беруші осыдан туындайтын өзіне
қолайсыз салдарға тәуекел етеді. Бұл жағдайда бастапқы несие берушіге
міндеттемені орындағаны тиісті несие берушіге орындағаны болып танылады
(Азаматтық кодекстің 339- бабы 3- тармағы).
Егер зан құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, бастапқы несие
берушінің құқығы жаңа несие берушіге құқықтық ауысуы кезінде болған көлемде
және сондай жағдайларда ауысады. Атап айтқанда, жаңа несие берушіге
міндеттемені орындауды қамтамасыз ететін, сондай- ақ басқа да құқықты,
соның ішінде алынбаған сыйақыға (мүддег) құқықты талап етуге байланысты
құқықтар ауысады (Азаматтық кодекстің 341- бабы). Борышқор талаптардың осы
адамға ауысқанына дәлелдемелерді өзіне табыс еткенше жаңа несие берушіге
міндеттемелерді орындамауға құқылы (Азаматтық кодекстің 342- бабы 1-
тармағы).
Талап етуді басқа адамға берген несие беруші оған талап ету құқықтарын
куәландыратын құжаттарды беруге және талапты жүзеге асыру үшін маңызы бар
мәліметтерді хабарлауға міндетті (Азаматтық кодекстің 342-бабы 2-
тармағы).
Борышқор міндеттеме жөніндегі құқықтардың жаңа несие берушінің
талаптарына қарсы қоюға құқылы (Азаматтық кодекстің 343-бабы).
Азаматтық кодекстің 344-бабына сәйкес, міндеттеме жөніндегі несие
берушінің құқықтыры заң құжаттары және соларда көрсетілген мынадай
жағдайлардың болуы негізіндн:
1) несие берушінің құқықтарындағы әмбебап құқықты мирасқорлық
нәтижесінде;
2) заң құжаттарында мұндай ауысу мүмкіндігі көзделсе, несие беруші
құқықтарының басқаға ауысуы туралы сот шешімі бойынша;
3) міндеттемені оның кепіл болушысы, тапсырушысы немесе осы міндеттеме
бойынша борышқор болып табылмайтын кепілге зат берушінің орындауы
нәтижесінде;
4) сақтандырушы сақтандыратын жағдайдың басталуына жауапты борышқорда
несие берушінің құқықтарын алып берген кезде;
5) заң құжаттарында көзделген өзге жағдайларда басқа адамға ауысады.
Борышының ауысуы дегенді былай түсінген жөн- несие беруші, борышқор
және үшінші тұлға арасындағы соңғысының борышты өз мойнына алу жөніндегі
келісім-шарты. Борышқорлардың өз борышын басқа адамға ауыстыруына тек несие
берушінің келісімімен ғана жол беріледі. (Азаматтық кодекстің 348-бабы).
Бұл түсінікті де, өйткені, несие берушіге борышқорының кім екендігін білу
маңызды ғой. Сондай-ақ борышқорының тындырымды әрі төлем төлей алатын
қабілеті болғанын қалайды.
Оның үстіне бұрынғы борышқордың міндеті жаңасына айна-қатесіз ауысуы
шарт, жаңа борышқор несие берушімен бастапқы борышқордың арасындағы
қатынастарға негізделген қарсылықтарын несие берушінің талабына қарсы қоюға
құқылы (Азаматтық кодекстің 348-бабы 2 тармағы). Борыштың ауысуымен бірге
үшінші жақтың тағайындаған кепілі мен кепіл болушылық өзінің күшін
тоқтатады. Ол тек кепілдік беруші немесе кепіл беруші жаңа борышқор үшін
жауап беруге келісілген жағдайда ғана күшін жоймайды.
Ақшаны аудару жөніндегі мәміленің нысаны сәйкес келуге тиіс
( Азаматтық кодекстің 348-бабы 1 және 2 тармақтары ).
Міндеттемелік құқық қатынастарында регерестік (шегерме) міндеттеме
ерекше орын алады. Басқа адамның міндеттемесін орындаған борышқор
орындалған міндеттеме мөлшерінде сол адамға кері талап қоюға құқылы, осыны
регрестік міндеттеме деп атайды.
Азаматтық кодекстің 289-бабына сәйкес, үшінші адамның әрекеттері
салдарынан міндеттемені орындамаған борышқор осы адамнан залалдарын өтеуді
талап етуге құқылы. Ортақтасқан міндеттемені орындаған борышқор қалған
борышқорлардың әрқайсысы оның өзіне тиесілі үлесін шегеріп, тең үлеспен
кері талап қоюға құқылы. Борышқорлардың бірі ортақтасқан міндетті орындаған
борышқорға төлемегені осы борышқорларға және қалған борышқорларға тең
үлесте түседі.
Борышқордың орындағанын қабылдаған ортақтас несие беруші басқа несие
берушілерге, егер олардың арасындағы қатынастардан өзгеше дау туындамаса,
оларға тиесілі үлестерін өтеуге міндетті.
Азаматтық кодекстің 268-бабынка сәйкес міндеттеменің объектілері
мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және тағы басқа сияқты белгілі бір
әрекеттер жасауға байланысты келеді ( немесе белгілі бір әрекет жасаудан
тартынуды да айтуға болады ).
Міндеттеменің пәні ретінде әрекет заңдық мүддені білдіреді немесе
міндеттеме құқық аясында өзіндік маңызға ие болады. Сөйтіп міндеттеменің
негізінде заттық, айрықша немесе өзіндік құқық жатуы тиіс.
Міндеттеменің мазмұнын оған қатысушы-несие беруші мен борышқордың
субъективтік құқықтары мен міндеттері құрайды. Мысалы, мүлікті жалға алудың
міндеттемелік құқық қатынасында жалға алушы жалға берушіден мүлкін әкеліп
беруді талап ететін субъективті құқыққа не екендігі көрсетіледі. Сондай-ақ,
жалға берушіге мүлкін пайдаланғаны үшін белгілі бір мөлшерде ақысын төлеуге
міндетті. Жалға беруші жалға алушыға мүлкін пайдалануға беруге
міндеттенеді. Әрі жалға алушыдан мүлікті пайдаланғаны үшін ақысын төлеуді
талап ете алады, бұл оның субъективті құқығы болып табылады.
Сонымен міндеттеменің мазмұны қатысушылардың құқығы арқылы, сондай-ақ
міндеті арқылы айқындала алады. Борышқордың міндеті әдетте белгілі бір
әрекетті жасауға келіп тіреледі ( мүлікті беру, ақша төлеу, жұмысты орындау
және тағы басқа ). Азаматтық кодекстің 268-бабында көрсетілген тізімнен
соны көруге болады. Борышқордың міндеті басқа әрекетті жүзеге асырудан да
бөлінеді, мысалы, несие берушінің тапсырмасымен шарт жасайды. Кейбір
міндеттемеге сәйкес несие беруші борышқордан белгілі бір әрекеттерге
бармауын талап ете алады. Айталық, мүлікті қорғайтын адамнан сол мүлікті
пайдаланбауын талап етуге құқылы. Мүлікті жалға алушы (борышқор) оны басқа
бір адамға жалға бермеуге міндеттенеді.
Кейде міндеттемелік құқыққа мүлікті емес сипаттағы әрекеттер де
жатады. Мысалы, театр драмалық шығарманың авторымен жасаған шартқа сәйкес
жарнамада автордың аты-жөнін көрсетеді. Мұндай мүліктік емес құқық пен
міндет мүліктік әрекетке байланысты болатын міндеттеме мазмұнында қосалқы
рол атқарады.
Міндеттемелер айқындалған, факультативтік және баламалық мазмұнымен
ерекшеленеді. Айқындалған мазмұндағы міндеттемеде борышқордың жасайтын
әрекеттерінің сипаты біржақты бекітіледі. Мұндай әрекеттерді басқасымен
ауыстыру әр жақтың келісімімен ғана мүмкін болады, әйтпесе міндеттемені
борышқордың бұзғаны деп бағаланады. Несие беруші атқарылуға тиісті нәрсенің
бұрмалауымен келісе алмайды, нәтижесінде міндетін бұрмалағаны үшін санкция
қолданылады.
Факультативтік мазмұндағы міндеттемеде борышқордың белгілі бір
әрекеттерді жасау міндеті бекітіледі, ал мұның өзі мүмін болмаған жағдайда
басқа әрекет қолға алынады. Мысалы, мердігерге жиһаз жасауға материал
бөлінсе, оны дайындауды міндеттейді, егер әлгі материалдар жоқ болса, онда
ғимараттың қабырғасына құрастырмалы нәрсені жасауды тапсырады.
Факультативтік міндеттеменің бір ерекшелігі бастапқы ойға алған нәрсе
жүзеге аспаса, әрекет тоқтатылмайды, қайта жаңа мазмұндағы іс жалғасын
табады. Демек міндеттеменің тек мазмұнына ғана өзгеріс енгізіледі.
Балама мазмұндағы міндеттемеде борышқордың екі немесе одан да көп
әрекеттерді тең дәрежеде жүзеге асыру мүмкіндігі белгіленеді. Балама
міндеттеме уәкілетті тұлғаның қай әрекетті таңдауына тәуелді келеді, яғни
таңдап алынған ңұсқа міндеттеменің нақты мазмұнына айналады.
Міндеттемелік қатынасты реттейтін, азаматтық құқықтық қосалқы саласы
болып табылатын, азаматтық-құқықтық нормалардың жиынтығы міндеттемелік
құқығы деп аталады.
Азаматтық кодексте міндеттемелік құқық екі бөлімге бөлінген:
а) Міндеттемелік құқық ( екі бөлімшеден: “Міндеттеме туралы жалпы
ережелер” және “Шарт туралы жалпы ережелерден тұрады”);
ә) “Міндеттемелердің жекелеген түрлері”.
Сонымен міндеттемелік құқықтық қосалқы саласы азаматтық-құқықтық
нормалардың белгілі бір бөлігін құрайды. Міндеттемелік құқықтың “Жалпы
бөлімі бар”, ол барлық немесе көптеген міндеттемелерге қолданылатын
ережелерді бекітеді. Ерекше бөлімнің әр тарауы міндеттеменің жекелеген
түрлерін реттейді. Міндеттемелік құқықтың Ерекше бөлімінің нормалары
қосалқы заң құжаттарынан тұрады. Оның өзі Азаматтық кодекстің тиісті
тарауларымен қаралмай қалған міндеттеменің бірқатар түрін реттейді.
Міндеттемелік құқықтың көптеген қатынастары Азаматтық кодекске кірмей
қалған әлденеше заңдарда тәртілгенін айта кету керек. Осындай нормалардың
саны мейлінше көп, олар меншік, мұрагерлік, авторлық және тағы басқа
қатынастарды реттейтін азаматтық-құқықтық институттар құрамына енеді.
Міндеттеме ұғымының түбегейлі тұжырымдалған заңды негізі не? Біз оны
қалай түсінеміз? Бұл туралы Азаматтық кодекстің 268-бабында:
“Міндеттемеге сәйкес бір адам ( борышқор ) басқа адамның ( несие
берушінің ) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және тағы басқа
сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға , не белгілі әрекет жасаудан
тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын
талап етуге құқылы. Несие беруші борышқордан атқарылғанды қабылдауға
міндетті”,- деп атап көрсетеді. Демек, міндеттеме- азаматтық құқықтық
қатынастың бір түрі. Ал, талап ету мен міндеттеме- несие беруші мен
борышқорға өзара жауапкершілік жүктейтін екі жақты құқықтық қатынасқа
жатады. Екі жақты құқықтық қатынас: несие беруші тұрғысынан қарағанда-
міндеттемелік ( бәсең жағы ) болып есептеледі.
Заңгерлер: талап етуді “ Міндеттемелік құқық” деп атайды.
Бұл –“ екі жақты құқықтық қатынас ақыр аяғына дейін жеткізілгенше
жауапкершілікке шақыруға, яғни, талап етуге құқылы” деген сөз. Басқа да
азаматтық құқықтық қатынастар сияқты, міндеттеменің де өзіндік құрамдас
бөліктері болады: олар-субъект, мазмұн және объект.
Ал, енді, міндеттеменің субъектілері кімдер? Бұл туралы Азаматтық
кодекстің тағы да сол 268-бабында танға таңба басқандай: “ Міндеттеменің
субъектілері: борышқор мен несие беруші” деп жазылған. Осы екі субъектіге
нақтылы анықтама беретін болсақ, борышқор- белгілі бір әрекетті жүзеге
асыруға міндетті, немесе одан түрлі себептерге байланысты бас тарта тұратын
жақ; несие беруші-борышқордан мойнындағы міндеттемесін орындауды талап
ететін жақ. Егер заң құжаттарында басқаша көрсетілмесе, бұлар-азаматтар,
заңды тұлғалар және мемлекеттің міндеттеме тараптары деген сияқты өзіндік
атауларымен нұсқаланады.
Азаматтық кодекстің 269-бабына сәйкес, несие беруші немесе борышқор
ретінде міндеттемеге бір мезгілде бірнеше адам қатыса алады. Мұның аты -
көп тұлғалармен жасалған міндеттеме.
Мұндай жағдайда, Азаматтық кодекстің 286-288-баптарында
көрсетілгендей, үлесті , ортақтасқан немесе субсидиялық ( жәрдем
берушілік ) міндеттеме пайда болады.
Бұл секілді міндеттемелермен, негізінен алғанда, бірнеше жеке тұлға
өздерінің ортақ меншік құқығындағы мүлікті сатқанда, бірнеше жеке тұлға
бірлесіп қарыз бергенде, бірнеше азамат кепілдеме жасағанда, бірнеше кісі
басқа біреуге зиян келтіргенде және тағы басқа осыған ұқсас жағдайларда
жолығамыз. Қайсысы болмасын, аталған жағдайлардың бәрінде де сол мәмілеге
кіріскен адамдар немесе басқа біреуге бірлесіп зиян келтіргендер заңды
түрде пайда болған міндеттемелік құқық қатынастарына түгелімен не борышқор,
не болмаса, несие беруші ретінде қатысады.
Егер міндеттемеде бірнеше тұлға борышқор ретінде көрсетілген болса,
міндеттемені орындау жауапкершілігі құжатқа сәйкес, үлесіне қарай немесе
ортақ ( бірлескен ) болуы мүмкін.
Үлестік міндеттеме борышқордың әрқайсысы тек өзі үшін жауап береді, ал
несие берушілердің әрқайсысы борышқордан тек өзіне тиесілі ғана үлесті
талап етуге құқылы. Міндеттеме өзінің үлесіне сәйкес қарызын толық өтеген
борышқор үшін тоқтатылады да, өтемеген басқа борышқорлар үшін күшінде қала
береді.
Несие берушілердің әрқайсысы, Азаматтық кодекстің 287-бабына сәйкес,
борышқорлардан міндеттемені толық атқаруды талап етуге құқылы, ал
борышқорлардың әрқайсысы оны толық атқаруға міндетті. Осындай көп жақ
қатысатын міндеттемені ортақтасқан міндеттеме деп атайды.
Ортақтасқан міндеттеменің үш түрі болады:
1) бір несие беруші мен бірнеше борышқорлар қатысқаны- ортақтасқан
міндеттеме;
2) бір борышқор мен бірнеше несие берушілер қатысқаны- ортақтасқан
талап етуші;
3) бірнеше несие берушілер мен бірнеше борышқорлар қатысқаны-аралас
ортақтасу,-делінеді.
Егер шарттарда бұлар көзделмесе немесе заң құжаттарында нақтылы
көрсетілмесе, сонымен бірге, міндеттеменің бөліп анық нұсқаланбаса-
ортақтасқан міндеттеме немесе ортақтасқан талап пайда болады.

борышқордың міндеттері, сол сияқты бірнеше несие берушінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz