Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері ретінде әрекет жасайтын азаматтардың басым көпшілігі - Қазақстан Республикасының азаматтары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

І МӘМІЛЕ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ

1. 1 Мәмілелер: ұғымы, түрлері, түрпішіндері

1. 2 Мәміленің түрлері

ІІ МӘМІЛЕЛЕРДІҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ

2. 1 Мәміленің түрлері және оларды топтау

2. 2 Мәмілелердің жарамды болуының талаптары

2. 3 Жарамсыз мәмілелер

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

3

7

7

9

11

11

15

18

24

26

КІРІСПЕ

Құқық қатынастарына қатысушылардың азаматтық құқықтары мен міндеттері болады, олар құқық қатынастарының субъектілері деп аталады. Азаматтық кодекстің І-бабында азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөліністер болып табылады деп атап көрсетілген.

Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері ретінде әрекет жасайтын азаматтардың басым көпшілігі - Қазақстан Республикасының азаматтары. Конституцияның 10-бабында Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес беріліп, тоқтатылатыны, оның алыну негіздеріне қарамастан бірыңғай және тең болып табылатыны атап көрсетілген.

Азаматтық құқық шеңберінде кәсіпкерлер үшін ерекше режим жасау Азаматтық кодекстің маңызды жаңалығы болып табылады. Кәсіпкерлік қызметпен заңды тұлғалар ғана емес, жекелеген азаматтар да айналыса алады. Атап айтқанда, Азаматтық кодекстің кейбір баптарында кәсіпкерлерге арналған арнаулы режим бар нормалар: міндеттемені мерзімінен бұрын орындау (Азаматтық кодекстің 279-бабы), бірлескен міндеттемені орындау (Азаматтық кодекстің 287-бабы), қосылу шарты (Азаматтық кодекстің 389-бабы) және басқалар келтірілген.

Азаматтық құқық катынастарына Қазақстан Республикасының азаматтарымен қоса, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар қатыса алады. Шетелдіктердің құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 18 маусымдағы заң күші бар Жарлығымен белгіленген. Қазақстанда Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің шет мемлекеттің азаматы екеніне айғағы бар адамдар шетелдік азаматтар деп танылады (Жарлықтың 2-бабы) . Мәселен, Қазақстанда шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, шетелдік фирмалардың (компаниялардың) мамандары, шетелдік студенттер және т. б. бар.

«Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы туралы» Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына жататындығына айғақ жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар деп саналады (Жарлықтың 2-бабының 2-тармағы) .

Шетелдіктердің инвестщияларға қатысуының құқықтық жағдайлары екі жақты халықаралық шарттармен және капитал салымдарын өзара көтермелеу мен өзара қорғау туралы келісімдермен де айқындалады. Оларда әдетте ең қолайлы ұлт режимін немесе ұлттық режим беру көзделеді, екі мемлекеттің шетелдік меншікті ұлт иелігіне алмауына және оған сондай шаралар қолданбауға міндеттемелер, еркін айырбасталатын валютамен капитал салымдарын жүзеге асыруға байланысты төлемдерді шетелге кедергісіз аудару кепілдігі және басқалар енгізіледі 1 .

Шетелдік инвестицияларды көтермелеу мен өзара қорғау туралы Қазақстан Республикасы жасасқан екі жақты келісімдер жөнінде мыналар неғұрлым толық келтірілген:

Заңды тұлғалар туралы Азаматтық кодекстің 33-бабында айтылған заңды тұлға анықтамасынан әрбір ұйымның бәрі бірдей азаматтық құқық субъектісі болмайтыны, демек, әрбір ұйымның азаматтық құқық қатынастарына қатысушы бола алмайтыны көрінеді.

Республика аумағында жұмыс істейтін шетелдік заңды тұлғалардың құқықтық мәртебесі «Шетелдік инвестициялар туралы» 1994 жылғы 27 желтоқсандағы заңмен (кейінгі өзгерістерімен қоса) реттеледі.

Алайда Қазақстан Республикасында жекелеген салаларда шетелдік заңды тұлғалардың қызметіне шектеулер қойылғанын атап өткен жөн. Атап айтқанда, сақтандыру саласында шектеу қойылған. Мәселен, шетелдік сақтандыру ұйымдарының Қазақстан Республикасы аумағындағы тікелей сақтандырушы ретіндегі қызметіне тыйым салынады.

Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністердің азаматтық құқық қатынастарына қатысуының ерекшеліктері Қазақстан Республикасының азаматтық заңдармен реттелетін қатынастарда сол қатынастардың өзге де қатысушыларымен тең негіздерде әрекет ететіні болып табылады. Азаматтық кодекстің 112-бабының 1-тармағында әкімшілік-аумақтық бөліністер жөнінде сондай ережелер белгіленген.

1Азаматтық құқықтың жоғарыда келтірілген субъектілері азаматтық құқық қатынастарына құқықтың осы саласының субъектісі ретінде қатысады. Азаматтық кодексте субъектілердің әрбір түрінің ерекшеліктері ескеріледі. Бұл орайда жалпы (субъектілердің барлық санаттарына қолданылатын) нормалармен қатар, субъектілердің белгілі бір түріне ғана қатысты бірқатар арнаулы нұсқаулар белгіленеді. Мысалы, Азаматтық кодекстің 159-бабының 9-тармағында ауыр жағдайлардың топтасуы салдарынан жасалған мәміленің (кіріптарлық мәміле) шын екеніне дау туғызуға азаматтар ғана құқылы болатыны көзделген.

Азаматтық құқық қатынастардың объектілері. Әдетте құқық қатынастарының объектілері деп аталған құқық қатынасы бағытталған және белгілі бір ықпал жасайтын нәрсе түсініледі. Адамдар арасындағы олардың өзара іс-қимылы нәтижесінде белгіленетін қоғамдық байланыс ретінде азаматтық құқық қатынасы адамның мінез-құлқына ғана ықпал ете алады. Сондықтан азаматтық құқық қатынастарының объектісі оның субъектілерінің алуан түрлі материалдық игіліктер мен материалдық емес игіліктерге бағытталған мінез-құлқы больш табылады.

Профессор О. С. Иоффе заң әдебиетінде құқықтық объектінің мәні туралы және сыртқы дүниенің құқық объектілері ретінде болуы мүмкін құбылыстарының саны туралы мәселені шешудің әр алуан үш түрі болатынын атап өтеді. Заңгерлердің көпшілігі қосылатын үстем көзқарасқа сәйкес объектілердің қатарына іс-әрекеттер, материалдық емес жеке игіліктер, заттар және басқа да бағалы заттар жатады. Объектінің іс-әрекеттерінің маңызын теріске шығаратын және бұл маңызды тек қана заттарда немесе, тіпті болмағанда, ең алдымен заттарда деп танитын объектінің заттық-құқықтық теориясы бірсыпыра аз болғанымен, едәуір кең таралды.

Ақырында, кейбір авторлар ғана корғайтын іс-әрекет теориясы заттарды құқықтық объектілер қатарынан шығарып тастайды және объектінің маңызы құқық берген тұлға үміттене алатын міндетті әрекеттерде ғана болады деп таниды 2 .

Азаматық кодекстің 115-бабында азаматық құқық объекілерінің мынадай түрлері аталған: заттар, ақша, оның ішінде шетелдік валюта, бағалы қағаздар, жұмыс, көрсетілетін қызмет, шығармашылық жеке қызметтің объектілендірілген нәтижелері, фирма атаулары, тауар 2белгілері және бұйымдарды дараландырудың өзге де құралдары, мүліктік құқықтар және басқа да мүлік.

Мүліктік емес жеке игіліктер мен құқықтарға мыналар жатады: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, ар-ождан, жақсы атақ, іскерлік абырой, жеке өмірге тиіспеушілік, жеке және отбасылық құпия, атақ құқығы, авторлық құқық, туындыға және басқа да материалдық игіліктер мен құқыққа тиіспеушілік құқығы.

Азаматтық кодекстің 17-бабына сәйкес қабілеттілігі кәмелетке толғанда яғни 18 жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады.

Бұл арада ескеретін мынадай бір жағдай бар: Азаматтық кодекстің 17-бабы 2-тармағына сәйкес заң құжаттарында 18 жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады. Қазақстанда "Неке және отбасы туралы'" Заң бойынша некеге тұруға І8 жастан бастап рұксат етіледі. Егер дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге темендетуі мүмкін 3.

Әдебиеттерде азаматтардың әрекет қабілеттілігі толық, ішінара (толық емес) және шектеулі деп бөлінеді. Оның өзі азаматтың әрекет қабілеттілігіне байланысты жүзеге асады. Жаңа туған бала толығынан құқық қабілеттілігі бола тұрса да, өзі әрекет жасап қайсыбір құқыққа ие болуға немесе өзіне міндеттер алуға қабілетсіз екендігі түсінікті нәрсе. Саналы әрекет жасау қабілеті кісінің өскендігіне (жасына) байланысты. Сондықтан әрекет жасау жасы толған адамдарда ғана болады.

Толық емес немесе ішінара әрекет қабілеттілігі бойынша, азамат өзінің әрекеті арқылы кез келген құқықтық әрекетті жасай алмайды, былайша айтқанда, заңда тікелей көрсетілген бірқатары ғана ие.

Ішінара (толық емес) әрекет қабілеттілігі әдетте, жасы кәмелетке толмағандарға тән, ал берілетін әрекет ауқымы олардың жасына байланысты. Заң мұндай тұлғаларды екі топқа бөледі:

а) жасы кәмелетке толмаған 14 пен 18 жас аралығындағылар;

б) жасы кәмелетке толмаған 14 жасқа дейінгі жас балалар.

14 пен 18 жас аралығындағылардың әрекет қабілеттілігі мейлінше ауқымды, олар заңда көрсетілген шекте әртүрлі мәмілелер жасай береді. Ондай мәмілелерді екі түрге бөлуге болады:

-өздерінің заңды өкілдерінің, яғни ата-аналары мен асырап алушылардың, корғаншылары келісімінсіз ақ өз бетімен жасаған мәмілелер;

-ата-анасынын (асырап алушының, қамқоршысының) рұқсат берген жазбаша хаты негізінде жасалатын мәміле.

14 пен 18 жас аралындағы жасы кәмелетке толмағандар заңды өкілдерінің келісімінсіз мыналарды істеуге:

1) өзінің жалақысына, стипендиясы мен басқа кірістеріне билік етуге;

2) интелектуалдық меншік құқығы бар объектілеріне билік етуге;

3) ұсақ тұрмыстық мәмілелер жасауға;

4) банкке салым салуға және өзінің салымына оның ішінде өзінің атына салынған салымдарға иелік етуге құқылы.

14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар басқалай мәмілелерді, яғни мәмілелерді ата-анасының, асырап алушылырының немесе қорғаншыларының келісімімен жасайды. Мұндай келісімнің нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәміле үшін белгіленген нысанға сай келуге тиіс. (АК-тің 22-бабы, 1-тармағы) . 4

І МӘМІЛЕ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ

1. 1 Мәмілелер: ұғымы, түрлері, түрпішіндері

Азаматтық құқықтық қатынастардың тууы үшін белгілі бір жағдайлар болу керек. Осындай азаматтық құқықтық қатынастардың тууының әмбебап тәсілдеріне мәмілелер жатады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 147-бабында көрсетілгендей мәмілелер дегеніміз азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттер.

Мәмілелердің төмендегідей төрт белгілері бар: біріншіден, мәміле адамдардың еркін білдіретін ерікті әрекет. Оның еріктілігі азаматтық құқықтық қатынастарды белгілеуге, өзгертуге және тоқтатуға мақсатты түрде бағытталатындығынан көрінеді. Бұндай мақсаты жоқ әрекет - қарапайым қылықтан бұл мәміленің басты айырмашылығы; екіншіден, мәміле, көпжағдайда, заңмен мақұлданған, құқыққа сәйкес әрекет; үшіншіден, мәміле тек азаматтық құқықтық қатынастарды тудыруға, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған әрекет; төртіншіден, мәміле азаматттық құқықтық қатынастарды тудыратындықтан, ол қатынастардың құқықтық саддарлары азаматтық заңнамалардың нормаларымен реттеледі.

Мәміленің түр пішіндері. Мәміле ауызша, жазбаша не болмаса конклюдетті әрекет арқылы және үндемеу (әрекетсіздік) сияқты түр пішіндерде болады.

Мәміленің ауызша түрпішіні мәміле жасаушы тараптардың өзара еріктерінің тікелей қабылдануы. Бұл жерде мәміле жасаушылардың еркі тараптардың бір-бірімен ауызша келісіміне негізделеді. Бұндай келісім телефон, тараптардың тікелей кездесуі, жүздесуі не олардың өкілдері арқылы жасалуы мүмкін. Заңдармен немесе тараптардың келісімімен жазбаша (жай не нотариалдық) немесе өзге белгілі бір нысан белгіленбеген мәміле, атап айтқанда, олар жасалған кезде атқарылатын мәмілелердің бәрі ауызша жасалуы мүмкін. Ауызша мәміле адамның мінез-құлқынан оның мәміле жасау еркі айқын көрініп тұрған ретте де жасалған деп саналады.

Жазбаша мәмілелер:

1) егер мәмілелердің жекелеген түрлері үшін заңдарда өзгеше арнайы талап көрсетілмесе немесе іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан туындамаса, мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатын әрекеттен басқа, кәсіпкерлік қызмет үрдісінде жүзеге асырылатын әрекет жағдайында;

2) мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, жүз есептік көрсеткіштен жоғары сомаға жасалатын мәміле түрпішінде жасалуы тиіс;

3) заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзге де реттерде жазбаша түрде жасалуға тиіс. Егер іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан өзгеше туындамаса, жазбаша түрде жасалған мәмілеге тараптар немесе олардың өкілдері қол қоюға тиіс. Егер заңдарға немесе мәмілеге қатысушылардың бірінің талаптарына қайшы келмесе, мәміле жасау кезінде қол қоюдың факсимилелік көшірме, электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалануға жол беріледі.

Екі жақты мәмілелер әрқайсысына өзін жасаған тараптар қол қойған құжаттарды алмасу арқылы жасалуы мүмкін.

Хат, жеделхат, телефонжазба, телетайпжазба, факс, электрондық құжаттар немесе субъектілерді және олардың ерік білдіруінің мазмұнын айқындайтын өзге де құжаттар алмасу, егер заңдармен немесе тараптардың келісімімен өзгеше белгіленбесе, жазбаша түрде жасалған мәмілеге теңестіріледі.

Заңдармен және тараптардың келісімімен қосымша талаптар белгіленуі мүмкін, оларға мәміле нысаны, атап айтқанда, белгіленген нысанды бланкіге жазу, мөрмен бекіту сейкес келуге және оларда осы тараптарды орындамау салдары көзделуге тиіс.

Егер азамат дене кемтарлығы, науқастығы немесе сауатсыздығы салдарынан өзі қол қоя алмаса, оның өтініші бойынша мәмілеге басқа азамат қол қоя алады. Соңғысының қойған қолын, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, нотариат немесе сондай нотариалдық әрекет жасау құқығы бар басқа лауазымды адам, мәміле жасаушының өзі қол қоя алмаған себептерді көрсете отырып, куәландыруға тиіс.

Жазбаша түрде жасалған мәмілені орындаған тарап екінші тараптан оның орындалғанын растайтын құжат талап етуге құқылы. Мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, ауызша кәсіпкерлік мәмілені орындаған тараптың да осындай құқығы бар. Жазбаша түрде жасалған шартты орындау үшін жасалған мәмілелер, егер заңдарға қайшы келмесе, тараптардың келісімі бойынша ауызша жасалуы мүмкін.

Мәміленің конклюдетті түрпішіні мысалы жетон, билет немесе әдеттегідей қабылданған өзге де растайтын белгі арқылы расталған мәміле, егер заңдарда өзгеше белгіленбесе, ауызша түрде жасалған болып табылады. Мәміле адамның мінез-құлқынан оның мәміле жасау еркі айқын көрініп тұрған ретте де жасалған деп саналады. Сонда, адамның мәміле жасауға деген еркі айқын көрініп тұруын, мәміле жасайын деген ниетінің байқалып тұруы арқылы мәміленің жасалуы конклюдетті мәміле деп аталады. Мысалы банкоматқа карточканы салып ақша алу, көшеде телефон-автоматқа карта салып сөйлесу, қоғамдық көліке кіргенде жол ақысын төлеп билет алу сияқты әрекеттерді жатқызуға болады.

Үндемеу (әрекетсіздік), заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген реттерде мәміле жасауға ерік білдіру деп танылады.

1. 2 Мәміленің түрлері

Азаматтық құқық саласында мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Мысалы мәміле жасауға араласатын тараптардың санына байланысты бір жақты, екіжақты және көп жақты мәмілелердің түрлерін көрсетуге болады.

Заңнамалар мен тараптардың келісімі бойынша мәміле жасау үшін бір жақтың еркі ғана қажет әрі жеткілікті болатын мәмілені бір жақты мәміле деп атаймыз. Бір жақты мәміледе басқа жақтардың (тараптардың) келісімі, еркі міндетті емес. Бұндай мәмілелерге азаматтың өзіне берілген белгілі бір құқықтан бас тартуы, берілген сенімхаттың мерзімінің бітуі, өсиет т. б. жатқызуға болады.

Екі жақтың да еркі мен келісімі міндетті болып табылатын мәміле екі жақты мәміле деп аталады. Екі және одан да көп тараптардың еркі мен келісімі талап етілетін мәміле көп жақты деп аталады. Қазіргі кезде екі не одан да көп тараптар жасайтын мәміленің түрін шарт деп атайды. Сонымен екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады.

Бір жақ екінші жаққа көрсеткен қызметі, жұмысы үшін ақы алатын мәміле ақылы мәміле делінеді. Керісінше болса ақысыз мәміле.

Мәміленің жасалу уақытына байланысты нақты (заттық, мүліктік) және келісімді (консенсуалды) мәміленің түрлері бар.

Мәміленің талабына байланысты белгілі бір заттың, мүліктің берілуіне байланысты жасалатын мәміленің түрін нақты мәміле дейді. Мысалы, бұндай мәмілеге жүк тасымалдау туралы шартты айтуға болады. Жүк жіберушінің жүкті тасымалдаушыға беруі аталған мәміленің жасалғандығын көрсетеді.

Келісімді (консенсуалды) мәміленің жасалуы үшін сол мәмілені жасау туралы тараптардың өзара келісімге келуі жеткілікті болады. Бұған мысал ретінде сауда-сатық шартын келтіруге болады. Аталған мәмілені жасау үшін мүлікті не затты беріп, оның бағасын, құнын төлеу міндетті емес. Бұл әрекетті жақтар шарттың орындалуы барысында іске асырады. Тараптар ең алдымен мүлікті не затты бір-біріне сату жөнінде өзара келісіп қойса, мәміле жасалды деп есептеледі. Мысалы, бір азамат екінші бір азаматқа өзінің пәтерін сатамын, ал анау аламын деп сөз байласса не шарт жасаса мәміле жасалды делінеді. Ал ақшасын төлеп, пәтерді алу сөз байласудан кейін орындалады.

Мәміленің негізінің маңыздылығына байланысты каузалды және абстрактілі мәмілелер болады.

Каузалды мәміле негізіне байланысты туатындықтан соған тәуелді болады. Сондықтан негізінің жойылуы бір жақты мәміленің әрекет етуінің заңды күшін жояды. Мысалы, сатып алушы сатып алынатын тауардың жарты құнын төлеп қойды, бірақ сатушы тауарды таба алмады. Сатушы сатып алушыдан тауардың қалған бағасын талап етуіне негіз жоқ, сондықтан, бұл жерде мәміленің негізі болып тауардың берілуі не сатып алушыға жеткізілуі табылады. Ондай негіз жойылып еді, мәміле өзінің заңдық күшін жойды.

Абстрактілі мәміледе, керісінше, мәміленің негізі есепке алынбайды, егер мәміле сол мәмілені жасаушының түпкілікті еркін білдірсе. Мысалы, сатып алушы сатып алынған тауардың құнына сәйкес сатушыға вексель беріп, соңынан, тауар сапасыз болып шықса, вексель қайта қайтарылмайды және вексель векселді ұстаушы не векселді төлеуші үшін болашақта векселге деген құқықтарын жоймайды.

Мерзімсіз және мерзімді мәмілелер болады. Мерзімсіз мәміледе оның күшіне ену не күшінің аяқталу мерзімдері көрсетілмейді. Сондықтан бұндай мәмілелер жасалған сәтінен бастап күшіне енеді. Мерзімді мәміледе, мәміленің күшіне кіретін уақыты ғана не болмаса мерзімінің аяқталатын уақыты ғана немесе екі мерзімі де қатар көрсетілуі мүмкін.

Егер де мәміледе тараптардың құқықтары мен міндеттерінің жүзеге асырылу мерзімі көрсетілсе ол кейінге қалдырылған мерзім делінеді. Ал, керісінше мәміле жасалған сәтінде күшіне еніп, оның күшін жоятын уақыты көрсетілген мерзім жойылатын мерзім деп аталады.

Егер тараптар құқықтар мен міндеттердің туындауын басталу-басталмауы белгісіз мән-жайға байланысты етіп қойса, бұндай мәміле кейінге қалдырылатын шартпен жасалатын шартты мәміледен есептеледі.

Нысаны биржадағы айналысқа жіберілген мүлік болып табылатын және тиісті биржалар (тауар, қор және басқа) туралы Қазақстан Республикасының заңдары мен биржалық сауда ережелеріне сәйкес онымен сауда-саттық жүргізуге қатысатындармен жасалатын мәмілелер биржалық мәмілелер деп аталады.

ІІ МӘМІЛЕЛЕРДІҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ

2. 1 Мәміленің түрлері және оларды топтау

Азаматтық кодекстің 147-бабында мәміле ұғымы азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді анықтауға, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері деп көрсетілген. Мәмілелерге мынадай төрт белгі тән:

1) Мәміле - адамдардың ықтиярлы актісі, яғни әрекеті. Әрекеттер мен оқиғаларды ажырата білу қажет, ол оқиғаларға адамның ықтиярына бағынбайтын мән-жайлар жатады. Мысал үшін дүлей апат сипатындағы құбылыстарды (дауыл, су тасқыны, өрт, сондай-ақ соғыс қимылдары, ереуіл) айтуға болады. Мәміленің ырықты сипаты оның тиісті құқықтар мен міндеттер жасауға, оларды өзгерту мен тоқтатуға бағытталуымен айқындалады. Мәмілелерді құқықтардан - әлгіндей нысаналы бағыты жоқ әрекеттерден сондай белгілері бойынша ажырату қажет. Бұл арада Азаматтық кодекстің олжа және оған меншікті болу тәртібі жөніндегі ережелерді реттейтін 245-бабын мысалға келтіруге болады. Жоғалған затты табушының оны табуды мақсат етпесе де, оның белгілі бір құқықтары мен міндеттері пайда болады.

2) Мәміле - заңды әрекет, ол құқыққа қарсы (заңсыз), азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызатын әрекеттерден - деликтілерден (азаматтардың өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ басқа адамның мүлкіне зиян келтіру) сонысы арқылы ерекшеленеді.

3) Мәміле арнайы азаматтық құқық қатынастарының пайда болуына, тоқтатылуына немесе өзгертілуіне бағытталған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық субъектілерінің азаматтық әрекет қабілеттілігі
Азаматтық құқық қатынасының мазмұны
Жеке тұлға түсінігі
Азаматтардың құқық және әрекет қабілеттілігі
ҚҰҚЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ МЕН ОБЪЕКТІЛЕРІ
Құқық қатынастарына қатысушылардын азаматтық құқықтары мен міндеттері
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СУБЪЕКТ ҚҰҚЫҚТАРЫ
Азаматтық құқықтық қатынастар туралы мәлімет
Азаматтардың құқықтары
Мемлекет пен құқықтың пайда болуы туралы теориялар. Азаматтық құқықтың қатынастары объектілері, субъектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz