Қаржылық қызметтерді анық нысанда ұсынуға төлем


Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі төрағасының
міндетін атқарушының
2011 жылғы «22» желтоқсан
№ 373 бұйрығына
қосымша
Екінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметтерін
есепке алу әдістемесі
Астана 2011
Кіріспе
Екінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметтерін есепке алу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) 2008 жылғы Ұлттық шоттар жүйесі әдістемесіне сәйкес Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының статистикалық әдіснамаға халықаралық стандарттарды енгізу бөлігін жүзеге асыру шеңберінде әзірленген.
Екінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметтерін есепке алу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) 2008 жылғы Ұлттық шоттар жүйесі әдістемесіне сәйкес Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының статистикалық әдіснамаға халықаралық стандарттарды енгізу бөлігін жүзеге асыру шеңберінде әзірленген.
Методологиялық негізінде келесі материалдар қолданылды:
Еуростатпен, ХВҚ, ЭЫДҰ, БҰҰ, ХБ дайындалған 1993 жылғы Ұлттық шоттар жүйесі;
Еуростатпен, ХВҚ, ЭЫДҰ, БҰҰ, ХБ дайындалған 2008 жылғы Ұлттық шоттар жүйесі;
ТМД Статкомитетімен дайындаған ҰШЖ қаржы секторы мекемелерінің көрсеткіштерін есептеу және ақпарат көздерін құрастыру әдіснамасы.
Мазмұны
1. Негізгі ережелер мен ұғымдар 4
2. Екінші деңгейлі банктердің көмекші қаржылық қызметінің қызмет көрсетулерін 2008 жылғы ҰШЖ бойынша басшылықты есепке ала отырып есептеуге әдіснамалық тәсіл 4
3. Екінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметтерінің қызмет көрсетулерін есептеу әдістемесі 9
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 11
Приложения 12
- Негізгі ережелер мен ұғымдар
1. Осы әдiстемеде келесi ұғымдар қолданылады:
1) ұлттық шоттар жүйесі (ҰШЖ) - елдің экономикалық қызметінің нәтижелерін сипаттайтын шоттар мен кестелердің белгілі бір жиынтығы түрінде құрылған статистикалық көрсеткіштер жүйесін білдіреді;
2) жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) - елдің экономикалық қызметінің соңғы нәтижесін сипаттайтын ұлттық шоттар жүйесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі;
ЖІӨ үш әдіспен есептеледі: өндіріс әдісімен, табыстар әдісімен, түпкілікті пайдалану әдісімен.
ЖІӨ өндіріс әдісімен негізгі құраушылары жалпы шағарылым, аралық тұтыну, жалпы қосылған құн болып табылады.
3) жалпы шығарылым (ЖШ) - экономикада есепті кезеңде өндірілген тауарлар мен қызметтердің қосынды сомасын білдіреді;
4) аралық тұтыну (АТ) - есепті кезеңде өндіріс процесінде тасымалданатын немесе толық тұтынылатын тауарлар мен қызметтердің құны. Негізгі капиталды тұтыну аралық тұтынудың құрамына кірмейді;
5) жалпы қосылған құн - (ЖҚҚ) - тауарлар мен қызметтер шығарылымы мен аралық тұтыну арасындағы айырмашылық ретінде салалар деңгейінде есептеледі. Бұл көрсеткіш өндіріс процесінде тұтынылған негізгі капиталдың құнын қосады;
Қаржылық корпорациялар секторы - негізгі функциялары қаржылық делдалдық немесе қаржылық делдалдықпен тығыз байланысты көмекші қаржылық қызмет болып табылатын барлық корпорацияларды немесе квазикорпорациялар-резиденттерді қамтиды.
6) екінші деңгейлі банктер (ЕДБ) - бұл заңмен жол берілетін барлық банктік операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар кредиттік ұйымдар;
7) қаржылық делдалдықтың жанама өлшенетін қызметтері (ҚДЖӨҚ) - қаржылық мекемелер қаржылық делдалдық қызметі үшін тікелей төлемді өндірмейтін жағдайдағы қаржылық делдалдық қызметтердің жанама көрсеткіші болып табылады.
2. Екінші деңгейлі банктердің көмекші қаржылық қызметінің қызмет көрсетулерін 2008 жылғы ҰШЖ бойынша басшылықты есепке ала отырып есептеуге әдіснамалық тәсіл
2. Екінші деңгейлі банктер негізгі функциялары қаржылық делдалдық қызметтерін көрсету немесе қаржылық делдалдық саласында көмекші қызмет болып табылатын қаржылық коммерциялық ұйымдарға жатады.
3. Қаржылық мекемелер қаржылық делдалдық үшін тікелей төлемдерді өндірмейді. Бұл қызметтер үшін төлем анық емес түрде не қаржыны қарызға алушылармен төленетін пайыздарға қосылады, не олар сондай-ақ анық емес түрде қаржылық мекемелерге олар үшін неғұрлым төмен пайыздық жарналарды қолдану арқылы несие беретін институционалдық бірліктерден өндіріледі. Осыған байланысты ҰШЖ-де қаржылық делдалдық қызметтерінің шығарылымының құны жанама әдіспен есептеп шығарылады.
Қаржылық қызметтердің басқа түрлері комиссиялық төлемдер түріндегі тікелей төлем төлеу өндірілетін көмекші қаржылық қызметтерді білдіреді. Көмекші қызмет ұйым ішінде оның негізгі немесе қосалқы қызметінің қалыпты жүзеге асырылуы үшін жағдай жасау мақсатында жүзеге асырылатын қызмет.
Осылайша, екінші деңгейлі банктер шығарылымы қаржылық делдалдық қызметтерінің шығарылымы1 мен көмекші қызметтер шығарылымының қосындысына тең.
4. Көмекші қаржылық қызметтер клиенттерге барлық қаржылық мекемелерді көрсетеді. Бұл біреулер үшін негізгі қызмет болып табылады (көмекші қаржылық ұйымдар), ал басқалар үшін қаржылық делдалдық қызметін ұсынуға қосымша қосалқы қызмет болып табылады.
Қазақстанда екінші деңгейлі банктер әмбебап болып табылатындықтан, олардың негізгі қызметтерімен қатар (делдалдық қызметпен) қаржылық делдалдықпен тығыз байланысты көптеген қызметтерді қамтитын әртүрлі көмекші операцияларды жүзеге асырады. Банктер «Банктер және банктік қызмет туралы» Заңға сәйкес қаржы нарығында операциялардың кең қатарын жасайтын әмбебап кредиттік мекемелер ретінде әрекет етеді: түрлері мен мерзімдері бойынша әртүрлі кредиттерді ұсыну, құнды қағаздарды, шетелдік валютаны алып-сату және сақтау, салымдарға қаражаттар тарту, есептеулерді жүзеге асыру, кепілдемелер беру, кепілгерлік және үшінші тұлғалар үшін басқа да міндеттемелер, делдалдық және сенімділік операциялары. Клиенттерге осы тектес қызметтерді көрсеткені үшін қаржылық мекемелер комиссия түрінде немесе басқа нысанда төлемдер алады.
5. Көмекші қаржылық қызметтерді көрсеткеннен алынған табыстар бойынша деректер табыстар мен шығындар туралы есепте тауарлар мен қызметтерді сатудан түскен табыстар немесе олар бөліп алынуы тиіс басқа жедел табыстар құрамында ұсынылуы мүмкін. ТМД Статкомитетінің ұсынымдарына сәйкес банктердің табыстар мен шығындар туралы есептерінде келесі көмекші қаржылық қызметтерден түсетін табыстар көрініс табуы мүмкін: құнды қағаздарды қайта сатудан (өтеуден) табыстар; шетелдік валютаны қайта сатудан табыстар; құнды қағаздармен операциялар бойынша алынған комиссия; шетелдік валютамен және басқа валюталық құндылықтармен операциялар бойынша алынған комиссия; кассалық операциялар, инкассация операциялары, есеп айырысу операциялары, берілген кепілдемелер мен басқа да операциялар бойынша алынған комиссия; банктік құжаттарды жеткізуден түскен табыстар (инкассолаудан басқа) ; құжаттарды өңдеу, есептеу техникасына қызмет көрсетуден, ақпараттық қызметтерден табыстар; көмекші қаржылық қызмет көрсетулерден түсетін табыстар.
6. 2008 жылғы ҰШЖ-де 1993 жылғы ҰШЖ қарағанда өсіп келе жатқан қаржылық қызметтердің қамтылуын қамтамасыз ету үшін, қаржылық делдалдық қызметтерінен, атап айтқанда қаржылық тәуекелдерді басқару және өтімділігінің қайта құрылуы бойынша қызметтерінен басқа қаржылық қызметтер неғұрлым нақтырақ анықталған. Қаржылық қызметтер мониторинг қызметтерін, өтімділікті қамтамасыз ету, өзіне тәуекелдерді жүктеу бойынша қызметтерді, құнды қағаздарды орналастыру және олармен саудаласу бойынша қызметтерді қамтиды.
Қаржылық қызметтерге анық түрде төлемге шетелдік валютамен және құнды қағаздармен мәмілелер бойынша маржалар қосылды. Маржа сатушы мен сатып алушы курсы арасындағы айырмашылық болып есептеледі. Маржа банк үшін ол мәмілелерді жүзеге асыру бойынша шығындарын жауып отыратын табыс көзі болып табылады және валюталық тәуекелді сақтандыру үшін қызмет етеді. Баға белгіленімінің екі түрі бар: тікелей және жанама. Көптеген елдер шетелдің валюта бірлігінің құны ұлттық ақшалай бірлікте көрінетін тікелейді пайдаланады. Жанама болғанда - бірлік үшін курсы шетелдік валютаның белгілі бір мөлшерінде көрініс табатын ұлттық ақшалай бірлік қабылданған.
7. Шетелдік валютамен байланысты (соның ішінде фьючерстер мен опциондар) құнды қағаздармен және мәмілелердің барлық түрлерімен операцияларды сату және сатып алуға қатысты қызметтермен байланысты шығарылым құнды сатып алу мен сату арасындағы айырмашылыққа сомаға бағаланады.
Қаржылық қызметтерді анық нысанда ұсынуға төлем2
6. 162. Кредиттік компаниялардың мысалы қаржылық корпорация әртүрлі клиенттердің әртүрлі қаражаттарының есебінен немесе әртүрлі жағдайларда төленетін қызметтерді ұсына алатынын анық көрсетеді. Карта ұстаушыдан картаны пайдаланғаны үшін де анық төлем өндіріле алады. Одан басқа егер картаны ұстаушы кредиттерді пайдаланса, өтелмеген кредиттердің пайыздарын төлеумен байланысты жанама шығындарды төлейтін болады (бұл ҰШЖ кредит деп қарастырылады) .
8. Екінші деңгейлі банктердің аралық тұтынулары табыстар мен шығындар шотынан элементтердің қосындысын білдіреді: еңбекақыдан басқа әкімшілік шығындар, (жалдамалық төлем, ақпараттық, аудиторлық, консультациялық және тағы сол сияқты қызметтерге төлем бойынша шығындар), сақтандырудың әлеуметтік шығындары плюс комиссиялық шығындар.
9. Банктердің аралық тұтынуын есептеу үшін негізгі ақпарат көздері табыстар мен шығындар туралы есеп болып табылады. Шығындардың кейбір баптары аралық тұтынумен байланысты толық көлемде болады, яғни үшінші жақпен ұсынылатын тауарлар мен қызметтерді сатып алғанға төлемдерді білдіретін тармақтар. Көптеген шығындар баптары қиын болып табылады, сондықтан тиісті бөліктерден аралық тұтынумен байланыстыларын бөліп алу қажет. Іскерлік сапарларға шығындар, жол жүру және тұру үшін төлемдер үшін шығындар, сондай-ақ визалар және іссапарлармен байланысты әртүрлі жиналымдарға төлемдер құрамына аралық тұтынуға жатады. Жалдамалық төлемге келетін болсақ, меншіктен түсетін табыспен байланысты жерді жалға алу, жалға берушінің шотына қабылданатын қаржылық лизинг шарттарына сәйкес алынған мүлікпен байланысты төлемдер қосылмауы тиіс. Аралық тұтыну элементтері болуы мүмкін келесі элементтердің құрамын неғұрлым нақтырақ анықтау қажет: басқарушы персоналдарды ұстауға шығындар, операциялық шығындар және басқа да өткерген шығындар құрамындағы өзге де шығындар.
Кейбір шығындар баптары қаржылық құралдармен байланысты мәмілелердің мәндерін, немесе ағымдағы шығындар және оның ішінде аралық тұтыну құрамында назарға алынбауы тиіс оларды қайта бағалау нәтижелері болуы мүмкін.
2008 ҰШЖ сәйкес орталық банкпен көрсетілетін нарықтық қызметтер де коммерциялық банктердің аралық тұтынуларына қосылған болуы керек.
3. Екінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметтерінің қызмет көрсетулерін есептеу әдістемесі
10. Қаржылық мекемелер (банктер) шығарылымы ҚДЖӨҚ шығарылымынан және көмекші қаржылық қызметтер шығарылымынан қалыптасады.
Көмекші қаржылық қызметтер шығарылымын есептеу үшін ақпарат көздері ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі комитеттің «ҚР екінші деңгейлі банктер бойынша табыстар мен шығындар туралы есебі» болып табылады.
11. Банктердің табыстары мен шығындары туралы есепте келесі көмекші қаржылық қызметтерден табыстар көрініс табады:
1) сатуға арналған құнды қағаздар бойынша сыйақы алумен байланысты табыстар;
2) клиенттердің кредиттік карточкалары бойынша сыйақы алумен байланысты табыстар;
3) өзге де құнды қағаздар бойынша сыйақылар алумен байланысты табыстар;
4 ) комиссиялық табыстар;
5) өндірістік қаржылық құралдар бойынша сыйақы алумен байланысты табыстар;
6) банктік қызметтен түсетін өзге де табыстар;
7) құнды қағаздарды, шетелдік валюталарды, қымбат металдарды алып-сату бойынша табыстар.
12. Аралық тұтыну банктердің көмекші қызметіне де және ҚДЖӨҚ де қатысты болады. Орталық банкпен көрсетілетін нарықтық қызметтен3 және ЕДБ шығындары туралы есеп баптарынан қалыптастырылады:
1) комиссиялық шығындар;
2) құнды қағаздарды, шетелдік валютаны, қымбат металдарды алып-сату бойынша шығындар;
3) жалпы шаруашылық шығындар;
4) банктік қызметтен түсетін өзге де шығындар;
5) жалдау бойынша шығындар.
Осылайша шығарылым мен аралық тұтыну арасындағы айырмашылық банктердің жалпы қосылған құнын анықтайды. Қосымшада екінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметтерінің 2010 жылғы қызмет көрсетулерін есепке алуларының есебі келтірілген.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- Ұлттық шоттар жүйесі 2008. -Нью-Йорк-2009.
- Ұлттық шоттар жүйесі 1993, том. 1, 2 -Брюссель/Люксембург, Вашингтон, Нью-Йорк, Париж - 1998.
- Қаржылық мекемелер секторы үшін ҰШЖ шоттарын құру үшін көрсеткіштер есебінің әдістері және ақпарат көздері. - ТМД Статкомитеті. Мәскеу, 2002.
- Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы №2444 "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Заңы.
- Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің есеп нәтижесі «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері бойынша кірістер мен шығыстар туралы есеп».
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі
Төрағасының бұйрығымен
Бекітілген 2011 жылғы
«22» желтоқсан № 373
Екінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметтерді есепке алу
әдістемесінің қосымшасы
Екiншi деңгейлі банктердің қызметтерiн есепке алу
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz