Мектепте құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі пәні



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі курсының пәні, міндеттері

1. Мектепте құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі пәні.
2. Мектепте құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі пәнінің
міндеттері мен факторлары
3. Мектепте құқық және экономика негіздері курсын оқытудың мақсаты.

1. Мектепте құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі пәні.
Әдістеме дегеніміз – методика. Методика сөзі ежелгі грек тілінен
аударғанда – таным тәсілі, зерттеу жолы деген ұғымдарды береді. Әдіс
дегеніміз – нақты міндетті шешудің, әлдебір мақсатқа жетудің тәсілі. Сонда,
әдістеме бұл әдістер жиынтығы, кешені. Құқық және экономика негіздерін
оқыту әдістемесі - құқық және экономика негіздерін оқытудың міндеттері,
мазмұны және әдіс-тәсілдері туралы педагогикалық ғылымдардың бір саласы. Ол
тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында құқық және экономика негіздерін
оқыту процесінің заңдылығын зерттеу және оқып-үйренуге арналады. Сонымен
әдістеме оқу процесін ұйымдастыру мен оның негізгі факторларын жетілдіруге
бағытталған.
ХХ ғасырдың басында көрнекті әдіскер К.А.Иванов әдістеменің маңызды
міндеттері деп сол ғылымды оқу пәні ретінде жақсы жолға қоюға алып баратын
оқытудың айқындау, бағалау, бейнелеу тәсілдерін айтады. Әдістеме құқық және
экономика негіздерін қалай оқыту мәселесін қарастырады және зерттейді.
Осылайша әдістеме пәні – педагогикалық процесс, мұғалімнің құқық және
экономика негіздерін оқытуы, оқушының құқық және экономика негіздерін оқуы.
Ал әдістеменің нысаны – оқытудың иәдістері, мазмұны, ұйымдастырылуы және
түрлері.
Құқық және экономика негіздерін оқыту - өзара байланыста және үнемі
қозғалыста болатын құрауыштардың басын біріктіретін өте күрделі процесс.
Оқыту мақсаты – оның мазмұны – білім беру және оны игеруге басшылық жасау –
оқушылардың оқу әрекеті – оқыту нәтижесі деген тізбекті құрайды. Оқыту
процесіндегі қозғалыс оның ішкі қайшылықтарын жою барысында іске асады. Ол
қайшылықтар оқыту мақсаты мен қол жеткен нәтиже арасында, қолданылуы
жоспарластырылған және нақты қолданылған оқыту құралдары мен әдістерінің
арасында пайда болады.
Құқық және экономика негіздерін оқыту процесінің диалектикалығы
сияқты әдістемені оқып-үйрену де үнемі даму үстінде болады. Құқық және
экономика негіздерін оқыту әдістемесі қоғам алдында тұрған жас ұрпақты
құқықтық, экономикалық тәрбие берудің кешенді міндеттерін іске асыруға
қызмет жасайды.
Мұғалі мен оқушының оқу процесі күрделі және көп қырлы болып келеді.
Оның тиімділігі оқушы әрекетінің сипатымен айқындалады. Мұғалім өз пәнің
қаншалықты жетік білгенімен оқушылардың қызығушылығын оятып, шығармашылық
әрекетін ұйымдастыра алмаса, айтарлықтай табысқа жете алмайды.

2. Мектепте құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі пәнінің
міндеттері мен факторлары
Мектепте құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі пәнінің
міндеттері мен факторлары мына сұрақтардың жауаптарына байланысты:
- мемлекет пен қоғам белгілеген мақсаттар;
- стандарт пен бағдарламаларда бекітіліп, солардың негізінде оқулықтарда
баяндалған құқықтық, экономикалық білімнің мазмұны мен құрылымы;
- оқыту процесінің ғылыми-әдістемелік ұйымдастырылуы (оқыту мен оқудың
түрлері, әдістері мен әдістемелік тәсілдері, құралдары);
- оқушылардың танымдық мүмкіндіктері;
- оқыту нәтижелерімен айқындалады.
1. Құқық және экономика негіздерін оқытудың мақсаттары былай айқындалады:
... оқушылардың құқық пен экономикалық білімге қатысты адамзаттың тарихи
даму жол туралы білімдерді игеру;
... құқықтық экономикалық білім негізінде оқиғалар мен өмірлік құбылыстады
ой елегінен өткізе алу қабілетін дамыту;
... Отандық құқықтық, экономикалық жүйемен шетелдік жүйені салыстыруда
еліміздің құқықтық, экономикалық жүйесін құрметтеуді дамыту.
Құқық және экономика негіздерін оқытудың негізгі факторлары оқу
процесінде кешенді түрде жүйемен іске асады. Жүйе дегеніміз өзара
әрекеттесіп, тығыз байланыста болып, белгілі біртұтастық, бірлік құрайтын
бөіктердің жиынтығы. Оқу факторларының ішкі тұтастық қасиеті оқыту
процесіне дұрыс ықпал жасап, оның сапасының жаөсаруына жол ашады.
2. Мектепте құқық және экономика негіздерін оқытудың мазмұны мектеп
бағдарламасында құқық негіздері мен экономика негіздері курсының пайда
болуынан бастап, дамып отырды. Мектепте оқыту үшін таңдап алынған құқық
және экономика негіздерінің мазмұны мемлекеттік стандарт, бағдарлама,
оқулық түрінде көрініс табады. Оқушылар ол мазмұнды сыныптық, сыныптан тыс
және мектептен тыс оқу түрлерін қамтитын оқытуды ұйымдастырудың белгілі бі
әдістемесі арқылы меңгереді.
3. Әдістер әртұрлі болуы мүмкін. Мысалы , сөздік, баспа қолжазбалық,.
Көрнекі, практикалық деген сияқты. Олардың мәні өалай оқыту керек деген
сұрққа жауап беріп, мұғалім мен оқушының екі жақты ірекетін айқындайды.
Жақсы жолға қойылған оқытудың әдістемесі оқушылардың бойына құқықтық,
экономикалық даңдылардығ ғылыми көзқарас пен сенімді қалыптастырып,
дамытуда тиімді нәтиже береді.
Әдіс, тәсілдер мн оқытудың түрлері (жалпысыныптық, топтық, дербес),
сабақ типтері (қайталау, жинақтау, семинар, зертханалық, саяхат сабақ),
сабақ үстіндегі мұғалім әрекеті мен оқушының оқу құралдары тығыз
байланысты. Оқу жұмысының құралдарына оқу процесін қамтамасыз етуге керекті
оқулық, жұмыс дәптері, тарихи карта, оқу картиналары, диафильмдер т.б.
сияқты заттарды жатқызамыз.
Оқу материалдары мазмұнының, тиісті оқыту әдістемесінің
ұйымдастырылуы және оқушылардың танымдық қызметі формаларының біртұтастығы
негізінде оқушылар оқыту мақсатына қол жеткізеді.
4. Оқушылардың танымдық мүмкіндіктері оқушының жасына және соған
сәйкес құқықтық, экономикалық білім мен дағдыны игеруіне тікелей
байланысты. Құқықтық, экономикалық білімге ұмтылу күш жұмсау тұлғаның
ойлауын, қиялын, ерік жігерін және сезәмдәк қасиеттерін дамытуда
айтарлықтай ықпал жасайды. Оқу процесінде оқушылардыі құқытық, экономикалық
білімді меңгеру және қолдану қабілеті дамиды.
Қабілеттілік дегеніміз оқып игеруге табысқа жетуге алғышарт болатын
тұлғаның дербес ерекшеліктері. ОЛ қабілеттілік әрекеттің әдістері мен
тәсілдерін тез, терең және оңай меігеруден байқалады.
5. Оқыту нәтижелері алға қойған мақсаттарды іске асырумен тәкелей
байланысты. Ол оқушылардың қол жеткізген білім мен дағдысының, олардың
интеллектуалдық, эмоциялық және ерік жігерінің деңгейін танытады. Білімін
дәлелдеу және негіздеу, ең бастына бөліп алу, себеп салдарды байланыстарды
анықтап, қалыптасқан мәселені шешуде қажетті білімді қолдана алудан
көрінеді.

3. Мектепте құқық және экономика негіздері курсын оқытудың мақсаты.
Әдістеменің маңызы мектептегі құқық және экономика негіздері пәнінің
мұғалімі, студент ұшін
... белгілі бір жастағы оқушылардың құқық және экономика негіздері пәні
бойынша білім мен дағды деңгейін анықтауға;
... сынып, курс, бөлім және тақырып бойынша оқытудың мақсатын нақтылауға;
... оқыту процесінің әртүрлі кезеңдеріндегі жұмыс тиімділігін анықтап,
оқыту міндетін нақтылауға;
... оқыту мазмүнын қолданылатын әдістер және тәсілдермен ұштастыруға;
... тест, қисынды тапсырмалар және тірек сигналдарды қолданып, конспект
дайындауға;
... оқытудың барынша тиімді әдістері, түрлері мен құралдарын қолдануға;
... оқыту нәтижелерін алдын ала болжап, педагогикалық әрекетке түзету
енгізіп отыруға мүмкіндік беруімен бағаланады.
Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі өзге ғылымдарме,
әсіресе оқытудың мазмүнын талдап жасайтын базалық ғылымдармен тығыз
байланысты. Әдістеменің мақсаты құқықтық, экономикалық ғылымның негізгі
мәліметтерін таңдап алып, оны дидактикалық өңдеуден өткізіп, бейімдеп,
мектеп курсының мазмұнына енгізу.
Таңдап алу оқушылардың танымдық мүмкіндігін ескере отырып
жүргізіледі. Оларды анықтауда психология ғылымының жетістіктеріне
сүйенеміз. Бұл ғылым оқушылар танымы ментанымдық әрекетінің ерекшеліктерін
ашуға көмектеседі. Әдістеме пәні оқытудың бір саласы ретінде педагогикамен
тығңыз байланысты. Педагогика оқытуғ ғылыми зерттеу әдістемесі мен тәрбие
мақсатын айқындайды. Осы әдістер мен мақсаттарды негізге алып, әдістеме оқу
процесіне де, ғылыми зерттеуге де нақты мазмұн береді.
Ғылыми зертеу әдістері деп зерттеудің педагогикалық бақылауды және
қалыптастырушы эксперименттің (эксперименттік сабақ) мақсаты, міндеттері
мен болжамын анықтауды айтамыз. Латын тіліндегі экспериментум сөзі
тәжірибе, сынақ дегенді білдіреді. Мұндай тәжірибелер белгілі бір оқытудың
факторы және жағдайының әрекеті нәтижесінде пайда болады.
Педагогикалық бақылау оқу процесіне ықпал жасамай, құқық және
экономика негіздерін оқыту практикасын зерттеу дегенді білдіреді. Зертеуші
құқық, экономика негіздері сабақтарына қатысып, оны талдайды, оқушыларға
сұрақ қою мен тест өткізіп, мұғалімдердің ашық сабақтарының хабарламаларын
тексеріп, пән бірлестіктерінің озат тәжірибені жинақтаған материалдарымен
танысады.
Қалыптастырушы эксперимент тәжірибе жасаушының оқу процесіне белсене
араласуын қарастырады. Мұндай эксперименттің міндетті қрамы дәлелге
негізделген, бірақ міндетті түрде тексеруді қажет ететін болжанған нәтиже,
болжал болмақ. Болжал мына сұлба бойынша қалыптасады: оң нәтижеге қол
жеткізугі болама егер; а) мазмүнды, материалды баяндаудың бірізділігін
өзгертсе, ә) оқытудың жаңа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау
Оқушыларға экономикалық тәрбие беру
Мектепте тарих пәнін оқытудың әдістемелік негіздері
Мектепте тарихты оқыту әдістемесінің орны мен рөлі
Мектепте оқылатын тарих пәні
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық білім беру жүйесінде экономиканы оқыту
Тарихшы мұғалім әрекетінің құрылымы мен мазмұны
Кәсіптік мектептің орыс тілді аудиторияларында қазақ тілін витагендік технология арқылы оқыту үдерісі
Оқушыларға экономикалық білім берудің әдістемесі
Қазіргі кезеңдегі жалпы білім беру орта мектептердегі экономика негіздерін оқытуың мазмұны мен ерекшеліктері
Пәндер