Тәжірибе материалын жинау және өңдеу
ДИПЛОМ ЖҰМЫСТАРЫН РЕСІМДЕУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУҒА ТАБЫС ЕТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК
НҰСҚАУЛАР
Қарағанды 2009
Диплом жұмыстарын ресімдеу және қорғауға табыс ету бойынша әдістемелік
нұсқаулар 2009.09.01 Жоғары оқу орындарында диплом жұмысын (жоба) орындау
ережесі. Негізгі ережелер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға
міндетті білім беру стандарты негізінде жасалды.

нұсқаулар Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің барлық
мамандықтардағы студенттеріне арналған.
Құрастырғандар: бірінші проректор – оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі
проректор, э.ғ.к., профессор Р.О. Бұғыбаева
Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының доценті
Л.В. Разливаева
ОП ЖҰМБД директорының орынбасары – тіркеуші
С.Б. Глазунова
СҚ БҚФ-нің деканы, э.ғ.к., доцент
Б.Т.Матаева
Әдістемелік нұсқаулар ҚҚЭУ-дің Оқу-әдістемелік кеңесімен басылымға
ұсынылған.
2009 жылдың 29-қазанынан №2 хаттама
МАЗМҰНЫ
1. Диплом жұмысының жалпы ережелері 4
2. Диплом жұмысының тақырыбын таңдау және бекіту 5
3. Диплом жұмысын дайындауға ғылыми жетекшілік 6
4. Диплом жұмысының мазмұнын (жоспарын) қалыптастыру тәртібі 7
5. Ақпарат дерек көздерін іріктеу және зерделеу 8
6. Тәжірибе материалын жинау және өңдеу 8
7. Диплом жұмысының мазмұнына және ресімделуіне қойылатын негізгі
талаптар 9
8. Диплом жұмысының мәтінін ресімдеу тәртібі 12
9. Диплом жұмысының түпкілікті нұсқасын ресімдеу 17
10. Диплом жұмысын қорғау және бағалау тәртібі 19
1. Диплом жұмысының жалпы ережелері
Диплом жұмысы (жоба) оқудың соңғы аяқталу кезеңінде орындалатын
жазбаша бітіру жұмысы болып табылады, егер де бұл мемлекеттік жалпыға
міндетті білім беру стандартында және мамандықтардың оқу жоспарында
қарастырылған болса.
Диплом жұмысы (жоба) мынадай мақсатта әзірленеді:
1) мамандық бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдысын
жүйелеуге, бекіту мен кеңейтуге және оларды нақты ғылыми, техникалық,
экономикалық, өндірістік, сонымен қатар мәдени арнаудағы міндеттерді шешуде
қолдану;
2) өз бетінше жұмыс жүргізе алу дағдысын дамыту және өңдеу үстіндегі
мәселелер мен сұрақтарды шешу кезінде ғылыми зерттеу мен эксперименттеу
әдістемесін меңгеру;
3) студенттің қазіргі заманғы өндіріс, ғылым, техника, мәдениет
жағдайларында өз бетінше жұмыс жүргізуге дайындығын және кәсіби құзырлылық
деңгейін анықтау;
Диплом жұмысы ғылыми жетекшінің жетекшілігімен орындалады және мына
келесі талаптарға жауап беруі тиіс:
1. ғалымдар, аналитиктер, практиктердің, атап айтқанда, инженерлер,
конструкторлар, менеджерлер, экономистердің жүргізген зерттеу мен жоба
нәтижелерін қорытындылау;
2. зерттеу обьектісі бойынша ғылыми негізделген теориялық
тұжырымдардың қамтылуы;
3. қолданылуы нақты міндеттердің шешілуін қамтамасыз ететін ғылыми
негізделген нәтижелердің қамтылуы.
Диплом жұмысы (жоба) мамандық бойынша әдебиеттерді (оқулықтар, оқу
құралдары, монографиялар, басылым әдебиеттері, лекциялық курстар,
журналдар, соның ішінде шет тіліндегі, нормативтік әдебиеттер және т.б.)
терең зерттеу негізінде орындалады.
Әрбір диплом жұмысында (жобада) тапсырмаларға сәйкес жеке
перспективалық теориялық немесе практикалық сұрақтардың өңдеуі болуы керек.
2. Диплом жұмысының тақырыбын таңдау және бекіту
Диплом (жоба) жұмысының үлгі тақырыптарын шығарушы кафедрада
әзірленеді және жыл сайын кем дегенде 30%-ға жаңартылып отырылады,
факультет кеңесінде қаралып бекітіледі. Диплом жұмысының тақырыптары (жоба)
ғылым, техника мен мәдениеттің қазіргі жағдайы мен болашақтағы дамуына сай
болып, мазмұны жағынан диплом жұмыстарына қойылатын талаптарға жауап беруі
қажет.
Диплом (жоба) жұмыстарының тақырыптарын анықтағанда, өндіріс, ғылым
және мәдениеттің шынайы міндеттері мен мәселелерін есепке алу ұсынылады.
Диплом (жоба) жұмысының тақырыптары мамандықтарға және мамандарды даярлау
бағытына сәйкес болуы қажет.
Диплом жұмысының тақырыбын студент соңғы оқу жылының басында өз бетімен
таңдайды. Бұл ретте, ол бұрын студент орындаған ғылыми жәненемесе курстық
жұмыстардың жалғасы болуы жөн саналады.
Диплом жұмысының тақырыбын бекіту үшін студент шығарушы кафедраға
өтініш жазады, онда таңдалған тақырыптың нөмері мен атауын көрсетеді, ал
мүмкіндік болған жағдайда – диплом жұмысы солардың материалы негізінде
орындалатын ұйымның атауын көрсетеді (А қосымшасы).
Диплом жұмысының тақырыбын, егер тіпті ол тақырыптар тізіміне кірмесе
де, студенттің өзі ұсынуы мүмкін. Мұндай жағдайда кафедра меңгерушісінің
атына жазылған өтініште оны әзірлеудің себебі мен мақсаттылығы негізделеді.
Бір топтың екі және одан да көп студенттерінің бір ұйымның материалдары
бойынша, бір тақырыпқа диплом жұмысын орындауларына рұқсат етілмейді.
Студенттердің сәйкес тақырыпқа диплом жұмыстарын өз аттарына бекіту
өтініштері кафедрада қаралады және бекітіледі. Кафедраның шешімі негізінде
әр студент атына таңдалған бекітілген тақырыптың тіркелуі және ғылыми
жетекші мен рецензенттің (сыртқы) тағайындалуы туралы университет бойынша
бұйрық шығарылады. Бұйрықта мыналар көрсетіледі: студенттің тегі, аты және
әкесінің аты; диплом жұмысы тақырыбының дәл атауы; ғылыми жетекішісінің
тегі мен инициалдары (және кеңес беруші болуы мүмкін) және диплом жұмысы
рецензентін тағайындау туралы бұйрық, олардың ғылыми дәрежесі, қызметі және
жұмыс орны көрсетіледі.
Студенттердің тапсырыс берілген диплом жұмыстарының тақырыптарын
таңдауы ерекше қолдауға лайық.
Тапсырыс берілген диплом жұмысының тақырыбын студенттің таңдауы және
кафедраның бекітуі кезінде диплом жазушы студент, диплом жұмысын орындауға
сәйкес ұйымның жазбаша түрде ресімделген тапсырысын кафедраға табыс етуі
тиіс (Б қосымшасы).
Диплом жұмысын орындағаннан кейін, студент тапсырыс берушіге есеп
жасауға (еркін үлгіде) тиіс, ал тақырыпқа тапсырыс беруші-ұйым қаулы
(бұйрық немесе хаттама) ресімдейді, оған ұйым жетекшісі қол қояды және ол
ұйым мөрінің бедерімен расталады (В қосымшасы).
Сонымен қатар, ұйым диплом жұмысы авторының қорытындылары мен
ұсыныстарын пайдалану (енгізу) туралы акт ресімдеуі мүмкін.
3. Диплом жұмысын дайындауға ғылыми жетекшілік
Кафедралардың ұсынулары бойынша, ректордың бұйрығымен диплом
жұмыстарының ғылыми жетекшілері тағайындалады. Диплом жұмыстарының
(жобалардың) ғылыми жетекшілері болып профессорлар, доценттер, тәжірибелі
оқытушылар мен сол жоғары оқу орнының ғылыми қызыметкерлері, не болмаса
басқа ұйымдардың ғылыми зерттеулері мен басылым салалары студенттің
мамандығына сәйкес келетін, ғылыми қызметкерлері мен жоғары білікті
мамандары тағайындалады.
Қажет болған жағдайда диплом жұмысының (жобаның) ғылыми жетекшісінің
ұсынуымен кафедра, ғылыми жетекшілікке бөлінген уақыт есебінен, диплом
жұмысының (жобаның) жекелеген тараулары бойынша консультантты шақыра алады.
Консультант ретінде профессорлар, доценттер, жоғары оқу орынының
тәжірибелі оқытушылары мен ғылыми қызметкерлерін, сонымен қатар, басқа да
ұйымдардың жоғары білікті мамандары мен ғылыми қызыметкерлерін тағайындауға
болады. Консультанттар студенттің орындаған сәйкес тарауларын тексеріп,
қолдарын қояды.
Диплом жұмысының (жобаның) жетекшісі:
1) диплом жұмысына (жобаға) тапсырма береді;
2) студентке диплом жұмысының (дипломның жобалануы) орындалуының
барлық кезеңіне күнтізбелік кесте құруға көмектеседі;
3) студентке негізгі қажетті әдебиеттерді, анықтамалық және архивтік
материалдарды, тақырыпқа қажетті типтік жобалар және басқа да дерек
көздерін ұсынады;
4) оның барысында студенттің күнтізбелік кестесінің орындалуын
қадағалайтын ағымдық бақылау жүзеге асырылатын консультация кестесін
құрады;
5) диплом жұмысының (жобаның) барлық тарауының көлемін белгілейді және
диплом жазушы мен консультанттың жұмысын үйлестіреді.
Әрбір диплом жұмысы бойынша жеке студентпен келісе отырып, ғылыми
жетекші белгіленген форма бойынша диплом тапсырмасын жасайды (Г қосымшасы).
Диплом тапсырмасында мыналар көрсетіледі: университет, факультет, филиал
мен кафедраның атаулары; диплом жазатын студенттің тегі, аты және әкесінің
аты; диплом жұмысы тақырыбының атауы; тақырып бекітіліп берілген,
университет бойынша бұйрықтың нөмері мен күні; диплом жұмысында әзірлеуге
жататын сұрақтар тізбесі немесе олардың қысқаша мазмұны; графикалық
материалдың және негізгі аналитикалық кестелердің тізбесі; ұсынылған
әдебиеттер және өзге де ақпарат көздері; жұмыстың соған қатысты тарауларын
(немесе параграфтарын) көрсете отырып, диплом жұмысы бойынша консультанттың
тегі, аты және әкесінің аты; тапсырма берілген күн; диплом жұмысының
жекелеген тарауларының (немесе параграфтарының) бірінші нұсқасын дайындау
күнтізбелік жоспары, ғылыми жетекшінің ескертулеріне және тілектеріне
сәйкес оларды жетілдіру, өңдеу, толықтыруы; түпкі нұсқада диплом жұмысын
кафедраға табыс ету мерзімі; ғылыми жетекшінің, консультанттың және диплом
жазатын – студенттің қолдары.
Диплом жұмысының тақырыбы студент атына бекітіліп және диплом
тапсырмасы жасалғаннан кейін, ғылыми жетекші, диплом жұмысын дайындауға
тікелей, үнемі жетекшілік жасайды және оны орындау кестесінің сақталуына
бақылауды жүзеге асырады; дайын болған диплом жұмысының жекелеген
тарауларын (параграфтарын) оқиды; материалдың мазмұны, баяндау жалғастығы,
нақты тәжірибелік материалды жинау, жинақтау, жүйелеу және әдістемелік
өңдеу бойынша студентке кеңес береді; студентпен бірге туындаған сұрақтарды
талқылайды; қосымша әдебиеттер және жаңадан қабылданған заңнамалық
актілерді, бекітілген нормативтік құжаттарды және т.б. ұсынады.
Шығарушы кафедра диплом жұмысы (жоба) орындалмас бұрын, мамандықтың
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жасалған диплом
жұмысына (жоба) қойылған талаптар белгіленген әдістемелік нұсқау әзірлеп,
олармен студенттерді қамтамасыз етулері қажет.
Кафедра меңгерушісі диплом жұмысының (жоба) орындалуы бойынша
студенттің кезеңділік есеп беру мерзімін белгілейді. Бұл мерзімдерде
студент ғылыми жетекшінің және кафедра меңгерушісінің алдында есеп береді,
олар есеп бойынша диплом жұмысының (жобаның) дайындық дәрежесін назарға
алып, факультет деканына мәлімдеме жасайды.
Студент, белгіленген мерзімдерде ғылыми жетекшіге диплом жұмысының
орындалған бөлімдерін табыс етіп, оның ескертпелері мен тілектеріне сәйкес
уақытылы толықтыруларды енгізіп, диплом жұмысын дайындаудың күнтізбелік
кестесін қатаң сақтауы тиіс.
4. Диплом жұмысының мазмұнын (жоспарын) құру тәртібі
Диплом жұмысының мазмұны белгілі бір тәртіпте әзірленген оның құрама
бөліктерінің тізбесін (Кіріспе, тараулар, Қорытынды және т.б.) және диплом
жұмысында ашылуы тиіс негізгі сұрақтарды (параграфтарды) білдіреді.
Уақытылы және дұрыс жасалған жоспар да, ғылыми жетекшіден алған алғашқы
кеңес те ұйымдастырушы фактор болып саналады, ол ақпарат көздерін дұрыс
таңдауға, нақты ұйымдар бойынша тәжірибелік материалды жинауға, диплом
жұмысының материалын жүйелі және жалғастықпен баяндауға септігін тигізеді.
Соған байланысты студент жоспар жасауға ерекше назар аударуы тиіс.
Диплом жұмысының жоспарын жасағанға дейін студентке жұмыстың мазмұнын
айқындау мақсатында аталған тақырып бойынша ақпараттардың негізгі
көздерімен танысуға кеңес беріледі.
Мазмұнының (жоспарының) әзірленген жобасын студент ғылыми жетекшінің
қарауына береді, егер қажет болатын болса, оны түзетіп, нақтылайды.
Құрылған жоспар, соңғы редакциясы болмауы мүмкін, диплом тапсырмасында
көрсетіледі және жұмысты дайындау барысында онда бірқатар себептер бойынша
ішінара түзетулер жасалуы мүмкін (Д қосымшасы).
5. Ақпарат дерек көздерін іріктеу және зерделеу
Зерттеу тақырыбына жататын ақпарат көздерін байыпты және
шығармашылықпен зерделеу диплом жұмысының ойдағыдай жазылуына оң ықпал
етеді.
Студент ақпарат көздерін зерделеуге диплом жұмысының тақырыбын таңдап,
бекітілгеннен кейін бірден кіріседі. Осы жұмыс барысында ол диплом жұмысы
үшін таңдап алынған сәйкес зерттеу пәнінің қазіргі жағдайын зерделеуі тиіс.
Зерделегенге дейін студент пәндер бойынша бағдарламаларда ұсынылған
негізгі және қосымша әдебиеттермен танысуы тиіс. Мәселелерді неғұрлым
тереңірек зерделеу үшін қосымша отандық және шетелдік дерек көздерімен,
сондай-ақ, ведомствалық нормативтік құжаттармен: нұсқаулықтармен,
нұсқаулармен және т.б. танысқан дұрыс. Мерзімді басылымдарда осы нақты
мәселе бойынша жарияланған мақалалар және материалдармен танысу қажет.
Дерек көздеріне объективті және дұрыс сілтеме жасау керек, оларға сыни
тұрғыдан, яғни ой елегінен өткізіп, назар қойып зерделеу, талдау және
нормативтік құжаттардың жекелеген қағидаларымен және авторлардың
пікірлерімен негізді түрде келісу немесе келіспеу қажет.
6. Тәжірибе материалын жинау және өңдеу
Диплом жұмысы нақты ұйым материалдары негізінде орындалады. Ол зерттеу
тақырыбы бойынша теориялық сұрақтарды, сол сияқты зерттеу объектісіне
қатысты тәжірибелік сұрақтарды қамтуы тиіс.
Нақты ұйымның тәжірибелік материалымен байланыстырылған, диплом
жұмысының мәтіні, бастапқы және жиын құжаттармен, аналитикалық кестелермен
және зерттеу объектісіне сәйкес есептермен көрнекіленуі тиіс.
Тәжірибелік материалдарды іріктеу кезінде студент қажетті қосымшаларды
ресімдеуге, оларды дұрыс дайындауға және оларды өзара байланыстыруға,
диплом жұмысының мәтінінде онда бар қосымшаға сілтеме жасауға ерекше назар
аударады.

талаптар
Диплом жұмысының (жобаның) құрылымдық элементтеріне мыналар жатады:
- мұқаба (сыртқы беті) (Ж1 қосымшасы);
- титул беті (Ж2, Ж3 қосымшалары);
- диплом жұмысының (жобаның) орындалуына тапсырма (Г қосымшасы);
- мазмұны (Д қосымшасы);
- кіріспе;
- негізгі бөлім;
- қорытынды;
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі (Е қосымшасы);
- қосымшалар.
Мұқаба
Мұқабада (сыртқы бетінде) келесі мағлұматтар келтіріледі:
- диплом жұмысы (жоба) орындалған, ұйымның атауы,
- студенттің тегі және инициалдары,
- диплом жұмысының (жобаның) тақырыбы,
- жұмыстың түрі - диплом жұмысы (жоба),
- мамандықтың атауы және шифрі,
- қала, жыл (Ж1 қосымшасы).
Титул беті
Титул беті диплом жұмысының бірінші беті болып табылады және құжатты
өңдеу және іздестіруге қажетті ақпарат көзі ретінде қызмет етеді.
Титул бетіне келесі мағлұматтар келтіріледі:
- диплом жұмысы (жоба) орындалған ұйымның атауы,
- диплом жұмысы (жоба) орындалған кафедра атауы,
- кафедра меңгерушісінің бекітілген қолы,
- жұмыстың түрі - диплом жұмысы (жоба),
- тақырыбына деген сөздің көрсетілуімен, диплом жұмысының (жобаның)
тақырыбының атауы,
- мамандықтың атауы және шифрі,
- сол жағында - орындаған сөзі, қарама-қарсы оң жағынан студенттің
тегі мен инициалдары,
- бір жол төмен ғылыми жетекші деп жазылады және оның тегі мен
инициалдары, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы және жетекшінің басқа регалилері
көрсетіледі,
- қала, жыл.
Титул беті диплом жұмысы беттерінің жалпы нөмірленуі кіреді. Титул
бетте бет нөмірі қойылмайды.
Экономикалық және заң мамандықтары бойынша студенттердің диплом
жұмыстарын жазуы кезінде оның әрбір бөлімінің келесі үлгідегі мазмұнын
ұстанғаны дұрыс болады.
Диплом жұмысына (жобасына) тапсырма. Диплом жұмысына (жобасына)
тапсырма бастапқы материал мен көздердің сипаттамасын, студент әзірлейтін
сұрақтар тізбесін, ұсынылатын әдебиеттер тізімін, графикалық материал
тізбесін, диплом жұмысын (жобасын) жазудың толық күнтізбелік кестесін
қамтуы тиіс. Диплом жұмысының (жобасының) тапсырмасын, жұмысты аяқтау
мерзімін көрсете отырып, кафедра меңгерушісі бекітеді. Диплом жұмысының
(жобасының) тапсырмасы титул бетінен кейін нөмірлеусіз диплом жұмысына
(жобасына) тігіледі.
Мазмұны. Диплом жұмысының (жобасының) мазмұнына Кіріспе, барлық
бөлімдер, бөлімшелердің реттік нөмірлері мен атаулары, Қорытынды,
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен диплом жұмысының (жобасының) осы
элементтері басталатын беттердің нөмерлері көрсетіле отырып, қосымшалардың
атауы кіреді.
Кіріспе. Диплом жұмысы тақырыптарының өзектілігі негізделеді, жұмыстың
мақсаты белгіленіп, диплом жұмысының тақырыбын ашу үшін негізгі міндеттер
тұжырымдалады, жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері (жинақталған
түрде: сәйкес заңнамалық актілер мен нормативтік құжаттар, оқу әдебиеті,
монографиялар, ғылыми еңбектер, мерзімді басылымдар материалдары және
т.б.), зерттеу объектісі (жұмыс соның материалдары негізінде орындалған
ұйымдар атауы) айқындалады, аталған зерттеу объектісіне сипаттама беріледі,
егер бұл мүмкін болса, қысқаша түрде (кестемен немесе мәтінде) қызметтің
негізгі көрсеткіштері (жұмыста осы сұраққа арналған арнайы тарау немесе
жеке параграф болмаған жағдайда) келтіріледі.
Бірінші тарау. Зерделейтін пәннің нормативтік-құқықтық базасы, осы
пәннің мазмұны мен жіктеу сұрақтары қарастырылады; зерттеу сұрағының нақты
міндеттері көрсетіледі.
Екінші тарау. Екінші және үшінші тарау диплом жұмысындағы негізгі
тараулары болып саналады.
Екінші тарауда зерттелетін пән бойынша қолданыстағы жағдайлар ашып
көрсетіледі, яғни жалпы теориялық қағидалар мен нақты ұйымдардың нақты
материалдары позициясынан сәйкес сұрақтардың мазмұны баяндалады. Егер ол
Кіріспе бөлімінде берілмесе, зерттеу объектісі болып саналатын ұйымның
ұйымдастырушылық-экономикалық сипаттамасы беріледі.
Үшінші тарау. Диплом жұмысының тақырыбына байланысты, бұл тараудың
мазмұны әртүрлі болуы мүмкін, мысалы, онда теория мен тәжірибе тұрғысынан
өзге мәселелер (екінші тарауда қарастырылмаған) зерттелуі мүмкін.
Аталған тарауда жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша зерттеліп
отырған мәселені жетілдіруге арналған, өзіндік және өзге авторлардың (осы
авторларға және ақпарат көздеріне міндетті түрде сілтеме жасай отырып)
ұсыныстары ашып көрсетіледі.
Алдындағы тараулардағыдай, теориялық қағидалармен тығыз байланыстыра
тәжірибелік материалды, яғни нақты ұйымның деректерін, зерттеу нәтижелері
бойынша, озық тәжірибе туралы, ең бастысы, зерттеліп отырған сұрақ бойынша
ұйымдағы кемшіліктер туралы тиісті қорытындылар жасалуы және осы
кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарға дәлелдер келтірілуі тиіс.
Үшінші тараудың болуы диплом жұмысының тақырыбынан байланысты және оның
міндетті құрылымды элементі болып табылмайды.
Диплом жұмысының негізгі бөлімінің мазмұны мамандық ерекшеліктерімен
айқындалады.
Қорытындыда, зерттеу нәтижесінде жасалған және ұсынылған теориялық және
тәжірибелік қорытындылар мен ұсыныстар жинақталады. Олар, әзірлемелердің
мазмұны, маңыздылығы, негізділігі мен тиімділігі туралы толық түсінік
беретіндей қысқа және анық та айқын болуы тиіс.
Қорытындылар мен ұсыныстарды баяндауға екі нұсқаның (тәсілдің) бірін
пайдалануға кеңес беріледі, бұл жұмыстың жекелеген тарау параграфтарында
олар толық ашылып көрсетілу-көрсетілмеуінен байланысты болады.
Егер зерттеу пәнін зерделеу салдарынан пайда болған қорытындылар мен
ұсыныстар сәйкес тарауларда жасалса, онда Қорытынды бөлімінде олар, тізбе
түрінде, негізінен, дәлелдерсіз, бірақ та оларды толық негіздей, диплом
жұмысының тиісті беттеріне сілтеме жасай отырып ұсынылады.
Егер қорытындылар мен ұсыныстар Қорытынды бөлімінде ғана ашып
көрсетілсе, онда олардың тізбесімен қатар, әрбір ұсынысты тәжірибеде
қолданудың дұрыстығына және тиімділігіне негіздемелер келтіріледі.
Зерттеу мәселесін жетілдіру бойынша, диплом жұмысы авторының енгізген
ұсыныстары ерекше қолдауға лайықты. Мұндай жағдайда қорытындылар мен
ұсыныстарды мына жалғастықпен баяндаған дұрыс болады: алдымен, жұмыс
авторының пікірі бойынша кемшіліктер туралы қорытындылар, содан соң –
зерттеу объектісі болып саналған ұйым бойынша сәйкес сипаттағы қорытындылар
мен ұсыныстар.
Сонымен, қорытындылар мен ұсыныстар, толық дәлелдер келтірусіз қысқа
тұжырымдалған және нөмерленген қағида – тезистер (егер ол диплом жұмысының
тиісті тарауларында бар болса) немесе қысқа баяндалған, бірақ жеткілікті
негізделген түрде жоғарыда айтылған жалғастықпен ресімделеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Аталған тізім Қорытынды бөлімнен
кейін диплом жұмысының соңында келтіріледі (Е қосымшасы).
Аталған тізімге, студент нақты игерген және диплом жұмысында қандай да
бір шекте пайдаланған дерек көздері ғана енгізілуі тиіс.
Тізімде ақпарат көздері, диплом жұмысының мәтінінде оларды пайдалану
жалғастығы ретімен көрсетілуі тиіс.
Қосымшалар. Қосымшаларға негізгі бөлімде көрініс таппаған, дипломдық
зерттеуді орындаумен байланысты материалдар енгізіледі.
Диплом жұмысында қабылданған шешім, барлық деректердің дәлдігі мен
объективтілігі үшін студент – диплом жұмысының (жобасының) авторы
жауапкершілік алады.
8. Диплом жұмысының мәтінін ресімдеу тәртібі
Жалпы талап.
Диплом жұмысы мәтінінің беттері мен жұмысқа енгізілген иллюстрациялар
мен кестелер А4 форматына сәйкес келуі тиіс. Диплом жұмысы А4 форматты ақ
қағаздың бір жақ бетіне бір интервал сақтай отырып, компьютер мен
принтерді қолдана баспа әдісімен орындалуы тиіс. Шрифт-қалыпты, кегль 14,
Times New Roman. Айқындалып Түрлі гарнитурлы шрифтарды пайдалана, белгілі
терминдер, формулаларға назар аударатын компьютердің мүмкіндіктерін
пайдалануға рұқсат етіледі.
Диплом жұмысының мәтінін, қағаз бетінің келесі мөлшерлерін сақтай
отырып басу керек: оң жағы – 10мм, жоғары жағы - 20мм, сол жағы – 30мм және
төменгі жағы – 25мм.
Әрбір тарауды жаңа беттен бастау керек. Параграфтар мен тармақтардың
мәтінін, жеткілікті орын болған жағдайда, аяқталмаған беттің бос бөлігіне
басуға болады.
Тараулардың, параграф пен тармақтардың атаулары арасындағы ара-қашықтық
мәтіннен бір жолға шегінуді құрауы тиіс: параграф (тармақ) атауы мен мәтін
арасындағы ара-қашықтық мәтіннен екі жолды құрауы тиіс; алдындағы параграф
(тармақ) мәтінінің соңы мен келесі параграф (тармақ) атауы арасындағы ара-
қашықтық мәтіннен екі жолға шегінуді құрауы керек (И қосымшасы).
Басылған мәтіннің және иллюстрациялар, кестелердің ресімделу, ЭЕМБ -
дан басып шығарылу сапасы айқын қайталану талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
Диплом жұмысын орындау кезінде бүкіл мәтін бойынша біркелкі тығыздық
пен бейнелердің анық көріну талабын сақтау қажет. Диплом жұмысындағы
сызықтар, әріптер, сандар мен белгілер айқын, бұлыңғыр болмауы қажет.
Мәтін парақтарының бүлінуіне, түзетулер жасап шимайлауға және толық
жойылмаған бұрынғы мәтін (кескін) іздеріне жол берілмейді. Диплом жұмысының
мәтінінде сканирленген кескіндер, сызбалар, кестелерді және т.б.
пайдалануға рұқсат етілмейді.
Тегі, ұйымның атауы, бұйым аты және диплом жұмысындағы басқа жалқы
есімдер атаулары түпнұсқа тілінде келтіріледі.
Өз атын транслитерлеуге және ұйым атауын түпнұсқадағы (бірінші
айтылған) атын қоса отырып, диплом жұмысы жазылған тілге аударғандағы
атауын келтіруге рұқсат етіледі.
Диплом жұмысының құрылымы
Диплом жұмысының құрылымдық элементтерінің атаулары Мазмұны,
Кіріспе, тараулардың атауы, Қорытынды, Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі диплом жұмысының құрылымдық элементтерінің бас тақырыптары болып
табылады және Мазмұнында, сол сияқты абзацтан басталған диплом жұмысының
мәтінінде бас әріптермен жазылады.
Жұмыстың негізгі бөлімін тарауларға, параграфтарға және тармақтарға
бөлу көзделеді.
Тараулар, параграфтар және тармақтар тақырыптарға ие болуы тиіс.
Тақырыптар тараулардың, параграфтардың және тармақтардың мазмұнын анық және
қысқа көрсетуі тиіс.
Параграфтардың және тармақтардың атауын, астын сызбай, соңына нүкте
қоймай, шегініс жасап абзацтан бас әріптермен басу керек.
Егер де атаулар екі сөйлемнен тұрса, оларды нүктемен бөледі.
Диплом жұмысының беттерін нөмірлеу
Диплом жұмысының беттерін, диплом жұмысының бүкіл мәтіні бойынша қатар
нөмерленуін сақтай отырып, араб цифрларымен нөмірлеу қажет. Беттің нөмері
парақтың төменгі бөлігінің ортасына нүктесіз қойылады.
Титул беті, диплом жұмысына тапсырма, Мазмұны, Кіріспенің бірінші бетін
беттердің жалпы нөмірленуіне кіргізеді. Титул бетіне, диплом жұмысына
(жобасына) Тапсырмада, Мазмұнында беттердің нөмірі қойылмайды. 5 цифры
Кіріспенің екінші бетіне қойылады.
Жекелеген беттерге орналастырылған иллюстрациялар мен кестелер диплом
жұмысы беттерінің жалпы нөмерленуіне кіреді (немесе Қосымшаға шығарылады).
А3 формат парағындағы иллюстрациялар, кестелер бір бет ретінде
есептелінеді.
Тараулар, параграфтар мен тармақтарды нөмірлеу
Диплом жұмысының тараулары шегініс жасап абзацпен жазылады және
нүктесіз араб цифрларымен белгіленеді, бүкіл жұмыс шегінде реттік нөмірлері
болуы тиіс. Параграфтардың әрбір тараулар шегінде нөмірлері болуы қажет.
Параграф нөмірі, нүктемен бөлінген, тараулардың және параграфтың
нөмірлерінен тұрады. Параграф нөмірінің соңынан нүкте қойылмайды. Тараулар
мен параграфтар бір немесе бірнеше тармақтардан тұруы мүмкін.
Параграфтардың немесе тармақтардың ішінде тізіп атаулар орын алуы
мүмкін.
Әрбір тізіп атаудың алдынан дефис немесе құжат мәтінінде сілтеме жасау
қажет болған кезде тізіп атаудың біріне кіші әріптер (ё, з, й, о, ч, ь, ы,
ъ қоспағанда) жазылып, соңынан жақша қойылады.
Тізіп атауды одан әрі нақтылау үшін, соңынан жақша қоя отырып, араб
цифрларын пайдалану қажет, ал жазу абзацтан шегініс жасау арқылы жасалады.
Иллюстрациялар
Иллюстрацияларды (сызбалар, карталар, графиктер, кескіндер,
компьютермен басып шығарылған беттер, диаграммалар, түсірілген суреттер)
диплом жұмысында, олар жайында алғаш айтылған мәтіннен кейін немесе келесі
бетке орналастыру көзделеді.
Иллюстрациялар компьютермен орындалған және түрлі түсті болуы мүмкін.
Жұмыста барлық иллюстрацияларға сілтеме жасау қажет.
Компьютерлік басуды пайдалану арқылы сызбалар, графиктер, диаграммалар,
кескіндерді орындауға рұқсат етіледі.
А4 форматынан кіші көлемдегі түсірілген суреттер ақ қағаздың стандартты
парақтарына жапсырылуы тиіс.
Қосымшалардағы иллюстрациялардан басқа иллюстрацияларды жұмыстың
басынан аяғына дейін қалдырмай араб цифрларымен нөмірлеу көзделеді.
Егер сурет біреу болса, онда ол Сурет 1 болып белгіленеді. Сурет
сөзі мен оның аталуы жолдың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz