Валюталық бағамдар өзгерісінің әсерінің есебі



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1. Валюталық бағам түсінігі, мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8
2. Валюталық бағамның қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
3. Еркін валюта бағамдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
4. Валюталық бағам өзгерісінің әсері, 21 ХҚЕС ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
5. Валюталық операциялар есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 26
Бүгiнгi әлемде экономикалық және шаруашылық қатынастар күннен-күнге даму барысында халықаралық валюта қатынастарының өркендеуi өндiргiш күштердiң қарқынды өсуiмен, дүниежүзiлiк рыноктың қалыптасуымен, халықаралық еңбек бөлiнiсiнiң тереңдеуiмен, шаруашылық байланыстарының интеннационалдануы және жаһанданумен сипатталады.
Валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастардың дамуына жалпылама түрде өзiнiң онды әсерiн тигiзедi.
Халықаралық валюталық жүйе дүниежүзiлiк шарушылықтың шеңберiндегi сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер, құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi.
Валюталық жүйенiң маңызды элементтерi – валюталық бағам болып табылады. Валюталық бағам тауарлармен көрсетiлген қызметтердiң халықаралық барысында, капитал және несиенiң қозғалысында валюталармен өзара байланыстардың қажеттiлiгiнен пайда болды.
Валюталық бағам - бұл бір елдің ақша бірлігінің басқа бір елдердің ақша бірліктеріне бейнеленген бағасы. Әрбір елдің ұлттық валюталарын салыстыру олардың өндіріс және айырбас процессінде пайда болатын объективті құндық қатынастарына негізделеді. Валюталық бағам валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуші көптеген факторларға байланысты өзгереді:
Бағамның қалыптасуына ықпал ететін үш факторлар тобын бөліп қарауға болады:
Саяси - саяси тұрақтылық, валюталық заңдылықтардың ырықтандырылуы, валюталық саясат және т.б. экономикалық, халықаралық тәжірибеде анықталатын экономикалық тікбұрыштың шыңы сияқты: экономикалық өсу, валюта тұрақтылығы және инфляцияның төменгі қарқыны (жылына 10%-ке дейін), жұмыссыздықтың төменгі деңгейі (жылына_ 8%-ға дейін), дүниежүзілік
1. " ҚР-да ұлттық валютаны енгiзу туралы" Қ.Р. Президентiнiң заң күшi бар жарлығы // 12.11.1993;
2. " Валюталық реттеу туралы" Қ.Р –ның заңы // 24.12.1996;
3. " Валюталық бағам өзгерісінің әсері " 21 ХҚЕС;
4. Баян Көшенова, Оқу құралы / Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары, - Алматы: “Экономика” 2000ж;
5. Бұхарбаев Ш.М. “Валюталық бағамның және оның атқарылуы тәртiптерiнiң елдiң сыртқы экономикалық қызметiне әсерi” // Банки Казахстана. №1.- 2005 ж;
6. С.Б.Мақыш “Валюталық операциялар және валюталық мәмiлелер” // ҚазҰУ хабаршысы. №5, - 2003 ж.
7. Интернет көздері.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті

Кафедра: " Бухгалтерлік есеп"

Курстық жұмыс

Тақырыбы : Валюталық бағамдар өзгерісінің әсерінің есебі

Оқытушы: Евескина Ж.
Студент: Урбисинова Ж.
Мамандық: Есеп және аудит
Топ: 302

Алматы - 2011.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1. Валюталық бағам түсінігі, мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2. Валюталық бағамның қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 11
3. Еркін валюта бағамдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
4. Валюталық бағам өзгерісінің әсері, 21 ХҚЕС ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
5. Валюталық операциялар есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 25
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 26

КІРІСПЕ
Бүгiнгi әлемде экономикалық және шаруашылық қатынастар күннен-күнге даму барысында халықаралық валюта қатынастарының өркендеуi өндiргiш күштердiң қарқынды өсуiмен, дүниежүзiлiк рыноктың қалыптасуымен, халықаралық еңбек бөлiнiсiнiң тереңдеуiмен, шаруашылық байланыстарының интеннационалдануы және жаһанданумен сипатталады.
Валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастардың дамуына жалпылама түрде өзiнiң онды әсерiн тигiзедi.
Халықаралық валюталық жүйе дүниежүзiлiк шарушылықтың шеңберiндегi сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер, құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi.
Валюталық жүйенiң маңызды элементтерi - валюталық бағам болып табылады. Валюталық бағам тауарлармен көрсетiлген қызметтердiң халықаралық барысында, капитал және несиенiң қозғалысында валюталармен өзара байланыстардың қажеттiлiгiнен пайда болды.
Валюталық бағам - бұл бір елдің ақша бірлігінің басқа бір елдердің ақша бірліктеріне бейнеленген бағасы. Әрбір елдің ұлттық валюталарын салыстыру олардың өндіріс және айырбас процессінде пайда болатын объективті құндық қатынастарына негізделеді. Валюталық бағам валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуші көптеген факторларға байланысты өзгереді:
Бағамның қалыптасуына ықпал ететін үш факторлар тобын бөліп қарауға болады:
Саяси - саяси тұрақтылық, валюталық заңдылықтардың ырықтандырылуы, валюталық саясат және т.б. экономикалық, халықаралық тәжірибеде анықталатын экономикалық тікбұрыштың шыңы сияқты: экономикалық өсу, валюта тұрақтылығы және инфляцияның төменгі қарқыны (жылына 10%-ке дейін), жұмыссыздықтың төменгі деңгейі (жылына_ 8%-ға дейін), дүниежүзілік нарықтағы тепе-тендік; психологиялық: жаппай сұраныс, негізгі капиталды тәуекелден қорғануға ұмтылыс және т.б.
Валюталық бағамның ауытқу шектері паритеттің 1%-нан асқан жоқ және қажетті валютада ауыстыру мақсатыңда алтынды шетелге тасымалдау шығындарымен анықталды.
Курстық жұмыстың өзектiлiгi шетелдік валютамен операцияларды және шетелдік қызметті ұйымның қаржы есептілігінде көрсету, сондай-ақ қаржы есептілігінің көрсеткіштерін ұсыну валютасына қайта есептеу тәртібін орнату болып табылады.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын " Валюта бағамдар өзгерісінің әсерінің есебі " деп алдым.
Бұл курстық жұмысымды жазудағы негiзгi мақсатым мен мiндеттерiм мыналар:
* Валюталық бағам түсiнiгiн анықтап, оның қажеттілігін анықтау;
* Валюталық бағамнын қалыптасуына әсер ететін факторларды анықтау;
* Қазіргі кезде халықаралық қатынастарда әрекет ететін валюталық бағамның негізгі жеті тәртіптемесіне тоқталу;
* Шетел валютамен операцияларды және шетелдік қызметті ұйымның қаржылық есептелігінде көрсету;
* Айырбас бағамын белгілеу және айырбас бағамдарындағы өзгерістердің салдарын қаржылық есептілікте көрсету.

1. Валюталык бағам түсінігі, мәні
Валюталық бағам - бұл бiр елдiң ақша бiрлiгiнiң басқа бiр елдiң ақша бiрлiктерiне бейнеленген бағасы. Валюталық бағамның қажеттігі:
* Тауар және қызметтермен сауда-саттықта, капиталдар мен несиелер қозғалысы барысында өзара валюталарды айырбастайды. Ипортер ұлттық валютаны шетелден тауар алғаны үшін шетел валютасына алмастырады;
* Дүниежүзілік және ұлттық нарықтағы бағаларды және құндық көрсеткіштерді салыстыру;
* Фирмалардың және банктердің шетел валютасындағы счеттарын үздіксіз қайта бағалап отыруға.
Валюталық бағам - шетелдің ақша бірлігіне шаққандағы бір елдің ақша бірлігінің бағасы. Сол бойынша экспорттаушы саудадан түскен шетел валютасын ұлттық валютаға ауыстырады. Басқа елдің валюталары сол мемлекеттің аумағында заңды және төлем құралы ретінде қолданылмайды. Өзге елден сатып алынған тауарға төлеу үшін импорттаушы ұлттық ақшаны шетел валютасына алмастырады. Берешектерін өтеуді және сыртқы заемдар бойынша пайыздарды төлеуді мақсат еткен борышқор шетел валютасын ұлттық ақшаға айырбастайды.
Валюталық жүйенiң маңызды элементтерi - валюталық бағам болып табылады. Оның пайда болуы: тауарлармен көрсетiлген қызметтердiң халықаралық барысында, капитал және несиенiң қозғалысында валюталармен өзара байланыстардың қажеттiлiгiнен: дүниежүзлiк және ұлттық нарықтағы бағаларды, сондай-ақ ұлттық немесе шетелдiк валюталарды бейнелеген әр түрлi елдердiң құндық көрсеткiштерiн салыстыруға банктер мен формалардың шетел валютасындағы шоттарын уақытылы қайта бағалап отыра байланысты негiзделедi.
Валюталық бағамдық айырмалыр мынадай жағдайда туындайды:
* Кірістер мен шығыстарды операция күнгі валютаның айырбас бағамдары бойынша, ал активтер мен міндеттемелерді жабу бағамы бойынша ауыстыру;
* Алдыңғы жабу бағамынан бағам айырмашылығы шоғырландырылған шетелдік қызметке жататын, бірақ толық меншікке емес болса, ауыстырудан туындайтын және азшылық үлесіне жататын жинақталған айырмалар жатады.
Валюталық бағамның дамуы жай тауар өндiрiсiнен қазiргi дүниежүзiлiк шаруашылыққа қозғалыстың тарихи процесiн көрсетедi.
Монометализм тұсында - алтын немесе күмiс валютылық бағамның базасы монеталық паритет болып табылады, яғни ол әр түрлi елдердiң ақша бiрлiктерiннiң олардың металдық құрамына байланысты арақатынасын сипаттайды. Ол валюталық паритет ұғымымен сәйкес келедi. (1)
Валюталық бағам валюталық паритет шеңберiнде аутқиды. ХВК-ның жарғысы бойынша 1978 жылдан бастап валюталық паритет СДР немесе ЭКЮ-да валюталық "қоржын" базасында бекiтiледi .
Жалпы алғанда валюталық бағамның қозғалысының бағытырын анықтайтын факторларды 3 топқа бөлуге болады : фундаментальдi, техникалық, қысқа мерзiмдi күтпеген факторлар.
Валюталық нарыққа қатысушылардың арасындағы валюталық операцияларды айырбастаусыз және олардың пропорцияларын анықтаусыз жүзеге аспайды. Бiр валютаны басқа валютаға айырбастау деп шетел валютасының ұлттық валютаға немесе басқа валюталарға сату немесе сатып алу , ал оларды айырбастау пропорциялары валюталық каперотив арқылы анықталады.
Валюталық мәмiлелердiң түрлерiне байланысты ағымдағы және мерзiмде факторлар бағамдары болады. Ағымдағы валюталық мәлiметтердi жасағанда валюта айырбасы сол сәтте ағымдағы валюта бағымы бойынша жүзеге асады . мерзiмдi валюталық мәмленi жасағанда валютаны айырбастау алдынала белгiленген мерзiмде бекiтiлген форвард бағымы бойынша жүзеге асады .
Кейбiр мемлекеттерде операцияның әр түрi бойынша қолданылатын ұлттық валюта бағымдарының бiрнеше түрi бар. Бельгияда 2 бағам қолданылады: бiреуi - комерциялық, екiншiсi - қаржылық операциялар бойынша.
Айырбас валюталық бағамдардан басқа статистикалық және экономикалық талдау кезiнде колданылатын есептеу бағамдары бар . Оған жататын орташа бағамдар - сатушы және сатып алушы бағамдарының арифметикалық ортасы . Шын мәнiнде айтсақ мұндай бағам жоқ , бiрақ оның мөлшерi күнделiктi ақпарат құралдарында жарияланады.
Батыста көптеген валюталық бағымдардың индекстерi тараған. Көптеген валюталық бағам бiрдей өзгеруi мүмкiн болғандықтан, жеке ақша бiрлiктерiнiң басқаларымен салыстырғанда арзандау дәрежемен анықтауға мүмкiндiк бар. Валюта бағымдарының өзгеру дәрежесiн өлшеу үшiн арнайы индекстер есептелiнедi, олардың негiзiнде валюталық қоржындар болады.
Көбiнесе валюталық бағымдардың индекстерi тауарлардың бәсекелестiк қабiлеттiктерiне әсер ету, ұлттық ақша бiрлiгiнiң бағамдарына әсер ету, сондай-ақ елдiң төлем және сауда балансына әсер етуiн бағалау үшiн қолданылады. Сондыктан осы индекстердiң валюталық қоржындарының құрылымы осы елдiң импорты мен экспортын бөлудi сақтандыру және осы елмен саудада негiзгi сауда әрiптерiнiң үлес салмағын көрсетедi.
Валюта бағымдарының ағымын талдау барысында номиналдық және нақты валюталық бағымдардың индексi кеңiнен қолданылған . Нақты валюта бағымының индексi сәйкес келетiн екi елдiң iшкi бағаларындағы өзгерiстерге қатысты түзiлетiн валюта бағымының индекссiн бiлдiредi .
Нақты тиiмдi валюта бағымның индексi аталан топға жататын елдердегi олардың өзгерiстерi бойынша сол елдiң iшкi бағаларының өзгеруiне қатысты түзiлетiн тиiмдi валюта индексiн бiлдiредi .
Қазiргi кезде АҚШ долларының тиiмдi бағымының индексi номиналды және нақты түрде есептеледi.
Өз кезегінде валюталық бағам айырбасқа қатысушылар үшін валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасымен айқындалатын бір валютаны екіншіге қайта есептеу коэффициенті болып табылады. Дегенмен, тауарларға, қызмет көрсетуге, инвестицияларға белгіленген бағалардың орташа ұлтық деңгейін көрсететін сатып алу қабілеттігі валюталық бағамның құндық негізі болып есептеледі. Тауар өндірушілер мен сатып алушылар валюталық бағамның көмегімен ұлтық бағаларды өзге ел бағаларымен салыстырады. Сондай салыстырудың нәтижесінде сол елде қандай да бір өндірісті немесе сырт жерде инвестицияны дамытудың тиімділік дәрежесі айқындалады.
Әрбiр елдiң ұлттық ваюталарын салыстыру оларды өндiрiс және айырбас процесiнде пайда болатын обьективтi құндық қатынастарына негiзделедi. Валюталық бағалы валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етушi көптеген факторларға байланысты өзгередi.

2. Валюталық бағамның қалыптасуы
Бағамның қалыптасуына ықпал ететiн үш факторлар тобын бiлiп қарастыруға болады:
Саяси тұрақтылық - валюталық заңдылықтардың ырықтандырылуы, валюталық саясат және т.б.
Экономикалық - халықаралық тәжиiрбиеде анықталатын экономикалық тiк бұрыштың шыңы сияқты: экономикалық өсу, валюта тұрақтылығы және инвляцияның төменгi қарқыны, жұмыссыздықтың төменгi деңгейi, дүниежүзлiк нарықтағы тепе - теңдiк;
Психологиялық - жаппай сұраныс, негiзгi капиталды тәуекелден қорғануға ұмтылыс және т.б.
Валюталық бағам мынадай факторлардың әсерінен қалыптасады:
* Құнсыздану (инфляция) қарқыны. Валюталық бағамға құнсыздану қарқыны әсер етеді. Елдегі құнсыздану қарқыны неғұрлым жоғарылаған сайын валюталық бағам да соғұрлым төмендейді. Ақшаның құнсыздануы елде сатып алу қабілетінің және валюталық бағамның төмендеуіне апарып соғады. Валюталық бағамның құнсыздануға тәуекелділігі әсіресе тауарлардың, қызметтердің және капиталдың халықаралық айырбасының көлемі үлкен елдерде жоғары болады. Экспорттық баға базасында бағамды есептеген кезде байқалатын валюталық бағам серпіні мен құнсыздануының салыстырмалы қарқыны арасындағы тығыз байланыс арқылы мұны түсіндіруге болады.
* Төлем базасының жағдайы. Экспорттың импорттан асып кету, яғни активті төлем балансы ұлттық валюта бағамының жоғарылауына ықпал етіп, шетелдік борышқорлар жағынан оған деген сұраныс күшейеді. Пассивті төлем балансы ұлттық валюта бағамының төмендеу беталысына себепші болып, өздерінің сыртқы міндеттемелерін өтеу үшін борышқорлар оны шетел валютасына сатады.
* Әр түрлі елдердегі пайыз мөлшерлемесінің айырмашылығы. Пайыз мөлшерлемесінің елдегі өзгерісі басқаша тепе-теңдік жағдайда халықаралық, ең алдымен қысқа мерзімді капиталдыңі қозғалысына әсер етеді. Пайыз мөлшерлемесінің жоғарлауы шетел капиталының құйылуын ынталандырса, оның төмендеуі капиталдардың, оның арасында ұлттық капиталдардың шекараның арғы жағына ауысуына дем береді.
* Алып-сатарлық валюта операцияларының қызметі. Валюта бағамының төмендеу беталысы байқалса ондайда фирмалар мен банктер оны әлсізденген валютаның қалпын нашарлататын мейлінше тұрақты валюталарға күні бұрын сатып жібереді. Экономиканың саясаттағы өзгерістерді, бағамдық арақатынастардың ауытқуын валюталық нарықтарын тез сезінеді. Сол арқылы олар валюта алып сатарлығы мен ақшаның берекесіз қозғалысының аясын кеңейтеді.
* Белгілі бір валютаның еуронарықта және халықаралық есеп айырысуда пайдалану дәрежесі.
* Ұлттық және дүниежүзілік нарықтарда сенімділік дәрежесі. Елдегі экономиканың жағдайымен және саяси ахуалымен, сонымен бірге валюта бағамға ықпал ететін жоғарыда қарастырылған факторлармен айқындалады. Сонымен бірге диллер экономикалық өсу қарқынын құнсыздануды, валютаның сатып алу қабілетінің деңгейін, валютаның сұранысы мен ұсынысының арақатынасын ғана емес, сонлай-ақ олардың серпіндерінің келешегінде есепке алады.
Кез келген елдің валюта бағамы белгілі тәртіптеме бойынша жұмыс атқарады. Елдің халықаралық валюта-қаржы және несие қатынастарына қатысуының, сонымен бірге сыртқы экономикалық қызметті реттеудің тиімділігінің деңгейі валюталық бағамның тәртіптемесіне тәуелді болады. Қазіргі кезда халықаралық қатынастарда валюталық бағамның негізгі жеті тәртіптемесі әрекет етеді:
* Валютаға сұраныс пен ұсыныстың ықпал етуімен еркін өзгеретін құбылмалы бағамдар;
* Орталық банктердің басшылық шектері арқылы бағамдардың ауытқуына шек қоятын валюталық дәліздер;
* Алдын-ала белгіленген шамада бір бағытта тұрақты өзгеріп отыратын шектеулі құбылыс;
* Күні бұрын белгіленген деңгейде валюталық бағамды орталық банк ұстап тұратын реттелмелі құбылыс;
* Таңдап алынған шетел валютасына ұлттық ақшаның тіркелген бағамын қолдануға ақша-несие саясаты айрықша бағытталатын валюталық басқарыу;
* Бір топ ел бірыңғай валюта енгізетін валюталық одақ;
* Елде өзге мемлекеттің ұлттық валютасы қолданылатын долларландыру саясаты;
Ұлттық валютаның ауыстырымдылық тәртіптемесін валюталық бағамды реттеудің маңызды құралы болып саналады. Валюталық ауыстырымдылық дәрежесі валюталық нарыққа қатысушылардың санына және жүзеге асырылатын операциялардың көлеміне әсер етіп, өзінен өзін валюталық бағамның серпінін анықтай алады.

3. Еркін валюта бағамдары
Қазіргі заманда валюта еркін айналым белгілеуде бір-біріне қарама-қарсы екі әдіс бар:
валютаның еркін айналымдағы бағамы;
тағайындалатын валюта айналым әдісі.
Валютаның еркін айналымдағы бағамына көптеген факторлар әсер етеді. Олар:
Тұтынушы талғамының өзгеруі. Басқа елдің тауарына деген тұтынушының талғамы, көзқарасы ол елдің валютасына қатты әсер етеді. Мысалы, америкалық машиналардың беделі артса, онда тұтынушылар оны алуға тырысып, долларға қосымша сұраныс тудырады. Немесе Қазақстанға Ресейден демалушылар көп келсе, онда рубль ұсынысы көбейіп, арзандайды.
Табыстың салыстырмалы азаюы. Бір елдің ұлттық табысы басқа елдердің ұлттық табысына қарағанда есімі салыстырмалы жоғары болған жағдайда, ол елдің валюта бағамы төмендейді. Себебі елдің импорты оның табыс деңгейіне қатысты болады.
Бағаның салыстырмалы өзгеруі. Егер Қазақстанда баға өссе, ал Ресейде қалыпты болса, онда қазақстандықтар ресейліктердің салыстырмалы арзан тауарын тұтынуға тырысып, рубльге қосымша сұраныс тудырады. Ал ресейліктердің керісінше, біздің тауарды тұтынуға деген ынтасы азайып, рубль ұсынысын кемітеді. Бұл екі жағдай бірігіп теңгені құнсыздандырады.
Салыстырмалы нақты пайыздық мөлшерлемелвріиің өзгеруі. Мынандай жағдайды ойластырайық. Қазақстанда инфляцияны тежеу мақсатында Қымбат ақша саясаты жүргізілді. Нәтижесінде инфляцияны есептей отырып алынган нақты пайыздық мөлшерлеме мөлшері басқа елдерге қарағанда жоғары болды. Соның арқасында Қазақстан инвестициялауға өте тиімді елге айналды, ал ол инвесторларды (елдің экономикасы тұрақты болған жағдайда) теңгені алуға иермелейді.
Алыпсатарлық. Қазақстан экономикасында: а) Ресей экономикасына қарағанда жылдам өсу қарқыны болады деген жорамал бар; ә) басқа елдерге қарағанда инфляция жоғары болады деген қауіп бар; б) төмен мөлшерлеменің пайыздық мөлшері күтілуде. Ондай жагдайда теңгесі бар тұлгалар қолындағы теңгені басқа, қалыпты валютаға айырбастауга ұмтылады. Ал ол сол валютаға сұранысты жоғарылатып, оны теңгеге қарағанда қымбаттатады.
Еркін айналым кемшілікгері:
:: Белгісіздік және сауданың нашарлауы. Белгісіздік және қауіп сауда жүргізуде қиыншылықтар туғызады. Мысалы, қазақстандық кәсіпкер АҚШ-тан 90 мың долларға машина алуға шартқа отырды. Ол есептегенде долларды 79 теңгемен санады, ал елдегі жағдайга байланысты төлем уақыты келген кезде доллар 150 тг. болды. Сонда кәсіпкер екі есе көп ақша төлейтін болады.
:: Сауда жағдапы. Елдің экономикасы халықаралық нарық валютасының еркін айналымы төмендеген жағдайда нашарлайды. Валюта бағамына тәуелді болады.
:: Тұрақсыздық. Ішкі экономикаға жағымсыз әсер етеді. Тағайындалатын валюта бағамы әдісі. Бұл тәсіл жоғарыда қарастырған тәсілге қарама-қарсы әдіспен жасалынады. Оның қолданылуы мемлекеттің валютаның еркін айналуын тұрақтандырып отыру қажеттілігінің туындауымен қиындатылады. Мысалы, жоғарыдағы жағдайда (1-су-рет) валюта жетіспеушілігі автоматты түрде жойылады, ал тағайындау жағдайында тапшылықты мемлекет жоюы керек. Осы мәселе тағайындалатын валюта бағамының ең күрделі сұрақтарының бірі. Оны жою жалпы келесі әдістермен жасалады және олар қазіргі замандағы барлық елдерде қолданыла алады:
:: Резервтерді қолдану. Бұл валюта бағамын тұрақтандырудың ең бір жеңіл тәсілі. Ол нарыққа мемлекеттің өзінің валюта қорымен әсер ету механизмі. Ал валю-та қоры қалай жиналады? Мысал қарастырып отырған еліміз алдыңғы жылы оң салъдолы болып, біраз валютаны иемденіп қалды. Ол қор ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетелдік валютамен жүргізілетін операциялардың салдары
21 ХҚЕС «валюталық бағам өзгерісінің әсері»
Валюталық саясаттың түрлері мен жүйелері
Тағайындалатын және еркін айналымдағы бағам режимдерінен салыстырмалы тиімдік
Валюталық операциялар түрлері
21 IAS халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
Сыртқы экономикалық қызметінің есебі мен аудиті
Бухгалтерлік есеп стандартына түсініктеме
Валюталық жүйе және валюталық қатынастар туралы
Дүниежүзілік валюталық жүйе эвалюциясы
Пәндер