Меншікке қарсы қылмыстың түрлері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР:

І. Кіріспе бөлім

Меншікке қарсы қылмыстар

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Меншікке қарсы қылмыстың түрлері
  2. Бөтеннің мүлкін талан - таражға салудың түсінігі
  3. Талан - тараждың нысандары
  • Ұрлық
  • Алаяқтық
  • Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелеіп алу немесе ысырап ету
  • Тонау
  • Қарақшылық
  1. Талан - тараждың түрлері
  2. Талан - тараж белгілері жоқ, меншікке қарсы пайдакүнемдік қылмыстар

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланыған әдебиеттер.

МЕНШІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ

Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Қазақстан Республикасыңца мемлекетгік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады (6-баптың 1-тармағы) . Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді (6-баптың 2-тармағы) .

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 188-бабына сәйкес меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы болып табылады.

Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекетгер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы (АК 188-бабының 3-тармағы) .

Осыған байланысты меншік иелерінің заңды құқықтары азаматтық құқықтық нормамен, сондай-ақ меншік құқығына қоғамға қауіпті іс-әрекет арқылы қиянат жасалғанда қылмыстық құқық нормасы арқылы да қорғалады.

Қылмыстық құқық нормасы бойынша меншік иесінің құқығы меншік нысандарына қарамастан қылмыстық құқыққа қол сұғушылықтан тең қорғалады. Меншік нысандарының барлық түрлерінің қылмыстық қүқықтық қорғалуы үшін қылмыстық заң олар үшін негізін, шегін және қол-данылатын санкция түрлерін бірдей етіп белгілеген. Меншік ны-сандарының тең қорғалуы үшін: қылмыстық заң біріншіден - әр түрлі меншік нысаңцарына, қол сүғылатын үқсас іс-әрекеттерді бірыңғай саралауды белгілеген; екіншіден-меншікке оның нысан-дарына қарамастан қол сүғушылық үшін-қылмыстың ауырлата-тын немесе аса ауырлататын белгілерін де бірдей; үшіншіден меншік нысандарына қарамастан оған қылмысты қол сүғушылық үшін занда жазаның бірдей түрлері және шегі белгіленген.

Меншікке қарсы қылмыс деп мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып немесе залал келтіру қаупін тудырумен байланысты Қылмыстық кодексте көзделген нысандар арқылы жасалатын қасақаналық немесе абайсыздық іс-әрекетгерді айтамыз.

Меншікке қарсы қылмыстардың топтық объектісі меншік иесінің иелену, пайдалану немесе оған билік ету қүқығын қүрай-тын меншікке байланысты қоғамдық қатынастар болып табы-лады. *

Осы топқа кіретін қылмыстардың тікелей объектісі - мен-шіктің нақты бір нысавд - мемлекеттің, қоғамдық үйымдардың, бірлестіктердің немесе басқа үйымдардың, жеке түлғалардың меншігіне қол сүғу болып табылады.

Меншікке қарсы қылмыстардың заты болып - азаматтық қүқық бойынша меншік объектісі деп танылған кез келген бұйым-дар мен мүліктер танылады.

Меншікке қарсы қылмыстардың затына адам еңбегі арқылы жасалған кез келген материадцық дүниелер, заттар жатады. Осыған байланысты адамның ақыл-ойы, идеясы, заттық белгісі бол-мағавдықтан осы қылмыстардың заты болып табылмайды. Сон-дай-ақ затгық белгісі жоқ болғандыктан электр немесе жылу энер-гиясы да меншік затына жатпайды. Меншікке қарсы қылмыстар-дың затына - ақша, бағалы қағаздар, сондай-ақ азаматтық айна-лымнан алынбаған басқа да қозғалмалы немесе қозғалмайтын мүліктер жатады. Жер қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жан-уарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар, республикалық бюд-жет қаражаты, мемлекеттік қазына, алтын, алмас, валюта қоры, мәдениет және табиғат ескерткіштері меншік затына жатпайды.

Меншікке қарсы қылмыстардьщ объективтік жағы кінәлі адам-ның бөтеннің мүлкін өзінің немесе басқа адамның пайдасына заң-сыз, тегін айналдыру үшін қүқыққа қайшы түрде алып қоюы ар-қылы сипатталады.

Меншік иесіне немесе өзге де иеленушіден кінәлі адамның бөтеннің мүлкін өз иелігіне заңсыз алуын алып қою деп білеміз.

Меншікке қарсы қылмыстардың объективтік жағы негізінен белсенді әрекетгер арқылы жүзеге асырылады, тек қана бөтённің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру құрамының кейбір тәсілдері ғана әрекетсіздік арқылы жүзеге асырылады.

Меншікке қарсы қылмыстардың көпшілігі материалдық қыл-мыс қүрамын құрайды, олардың объективтік жағы занда көрсе-тілген үш элементтен: қүқыққа қайшы іс-әрекеттерден; қылмыс-тық қүқықтық норма диспозициясында көрсетілген мүліктік зиян ретіндегі зардаптан; сондай-ақ қүқыққа қайшы әрекет пен орын алған зардаптың арасывдағы себепті байланыстан түрады.

Қарақшылық (179-бап), қорқытып алушылық (181-бап), авто-мобильді немесе өзге де көлік қүралдарын үрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (185-бап) формальдық қылмыс құрамы болып та-былатындықтан олардың аяқталу сәті занда көрсетілген құқыққа қайшы іс-әрекеттерді істеген уақыттан бастап, қылмыстың зар-дабының болуына қарамастан-ақ аяқталған деп танылады.

Меншікке қарсы қылмыстар субъективтік жағынан негізінен кінәлінің тікелей қасақаналық түрі арқылы жүзеге асырылады, тек бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру (188-бап) кінәнің абайсыздық нысаны арқылы істеледі.

Меншікке қарсы қылмыстардың субъективтік жағының міндетті белгілеріне - пайдакүнемдік ниет және мақсат жатады.

Меншікке қарсы қылмыстардың субъектісі болып 14-ке тол-ған адамдар танылады. Бүған жататындар: үрлық (175-бап), тонау

(178-бап), қаракдіылық(179-бап), қорқытыпалушылық(181-бап), ауырлататын мән-жайлар кезінде автомобильді немесе өзге де келік қүралдарын үрлау мақсагын көздемей заңсыз иелену (185-бап-тың 2, 3, 4-тармақтары), ауырлататын мән-жайлар кезінде мүлікті қасақана жойғаны немесе бүлдіргені (187-баптың 2, 3-тармақта-ры) үшін қылмыстарды істеу.

Ал 16-ға толған адамдар сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алғаны немесе ысырап еткені (176-бап) ; алаяқгығы (177-бап), ерекше қүвды заттарды үрлағаны (180-бап), алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіргені (182-бап) ; көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алғаны не-месе сатқаны (183-бап), авторлық және сабақтас қүқықтарды бүзғаны (184-бап), өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнер-кәсіптік үлгілерге, немесе интеграл-дық микросхемалар топологияларына құқықтарды бүзу (184-1-бап), автомобильді немесе өзге де көлік қүралдарын үрлау мақса-тынсыз заңсыз иеленгені (185-баптың 1-тармағы), жерге заттай қүқықтарды бүзғаны (186-бап) ; ауырлатпайтын жағдайда бетен адамның мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені (187-бап-тың 1-тармағы) ; бетен адамның мүлкін абайсызда жойғаны неме-се бүлдіргені (188-бап) ; қылмыс құрамдарын істегені үшін қыл-мыс субъектісі болып танылады.

Меншікке қарсы қылмыстар іс-әрекетгің істелу тәсіліне және қылмыстық ниетке қарай бірнеше түрге бөлінеді.

Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің 6-тарауывдағы қыл-мыстар пайдакүнемдік ниеггің орын алғанына немесе жоқ болуы-на байланысты пайдакүнемдік немесе пайдакүнемдік емес болып бөлінеді. Өз кезегівде пайдакүнемдік қылмыстар талан-тараждар және меншікке қарсы басқа да пайдакүнемдік қылмыстар болып екі топқа бөлінеді:

талан-таражға - ұрлық (175-бап) ; тонау (178-бап) ; қарақшы-лық (179-бап) ; алаяқтық (177-бап) ; сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп кету немесе ысырап ету (176-бап) жатады.

Меншікке қарсы басқадай пайдакүнемдік қылмыстарға ерек-ше қүнды заттарды талан-таражға салу (180-бап) ; қорқытып алу-шылық (181-бап) ; автомобильді немесе көлік қүралдарын үрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (185-бап) ; интеллектуалдық меншік қүқықтарын бүзу (184-бап) ; алдау немесе сенімге қиянатжасау жолымен мүліктік залал келтіру (182-бап) ; көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату (183-бап) ; жерге заттай қүқықтарды бүзу (186-бап) жатады. Меншікке қарсы пайдакүнемдік емес қылмыстарға бөтен адам-ның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру (187-бап) ; бөтен адам-ның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру (188-бап) қүрамдары жатады.

§2. БӨТЕННЩ МҮЛКІН ТАЛАН-ТАРАЖҒА САЛУДЫҢ ТҮСШІГІ

Заңға сәйкес талан-тараж деп пайдакүнемдік мақсатта айып-тының бөтен мүлікті осы мүліктің мекшік иесіне немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып өзінің немесе басқа адамдар-дың пайдасына заңсыз, қайтарымсыз, тегін алып қоюын және айналдыруын айтамыз. Осындай завдылық түсінік Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 175-бабының ескер-туінде арнайы көрсетілген.

Осы анықтамаға сәйкес талан-тараждың негізгі белгілерін анықтауға болады.

Талан-тараждың топтық объектісі меншік нысандары қаты-настарының жиынтығы, ал тікелей объектісі болып меншіктің нақты нысандары, мемлекеттік, жеке, қоғамдық үйымдардың меншігі болып табылады.

Талан-тараждың заты болып адам еңбегі арқылы істелген ма-териалдық тұрғыдағы бүйымдар мен заттар, рухани игіліктер, сондай-ақ ақша, басқадай бағалы қағаздар жатады.

Талан-тараждың затына адам еңбегі сіңбеген, сол арқылы жасалмаған әр түрлі табиғи байлықтар жатпайды.

Талан-: 1) мүлікіі алу, 2) мүлікті заңсыз алу, 3) мүлікті тегін алу жатады.

Бөтеннің мүлкін алу деп осы мүлікті меншік иесінің немесе өзге занды иеленушінің иелігінен шын мәнівде кінәлінің өзінің немесе басқаның иелігіне алуын айтамыз. Талан-тараждың тағы бір белгісі оның заңсыз істелуі, яғни бөтеннің мүлкін заңға қайшы, негізсіз, меншік иесінің немесе өзге де занды иеленушінің келісімінсіз басқаның иелігіне көшіру, өткізу болып табылады. Мүлік жөніндегі өзінің нақты немесе болжамды қүқығын өз бетінше жүзеге асыру талан-таражға емес, өз бетінше билік ету (327-бап) немесе басқа қылмыс қүрамын құрайды.

Талан-тараждың елеулі белгісі бөтеннің мүлкін тегін алу бо-лып табылады. Тегін алуға мүліктің ешқандай құнын төлемей алу немесе болмашы күнын төлеу арқылы, құны бағалы мүлікті әдейі қүнсыз мүлікке алмастыру арқылы алулар жатады. Бөтеннің

мүлкін тегін алу арқылы - меншік иесіне немесе өзге де занды иеленушіге тікелей материалдық залал келтіріледі. Осы залал келтірілген уақыттан бастап қылмыс қүрамы аяқталған деп та-нылады. Келтірілген залалдың мөлшері талан-таражға үшыраған мүліктің, заттың құнымен есептелінеді.

Қылмыстық кодекстің 175-бабының ескертуінде:

Меншік қүқығында үйымға тиесілі немесе оның қарамағын-дағы бөтен біреудің мүлкін ұрлау, алаяқтық жасау, иемденіп алу немесе ысырап ету жолымен жасалған үсақ-түйек ұрлау қылмыс-тық жауаптылыққа әкеп соқпайды. Оны жасауға кінәлі адам заңға сәйкес әкімшілік жауапқа тартылады. Егер үрланған мүліктің қүны әрекет жасалған кезде Қазақстан Республикасының занда-рында белгіленген он еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын болса, ұрлық үсақ-түйек ұрлау деп таны-лады», - делінген. Осыған орай заңмен белгіленген 10 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асқан іе-әрекеттер ғана меншік нысандарына жататын қылмыс болып табылады.

Талан-тараждың міндетті белгілерінің бірі - негізінен заңға қайшы іс-әрекетімен келтірілген қауіпті зардаптың арасын жал-ғастыратын себепті байланыс болып табылады.

Талан-тараждың субъективтік жағы кінәлінің тікелей қаса-қаналық нысанымен сипатгалады.

Субъективтік жақтың міндетті белгілеріне - пайдакүнемдік ниет және пайдакүнемдік мақсат жатады. Пайдакүнемдік ниет пен мақсаттың орын алмауы - іс-әрекетті талан-таражды қылмыс қүрамына жатқызуға жол бермейді.

Талан-тараждың субъектісі - 14-ке толған адам, ал иеленіп алу немесе ысырап ету арқылы талан-таражға салудың субъектісі болып 16-ға толған арнаулы (сеніп тапсырылған мүлікті иелен-ген, ысырап еткен) адам таншеды.

Қылмыстық заңда бөтеннің меншігіне қылмысты түрде қол сүғу үшін жауаптылық меншік қатынастарына қол сүғу тәсіл-деріне байланысты дараланып, жікке - нысанға бөлінеді, Бөтен мүлікті алу ашық немесе жасырын, күш қолданып немесе күш қолданбай, алдау немесе сенімге қиянат жасау тәсілдері арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Мүлікті алудың осындай тәсілдері істелген іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігіне тікелей әсер етеді, сондықтан заң шығарушы қазіргі қолданылып жүрген қылмыс-тық заңца талан-тараждың мынадай алты түрлі нысавдарын атап көрсеткен: ұрлық, тонау, қарақшылық, алаяқтық, сеніп тапсы-рылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету.

Қылмыстық кодекстің 175-181-баптарындағы бірнеше рет жасал-ған қылмыс деп осы баптарды, сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 248, 255, 260-баптарында көзделген бір немесе одан да көп қыл-мыстардан кейін жасалған қылмыс танылады. Бұрын істеген қыл-мысыныңаяқталғаны немесе қылмысқа даярланғавдығы, оқтал-ғавдығы я болмаса қылмысқа кез келген рөлді атқаруға бірлесіп қатысуы да қылмысты бірнеше мәрте істегендік деп танылады. Созылмалы, жалғасқан қылмыстар бірнеше рет жасалған қыл-мыс деп саналмайды.

Тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайларға, қоймаға заңсыз кірумен жасалған ұрлық.

Тұрғын жай дегеніміз адамдардың тұрақты немесе уақытша тұруына арналған немесе олардың демалуға, мүлікті сақтауға, адамдардың басқа да мұқтаждықтарын өтеуге арналған (қойма, бажон, әйнектелген дәліз) құрылыстарды айтамыз. Адам тұруға арналмаған құрылыстар тұрғын жай деп танылмайды) Мысалы: шаруашылық қоймалары, мал қамайтын сарай, погреб және т. б. ) . Қызметтік немесе өндірістік үй-жай дегеніміз адамдарды немесе материалдық игіліктерді уақытша немесе тұрақты орналастыруға арналған құрылыстар болып табылады. Бұған жататындар: за-уыт, цех, корабль, сақтық кассалары, мұражай, байланыс бөлім-вдесі, магазин, театр, оку орывдары, спорт құрылыстары және т. б.

Қоймаға-тұрақты немесе уақытша материадцық игіліктерді сақтайтын, қоршалған немесе қоршалмаған күзетаен қамтамасыз етілген, сондай-ақ осы мақсатқа қызмет ететін арнаулы (сейф, вагон, кассалық аппараттар, контейнер) сияқты объектілер жа-тады.

Көрсетілген объектілерге заңсыз кіру деп түрғын, қызметтік немесе өңцірістік үй-жайға бөтеннің мүлкін жасырын үрлау мақ-сатымен кіруді айтамыз. Бүл жерде бөтеннің мүлкін үрлау мақ-саты көрсетілген объектілерге заңсыз кірудің итермелеуші күші болуы керек. Түрғын, қызметгік немесе өндірістік үй-жайға, қой-маға өзінің қызмет бабына немесе атқаратын жүмысына, сол объектілерге яки біржолғы кіруге занды негізі болуына байла-нысты кіріп, үрлық жасау заңсыз кіру ретівде саналмайды.

Үрлықтың аса ауырлататын түрі үйымдасқан топпен жасал-ған ұрлық болып табылады.

Егер қылмысты бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін күні бүрын біріккен адамдардың түрақты тобы жасаса, ол үйымдас-қан топ жасаған үрлық деп танылады (ҚК-тің 31-бабының 3-тар-мағы) .

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі тура-лы" 2003 жылғы 11 шідцедегі №8 нормативтік қаулысывда «¥йым-дасқан қылмыстық топқа бірнеше қылмыс жасамақшы оймен ал-дын ала біріккен екі немесе одан да көп адамнан түратын түрақты топ жатады, 1 сонымен бірге олар қылмыс істеуге жоғарғы дең-гейдегі үйымшылдығымен, мүқият дайындығымен, қатысушылар-дың өзара рөлдерден бөлісуімен айрықшаланады» деп көрсе-тілген. Үйымдасқан топ болып үрлық жасағавдардың әрекеті то-пқа кіргендердің атқарған рөддеріне қарамастан, қьшмыстың қоса орывдаушылары болып танылып, олардың әрекеті Қылмыстық кодекстің 31-бабына сілтеме жасалмастан, тікелей Қылмыстық кодекстің 175-бабы 3-тармағының «а» тармақшасымен сараланады.

Үрлықтың аса ауырлататын тағы бір түрі - ірі мөлшердегі үрлықболып табылады. Ірі мөлшердегі үрлықтыңтүсінігі Қыл-мыстық кодекстің 175-бабының ескертуінің 2-тармағында арнайы берілген. Осыған орай осы 6-тараудың баптарывдағы ірі мөлшер немесе ірі залал деп қылмыс жасалу сәтіне Қазақстан Республи-касының завдарымен белгіленген айлық есептік көрееткіштен бес жүз есе асып түсетін мүліктің қүны мен залалдьщ мөлшері таны-лады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 8 шілдедегі №8 нормативтік қаулысына және ҚР Жоғарғы Соты-ның 2003 жылғы 19 желтоқсаңцағы 2003 жылғы 11-шілдедегі №8 қаулысына өзгеріс енгізу туралы № 14 нормативтік қаулыларына сәйкес қылмыс заты болған мүліктің қүны, иесінің оны қавдай жағдайда сатып алғандығы ескеріліп, қылмыс жасаған сәттегі мемлекеттік бөлшек, нарықтық немесе комиссиялық бағамен анықталуы тиіс. Бағалы болмаған жағдайда мүліктіңқұны сарап-шы жасаған қорытынды негізінде анықталады. Ұрлықтан келген зиянның орнын толтыру кезіндегі оның мөлшері сот шешім қабылдаған сәттегі бағамен анықталады» 2 .

Жиынтығында ірі мөлшерді қүрайтын бірнеше рет жасалған үрлық Қылмыстық кодекстің 175-бабы 3-тармағының «б» тар-мақшасы бойынша сараланады.

¥рлықтың аса ауырлататын тағы бір түрі - үрлық не қорқы-тып алушылық үшін бүрын екі немесе одан да көп рет сотталған адам жасаған үрлық болып табылады. Талан-тараждың осы көрсетілген нысандарының әрқайсысы өзінің ерекшеліктерімен оқшаулану арқылы өзіне ұқсас құрам-дардан ажыратылады. Сондықтән да талан-тараждың әрбір ныса-нына жататын қылмыс құрамының завдылық белгілерін дұрыс анықтау осы тұрғыдағы қылмыстарды дұрыс саралаудың негізгі кепілі болып табылады.

§3. ТАЛАН-ТАРАЖДЫҢ НЫСАНДАРЫ Үрлық (175-бап)

Үрлық дегеніміз бөтен мүлікті жасырын алу, меншік иесінің еркінен тысқары жағдайда, заңсыз болып табылады.

Объективтік жағынан ұрлық бөтеннің мүлкін жасырын түрде алумен ұштасады.

Бөтен мүлікті жасырын алу екі түрлі - объективтік және субъективтік белгілер бойынша анықталады. Адамның ешкімге сездірмей, біддірмей әрекет істеуі арқылы мүлікті жасырын алуы - объективтік белгіге жатады. Үрлық жасаған адамның мүлікті меншік иесіне немесе өзге иеленушіге сездірмей, жасырын алу-дамын деген сезімі және осы тәсілмен оны жүзеге асыруды тікелей тілейтіндігі субъективтік белгіге, яғни кінәлінің бөтен мүлікті жасырын алуға байланысты іс-әрекетке деген психикалық көзқа-расынбіддіреді.

Осыған байланысты жәбірленуші үйде болмауы себепті оның пәтеріндегі заттарын алу, жәбірленушіге сездірмей оның қалта-сына түсу, мас адамның, ұйықтап жатқан адамның немесе өте жастығына, психикалықаурулығына, басқадай аурулықжағдай-ларына байланысты олардың заттарын алу үрлық болып табыла-ды. Егер мүндай реттерде жәбірленуші немесе басқа адам бүл әрекеттерді көріп қалып, ол жағдайды кінәлі адам сезгенімен қылмысты іс-әрекетін одан әрі жалғастырса, овда оның әрекеті тонауға, ал қылмысты әрекетті кінәлі адам күш қолданумен не-месе қодцанбақшы болып жалғастырса қарақшылыққа ауысып кетуі мүмкін.

Зандылық құрылысына қарай үрлық материалдық қүрамға жатады. Сондықтан да қылмыс қүрамының объективтік жағы-ның белгісі - қылмыстың қоғамға қауіпті зардабы - мүліктік залал келтіру болып табылады. Осыған байланысты кінәлінің бөтеннің мүлкін алуымен бірге, оған билік етуге нақты мүмкіндік алған уақыттан бастап қылмыс аяқталған деп саналады. Мекеме,

ұйым аумағынан немесе күзетілетін объектілерден мүлікті, зат-ты жасырын алып шығу әрекеті үрлық жасауға оқталғандық деп саналады. Осындай тәсілмен үрланған заттарды күзетілетін объектілердің аумағынан алып кетуге қасақана көмектескен күзетшілер осы қылмысқа қатысушылар ретівде танылады. Егер адам үрлыққа дайындалу іс-әрекеттерін немесе ұрлық істеуге тікелей бағытталған дайындалу әрекеттерін тоқтатса, не жасы-рын түрде алған үрлық затын күзетілетін объектіден, аумақтан шықпай түрып, осы қылмысын ақырына дейін жеткізу мүмкіндігі бола түрса да оны істеуден өз еркімен бас тартып, үрланған затты қайтарса овда кінәлінің әрекеті қылмыс істеуден өз еркімен бас тарту деп танылып, ол қылмыстық жауаптылықтан босатылады (ҚК-тің26-бабы) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншікке қарсы қылмыстарды жіктеу
Меншікке қарсы қылмыстар түрі
Меншікке қарсы қылмыстар түсінігі
Меншікке қарсы қылмыстар. Талан – таражыға салу
БӨТЕН МҮЛІКТІ ҰРЛАУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЫШАНДАРЫ
ТОНАУ ҚЫЛМЫСЫ ҮШІН КӨЗДЕЛГЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ
Бөтеннің мүлкін талан - таражға салудың түсінігі
ТОНАУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Меншікке қатынасты қылмыстар
БӨТЕН МҮЛІКТІ ТОНАУДЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ БӨТЕН МҮЛІКТІ ҰРЛАУДЫҢ НЫСАНДАРЫМЕН БАЙЛАНЫСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz