Меншікке қатынасты қылмыстар


ЖОСПАР:
І. Кіріспе бөлім
Меншікке қатынасты қылмыстар
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Меншікке қатынасты қылмыстың түрлері
2. 2. Бөтеннің мүлкін талан - таражға салудың түсінігі
2. 3. Талан - тараждың нысандары
- Ұрлық
- Алаяқтық
- Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелеіп алу немесе ысырап ету
- Тонау
- Қарақшылық
2. 4. Талан - тараждың түрлері
2. 5. Талан - тараж белгілері жоқ, меншікке қарсы пайдакүнемдік қылмыстар
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланыған әдебиеттер.
І. Кіріспе бөлім
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады (6-баптың 1-тармағы) . Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді (6-баптың 2-тармағы) .
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 188-бабына сәйкес меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы болып табылады.
Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы (АК 188-бабының 3-тармағы) .
Осыған байланысты меншік иелерінің заңды құқықтары азаматтық құқықтық нормамен, сондай-ақ меншік құқығына қоғамға қауіпті іс-әрекет арқылы қиянат жасалғанда қылмыстық құқық нормасы арқылы да қорғалады.
Қылмыстық құқық нормасы бойынша меншік иесінің құқығы меншік нысандарына қарамастан қылмыстық құқыққа қол сұғушылықтан тең қорғалады. Меншік нысандарының барлық түрлерінің қылмыстық құқықтық қорғалуы үшін қылмыстық заң олар үшін қылмыстық жауаптылықтың негізін, шегін және қолданылатын санкция түрлерін бірдей етіп белгілеген. Меншік нысандарының тең қорғалуы үшін: қылмыстық заң біріншіден - әр түрлі меншік нысандарына, қол сұғылатын ұқсас іс-әрекеттерді бірыңғай саралауды белгілеген; екіншіден-меншікке оның нысандарына қарамастан қол сұғушылық үшін-қылмыстың ауырлататын немесе аса ауырлататын белгілерін де бірдей; үшіншіден меншік нысандарына қарамастан оған қылмысты қол сұғушылық үшін заңда жазаның бірдей түрлері және шегі белгіленген.
Меншікке қарсы қылмыс деп мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып немесе залал келтіру қаупін тудырумен байланысты Қылмыстық кодексте көзделген нысандар арқылы жасалатын қасақаналық немесе абайсыздық іс-әрекеттерді айтамыз.
Меншікке қарсы қылмыстардың топтық объектісі меншік иесінің иелену, пайдалану немесе оған билік ету құқығын құрайтын меншікке байланысты қоғамдық қатынастар болып табылады.
Осы топқа кіретін қылмыстардың тікелей объектісі - меншіктің нақты бір нысаны - мемлекеттің, қоғамдық ұйымдардың, бірлестіктердің немесе басқа ұйымдардың, жеке тұлғалардың меншігіне қол сұғу болып табылады.
Меншікке қарсы қылмыстардың заты болып - азаматтық құқық бойынша меншік объектісі деп танылған кез келген бұйым-дар мен мүліктер танылады.
Меншікке қарсы қылмыстардың затына адам еңбегі арқылы жасалған кез келген материалдық дүниелер, заттар жатады. Осыған байланысты адамның ақыл-ойы, идеясы, заттық белгісі болмағандықтан осы қылмыстардың заты болып табылмайды. Сондай-ақ заттық белгісі жоқ болғандықтан электр немесе жылу энергиясы да меншік затына жатпайды. Меншікке қарсы қылмыстардың затына - ақша, бағалы қағаздар, сондай-ақ азаматтық айналымнан алынбаған басқа да қозғалмалы немесе қозғалмайтын мүліктер жатады. Жер қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар, республикалық бюджет қаражаты, мемлекеттік қазына, алтын, алмас, валюта қоры, мәдениет және табиғат ескерткіштері меншік затына жатпайды.
Меншікке қарсы қылмыстардың объективтік жағы кінәлі адамның бөтеннің мүлкін өзінің немесе басқа адамның пайдасына заңсыз, тегін айналдыру үшін құқыққа қайшы түрде алып қоюы арқылы сипатталады.
Меншік иесіне немесе өзге де иеленушіден кінәлі адамның бөтеннің мүлкін өз иелігіне заңсыз алуын алып қою деп білеміз.
Меншікке қарсы қылмыстардың объективтік жағы негізінен белсенді әрекеттер арқылы жүзеге асырылады, тек қана бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру құрамының кейбір тәсілдері ғана әрекетсіздік арқылы жүзеге асырылады.
Меншікке қарсы қылмыстардың көпшілігі материалдық қылмыс құрамын құрайды, олардың объективтік жағы заңда көрсетілген үш элементтен: құқыққа қайшы іс-әрекеттерден; қылмыстық құқықтық норма диспозициясында көрсетілген мүліктік зиян ретіндегі зардаптан; сондай-ақ құқыққа қайшы әрекет пен орын алған зардаптың арасындағы себепті байланыстан тұрады.
2. 1. Меншікке қарсы қылмыстың түрлері
Қарақшылық (179-бап), қорқытып алушылық (181-бап), автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (185-бап) формальдық қылмыс құрамы болып табылатындықтан олардың аяқталу сәті заңда көрсетілген құқыққа қайшы іс-әрекеттерді істеген уақыттан бастап, қылмыстың зардабының болуына қарамастан-ақ аяқталған деп танылады.
Меншікке қарсы қылмыстар субъективтік жағынан негізінен кінәлінің тікелей қасақаналық түрі арқылы жүзеге асырылады, тек бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру (188-бап) кінәнің абайсыздық нысаны арқылы істеледі.
Меншікке қарсы қылмыстардың субъективтік жағының міндетті белгілеріне - пайдакүнемдік ниет және мақсат жатады.
Меншікке қарсы қылмыстардың субъектісі болып 14-ке толған адамдар танылады. Бұған жататындар: ұрлық (175-бап), тонау (178-бап), қарақшылық (179-бап), қорқытыпалушылық(181-бап), ауырлататын мән-жайлар кезінде автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатын көздемей заңсыз иелену (185-бап-тың 2, 3, 4-тармақтары), ауырлататын мән-жайлар кезінде мүлікті қасақана жойғаны немесе бүлдіргені (187-баптың 2, 3-тармақтары) үшін қылмыстарды істеу.
Ал 16-ға толған адамдар сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алғаны немесе ысырап еткені (176-бап) ; алаяқтығы (177-бап), ерекше құнды заттарды ұрлағаны (180-бап), алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіргені (182-бап) ; көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алғаны немесе сатқаны (183-бап), авторлық және сабақтас құқықтарды бұзғаны (184-бап), өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнер-кәсіптік үлгілерге, селекциялық жетістіктерге немесе интегралдық микросхемалар топологияларына құқықтарды бұзу (184-1-бап), автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленгені (185-баптың 1-тармағы), жерге заттай құқықтарды бұзғаны (186-бап) ; ауырлатпайтын жағдайда бетен адамның мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені (187-бап-тың 1-тармағы) ; бөтен адамның мүлкін абайсызда жойғаны немесе бүлдіргені (188-бап) ; қылмыс құрамдарын істегені үшін қылмыс субъектісі болып танылады.
Меншікке қарсы қылмыстар іс-әрекеттің істелу тәсіліне және қылмыстық ниетке қарай бірнеше түрге бөлінеді.
Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің 6-тарауындағы қылмыстар пайдакүнемдік ниеттің орын алғанына немесе жоқ болуына байланысты пайдакүнемдік немесе пайдакүнемдік емес болып бөлінеді. Өз кезегінде пайдакүнемдік қылмыстар талан-тараждар және меншікке қарсы басқа да пайдакүнемдік қылмыстар болып екі топқа бөлінеді:
талан-таражға - ұрлық (175-бап) ; тонау (178-бап) ; қарақшылық (179-бап) ; алаяқтық (177-бап) ; сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп кету немесе ысырап ету (176-бап) жатады.
Меншікке қарсы басқадай пайдакүнемдік қылмыстарға ерекше құнды заттарды талан-таражға салу (180-бап) ; қорқытып алушылық (181-бап) ; автомобильді немесе көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (185-бап) ; интеллектуалдық меншік құқықтарын бұзу (184-бап) ; алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру (182-бап) ; көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату (183-бап) ; жерге заттай құқықтарды бұзу (186-бап) жатады. Меншікке қарсы пайдакүнемдік емес қылмыстарға бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру (187-бап) ; бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру (188-бап) құрамдары жатады.
2. 2. БӨТЕННІҢ МҮЛКІН ТАЛАН-ТАРАЖҒА САЛУДЫҢ ТҮСІНІГІ
Заңға сәйкес талан-тараж деп пайдакүнемдік мақсатта айыптының бөтен мүлікті осы мүліктің мекшік иесіне немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып өзінің немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз, қайтарымсыз, тегін алып қоюын және айналдыруын айтамыз. Осындай заңдылық түсінік Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 175-бабының ескертуінде арнайы көрсетілген.
Осы анықтамаға сәйкес талан-тараждың негізгі белгілерін анықтауға болады.
Талан-тараждың топтық объектісі меншік нысандары қатынастарының жиынтығы, ал тікелей объектісі болып меншіктің нақты нысандары, мемлекеттік, жеке, қоғамдық ұйымдардың меншігі болып табылады.
Талан-тараждың заты болып адам еңбегі арқылы істелген материалдық тұрғыдағы бұйымдар мен заттар, рухани игіліктер, сондай-ақ ақша, басқадай бағалы қағаздар жатады.
Талан-тараждың затына адам еңбегі сіңбеген, сол арқылы жасалмаған әр түрлі табиғи байлықтар жатпайды.
Бөтеннің мүлкін алу деп осы мүлікті меншік иесінің немесе өзге заңды иеленушінің иелігінен шын мәнівде кінәлінің өзінің немесе басқаның иелігіне алуын айтамыз. Талан-тараждың тағы бір белгісі оның заңсыз істелуі, яғни бөтеннің мүлкін заңға қайшы, негізсіз, меншік иесінің немесе өзге де заңды иеленушінің келісімінсіз басқаның иелігіне көшіру, өткізу болып табылады. Мүлік жөніндегі өзінің нақты немесе болжамды құқығын өз бетінше жүзеге асыру талан-таражға емес, өз бетінше билік ету (327-бап) немесе басқа қылмыс құрамын құрайды.
Талан-тараждың елеулі белгісі бөтеннің мүлкін тегін алу болып табылады. Тегін алуға мүліктің ешқандай құнын төлемей алу немесе болмашы құнын төлеу арқылы, құны бағалы мүлікті әдейі құнсыз мүлікке алмастыру арқылы алулар жатады. Бөтеннің мүлкін тегін алу арқылы - меншік иесіне немесе өзге де заңды иеленушіге тікелей материалдық залал келтіріледі. Осы залал келтірілген уақыттан бастап қылмыс құрамы аяқталған деп танылады. Келтірілген залалдың мөлшері талан-таражға ұшыраған мүліктің, заттың құнымен есептелінеді.
Қылмыстық кодекстің 175-бабының ескертуінде:
Меншік құқығында ұйымға тиесілі немесе оның қарамағындағы бөтен біреудің мүлкін ұрлау, алаяқтық жасау, иемденіп алу немесе ысырап ету жолымен жасалған ұсақ-түйек ұрлау қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды. Оны жасауға кінәлі адам заңға сәйкес әкімшілік жауапқа тартылады. Егер ұрланған мүліктің құны әрекет жасалған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген он еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын болса, ұрлық ұсақ-түйек ұрлау деп танылады», - делінген. Осыған орай заңмен белгіленген 10 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асқан іс-әрекеттер ғана меншік нысандарына жататын қылмыс болып табылады.
Талан-тараждың міндетті белгілерінің бірі - негізінен заңға қайшы іс-әрекетімен келтірілген қауіпті зардаптың арасын жалғастыратын себепті байланыс болып табылады.
Талан-тараждың субъективтік жағы кінәлінің тікелей қасақаналық нысанымен сипатгалады.
Субъективтік жақтың міндетті белгілеріне - пайдакүнемдік ниет және пайдакүнемдік мақсат жатады. Пайдакүнемдік ниет пен мақсаттың орын алмауы - іс-әрекетті талан-таражды қылмыс құрамына жатқызуға жол бермейді.
Талан-тараждың субъектісі - 14-ке толған адам, ал иеленіп алу немесе ысырап ету арқылы талан-таражға салудың субъектісі болып 16-ға толған арнаулы (сеніп тапсырылған мүлікті иеленген, ысырап еткен) адам танылады.
Қылмыстық заңда бөтеннің меншігіне қылмысты түрде қол сұғу үшін жауаптылық меншік қатынастарына қол сұғу тәсіл-деріне байланысты дараланып, жікке - нысанға бөлінеді, Бөтен мүлікті алу ашық немесе жасырын, күш қолданып немесе күш қолданбай, алдау немесе сенімге қиянат жасау тәсілдері арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Мүлікті алудың осындай тәсілдері істелген іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігіне тікелей әсер етеді, сондықтан заң шығарушы қазіргі қолданылып жүрген қылмыстық заңда талан-тараждың мынадай алты түрлі нысандарын атап көрсеткен: ұрлық, тонау, қарақшылық, алаяқтық, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету.
Қылмыстық кодекстің 175-181-баптарындағы бірнеше рет жасалған қылмыс деп осы баптарды, сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 248, 255, 260-баптарында көзделген бір немесе одан да көп қылмыстардан кейін жасалған қылмыс танылады. Бұрын істеген қылмысының аяқталғаны немесе қылмысқа даярланғандығы, оқталғандығы я болмаса қылмысқа кез келген рөлді атқаруға бірлесіп қатысуы да қылмысты бірнеше мәрте істегендік деп танылады. Созылмалы, жалғасқан қылмыстар бірнеше рет жасалған қылмыс деп саналмайды.
Тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайларға, қоймаға заңсыз кірумен жасалған ұрлық.
Тұрғын жай дегеніміз адамдардың тұрақты немесе уақытша тұруына арналған немесе олардың демалуға, мүлікті сақтауға, адамдардың басқа да мұқтаждықтарын өтеуге арналған (қойма, балкон, әйнектелген дәліз) құрылыстарды айтамыз. Адам тұруға арналмаған құрылыстар тұрғын жай деп танылмайды. (Мысалы: шаруашылық қоймалары, мал қамайтын сарай, погреб және т. б. ) . Қызметтік немесе өндірістік үй-жай дегеніміз адамдарды немесе материалдық игіліктерді уақытша немесе тұрақты орналастыруға арналған құрылыстар болып табылады. Бұған жататындар: зауыт, цех, корабль, сақтық кассалары, мұражай, байланыс бөлімшесі, магазин, театр, оқу орындары, спорт құрылыстары және т. б.
Қоймаға-тұрақты немесе уақытша материалдық игіліктерді сақтайтын, қоршалған немесе қоршалмаған күзетпен қамтамасыз етілген, сондай-ақ осы мақсатқа қызмет ететін арнаулы (сейф, вагон, кассалық аппараттар, контейнер) сияқты объектілер жатады.
Көрсетілген объектілерге заңсыз кіру деп тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау мақсатымен кіруді айтамыз. Бұл жерде бөтеннің мүлкін ұрлау мақсаты көрсетілген объектілерге заңсыз кірудің итермелеуші күші болуы керек. Тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға өзінің қызмет бабына немесе атқаратын жұмысына, сол объектілерге яки біржолғы кіруге заңды негізі болуына байланысты кіріп, ұрлық жасау заңсыз кіру ретінде саналмайды.
Ұрлықтың аса ауырлататын түрі ұйымдасқан топпен жасалған ұрлық болып табылады.
Егер қылмысты бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін күні бұрын біріккен адамдардың тұрақты тобы жасаса, ол ұйымдасқан топ жасаған ұрлық деп танылады (ҚК-тің 31-бабының 3-тармағы) .
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы" 2003 жылғы 11 шілдедегі №8 нормативтік қаулысында «Ұйымдасқан қылмыстық топқа бірнеше қылмыс жасамақшы оймен алдын ала біріккен екі немесе одан да көп адамнан тұратын тұрақты топ жатады, сонымен бірге олар қылмыс істеуге жоғарғы деңгейдегі ұйымшылдығымен, мұқият дайындығымен, қатысушылардың өзара рөлдерден бөлісуімен айрықшаланады» деп көрсетілген. Ұйымдасқан топ болып ұрлық жасағандардың әрекеті топқа кіргендердің атқарған рөлдеріне қарамастан, қылмыстың қоса орындаушылары болып танылып, олардың әрекеті Қылмыстық кодекстің 31-бабына сілтеме жасалмастан, тікелей Қылмыстық кодекстің 175-бабы 3-тармағының «а» тармақшасымен сараланады.
Ұрлықтың аса ауырлататын тағы бір түрі - ірі мөлшердегі ұрлық болып табылады. Ірі мөлшердегі ұрлықтың түсінігі Қылмыстық кодекстің 175-бабының ескертуінің 2-тармағында арнайы берілген. Осыған орай осы 6-тараудың баптарывдағы ірі мөлшер немесе ірі залал деп қылмыс жасалу сәтіне Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асып түсетін мүліктің құны мен залалдың мөлшері танылады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 8 шілдедегі №8 нормативтік қаулысына және ҚР Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы 2003 жылғы 11-шілдедегі №8 қаулысына өзгеріс енгізу туралы № 14 нормативтік қаулыларына сәйкес қылмыс заты болған мүліктің құны, иесінің оны қандай жағдайда сатып алғандығы ескеріліп, қылмыс жасаған сәттегі мемлекеттік бөлшек, нарықтық немесе комиссиялық бағамен анықталуы тиіс. Бағалы болмаған жағдайда мүліктің құны сарапшы жасаған қорытынды негізінде анықталады. Ұрлықтан келген зиянның орнын толтыру кезіндегі оның мөлшері сот шешім қабылдаған сәттегі бағамен анықталады».
Жиынтығында ірі мөлшерді құрайтын бірнеше рет жасалған ұрлық Қылмыстық кодекстің 175-бабы 3-тармағының «б» тармақшасы бойынша сараланады.
Ұрлықтың аса ауырлататын тағы бір түрі - ұрлық не қорқытып алушылық үшін бұрын екі немесе одан да көп рет сотталған адам жасаған ұрлық болып табылады. Талан-тараждың осы көрсетілген нысандарының әрқайсысы өзінің ерекшеліктерімен оқшаулану арқылы өзіне ұқсас құрамдардан ажыратылады. Сондықтан да талан-тараждың әрбір нысанына жататын қылмыс құрамының заңдылық белгілерін дұрыс анықтау осы тұрғыдағы қылмыстарды дұрыс саралаудың негізгі кепілі болып табылады.
2. 3. ТАЛАН-ТАРАЖДЫҢ НЫСАНДАРЫ
Ұрлық (175-бап)
Ұрлық дегеніміз бөтен мүлікті жасырын алу, меншік иесінің еркінен тысқары жағдайда, заңсыз болып табылады.
Объективтік жағынан ұрлық бөтеннің мүлкін жасырын түрде алумен ұштасады.
Бөтен мүлікті жасырын алу екі түрлі - объективтік және субъективтік белгілер бойынша анықталады. Адамның ешкімге сездірмей, білдірмей әрекет істеуі арқылы мүлікті жасырын алуы - объективтік белгіге жатады. Ұрлық жасаған адамның мүлікті меншік иесіне немесе өзге иеленушіге сездірмей, жасырын алудамын деген сезімі және осы тәсілмен оны жүзеге асыруды тікелей тілейтіндігі субъективтік белгіге, яғни кінәлінің бөтен мүлікті жасырын алуға байланысты іс-әрекетке деген психикалық көзқарасын білдіреді.
Осыған байланысты жәбірленуші үйде болмауы себепті оның пәтеріндегі заттарын алу, жәбірленушіге сездірмей оның қалтасына түсу, мас адамның, ұйықтап жатқан адамның немесе өте жастығына, психикалық аурулығына, басқадай аурулық жағдайларына байланысты олардың заттарын алу ұрлық болып табылады. Егер мұндай реттерде жәбірленуші немесе басқа адам бұл әрекеттерді көріп қалып, ол жағдайды кінәлі адам сезгенімен қылмысты іс-әрекетін одан әрі жалғастырса, овда оның әрекеті тонауға, ал қылмысты әрекетті кінәлі адам күш қолданумен немесе қолданбақшы болып жалғастырса қарақшылыққа ауысып кетуі мүмкін.
Заңдылық құрылысына қарай ұрлық материалдық құрамға жатады. Сондықтан да қылмыс құрамының объективтік жағының белгісі - қылмыстың қоғамға қауіпті зардабы - мүліктік залал келтіру болып табылады. Осыған байланысты кінәлінің бөтеннің мүлкін алуымен бірге, оған билік етуге нақты мүмкіндік алған уақыттан бастап қылмыс аяқталған деп саналады. Мекеме, ұйым аумағынан немесе күзетілетін объектілерден мүлікті, затты жасырын алып шығу әрекеті ұрлық жасауға оқталғандық деп саналады. Осындай тәсілмен ұрланған заттарды күзетілетін объектілердің аумағынан алып кетуге қасақана көмектескен күзетшілер осы қылмысқа қатысушылар ретінде танылады. Егер адам ұрлыққа дайындалу іс-әрекеттерін немесе ұрлық істеуге тікелей бағытталған дайындалу әрекеттерін тоқтатса, не жасырын түрде алған ұрлық затын күзетілетін объектіден, аумақтан шықпай тұрып, осы қылмысын ақырына дейін жеткізу мүмкіндігі бола тұрса да оны істеуден өз еркімен бас тартып, ұрланған затты қайтарса онда кінәлінің әрекеті қылмыс істеуден өз еркімен бас тарту деп танылып, ол қылмыстық жауаптылықтан босатылады (ҚК-тің 26-бабы) .
Ұрлық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жасалады. Кінәлі адам бөтеннің мүлкін жасырын түрде заңсыз, тегін алу арқылы меншік иесіне немесе өзге иеленушіге материалдық залал келтіретінін біледі және сондай тәсілмен сол залалды келтіруді тілейді. Қылмыс пайдакүнемдік ниет және сондай мақсатпен жүзеге асырылады.
Қылмыстың субъектісі болып - 14-ке толған адамдар танылады.
Қылмыстық заңда ұрлықтың ауырлататын және өте ауырлататын құрамдары көрсетілген.
Олар мыналар:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) бірнеше рет;
в) тұрғын, қызметгік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға заңсыз кірумен жасалған ұрлық-ауырлататын, ал мынадайы:
а) ұйымдасқан топ;
б) ірі мөлшерде;
в) ұрлық не қорқытып алушылық үшін бұрын екі немесе одан да көп рет сотталған адам жасаған ұрлық-өте ауырлататын ұрлық құрамдары болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz