Меншік құқығын тану


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 94 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе

І. Меншік құқығын қорғау.

1. Меншік пен меншік құқығының түснігі және түрлері . . . 5 - 20

2. Меншік құқығын қорғаудың жалпы ережелері . . . 21 - 43

ІІ. Заттық құқықтарды қорғау.

1. Заттық құқықтың ұғымы мен белгілері . . . 44 - 58

2. Қорғаудың заттық-құқықтық әдістер: . . . 59 - 61

2. 1. Виндикация талап . . . 62 - 75

2. 2. Негаторлық талап . . . 76 - 80

2. 3. Меншік құқығын тану . . . 80 - 90

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе

Азаматтық айналым субьектілердің нақты азаматтық құқықтарын ғана танып қоймайды, сонымен қатар олардың құқықтық қорғалуын қамтамасыз етеді. Заттық құқықтар мен меншік құқығы ішінара шектеу болып табылмайды. Меншік құқығын қорғау институтына римдік жеке құқық кезеңінен бастап маңызды мағына берілген. Ал римдік жеке құқық аппараттық түсініктің негізін қалыптастырды.

Бұл зерттеудің маңыздылығы мынада көрініс табады, яғни меншіктің экономикалық қатынастары әрбір қоғамның негізін құрады, ал құқықтық реттеу осы қатынастырды бекітетін, реттейтін және қорғайтын нормалардың жүйесі ретінде пайда болады және сақталады. Қазіргі Қазақстан жағдайында меншік айрықша мағынаға ие, себебі, ол саяси және экономикалық өзгерістің түбегейлі базисі, демократияның қайнар көзі, сонымен қатар құқықтық мемлекетті құрудың негізгі шарты болып табылады. Сол себепті меншік қатынастарын қорғау барлық құқықтық жүйенің маңызды мақсаты болып табылады.

Қазақстан Республикасында жеке меншік құқығының әрекет етуінің фундаментальді кепілі Конституцияның 6 - ші бабында бекітілген, яғни Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады.

Бұл норма жоғарғы адамзат құндылығының құқықтары мен бостандықтарын жариялаумен тығыз байланысты, ал оларды тану, сақтау және қорғау мемлекеттің міндеті, және экономикалық жүйеде жеке меншік үшін тиімді жеке қызығушылықты сақтауға тырысады және оған ерекше көңіл бөледі.

Конституция меншіктің барлық нысандарын қорғауға кепілдік береді. Мемлекеттік меншіктің ерекшелігі мен социалистік қорғау мүмкіндігін бекітетін бұрынғы заңнамаға қарағанда, қазіргі әрекет ететін заңнамада меншікке қарсы қылмыстарды саралау және санкциялау бірлігі қағидасы қолданылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мемлекет ретінде меншік құқығын әртүрлі нысанды тең негізде қорғайды.

Меншік құқығын қорғау презумциясын Қазақстан Республикасы Констиуциясының 26 бабын айта кету қажет. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы заңды түрде алған мүлікті жеке меншігінде иеленуге құқығы бар. Сонымен қатар, меншік және мұрагерлік құқық заңмен кепілденеді.

Осы бапқа сәйкес ешқандай адам өз мүлкінен айырыла алмайды, тек сот шешімімен. Заңда көзделген ерекше жағдайларды мемлекеттік қажеттілік үшін мүлік мәжбүрлі түрде алынады, бірақ оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргізілуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Конституциясының 26 бабының 4 - ші тармағында бекітілген, әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Яғни мұнда азаматтық айналым субъектілерінің азаматтық құқықтары кедергісіз пайдалану туралы белгіленген. Аталған Конституциялық нормамен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 8 - ші бабы байланысты: «Азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне тиесілі азаматтық құқықтарды пайдалануға құқығы бар және қорғауға».

Меншік құқығы Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымының негізгілерінің бірі болғандықтан қазақстандық құқықтық жүйенің негізгі институты болып табылады.

Жалпы зерттеудің мақсаты меншік құқығының мәселелерін белгілеуден тұрады, сонымен қатар меншікке байланысты сұрақтарды зерттеу және қорғау болып табылады.

Жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші бөлімінде жалпы меншік құқығы институтына анықтама берілген және жалпы меншік құқығын қорғаудың ережелері көрсетілген.

Екінші бөлімде заттық құқыққа анықтама беріліп, қорғаудың заттық құқытық әдістері қарастырылған.

Бұл жұмыста келесі авторлардың еңбектерңі пайдаланылған: Басин Ю. Г., Сулейменов М. К., Агаркова, Төлеуғалиев Ғ., Скрябин В. С. және тағы басқалар.

І. Меншік құқығын қорғау.

1. Меншік пен меншік құқығы түснігі және түрлері.

Меншіктің экономикалық санатын ұғынудың негізі ХІХ ғасырдығы ғылыми жұмыстарда кездеседі. Ондағы ой меншік қоғамда, тек мемлекет ұйымдастырған қоғамда ғана болады дегенде тіреледі. Меншік, бұл зат та емес, мүлік те емес. «Бұл - белгілі бір экономикалық қатынас». 1

Меншік дегеніміз тарихи қалыптасқан, белгілі бір қоғамдық қатынас, ол адамдар арасында затқа байланысты туындайды. Меншік ұғымы әрқашанда ұйымдасқан адамдар қоғамына тән. Адамзаттың алғашқы даму кезеңінің соңына қарай меншіктің туындауы мемлекеттің пайда болуына және қоғамның ары қарай екпінді дамуына әкеп соқты. Меншік қатынасы қоғамдық құрылыстың әлуметтік - экономикалық мәнін білдіреді. Сондықтан да меншік мәселесі қоғам өміріндегі негізгі мәселе болып табылады. Қоғамның қалай ұйымдасатындығы және адамдар тұрмысы оның қалай тұрғызылғанына байланысты. Меншік пен өндірістік қатынастардың негізгі формалары қоғамның құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік сияқты типтерін тарихи анықтап берді. Сонымен қатар, меншікке дейінгі кезеңді-алғашқы қоғомдық және ғылыми жобалаған, бірақ толық іске аспай қалған социалистік кезеңді бөліп алуға мүмкіндік берді.

Меншік қатынастарының өзгеруі - қоғамның негізгі қозғаушы күші және барлық әлеуметтік сілкіністердің себебі. Ал, меншік қатынастарының өзгеруі қоғамды прогреске де, регреске де әкелуі мүмкін. Өзгерістердің тиімділігін анықтау қиын емес, ол үшін тиісті кезеңдердегі мемлекет пен азаматтардың экономикалық және әлеуметтік дамуының статистикалық мәліметтерін салыстырса жеткілікті.

Профессор. Ә. Ералидың айтуы бойынша ««Меншік» ұғымының пайда болу жолдарына ерекше мән бердім. Осыдан кейін қазақтың әдеттік құқығындағы «ен», «енші», «еншік», «меншік» ұғымдарының пайда болуы на ден қойдым. Мұндағы қазақтың жайлау, күздеу, қыстау, көктеу деп жыл мезгілдерінің аталған жеріне билік құруға себепші болған төрт түлік малына салынған таңба түріндегі «меншік» ұғымы екендігіне көз жеткіздім»2-дейді.

«Меншік» термині әртүрлі мағанада пайдаланылады. Күнделікті өмірде меншік, көбіне, мүлікпен немесе құқықпен теңдестіріледі. Бірінші жағдайда «мынау менің (оның) меншігім (меншігі) деуде болады . Екінші жағдайда- «меншік иемдендім (бердім) » дейді. Құқық тұрғысынан алғанда мұның екеуі де дәл емес. Меншікті меншік құқығынан айыру қажет. Меншік-экономикалық, ал меншік құқығы - заңдық санат. Біз келтірген бұл ұғымдарда меншіктің заңдық мәнін азаматтар меншіктің экономикалық санат арқылы дұрыс білдірмейді. Сонымен, қатар меншік нысанмен (мысал, орындықпен, мәшинемен) теңестірілуге тиіс емес. «Мына зат маған меншік құқығы бойынша тиесілі» немесе «Ол сатып алу - сату шарты бойынша пәтерге меншік құқығын иемденді». Экономикалық және құқықтық санаттарды шатастырмау керек. Сонымен бірге меншік құқығы меншіктің экономикалық қатынастарының сипаты әрі көрінісі екенін білу керек. Сондықтан да меншік құқығын зерттеу меншіктің экономикалық санатымен танысудан басталады.

Ресейдің заң әдебиеттерінде «меншік, адамдар арасындағы мемлекеттік қатынастардан гөрі, адамның заттарға өзінікі, өз меншігі ретіндегі қатынасы болып табылады» деген пікір айтылған. Бұл қағида қате. Ешқандай құбылыс тек өзі арқылы түсіндірілмейді. Адам өзіне ұнаған басқаның мүлкіне өз меншігіндей қарағанмен, егер заңды титулы болмаса ол оның меншік иесі бола алмайды, яғни оны иемдене алмайды. Олай болған жағдайда қолына зат ұстағанның бәрі меншік иесі болар еді.

Енді меншік құқығы ұғымына тоқталсақ, М. К. Сүлейменов пен Ю. Г. Басинның көз-қарасы бойынша «Меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиісілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы. »3-деп түсіндіреді.

Ал, Ресей ғалымдары М. Б. Смоленский мен А. А. Новикованың пікірі бойынша «Меншік- бұл, не зат, мүлік емес. Бұл - құқықпен реттеліп, рәсімделетін және нақты анықталған экономикалық қатынас»4-деп көрсетеді.

Меншіктің экономикалық қатынас.

Біріншіден, белгілі мүлік үшін туындайтын азаматтар арасындағы қатынас. Бұл қатынастың негізі, мүлік нақты тұлғаға беріледі және өз мүддесі үшін қолданыла алады. Ал, басқа тұлғалар бұған кедіргі келтірмеуге тиіс.

Екіншіден, иемденген мүлікке тұлғаның меншік ретіндегі қатынасы деп түсіндіреді.

Ғ. Төлеуғалиевтің көз-қарасы бойынша «Меншік қай қоғамның да сан қырлы өзекті мәселесі болып келді. Сондықтан да меншік құқығын құқық институты ретінде қараған кезде оны меншіктен шығатын экономикалық категория деп түсіну керек» 5-деген.

Меншік дегеніміздің өзі материалдық игіліктерді - табиғаттың өнімдері мен еңбекті - меншіктену әрі иеленуді білдіреді. Ол тарихи қоғамның ішкі айқындауы арқылы пайда болады.

Сонымен, меншік затты иелену, меншіктену екен, оның өзі заттың пайдалы қасиеттеріне орай жүзеге асады, демек, оны меншіктенген соң өндіріс барысында пайдаланып, оған билік етіледі. Меншіктің экономикалық қатынасы құқық нормаларымен реттеліп, меншік құқығына айналады.

Әлемдік құқықтану доктринасы мен отандық заң ғылымы меншік құқығын объективті жағдайдағы меншік құқығы және субъективті жағдайдағы меншік құқығы деп бөледі.

Англияның атақты ойшылы И. Бентрам былайша тұжырымдаған. Оның айтуы бойынша «Меншік құқығы мен заң бірге туып, бірге құриды. Заң шықпайынша, меншік құқығы да болмақ емес»6-деген.

Ал, егер жалпы құқық немесе англо-саксондық құқық меншік құқығы заттардың жиынтығын сипаттайды, айналадағылар бір заттың белгілі бір тұлғаның меншігі екендігін сол арқылы біледі, құқық институт жүйесінде ол қозғалмайтын мүлікке қатысты болған. Сондықтан оны сөзсіз және шектеусіз меншікке құқық - деп түсіндірген.

Материалдық игіліктерді иелену, пайдалану және билік етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін азаматтық құқық нормалары жөнінде (кодекс, заңдар мен басқа да нормативтік құжаттар) әңгіме болғанда - шын мәнінде объективтік мағынадағы меншік құқығы, яғни меншіктің құқық институтын құрайтын нормалардың жиынтығы екенін көреміз.

АК-тің 188-бабыныда меншік құқығына мынадай анықтама берілген: «Меншік құқығы дегеніміз - субъектінің заң құжаттары танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және билік ету құқығы»7. Бұл анықтама мейлінше дәл әрі ғылыми жағынан толық берілген. Өйткені, субъектіге «тиесілі» деген сөзбен шектеліп қалмай, мүліктеріне өз қалауынша иелену, пайдалану және билік ету құқығын береді. Меншік құқығына анықтаманы субъектінің мүлікке заңға сәйкес билік етуі, оны өзнің қалауынша пайдалануы деп түсіну керек. Осы жөнінде М. К Сүлейменов былай өте дұрыс атйқан: «меншік құқығының анықтамасындағы ең бір түйінді сөз тіркесі «өз қалауынша» деген». Яғни, субъектінің затқа үстемдік етуі заңдастырылған және оған толық құқылы. Германия азаматтық заңының 903-тарауында «меншік иесі . . . өзнің затына өз қалауы бойынша билік етеді» делінген. Швейцарияның Азаматтық кодексінде «заттың меншік иесі болып табылатын тұлға . . . затқа өз қалауы бойынша билік ете алады» деп көрсетілген. Осындай үстемдікке қол жеткізу арқылы меншік иесі заттың табиғат берген қасиеттерінің бәрін пайдаланып, оны өзгертуге, өңдеуге, билік етуге, тіпті бөтен біреуге беруге, жойып жіберуіне толық құқығы бар. Затқа заң арқылы үстемдікті тану заң құжаттарында көрсетілген шекте жүзеге асады, өйткені затқа үстемдікті шектеу меншік иесінің еркіндігіне белгілі бір дәрежеде ықпалын тигізеді, демек, затқа меншік иесінің билігі шексіз болуы мүмкін емес. Сондықтан да Азаматтық кодекстің 188-бабындағы меншік құқығын шектеу мұндай құқықтың шексіз еместігін көрсетеді, сол себепті де тұлғаның өз иелігіндегі затты иелену, пайдалану және билік ету құқығы заң арқылы айқындалады. Меншік иесінің еркіндігін шектеу меншік иесінің өз өкілеттігін жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбауға тиіс міндеттен туындайды. Мындай құқықты немесе заңды мүддені бұзу басқа түрлерде де кездесуі мүмкін, айталық, меншік иесі өзінің монополиялық немесе басым жағдайларын пайдаланып, нарықта көрер көзге қиянатқа жол беруі мүмкін (ҚР АК-тің 188-бабының 4-тармағы) .

Азаматтық кодекстің 188-бабында қаралған меншік құқығының иелену, пайдалану және билік ету тәрізді құрамдас бөліктерінен басқа оны заңмен қорғау да ескерілген. Мұндай құқық өзгенің құқығына тәуелді емес, меншік иесі өзінің мүлкін сақтауға, қорғауға, өзге адамдардың сырттан әрекет етпеуіне тыйым салуына құқығы бар. Егер осындай құқықтары бұзылып жатса, онда ол затты қайтарып алуға, қалпына келтіруге, келген залалдың орнын толтыруға құқылы.

Азаматтық кодекстің 188-бабы 5-тармағына сәйкес меншік құқығының мерзімі шексіз болады. Мүлікке меншік құқығы Азаматтық кодексінің көзделген негіздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкін.

Меншік құқығының мазмұнын меншік иесіне тиесілі иелену, пайдалану және билік ету тәрізді өкілеттіктер құрайды. Осы жайлы ғалымдар Айтжан Бақыт Ерсұлтанұлы мен Хусайнова Айнүр Марковна пікірінше «Меншік құқығы субъектінің заң арқылы танылатын және қозғалмайтын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы»8-дейді.

Иелену құқығы - мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзүге асыруды заң қамтамасыз етеді. Иелену - мүліктің нақтылы иесінде болуы. Адам өз мүлкіне ие деп саналады. Басқалар мүлікті иесінен келесім бойынша алып, пайдалануы керек. Бұл сәтте оларда иеленуші болады, бірақ негізгі иеленуші емес. Титулдық иеленуші мүлікті жалдау, сауда, аманат, тасымал келісімдер арқылы иеленуі мүмкін. Егер мүлік меншік иесінен оның өз еркімен шықты, мүлікті алған заңды иеленуші болады, ал егер мүлік басқаға ұрлау, жоғалту арқылы көшсе, иелену заңсыз болып табылады.

Пайдалану құқығы - мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда- кіріс, өсім және өзге де түрде болуы мүмкін.

Билік ету - мүліктің тағдырын шешу болып табылады және меншік құқығының мерзімі шексіз». - деп талқылаған.

Жалпы бұл рим құқығында триада деп қарастырған. Толығырақ тоқталатын болсақ, триада (jus utendi, jus fruendi, jus abutendi), меншік иесінің өкілеттіктерінің сипаттамасы болып табылады, рим құқығының ортағасырлық заңгерлері еңбектерінде оны кездестіре аласыз, ал шын мәнінде римдік жеке құқық меншік иесі өкілеттіктерінің тұтастай тізімін бере алған жоқ. Қазіргі ағылшын-саксон құқығы меншік иесінің 11 өкілеттігін қарастырады.

Бұл өкілеттіктер меншік құқығының қажетті элеметтері болып табылады. Меншік иесі аталғандардың қайсысын да үшінші бір тұлғаға бере алады, тіпті үш өкіліттіктің бәрін де беріп жіберіп, өзі меншік иесі болып қала береді. Мысалы, ол заттарын теміржол, әуежай және қонақ үйдің зат сақтайтын жеріне тапсырып, өз қарауындағы затты күзетшінің игілігіне береді.

Кейде заң талаптарына сәйкес меншік иесінен несие берушінің талабын қанағаттандыру үшін мүлкі ықтиярсыз алынуы мүмкін, онда меншік иесі әлгі үш өкілеттіктен де айырлады. Бірақ ол мұндай жағдайда меншік иесі болып қала береді. Қарызын өтегеннен кейін мүлкін сатқаннан қалған қаржы алуға құқылы, сөйтіп, заттарын кері қайтарғаннан соң оның пайдалану және билік ету өкілеттігі қалпына келтірледі.

Иелену құқығы мүлікті нақты иелену мүмкіндігі заң жағынан толықтай қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Ол меншік иесіне затқа іс жүзінде үстемдік етуге мүмкіндік беріп, затты пайдалану үшін маңызды алғашарт жасайды. Заң иеленуді заңды, заңсыз, адал ниетті және арам ниетті деп бөлінеді. Егер мүлікті иелену заңды негізгде жасалса, онда мол заңды иелену болып табылады. Яғни құқық негізінде меншік құқығы жүзеге асырылуы тиіс. Затты немесе заңсыз иелену, егер оны зорлықпен немесе заңнан жасырын жасалса, немесе заңсыз иеленуші затты кездейсоқ иеленіп, оны қайтару жөніндегі талапты құлағына ілмесе, бұл да құқық бұзу деп есептеледі. Сондай-ақ иеленуші иеленген затының заңсыз екендігін білсе, білуге тиісті болса, онда ол арам ниетті иеленуші делінген. Қарсы жақ өзінің талабын дәлел де мейінше, зат иеленуші адал алушы қатарына жатады (АК-тің 261-бабы) . Ал, керісінше, егер де мүлік оны иеліктен айыруға құқығы болмаған адамнан тегін алынатып, алушы мұны білмесе және білуге тиіс болмаса, мүлікті мешшік иесі немесе мешнік иесі мүлікті иеленуге берген адам жоғатқан не мұның екуінен де ұрланған, не олардың иеленуінен бұрын бұлардың еркінен тыс өзге жолмен шығып қалған ретте ғана меншік иесі бұл мүлікті алушыдан талап етіп алдыруға құқылы.

Азаматтық кодекстің 188-бабында иеленудің әр түрі туралы айтылмаған, тек аталған баптың 3-тармағында ғана бөтеннің затына құқық ретінде иеленудің жасалу жолы мен тәуелділігі көрсетіледі. Сонымен бірге заңда ерекше негіз бар. «Иелену мерзіміне» жол беріледі АК-тің 20-бабында көзделеді. Иеленудің мұндай құқығы меншік құқығынан тұлғаның затты өз билігінде нақты түрде ұстауымен ерекшеленеді. Бұл иеленудің заңдық салдары болады, яғни иеленуші мүлікке меншік құқығын алғанға дейін оны басқалардан қорғауға құқылы (АК-тің 240-бабы, 2-тармағы), ал екінші жағынан, осы баптың нормалары негізінде өзінің иелігіндегі затты меншіктенушіге құқық алады. Сонымен, иеленудің мерзіміне мынадай белгілер тән: а) ол иелік ететін мүлікке нақты үстемдік етеді; ә) осы тұлғаның затқа адал ашық және үздіксіз түрде нақты үстемдік етуі. Демек, иеленудің мерзімі иелену құқығынан меншік құқығының құрамдас бір бөлігі ретінде ерешеленеді. Оған қоса бұл иелену түрі затты иелену құқығын өзгеге бергенімен, меншік иесі болып қала береді, мысалы, кепілдік шарты бойынша.

Пайдаланудың өкіліттік құқығы дегеніміз - мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда, кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкін АК-тің 188-бабы 2-тармағы.

Пайдаланудың өкілеттік құқықының жай пайдалануды ажырату білу керек. Пайдаланудың өкілеттік құқығы - затты пайдалануға құқықты қамтамасыз ететін меншік құқығы субъектісінің өкілеттігі. Пайдалану - осы құқықты жүзеге асыры болып табылады, яғни затты нақты пайдаланып немесе оны қашан кіріс алғанша тұтыну.

Меншік иесі өзінің пайдаланудың өкілеттік құқығын қалай жүзеге асыруды өзі шешеді. Бірақ та, Конституцияның 6-бабын бұрмалауға тиіс яғни меншікті пайдалану қоғамдық игілікке қарсы келмеуі тиіс. Демек, қоғамдық маңызы бар объектіні пайдаланғанда меншік иесі тек өзінің ғана емес, қоғамның да мүддесін ойлауына тура келеді. Мысал ретінде қазақ өнерінің көрнекті шығармаларын, айталық мұрагер меншік иесі ретінде бөлдірмеуге міндетті. Меншік иесі басқа тұлғаға өзінің пайдалану құқығын беруіне құқылы, мысалы, жалға, арендаға беру және тағы басқалар. Пайдалануға өкілеттік алған тұлға оны өзі үшін пайдалана бастайды, мысалы, затты пайдалану, өнім алу. Мұндай жағдайда меншік иесі өзінің өкілеттігіне сәйкес табысты жанама жолмен түсіреді, айталық, затты пайдаланудан түскен кірісті иеленеді, немесе белгілі бір пайызды еншілейді.

Заң негізінде немесе басқа да құқылық құжаттарға орай меншік иесі өкілеттігіне айырылуы не құқығы шектелуі мүмкін. Мәселен, тұрғын үйді не оның бір бөлігін тұрғын жай мақсатынан тыс пайдалану жағдайы заң арқылы жүзеге асады. Бұл «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 4-бабында көрсетілген.

Билік ету құқығы дегеніміз - мүліктің заң жүзіндегі тағдарын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі ҚР АК-188-бабының 2-тармағанда белгіленген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншік құқығын қорғаудың заттық - құқықтық тәсілдері
Қазақстан Республикасындағы меншік құқығын қорғаудың азаматтық құқықтық тәсілдері
Меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды иелену
ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУ
Негізсіз баю міндеттеменің мазмұны
Азаматтық құқықтарды жүзеге асырудың түрлері және жіктелуі
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру
Шарттар міндеттемелері негізсіз баюшылықта
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру шектері
Азаматтық құқықтағы мерзімдердің түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz