Негізгі құралдарды есептеу мен талдау ерекшеліктері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Негізгі құралдарды есептеу мен талдау ерекшеліктері»
050508 - Есеп және аудит
Алматы 2011
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жүйесіне көптеген өзгерістер мен жаңалықтар еніп жатыр. Экономиканы қайта құру, әртүрлі меншік формаларын пайдалану барысында ұйымдарда есеп пен аудит жүргізу маңызды орын алады. Қазіргі кезде әрбір ұйым, оның түріне, меншік нысанына қарамастан, белгілі заңға сәйкес өздерінің мүліктері мен шаруашылық операцияларының есебін жүргізеді.
Бухгалтерлік есеп дегеніміз - кәсіпорынның қызметіне құжаттық, жалпылама, үздіксіз қадағалау мен бақылау атқаратын жүйе, шаруашылық есептің бір түрі. Бухгалтерлік есеп әрбір кәсіпорында, оның пайда болуынан жойылуына дейін жүргізіледі. Соның негізінде барлық шаруашылық операциялар жалпылама, міндетті тіркелуі тиіс. Бухгалтерлік есептің әрбір жазуы, оны растайтын, тексерілген, рәсімделген құжаттар негізінде жүзеге асырылады. Нәтижесінде, бухгалтерлік есептің бақылаушылық қызметінің маңызын арттырып, берілген ақпараттың дұрыстығына көз жеткізіп, есептік көрсеткіштерді салыстыруға мүмкіндік береді. Бухгалтерлік есеп көрсеткіштерінің шынайылығын мерзімді, тауарлы материалды құндылықтарды, ақша-қаражаттарды, есептемені, түгендеу барысында тексеруге болады. Бухгалтерлік есептің ақпаратының дұрыстығын, кәсіпорынның қызметін құжат ревизиясы мен аудиторлық тексеріс арқылы тексеруге болады. Сенімді есеп көрсеткіштерін, ғылыми негізделген бухгалтерлік есептің әдістері мен тәсілдері арқылы алуға болады (құжаттау, түгендеу, калькуляциялау, бағалау, шоттар мен екі жақты жазу, бухгалтерлік баланс пен қаржы есебі) .
Сондай-ақ есептің механизациялануы уақтылы шынайы ақпараттардың болуында. Есеп ақпараттары мен қаржылық есеп нысандарын әдейі дұрыс бермеген тұлға заңмен жауапқа тартылады. Бухгалтерлік есепте барлық үш көрсеткіштер де қолданыс табады. Олар: ақшалай, еңбек, натуралды көрсеткіштер. Бухгалтерлік есеп ұйымдастырылуы барысында өзінің басты міндеттерін атқаруы тиіс, яғни жоспардың орындалуын бақылау, меншіктің сақталуын, ішкі резервтерді анықтау және қолдану.
Бухгалтерлік есеп жүйесі компанияның ұйымдастырылуының негізгі тірегі болып табылады. Бухгалтерлік есептің дамыған жүйесі ұйым үшін өте маңызды, өйткені ағымдағы шешімдерді қабылдау сәтінде, ол айтарлықтай шамада қаржылық ұйымдастыруға сүйенеді.
Есеп жүйесі дегеніміз, есеп мәліметтерін қаржылық ақпаратқа қайта өңдейтін, өзара байланысты элементтердің жиыны.
Есеп жүйесіне келесідей элементтер кіруі мүмкін:
а) бухгалтерлік есеп бөлімшесі;
ә) жұмыс бөлімшелеріндегі есеп бөлімшелері;
б) филиалдағы есеп бөлімшелері;
в) есеп мәліметтерін өңдеуші орталық;
г) ішкі аудит бөлімшесі.
Шығынның, ұрлықтың, сенімді теріс пайдаланушылықтан болатын тәуекелділіктердің алдын алу үшін, ұйымдарда тиісті ішкі бақылау құрылымын еңгізу қажет. Оның негізгі принципі бір адам немесе адамдар тобы барлық операцияны басынан аяғына дейін толық орындай алмайтындай етіп қызметтерді бөлуден тұрады. Сол сияқты бухгалтерде, құндылықтарға манипуляция жасайтын материалдық жауапты қызметкерлер де бухгалтерлік есепке кіріспеу керек.
Бухгалтерлік есеп және есептеме басқармасын Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі қадағалайды. Бухгалтерлік есеп орталықтандырылу және орталықсыздандыру принциптері арқылы ұйымдастырылады. Бухгалтерлік есеп экономикалық ғылым болғандықтан, өзінің теориясы мен пәні, әдістері бар, және шаруашылық есептің басқа түрлері мен тығыз байланысты.
Бухгалтерлік есеп - басқарудың бірден-бір маңызды функциясы. Осылай, бухгалтерлік есепті экономикасы дамыған елдерде, бизнес және кәсіпкерліктің тілі деп атайды.
Бухгалтерия - бухгалтерлік есепті ұйымдастырып, жүргізетін, есеп аппараты. Бухгалтерия кәсіпорынның ешбір бөлімшесіне кірмейтін, өз бетінше бір құрылымдық бөлім. Бухгалтерия түгелімен бухгалтерлік есепті жүргізіп, қаржы есебін құрып, шаруашылық операцияларды қадағалап, барлығы заңға сәйкес екендігін, сонымен қатар сметалық және қаржылық тәртіпті бақылауы керек. Осы міндеттер Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп және есептеме туралы қаулысында анықталаған.
Ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметі тек қана материалдық құндылықтардың, еңбек және қаржы ресурстарының қатысуымен ғана емес, сонымен қатар негізгі қорлар - еңбек құралдары мен еңбек заттарының қолданылуымен жүзеге асады. Негізгі құралдардың басты ерекшелігі - олардың көп рет өндіріс процессіне қатыса отырып, ұзақ уақыт бойы түр-қалпын сақтап қалу. Өндірістік процесс, сыртқы ортаның әсерінен негізгі құралдар бірте-бірте тозып, өздерінің бастапқы құнын бекітілген нормалар бойынша, амортизация есептеу негізінде өндіріс шығындарына береді. Негізгі құралдар еңбек процессінде үлкен роль атқарып, кәсіпорынның өндіріс мықтылығын, өндіріс-техникалық базасына біріге отырып айқындайды. Ұзақ уақыт бойы пайдалануда, негізгі құралдар кәсіпорынға келіп түседі, эксплуатацияға беріледі, эксплуатация кезінде тозады, жөнделеді, жөндеу кезінде физикалық түр-сипатын қалпына келтіреді, кәсіпорын ішінде орын ауыстырады, шығысталады. Кәсіпорын өзінің негізгі құралдарын - өтеусіз басқа кәсіпорындарға беруге немесе сатуға, аустыруға, жалға беруге, егер олар моральды ескірсе, тозса, толық амортизацияланбаса да баланстан шығыстауға құқығы бар.
Менің дипломдық жұмысымның басты мақсаты негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы мен аудитінің халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес жүргізілуін зерттеу.
Яғни, қойылған мақсаттарға жету үшін «Стимул» ЖШС-ң зерттеу объектісі ретінде алып, оның негізгі құралдарының бухгалтерлік есебін және аудитін зерттеу. Ол үшін келесі міндеттер орындалуы тиіс:
- кәсіпорындағы негізгі кұралдарды жаңартуға және жаңғыртуға
жұмсалатын қаржыны рационалды қолданылуын көз жеткізу;
- жұмыс машиналарының, құрылғылардың, өндіріс алаңдарын, көлікті
тиімді пайдалануды қадағалау;
- кәсіпорынның шығындарына қосу үшін негізгі құралдардың
пайдаланылуының және тозуының құнының дұрыс есептелуін зерттеу;
- «Стимул» ЖШС-ң объектілерді шығыстау кезіндегі тура нәтижесін анықтау;
- зерттеліп отырған ұйымның негізгі экономикалық көрсеткіштерінің сипаттама беру және талдау, соның ішінде «балансын», «зиян және пайда туралы есебін», «ақша-қаражаттар қозғалысы туралы есебін», ХҚЕС стандарттарын көшіру;
- №16 ХҚЕС негізінде негізгі құралдардың компонентті есебін жүргізу бойынша нұсқау беру;
- «Стимул» ЖШС-ң негізгі құралдарына салық салу есебін талдау.
Дипломдық жұмыстың мазмұнын толық қырынан ашу үшін, зерттеліп отырған кәсіпорынның барлық мәлімет, ақпараттарын, яғни бастапқы құжаттарын, қаржылық есептілік нысандарын және есеп саясатын талдай отырып, бухгалтерлік есеп бөліміндегі негізгі құралдар есебін дұрыс ұйымдастырылуына баға беру.
«Стимул» ЖШС-ң техника-экономикалық сипаттамасы
1. 1 Зерттеліп отырған ұйымның негізгі экономикалық көрсеткіштерінің сипаттамасы және талдауы
«Стимул» ЖШС-і 1997 жылдың 01 қазанында заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуге алынды. Қазақстан Республикасының Әділеттік Министрлігі берген куәлік бойынша компания қызметін өз құрылтай құжаттары мен Қазақстан Республикасының Заңы шегінде ұйымдастыра алады. Тіркеу номері - 22206-1910-ЖШС.
Кәсіпорынның басты мақсаты: тауар-делдалдық қызмет пен халыққа әртүрлі қызмет көрсету негізінде таза табыс табу.
Көрсетілетін қызметтің басты түрлері:
- көлік қызметі;
- тасымалдау-экспедициялық қызмет;
- құрылыс-монтаждық қызмет;
- құрылыс материалдарын сатудағы делдалдық қызмет;
- көтерме және бөлшек сауда;
- қоғамдық тамақтану орындары;
- жарнама-ақпараттық қызмет;
- жарғылық капитал, қорлар.
Кәсіпорынның ары қарай дамып, қызмет көрсету үшін жарғылық капиталы кұрылады. «Стимул» компаниясының жалғыз құрылтайшысы жарғылық капиталға тіркеу кезінде толығымен 100% ретінде 66 000 теңге салды [1] .
Кәсіпорын меншігін баланста көрсетілген негізгі құралдар мен басқа бағалы заттар құрайды. Меншікті кәсіпорын меншік кұқығы бойынша иемденеді.
Меншіктің қорлану көздері:
1) ақшалар мен материалдық салымдар;
2) интелектуалдық меншікке құқық;
- банк несиелері мен кұнды қағаздардан табыс.
Егер кәсіпорында шығыны пайдасынан артық болса, онда олар резервтік капитал негізінде жабылады. Барлық салық төленгеннен кейінгі табыс құрылтайшының иелігінде қалады.
Басқарудың жоғарғы органы. Басқарудың жоғарғы органы болып, жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жалғыз құрылтайшысы табылады.
Тек құрылтайшының өзгерте алатын сұрақтары:
- жарғыны, мекен-жайды, фирмалық атауды ауыстыру;
- жыл сайынғы қаржылық есепті қабылдау және таза табысты бөлу;
- қызмет түрін өзгерту;
- жарғылық капитал мөлшерін өзгерту;
- ішкі тәртіптерді ұйымдастыру және т. б.
Директор ағымдағы басқаруын директор жүзеге асырады. Оның басты міндеттері:
- контракт негізінде жұмысшыларды қабылдау және жұмыстан босату;
- жылдық балансты құру;
- келесі қорларды құру - даму қоры, сақтандыру қоры.
Жалақы формасы мен соммасы директормен ұсынылып, құрылтайшымен қабылданады, серіктестік өз қызметтері мен тауарларын контракттық негізде қабылданған соммамен сата алады.
Нақтырақ айтсам, «Есжанов және К» компаниясы автокөліктерді жуу, жөндеу және қосалқы бөлшектерін сатумен айналысады. Кәсіпорынның көлік жуу, транспорт жөндеу орталығы мен автобөлшектер дүкені бар. Менің оқу-өнірістік тәжірибем компанияның автобөлшектер дүкенінің бухгалтериясында өтті. Тәжірибе кезінде, мен тауарларды кірістеп, шығыстап, жеткізушілермен есеп айырысуды үйрендім. Жүмысымның бәрі 1С: Бухгалтерия бағдарламасының 7 нүсқауында жүргізілді.
Кәсіпорынның шаруашылық процесі, экономикалық тиімділігі және соңғы қаржы нәтижесі кез-келген ұйымның қызметі мәліметтер жүйесі арқылы обьективті және субьективті факторлардың әсерлері негізінде қалыптасып отырады. Талдау - зерттелетін обьектіні, оның ішкі құрамдастарына тиесілі заттарды бөліп, бөлшектеу арқылы зерттеу. Зерттеліп отырған кәсіпорынның негізгі экономикалық көрсеткіштеріне қаржылық есептілік нысандары жатады. Олар кәсіпорынның - «балансы», «пайда және зиян туралы есебі», «ақша-қаражаттар қозғалысы туралы есебі» және меншік капиталының құрамының өзгерісі туралы есеп [5] .
Бухгалтерлік баланс - кәсіпорынның мүлкі мен олардың пайда болу көздерін ақшалай бағамен белгілі-бір қүнге экономикалық топтастырудың әдісі. Балансты талдау барысында, кәсіпорынның мүлкі мен қаржылық ресурстары талданады. Мүліктер өз бетінше тағы иммобильды және мобильды болып жіктелінеді. Иммобильды құралдар дегеніміз - айналыста тікелей қатыспай, бірақ өндіріс процессіне белгілі жағдайлар жасап, өз құнын дайын өнімге біртіндеп беріп отыратын құралдар. Мобильды құралдар - өндіріс процессіне тікелей қатысып, өз құнын дайын өнімге толық беретін және бизнестің ортасы болып табылатын құралдар.
1-кесте
Кәсіпорынның мүліктер құрамын талдау (мың теңге)
Кестеден зерттеліп отырған мекеменің мүлікінің көп бөлігін, яғни 68% мобильды кұралдар құрайды. Ашып айтсақ, қызмет көрсетуде мекеменің материалдары елеулі үлесті алады. Талданып отырған кәсіпорынның мүліктер құны мерзім басын мерзім соңын салыстырғанда 13050 теңгеге кеміген. Яғни, иммобильды құралдар 12400 теңгеге, ал мобильды құралдар соммасы 650 теңгеге азайған. Оның себебі, есепті жылы кәсіпорын негізгі құралдарының 12% сату барысында шығыстаған. Ал өндіріске тікелей қатысатын мобильды құралдар қызмет көрсету процессіне 12% артық қатысқан. Яғни мекеменің қоймасында босқа материалдар мен шикізаттар көп көлемде қаламаған.
Талдау процессінде зерттеліп отырған кәсіпорынның қаржы ресурстары меншікті және тартылған болып бөлінеді.
2-кесте
Қаржы ресурстарының кұрамын талдау (мың теңге)
Кесте мәліметтері бойынша талданып отырған кәсіпорынның қаржы ресурстарының 67% тартылған капитал құрайды, яғни мекеменің не банк алдында, не басқа заңды тұлғалар алдында қарыздары бар. Есепті жылы құрылтайшылар кеңесіп, меншік капитал соммасын 2150 теңгеге өсірген, сонымен қатар банк алдындағы несие соммасын 9%, яғни 18200 теңгені өтеген. Менің ойымша, қазіргі нарықтық бәсеке жағдайында кәсіпорын осылай ары қарай қызмет етсе, онда 3-4 жылдан кейін қарыздарын өтеп, тек өзін-өзі қаржыландыратын болады.
Кәсіпорынның пайдасын талдаудың нарық экономикасына көшуге байланысты, маңызы өте зор. Мекеменің қаржы нәтижесі құрамына мыналар кіреді:
- негізгі қызметтен түскен кіріс (шығын) ;
- негізгі емес қызметтен түскен кіріс немесе шығын;
- салық салынғанға дейінгі негізгі қызметтен түскен кіріс немес шығын;
- салық салынғаннан кейінгі негізгі қызметтен түскен кіріс (шығын) ;
- төтенше жағдайлардан түскен кіріс (шығын) ;
- таза кіріс.
Пайда мен зиянды талдау талдаудың негізгі көзі болып - кәсіпорынның пайда мен зиян туралы есебі табылады.
3-кесте
Кәсіпорынның кірісі мен зиян көрсеткіштерін талдау (мың теңге)
3-ші кестеден, ең басынан-ақ талданып отырған кәсіпорынның есепті жылдағы қаржылық-шаруашылық қызметі төмен болғаны көрінуде. Қызмет көрсету соммасы 65000 теңгеге төмендеген, соның нәтижесінен есепті жыл жалпы кірісі өткен жылмен салыстырғанда 37000 теңгеге кеміген. Кестеге қарап отырып, өткен жылдағы шығындарда, кірістерде есепті жылмен салысытырған жоғары болған, яғни өткен жыл талданып отрығна кәсіпорын үшін анағұрлым жемісті болған екенін айта кеткен жөн.
Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау барысында, мекеме ақша-қаражаттар қозғалысы жайлы есебінің маңызы зор. Себебі, бұл нысан негізінде кәсіпорынның қаржы жағдайына баға беруге мүмкіншілік туады. Яғни, мынандай ақпараттар алуға болады:
- ақша-қаражаттар қалай алынған және неге жұмсалған;
- жаңа өндіріске инвестицияның салынуы және салынбауы туралы;
- акция шығару нәтижесінде қанша ақша-қаражаттары алынған;
- несиені жабу мүмкіндігі.
Кірістің артуы немесе кемуі=табыс - кіріс, яғни осы жылғы табыс 15250-12750=2500
Ал өткен жылдың табысы =22500-21450=1050
Кестеден талданып отырған кәсіпорынның өткен жылмен салыстырғанда сатудан түскен табысы 3000 теңгеге кеміген, соның әсерінен алынған аванс соммасы да 3000 теңгеге азайған. Есепті жылы кәсіпорынның кредиторлық қарыздары, яғни жеткізушілер мен мердігерлер алдындағы қарыз, еңбек ақы бойынша қарыздар, несие бойынша міндеттемелер және басқа да шығындардың аз болуынан кәсіпорын 2500 теңге пайда тапқын, ал өткен жылы пайда соммасы 1050 теңгені құраған. Қорыта келгенде, есепті жылы кәсіпорын 950 теңгеге артық табыс тапқан.
4-кесте
Ақша-қаражаттар қозғалысын талдау (мың теңге)
1. 2 «Стимул» ЖШС-ң есеп саясаты
Есеп саясаты дегеніміз - кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін қолданылатын ұзақ мерзімді стратегиясы. Есеп саясатында кәсіпорынның мінездемесі, міндеті, құқығы мақсаттары ашық жазылған, яғни кәсіпорынның жалпы мінездемесі, бухгалтерлік есептің міндеті, бухгалтерлік есепті ұйымдастыру, құжат айналымын ұйымдастыру нақты көрсетіледі.
Кәсіпорынныц жалпы сипаттамысы. «Стимул» компаниясы Қазақстан Республикасының шаруашылық қызметіне байланысты қызмет көрсету мен жеке тұлғалар үшін жаңа еңбек орындарын қалыптастыру үшін құрылған.
Нарықта тауарлар мен қызметтер көрсету арқылы табыс табу. Міндеттері:
- ақылы көлік стоянкаларын ұйымдастыру мен қолдану;
- автосервис қызметін көрсету;
- коммерциялық және делдалдық қызмет көрсету.
Бухгалтерлік есептің міндеті. Жедел басқару ұйымдастыру үшін, шаруашылық процестер туралы толық және сенімді ақпарат қалыптастыру.
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру. «Стимул» компаниясында бухгалтерлік есеп журнал-ордерлық жүйе мен карточка-ордерлық жүйемен ұйымдастырылады. Сонымен қатар, жинақтамалы және талдамалы регистрлерді тіркеу үшін автоматтандырылған жүйе қолданылады. Директор, ұйымдастыру-бөлу және қаржылық-есеп құжаттарында қол қоятын тұлғалардың тізімін қабылдайды.
Құжат айналымын ұйымдастыру. Кәсіпорын есеп-бухгалтерлік ақпараттарын сақтау және көзін құрту, Қазақстан Республикасының Кабинет Министрлігінің 30. 06. 1992 жылғы «Іс-жүргізу туралы» жарғысы бойынша ұйымдастырылады. Құжат айналым графигі, уақтылы және сапалы толтырылуы, ақпарат сенімділігіне, олардың уақтылы бухгалтерлік есепте көрсетілуіне сол құжатта қол қойған тұлғалар жауапты. Орындаушыларды Бас бухгалтер қадағалайды. Құжаттарды толтырудағы, бас бухгалтермен бекітілген тәртіп барлық қызметкерлер үшін бірдей және міндетті. Ал бастапқы құжаттар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік комитетінің 16. 11. 1994 жылғы жарлығы бойынша қабылданған үлгілер бойынша толтырылады.
«Стимул» ЖШС-ң есеп саясатының жалпы жағдайы. Бүл есеп саясаты Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңы бойынша құрылған. Оны құру базалары болып "Есеп саясаты және оның ашылуы" стандарты, басқада Қазастан Республикасының ішіндегі бухгалтерлік есепті қадағалайтын нормативті-құқықтық актілер болып табылады. Есеп саясатында ішкі есепті және сыртқы аудитті ұйымдастыру туралы талаптар жазылаған.
Қалыптастырудың негізіне келесі бухгалтерлік принциптер қолданылған:
- есептеу;
- үздіксіздік;
- түсініктілік;
- маңыздылық;
- мәнділік;
- сенімділік;
- бейтараптылық;
- аяқталғандық;
- салыстыру.
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебінің Ұлттық комиссиясының шешімі бойынша 1. 01. 2008 жылдан бастап «Стимул» ЖШС-сі Типтік шоттар жоспарына көшті.
Салықтық есеп айырысулар мен төлемдер «Салықтар мен бюджетке Төленуі тиіс басқа да міндетті төлемдер туралы» заңға сәйкес жүзеге асырылады. Халықаралық стандартына сәйкес есеп саясатын құру туралы жауапкершілік «Стимул» ЖШС-ң директорының мойнында.
«Стимул» ЖШС-ң есеп саясатының негізгі жағдайы Компанияның бухгалтерлік балансы барлық талаптарға сай.
Актив:
- Негізгі қүралдар-10600, 000;
- Тауарлы-материалды қүндылықтар - 504412, 000;
- Ағымдағы дебиторлық қарыз - 112554, 000;
- Ақша-қаражаттары - 253646, 000. Пассив;
- Жабылмаған шығын - 438000, 000;
- Кредиторлық қарыздар - 324000, 000.
Табыс пен шығындардың барлық баптары мерзімнің таза табыс пен шығынды есептеу үшін қосылады. Компания үшін есеп мерзімі болып - календарлық жыл табылады. Жедел ақпараттар үшін, қаржылық-шаруашылық қорытындысы ай сайын жасалады. Өткен мерзімнің қаржылық есебінің түзетулері, есепті жылдың есебінің құрамына кіреді. Үлкен қатенің түзетулері, алдыңғы мерзімнің бөлінбеген пайданың бастапқы сальдосын өзгерту арқылы көрсетіледі. Қаржылық-шаруашылық есеп, компанияда келесі жолдармен ашылады:
- негізгі қызметтен түскен табыс;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz