Қазақстан республикасының сыртқы қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе

І Тарау. МЕМЛЕКЕТТІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІНЕ
ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР
1.1. Мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне қарсы
қылмыстарға жалпы сипаттама
1.2 Қазақстан республикасының сыртқы қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар

ІІ Тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР
2.1 Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі мен қорғаныс
қабілетіне қарсы қылмыстар
2.2 Мемлекет құпиясын сақтауға қол сұғатын қылмыстар

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қылмыс – бұл құқық бұзушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық
бұзушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны
жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді. Қылмыс ұғымы
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9 – бабында берілген: Осы
кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекет – қылмыс
деп танылады.
Қылмыстың төмендегідей белгілерін атап өтейік.
1. Қылмыс әрқашан іс – қимыл болып табылады, яғни, ол әрекетпен де,
әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін.
Әрекет – бұл қылмыс жасаудың белсенді нысаны. Әрекетсіздікте кінәлі
адам өзі жасай алатын әрекетті және жасалуы тиіс әрекетті жасамайды.
Адамның ойлау қызметі жазаланбайды, өйткені ол қоғамға қауіпті теріс қылық
жасауға алып келмейді.
2. Қылмыс – бұл қоғамға қауіпті әрекет, яғни ол қылмыстық заңмен
қорғалатын қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді немесе зиян келтіруге
нақты қауіп төндіреді.
3. Қылмыс - әрқашан құқыққа қайшы болады. Құқыққа қайшылық – бұл қылмыстық
заңның әрекетке тыйым салуы. Құқыққа қайшылық деп қылмыстық кодексте
бекітілген тыйымды қылмыс жасаған адамның бұзуын айтады.
4. Қылмыстың міндетті белгісінің бірі адамның кінәсінің болуы. Қасақана
немесе абайсызда жасалған әрекет қылмыс болуы мүмкін.
5. Жазалану. Егер әрекет жазаланбайтын болса, онда ол қылмыс ретінде
қарастырылмайды. Әрбір қылмыс үшін қылмыстық кодексте жаза
қарастырылған.
Қылмыстарды жіктеу – бұл қоғамға жасалған қауіпті әрекетті
ауырлық дәрежесі мен сипатына байланысты топтарға бөлу болып табылады.
Қылмыстық кодексте барлық қылмыстар төрт топқа бөлінген: онша ауыр емес
қылмыстар, орташа ауыр қылмыстар, ауыр қылмыстар және ерекше ауыр
қылмыстар.
➢ Жасалғаны үшін ең ауыр жаза екі жыл бас бостандығынан айырудан
аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай – ақ жасалғаны үшін ең ауыр
жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсыза жасалған
әрекет – онша ауыр емес қылмыс деп танылады.
➢ Жасалғаны үшін ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан
аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай – ақ жасалғаны үшін бес
жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза абайсыза
жасалған әрекет – орташа ауыр қылмыс деп танылады.
➢ Жасалғаны үшін ең ауыр жаза он екі жылға бас бостандығынан айырудан
аспайтын қасақана жасалған әрекет – ауыр қылмыс деп танылады.
➢ Жасалғаны үшін ең ауыр жаза он екі жылдан астам мерзімге бас
бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы қасақана
жасалған әрекет – аса ауыр қылмыс деп танылады.

І Тарау. МЕМЛЕКЕТТІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІНЕ
ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР
1.1. Мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне қарсы
қылмыстарға жалпы сипаттама Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық
кодексінде ескі қылмыстық кодекстегі мемлекеттік қылмыстар деген ұғым
мемлекеттің конституциялық кұрылысы мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар
деген жаңа ұғыммен алмастырылған. Бұл тұрғыдағы қылмыстардың топтық,
объектісі мемлекеттің конституциялық құрылысы мен кауіпсіздігіне байланысты
қоғамдық қатынастарды қорғау болып табылады. Қылмыстық кодекстегі
жаңартылып, жетілдіріліп берілген бұл қылмыстық құқықтық нормалар Қазақстан
Республикасының, 1996 жылғы 30 тамызда кабылдаған Конституциясында
көрсетілген, баянды етілген конституциялық кұрылысты, қоғамның ішкі, сыртқы
қауіпсіздігін, саяси, экономикалық жүйесін қорғау болып табылады.
Тікелей объектісіне байланысты бұл тарауға енген қылмыстар мынадай
түрлерге бөлінеді:
Қазақстан Республикасының сыртқы кауіпсіздігіне қарсы қылмыстар:
мемлекеттік опасыздық(165-бап); шпиондық (166-бап).
Казақстан Республикасының саяси жүйесіне қарсы қылмыстар: мемлекет
немесе қоғам кайраткерлерінін өміріне қастандық жасау (167-бап); өкіметті
күшпен басып алу немесе өкіметті күшпен ұстап тұру (168-бап); қарулы бүлік
(169-бап).
Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен кұлатуға
немесе бұзуға шақыру (170-бап).
Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі мен қорғаныс
қабілетіне қарсы қылмыстар: диверсия (171-бап); жұмылдыруға шақырудан
жалтару (174-бап).
Мемлекет құпиясын сақтауға қол сұғатын қылмыстар: мемлекеттік
құпияны жария ету (172-бап); мемлекеттік құпиясы бар кұжаттарды жоғалту
(173-бап).

1.2 Қазақстан республикасының сыртқы қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар
Мемлекеттік опасыздық (165-бап).
Өз Отанына сатқындық жасау әруақытта да ең ауыр мемлекеттік қылмыс
ретінде карастырылған, Қазақ ССР-інің 1959 жылғы Қылмыстық кодексінде
мұндай қылмыстың атауы -Отанға опасыздық, деп көрсетілген еді. 1997 жылғы
Қылмыстық кодекс бұл атауды Мемлекеттік опасыздық деп жаңа атаумен
алмастырды. Өйткені Отан деген ұғым мемлекеттік емес аумақтық ұғымды, яғни
адамның туған жерін бейнелейтін ұғым ғана еді. Қазақстан Республикасының
азаматы болып оның аумағынан сыртқары жерде тұрған Қазақстан
Республикасының азаматтығын алған кез келген ұлттың өкілі танылатыны
баршаға аян. Осыған байланысты дүниежүзілік құқық стандарттарына сәйкес
Отан деген түсінік мемлекеттік деген түсінікпен алмастырылуы заңды құбылыс.
Мемлекетке опасыздық дегеніміз — соғыс уақытында немесе қарулы
жанжал кезінде жау жағына өтіп кетуден, сондай-ақ шпиондық жасаудан,
мемлекеттік құпияны жатқа беруден не Қазақстан Республикасына қарсы
дұшпандық әрекет жүргізуден, шетелдік мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе
олардың өкілдеріне өзге де көмек көрсетуден көрінген, Казақстан
Республикасының, азаматы Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігі мен
егемендігіне нұқсан келтіру немесе әлсірету мақсатында жасаған қасақана
әрекет (165-бап).
Мемлекеттік опасыздыктың тікелей объектісі — Қазақстан
Республикасының мемлекеттік кауіпсіздігі болып табылады. Мемлекеттің
қауіпсіздігіне оның ең маңызды мүдделері — конституциялық құрылысы,
егемендігі, аумақтық тұтастығы, сыртқы және ішкі қауіпсіздігі жатады.
Мемлекеттік опасыздықты жасаған адам басқа бір нақты мемлекеттің пайдасына
іс-әрекеттер істейді.
Конституциялық құрылыстың ұғымы Қазақстан Республикасы
Конституциясының 1-бөліміндегі Жалпы ережелерде баянды етілген.
Конституцияның осы бөлімінде конституциялық құрылыстың басты принциптері,
экономикалық қатынастар, қоғамның саяси жүйелері нақтыланған. Осы бөлімде
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы (1-баптың 1-тармағы),
республика қызметінің түбегейлі принциптері (1-баптың 2-тармағы),
республика егемендігінің түсінігі (2-баптың 1-тармағы), мемлекеттік
биліктің бірден бір бастауы халық екендігі (3-баптың 1-тармағы), биліктің
заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуі (3-баптын 4-тармағы),
идеологиялық және саяси әр алуандылықтың танылуы.(5-баптың 1-тармағы),
меншіктің әр түрі және оның бірдей қорғалатыны (6-баптын Г-тармағы) т.б.
мәселелер нақты айқындалған.
Конституцияда көрсетілген осындай және басқа ережелердің мазмұны
конституциялық кұрылыстың мәнін білдіреді.
Республиканың егемендігі дегеніміз — ел ішіндегі мемлекеттік өкімет
билігінің үстемдігі және оның сыртқы саяси жағдайларға тәуелсіздігі болып
табылады. Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын камтиды (ҚР
Конституциясы, 2-баптың 2-тармағы).
Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабының 2-тармағына сәйкес
өз аумағының тұтастығын, оған қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз
етеді. Мемлекеттің аумағының түсінігі, оның шекарасы, Қазақстан
Республикасынын "Мемлекеттік шекарасы туралы" 1993 жылғы 13 қаңтардағы
арнаулы Заңында көрсетілген.
Мемлекетке опасыздықтың объективтік жағы ҚК-тің 165-бабының
диспозициясында көрсетілген. Оған жататындар: соғыс уақытында немесе қарулы
жанжал кезінде жау жағына шығып кету; шпиондық жасау; мемлекеттік құпияны
жатқа беру; Қазақстан Республикасына дұшпандық әрекет жүргізу мақсатымен
шетелдік мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе олардың өкілдеріне өзге де
көмек көрсету. Осы іс-әрекеттердің, біреуін істеу қылмыстың объективтік
жағынын орын алғандығын көрсетеді.
Соғыс уақытында немесе қарулы жанжал кезінде жау жағына шығып кету
дегеніміз — Қазақстан Республикасы азаматының жау басып алған аумақта
орналасқан жау жағына өз еркімен етуі, жауға көмек көрсетуі, жау жағының
тапсырмасымен өзі тұратын аумақта әртүрлі іс-әрекеттер істеуі; жау жағына
ерікті түрде шығып кетуі; тұтқын болуы сияқты әрекеттер жатады. Жау жағына
өз еркімен ету соғыс уақытында немесе қарулы жанжал кезінде ғана орын
алады. Бейбіт кездегі мұндай іс-әрекеттер ҚК-тің 330-бабында көрсетілген —
Қазақстан Республикасының күзетілетін мемлекеттік шекарасынан әдейі заңсыз
етуі қылмыс құрамын құрайды.
Мемлекетке опасыздықтың бұл түрі — Қазақстан Республикасы азаматының
шпиондық жасауы болып табылады. Қылмыстық кодекстің 166-бабында шпиондықтың
түсінігі берілген. Бұл түсінік ҚК-тің 165-бабындағы шпиондық деген ұғыммен
объектісі, объективтік жағы және субъективтік жағы бойынша ұқсас. Осы екі
бапта көрсетілген ұғымның айырмашылығы тек қылмыстың субъектісінде ғана.
Қылмыстық кодекстің 165-бабындағы шпиондық субъектісі — Қазақстан
Республикасының азаматы, ал 166-баптағы субъекті шетелдіктер, азаматтығы
жоқтар немесе басқа мемлекеттің азаматтары болуы мүмкін. Шпиондықтың
түсінігіне Қылмыстың кодекстің 166-бабына талдау жасағанда толық
тоқталамыз.
Шет мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе солардың өкіліне мемлекеттік
құпияны беру дегеніміз — Қазақстан Республикасы азаматының мемлекеттік
құпия болып табылатын мәліметтерді шет мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе
солардың өкілдеріне қасақана түрде хабарлауы болып табылады. Мемлекеттік
құпияның түсінігі Қазақстан Республикасының 1999 жылғы наурыздың 15-індегі
"Мемлекеттік құпия туралы" Заңында көрсетілген. Осы заңға сәйкес "Қазақстан
Республикасының қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін әскери саладағы, сыртқы,
саяси, экономикалық барлау, қарсы барлау және оперативтік іздестіру
қызметіне байланысты мәліметтер мемлекеттік құпияға жатады".
Мемлекеттік құпияны жатқа беру әртүрлі тәсілдермен ауызша, жазбаша,
схема түрінде, әртүрлі өнімдердін бейнелері арқылы жүзеге асуы мүмкін.
Мемлекеттік құпияны жатқа бергенде кінәлі адам қызметі немесе жұмысына
байланысты өзі білетін мемлекеттік құпия мәліметтерді жатқа береді.
Ал шпиондықта мұндай мәліметтерді кінәлі адам жинайды, ұрлайды. Міне
осы белгі бойынша бұл ұғымдар бір-бірінен ажыратылады. Қазақстан
Республикасына қарсы дұшпандық әрекет жүргізетін шетелдік мемлекетке,
шетелдік ұйымға немесе олардың өкілдеріне өзгедей көмек беруге (шпиондық
жасау мен мемлекеттік құпияны жатқа беруден басқа) мына іс-әрекеттерді
істеу жатады: шетел барлау агентін паналату немесе оны жалған кұжаттармен,
азық-түлікпен, қорғаныс құралдарымен жабдықтау; баспасөз құралдары арқылы
Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігі туралы, халықаралық
қатынастардағы оның беделін әлсірететін жалған мәлімдемелер жариялау;
республикаға басқыншылық соғысқа әзірленіп жатыр деген жалған жала жабу;
мемлекетаралық соғыс өртін насихаттайтын әртүрлі ұйымдарды құру, нәсілдік,
ұлттык жікшілдікті тудыратын насихатты өрістету; Қазақстан Республикасын
басқа мемлекеттермен қырғи қабақ соғыс жағдайына итермелейтін әртүрлі іс-
әрекеттер жасау,
Мемлекеттік опасыздық субъективтік жағынан тек кана тікелей
қасақаналық арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстық ниет әртүрлі көрініс алады,
бірақта ол қылмысты саралауға әсер етпейді.
Қылмыстың субъектісі болып 16-ға толған Қазақстан Республикасының
азаматы ғана танылады.
Қылмыстық кодекстің 165-бабыныңе ескертуіне сәйкес мемлекеттік
опасыздықты, сондай-ақ шпиондықты немесе өкіметті күшпен басып алу немесе
өкіметті күшпен ұстап тұру қылмыстарын жасаған адам, егер ол мемлекеттік
органдарға ерікті және дер кезінде хабарлаумен немесе өзгеше жолмен
Қазақстан Республикасының мүдделеріне залал келтіруді болдырмауға
жәрдемдессе және оның іс-әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса,
қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Шпиондық (166-бап)
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 166-бабына сәйкес
мемлекеттік немесе әскери құпияны кұрайтын мәліметтерді шетелдік
мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе олардың өкілдеріне беру, сол сияқты,
оларға бару мақсатында жинау, ұрлау немесе сақтау, сондай-ақ шетелдік
барлаудың тапсырмасы бойынша өзге де мәліметтерді Қазақстан Республикасының
сыртқы кауіпсіздігі мен егемендігіне зиян келтіре отырып пайдалану үшін
беру немесе жинау, егер осы әрекеттерді шетелдік азамат немесе азаматтығы
жоқ адам жасаса шпиондық деп танылады.
Шпиондықтың тікелей объектісі болып Қазақстан Республикасының сыртқы
қауіпсіздігі танылады. Шпиондықтың затына екі түрлі мәліметтер жатады: 1)
мемлекеттік немесе әскери құпиялар; 2) Қазақстан Республикасының сырты
қауіпсіздігі мен егемендігіне зиян келтіретін өзге де мәліметтер.
Шпиондықтың объективтік жағының белгілері: мемлекеттік немесе әскери
құпияны кұрайтын мәліметтерді беру, жинау, ұрлау немесе сақтау, сондай-ақ
шетелдік барлаудың тапсырмасы бойынша өзге де мәліметтерді беру немесе
жинау.
Бұл жерде беру деп осы бапта көрсетілген мәліметтерді шетелдік
мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе олардың өкілдеріне кез келген тәсілмен
жеткізу, хабарлау болып табылады.
Хабарлау немесе беру — ауызша, жазбаша, телефон арқылы, басқа біреу
арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Жинау дегеніміз осы бапта көрсетілген мәліметтерді әртүрлі
тәсілдермен (жеке бақылау арқылы; құпия объектілерді суретке түсіру; дыбыс
жазбаларын пайдалану; ақшаға сатып алу) табу немесе алу болып табылады.
Ұрлау деп заңға қайшы әрекеттермен мемлекеттік, соғыс құпиясы бар
мәліметтерді осы бапта айтылған өзге де мәліметтерді ұйымдардан,
кәсіпорындардан немесе жеке азаматтардан тегін алуды айтамыз.
Кінәлі адамның заңда көрсетілген осы мәліметтерді өзі тұратын мекен-
жайда немесе басқа жерде (саяжайда, тоғайда, бау-бақшасында) сақтауы да
мүмкін.
Шетелдік барлаудың тапсырмасы бойынша мемлекеттік немесе әскери
құпия болып табылмайтын өзге де мәліметтерді жинау, Қазақстан
Республикасының сыртқы қауіпсіздігі мен егемендігіне зиян келтіре отырып
пайдалану үшін берсе немесе жинаса ғана іс-әрекет шпиондық үшін белгіленген
қылмыс құрамын құрайды.
Субъективтік жағынан шпиондық тек қана тікелей қасақаналықпен жүзеге
асырылады. Қылмыстың субъектавтік жағының белгісі мемлекеттік немесе әскери
құпияны, өзге де мәліметтерді беру мақсаты болып табылады.
Шпиондықтың субъектісі болып 16-ға толған шетелдіктер немесе
азаматтығы жоқ адамдар танылады. Субъекті белгісі бойынша бұл кұрамды
мемлекеттік опасыздық құрамынан ажыратамыз.

ІІ Тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР
2.1 Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі мен қорғаныс
қабілетіне қарсы қылмыстар Мемлекет немесе қоғам кайраткерлерінің өміріне
қастандық жасау (167-бап)
Қылмыстық кодекстің 167-бабында террорлық акт туралы жауаптылық
қарастырылған. Осы бапқа сәйкес: мемлекеттік немесе қоғамдық қайраткердің
өміріне оның мемлекеттік немесе өзге саяси қызметіне не нақ сол қызметі
үшін кек алу мақсатында қастандық жасау террорлық акт деп танылады.
Қылмыстың тікелей объектісі болып республиканың саяси жүйесі,
қосымша тікелей объектісі мемлекеттік немесе қоғамдық қайраткердің өмірі
болып танылады. Мемлекеттік немесе қоғамдық қайраткердің өміріне
мемлекеттік немесе өзге саяси қызметіне нақ сол қызметі үшін кек алу
мақсатында қастандық жасаудың өзі мемлекеттің саяси жүйесіне, оның жоғары
мемлекеттік лауазымды адамдарының немесе қоғамдық қайраткерлердің
қауіпсіздігі мен өкілетті билігіне қылмысты кол сұғуды білдіреді.
Мемлекет қайраткері дегеніміз — еліміздің тікелей басқару,
экономикалық саяси, әлеуметтік саясатымен тікелей айналысатын жауапты
мемлекеттік өкімет билігінін лауазымды адамдарын айтамыз. Оған жататындар:
Республика Президенті, Парламент депутаттары, Премьер-Министрі, Вице-
премьерлер, Министрлер, Вице-министрлер, Жоғарғы Сот төрағасы, Жоғарғы
Сотмүшелері, Конституциялық Кеңестің төрағасы, оның мүшелері, Бас
Прокуратураның, Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің, Қауіпсіздік Кеңесінің
жауапты қызметкерлері, облыстың әкімдері және т.б.
Қоғамдық кайраткерлердің қатарына әртүрлі қоғамдық ұйымдардың, саяси
партиялардың жетекшілері немесе көрнекті мүшелері жатады.
Қылмыс объективтік жағынан мемлекеттік немесе қоғамдық қайраткердің
өміріне қастандық жасау арқылы жүзеге асырылады.
Қастандық деп мемлекет немесе қоғам қайраткерлерінің өмірін жою
мақсатымен түрлі тәсілдерді қолдана отырып істелген оқталғандық әрекет
немесе сондай адамды өлтіру. Қылмысты істеу тәсілдері мен қылмыс істегенде
пайдаланылған құралдар іс-әрекетті саралауға әсер етпейді. Бұлар жаза
тағайындағанда ғана есепке алынады. ҚК-тің 167-бабы келте қылмыс құрамына
жатады. Қылмыс жәбірленушінің өмірін жоюға бағытталған қастандық әрекетін
жасаған уақыттан бастап аяқталған деп есептелінеді. Осы бапта көрсетілген
қылмысты істеуге даярланғандық үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстің 24-бабы
І-тармағында көрсетілген ережелерге сай жүзеге асырылады.
Мемлекеттік немесе қоғамдық қайраткердің қатарына жатпайтын
мемлекеттік қызметшілердің, қоғамдық ұйымдардың өкілдерінің өміріне
қастандық жасалғанда кінәлінің іс-әрекеті адам өлтіру (96-бап) немесе сот
төрелігін немесе алдын ала тергеуді жүзеге асырушы адамдардың өміріне қол
сұғу (340-бап), сот төрелігін жүзеге асыруға немесе алдын ала тергеу
жүргізуге байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері (341-бап)
бойынша саралануы мүмкін.
Қылмыс субъективтік жағынан тек қана тікелей қасақаналықпен
істеледі. Субъективтік жақтың міндетті белгісі болып мемлекеттік немесе
қоғамдық қайраткердің оның мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін
тоқтату мақсаты немесе аталған қызметі үшін кек алу ниеті болып табылады.
Қылмыстың субъектісі болып 16-ға толған азаматтар танылады. Осы
қылмысқа байланысты 14-ке толған адамдар Қылмыстық кодекстін 15-бабының
ережелеріне сәйкес адам өлтіргені (96-бап) және адам өлтіруге дайындалғаны
және оқталғаны (24, 96-баптар) бойынша ғана қылмыстық жауапқа тартылады.
Осы қылмыстың ауырлататын түрі (167-баптың 2-тармағы) Қазақстан
Республикасының Президентіне қатысты жасалған әрекет болып табылады. Мұндай
әрекет үшін кінәліге қылмыстың қоғамдық қауіптілігі мен жәбірленушінің
статусына қарай көтеріңкі жаза мөлшері белгіленген.
Өкіметті күшпен басып алу немесе өкіметті күшпен ұстап тұру (168-
бап)
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 168-бабында Қазақстан
Республикасының Конституциясын бұзып өкіметті күшпен басып алуға немесе
өкіметті күшпен ұстап тұруға бағытталған, сол сияқты Қазақстан
Республикасының конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге бағытталған іс-
әрекеттер үшін жауаптылық көзделген.
Қылмыстың объектісі — республиканың саяси жүйесіне қылмысты қол сұғу
болып табылады.
Қылмыстың объективтік жағын: а) Конституцияны бұзып өкіметті күшпен
басып алу; б) өкіметті күшпен тұру немесе, в) Қазақстан Республикасының
конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге бағытталған іс-әрекеттер құрайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Қазақстан
Республикасында билікті ешкім де иемденіп кете алмайды. Билікті иемденіп
кетушілік заң бойынша қудаланады.
Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге Республика Президентінің,
сондай-ақ өзінің Конституциялық өкілеттілігі шегінде Парламенттің құқығы
бар. Республика Үкіметі мен өзге де мемлекеттік органдар мемлекет атынан
оларға берілген өкілеттіктері шегінде ғана билік жүргізеді (3-баптың 3-
тармағы).
Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар
негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінген (3-баптың 4-
тармағы).
Өкіметті күшпен басып алу дегеніміз — адамдар тобы, ұйымы болып
өзіне тиісті емес өкімет билігін күшпен, қару қолданып заңсыз басып алуды
айтамыз.
Өкіметті күшпен ұстап тұру деп — Қазақстан Республикасы
Конституциясы талаптарын бұза ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Диверсияның қылмыстық құқықтық сипаттамасы
Мемлекеттің конституциалық құрылыс негіздері мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар
Мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар туралы ақпарат
Мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарға жалпы сипаттама беру
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар жайлы
БЕЙБІТШІЛІК ПЕН АДАМЗАТ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Мемлекеттік опасыздық
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕ БӨЛІМІНІҢ ТҮСІНІГІ
Қылмыс құрамы материалдық
Пәндер