Салық төлеуден қашу себептері

 
    
Мемлекеттің бюджет жүйесінің аса маңызды құраушы негізі мемлекеттің салықтық құқықтынын көмегімен мәжбүрлеу арқылы алынатын міндетте төлемдер, салықтар, алымдар, баждар, төлем-ақылар және т. б. Яғни жинақтап айтқанда салықтық түсімдер болып есептелінеді.
Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің экологиялық - құқықтық маңызы олардың төленуіне байланысты туындайтын қаржылық - экономикалық және құқықтық қатынастарда, яғни салық төлеушілердің мемлекетке салықтық төлемнің затын (сомасын) берулері кезінде салық заңдарымен белгіленген салықтық құқықтық қатынасқа қатысушы мемлекет пен салық төлеушілер арасында туындайтын қатынастарда жарқын көрініс табады.
Салықтар. Экономикалық және әлеуметтік - саяси қатынастарды өзінің бойында жинақтаушы күрделі әрі, қоғам өмірінің көп аспектілі қаржылық - құқықтық құбылысы болып табылады. Сондықтан ол өзіне тән көптеген айырықша белгілермен ерекшеленді. Осы орайда салық
- Түсім көзі жалпы ұлттық табыстың белгіленген бөлігі болып табылатын төлем.
- Міндетті төлем.
- Жекелей - эквивалентсіз төлеем
- Қайтарылмайтын төлем.
- Мемлекет кірісін қалыптастыратын төлем.
- Ұдайы төлем.
- Мәжбүрлі төлем.
- Заң жүзінде белгілнген төлем.
- Құқыққа сай төлем.
- Жүзеге асырылуы кезінде төленетін салық сомасының меншік нысанының әрқашанда мемлекет меншік нысанында мемлкет меншік нысанына ауысуымен көрініс табатын төлем.
- Мөлшері алдын ала айқындалатын төлем.
Салық салу процесінде нақтылы салық төлеуші орындауға тиіс салықтық міндеттемелер салықтық заң актілерінде белгіленген әрбір салықтың құрамдас бөліктерінің жиынтығы - салық элементтері арқылы сайқындалады.
Салықтар - өте көп қырлы мемлекеттің даму кезеңдері өзгерген сайын нақтыландыратын ұдайы жүзеге асырылатын міндетті ақшалай төлем болып табылады.
Экономикалық қазіргі даму мүмкіндіктерін есепке ала отырып мемлекеттік қажеттіліктерге сай айқындалған салықтардың функциялары мемлекет белгіленген бағыт бойынша іске асырылады.
Салық - тұрақты экономикальщ қатынас туғызады.
Салықты белгілеуде тұрақты салық қатынастары пайда болады. Тұрақтылықты мынадан байқауға болады, яғни салық жеке түрде емес, нормативті құқықтық актілермен белгіленеді. Мәселен, бір тұлғаның нақты салық салу объектісі бар болса, ол салық міндеттемелерін орындаушы болып табылады.
Салық қатынастарының тұрақтылығы салық төлеу арқылы жүйелі төлемдерге алып бармауы тиіс. Кейбір салықтарда салық төлеушілер үшін салық төлеу жеке төлемдік сипатта болады (мысалы, мүлік салығын жеке азаматтар жылына бір рет төлейді) немесе кейде кенеттен салық төлеу сипаты пайда болады (мәселен, ойламаған жерден жасаған жұмысына жалақы алады) .
Азаматтардың мүлік салығын төлеген кезде, оның салық қатынастары қысқартылмайды, қайта салық төлеушілердің ағымдағы кезеңде төлеген салықтарымен қоса, келесі салық кезеңдерінде де салық төлеуге міндетті болады. Бұл процесс салық төлеушілердің меншік иесі ретінде құқынан айырылғанға дейін жалғасын таба береді.
Сонымен қатар салықтың құқықтың бірнеше белгілері бар, атап айтқанда:
• салықты - мемлекет немесе уәкілдік берілген мемлекеттік орган белгілейді;
• салық - құқықтық нысанда жүзеге асады;
• салық - мемлекеттің бір жақты белгіленімі болып табылады;
• салықты белгілеу арқылы салық міндеттемесі туындайды;
• салық - мәжбүрлеме сипатта болады;
• салық төлеу арқылы ақшаны алу құқықтық сипатта жүзеге асырылады.
Салықтың осы құқықтық белгілеріне кеңірек тоқталып өтейік.
Сальқты тек мемлекет қана белгілейді.
Мемлекеттік органның ешбірі салықты бекітуге және енгізуге құқы жоқ.
Салық - бұл мемлекеттің белгіленімі болып саналады.
Салық - осы белгісі арқылы басқа да міндетгі төлемдерден ерекшеленеді.
Сондықтан көптеген мемлекеттің салық заңдылықтарында салықты былайша қарастырады:
• біріншіден, салықты уәкілдік берілген мемлекеттік орган ғана бекіте алады;
• екіншіден, салықты белгілеу белгілі бір заң немесе нормативтік-құқықтық актілермен қатаң түрде жүзеге асырылады;
• үшіншіден, осы қабалданған құқықтық акт белгілі бір тәртіпке сәйкес жүргізіледі.
2. Салық құқықтық нысанда жүзеге асады.
Мемлекет салықты бекіту және еңгізу үшін құқықтық акт қабылдайды.
Мемлекеттің салық қызметін жүзеге асырудағы негізгі әдісі болып нормативті актілерді шығару табылады.
Салықтың құқықтық негізі ретінде - мемлекет шығарған нормативті акт қабылданады.
Салық элементтері және салық салудың шарпары осы құқықтық актіге сәйкес белгіленеді, өзгертіледі және жүзеге асырылады.
3. Салық мемлекеттің бір жақты белгіленімі бопып табылады.
Салық ұлт (халық, қоғам, азамат) және мемлекет арасындағы еркін түрде келісілген келісімнен кейін пайда болады. Мемлекет салықты белгілеуде барлық салык төлеушілермен келісімге келмейді, яғни олардың белгілі бір топтарымен немесе өкілдерімен ғана келісімге келуі мүмкін. Кейбір кездерде салықтық сувернитет жүзеге асырылады.
Салықтық суверенитет (егемендік) - мемлекеттің өзінің аймағындағы кейбір салық түрлерін кез келген мөлшерде өзгертуге және салық салу объектілерін белгілеуге, салық саясатын жүзеге асыруға құқы бар.
4. Салықты белгілеу арқылы салық міндеттемесі туындайды.
Қабылданған құқықтық акт негізінде белгіленген салық жеке және заңды тұлғаларға салық төлеуші ретінде салық міндеттемелерін жүктейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
 
            
                Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz