Уәкілетті орган



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Мемлекеттік статистика туралы 1997 жылғы 7 мамырдағы
№ 98-І Қазақстан Республикасының Заңы
(2001 жылғы 30 қаңтардағы № 154-ІІ; 2002 жылғы 15 қаңтардағы № 280-ІІ
Қазақстан Республикасының Заңымен енгізілген өзгертулермен және
толықтырулармен)

Осы Заң статистика қызметі саласындағы құқықтық қатынастарды реттейді,
уәкілетті органның және статистика қызметін жүргізуші мемлекеттік
органдардың өкілеттігі мен міндеттерін айқындайды.

1- тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

Осы Заңның күші жеке тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңды
тұлғаларына, өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге
асыратын заңды тұлғалардың-резидент еместердің филиалдары мен өкілдіктеріне
(бұдан әрі – заңды тұлғалар) қолданылады.

Осы Заң Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтік, демографиялық
және экологиялық (бұдан әрі - әлеуметтік-экономикалық) салаларында болып
жатқан құбылыстар мен процестер туралы статистикалық деректер жинаудың,
өңдеудің және таратудың негізгі принциптерін айқындайды.

2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

ведомстволық статистикалық байқаулар - Қазақстан Республикасының
мемлекеттік органдары жүргізетін байқаулар;

мемлекеттік статистика - мемлекеттік статистика органдары қалыптастыратын
бірыңғай статистикалық ақпарат жүйесі;

мемлекеттік статистикалық есептілік - жалпымемлекеттік және ведомстволық
статистикалық байқаулар, бұл орайда жеке тұлғалар, заңды тұлғалар және
олардың құрылымдық бөлімшелері хабарланатын мәліметтердің берілуі мен
дұрыстығына жауапты адамдар қол қойған есептерді мемлекеттік статистика
органдарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен
ұсынады;

статистикалық байқау - әлеуметтік-экономикалық өмірдің құбылыстары мен
процестері туралы деректерді алдын ала әзірленген бағдарлама бойынша тіркеу
арқылы жоспарлы түрде, ғылыми ұйымдастырып жинау. Мемлекеттік статистикалық
байқаулар жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулардан
тұрады;

жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар - уәкілетті орган жүргізетін
байқаулар;

бастапқы статистикалық ақпарат - статистикалық байқау жүргізілген кезде
мемлекеттік статистика органдарына статистикалық мақсаттарда пайдалану үшін
табыс етілген нақты жеке тұлға, заңды тұлға және оның құрылымдық бөлімшесі
туралы деректер;

статистикалық жұмыстар жоспары - Мемлекеттік статис-тиканы жетілдіру
бағдарламасы негізінде әзірленіп, уәкілетті орган ұйымдастыратын
мемлекеттік статистикалық байқаулар мен басқа да статистикалық жұмыстардың
толық тізбесі;

статистикалық байқау бағдарламаcы - байқау жүргізудің мақсаты мен
міндеттері, деректер жинау жүзеге асырылатын көрсеткіштердің (сұрақтардың)
тізбесі, нысан, сұрақтама, сауалдама, санақ парағы, есепке алу мөрқағазы
және басқа (бұдан әрі - статистикалық нысандар) түрінде ұсынылған, оларды
есептеп шығарудың әдістемесі және статистикалық байқау жүргізу жөніндегі
нұсқаулықтар;

тарату - құпия болып табылмайтын статистикалық ақпаратты пайдаланушылардың,
осы ақпаратты пайдалану нысандары мен құралдарына қарамастан, оған қол
жеткізуін қамтамасыз ету;

арнайы ұйымдастырылған статистикалық байқаулар - жалпымемлекеттік және
ведомстволық статистикалық байқаулар, бұл ретте бастапқы статистикалық
ақпаратты жинау есептер негізінде емес, басқа тәсілдермен жүзеге асырылады.
Бастапқы статистикалық ақпаратты жинау тәсілі бойынша сауалдамалық,
декларациялық, корреспонденттік және инспекциялық байқаулар, есепке алу
және санақ жүргізу болып бөлінеді;

статистикалық қызмет - қоғамдағы бұқаралық сипаты бар құбылыстардың сандық
деректерін статистикалық стандарттар негізінде жинауға, өңдеуге және
таратуға байланысты қызмет;

мемлекеттік статистикалық байқаулардың типтері - мемлекеттік статистикалық
есептілік және арнайы ұйымдастырылған статистикалық байқаулар;

уәкілетті орган - мемлекеттік статистикаға басшылықты жүзеге асыратын,
өкілеттігі Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын орталық
атқарушы орган.

3-бап. Қазақстан Республикасының статистика саласындағы мемлекеттік саясаты

Қазақстан Республикасының статистика саласындағы мемлекеттік саясаты ғылыми
әдістеме және халықаралық стандарттар негізінде бірыңғай статистикалық
ақпараттық жүйенің құрылуына, жұмыс істеуіне және жетілдірілуіне
бағытталған.

Бірыңғай статистикалық ақпараттық жүйе барлық жеке және заңды тұлғалардың
республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйі мен тенденцияларын
сипаттайтын статистикалық деректерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға
тиіс.

Қазақстан Республикасының статистика саласындағы мемлекеттік саясаты
әдіснамалық тұтастық және орталықтандыру принциптеріне құрылады. Уәкілетті
орган мемлекеттік органдардың статистикалық қызметін үйлестіруді жүзеге
асырады және мемлекеттік статистикалық байқаулар жүйесінде жетекші орын
алады. Уәкілетті органға қарағанда мемлекеттік органдар неғұрлым дұрыс
статистикалық көрсеткіштерді әзірлеуді қамтамасыз ететін болған жағдайда,
мемлекеттік органдар статистикалық байқаулар өткізеді.

Заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің, Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда жеке тұлғалардың
бастапқы статистикалық ақпаратты ұсынуы міндетті болып табылады және
өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік статистикалық байқаулардың жалпы санын Қазақстан
Республикасының Үкіметі Cтатистикалық жұмыстар жоспары мен жалпымемлекеттік
және ведомстволық статистикалық есептілік нысандарының тізбелерін бекіту
арқылы бақылайды. Уәкілетті орган мен басқа да мемлекеттік органдар
мемлекеттік статистикалық есептілік жинауды жалпымемлекеттік және
ведомстволық статистикалық есептілік нысандарының бекітілген тізбесі
шегінде жүзеге асырады.

4-бап. Статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға
қойылатын негізгі талаптар

Статистикалық қызмет жүргізетін уәкілетті орган мен мемлекеттік органдар:

статистикалық көрсеткіштердің тұтастығын, дұрыстығын және жеткіліктілігін;

Қазақстан Республикасында болып жатқан экономикалық және әлеуметтік
процестердің және олардың даму тенденцияларының жан-жақты және дұрыс
зерделенуін, қорытындылануы мен талдануын;

статистикалық ақпараттың Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген
шектерде қол жететіндей және ашық болуын;

қолданылатын әдістеменің және есептелген негізгі көрсеткіштердің
халықаралық тәжірибеде пайдаланылатын статистикалық стандарттармен
салыстырмалылығын қамтамасыз етеді.

5-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік  статистика саласындағы
заңдары

Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңдары
Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және осы Заң мен
соған сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік
құқықтық актілерінен тұрады.

Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта Қазақстан
Республикасының заң актілеріндегіден өзге ережелер белгіленген болса, онда
халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

6-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы халық- аралық ынтымақтастық

Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттер немесе халықаралық ұйымдар
арасындағы мемлекеттік статистика саласындағы өзара қарым-қатынастар
екіжақты және көпжақты халықаралық шарттар, Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген тәртіппен тең құқылық және өзара мүдделер
прициптерінде Қазақстан Республикасының уәкілетті органы мен басқа
мемлекеттердің статистика органдары және халықаралық ұйымдар арасында
тікелей жасасылған шарттар негізінде айқындалады.

2-тарау. Мемлекеттік статистиканы  ұйымдастыру

7-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика органдары

Статистикалық қызметті Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистикасын
қалыптастыратын органдар:

уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері;

статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

8-бап. Уәкілетті орган

Уәкілетті орган статистика саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлейді және
жүзеге асырады, Қазақстан Республикасында статистиканы жетілдіру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық валютадағы түсімдер бойынша бюджеттің атқарылуы
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі жайлы ақпарат
Алымдар мен төлемақы түрлері және оларды есептеу мен төлеу тәртібі
Мемлекеттік бюджетке төленетін басқа да төлемдер мен алымдардың экономикалық мәні
Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңы және жалпы ережелері
Су қоры жерлерін берудің тәртібі
Мемлекеттік бюджетке төленетін басқа да төлемдер төлемақылардың экономикалық мәні
Алымдар және оларды есептеу мен төлеу тәртібі
Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлерi
Пәндер