Мемлекеттік меншік құқығының субъектілері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе

І МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ
1.1 Мемлекеттік меншік құқығының субъектілері
1.2 Мемлекеттік меншік құқығының объектілері
1.3 Мемлекеттік меншік құқығының мазмұны

ІІ МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ
2.1 Мемлекеттік және коммуналдық кәсіпорындарды мемлекет иелігінен алу және
жекешелендіру
2.2 Шаруашылық жүргізу құқығы
2.3 Оралымды басқару құқығы

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Азаматтық айналым субьектілердің нақты азаматтық құқықтарын ғана танып
қоймайды, сонымен қатар олардың құқықтық қорғалуын қамтамасыз етеді. Заттық
құқықтар мен меншік құқығы ішінара шектеу болып табылмайды. Меншік құқығын
қорғау институтына римдік жеке құқық кезеңінен бастап маңызды мағына
берілген. Ал римдік жеке құқық аппараттық түсініктің негізін қалыптастырды.
Бұл зерттеудің маңыздылығы мынада көрініс табады, яғни меншіктің
экономикалық қатынастары әрбір қоғамның негізін құрады, ал құқықтық реттеу
осы қатынастырды бекітетін, реттейтін және қорғайтын нормалардың жүйесі
ретінде пайда болады және сақталады. Қазіргі Қазақстан жағдайында меншік
айрықша мағынаға ие, себебі, ол саяси және экономикалық өзгерістің
түбегейлі базисі, демократияның қайнар көзі, сонымен қатар құқықтық
мемлекетті құрудың негізгі шарты болып табылады.Сол себепті меншік
қатынастарын қорғау барлық құқықтық жүйенің маңызды мақсаты болып табылады.
Қазақстан Республикасында жеке меншік құқығының әрекет етуінің
фундаментальді кепілі Конституцияның 6 – ші бабында бекітілген, яғни
Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және
бірдей қорғалады.
Бұл норма жоғарғы адамзат құндылығының құқықтары мен бостандықтарын
жариялаумен тығыз байланысты, ал оларды тану, сақтау және қорғау
мемлекеттің міндеті, және экономикалық жүйеде жеке меншік үшін тиімді жеке
қызығушылықты сақтауға тырысады және оған ерекше көңіл бөледі.
Конституция меншіктің барлық нысандарын қорғауға кепілдік береді.
Мемлекеттік меншіктің ерекшелігі мен социалистік қорғау мүмкіндігін
бекітетін бұрынғы заңнамаға қарағанда, қазіргі әрекет ететін заңнамада
меншікке қарсы қылмыстарды саралау және санкциялау бірлігі қағидасы
қолданылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мемлекет ретінде меншік
құқығын әртүрлі нысанды тең негізде қорғайды.
Меншік құқығын қорғау презумциясын Қазақстан Республикасы
Констиуциясының 26 бабын айта кету қажет. Қазақстан Республикасының әрбір
азаматы заңды түрде алған мүлікті жеке меншігінде иеленуге құқығы
бар.Сонымен қатар, меншік және мұрагерлік құқық заңмен кепілденеді.
Осы бапқа сәйкес ешқандай адам өз мүлкінен айырыла алмайды, тек сот
шешімімен. Заңда көзделген ерекше жағдайларды мемлекеттік қажеттілік үшін
мүлік мәжбүрлі түрде алынады, бірақ оның құны тең бағамен өтелген кезде
жүргізілуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Конституциясының 26 бабының 4 –
ші тармағында бекітілген, әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз
мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы
бар. Яғни мұнда азаматтық айналым субъектілерінің азаматтық құқықтары
кедергісіз пайдалану туралы белгіленген.Аталған Конституциялық нормамен
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 8 – ші бабы байланысты:
Азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне тиесілі азаматтық құқықтарды
пайдалануға құқығы бар және қорғауға.
Меншік құқығы Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымының
негізгілерінің бірі болғандықтан қазақстандық құқықтық жүйенің негізгі
институты болып табылады.
Жалпы зерттеудің мақсаты мемлекеттік меншік құқығының мәселелерін
белгілеуден тұрады, сонымен қатар мемлекеттік меншікке байланысты
сұрақтарды зерттеу және қорғау болып табылады.
Бұл жұмыста келесі авторлардың еңбектері пайдаланылған: Басин Ю.Г.,
Сулейменов М.К., Агаркова, Төлеуғалиев Ғ., Скрябин В.С. және тағы басқалар.

І МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ

1.1 Мемлекеттік меншік құқығының субъектілері

Мемлекеттік меншік Конституциямен (6-бап), Азаматтық кодекспен (192-
бап) меншіктің бір түрі ретінде бекітілген.
Азаматтық кодексте азаматтық-құқықтық қатынастардағы барлық
қатысушылардың тендігі көзделген.
Азаматтық кодекстің 111—114-баптарына сәйкес мемлекет азаматтық-
құкықтық қатынаста өзіндік егемендік иммунитетін көрсетпейді, қайта
азаматтық зандармен реттелетін қатынастарға осы қатынастардың өзге
қатысушыларымен тең негіздерде қатынасады. Мысалы, мемлекетке және
әкімшілік-аумақтық бөліністерге заңды тұлғалардың азаматтық заңдармен
реттелетін қатынастарға қатысуын анықтайтын нормалар, егер заң құжаттарынан
өзге норма туындамайтын болса, қолданылады (АК-тің 114-бабы) және азаматтық-
құқықтық дауларды Қазақстан Республикасының қатысуымен соттар шешеді (АК-
тің 111-бабы 3-тармағы).
Мемлекеттік меншік қатынасы теңдікті жариялай отырып, бірақ белгілі
бір ерекшеліктерге ие:
а) мемлекет егеменді биліктің иесі, ол осыған орай заңдар қабылдап,
әкімшілік актілерін шығарады;
ә) мемлекет занды тұлға болып табылмайды, сондықтан да оның атынан өкімет
билігі мен басқару органдары әрекет етеді, олар өздерінің құзыреті шегінде,
белгіленген заңдар мен ережелер шеңберінде кңмылдайды;
б) мемлекеттік меншіктің аумағы зор, ол кез келген мүлікті, оның ішінде
айналымнан алынған немесе шектелгендерін де иелене алады;
в) мүлікті меншікке алуда әртүрлі тәсілдер қолданады, айталық, салық,
бажсалығы, жинау және т.б. бар;
г) мемлекеттік меншік негізінде әлеуметтік міндеттер жүзеге асады, яғни
тұрғындарды күнкөріске қажеттілікпен қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік меншік құқығын объективтік мағынада Қазақстан
Республикасы атынан мемлекетке жататын материалдық игіліктерді бекітетін
және қорғайтын құқықтық нормалардың жиынтығы деп түсіну керек және де ол
мемлекеттік мүлікті иеленуге, пайдалануға және билік етуге байланысты
тәртіп жүйесін бекітеді.
Мемлекеттік меншік құқығы субъективтік мағынада мүлікті иелену,
пайдалану және билік ету жөнінде мемлекеттің өкілеттігіне жататын
құқықтардан тұрады, мемлекет оның Қазақстан халқының мүддесі жолында өз
қалауы бойынша жүзеге асырады.

Мемлекеттік меншік құқығының субъектісі мемлекет болып табылады.
Мемлекеттік меншікті басқару және меншік иесінің құқықтық өкілеттігін
жүзеге асыру мемлекеттік билік органдары арқылы жүзеге асады. Заңда
көрсетілген немесе Қазақстан Республикасы тапсырмасы болған ретте оның
атынан басқа мемлекеттік органдар, занды тұлғалар мен азаматтар әрекет
етеді. Конституцияның 66-бабы, 4)-тармақшасына сәйкес ҚР Үкіметіне
мемлекеттік меншікті басқаруды ұйым-дастыру жүктелген. Қазақстан
Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар 1995 жылы 18-
желтоқсанда қабылданған "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы"
Жарлығының 9-бабы 8-тармағына сәйкес Үкімет мемлекеттік меншікті басқаруды
ұйымдастырады, оны пайдалану жөніндегі шараларды жасап әрі жүзеге асырады,
Қазақстан Республикасы аумағында мемлекеттік меншіктің құқығын қорғауды
қамтамасыз етеді. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы Үкіметіне мемлекеттік
меншік құқығының субъектісі ретіндегі міндеті жүктелген. Демек, Үкімет
мемлекеттік мүлікке қатысты кез келген әрекетті жасай алады, ҚР Үкіметіне
конституциялық бекітілген өкілеттігіне орай өзіне мемлекеттік меншікті
басқаруды ұйымдастыру тапсырылғандықтан, оны өзі немесе өкілетті органдары
арқылы жүзеге асырады, яғни осыған орай мемлекеттік меншікті иелену,
пайдалану және билік ету мәселелерін шешеді.
"Мемлекеттік кәсіпорындар туралы" Жарлықтың 1-бабы негізінде
мемлекеттік кәсіпорындар мынадай түрге бөлінеді:
а) республикалық меншіктегі — республикалық мемлекеттік кәсіпорындар;
ә) коммуналдық меншіктегі — коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар.
Республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға байланысты мемлекеттік
меншік субъектісі министрліктер, мемлекеттік комитеттер, ведомстволар,
министрліктердің бірқатар департаменттері және басқа өкілетті органдар,
оған өкілдік ете алатын әкімдер болып есептеледі. 1996 жылы 25 маусымда
Үкімет қаулысымен бекітілген республикалық Мемлекеттік кәсіпорындардың
тізбесі бекітілген еді, ал коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесін
"Мемлекеттік кәсіпорындар туралы" Жарлықтың 2-бабына сәйкес жергілікті
әкімдер бекітеді.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, заңда көзделген немесе мемлекеттің
арнайы тапсырмасымен мемлекет атынан басқа мемлекеттік органдар, заңды
тұлғалар мен азаматтар әрекет ете алады. Мысалы, Қазақстан Республикасының
1997 жылғы 21 қаңтардағы Банкроттық туралы Заңының 105-бабы 8-тармағында:
"Мемлекеттік кәсіпорындардың, сондай-ақ жарғылық капиталындағы мемлекеттің
үлесі 50 пайыздан астам болатын шаруашылық серіктестіктерінің төлем
қабілетсіздігін оңалтуды жүргізуге уәкілдік берілген органдарға (ұйымдарға)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік мүлік иесінің құқықтарын
беруі мүмкін деп көрсетілген.

1.2 Мемлекеттік меншік құқығының объектілері

Мемлекеттік меншік объектілеріне мыналар жатады:
1) қозғалмалы және қозғалмайтын заттар;
2) ақша, шетелдік валюта;
3) бағалы қағаздар;
4) міндеттемелік және басқалай заттық құқықтар мен міндеттер.
Қазіргі заң мемлекеттік занды тұлғалардың мүлкін айыруда қор
жөніндегі бұрынғы дәрежелеуді сақтаған (АК-тің 200-бабы). Қоғамдық өнім
экономикалық түрде бөлінеді, ол қоғамдық өнімнің құрамындағы қажетті бөліну
мен мақсатты бөлінуге негізделеді.
Бүгінгі таңда мүлікті қор бойынша дәрежелеу экономикалық жағынан
құнды әрі кәсіпорынның бухгалтерлік есебін, мүлік есептеуге жүргізуге
оңтайлы келеді. Әрине, мүліктерді негізгі қорға, айналым қаржысы, шикізат,
дайын өнім тәрізді қорларға бөлу белгілі бір практикалық мәнге ие, өйткені
олардың әрқайсысының өзіне тән құқылық тәртібі бар. Бірақ та ендігі жерде
жалпы азаматтық занда занды тұлғаның қай қорды, қандай көлемде және қандай
мақсатта құратынын оның тек өзі шешетіндігі айқындалған. Қазіргі қолданылып
жүрген заңдар нормаларында мүлікті мақсатты пайдаланудан бас тарту принципі
бекітілген, демек, қорлар бойынша мүлікті шектеу енді жоқ (АК-тің 44-бабы).
Жоғарыда айтылғандай, мемлекеттік меншік республикалық мемлекеттік
меншік және коммуналдық мемлекеттік меншік болып бөлінеді. Азаматтық
кодекстің 192-бабының 2-тармағына сәйкес республикалық мемлекеттік
меншіктің объектісіне жататындар: республикалық меншік республикалық
қазынадан және заң құжаттарына сәйкес мемлекеттік республикалық заңды
тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады. Бұрынғы Азаматтық кодексте
болмаған "қазына" деген ұғым пайда болды. Қазақстан Республикасының
мемлекеттік қазынасына республикалық бюджет қаражаты, алтын-валюта қоры
және алмас қоры, мемлекеттік меншіктің 193-бабында аталған объектілері
(жер, оның қойнауы, су, жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар) және
мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мемлекеттік мүлік
жатады.
Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесі туралы" 1999 жылы 1-
сәуірдегі Заңына сәйкес республикалық бюджет Қазақстан Республикасының
Заңымен бекітілген түсімдермен бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті
пайдалану) есебінен қалыптастырылатын және өзіне Қазақстан Республикасы,
Конституция мен заң актілері арқылы жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін Республикалық бюджет
бағдарламаларын қаржыландыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры —
Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлейтін және республикалық бюджеттен
қаржыландыратын жалпымемлекеттік маңызы бар бағдарламалардан тұрады. Бюджет
тиісті қаржы жылына арналған Үкімет қабылдаған Қазақстан Республикасының
әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарының негізінде
Қазақстан Республикасы Президентінін Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын
ескере отырып қалыптастырылады.
Республикалық бюджетке түсетін түсімдер:
1) республикалық бюджеттің кірістері (арнайы экономикалық аймақтардың қаржы
қорларына (бюджеттеріне) есептелетін сомадан басқа), олар мыналардан
тұрады:
а) салықтардан, адамдардан және басқа да міндетті төлемдерден алынатын
түсімдер;
ә) салықтық емес түсімдер;
б) капиталмен жүргізілетін операцияардан алынатын кірістер;
2) алынған ресми трансферттер (гранттар);
3) республикалық бюджеттен бұрын берілген несие бойынша негізгі борышты
өтеу (Заңның 7-бабы).
Азаматтық кодекстің 192-бабы 2-тармағына сәйкес мемлекеттік қазынаны
алтын-валюта қоры және алмас қоры құрайды. Қазақстан Республикасы
Презңдентінің 1995 жылы 30 наурызда қабылдаған "Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі туралы" және 1995 жылғы 20 шілдедегі "Бағалы металдар мен
бағалы тастарға байланысты мемлекеттік қатынастарды реттеу туралы"
Жарлықтары өзгерістер енгізілгеннен кейін оны "алтын-валюта қоры және
бағалы металдар мен бағалы тастардың үкіметтік резерві" деп атайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің алтын-валюта қоры қазақстандық
теңгенің ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін құрылып,
пайдаланылады. Және де ол шетелде сақталатын алтын, шетелдік валюта, мәнет,
банк қаржысынаи және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінде сақталатын
валюталық құндылықтардан тұрады. Сондай-ақ халықаралық танылған кез келген
актив қорлары; аударылатын вексельдер, жай және қазыналық вексельдер (шет
мемлекеттер мен халықаралық қаржы мекемелері арқылы шығарылып,
кепілдендірілген), басқа да сыртқы активтер (кірістер), қорлардың сатып алу
құнын сақтау да алтын-валюта қорына жатады.
Алтын-валюта қорын несие ретінде беруге болмайды, Қазақстан
Республикасының Президенті шешімдерінде қаралған реттерден басқа жағдайда
Қазақстан Республикасы резиденті болсын, болмасын кепілдік және басқа
міндеттілікті ұсынуға да жол берілмейді.
Алтын-валюта қорын толықтыруды Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісі
жүргізеді (Жарлықтың 58-бабы).
Бағалы металдар мен бағалы тастардың үкіметтік қоры бағалы металл,
оның ішінде алтыннан және бағалы тастардан, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы Үкіметінің республикалық бюджетте қаралған қаржыға сатып алған
зергерлік бұйымдарынан, тәркіленген немесе қараусыз қалған, кейін мемлекет
меншігіне өткізілген мүліктерден, табылған көмбеден, тарихи және мәдени
ескерткіштерге қазба жұмыстарын жүргізген кезде табылған бағалы металдар
мен бағалы тастардан, бұйымдардан құралады.
Мемлекеттік (бюджеттік) қор Мемлекеттік күзетте сақталады. Бұл қорға
тапсырылған құндылықтарды беру, есептеу, сату және оған өткізу Қазақстан
Республикасы Үкіметінің шешімімен жүзеге асады (Жарлықтың 11-бабы).
Қазынаға сондай-ақ мынадай мемлекеттік меншік объектілері де жатады:
жер, оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи
ресурстар (ҚР АК-тің 193-бабы). Жер, сондай-ақ заңда белгіленген
негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін (Қазақстан
Республикасының Конституциясы 6-бабы, 3-тармағы).
Заңда тек мемлекет қана меншік иесі болатын мүліктердің тізбесі толық
қамтылмаған.
Табиғи ресурстарға меншік құқығын жүзеге асыру ерекшеліктері былайша
ерекшеленеді:
а) табиғи ресурстарды пайдалану өзге мүліктерді пайдаланудан айтарлықтай
ерекшеліктерге ие; сондықтан да ол белгілі бір мақсатпен қолданылады, бұл
орайда табиғатқа залалы тимеуі тиіс;
ә) аталған ресурстарды үнемі бақылап отыру, сол үшін арнайы жүйе-мониторинг
қарастырылған;
б) табиғат объектілеріне жасалған залал белгілі бір уақыт өткен соң
көрінеді; в) арнайы өкілеттігі бар 6ақылаудың тұтастай жүйелері болады
(жерді, орманды бақылайтын органдар т.б.);
г) тиісті мемлекеттік органдардың табиғат объектілерін пайдаланушылар
қызметіне араласу құқығы ескерілген.
Қазіргі заң республикалық кәсіпорындарға мүлікке шаруашылық жүргізу
құқығын, ал қазыналық кәсіпорындарға, мемлекеттік мекемелерге оралымды
басқару құқығын бекіткен.
Азаматтық кодекстің 192-бабы 3-тармағына сәйкес коммуналдық меншік
жергілікті қазынадан және заң құжаттарына сәйкес коммуналдық заңды
тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады.
Жергілікті бюджет қаражаты мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп
берілмеген өзге де коммуналдық мүлік жергілікті қазынаны құрайды.
Конституцияның 87-бабында жергілікті атқарушы органдардың қарауына
коммуналдық меншікті басқару да енеді делінген. Бұл меншіктің жаңа түрі
пайда болды деген сөз емес.
Коммуналдық меншіктің ерекшелігі оның қызметінің жергілікті
мәселелерге арналып, белгілі мақсатқа жұмылдырылатындығымен ерекшеленеді.

1.3 Мемлекеттік меншік құқығының мазмұны

Мемлекет Азаматтық кодекстің 192-бабы негізінде мемлекеттік мүліктің
біртұтас меншік иесі болып табылады. Оның иелену, пайдалану және билік ету
тәрізді құқықтық өкілеттіктеріне ешкім де ешқашан шек қоя алмайды. Яғни
мемлекет өзі үшін заң шығарып, мемлекеттік мүлікті пайдалану тәртібін
айқындап отырады.
Қазақстан Республикасы азаматтық құқықтың субъектісі ретінде
мемлекеттік меншікті өзінің органдары арқылы басқарады, солардың ішінде
мемлекеттік заңды тұлғалар арқылы да басқарады.
Мемлекеттің иелену құқығы дегеніміз, қарамағындағы заңмен қорғалатан
мемлекеттік мүліктерді мемлекеттік органдарға немесе кейбір бөліктерін
кәсіпорындар мен мекемелердің шаруашылық жүргізу және оралымды басқару
құқықтарына беруге қарамастан өзінің құзыретінде қала береді. Мемлекет
өзінің кәсіпорындарында, қазыналық кәсіпорындар мен мекемелерге мүлікті
иелену құқығын бергенімен, мемлекет меншік иесі ретінде бұл мүліктерге
иелену құқығын сақтайды. Өйткені, мемлекеттік заңды тұлғалардың құқықтық
өкілеттікті иеленуі мемлекет иелігін жоққа шығармайды, ол көлемі бойынша
да, мақсаты бойынша да бір-біріне сай келмейді. Мемлекеттік заңды
тұлғалардың иелену құқығы мемлекеттік иелену құқығымен салыстырғанда, оның
бір бөлшегі, тұтас нәрсенің бір бөлігіндей ғана болады. Мемлекеттік
кәсіпорын, қазыналық кәсіпорын және мекемелер салалық мүліктік кешен
ретінде мемлекеттік меншіктің объектісі болып табылады, демек оның
иелігінде болады. ("Мемлекеттік кәсіпорын туралы" Жарлықтың 12-бабы).
Пайдалану құқығы дегеніміз, мемлекеттік мүліктен мемлекет пен жалпы
қоғам мүддесі үшін пайданың бәрін алуға байланысты мемлекеттің өзіне тән
мүмкіндігі болып табылады.
Мемлекеттің билік ету құқығы мемлекеттік мүлікті иелену мен
пайдалану, мүлікті бөлу, ұтымды құқықтық әдістерді айқындау, сол арқылы
мемлекеттік меншікті басқаруды өз дәрежесінде жүзеге асыру тәртібін
белгілеуінен тұрады. Мемлекеттің билік ету құқығы жаңа нормаларды шығару,
оларды өзгерту мен тоқтату, сондай-ақ оралымды қызмет процесінде өндірістің
қаржылары мен өнімдерін ұйымдастыру жөніндегі әкімшілік актілердің көмегін
пайдалана отырып жүзеге асырады.
Мемлекеттік биліктің билік етуге байланысты қатынастары Азаматтық
кодекстен басқа да көптеген заң актілерімен реттеледі. Мысалы,
"Жекешелеңдіру туралы" Жарлықтың 16-бабы негізінде жекешелендіруге жататын
кәсіпорын занды тәртіпке сай акционерлік қоғамға айналуы мүмкін, бұл орайда
кейіннен сатып алу құқығы сенімділік басқаруға немесе жалға беріледі.

ІІ МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ

2.1 Мемлекеттік және коммуналдық кәсіпорындарды мемлекет иелігінен алу
және жекешелендіру

Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру — мемлекеттік мүліктерді
қазіргі уақытта Қазақстан Республикасындағы меншікті ұйымдастыру шаралары
женіндегі жүйенің күрделі мәселесі болып есептеледі.
Ғылыми әдебиетте және тәжірибеде "мемлекет иелігінен алу" және
"жекешелендіру" синоним ретінде қолданылғанымен, шын мәнінде олар бір-
біріне дөп келе бермейді.
1991 жылы 1-маусымдағы КСРО-ның "Мемлекет иелігінен алу мен
жекешелендірудің бастапқы негіздері туралы" заңы мен 1991 жылғы 22
маусымдағы Қазақ КСР-інің "Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру
туралы"1 Заңы меншікті реформалаудың екі жолын қарастырған болатын:
мемлекет иелігінен алу немесе "мемлекеттік кәсіпорындарды меншіктің басқа
түріндегі (мемлекеттік емес) кәсіпорындарға айналдыру" және жекешелендіру
жолымен — мемлекеттік мүлікті азаматтар мен занды тұлғалардың меншігіне
алуы (1-бап).
Заң әдебиеттеріне сүйенсек, мемлекет иелігінен алу дегеніміз,
мемлекеттік кәсіпорындарды, басқа шаруашылық және тұтыну құрылымдарын
әкімшілдік-әміршілік әрекет ықпалынан шығарудағы нормативті реттелген
процесс болып шығады. Сол арқылы мемлекеттік басқару органдарының
жекешелендіру мен монополиясыздандыру көзінде бөгде әрекеттеріне тосқауыл
қойылады. Ал жекешелендіру дегеніміз, мемлекеттік меншікті жеке, заңды
тұлғалардың және шетелдік занды тұлғаларының мемлекеттің келісімі арқылы
заң бойынша жүзеге асуы ("Жекешелендіру туралы" Жарлықтың 1-бабы).
Қазақстан Республикасындағы қазіргі зандарда "жекешелендіру" деген
бір ғана термин қолданылады.
Қазақстан Республикасында жекешелендіру сатылы негізде өтуде.
Қазақстандағы бірінші сатыда мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру
салдары: кәсіпорындар еңбек ұжымдарына кейін сатып алу құқығымен жалға
берілді, сөйтіп ол ұжымдық кәсіпорынға айналды; кейбір жағдайда еңбек
ұжымдары мемлекеттік мүлікті тегін сатып алу мүмкіндігін иеленді;
тұрғындарға жекешелендіруге жекешелендіру купондары арқылы тарту жүзеге
асты (бірақ қалай істеу тәртібі болмады; аукцион, конкурс және басқа арқылы
сату т.б.).
Сонымен мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру негізінен
мемлекеттік кәсіпорындарды жалға берумен ұжымдық кәсіпорындарға
айналдыруымен немесе еңбек ұжымдарының меншігіне беруімен шектелді. Қазпқ
КСР-інің "Жалға беру туралы" 1990жылғы 22-ақпандағы Заңы соның бір мысалы
бола алады. Бұл занда мемлекеттік кәсіпорындарды жалға беру үлкен орын
алды. Мысалы, кәсіпорындарды жалға беру (аренда) еңбек ұжымының жалға
берілетін мүлікті сатып алу арқылы кейін ұжымдық кәсіпорынға айналуға себеп
болды. Қазақ КСР-інің "Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы"
Заңының 25-бабына сәйкес еңбек ұжымы ен алдымен кәсіпорынды сатып алу
құқығын алды, мемлекеттік кәсіпорынға жататын құрал-жабдықтың бір бөлігін
сатып алу үшін пайдалануына мүмкіндік ашылды: еңбек ұжымы алатын мүліктің
тек 50 процент құнын төлеу жеңілдігіне ие болды, сондай-ақ өндірістік және
әлеуметтік инфрақұрылымдардың объектілерін меншігіне тегін алу құқығын
иеленді; кәсіпорын сауда жасап, түсірген пайдасының бір бөлігіне салық
төлеуден босату тәрізді жеңілдіктерді еншіледі.
Алайда мемлекет меншігін еңбек ұжымдарының меншігіне беру
экономикалық проблемаларды шеше қойған жоқ, өйткені, жұмыскерлер
бұрынғысынша істі басқарудан тыс қала берді де өзінің күнделікті кірісіне
көп онша ықыласты болған жоқ, сайып келгенде жеке адам тап осы әдістен
қайыр көре алмады да, кәсіпорынның болашағына бас ауыртып жатаады. Соның
салдарынан келіп ақыры "Жалға беру туралы", "Мемлекет иелігінен алу және
жекешелендіру туралы" бұрынғы Зандар күшін жойды.
1993 жылы 5-наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен
"Қазақстан Республикасындағы мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің
Ұлттық бағдарламасы" 1993-1995 жылдарға арналып бекітілді (бұл 2-ші кезең).
Оның ерекшеліктері мынадай еді: мемлекеттік секторды акционерлендіру;
дербес жобалар бойынша жекешелендіру; шағын жекешелендіру; агроөнеркәсіптік
кешенінде жекешелендіру. Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік
кәсіпорындарды акционерлік қоғамдарға айналдыру жөніндегі ұйымдастыру
шаралары туралы" Жарлығы негізінде еңбек ұжымының қызмегкерлері 10 пайызға
дейінгі акцияны тегін алу құқығын алды. Жаппай жекешелендіру объектілері
бойынша акциялардьщ көлемінде 51 пайызы купондық аукциондық инвестициялық
жекешелендіру қорларына тұрғындардың жекешелендіру инвестициялық
купондарына сатылуы тиіс; акциялардың қалған бөлігі (39 пайызы) қор
биржалары, аукциондар, конкурстар арқылы ақшаға сатылады; кәсіпорын
басшылары Президенттің жеке шешімі бойынша акциялардың 5 пайызының
номиналдық құнын алу мүмкіндігіне ие болды.
Жекешелендіру туралы заңның одан әрі дамуы Қазақстан Республикасы
Президентінің 1995 жылғы 23-желтоқсандағы заң күші бар "Жекешелендіру
туралы" Жарлығы аясында жүзеге асты. Айта кетелік, бұл Жарлық 1996 жылдың 1-
қаңтарынан бастап күшіне еніп, Қазақстан Республикасындағы жекешелендірудің
шын мәніндегі үшінші кезеңін бастады. Жарлық нормаларын жүзеге асыру үшін
Қазақстан Республикасының Үкіметі 1996 жылы 7-ақпанда қаулы қабылдап,
Мемлекеттік меншікті жекешелендірудің 1996-1998 жылдарға арналған
бағдарламасын бекітті, ал қазір Үкіметтің 1999 жылы 1 мамырда қабылдаған
қаулысымен 1999-2000 жылдар (4 кезең) жекешелендірудің жаңа бағдарламасы
жүріп жатыр.
"Жекешелендіру туралы" Президенттің заң күші бар Жарлығы
жекешелендірудің неғұрлым маңызды белгілерін айқындап берді:
1) жекешелендірілген мүліктің мемлекеттік және коммуналдық меншікке
жататындығы;
2) жекешелендірілетін объектіні сатып алушының жеке меншіктің субъектісіне
қатыстылығы. "Жекешелендіру туралы" заңға сәйкес басқа да белгілердің болу
мүмкіндігі.
"Жекешелендіру туралы" Жарлыққа сәйкес жекешелендіру мынадай түрлерде
жүзеге асырылады:
1) сауда-саттықта сату (аукциондевдер);
2) тікелей бәсекелі сату (Жарлықтың 12-бабы).
Қазақстан Республикасының Үкімеіі белгілейтін Қазақстан
Республикасының мемлекеттік қауіпсіздігіне, айналадағы табиғи ортаны
қорғауға, сыртқы экономикалық ахуалына байланысты ерекше жағдайларда тендер
жабық болуы мүмкін. Оны өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі
белгілейді (Жарлықтың 13-бабы). Жарлықта жекешелендірудің негізгі
принциптері аталған: жекешелендіруді жүргізген кезде негізгі принциптер
жариялық, бәсекелестік, құқықтық сабақтастық, лауазым иелерінің
жекешелендіруді жүргізудің заңдылығына жауапкершілігі және сатуға
шығарылатын объектілер туралы берілген мағлұматтардың растығы болып
табылады (Жарлықтың 4-бабы).
"Жекешелендіру туралы" Жарлықтың 2-бабына сәйкес сатып алушы
дегеніміз, жекешелендіру барысында мүлікті сатып алатын жеке тұлға
мемлекеттік емес заңды тұлға немесе шетелдік заңды тұлға болып табылады.
Олардың бәрі де жеке меншік субъектілеріне жатады. Жекешелендіру көзінде
мыналар сатып алушы бола алмайды:
а) акциялардың мемлекеттік пакеті сатылған кезде акционерлік қоғам сатып
алушының акцияларын иеленетін болса, сатып алушы — акционерлік қоғам
акцияларының 25 пайызынан астамын сатып ала алмайды;
ә) жарғылық қорында мемлекеттің үлесі 20 пайыздан асатын шаруашылық
серіктестіктер; Қазақстан Республикасының заң актілеріне немесе құрылтай
құжаттарына сәйкее оларды жүзеге асыру сауда-саттық объектіні сатудың шарты
болып табылатын қызмет түрлерімен айналысуға хақысы жоқ заңды тұлғалар.
Жекешелендіру туралы заң нормаларын жекешелендіру көзінде оның
ерекшеліктеріне орай арнайы заңмен реттеледі, мәселен, оған жекешелендіру
объектілерін алу, тәртібі мен меншік құқығын тоқтату жағдайын жатқызуға
болады (АК-тің 249-бабы, Жарлықтың 3-бабы).
Мемлекеттік орган сатушы рөлінде жекешелендіруді жүзеге асыратын
өкілетті орган болып табылады. Мемлекеттік мүлік оны мемлекеттік органмен
жекешелендіру туралы шешім шығарған күннен бастап жекешелендіру объектісі
қатарына қосылады. Сатушы жекешелендіру процесі көзінде оны ұйымдастыру
үшін делдалды тарта алады.
"Жекешелендіру туралы" Жарлықтың 15 және 16 баптарына сәйкес алдын
ала жүргізілетін сатыларына мыналар жатады:
а) мемлекеттік кәсіпорынды акционерлік қоғамға айналдыру;
ә) кейіннен сатып алу құқығымен сенім білдірілген бас-қаруға немесе жалға
берілуі.
Кәсіпорынды сенім білдірілген басқаруға немесе жалға беру ісі
Қазақстан Республикасының Үкіметі өкілдік берген органның сенім білдірілген
басқарушымен немесе жалгермен жасасқан тиісті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресей Федерациясындағы жерге меншік және жер пайдалану құқығы
Жер құқық қатынастары
Субьектінің жер құқығы қатынасына қатысуы
Еңбек құқығының субъектілері
Жерді пайдалану құқығы
Қорғаныс жерлері
Азаматтар еңбек құқығының субъектілері ретінде
Жер құқығы қатынастарының субъектілері
Еңбек құқығы субъектісінің құқықтық мәртебесі
Жер пайдалану құқығының субьектілері
Пәндер