Лауазымды адамның өкілеттігін иемдену


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МҮДДЕЛЕРІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫС-ТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1. 1 Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар түсінігі
1. 2 Лауазымды адамның өкілеттігін иемдену
1. 3 Парақорлық, парақорлыққа делдал болу
1. 4 Қызметтік жалғандық жасау
2 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МҮДДЕЛЕРІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ҚҰРАМДАРЫ
2. 1 Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстардың объектісі және субъектісі
2. 1 Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының жекелеген құрамдары
2. 3 Сыбайлас-жемқорлық қылмыстың салдарын жою бойынша шаралар
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Қоғамның түбегейлі қайта қаралуы кезінде әлеуметтік-саяси тұрғыдағы дамуы мен экономикасының өсуіне басты себептердің бірі ретінде мемлекеттік басқару органдары және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының атқаратын қызметі ерекше роль атқарады.
Басқа мемлекеттердің Конституциясындағыдай, Егемен Қазақстан Конституциясында әрбір адамның бостандығы мен құқықтарының сот тұрғысынан қорғануы жеке құқық ретінде қарастырылған. Қорғаудың тап осындай түрі әрбір адамға қолайлы әрі тиімді. Өйткені, сотқа жергілікті өзін-өзі басқару және мемлекеттік билік органдарының лауазымды қызметкерлерінің, қоғамдық ұйымдардың кез келген іс-әрекеттері мен шешімдері шағымдануы мүмкін. Сондай-ақ, Елбасының Жарлықтары мен Үкімет қаулылары да шағымданудың нысаны бола алады. Осылайша сот азаматтардың бостандығы мен құқықтарын қамтамасыз ете отырып, елдегі заңдылықтарды қадағалап отырады.
Мемлекеттердің соның ішінде Қазақстанның заңдылықтары Адам құқықтары декларациясының кез келген идеяларына тәуелді.
Дүние жүзілік қауымдастықта лайықты орын алуды мақсат ете отырып, Қазақстан Республикасы өзінің ең қымбат қазынасы ретінде адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын атайды, ол өз азаматтарының туа біткен, ажырамас құқықтары мен бостандықтарын танып, белгілі бір кепілдіктер береді. Адамды, оның өмірі мен денсаулығын, басқа да игіліктері мен заңды мүдделерін қауіпті қол сұғушылықтардан қорғау міндеті қылмыстық құқықтың мойнына жүктелген. Бұл міндетті жүзеге асыру жолында қылмыстық заң адамның маңызды деген игіліктеріне нұқсан келтіретін іс-әрекеттерді қылмыс деп танып, қылмыскерлерге қатаң жаза қолдану мүмкіндігін көздейді.
Көпшілік сипат азаматтарға, мемлекеттік органдарға, лауазым иелеріне, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, ұйымдарға мемлекеттік - өктемдік өкілеттік жасайтын мемлекеттік қызметшілердін сырттай қызмет қатынасын көрсетсе керек. Ал ішкі қызметтік қарым-қатынасқа келсек, ол көпшілік және жеке бастаманы үйлестіруге негізделген. Сонымен көп жағдайда көпшілік бастау мемлекеттік қызмет ұйымы және баскаруымен (мемлекеттік органдар құрылымын анықтау, мемлекеттік лауазымдардың тізілімі және оларды санат пен топтар бойынша сыныптау) байланысты қатынастарда болады. Ал, аз көлемде көпшілік элементтері мемлекеттік қызметпен байланысты катынастарда, сонымен қатар жекелеген құқықтық институттарда (мәселен, аттестация, тәртіптік жауапкершілік, қызмет қатынастарын тоқтату, мемлекеттік қызметші ісін шектеу) көрініс табады.
Осы тақырыпты таңдап алудағы басты мақсатым:
- қазіргі қоғамда мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыс туралы жалпы ережелерін қабылдап, дамытып, базистермен жалпы ережелерді анықтап дәлелдеу.
- болашақ заңгер ретінде мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыс құқығын барынша кеңінен ашу және заң талаптарына сәйкес келуін ашу.
Демократиялық құқықтық мемлекетте ең маңызды субьектілердің бірі адам болып табылып, ал оның құқықтары мемлекеттің қорғауында болады. Бұл адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясының 8 бабының талабына сәйкес, адам құқықтарын қорғау органдарының тиімді қызмет ететін жүйесінің болуын көздеу. Құқықтарын жүзеге асырудың нақты, түсінікті тәртібі болмауы азаматтардың өз құқықтарын қорғаудың сенімді механизмнің жоқтығына әкеледі, ал заңмен анықталған, соның ішінде Конституциямен бекітілген нормалар қағаз жүзінде қалады. Сонымен бірге құқық және адамның құқығы бір-біріне байланысты дамиды. Осыдан шығатын қорытынды: «Адам құқықтарының даму дәрежесі сол қоғамның құқығының даму денгейімен анықталады», яғни адамдардың шынайы көрсететін бірден-бір көрсеткіші. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары қоғамның демократиялық деңгейін, адамгершілік дәрежесін анықтайтын критерийге жатады және осыған қарай құқықтық мемлекет құрудың нәтижесіне баға беруге болады.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кейбір жағдайда бұзылу себептерінің бірі-лауазымды адамдардың заңдарды нашар білуі, ал кейде саналығының төмендігінен, оның кейбір жекелеген талаптарын тіпті жоққа шығаруы болып табылады. Өзінің міндеттеріне салақ, жауапсыздықпен қарау жағдайлары да кездеседі.
Бұл тақырыптың өзектілігі әкімшілік-басқару қатынастары мен қылмыстық істер жүргізу саласында да айқын көрінеді, себебі онда мемлекеттің атынан адамның кінәлі-кінәлі еместігі, оның бостандығы туралы, мүлкін ал кейбір жағдайда оның өмірі мен өлімі туралы мәселелер шешіледі. Бірақ демократиялық соттық-құқықтық реформа аяқталған жоқ, азаматтардың заңды мүдделерін сот арқылы қорғаудың заңи кепілдемелерінің тұтас жүйесі әлі толығымен құрылған жоқ. Сондықтан әрбір азаматтың осы мәселелер туралы заңдарды білуі өте қажетті.
Бұл курстық жұмысты жазу барысында Ағыбаев А. Н., Наумов А. В., Мамытов А. Н., Қайыржанов Е. И., Бопанов Т. Ә., Әбілезов Е. Т., Бурманов Н. Д. еңбектерінен, заң журналынан заң және заман газетінен мәліметтер алдым. Соларға сүйене отырып, өз ойларымды тұжырымдадым.
1 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МҮДДЕЛЕРІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫС-ТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1. 1 Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар түсінігі
Қоғамның түбегейлі қайта қаралуы кезінде әлеуметтік-саяси тұрғыдағы дамуы мен экономикасының өсуіне басты себептердің бірі ретінде мемлекеттік басқару органдары және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының атқаратын қызметі ерекше роль атқарады.
Мемлекеттік қызметтің әділ жүзеге асырылуы оның қызметкерлерінің өз міндеттеріне жауаптылықпен қарауы қоғам мен мемлекеттің елеулі мәселелерін шешуде орасан себептігін тигізеді Осыған байланысты мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметкерлерінің арасыңдағы қылмыстылықтың орын алуы елеулі қауіптілікті туғызып отыр. Сонымен қатар әсіресе экономикалық қызмет саласында, саяси, әлеуметтік өмірде, соның ішінде, мемлекеттік қызмет саласында, жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметкерлері арасында ұйымдасқан қылмыстылықтың бас сұғуы басты мәселенің бірі болып отырғандығы біздерге мәлім.
Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметкерлері өздерінің қылмыстық әрекеттсрі мен еліміздің қалыпты тұрғыдағы дамып жетілуіне кедергі келтіреді. Осы аталған қылмыс түрлерімен күресу немесе оларды алдын алу үшін мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстардың түсінігі мен олардың басқа қылмыс түрлерінен айырмашылығын білуіміз қажет. Қазақстан Республикасы Қылмыстык кодексі "Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстарды" жеке тараулардың бірі ретінде айырықша белгілеп отыр.
Мемлекеттік қызмет мүдделері - коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделерімен ұқсас болып келеді. Бірақ коммерциялық ұйымдардың лауазымды тұлғаларының билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалануы, азаматтардың немесе ұйымдардың құқұқтары мен занды мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соқтырғаны мен мемлекеттік қызмет мүдделеріне және де мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет атқаруына кедергі келтіре алмайтындығымен айрықшаланады. Мемлекеттік аппараттың лауазымды тұлғалары өздерінің қызмет өкілеттігін теріс пайдалануы арқылы мемлекеттің мүддесіне, яғни заң атқарушы, соттық билікке, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына олардың қалыпты қызмет жүйелеріне және де азаматтың алдында қоғам мүддесін әлсірету мен кері тартушылығымен сипатталынады.
Декоммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың ерекшелігі сол, яғни осы ұйымдардың тұлғалары, ең алдымен, өздерінің коммерциялық құрылымдарына, сонымен қатар, қоғамдық бірлестіктер немесе сол сияқты ұйымдардың, яғни мемлекеттік емес органдардын қызметтік емес органдары қызметтік дәрежесіне нұқсан келтіреді.
Қылмыстық заңмен, яғни мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстарға тікелей анықтама берілген, соңдықтан теориялық тұрғыда аталған қылмыстардың тобын лауазымды адамның өз қызметтік өкілеттігін пайдаланып азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне және мемлекеттік аппараттың калыпты қызмет атқаруына қарсы қол сұғушылығын "Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар, деп түсінуімізге болады.
Қылмыстық кодекстің аталған тарауындағы қылмыстардың жасалуына қарай, өзіне тән арнайы белгілерге ие бола алады: 1) мемлекеттік аппараттың заңды қалыпты тұрғыдағы қызмет мүдделеріне қол сұғылуы, яғни заңмен қорғалатын объектілерге қол сұғылуы; 2) лауазымды адамның өз қызметтік өкілеттігін, қызмет мүдделеріне қарсы азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соқтырған әрекеті немесе әрекетсіздік (қылмыстын объективтік жағы) ; 3) коғамға қауіпті қол сұғушылықтың лауазымды тұлғалармен, мемлекеттік қызметкерлер арқылы жасалынуы (кылмыс субъектісі) ; 4) қоғамға қауіпті қол суғушылықтың кінәлі түрде, яғни қасақана немесе абайсыздық түрде жүзеге асырылуы (қылмыстың субъективтік жағы) .
Осы тараудағы барлық көзделген қылмыстардың нұқсан келтіретін объектісі болып - жергілікті өзін-өзі басқарушы органдардың мемлекеттік аппараттың қалыпты тұрғыдағы қызметі табылады.
Аталған қылмыстардың тікелей объектісі болып - тараудағы қарайтын нақты айқындалған (қылмыс құрамының түрлері), яғни мемлекеттік басқару органдары, мемлекеттік қызмет пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметі табылады.
"Қылмыстардың қосымша объектісі болып - азаматтардың немесе ұйымдардың меншігі, жеке басы мүдделері табылады. Кейбір қылмыстардың міндетті белгісі болып олардың заты танылады: мүліктік сыйақы (ҚК 311-313-баптары), ресми құжаттар (ҚК 314-баптары) .
Басқару органдары немесе мемлекеттік органдардың қызметіне нұқсан келтірілуіне байланысты, аталған тарау бойынша қылмыстың объективтік жағы әр түрлі нысандардан құралған. Аталған қылмыстардың басым көпшілігі белсенді әрекет ретінде, ал кейбір қылмыстар (салақтық, қызметтегі әрекетсіздік) орекетсіздік ретіңде жасалынады.
Осы тараудағы қылмыстардың объективтік жағы, арнаулы белгідерге ие бола отырып, материалды құрамдағы қылмыстарды және формальды құрамды қылмыстарды қамтиды.
Қылмыстың материалды құрамының міңдетті белгілері болып - қоғамға қауіпті әрекет пен түскен зардаптың арасындағы себептік байланысы табылады. [1]
Азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен занды мүдделерін не қоғамның немесе мемлексттің заңмен қорғалатын мүдделеріне нұқсан келтіруі -қылмыстың ерекше белгілерінің бірі ретінде танылады.
Біріншіден, лауазымды тұлға немесе өкімет өкілі қызметін жүзеге асыруында, өзіне жүктелген қызметіне міндеттерін қылмыстық жолға, яғни кереғар пайдалануынан тұратындығымен көрінеді.
Екіншіден, (қызмет мүддесіне қарсы қылмыстар) өкілеттідік бойынша өкіметтің өкілі қызметін жүзеге асырушы не мемлекеттік органдар қызметтерін жүзеге асырушы адамдар, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен занды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуы, заңды бостандықтарын, құқықтары мен мүдделерін кемсітуі, елеулі түрдегі мүліктік зардап келтіруі, өңдірімдерді тоқтатуымен сипатталынады.
Қылмыстың субъективтік жағы - ҚК аталған тарауда көзделген қылмыстардың барлык түрлері кінәнің нысаны бойынша тек қасақаналық болып танылады, Қылмыстық кодекстің 316-бабында көзделген қылмыс құрамы, кінәнің абайсыздықтағы нысанын құрайды.
Кейбір қылмыстар (мысалы. ҚК 307, 310, 314-баптары) пайда күнемдікпен немесе жеке басының мүддесі үшін немесе (ҚК 311-6) пайдақорлық мақсатпен жа-салынады.
Қылмыстың субъектісі - заңға сәйкес лауазымды тұлғалар және мемлекегтік қызмет аткаратын адамдар, яғни арнайы субъектілері болып, ал ҚК 312, 313-баптары бойынша - 16 жасқа толған қандай да болмасын есі дүрыс адам танылады., Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану - қызмет бабын пайдаланып жасалынатын қылмыстардың ішіндегі кең тараған түрі болып табылады. Бұл қылмыс мемлекеттік аппараттың қандай да болмасын саласында жасалынуы мүмкін. Мұның қауіптілігі сол, лауазымды адамның өз қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып азаматардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмең қорғалатын мүдделеріне және де мемлексттік аппараттың қалыпты қызмет аткаруына нұқсан келтіруімен сипатталынады. Қызметтік өкілеттікті пайдакүнемдік мақсатта керсғар пайдалану, қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, парақорлық сияқты қылмыс түрлері осы қызмет өкілеттігін теріс пайдаланумен біртекті, ұқсаса отырып жүзеге асырылады. [2]
Аталған қылмыстың объектісі - мемлекеттік аппараттың заңды тұрғыдағы қалыпты қызмст атқаруы болып сансыады. Өкіметтің окілі қызмстін жүзеге асырушы не мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында қызмет өкілеттігін теріс пайдалануы, 13-тарауда көзделген қылмыстармен немесе осы қылмыс құрамы бойынша қылмысты жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
Коммерциялык немесе өзге ұйымда басқару қызметтерін атқаратын адамның өз өкілеттіқгерін осы ұйымның заңды мүдделеріне қарсы және өзі немесе басқа адамдар не ұйымдар үшін артықшылық алу, пайда түсіру не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында пайдалануы болса - ҚК 228-бабымен жауаптылық көзделінеді.
Қызмет өкілеттігін теріс пайдалануда, қылмыстың объективтік жағының міндетті белгісі болып, лауазымды адамның қызмет мүдделерінің елеулі түрде бұзылуы қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырады.
Азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен занды мүдделерін не қоғамға немесе мемлекеттін заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соқтыруы, ең алдымен, құқыкпен қоргалатын объектілерге елеулі түрде материалды зардап келтіреді.
Материалды зардап - мүліктік, жеке адамға қарсы, топтасқан болып бөлінеді.
Мүліктік зардап, қылмыс жасаған сәтте, Қазақстан Республикасы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің ең төменгі мөлшерінен бастап белгіленеді.
Жеке адамға қарсы зардап, жәбірленушінің денсаулығына жеңіл, орташа ауырлықтағы, ауыр зиян келтірген жағдайда анықталады.
Топтасқан зардап, жалпы қоршаған ортаға, яғни ұйымдарға, мекемелер мен кәсіпорындардың қызмет атқаруына нұқсан келтірілуін айтамыз.
Мүліктік және адамға қарсы, топтасқан зардап өздеріне тән баға беруге болатыңдығымен сипатталынады, ал моральды зардап болса - қаржылай баға бермейтіндігімен көрінед [3] .
Лауазымды тұлғаның заңсыз әрекеті мен түскен зардаптың арасындағы себептік байланыс айқыңдалуы кажет. "Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану және қызметтік жалғандық жасаудағы сот тәжірибесін қолдануы" туралы 30 наурыз 1990 жылғы КСРО Жоғары Соты Пленумының қаулысында келтірілген зардаптың мазмұны мен олардың арасындағы себептік байланысты, үкімде толық түрде камтылуы қажет деп белгілеген.
Әрине, себептік байланыстың белгілерінің орын алмағандығы, қылмыс құрамының жоқ екендігін және де қылмыстық істі тоқтатуға негіз бола алатындығын біздер біліп отырмыз.
ҚК 307-бабын қолдануға, аталған кылмыс құрамының субъективтік жағын анықтау міндетті болып табылады. КК 30-бабы бойынша қылмыстың субъективтік жағы кінәлінің қасақаналық нысанымен айқындалады.
Лауазымды адамның өз қызмелтік өкілсттігін қызмет мүдделеріне кереғар пайдалануы, егер бүл әрекет пайдакүнемдікпен немесе өзге де жеке басының мүддесі үшін жасауын қоғамға қауіпті екенін ұтып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуышың мүмкін екенің немесе чай қоймайтынын алдын ала біліп және оның зардаптардапың болуын тілейді. Лауазымды тұлғаның зардап келуіне байланысты кінәлілігі тікелей немесе жанама қасақаналық түрде жасалынады.
Қазақстан Республикасы жаңа Қылмыстық кодексі бойынша, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану қызметтегі жалғандық жасау, қызметтегі әрекетсіздік сияқты қылмыс кұрамдары бойынша қылмыстық жауаптылық, тек лауазымды адамның пайдакүнемдікпен немесе өзге де жеке басынын мүддесі үшін жасалғандығы үшін пайда болады.
Жоғарыда аталған, қызметтік қылмыстардың түрлері бойынша жаңа Қылмыстық кодексте, қылмыс кұрамының міндетті белгілері болып мақсаты, ниет (мотив), түрткісі танылады.
Пайдакүнемдікпен жасалған кылмыстар ниеттің, мақсаттың болуы, лауазымды тұлғаның заңсыз сыйақы, мүлік, ақша, көлденең табыс, я болмаса материалды түрдегі басқа да жеке басының пайдасына шешілетін қажетті жағдайлар жасалуымен сипатталады.
Өзге де жеке басының мүддесі үшін жасалған әрекеттер деп, мүліктік емес, яғни карьеризм, қызғанушылық, протекционизм, жағымпаздық т. б. осы сияқты белгілермен ұштасқан әрекеттерді айтамыз.
Заңға сәйкес аталған қылмыс құрамының субъектісі болып, біріншіден, өкімет өкілі қызметін жүзеге асырушы лауазымды тұлғалар; екіншіден, мемлекеттің міндетін тікелей орындау үшін қажетті қызметтерді атқаратын адамдар танылады.
Мемлекеттік қызметшінің анықтамасы 23 шілде 1999 жылғы, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңыңда белгіленгендей, мемлекеттік органда заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не Казақстан Рсспубликасы Ұлттык банкінің қарсысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлскеттің міндеттсрі мен функцияларын іске асыру мақсатыңда лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы, делінген.
Қылмыстық кодекс бойынша осы аталған мемлекеттік қызметшілер жеке санаттарға бөлінеді:
- өкімет өкілінің міндеттерін немесе арнайы өкілеттікті ұдайы, уақытша орындайтын мемлекеттік қызметші;
- ұдайы, уақытша немесе арнайы өкілеттік бойынша өкімет өкілінің міндеттерін жүзеге асыратын не мемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық-өкімберушілік немесе әкімшілік шаруашылық қызметтерді, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республиксасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында қызметтерді атқарушы адамдар.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz