Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы отын-энергетика кешенінің даму мәселелері



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай өнеркәсібі саласының дамуы
1.1 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай саласы ... ... ... ... ... ...6
1.2 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай өндірудің болашағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3 Көмірсутекті шикізатты тасымалдау мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.4 Көмірсутекті шикізат өндірудің тиімділігін арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
1.5 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай өңдеу мен мұнай химиясының өзекті мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
2 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы газ өнеркәсібі
2.1 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы газ өнеркәсібі дамуының жалпы бағыт бағдарлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..41
2.2 Батыс Қазақстан аймағындағы газ өнеркәсібін реттеу мәселелері ... ... ... 47
2.3 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы газ өндіруді дамытудың болашағы мен мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..59
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 65
Әлемдік экономикада отын энергетика кешенінің рөлі айрықша маңызды. Мұнай және мұнай өнімдері шаруашылықтың барлық дерлік салаларында қолданылады. Кез-келген экономикасы дамыған мемлекеттің өзінің шаруашылықта қандай салалардың басым екендігін көрсетеді. Біздің еліміз үшін мұнай өндіру және ауыл шаруашылық салалар экспорттық табыстардың басым бөлігін қамтамасыз етеді. Қазақстанда шетел инвестициясын тартымды ететін салалардың бірі мұнай индустриясы. Бүгінде мұнай өнеркәсібі республикаға валюталық түсімнің 30 пайызын береді.
Диплом тақырыбының маңыздылығы, көкейкестілігі. Қазақстанның әлемдік мұнай нарығына шығуы мұнай нарығын дамытудың негізгі бағыт – бағдарын мұнай экспорттаушы – мемлекеттер мен алдыңғы қатарлы мұнай компанияларының негізгі заңдылықтарын, халықаралық мұнайгаз жобаларын жүзеге асырудың негізгі шарттарын, мұнай саласын қаржыландыру мен инвестициялау мәселелеріне елдің қатысуының саяси және экономикалық салдарының зерттеу қажеттілігі мен өзектілігін тудырады.
Осыған байланысты Қазақстанның мұнай – газ кен орындарына «Қазақстан – 2030» стратегиялық мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қазақстанның дамуын және оның әлеуметтік – экономикалық дамуы деңгейі жоғары елдердің қатарына енуін қамтамасыз ететін басымдықты салалардың бірі ретінде анықталған. «Мұнай мен газ өндіруді және экспорттауды қалыпты экономикалық тұрмысын жақсартуға жәрдемдесетін табыс алу мақсатында жедел арттыру жолымен Қазақстанның энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану біздің еліміз үшін негізгі басым мақсаттарға жетудің бірі». Жаңа мыңжылдықта Қазақстан ұзақ мерзімді келешекте экономикалық өсімнің негізгі көзі ретінде мұнай өнеркәсібіне ерекше көңіл бөліп отыр.
Диплом жұмысының өзектілігі – Қазақстан экономикасын дамыту бағдарламасын талдау отын энергетика кешенін дамытудың жыл сайын
1. Надиров Н.К. Высоковязкие нефты и природные битумы.– Алматы: «Ғылым», 2001. – 152 с.
2. Байдосов З.Б., Сейтпагамбетов Ж.С.,Султангалиева Г.С., Нуржанов Р.Н. Актюбинская нефть: История и современность. -Ақтөбе: 2000.- 67 с.
3. Надиров Н.К. Нефтегазовый комплекс Казахстана. // Нефть и газ. №2. – 25с.
4. Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. – Алматы: «Мұнайшы қоғамдық қоры», 2005. -1-т.- 297 б.
5. Күлімбетов С. Ақтөбе мұнайы: Кеше, бүгін және болашақта.- Ақтөбе: 2005. – 57 б.
6. Ердавлетов С.Р. Экономическая и социальная география Казахстана.- Алматы: «Қазақ университеті», 1998.- 118с.
7. Ақтөбе облысының географиялық даму мәселелері ( табиғи-экономикалық-экологиялық аспект) /Ғылыми-тақырыптық жинақ/. - Ақтөбе: 2006. - 78 б.
8. Сегедин Р.А. Рассказ о геологии Актюбинской области и богатствах ее недр. - Ақтөбе: 2002.-94 с.
9. Мирзоев М.А. Маңғыстау: ғасырлар дауысы.- Алматы: 1994. – 64 б.
10. Шаукенбаев Т. Экономика нефтяной промышленности Казахстана. – Орал: 1999. – 114 с.
11. Азербаев Е.Р. Стратегия и социально-экономическая эффективность развития газовой промышленности Казахстана. – Орал: 1999.- 98 с.
12. Ақтөбе энциклопедиясы. - Ақтөбе: «Отандастар – Полиграфия», 2001.-199 б.
13. Бейсенова А.С. Исторические основы географических исследований Казахстана. – Алматы: 2001.- 211 с.
14. Ғалымов А.Ғ. Батыс Қазақстан облысының географиясы. – Алматы: «Рауан», 1994.- 57 б.
15. Абдулин А.А. Геология и минеральные ресурсы Казахстана. – Алматы: «Ғылым», 1994. - 337 с.
16. Геологические строение Казахстана / под ред. Г.Г.Бекжанова.- Алматы: Академия минеральных ресурсов Республики Казахстан, 2000. – 222 с.
17. Казахстан возможности инвестиций в минерально-сырьевой сектор.- Алматы: 1994. – 191 с.
18. Сейітов Н.С., т.б. Қазақстан геологиясы. – Алматы: 2000.- 71 б.
19. Галимов М.А. Экономико-географические проблемы формирования нефтегозохимического комплекса Западного Казахстана: Автореферат канд. геогр. наук. – М.: 1999. – 14 с.
20. Сейфуллина Т.А. Экономико-географические проблемы развития нефтегазового комплекса Казахстана в условиях вхождения республики в мировую экономику:Автореферат канд. геогр. наук. – Алматы: 1999. – 19 с.
21. Каренов Р.С. Минерально-сырьевой комплекс Казахстана в условиях рыночной экономики. – Алматы: 2000. – 201 с.
22. Алтаев Ш.А., Каренов Р.С. Развитие техники и технологии угледобычи в Карагандинском бассейне. - Алма-Ата: 1992. – 59 с.
23. Чернегов Ю.А., Аверченков А.А., Гумилевский А.С. Научно-технический прогресс и эффективность минерально-сырьевого комплекса. – М.: 1990. – 91 с.
24. Родионова И. А., Бунакова Т.М. Экономическая география. – М.: «Московский лицей», 1999. -337 с.
25. Алисов Н.В., Хорев Б.С. Экономическая и социальная география мира (общий обзор). – М.: « Гардарики», 2001. – 219 с.
26. Лавров С.Б. Глобальные проблемы современности. – СПб.: 1993. -105 с.
27. Шлихтер С.Б. География мировой транспортной системы. Взаимодействие транспорта и территориальных систем хозяйства. – М.: Издательство «МГУ», 1995. – 296 с.
28. Липец Ю.Г. и др. География мирового хозяйства. – М.: «Владос», 1999. – 155 с.
29. Голубчик М.М., Файбусович Э.Л. Экономическая и социальная география. – М.: 2003. -163 с.
30. Сейтов Н. Тектоника плит и офиолитовые зоны Казахстана. – Алматы: «Наука», 1988. - 112с.
31. Тонкопий М.С. Экология и экономика природопользования. – Алматы: 2003.-351 с.
32. Голуб А.А., Струкова Е.Б. Экономика природопользования. – М.: 1995.- 119 с.
33. Диксон Д., Скура Л. Экономический анализ воздействий на окружающую среду. -М.: 2000.- 168 с.
34. Каргажанов З.К., и др. Платежи за пользование природными ресурсами. – Алматы: КазГУ, 1997. – 95 с.
35. Тонкопий М.С. Экономическая оценка минеральных и земельных ресурсов. – Алматы: 1999. – 114 с.
36. Тонкопий М.С. Экономика природопользования. – Алматы: 1998. – 69 с.
37. Тонкопий М.С. Экономическая оценка водных ресурсов и ущербов от загрязнения воздушной среды. –Алматы: 1999. – 74 с.
38. Тонкопий М.С. Практикум по экономике природопользования. – Алматы: 2001. – 45 с.
39. Хачатуров Т.С. Экономика природопользования. - М.: 1991. – 197 с.
40. Хоружая Т.А. Методы оценки экологической опасности. – М.: 1998. – 101 с.
41. Яковлев С.В.и др. Рациональное использование водных ресурсов. - М.: 1991. – 154 с.
42. Упушев Е.М. Экономика природопользование и охрана окружающей среды. – Алматы: 1999. – 171 с.
43. Уиттекер Р. Сообщества и экосистемы.- М.: 1980. – 56 с.
44. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаева Г.З. Экология. – Алматы: «Ғылым», 2001. - 98 б.
45. Әділов Ж.М. Тұрақты даму және айналадағы орта. – Алматы: 1998. -112 б.
46. Экзарьян В.Н. Геоэкология и охрана окружающей среды. – М.: 1997. – 214 с.
47. Гальперин М.В. Экологические основы природопользования.- М.: Форум-Инфра, 2003. – 172 с.

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай өнеркәсібі саласының дамуы
1.1 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай
саласы ... ... ... ... ... ...6
1.2 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай өндірудің
болашағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.3 Көмірсутекті шикізатты тасымалдау
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 11
1.4 Көмірсутекті шикізат өндірудің тиімділігін
арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
1.5 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай өңдеу мен мұнай
химиясының өзекті
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..35
2 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы газ өнеркәсібі
2.1 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы газ өнеркәсібі дамуының жалпы
бағыт
бағдарлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 41
2.2 Батыс Қазақстан аймағындағы газ өнеркәсібін реттеу
мәселелері ... ... ... 47
2.3 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы газ өндіруді дамытудың
болашағы мен мәселелері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 52
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 65

Кіріспе
Әлемдік экономикада отын энергетика кешенінің рөлі айрықша маңызды.
Мұнай және мұнай өнімдері шаруашылықтың барлық дерлік салаларында
қолданылады. Кез-келген экономикасы дамыған мемлекеттің өзінің шаруашылықта
қандай салалардың басым екендігін көрсетеді. Біздің еліміз үшін мұнай
өндіру және ауыл шаруашылық салалар экспорттық табыстардың басым бөлігін
қамтамасыз етеді. Қазақстанда шетел инвестициясын тартымды ететін
салалардың бірі мұнай индустриясы. Бүгінде мұнай өнеркәсібі республикаға
валюталық түсімнің 30 пайызын береді.
Диплом тақырыбының маңыздылығы, көкейкестілігі. Қазақстанның әлемдік
мұнай нарығына шығуы мұнай нарығын дамытудың негізгі бағыт – бағдарын мұнай
экспорттаушы – мемлекеттер мен алдыңғы қатарлы мұнай компанияларының
негізгі заңдылықтарын, халықаралық мұнайгаз жобаларын жүзеге асырудың
негізгі шарттарын, мұнай саласын қаржыландыру мен инвестициялау
мәселелеріне елдің қатысуының саяси және экономикалық салдарының зерттеу
қажеттілігі мен өзектілігін тудырады.
Осыған байланысты Қазақстанның мұнай – газ кен орындарына Қазақстан
– 2030 стратегиялық мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қазақстанның дамуын
және оның әлеуметтік – экономикалық дамуы деңгейі жоғары елдердің қатарына
енуін қамтамасыз ететін басымдықты салалардың бірі ретінде анықталған.
Мұнай мен газ өндіруді және экспорттауды қалыпты экономикалық тұрмысын
жақсартуға жәрдемдесетін табыс алу мақсатында жедел арттыру жолымен
Қазақстанның энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану біздің еліміз үшін
негізгі басым мақсаттарға жетудің бірі. Жаңа мыңжылдықта Қазақстан ұзақ
мерзімді келешекте экономикалық өсімнің негізгі көзі ретінде мұнай
өнеркәсібіне ерекше көңіл бөліп отыр.
Диплом жұмысының өзектілігі – Қазақстан экономикасын дамыту
бағдарламасын талдау отын энергетика кешенін дамытудың жыл сайын
анықталатын басымдықты бағыттардың тізімдемесінде мұнайдың ішкі және сыртқы
құбырлары құрылысы, көмірсутек шикізатын өңдеу, әрекет етуші мұнай өңдеу
зауыттарын қайта құру мәселесін шешуге ерекше көңіл бөлінген. Сонымен қатар
мұнай – газ саласында ресурсты жоғарлатудың маңызды бағыты көмірсутек
шикізатын өндіру, өңдеудің прогрессивті технологиялық процестерін енгізу
мен ресурс үнемдеуші және экологиялық факторларды ескере отырып өндірістік
циклдік элементтерін бағалау керек.
Дипломдық жұмыстың мақсат, міндеттері – Қазақстан Республикасының
мұнай – газ саласының қазіргі заманғы жағдайына толық сипаттама беру, сол
арқылы мұнай – газ саласын дамыту бағыттарын анықтау. Республиканың
экономикалық мүддесін қамтамасыз ету және Ресейден экономикалық
тәуелділікті төмендету үшін қолданылып отырған мұнай құбырларын нығайту,
жаңғырту, қайта және жаңа құбырлар құрылысы талап етіледі.
Ең алдымен, бұл экспортқа Қазақстандық мұнайды тәуелсіз шығаруды
қамтамасыз ететін және шетел инвестициясын тартуға жақсы мүмкіндіктер
беретін КҚЖК (Каспий Құбыр жолы Консорциумы) экспорттық мұнай құбыры.
Дипломдық жұмыстың деректік негіздері – мұнай–газ саласының дамуын
қарастыруда арнайы және экономикалық кезеңді басылымдарда кеңінен
жарияланатын осы мәселеге қатысты материалдардан көрініс табады: Надиров
Н.К., Сейтпағамбетов Ж.С., Сейітов Н.; Бөлекбаев З.Е., Сұлтанғалиева Г.С.,
Нұржанов Р.Н., т.б. еңбектерінде қамтылған.
Дипломдық жұмыстың құрылымы – кіріспе, негізгі 2 бөлімнен және
қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Қазақстанның отын энергетикасы кешенді шикізат, оның құрамында
ілеспе газ, парафин, ваннадий, күкірт бар. Сыртқы нарықта мұнайдың бәсекеге
қабілеттілігін қамтамасыз етудің әдістері мен құралдарын анықтау керек, ол
оның өзіндік құнын төмендету, экологиялық нормаға сәйкестігі кезінде қол
жеткізуге мүмкіндік береді.
Қазақстанның мемлекеттік егемендік алуы республиканың әлемдік
достастығы елдерімен сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына әсер етеді.
Бұл елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне басымдық
сипат береді, ұлттық мүддені кепілдемелі қорғауды қамтамасыз етуді талап
етеді. Осыған байланысты Қазақстанда ірі мұнай трансұлттық компаниялары
қызметінің әсерін бақылау қажеттілігі туады, өйткені қазіргі уақытта
мұнайгаз саласы инвестицияның негізгі алымын қамтамасыз етеді және шетелге
экспорт үлесінің неғұрлым үлкен көрсеткішін көрсетеді.

1 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай өнеркәсібі саласының дамуы
1.1 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай саласы

Жалпыға белгілі болып отырғандай, отын-энергетикалық ресурстардың
арасынан мұнай ерекше орын алады. 1990-жылдар басында бұрынғы КСРО-на
әлемдік мұнай өндірудің 20% және газ өндірудің 40% үлесі тиесілі болды. Осы
көрсеткішке Қазақстанның батыс облыстары үлкен үлес қосты. Тәуелсіз
көмірсутектер өндіру мен тасымалдаудың ерекше артықшыларына ие Қазақстан
экономикасының жаңа кезеңі негізінен елдің мұнайгаз қуатымен анықталады
1.
Бүгінгі күні Қазақстан – ірі мұнай державасы. Геологиялық корлары
бойынша ол Ресей Федерациясынан кейін ТМД-да екінші орын алады.
Қазақстан Республикасындағы орасан қуаттарға қарамастан, сонымен бірге
мұнай өндіру деңгейіне, барланған кен орындарын игеру қарқыны мен
көмірсутекті шикізатты тиімді қолдануға теріс әсер ететін факторлар да бар.
1991 ж. Қазақстандағы мұнай өндіру 26,4 млн.т. құрады. Бірақ, соңғы жылдары
ол төмендей бастады: 1995 ж. тек 18,1 млн.т. мұнай өндірілді.
1991-1995 жж. мұнай өндірудің 31,4%-ға құлдырауы бұрынғы КСРО-дағы
шаруашылық байланыстардың үзілуіне, еліміздегі экономика құрылымының қайта
құрылуына, жаңа технологиялардың аз ендірілуіне және т.б. байланысты.
Бұл жағдайларда Қазақстан Үкіметі мұнай өндіру көлемін біршама көбейту
туралы бірқатар шешімдер қабылдады. Мысалы, Каспий акваториясында
геологиялық-геофизикалық зерттеулер, мұнай және газ барлау және өндіруді
жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті 13.02.1993 ж. №97
Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде көмірсутекті шикізат өндіруді
қалыптастыру және дамыту туралы Қаулысымен Қазақстанкаспийшельф
мемлекеттік компаниясын (ККШ МК) құрды.
1993 ж. аяғында халықаралық консорциум құрылды, оның құрамына ККШ МК
оператор ретінде және Каспий теңізі астын жасақтаудың кешенді бағдарламасын
жүзеге асыру үшін алты мұнай компаниялары: Ajip (Италия), British gaz
(Ұлыбритания), BPStatoil (Ұлыбритания, Норвегия), Mobil (АҚШ),
Shell1 (Нидерланды) және Total (Франция) кірді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаев
Қазақстанкаспийшельф АҚ бөлімшесінің геолог-барлаушыларының жұмысына
жоғары баға берді;
Қазақстанның мұнай саласын дамытуда 1979 ж. Теңіз кен орнының ашылуы
мен 1991 ж. игерілуі болды, соның есебінен көмірсутекті шикізат өндірудің
болашақта жоспарланған көлемін қамтамасыз ету қарастырылды. Осы ерекше кен
орны негізінде Shevron американдық фирмасымен біріккен кәсіпорын –
Тенгиз-Шевройл құрылды;
Каспий маңы ойпатының тұзды кешенінде көмірсутекті шикізат кен орнын
ашу мұнайды іздестіру, генетикасы, генезисінің жаңа бағыттарын ғана емес,
сонымен бірге осы кен орындарын пайдалану бойынша жаңа ғылыми-техникалық
бағыттарды құру және дамытуға әкелді;
1978 ж. Ақтөбе облысында ашылған және 80-ші жылдар басында
пайдалануға берілген бірінші тұзды кешен – Жаңажол кен орнын игеру мұнай
академиясына айналды. Осы кен орнын алғаш игерушілер қысқа мерзім ішінде
түбегейлі жаңа технологиялар жасақтап, енгізді: саз қабаттарының жату
жағдайында ұңғылар өткізу, күкіртсутекті агрессиямен күресу, өнімдік
қабаттарды ашу, мұнай дайындау, парафинқұрылымдар мен гидраттармен күрес.
Бұдан басқа, газсыздандыру, қабат қуатын қолдану және т.б. жаңа
технологиялар жасақталды. Жаңажол тұзды қабаттарын игерудің ғылыми-
өндірістік мектебіне айналды;
1996 ж. Атырау облысы Қызылқоға ауданында Каспий маңы ойпатының
оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан Кенбай кен орны ашылды. Кенбайдың кен
орнының біршама өндірілетін қорларын (90 млн.т. астам) тағы екі алаң –
Шығыс Молдабек пен Солтүстік Қотыртас біріктіреді. Мұнда болашағы бар
Орысқазған, Сазанқұрақ кен орындары да орналасқан;
1995 ж. Ақбота АҚ Айтыртау, Мырзалы, Восточный, Кемеркөл
алаңдарында барлау жүргізілді, онда Орал-Волга өзегінде Төбеарал мұнай кен
орны ашылды, Сазанқұрақ, Кемеркөл, Қожа алаңдарында қорлардың өсуіне қол
жеткізілді. 1995 ж. Матин кен орны игерілді.
Ақтөбе облысы, Темір алаңында аумағы 19,3 км2 болатын барлау
жүргізетін Эльф Акитэн француз компаниясы шарт бойынша екі ұңғы
бұрғылады. Олардың біріншісі – Жусан-1 5000 м тереңдікке жетті, бірақ
болашағы жоқ (тұзды асты кешен) болып шықты, ал екіншісі – Сайғақ-1
табысты болды: 1995 ж. аяғында мұнда 2827 м тереңдікте мұнай (тұз үсті
кешені) табылды;
Қазақстанда өндірілетін барлық мұнайдың жартысынан астамы алыс
шетелдерге шығарылады – Ұлыбритания, Германия, Швейцария, Финляндия мен
Ресейге – 20%-ке дейін, 1996 ж. мәліметтер бойынша, мұнай өндіретін 90
елдердің ішінде Қазақстан 26-шы орынға ие;
Мұнай ақпараты Агенттігіне белгілі болып отырғандай Қазақойл ұлттық
мұнай компаниясының кіші кәсіпорындары 5,3 млн.т. мұнай мен газконденсатын
(жоспардың 104,6%) өндірді. Қазақойл қатысуымен кәсіпорындардың үлесіне
14,9 млн.т. (жоспардың 92,1%) мұнай келді. Республиканың мұнай өндіру
саласында қызмет ететін басқа кәсіпорындары 1998 ж. 5,6 млн.т. мұнай
(80,5%) өндірді.
Өндірілген мұнайдың ең үлкен көлемі Атырау облысы кәсіпорындарына
тиесілі, мұндағы өндіру республикалық өндірудің 44% құрайды, мұнда
Тенгизшевройл БК – 33%, Жайықмұнай - 3,9%, Тенгизмұнайгаз АҚ – 3,4%;
Маңғыстау облысы кәсіпорындарына 31% тиесілі, соның ішінде
Маңғыстаумұнайгаз АҚ – 15,7%, Өзенмұнайгаз АҚ – 12,5%; Ақтөбемұнайгаз
АҚ – 11% 2.

1.2 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай өндірудің болашағы
Батыс Қазақстан аймағының мұнай өнеркәсібі біршама деңгейде елдің
экономикалық дамуының болашағын анықтайды деп айта аламыз. Барланған мұнай
қорлары құрғақ жерлерде 2,1, ал газ конденсатымен – 2,8 млрд тонна құрайды.
Каспийдің қазақстандық секторын есеп алғанда, болжамды қорлар
12 млрд т, ал газ конденсатты – 13,6 млрд т. мұнайға дейін деп бағаланып
отыр.
Болашақта мұнай мен газдың үлкен көлемін өндіру, өңдеу және
тасымалдау сәйкес экономикалық саясат жүргізген жағдайда мұнай өнеркәсібін,
энергетикалық, машина жасау, химия және мұнай химиясы, телекоммуникация,
жеңіл өнеркәсіп, көлік тасымалдары, автожолдар және инфрақұрылым құрылысы,
жаңа құрылымдық және құрылыс материалдары өндірісі, қызмет көрсету, және
басқа да салаларды дамыту үшін қолайлы жағдай туғызады. Бұл өз кезегінде,
осы салалардағы ғылым мен жаңа технологиялардың дамуына серпіліс береді
3.
Қазақстанның теңіз мұнайгаз өнеркәсібін дамыту бағдарламасы 1993 ж.
бекітілді, оның бірінші кезеңі Каспий теңізінің қазақстандық секторының
болашағы анықтауды қамтыды. Бұл үшін 1993 жылы халықаралық консорциум
құрылды. Төрт жыл жұмысы ішінде консорциуммен жалпы алаңы 100 мың м3
болатын жерден сейсмикалық мәліметтер жинақталды, одан 26 мың км.
сейсмопрофильдер таңдалды. Алынған нәтижелердің негізінде Республика
Үкіметімен Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы көмірсутекті
шикізаттарды барлау мен өндіру блоктарының картасы алғаш рет жасалып,
бекітілді. Болжанған мұнай қорлары 6-12 млрд.т. деп бағаланып отыр 4.
Теңіз мұнайгаз өнеркәсібін дамыту бағдарламасының екінші кезеңі
концепциясын жасақтау жұмысы аяқталды. Каспий түбіндегі мұнай кен
орындарының техникалық параметрлері Shevron американдық компанияның
қатысуымен игерілетін Теңіз кен орны (Батыс Қазақстан) параметрлеріне ұқсас
екендігі анықталды. Каспий түбіндегі мұнай қабаттарының орналасу тереңдігі
5000-7500 м, қысымы 840-860 атм., көмірсутектер мен көмірқышқыл газының
құрамы 25%.
Қазақстан Үкіметімен Қазақстанкаспийшельф АҚ-ына Каспий теңізі
жағалауында инфрақұрылым нысандарын дамыту бойынша шетелдік компаниялармен
келіссөздер жүргізу құқығы берілді. ККШ МК екі жыл ішінде МакДермет
американдық сервистік компаниямен бірге көмірсутекті шикізат өңдеу бойынша
жаңа күштер салу қажеттігін анықтау және бар күштерді бағалау мақсатында
Қазақстан, сонымен бірге Азербайжан, Ресей жағалаулары инфрақұрылымын
зерттеуді аяқтады. 2003-2004 жж. Республика Үкіметімен Каспий теңізінің
қазақстандық секторында 5 млн.т., ал 2013-2014 жж. – 50-60 млн.т. мұнай
өндіру жоспарланды. Келтірілген болжамды мәліметтер көрсетіп отырғандай,
бұл сала қазір де және болашақта да Қазақстан Республикасына экономикалық
тұрақтылық және басқа да мүмкіндіктер беруге қабілетті стратегиялық сала
болып қала береді 5.
Мұнай бір жағынан экономикалық стратегиялық ресурс, ал екінші жағынан
– экономикалық кепілдің, яғни мемлекеттік саяси тәуелсіздігінің объективті
элементі. Бұнда Қазақстанда инвесторларды таңдау мәселесіне мемлекеттік
бағдар көрсетілген. Еліміз макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау, ақша
жинақтауларын қолдау және еркін саудаға ықпал ету қажет. Өндіріс пен ауыл
шаруашылығын қайта құру және қызметкерлердің бір саладан екіншісіне ауысу
мүмкіндігін қамтамасыз ету керек. Мұнай мен газ байлығын мұқият және ұқыпты
жұмсау қажет. Бұл көрсетілген ережелер жас мемлекет үшін, жаңа туындап келе
жатқан нарық экономикасы үшін ерекше өзекті болып табылады 6. Меншік
бөлінісі аяқталмаған жағдайда сыбайластық қаупі өте жоғары, сондықтан
мемлекеттік сақтандыру, салада жүріп жатқан жекешелендіру және қажетті
шегінде жеке қаражаттарды тартумен қатар, нарық процестеріне мемлекеттік
бақылау қажет.
Тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстанда мұнай секторында ешқандай
мемлекеттік немесе басқа да құрылымдар болған емес, сондықтан өнеркәсіпті
басқарудың әр түрлері қолданылды: корпорация, ұлттық компания, энергетика
министрлігі, арнайы министрлік, холдингтер, ұлттық компаниялар құрылды 7.
Мемлекет негізгі салаларда батыл жекешелендіруді жүргізе отырып, бұл
салаларға әсер етудің белгілі бір құралдарын сақтап қалуы қажет.
Қазақстандағы осында құрал бақытына орай, модельдерді біршама байқап
көруден кейін ұлттық компания – үкіметтен және оның институттарынан белгілі
бір құзыр алған, бірақ әкімшілік емес, коммерциялық ұстанымдармен жұмыс
жасайтын, өздігімен шешім қабылдайтын және міндеттері бойынша жауап беретін
құрылым болып табылады.

1.3. Көмірсутекті шикізатты тасымалдау мәселелері

Республикадағы мұнайды тасымалдау жүйесінің қалыптасуы мен тұрақтануы
өнеркәсіптің мұнай өндіру және мұнай өңдеу салаларының дамуымен тығыз
байланысты. Тасымалдау жүйесінің негізгі мақсаты - өндірілген мұнайды оны
өңдейтін орынға немесе одан әрі экспорттық тұтынушыларға жеткізу.
Қазақстан Республикасының аумағында алғашқы мұнай құбыры 1911 – 1913
жылдары Доссор кәсіпшілігінен Ракуш жағалау аймағына жеткізілді, осында
Ембі мұнайы баржаларға тиеліп, одан әрі Бакудің мұнай зауыттарына
жөнелтілді. Алғашқы мұнай құбырының ұзындығы 60 км, оның 16 км Каспий
теңізінің табаны арқылы өтті 8.
Мұнай өндіру қарқынының артуы жаңа тасымалдау артерияларын тұрғызу
қажеттілігін туындатты. Мұнай тасымалдау жылына 6,5 млн.т., ұзындығы 710 км
осылайша Ембі мұнайы Орскінің мұнай өңдеу зауытына жеткізілді. 1970–жылдары
Ақтөбе облысында мұнай өңдіру жолға қойылуына байланысты, Гурьев – Орск
мұнай құбырының орнына Кенқияқ – Орск екі тарамды мұнай арнасы тартылды.
Оның ұзындығы 450 км, өнімділігі жылына 8 млн.т. мұнай өткізуге есептелді.
Қазіргі кезде Ақтөбе облысының жүк тасымалдауына өзгерістер енгізілді. 2003
жылы Кенқияқ – Атырау мұнай құбырының өндіріске берілуіне байланысты, осы
өңірде өндірілген мұнай Қазтрансойл құрылыстар жүйесі бойымен Атырауға
жөнелтілетін болды. Қазіргі кезде Кенқияқ – Орск бағытымен мұнай тасымалы
жүргізілмейді 9.
1936 жылы Мұнайды темір жол цистерналарына құю мақсатында Құлсары –
Қосшағыл, Ескене – Байшонас және Ескене эстакада құбырлары салынды. 1942
жылы ұзындығы 47,6 км болатын мұнай өткізу қабілеті жылына 0,7 млн.т.
Комсомольск – Мақат мұнай құбыры игеруге берілді 10.
Республиканың құбырлық тасымал жүйесі, Маңғыстау түбегінің кен
орындары игерілуіне байланысты, әсіресе 1960-70–жылдары қарқынмен дамыды.
Мұнай өндірудің тез қарқынмен артуы мұнайды арналық мұнай құбырлары арқылы
еліміздің мұнай өңдеу зауыттарына тасымалдау міндетін шешуді жүктеді.
Маңғыстау мұнайын тасымалдауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету мақсатында
1965 жылы Маңғышлақ мұнай бірлестігінің жанынан арналық мұнай
құбырларының басқармасы құрылды. Өзен мұнайын Ақтау теңіз порты арқылы
тасымалдауды және оны танкерлер мен цистерналарға құю шараларын тездету
мақсатында 1963-1966 жылдары салынған, диаметрі 520 мм, ұзындығы 141,6 км,
өнімділігі жылына 8 млн. тонна Өзен – Жетібай – Ақтау мұнай құбыры
пайдаланылды 11. Бұл мұнайдың Ақтау портынан теңіз көлігі, ал Ақтау мен
Жетібайдан темір жол көлігі көмегімен еліміздің өзге мұнай өңдеу
зауыттарына жеткізілуіне мүмкіндік берді.
Өзен мен Жетібай мұнайын ол кездердегі негізгі тұтынушылар Атырау,
Волгоград, Самара мұнай өңдеу зауыттары болды. Жаңа мұнай құбыры бойымен
Маңғыстаудың алғашқы мұнайы Гурьевке (Атырауға) 1969 жылы жеткізіліп, одан
әрі темір жол цистерналарымен мұнай өңдеу зауытына тасылды.
1986-1987 жылдары Прорва – Құлсары (ұзындығы 105,9 км, диаметрі 520
мм, өткізу қабілеті жылына 5 млн. тонна) және Мартыши – Атырау (ұзындығы
85,6 км, диаметрі 520 мм, өткізу қабілеті жылына 6 млн.тонна) арналы мұнай
құбырлары іске қосылды.
Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарының тұрғызылуына
байланысты, сол сияқты Ферғана мұнай өңдеу зауытын (Өзбекстан) шикізатпен
қамтамасыз ету мақсатында Омск – Павлодар – Шымкент мұнай құбырын
тұрғызуға, болашақта оны әрі дамыта және кеңейте түсуге шешім қабылданды.
Шымкент – Чарджоу арналық мұнай құбыры Павлодар – Шымкент құбырының
жалғасы болып табылады, ол 1988 жылы Сібір мұнайын Чарджоу мұнай өңдеу
зауытына тасымалдау үшін салынды. Мұнай құбырының ең жоғары өнімділігі
жылына 8 млн тонна. Қазір мұнай саласының өте қарқынды дамуы көмірсутек
шикізатын тасымалдаудың жаңа экспорттық бағыттарын тұрғызуға және балама
бағыттарды іздестіруге мәжбүрледі. Мұның нәтижесінде 1989 жылы Каспий
құбыржүйелік консорциум (КҚК) құрылды, ол Теңіз кен орнынан Қара теңіз
терминалдарына дейінгі арналық мұнай құбырын тұрғызу және оны игеру
мақсатын көздеді 12.
Қарашығанақ кен орнының мұнайын экспортқа шығару мақсатында 2003 жылы
ұзындығы 610 км Қарашығанақ – Атырау мұнай құбыры іске қосылды.
Қазір КҚК жүйесін Теңізшевройл компаниясынан басқа Ембі және Ақтөбе
мұнайларын, сол сияқты Қарашығанақ кенорынның мұнайын экспортқа шығару үшін
Қазтрансойл пайдаланады. Келешекте КҚК жүйесіне Қашаған кен орнының
мұнайы, өзге де мұнай берушілердің мұнайлары құйылуы тиіс. Жалпы алғанда,
КҚК жүйесі – Ресей мен Қазақстанда өзге баламалары жоқ, өте қуатты, бүгінгі
күн талабына сай жарақталған техникалық жүйе болып табылады.
КҚК компаниясы Теңізден Новороссийск терминалына дейін тартылған
экспорттық мұнай құбырын игерумен, жаңадан жарақтаумен және кеңейтумен
айналысады. Оның бас ғимараты Мәскеу қаласында, жергілікті орындарда оның 4
аймақтық бөлімшелері бар, олардың біреуі Атырау қаласында орналасқан (Шығыс
аймақ). Бірлескен Қазақстан – Қытай құбырлық компания Қазақстаннан Қытайға
мұнай құбырын салу жұмысымен айналысуда 13. Бұрынырақ тұрғызылған мұнай
құбырының Кенқияқ – Атырау бөлімшесі осы компанияның құзырында өзге де
мұнайқұбырлық компаниялар құрылуы мүмкін.
Жақын онжылдықтарда республикада мұнай тасымалдау көлігі бірден –
бірге артып отыратын болады, себебі мұнай өндіру күрт өседі деп күтілуде.
Дамудың негізгі бағыттары мыналар: бұрыннан бар жүйелерді толықтыру және
қайтадан жарақтау; жаңа экспорттық маршруттар тұрғызу. Өзен – Атырау –
Самара мұнай құбырын техникалық жетілдіру және оның өнімділігін өсіру одан
әрі жалғасатын болады. Ол қазірдің өзінде Құмкөл мұнайын қабылдап, Ақтөбе
қаласына дейін тасымалдап отыр (Атырауға дейін темір жол цистерналары мен
тасылады); тасымалдаудың негізгі бағыты – мұнайды Самара арқылы экспортқа
шығару.
КҚК белсенді түрде дамып келеді, ол мұнайды экспортқа шығарумен ғана
айналысады, ал бұл көрсеткіш 2010–2012 жылдары 67 млн.тоннаға жетуі мүмкін
14.
2010–2015 жылдар аралығында негізінен теңіз табанында орналасқан кен
орындарды игеру нәтижесінде елімізде мұнай өндіру қарқыны күрт өсетн
болады, бұл кезеңге қарай мұнай айдаудың жаңа маршруттары мен бағыттары
пайда болуы ықтимал.
2004 жылы ұзындығы 1000 км Атасу – Алашанкоу мұнай құбырының
құрылысы басталды. Бұл бөлімше болашақ Батыс Қазақстан – Қытай арналық
жүйенің екінші кезегі болып табылады. Алғашқы кезегі, жоғарыда атап
көрсеткеніміздей, Кенқияқ – Атырау бөлімшесі. Барлық жүйенің құрлысы
аяқталып болғаннан кейін (Кенқияқ – Құмкөл және Атасу – Алашанкоу
бөлімшелері салынып біткеннен кейн) Атырау, Ақтөбе кен орындарының, Құмкөл
мұнайларын Қытайға экспорттау мүмкіндігі жүзеге асатын болады 15.
Каспий теңізі табанынан мұнай өндірудің күтіліп отырған өсіміне
байланысты, бұдан былай мұнайды теңіз арқылы тасымалдау одан әрі дамитын
болады. Қазір теңіз көлігімен тасымалдау мөлшері жылына 3-5 млн тонна
шамасында болып отыр және бұл тасымал негізінен Баку, Махачкала және Иран
портына бағытталған. Баку – Джейхан мұнай құбырын тұрғызу аяқталғаннан
кейін мұнайды танкерлермен Бакуға дейін тасымалдауды өсіру келешегі бар.
Мұнай экспортын Иран арқылы жүзеге асыру келешегі де қаралуда, бұл
экономикалық тұрғыдан жүзеге асыруға болатын іс – шара, алайда кейбір өзге
жайттар әзірге кедергі болып отыр 16.
Сонымен, Қазақстан Республикасының мұнай тасымалдау жүйесі болашақта
одан әрі кеңейе түседі және жетіле беретін болады. Ал бұл іс – шаралардың
орындалу мерзімі мен көлемі мұнай өндірудің даму және кеңейе түсу
сатыларына тәуелді. Мұнай тасымалының негізгі көлемі Қазтрансойл
компаниясы тарапынан жүргізіледі. Ол ұзындығы 6300 км арналық мұнай
құбырларын, 1100 км мұнай өнімдері құбырларын, 3400 км су құбырларын
игеруде. Мұнай қоймалары мен қорқоймалық парктерінің жалпы көлемі 1243 мың
м3 –ді құрайды. Компанияның негізгі нысандарына Атырау қаласындағы және
Атырау облысындағы Мақат темір жол станциясындағы мұнай құятын темір жол
эстакадалары да кіреді. Темір жол бойында мұнай құю және ол арқылы
тасымалдау мөлшері жылына 10 млн тоннаны құрайды. Ақтау қаласындағы теңіз
портын қайтадан жарақтау шаралары аяқталғаннан кейін теңіз көлігімен
мұнайды экспортқа шығару жылына 4-5 млн тоннаға дейін артатын болады.
Су құбырларының жүйесі арқылы Атырау және Ақтау облыстарының мұнай
өндіретін мекемелері мен елді мекендері тәулігіне 380 мың м3 су алады.
Республиканың батыс бөлігінде жақсы дамыған 19 60 - жылдары
көктей өтетін газ құбырларының құрылысы басталған болатын, ол арқылы газ
Батыс Қазақстаннан және Орта Азияның бұрынғы республикаларынан Ресейге
жеткізілетінеді. Ақтөбе облысының аумағы арқылы Бұхара – Орал арналық газ
құбырының екі тармағы тартылды. Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан
облыстарының аумағын Орталық Азия – Орталық газ құбырының 4 тармағы кесіп
өтетін. Батыс Қазақстан облысының Солтүстігі арқылы Одақ немесе Орынбор
– Батыс шекара газ құбырының 2 тармағы өтті 17. Бұлар табиғи газды Шығыс
Еуропа елдеріне жеткізу үшін тартылған болатын, құбырдан бір тармақ Орал
қаласына дейін жеткізілді.
Оңтүстік Маңғыстау өңірінен Өзен – Бейнеу газ құбыры арқылы газ
Орталық Азия – Орталық арналық газ құбырына жеткізіліп, одан әрі Еуропа
елдеріне кетеді.
Солтүстік Үстірт өңірінің газы Бұхара – Орал газ құбыры арқылы Орал
кәсіпорындарына берілді 18.
Қазақстанның тұтыну – тұрмыс нысандары мен өнеркәсіптік
кәсіпорындары газбен арналық газ құбырларының және оның тармақтарынан
қамтамасыз етіледі. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының
өнеркәсіптік түйіндері мен өзге де тұтынушыларына газ Бұхара газды алабынан
Мүбәрәк – Ташкент – Шымкент – Бішкек – Тараз- Алматы газ құбыры арқылы
жеткізіледі. Ақтөбе және Қостанай облыстарына газ Бұхара – Орал газ құбыры
және оның Шалқарға, Ақтөбеге, Алғаға, Жітіқара мен Рудныйға, Қостанайға
т.б. тартылған көптеген тармақтары арқылы жеткізілді. Ақтау қаласының газға
деген өнеркәсіптік және тұрмыстық мұқтаждығын өтеу мақсатында Өзен кен
орнынан Өзен – Жетібай – Ақтау және Теңге – Жетібай ішкі газ құбырлары
тартылған. Ақтөбе облысында Бұхара - Орал газ құбыры арнасына жақын маңда
Бозой жерасты газ қоймасы бар, ол газ тұтынудың маусымдық әркелкілігін
реттеп отырады. 1981- 1985 жылдары Қарашығанақ кен орнының газ- конденсатын
Орынбордың газхимиялық кешеніне тасымалдау мақсатында 2 газ құбыры тартылды
19.
Тартылған газ құбырлары мыналар: Бейнеу (Маңғыстау облысы) –
Александров Гай (Саратов облысы, Ресей Федерациясы); Бейнеу – Хиуа (Хорезм
облысы, Өзбекстан Республикасы); Прорва (Маңғыстау облысы) – Атырау;
Кенқияқ (Ақтөбе облысы) – Орск (Орынбор облысы, Ресей Федерациясы) т.б.
Газдың мол өнеркәсіптік қорларының болуы, оны пайдаланудың жоғары
тиімділігі және капиталды аз қажет ететіндігі қысқа мерзім ішінде
республиканың отындық балансы құрылымын газдың пайдасына шешуге мүмкіндік
береді.
Таяу жылдары Қазақстан газын ішкі және сыртқы рынокқа газ
құбырлары арқылы жеткізу өзекті мәселеге айналады. Өйткені, Еуропалық газ
рыногын ырықтандыру жүргізілген жағдайда, табиғи газды экспорттаушы
елдердің бірлестігі нығая түседі. Келешекте Еуропа елдеріне табиғи газды
негізгі жеткізушілер Ресей Федерациясы және Орталық Азия елдері болғалы
тұр. Сондықтан тиімді экспорттық саясат жүргізуде газ өндіретін ТМД
елдерінің арасында ортақ күш біріктіретін газ альянсын құрған жөн болып
отыр. Бұған Қазақстан үкіметі мен Ресей үкіметі арасында Газ саласындағы
ынтымақтастық туралы (2001 жылғы 28 қараша) келісім мысал бола алады.
Аталған келісім бойынша өткен жылдың ортасында ҚазРосГаз Қазақстан –
Ресей бірлескен кәсіпорны құрылды. Ал газ экспортын жандандыруда біздің
мемлекетіміз үшін экономикалық әрі стратегиялық жағынан ең тиімді де
өнімдісі – Орта Азия – Орталық газ құбыры саналады 20.
Ақтөбе облысында мұнай өндірудің ірі орталықтары Жаңажол, Кенқияқ,
Кендісай) Қаратөбе, Ақжар т.б. орналасқан. Мұнайды тасымалдау үшін ұзындығы
416 км Жаңажол – Кенқияқ – Орск, оның ішінде Қазақстан көмірсутегі
шикізатының бірегей ресурстарына ие болып отыр. Оны ойдағыдай игеріп,
экономиканың түрлі салаларындағы қажеттіліктерді қамтамасыз етуге мұнай –
химия өндірісінің алатын орны бөлек. Ол үшін мұнай – химия өнеркәсібі
кәсіпорындарын қалпына кетіру және оларды бәсекелестікке қабілетті тауарлар
өндіруге сай дамыту қажет, 54 км Жаңажол – Кенқияқ, 362 км Кенқияқ – Орск
мұнай тасымалдау құбыры тартылды.
1 – кесте - Негізгі ішкі мұнай құбырларына сипаттама

Мұнай құбырлары Іске Ұзындығы, Диаметр,Жылдық өндірісі
қосылған км мм
жылы
жоба Іс
жүзінде
асырылуы
Орталық Қазақстан жүйесі
Кенқияқ – Орск 1-ші 1968 400 325 1,7 1,9
линия
Кенқияқ – Орск 1986 400 530 5,0 толық
2-ші линия
Шығыс Қазақстан жүйесі
Омск – Павлодар – 1977 1859 102080025 20
Шымкент 1983
Құмкөл-Қарақойын 1990 199 500700 714 3,7 4,8
Батыс Қазақстан жүйесі
Өзен-Атырау-Самара 1974-78 1379 102072012,3 10
Өзен-Жетібай 1966 68 500 8 3,26
Жетібай -Ақтау 1974-78 73,6 500 8 1,47
Қаламқас-Қаражанбас 1986 62,1 500 5 4,80
Қаражанбас-Ақтау 1979 202,4 720 8,5 6
Сарығамыс-Теңіз 1968 30 300 2 0,6
Прорва -Құлсары 1986 103 500 5 0,3
НПС №3 -Қосшағыл 1980 133 300 2 6
Искене-Погруз.док 1936 18,75 200250 1 0,16
(1981)
Мартиши-Атырау 1972 85,6 500 6,0 1,06
(1986)
Комсомол-Мақат 1942(198547,6 200500 1,0 0,03
)
Мұнайшы-Қосшағыл 1950 66 250 2 0,01
Ақтау-Жетібай 1990 63,6 700500 8,7 2,64
Доссор-Мақат 1991 34,3 20025 1 1,6

Қазақстандық мұнайды түрлі көліктермен тасымалдау сызбасы

1-сурет

Бұған қосымша тартылған Ақтөбе облысы бойынша 379 км және Ресейге
қарай 37 км мұнай тасымалдау құбыры қосылады. Пайдалануға берілген диаметрі
1020 мм қос желілі магистральді газ құбырының ұзындығы 1175,2 км жобалық
мұнай – газ тасымалдау мүмкіндігі 600 мм текше метрді құрайды. 1998 жылы
ұзындығы 32 км Жаңажол – Ақтөбе газ құбыры пайдалануға берілді. Соның
нәтижесінде облыс тұрғындарының 50 % -ы газбен қамтамасыз етілді. Газ
құбыры бойынша тасымалдау мен жұмысты жүйеге келтіретін компрессорлық
станса жұмыс істейді 21.
Көліктің бұл түрі облыста мұнай мен газды тасымалдауда соңғы жылдары
қолданылып жүр. Облыс аумағында негізінен мемлекетаралық маңызы бар
транзиттік газ құбыры Бұхара – Орал желісі. Құбыр көлігінің облыс бойынша
ұзындығы – 1867 км. Оның ішінде мұнай құбыры – 416 км, газ құбыры – 1176 км-
ге тартылып жатыр. Құбыр көлігінің жүк айналымы өсіп келеді, мәселен,
ұзындығы 448 км, жылына 6 млн, тонна мұнай тасымалдау құбырының іске
қосылуы. Бұл Ақтөбе облысының мұнай көздерін Атырау - Самара экспорттық
магистралімен байланыстырып, Ақтау порты арқылы облыстың мұнайын
тасымалдауға мүмкіндік береді.
Мұнайды экспорттаудың көбеюі оны әлемдік нарықтарға тасымалдау
мәселесін бірінші орынға қойды 22.
Мұнай шикізатын тауарлық өнімге айналдырудың технологиялық процесінің
ажырамас бөлігі бола отырып, Қазақстанның мұнайөткізу көлігі өнеркәсіптік
масштабта өндіру жұмыстарын алғаш жүргізе бастағанда бір уақытта дами
бастады. Республикалық мұнайөткізгішінің ұзындығы 150 км болатын, Доссор
мұнай кеніші ауданын Каспий теңізі жағалауымен байланыстырған бірінші
торабы кеңес билігі кезінде салынған болатын.
Республика территориясынан өтетін магистральдық мұнайөткізгіштерін әрі
қарай дамыту бұрынғы КСРО-ның бүтін мұнай көлігі жүйесінің құру
концепциясына сәйкес жүргізілді, ол өз даму барысында өз принциптерін екң
рет ауыстырды. Алғашында мұнай өңдеу зауыттары мұнай өндіру орталықтарына
тікелей жақын тұрғызылды, бұл әрине, мұнайөткізгіштердің ұзақтығына әсер
етті. Шартты түрде бұның аяқталуын 60-шы жылдар деп есептеуге болады 23.
Бұл кезеңде Қазақстандағы мұнай өндірудің негізгі орталығы Батыс Қазақстан
болды, сондықтан Атырау МӨЗ (мұнай өңдеу зауыты) құрылысы мен іске қосу,
сонымен қатар шикізат жеткізілетін сәйкес құбырөткізгіштер салу сол кезде
қызмет атқарып тұрған принциптерге қайшы болмады.
Батыс Сібір (Ресей) мұнай кен орнын барлау және жасақтау жұмыстарының
басталуымен жаңа мұнай өңдеу зауыттарын орналастыру принципі өзгерді. 70-
жылдар басынан оларды өндірілетін мұнайөнімдерінің көп бөлігін тұтынатын
өндірістік орталықтарға барынша жақын жерлерде салына бастады. Қазақстанда
70-жылдардың соңы – 80-жылдардың басында салынған негізгі мұнай құбырлары
Павлодар-Шымкент мұнай құбыры, ол Батыс Сібір мұнай кен орындарын Орта Азия
мұнай өңдеу зауыттарымен байланыстырды 24.
Қазақстанның тәуелсіздік алған сәтінде оның территориясында бұрын
ортақ мұнай көлігі жүйесіне енген 4,9 мың км. шамасында магистральды мұнай
өткізгіштер өтіп жатты. (2-кесте).

2-кесте - Қызмет атқарған мұнай құбырларының негізгі техникалық
сипаттамалары

Мұнайөткізгіш Енгізілу Ұзақтығы, Диаметр, Өнімділігі Саны
жылы км км млн.тжылына

Өзен-Ақтау 1966 142 500 8 3,2 4
Өзен-Атырау 1970 683 1000 30 9,1 6
Қаламқас-Қаража1979 62 500 815 85 4
нбас-Ақтау
Теніз-Грозный 1988-1990678 1000 30 - 3
Прорва-Құлсары 1986 103 500 5 3 2
Кенқияқ-Орск 1968 400 300 5 3 4

1997 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы
бойынша қазақстан және ресей мұнайын тасымалдау мұнайөткізгіштердің үш
өзара тәуелсіз жүйелері бойынша жүргізілді:
1. Батыс Қазақстан мұнайөткізгіштері. Олардың шикізаттық базасы Теңіз,
Құмкөл, Жетібай, Қаражанбас кен орындарында өндірілетін мұнай болып
табылады. Мұнайды Қазақстан МӨЗ-ына және Ресей тұтынушылары мен экспортқа
шығаруға тарату үшін Самаралық мұнай араластыру базасына тасымалдау
жүргізіледі. Бұл мұнайөткізгіші бойынша айдау технологиясы өе күрделі,
себебі ол бойынша тасымалдауда жылытуды қажет ететін Өзен және Жетібай кен
орындарының жоғарыкүкіртті мұнайы тасымалданады. Бұдан басқа, 1993 ж. Теңіз
кен орнында өндіру көлемін біршама өсіру басталғанда теңіз мұнайын алдын-
ала меркаптансыздандыру мәселесі туындады. Кен орны маңынан
меркаптансыздандыру станциясы құрылды.
2. Ақтөбе мұнайын Ресейде (Орскнефтеоргсинтез) өңдеуге тасымалдауды
қамтамасыз ететін мұнайөткізгіштер. Мұнайөткізгіштің ұзақтығы 362 км,
олардың 325 км Қазақстан аймағы бойынша өтіп жатыр. Мұнайөткізгіш құрамында
диаметрі 377 және 529 мм болатын құбырөткізгіштердің екі тізбегі жүреді.
Бұл аймақта өндірілетін мұнайлардың сапалық айырмашылықтарынан бірінші
тізбек Кеңқияқ кен орны мұнайын жылытумен тасымалдау үшін, ал екіншісі –
Жаңажол кен орны мұнайын тасымалдау үшін арналған. Бірақ кеңқияқ мұнайын
өндіру көлемінің азаюымен қазіргі сәтте құбырөткізгіш бойынша жылытуды
қажет етпейтін екі кен орны мұнайының қоспасы тасымалданады.
Қазақстан Республикасының мұнайөткізгіш көлігін дамытудың алдағы
стратегиясы өз МӨЗ-ына жеткізілімдердің тұрақтылығы мен жеткіліктілігін
қамтамасыз ететін жаңа мұнайөткізгіштерін тұрғызу, сонымен қатар қазақстан
мұнайын сыртқы нарықтарға өздігімен жеткізу болып отыр.
Батыс Қазақстан - Құмкөл мұнайөткізгіші құрылысын салу жоспарланған.
Жоба авторының ойы бойынша ол қазақстандық мұнайды Павлодар және Шымкент
зауыттарына жеткізілуін қамтамасыз етеді. Мұнайөткізгіштің жобалық күші
жылына 20 млн. т. мұнай, ал ұзындығы 1200 км құрайды. Құрылысты екі кезеңде
жүргізу жоспарланған:
- бірінші – Атырау-Кеңқияқ участкесінде диаметрі 700 мм мен өнімділігі
жылына 7 млн т. мұнай болатын мұнайөткізгіші құрылысы;
- екінші – Кеңқияқ-Құмкөл участкесінде диаметрі 900 мм болатын
мұнайөткізгіші құрылысын аяқтау.
Жобалық құжаттарға сәйкес мұнайөткізгішінің шикізаттық негізі Теңіз,
Жаңажол және Маңғыстау облысы мұнайларынан құралған мұнай қоспасы болып
табылады.
Өзіндік қуаттық тәуелсіздік қалыптастырудан басқа Қазақстан үшін
экспорттық мұнайөткізгіштер жобалары да өте маңызды. Олар қазақстандық
мұнайдың халықаралық нарықтарға шығуын, бәсекелестік бағасына дейін
тасымалдау құнын азайту, көлік жүйесінің сенімділігін арттыруды қамтамасыз
етуі қажет.
Экспорттық мұнайөткізгіштердің бірнеше варианттары қарастырылады. Жаңа
кен орындарын ашу қосымша мұнайөткізгіштердің құрылысын талап етуіне
байланысты мүмкін варианттарды зерттеу жалғаса беруі қажет.
Қазақстан үшін экспорттық мұнайөткізгіштер жобаларын зерттеуде жақын
орналасқан мемлекеттер – Қазақстан көршілерінің геосаяси және
геоэкономикалық мүдделерін де ескеру қажет. Қырғызстаннан басқа Қазақстанды
қоршаған барлық республикалар мұнай өндіруші мемлекеттер болуы
республикадан шығатын мұнай экспортын қиындатады. Сондықтан осы барлық
республикалар өз экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында мұнай экспортына
мүдделі.
Қазақстан мұнайы үшін мүмкін болатын экспорттық маршруттарды түбегейлі
қарастырайық, себебі 2003-2010 жж. өндірілген мұнайды экспорттау мәселесі
өндіруді тежейді. Жаңа экспорттық құбырөткізгіштердің мүмкін маршруттарын
шартты түрде батыс, шығыс және оңтүстік бағыттар деп бөлуге болады.
Олардың әрқайсысы өзінің оң және теріс жақтары бар.
Ең бастысы батыстық бағыттағы құбырөткізгіштер тобы болып табылады,
оны екі маршрутқа бөлуге болады.
Қазақстан (Теңіз кен орны) – Ресей (Тихорецкая-Кропоткин-Новороссийск
солтүстігінің жаңа терминалы) трассасында экспорттық мұнайөткізгіш салу
жобасына бірқатар жылдар бойы ерекше көңіл бөлініп отыр. Оны жүзеге асыру
үшін 1992 ж. Кэспиен Пайплэйн - Каспий құбырөткізгіш консорциумы (КТК)
құрылды, оның құрамына Қазақстан, Ресей, Оман кіреді. Инвестициялаудағы
қатысу үлесі алғашында келесі түрде бөлінді: Қазақстан және Ресей –
әрқайсысы 25%; Оман – консорциумның 50% акциясын иемденді.
Мұнайөткізгішінің жалпы ұзындығы 1600 км құрайды, ол оның бөлек
участкелеріне құрылыс салынған. Инвестициялау көлемі әртүрлі бағалаулар
бойынша 1,2-1,5 млрд. долл. құрайды.
Новороссийскіге дейінгі мұнайөткізгішінің бірінші кезегін аяқтау Ресей
мен Қазақстаннан жылына 15 млн.т. шикі мұнайды экспорттауға мүмкіндік
береді, ол ағымдық бағамен 1.5 млрд. долл. құрайды. Батыс Қазақстаннан,
Ресей, және мүмкін Азербайжаннан (Каспий маңы аймағындағы кен орны) шикізат
тасымалдау бойынша екінші кезектегі объектілерді іске қосқаннан кейін
жылына 60-тан 70 млн. т. дейін мұнай экспорттау мүмкіндігі ашылады.
Айдалатын шикізаттың осындай үлкен көлемі болжамдар бойынша каспий маңы
құрғақ жерлерінде, сонымен бірге шельфтегі жаңа кен орындарын игеру
есебінен қамтамасыз етіледі 25.
1992-1995 жж. КТК негізін қалаушылармен консорциумға жаңа инвесторлар
тарту бойынша үлкен жұмыстар жүргізілді. 1996 жылдың наурызында Москвада қ.
өткен КТК директорлары отырысында оның қатысушылары үшін жаңа квоталар
анықталды: Ресей мен Қазақстан соммасында 43%, Оман – 7%, ал қалғандары –
олар үшін бөлінген 50%-тен әрқайсысы 5-7% алды. Консорциум құрамына кіруге
дайындықты әлемнің ірі мұнай компаниялары – Mobil, British gaz, Ajip,
Арко, Лукойл, Транснефть, Роснефть білдірді. 1996 ж. мамырында қол
қойылған КТК қайта құру келісімінде (Алматы қ.) консорциум акцияларына
қатысу үлесін алу құқығына оның келесі мүшелері ие деп белгіленді: Ресей
(24%), Қазақстан (19%), Оман (7%), Шеврон (15%), Лукойл (12,5%),
Mobil(7,5%), Роснефть (7,5% ), Ajip(2,4%), British gaz(2%),
Мұнайгаз және Орикс (1,75) %. Оператор болып қатысу үлесінсіз
Транснефть компаниясы анықталды. Сөйтіп, бұл жобаның мұнайды
Новороссийскіге айдаумен байланысты бөлігінде өмірге келтіру үшін нақты
алғышарттар қаланды 26.
Бірақ бұнда экономикалық, және саяси сипаттағы негізгі қиындықтар бар.
Қандай да бір жоба ең алдымен, құбырөткізгіштің иесі кім, соның
тұрғысынан қарағанда бағаланады. Дәл осыған көптеген жылдар бойы айдалатын
шикізат көлемі, оны тасымалдауға өзара бекітілген тарифтерден түсімдердің
өлшемі, ресурстардың бөлігін өзінің ішкі қажеттілігі үшін қолдану
мүмкіндігі тәуелді болады.
Қазақстаннан Новороссийскіге дейін экспорттық мұнайөткізгіш құрылысы
туралы келісімге қол қлю кезеңінің жылжуына байланысты каспий маңы мұнайына
мүдделі кейбір мемлекеттер, жеке алғанда Түркия, Иран көмірсутекті
шикізаттар ағымын тасымалдау бағытын өзгертуге әсер етудің өз тәсілдерін
қолдануға көшті. Мысалы, Түркия Босфор арқылы танкерлердің өтуін шектейтін
шешім қабылдады, бұны мұнай тасымалдары көлемі күрт өскенде қауіптің
күшеюімен байланыстырды. Бұндай шара тасымалдаудың Түркия ұсынған және
Каспий маңы мемлекеттерінің біреуімен де қайтарылмаған басқа жобаның жүзеге
асуы үшін жасалғаны айқын. Бұл жобаның мәні Қазақстан, Азербайжан және
Түркменияның каспийлік мұнайы Азербайжан-Грузия (қызметтегі)
мұнайөткізгішіне және одан әрі қарай жаңа трасса бойынша Түркия арқылы
Жерорта теңізі (Жейхан) порттарының біріне жеткізілуінен тұрады. Жаңадан
салу қажет болатын трасса бөлігін түрік жағы инвестицияның бар көлемін қоса
есептегенде, өз күшімен жүзеге асыруды қолға алып отыр. Бұл жобаның құны
алғашқы мәліметтер бойынша 3,3 млрд. долл. деп бағаланып отыр. Бұнда
мұнайөткізгіштер трассасы тектоникалық әсерлер тиетін көптеген тау
участкелерінен өтеді, бұл тәуекел дәрежесін ұлғайтады және жобаға құрылысты
да, ол өтетін аймақты да мүмкін болатын қиындықтардан қорғауға қабілетті
қосымша техникалық шешімдер енгізуге тура келеді.
Бұл жобада өзарақатынастардың басқа саласы – саяси салаға жататын тағы
бір маңызды қиындық бар. Мұнайөткізгіштің түрік вариантының трассасы саяси
тұрақтылығына ешкім кепіл бере алмайтын аймақтар бойынша өтуі қажет: Таулы
Қарабах, Абхазия, курд тұрғындары шоғырланған Түркия аудандары. Сондықтан,
мұнай құбырларын жүргізу жобасын талдауда оның жүзеге асырудағы негізгі
тежеуші фактор осы аймақтардағы саяси тұрақсыздық болады 27.
Экономикалық көзқарас тарапынан мұнайөткізгіштің өз құрылысынан басқа
қажетті инфрақұрылым құруға қосымша қаржы салынымдары қажет болады: Бау мен
Ақтауға мұнай айдау және қабылдау терминалдары, Каспийдің шығыс жағалауынан
батысына шикізатты тасымалдау үшін танкерлік флот қалыптастыру. Мысалға,
Новороссийск қ. жанына шығару нүктелік айлақ құрылысының болжамды құны 640
млн.долл. құрайды.
Түбегейлі коммерциялық жасақтау өткізуді талап ететін тағы бір жағдай
– осы жоба бойынша келісімдік қатынасқа түскен әрбір серіктестің қатысу
үлесін бөлу. Егер түрік жағы Грузиядан Жерорта теңізіне дейінгі
мұнайөткізгіш құрылысын түгелдей қаржыландыратын болса, онда ол құрылыстың
иесі болып шығады, бұдан экономикалық, саяси, әлеуметтік және басқа да
салдарлар шығады. Соңғы қорытындысында, каспийлік мұнайды тасымалдаудың осы
мүмкіндігін қарастыра отырып, мұнай өндіру және теңіз арқылы (1999 ж.
қарашада Баку-Жейхан мұнайөткізгіші құрылысы туралы келісімге қол
жеткізілді) тасымалдаудағы үлкен шығындарды қоса есептегенде, бұл бағытта
көмірсутектерді экспорттау қаншалықты пайдалы болатынын да анықтау қажет
27.
Босфор арқылы танкерлердің өтуін шектеу туралы ескерту КТК мүшелерін
оның құрамына кіретін мемлекеттердің экспорттық мүмкіндігіне әсер етуге
қабілетті, жағдайдан шығудың басқа жолын іздестіруге мәжбүр етті. Ең нақты
вариант шикізаттар ағымдарын мына трасса бойынша: Новороссийскіге дейін
экспорттық мұнайөткізгіш арқылы, әрі қарай танкерлермен Қара теңіз арқылы
болгар порты Бургасқа дейін, содан кейін грек порты Александруполиске
дейінгі жаңа салынған үшжүзкилометрлік трасса бойынша бағыттау болып
табылады. Жоба құны сараптамашылардың пікірі бойынша түрік бағытынан
шамамен 20 есе аз болады. Бұдан басқа бұл жағдайда трассаның барлық
территориясы бойынша саяси тұрақтылық факторы, қолданысы қолайлы техникалық
шешімдер мен шикізаттың үлкен көлемдерін экспорттау мүмкіндігі де
ескеріледі.
Жобаны ақырғы таңдау және үкіметтік деңгейде шешім қабылдау барлық
техника-экономикалық негіздерге сараптама экономикалық тұрғысынан
қаншалықты әділетті жүргізілетініне байланысты.
Оңтүстік бағыт екі принципиальды маршруттармен көрсетілген: Ауғаныстан-
Пәкістан арқылы және Иран арқылы 28.
Ауған бағыты Түркменстан және Юнонал американдық мұнай компаниясы
мен Дельта Ойл сауд компаниясымен құрылған консорциуммен ұсынылды. Бұл
маршрут газөткізгіш құрылысын, содан кейін Орта Азиядан Ауғанстан арқылы
Пәкістанға мұнайөткізгіш құрылысын қарастырады, бірақ бұл идея
Ауғанстандағы қарулы қайшылықтардан көбеюінен жүзеге асырылмайтын болып
қалды.
Қазақстан - Иран - Парсы шығанағы –бұл қазақстан мұнайы экспорты үшін
ашық қарулы қайшылықтар жоқ, қауіпсіз аймақтардан өтетін ең қысқа жол.
Мұнай тасымалдау Каспий теңізімен Ақтау портынан Иран порты Энзелиге дейін
Тегеран, Тебриз, Арака және Исфахан мұнайөңдеу зауыттарына жеткізілу арқылы
мүмкін болады. Иран өз кезегінде мұнайдың эквивалентті көлемін Парсы
шығанағына түсіруіне болады.
Басқа жоба – Түркіменстан аумағы арқылы Иранда мұнай құбыры құрылысы.
Бірақ бұл жобалардың, әсіресе Қазақстан мен Түркіменстан мұнайын жеткізуді
көздейтін екінші жобаның жүзеге асуы АҚШ саяси мүдделеріне байланысты
қиындатылып тұр. Армения мен Таулы Қарабахты айналып, Иран аумағынан өтетін
Азербайжан Республикасынан түрік порты Жейханға дейінгі мұнай құбырының
құрылыс жобасы да Стамбулда өткен саммитте (1999 ж. қарашада) құрылысы
туралы шешім қабылданғанынан қарамастан осы себептерге байланысты
қиындатылып тұр 28.
Біздің көзқарасымыз бойынша осы жоба Каспий бассейні мемлекеттері үшін
қызықты жобалар қатарына жатпайды және ең алдымен бұның себебі Парсы
шығанағы көмірсутекті шикізат қорларының орасан зор көлемі шоғырланған
аймақ болып табылатынына байланысты. Оған жақын орналасқан мемлекеттер
мұнайдың әлемдік қорларының 23 бөлігіне ие және олардың жылдық соммалық
өндіру көлемі 900 млн. т. құрайды. Сондықтан бұндай күшті экспорттық
қуаттың қасында ирандық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батыс Қазақстанның экономикалық ауданы
Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай өнеркәсібі
Географиядан проблемалық оқытудың белгілері
Мұнай-газ саласы
Қазақстанның істейтін және болашақтық кен орындар қорларының сипаттамасы және көмір шығару көлемдері
Қазақстанның мұнай саласының шетел компанияларымен экономикалық байланысын қарастыру
Агроөнеркәсіп кешеніндегі шаруашылық байланыстарды реттеу механизмдерін жетілдіру бағыттары
Қазақстан өнеркәсібін әртараптандыру және одан әрі жаңартудың негізгі бағыттары
Павлодар қаласы
Маңғыстау мұнай-газ кешенінің даму кезеңдері.Қазақстан мұнай-газ кешенінің келешектегі болжамы
Пәндер