Қаржы механизмінің жүйесі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Мемлекеттік қаржы саясаты, қазіргі кезеңдегі ерекшеліктері

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

1 қаржы саясаты мен қаржы механизімінің теориялық негіздері

1. 1 Қаржы саясатының мазмұны, міндеттері, мақсаттары мен принциптері

1. 2 Қаржы механизімі жүйесінің құрылымы жене оны реформалау

1. 3 Шет елдердегі қаржы саясаты

2 Қазақстан Республикасында нарықтық экономикадағы қаржы саясаты және ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2. 1 Қазақстан Республикасы қаржы саясатының дамуы

2. 2 Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының қаржы саясатын талдау

3 Қазақстан РеспубликасынЫҢ ҚАРЖЫ САЯСАТЫНЫҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАлары

Қорытынды

Қолданылған Әдебиеттер тізімі

3

5

5

10

13

15

15

19

22

29

31

КІРІСПЕ

Қаржы саясаты - мемлекеттің өз міндеттері мен қызметін қаржы саласында іске асыру үшін жүргізетін нысаналы іс - шараларының жиынтығы. Қаржы саясаты - экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі. Қаржы саясаты, басқа барлық саясаты сияқты қондырмаға жатады.

Жалпы алғанда экономикалық саясат сияқты, мемлекет қаржы саясатын да экономикалық заңдардың - қоғамның экономикалық өмірінің құбылыстары мен процестерінің мәндік, ұдайы қайталанып отыратын, объективті байланыстары мен өзара тәукелділіктерінің талаптарын басшылыққа алып әзірлейді.

Менің курстық жұмысымның ең басты өзекті мәселелерінің бірі, ол Қазақстан Республикасында нарықтық экономикадағы қаржы саясаты және қазіргі кезеңдегі оның ерекшеліктері. Қаржы механизмі дегеніміз қаржыны ұйымдастыру, жоспарлау және басқарудың формалары мен әдістерінің жүйесі болып табылады. Қаржы механизмі арқылы шаруашылық жүргізудің әр түрлі деңгейлері мен қызмет салаларында экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын орындауға арналған ақшалай қаражаттардың нысаналы қорларын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қаржы қатынастары басқарылады.

Қазақстан жағдайында қаржы саясатының міндеті экономиканың экономикалық өсудің траекториясына көшіру, ұлттық шаруашылықтың құрылымын одан әрі жетілдіру негізінде шаруашылық өмірді тұрақтандыру, кәсіпкерлік қызметті дамыту, мемлекттік бөліктің үлесін оңтайландыра отырып, меншікті реформалау, сырқы экономикалық қызметті ұлғайтып, жандандыру, әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру жөнінде шаралар жасап, оларды қаржы механизмі арқылы іске асыру болып табылады Қаржы механизмі мемлекет белгіленген қаржы шараларын және нақты, мекен - тұрақты шын нәтижелері қайта түрлендіреді, өзгертеді. Ұдайы өндіріс нәтижелерінің сан алуандығы экономикалық (шаруашылық ) механизмінің формалары мен әдістерінің тиісті сан алуандығын туғызады; қаржы механизмі оның құрамдас және ажырамас бөлігі болып табылады.

Қаржы саясатының мақсаты-қоғам дамуының аса маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажет қаржы ресурстарын толық жұмылдыру.

Сондықтан тәуелсіздікке ие болған республиканың қаржы саясатының міндеті - экономиканы дағдарыстан шығару, халық шаруашылығы құрылымын өзгерту негізінде шаруашылық өмірді тұрақтандыру, кәсіпкерлік қызметі, бағаны ырықтандыру, мемлекеттік бөліктің үлесін біртіндеп кеміту жолымен меншікті реформалау, сыртқы экономикалық қызметті кеңейту және жандандыру жөнінде шаралар әзірлеп, оларды қаржы механизмі арқылы іске асыру болып табылады. Республика экономикасының дүниежүзілік шаруашылықпен тоғысуының механизмін жасау міндеті тұр. Сонымен қатар қаржы саясаты мен механизмі нарық қатнастарына ену барысында инфиляциядан, жұмыссыздықтан, табыстан айырылып қалудан халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуі тиіс.

Республикада аталған бағыттарды жүзеге асыратын тиісті қаржы саясаты мен механизмі әзірленіп, арнайы бағдарламаны іске асыру жүріп жатыр.

Қаржы механизімінің құрылымын сипаттау үшін оның буындары ретінде анықталатын жүйелі талдаудың қосалқы жүйесі, блогі, элементі сияқты ұғымдарын пайдаланған орынды.

Бірінші тараудағы алған тақырыбым әлеуметтік-экономикалық процестердегі қаржы саясаты мен қаржы механизімінің мәні мен маңызы. Бұл тарауда бірінші бөлімінде қаржы саясатының мазмұны, міндеттері мақсаттары мен прициптері, ал екінші бөлімінде қаржы механизімі жүйесінің құрылымы және оны реформалау қарастырылған

Екінші тарауда Қазақстан Республикасында қаржы саясаты және оны басқаруды ұйымдастыру. Бұл тараудың бірінші бөлімінде мемлекеттің қаржы саясатын тиімді жүргізуді ұйымдастыру және басқару, ал екінші бөлімінде қаржы саясаты, нарықтық экономикада әлеуметтік-экономикалық мәсәлелерді шешуші процесс қаралған.

Үшінші тарауда Қазақстанның жаңа даму кезеңіндегі мемлекеттің қаржы саясатын жетілдіру шаралары ашып көрсетілген.

Қаржы саясаты - қаржыны басқарудың түпкі мақсаты, оның нақты нәтижесі; мемлекетке өзінің қызметтерін орындауды қамтамасыз ету, сайып келгенде экономиканы тұрақтандыру мен қоғам прогресі үшін жағдайлар жасау мақсатымен қаржы ресурстарын жұмылдыруға, экономикалық жүйе шеңберінде оларды қайта бөліп, пайдалануға тиімділіктің белгілі бір дәрежесіне жетуге бағытталған мемлекеттік шаралардың жиынтығы. Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретіндегі басқару экономикалық заңдардың объективтік заңдылықтары мен талаптарына негізделген.

Қазіргі жағдайда жасалынған қаржы саясаты концепсиясының мақсаты шаруашылықты дамыту, қоғамдық өндіріс тиімділігі барынша арттыру негізінде халық тұрмысының неғұрлым жоғарғы дәрежесіне жету.

1 қаржы саясаты мен қаржы механизімінің теориялық негіздері

1. 1 Қаржы саясатының мазмұны, міндеттері, мақсаттары мен принциптері

Экономикалық дағдарыстан шығу және одан әрі серпінді даму мемлекеттің сындарлы және негізгі саясаты арқылы болуы мүмкін. Жүргізіліп отырған қаржы саясатының басты субъектісі мемлекет болып табылады. Ол қоғамның ұзақ перспективаға арналған қаржысын дамытудың басты бағыттарының стратегиясын жасайды және алдағы кезде арналған міндеттерді, қаражаттарды және оған жетудің жолдарын анықтайды.

Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны экономикалық заңдылықтардың іс - әрекетін ескере отырып және қоғамның даму міндеттеріне сәйкес қаржыны жоспарлы ұйымдастыру болып табылады. Қоғамдық дамудың әрбір кезеңінде қаржы саясатының өзіне тән белгілері болады, ол экономиканың жай-күйін, қоғамның материалдық және мәдени өмірінің тоғағы жеткен қажеттіліктерін және басқада факторларды ескере отырып, түрлі міндеттерді шешеді.

Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны айтарлықтай күрделі, өйткені ол шаралардың ауқымды кешенін, оны дәйекті жүзеге асыру стадияларын қамтиды, олар:

1) экономикалық заңдардың әрекеті, экономиканың жай күйі, қоғамның әлеуметтік - экономикалық дамуының перспективалары негізінде елдегі қаржының ғылыми негізделген тұжырымдамасын әзірлеу;

2) экономикалық саясаттың тиісті мақсаттары мен міндеттерін негіздей отырып, қаржы саясатының стратегиялық және тактикалық шараларын тұжырымдау;

3) белгіленген іс-әрекеттерді қаржы механизмі (экономикалық қайта құрудың түбегейлігіне қарай оны жаңғырта және түзете отырып) арқылы іс жүзінде жүзеге асыру.

Осы негізгі үш буынның бірлігі қаржы саясатының мазмұнын анықтайды. Демек, экономикалық заңдардың іс- әрекетін есепке ала отырып, қоғамды дамытудың міндеттеріне байланысты қаржыны ұымдастыру мен пайдалану мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны болып табылады.

Қазіргі кезде қаржы саясатының көмегімен шешілетін басты міндеттердің қатарына мыналарды жатқызуға болады:

а) елдің дамуының әрбір нақты кезеңінің ерекшеліктері негізінде қаржы ресурстарының неғұрлым мүмкін болатын көлемін жасаудың жағдайларын қамтамасыз ету;

ә) қаржы ресурстарын қоғамдық өндірістің сфералары арасында, ұлттық шаруашылықтың секторлары арасында ұтымды бөлу және пайдалану, ресурстарды белгілі бір мақсаттарға бағыттау;

б) экономикалық дамудың белгіленген бағыттарын орындау үшін тиісті қаржы механизімін жасап, оны үнемі жетілдіріп отыру.

Елдегі жүргізіліп жатқан реформаларға сәйкес мемлекеттің қаржы саясаты мен қаржы жүйесінің қызметі нарық жағдайында қажетті қаржы ресурстарын жұмылдыруға, оларды бюджетке толық және дер кезінде түсіріп отыруға, әлеуметтік - экономикалық дамудың мемлекеттік бағдарламаларында қаралған шараларды үздіксіз қаржыландыруға және материал, еңбек және ақша ресурстарын мақсатты әрі ұтымды пайдалануға бақылауды күшейтуге бағытталған. Бұл мақсаттар Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық дамуының, қоғамдық өмірдің барлық салаларын қайта құрудың стратегиясын қаржымен қамтамасыз ету қажеттілігінен туындайды.

Таяудағы мақсат ретінде -мемлекеттік бюджет теңгерімділігіне жету және экономиканы тұрақтандырудың негізінде ұлттық шаруашылықтың қаржы жағдайын сауықтыру проблемасын шешу.

Қаржы саясатын жүзеге асырудың негізіне жалпы және жеке (өзгеше) қағидаттардың толып жатқан қатары қойылуы тиіс.

Қаржы саясатын жүргізгенде оның мына қағидаттарын жүзеге асырудың зор маңызы бар:

1) қолда бар нақты қаржы ресурстарын негіздей отырып, бюджеттерді жасау, бекіту және атқару кезінде қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларының, әлеуметтік, ұлттық және кәсіби топтардың мүдделерін сақтау;

2) қаржы қатнастарының жоспарлы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;

3) қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындарында кірістер мен шығыстардың теңгерімділігі;

4) қаржы резервтерін жасау (бюджет жүйесіндегі кірістердің шығыстардан және салалық қаржыларда қаржы резервтерінің асып түсуі) ;

5) мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілерінің арасында қаржы ресурстарын оңтайлы бөлу.

Қаржы саясатының тиімділігін қамтамасыз ететін жалпы қағидаттарға мыналар жатады:

1) объективті экономикалық заңдардың іс- әрекетін есепке алу;

2) нақты тарихи жағдайларды есепке алу;

3) өткен жылдардың өзіндік тәжірибесін және дүниежүзілік тәжірибені есепке алу.

Жеке қағидаттарға мыналарды жатқызуға болады:

1) қоғамда қаржы жүйесінің ұтымды құрылымын, қаржы қатнастарын жоспарлы үйымдастыруды және қаржы механизміннің дұрыс құрылуын қамтамасыз ету;

2) қаржы жүйесінің барлық салалары мен буындарындағы кірістер мен шығыстардың тепе - теңдігі;

3) бюджеттегі кірістер мен шығыстардан асып түсетін қаржы резервтерін жасау;

4) салық жүйесін ұтымды құру арқылы экономикалық және әлеуметтік дамудың маңызды бағыттарына қаржы ресурстарын шоғырландыру;

5) негізгі қаржы ресурстарын мемлекет қарамағына жұмылдыру, оларды мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында тиімді бөлу;

6) қаржы және ақша- несие саясатының тепе - теңдігі.

Саясат мемлекет қызметінің барлық бағыттарын қамтиды. Саяси ықпал жасаудың элементі болып табылатын қоғамдық қатынастардың саласына қарай экономикалық немесе, әлеуметтік, мәдени немесе техникалық, қаржы немесе несие, ішкі немесе сыртқы саясат туралы айтады.

Кез келген қоғамда мемлекет қаржыны өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін, белгілі бір мақсаттарға жету үшін пайдаланады. Қойылған мақсаттарды іске асыруда қаржы саясаты маңызды рөл атқарады. Оны жасап жүзеге асыру процесінде қоғам алдында тұрған міндеттерді орындаудың шарттары қамтамасыз етіледі; ол экономикалық мүдделерге ықпал жасаудың белгілі құралы болып табылады.

Қаржы саясаты - қаржыны басқарудың түпкі мақсаты, оның нақты нәтижесі; мемлекетке өзінің қызметтерін орындауды қамтамасыз ету, сайып келгенде экономиканы тұрақтандыру мен қоғам прогресі үшін жағдайлар жасау мақсатымен қаржы ресурстарын жұмылдыруға, экономикалық жүйе шеңберінде оларды қайта бөліп, пайдалануға тиімділіктің белгілі бір дәрежесіне жетуге бағытталған мемлекеттік шаралардың жиынтығы. Басқару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне тән нәрсе. Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретіндегі басқару экономикалық заңдардың объективті заңдылықтары мен талаптарына негізделген. Осы заңдардың талаптарын танып білуге сүйене отырып және оларды пайдаланудың нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны, кредитті және тағы басқаларын қоса, өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады.

Қаржыны басқару - бұл қаржыны және шектесуші экономикалық және әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсаты мен ықпал жасау процесі және қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жету.

Мемлекеттің қаржы саясатын экономикалық заңдардың талаптарына қарай Үкімет анықтайды.

Қаржы саясаттың ңмазмұны сан қырлы. Ол мынандай маңызды буындарды қамтиды:

1) қаржы дамытудың ғылыми негізделген концепцияларын жасау. Ол экономикалық заңдарды іс - қиымылын, экономиканың жай күйін зерделеу, қоғамның әлеуметтік экономикалық қатынастарының дамуы перспективаларына халықтың қажеттеріне жан - жақты талдау жасау негізінде қалыптасады;

2) перспективаға және қазіргі кезеңге арналған қаржыны пайдаланудың басты бағыттарын анықтау; сонымен бірге экономикалық саясатта қаралып, қойылған мақсаттарға жету жолдарына сүйенеді, халықаралық факторлар қаржы ресурстарының өсу мүмкіндіктері ескеріледі;

3) қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған нақтылы іс - қимылдарды жүзеге асыру.

Осы негізгі үш буынның бірлігі қаржы саясатының мазмұнын анықтайды. Демек, экономикалық зааңдардың іс-қимылын есепке ала отырып, қоғамды дамутыдың міндеттеріне байланысты қаржыны ұымдастыру мен пайдалану мемлекеттік қаржы саясатының мамзұны болып табылады.

Қоғамдық дамудың әрбір кезеңінде қаржы саясатының өзіне тән белгілері болады, ол экономиканың жай - күйін қоғамның материалдық және мәдени өмірінің толғағы жеткен қажеттіліктерін және басқа факторларды ескере отырып, түрлі міндеттерді шешеді.

Қазіргі қаржы саясатының көмегімен шешілетін міндеттердің қатарына мыналарды жатқызуға болады:

- елдің дамуының әрбір нақты кезеңінің ерешеліктері негізінде халық шаруашылығында қаржы ресурстарының неғұрлым мүмкін болатын көлемін жасайтын жағдайларды қамтамасыз ету;

-экомикалық дамудың белгіленген бағыттарын орындау үшін тиісті қаржы механизмінің жасап, оны үнемі жетілдіріп отыру;

-қаржы ресурстарын қоғамдық өндірістің салалары арасында, халық шаруашылығының кешендері арасында ұтымды бөлу және пайдалану, ресурстарды белгілі бір мақсаттарға бағыттау.

Елдегі жүргізіліп жатқан экономикалық реформаларға сәйкес мемлекеттің қаржы саясаты мен қаржы жүйесінің қызметін нарыққа көшудің өтпелі кезеңінде қажетті қаржы ресурстарын жинауға, оларға бюджетке толық және дер кезінде жұмылдырып отыруға, әлеуметтік - экономикалық дамудың бағдарламаларына қаралған шараларды үздіксіз қаржыландыруға және материал, еңбек және ақша ресурстарын мақсаты әрі ұтымды пайдалануға бақылауды күшейтуге бағытталған. Бұл мақсаттар Қазақстан республикасының әлеметтік және экономикалық дамуының, қоғамдық өмірдің барлық салаларының қайта құрудың стратегиясы қаржымен қамтамасыз ету қажеттігінен туындайды.

Қаржы саясаты мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі болып табылады және қондырғыға жатады. Қаржы саясатын жүзеге асырудың негізіне жалпы және жеке принциптердің толып жатқан қатары қойылуы тиіс.

Қаржы саясатының тиімділігін қамтамасыз ететін жалпы принциптерге мыналар жатады:

-объективтті экономикалық заңдардың іс - қимылын есепке алу;

-нақты тарихи жағдайларды есепке алу;

-өткен жылдардың өзіндік тәжрибесін және дүниежүзілік тәжрибені есепке алу.

Қаржы стратегиясы экономкалық әлеуметтік стратегия мен анықталған перспективаға есептелген және ірі ауқымды міндеттерді шешуді қарастыратын қаржы саясатының ұзақ мерзімді курсы. Ол макроэкономикалық процестер дамуының ұзақ кезеңіне бағытталған, ал оның шеңберіндегі күнделікті міндеттер басты стратегиялық мақсатқа жетудің кезеңдері ретінде жүзеге асырылып отырады. Сөйтіп, қаржы саясатының мазмұны

Экономикалық жүйеде қаржыны пайдаланудың стратегиялық бағыттылығы мен үнемі анықталып отырады.

Қаржы тактикасы қаржы байланыстарын ұйымдастыруды деп кезінде өзгеріп отыру, қаржы ресурстарын қайта топтастыру арқылы қоғамдық дамытудың нақты кезеңінің мәселелерін шешуге бағытталған. Қаржы стратегияның біршама тұрақтылығы кезінде қаржы тактикасының орамдылығымен ерекшеленуі тиіс, ол экономикалық жағдайлардың, әлеуметтік факторлардың және басқалардың ширақтылығымен алдын ала анықталынады.

Қаржы саясатының стратегиясы мен тактикасы өзара байланысты. Стратегия тактикалық есептерді шешу үшін қолайлы жағдайлар жасайды Экономика мен әлеуметтік сала дамуының шешуші учаскелері мен басты проблемаларын анықтай отырып, тактика әдістерді өзгерту, қаржы байланыстарын ұйымдастырудың нысандары арқылы неғұрлым қысқа мерзім ішінде ысырап пен шығындарды ең аз жұмсап, қаржы стратегиясы белгіленген міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

Бір жағынан, қаржы саясатын экономикалық қатынастарды тұрғызады; саясат экономикаға байланысты. Басқа жағынан, экономикалық базис негізінде пайда болып әрі дами отырып, қаржы саясаты белгілі бір дербестікке ие болды; оның өзгеше заңдары мен даму логикасы бар Осыған байланысты ол экономикаға, қаржы жағдайына кері ықпал етеді. Бұл түрліше болады: бір жағдайда саяси шаралар жүргізу жолымен экономиканы дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалады, басқа жағдайда ол кедергі болады.

Саяси шешімдер экономикалық логиканың заңдары бойынша, белгіленген қаржы шараларын жүргізудің салаларын жүргізудің салаларын анық етіп есептеу мен алдын ала көре білу негізінде қабылдануы тиіс, бұл қаржы саясатындағы жиі ойда болмаған өзгерістерден құтылуға мүмкіндік береді және кәсіорындардың қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Осыған байланысты экономика мен әлеуметтік саладағы болып жатқан процестер туралы қаржы саясатының шараларын өткізудің нәтижелері туралы айқын ақпараттың жеткілікті ауқымының зор маңызын атап өту өте қажет. Қаржы және саяси экономикалық ғылымдардың қорытындыларымен қатар ақпарат тиімді қаржы саясатын жасаудың қажетті базасы болуы тиіс. Онда қаржы саясатының дұрыстығын тексерудің берік негізіне қызмет ететін кері байланыс принципін, қоғам өмірінің экономикалық және әлеуметтік салаларының дамуына оның әсер ету позитивтігі принципін сақтау өте қажет.

Мемлекет қаржы қатынастарын ұйымдастырудың әдістерін белгілей отырып, тиісті актілерде баянды етеді, заңдар шығарады. Мәселен Парламент салықтар туралы заңдар шығарады, жыл сайын республикалық бюджет туралы заң қабылдайды және т. б. Қаржы министрлігі мен оның аумақтық қаржы органдары, қолданып жүрген заңдар мен үкіметтің қаулылары негізінде, Мемлекеттік кіріс министрлігінің салық органдары өзінің қызмет бабының шегінде төлемдерді есептеу мен алу жөнінде нұсқамалар, жеке және заңды тұлғаларға қаржы берудің ережелері туралы нормативті актілер және т. б. жасайды.

1. 2 Қаржы механизімі жүйесінің құрылымы жене оны реформалау

Әрбір экономикалық категорияның өзінің өзгешелігі болады, тиісті қатынастарды білдірудің белгілі бір түрлері, нысандары мен әдістері арқылы көрінеді. Тап осы ұғымдар - қатынастарды іске асырудың түрлері, нысандары мен әдістері - экономикалық өмірде тиісті процестерді басқарудың тетіктері, механизмі ретінде болып келеді. Қаржы өзгеше бөлгіштік категория ретінде түрлі мақсатты ақша қорларын жасау және пайдалану арқылы жасалынған өнімді бөлу және қайта бөлуге қатысады. Сондықтан осы процесте қолданылатын механизм - бұл ақшалай табыстар мен қорларды қалыптастырумен байланысты қаржы қатынастары көрінісінің түрлері, нысандары мен әдістері.

Қаржы шаруашылық жүргізудің бүкіл жүйесімен және оның жоспарлау, болжау, экономикалық ынталандыру, ұйымдастыру және басқару сияқты құрамды бөліктерімен етене байланысты. Оның үстіне, қаржы қоғамдық қатынастар жүйесінің серпінін (динамикасын) анықтаушы неғүрлым жалпы ұғым ретіндегі әлеуметтік механизмнің ұқсас құрамды бөліктерімен де өзара іс - әрекет етеді.

Қаржы механизмі - экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржы қатнастарын ұйымдастыру нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалану әдістерінің жиынтығы. Ол қаржы қатынастарын ұйымдастыру нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалану әдістерінің жиынтығы. Ол қаржы қатнастарын ұйымдастырудың түрлерін, нысандарын және әдістерін, оларды сан жағынан анықтаудың амалдарын қамтиды. Қоғамдық шаруашылықтың жеке бөлімдерінің ерекшеліктеріне қарай және қаржы қатынастарының сфералары мен буындары бөлінуінің негізінде қаржы механизімі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы механизмі, сондай- ақ мемлекет қаржысыының механизмі болып бөлінеді. Өз кезегінде, бұл сфералардың әрқайсысы жеке құрылымдық буындарды қамтиды. Мысалы, мемлекет қаржысының механизмі қаржылық механизм мен бюджеттен тыс ресурстар механизмі болып бөлінеді. Аумақтық бөлініске сәйкес республиканың, биіліктің жергілікті органдарының қаржы механизмі деп бөлуге болады.

Жалпы шаруашылық механизмі секілді қаржы механизмінің де өзіне тән ішкі құрлымы бар және ол айтарлықтай күрделі. Оған қаржы қатынастарының әр алуандылығына сәйкес келетін түрлі элементтер кіреді. Қаржы механизмінің экономикалық жүйе шеңберінде қаржы қатынастарының жиынтығын орталықтандырылған ақша қорларын, қаржы жоспарлаудың әдістерін, қаржыны және қаржы жүйесін басқарудың нысандарын, қаржы заңын қамтиды. Қаржылық өзара байланыстардың тап осындай көптігі оларды (элементтері ) ұйымдастырудың көптеген түрлерін, нысандарын және әдістерін қолдануды алдын ала анықтайды.

Қаржы механизмінің құрлымын сипаттау үшін оның буындары ретінде анықталатын жүйелі талдаудың қосалқы жүйесі (бөлігі), блогі, элементі сияқты ұғымдарын пайдаланған орынды (1 сызбаны қараңыз)

Қаржы механизмінің қосалқы жүйесі (бөлігі) оның неғұрлым маңызды қозғаушы күші болып табылады, олар: қаржылық жоспарлау, қаржы тұтқалары, ұйымдық құрылым және қаржы жүйесінің құқықтық режімі, қаржыны үйымдастыру.

Қаржы механизімінің блогі (бүыны) - бұл жалпы мақсатты бағыттылық белгісі бойынша біріккен біркелкі өзара байланысты элементтердің жиынтығы.

Қаржы механизімінің элементі - бұл қарапайым шаруашылық нысан, ол арқылы қоғамдық өндіріске қатысушылардың мүдделері айырықша түрде білінеді.

Экономикалық реформалар мен нарықтық қатнастар тұтқаларының іс - әрекетінің жүйесі болып табылатын қаржы механизмінің құралы мен элементтеріне әсер етпей қойған жоқ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы механизмінің мазмұны мен құрылымы
Қаржы саясатының мазмұны, міндеттері, мақсаттары және қағидаттары
Қаржы механизмінің айрықша элементтері
Қаржы саясаты
Қаржы саясаты және қаржы механизмі
Салық теориясындағы салық механизмінің негізгі элементтеріне сипаттама
Салық механизмінің экономикалық мазмұны
Шымкент каласынын каржы
Қаржы саясатының стратегиясы мен тактикасы
Қазақстан Республикасында нарықтық экономикадағы қаржы саясаты және қаржы жүйесін реттейтін құралдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz