Мемлекеттік қызметтің мақсаттары мен міндеттері
Жоспар:
Кіріспе 3
1 Мемлекеттік қызметТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ
1.1 Мемлекеттік қызметтің ұғымы, маңыздылығы 5
1.2 Мемлекеттік қызметтің мақсаттары мен міндеттері 5
1.3 Мемлекеттік лауазым 7
9
2 Мемлекеттік және жергілікті қызметкер дайындығының жүйесі
2.1 Мемлекеттік және жергілікті қызметшілерді жүйелеу және өткеру
12
2.2 Мемлекеттік және жергілікті қызметкерлердің қызметін
ынталандыру 12
2.3 Мемлекеттік және жергілікті қызметті ұйымдық жағынан
қамтамасыз ету 19
3 Мемлекеттік және жергілікті қызметке кадрларды іріктеудің 21
жүйесін жетілдіру МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 Мемлекеттік және жергілікті қызметке кадрларды іріктеудің
даму тенденциялары 23
Қорытынды 23
Пайдаланылған әдебиеттер
26
28
Кіріспе
Әкімшілік құқықтың құрамдас бір бөлігі мемлекеттік қызмет болып
табылады.
Мемлекеттік қызмет – мемлекет қызметінің бір саласы және мемлекеттік
қызметшілердің мемлекеттік органдардағы биліктің міндеттері мен
функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін атқару
жөніндегі қызметі болып табылады.
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайларын Қазақстан
Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы реттейді.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің ұйымдастырылуы мен
атқарылуы келесі принциптермен негіз алады: заңдылық, қазақстандық
патриотизм, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы, азаматтар
құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері
алдындағы басымдылығын; Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке қол
жеткізуге және өз қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік
қызмет бойынша жоғарылатуға тең құқығы және Заңның 3-ші бабында айтылған
тағы басқа принциптері.
Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының құрамына мемлекеттік
қызметшілердің саяси және әкімшілік лауазымдары кіреді. Мемлекеттік саяси
қызметшілердің мемлекеттік қызметке тағайындау, не сайлау негізінде кіруі,
ал мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасуы конкурстық негізде жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметке кіретін адамдарға мынадай талаптар қойылады: олар
Қазақстан Республикасының азаматтары болу, жасы 18-ден кем болмауы,
қажетті білімі, кәсіби даярлық деңгейі болуы керек және т.б.
Ерікті еңбек ету құқығы. Қазақстан Республикасы Конституцияның 24-
бабына сәйкес: “Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін
еркін таңдауына құқығы бар”. Бұл Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өз
қалауынша жұмысқа тұра алады және одан өз еркімен шығып кете алады дегенді
білдіреді. Жұмыспен айналысқысы келетінін, қанша жұмыс істегісі келетінін
азамат өзі шешеді. Конституцияның келтірілген бабында: “Еріксіз еңбекке
соттың үкімі бойынша, не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол
беріледі” делінген. Бұл егер адам қылмыс жасаса еріксіз еңбек ету
қолданылуы мүмкін дегенді білдіреді. Сондай-ақ жағдай қоғам мен адам
қауіпсіздігіне қауіп төндірсе олар құтқару жұмыстарына еріксіз тартылуы
мүмкін.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты мемлекеттік қызметке кадрларды
іріктеудің қазіргі жүйесіне талдау жасау, мемлекеттік қызметтің ұғымы,
маңыздылығы, мақсаттары мен міндеттеріне кеңірек тоқталу.

1.1 Мемлекеттік қызметтің ұғымы, маңыздылығы
Ғылыми және оқулық құқықтық әдебиеттерде мемлекеттік қызметтік кең
және қысаң мағынада түсінеді. Мемлекеттік қызмет кең мағынада
қызметшілердің өздерінің міндеттері (жұмысын) мемлекеттік ұйымдарда:
мемлекетік өкімет органдарында, кәсіпорындарда, мекемелерде, өзге де
ұйымдарда орындауға саяды; қысаң мағынада бұл қызметшілердің өздерінің
міндеттерін мемлекеттік органдарда орындаулары.
Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23
шілдедегі заңында мемлекеттік қызметтің ұғымы қысаң мағынада берілген. Онда
мемлекеттік қызмет, - делінген, - мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік
органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға
бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі.
Ал, лауазымдық өкілеттік деп заңдарда белгіленген құқықтары мен
негізгі міндеттері бар мемлекеттік қызметшілердің өз қызметін жүзеге
асыратын мемлекеттік органдардың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге
жауап беретін, нақты мемлекеттік лауазыммен көзделген өкілеттік ұғынылады.
Мемлекеттік қызметтің құқықтық негізіне Қазақстан Республикасының
Конституциясы, жоғарыдағы аталған Заң, Қазақстан Республикасы
Президентінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі
агенттігінің мәселелері туралы 1998 жылғы 12 қарашадағы №4141 және
Мемлекеттік қызмет кадрларымен жұмысты жетілдіру мәселелері туралы 1999
жылғы 24 ақпандағы №13 өкімдері, республиканың өзге де нормативтік –
құқықтық актілері жатады.
Мемлекеттік қызмет туралы Заңмен реттелмеген мемлекеттік қызметпен
байланысты қатынастар республиканың еңбек, зейнетақы туралы және өзге де
заңдармен реттеледі.
Қызмет түрін ерікті түрде таңдау мынаны білдіреді. Азамта қайда жұмыс
істегісі келсе, сонда істей алады. Ол мемлекеттік ұйым немесе жеке меншік
болуы мүмкін немесе үйінде отырып, үй жұмысымен айналысуы мүмкін. Сондай-ақ
ол кітап жаза алады, сурет сала алады және де басқа еңбекпен айналыса
алады. Ол кәсіпкерлікпен, мал өсірумен, бақташылықпен, т.б. айналысуы
мүмкін.
Қызмет түрін ерікті таңдауға қойылатын шектеудің мәні мынада, адам
сауда жасауға заңды тыйым салынған заттарды ста алмайды, адамдарды заңсыз
емдеуді жүзеге асыра алмайды. Мысалы, есірткі заттарын сатумен айналысу
және т.б.
Еңбек шарты. Қазіргі жағдайларда еңбек қатынастарына тұру үшін еңбек
шартын жасау керек. Оның қарастырылған “Азаматтық құқық” тарауындағы
азаматтық құқық шартынан айырмашылығы мынада: еңбек шартының міндеті –
қызметкердің және жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттерін белгілеу. Еңбек
шарты қызметкер мен жұмыс берушінің арасында заңнамаға сәйкес жасалуы
керек.
Еңбек шартының мерзімі. Еңбек шарты әрқашан уақытша шеңберде әрекет
етеді. Бірқатар жағдайларда уақытша шеңберлер шарттың әрекет етуі мерзіміне
байланысты болады. Шартқа отырған тараптар оның әрекет ету мерзімін түрліше
белгілеуі мүмкін. Дәлірек айтқанда, екі ұшты мерзім қояды. Ол қызметкер
жұмысқа тұрақты мерзімге қабылданады деген сөз. Бұл жағдайда қызметкер
шарттың мерзімі өтуіне байланысты жұмыстан шығарылмайды.
Жұмысқа қабылдау кезеңіндегі сынақ мерзімі. Қызметкердің тапсырылған
жұмысқа сай келетінін тексеру үшін сынақ белгіленуі мүмкін. Сынақ мерзімі
туралы қызметкерді жұмысқа қабылдау кезінде ескертіледі. Сынақ мерзімі үш
айдан аспауы тиіс. Ол қызметкердің ауырып қалуына, басқа да дәлелді
себептерге байланысты тоқтатылуы мүмкін. Олар “Қазақстан Республикасындағы
еңбек туралы” заңның 30-бабында көрсетілген. Қызметкер әскери қызметке
шақырылуы мүмкін. Бұл жағдайда қызметкер шақыру туралы құжатын көрсеткен
соң үш күндік мерзім ішінде жұмыстан босатылады.
Егер қызметкер қылмысы үшін сотталса, шарт бұзылады және қолданылған
жаза бұрынғы жұмысын одан әрі жалғастыруға мүмкіндік бермейді.
Еңбек жағдайларында жұмыс беруші, қызметкерге оның атқаратынынан артық
талап қоя алмайды. Қызметкер еңбек шарты бойынша өзіне алған міндеттерді
орындаудан жалтара алмайды.
Еңбек жағдайлары қызметкердің өмірі мен денмаулығы қауіпсіздігін
қамтамасыз етуге, гигиена талаптарға сай болуы тиіс. Қызметкердің толық
қанды демалуға, қажетті материалдық қажеттіктерін қанағаттандыруға
мүмкіндігі болуға тиіс. Оның білім алуға (жалғастыруға), т.б. мүмкіндігі
болуы керек. Еңбек жағдайлары бойынша заңнамалық талаптар азаматтардың
табиғи, әлеуметтік мұқтаждарына(сұранымдарына) сәйкес белгіленеді.
Жұмыс уақыты. Қызметкердің денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету және
басқа себептермен шаршап шалдыңуына жол бермес үшін жұмыс уақытының
нормалары қойылады. Оларды белгілеудің зор тәжірибелік маңызы бар.
Айтылғандардан байқалғандай, қызметкердің денсаулығы қорғалады.
1.2 Мемлекеттік қызметтің мақсаттары мен міндеттері
Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы заңдарынан, соларға сәйкес
қабылданған заңға тәуелді актілерден, сондай-ақ құқықтық ғылым мен басқару
ғылымы тұжырымдаған нақты негізге алынатын принциптерге негізделеді.
Олардың мемлекеттік қызмет туралы Заңда нақтыланған. Оларға мына төмендегі
принциптер жатады.
1. Заңдылық. Бұл ешкімді де тыс қалдырмайтын әмбебап принцип болып
табылады. Мемлекеттік өкімет органдары, лауазымды адамдар Қазақстан
Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға міндетті.
2. Қазақстандық патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік.
3. Мемлекеттік өкіметтің заң шығарушылық, атқарушылық және сот
тармақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің
біртұтастығы.
4. Азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің
мемлекет мүдделері алдындағы басымдығы.
5. Мемлекеттік қызметтің жалпыға ашықтығы, яғни Республика
азаматтарының өз қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес
мемлекеттік қызметке кіруге және мемлекеттік қызмет бойынша
жоғарылатылуға тең құқылы.
6. Жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз
өкілеттігі шегінде қабылдаған шешімдерді орындаудың бағынысты
мемлекеттік қызметшілер мен төменгі мемлекеттік органдардың
қызметшілері үшін міндеттілігі.
7. Мемлекеттік қызметшілердің бақылауда болуы және есептілігі.
8. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы. Бұл
қызметке кіретін азаматтардың алдындағы мемлекеттің өзіне алған
міндеттемелерін сөзсіз орындау және мемлекеттік қызметшіге заңсыз
тиіспеуге құқықтық кепілдіктерді қамтамасыз ету болып түсініледі.
9. Мемлекеттік қызметшілерді қызметтік міндеттерін адал, ынталы
атқарғаны, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны
үшін көтермелеу.
10. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындамағаны не
тиісінше орындамағаны және өздерінің өкілеттігін асыра пайдаланғаны
үшін жеке жауаптылығы.
Аталған Заңда және оқудық заң әдебиеттерінде мемлекеттік қызметтік
ұйымдастырудың бұлардан өзге де принциптері айтылған. Олардың ішінде,
мысалы, қоғамдық пікір мен жариялылықты ескеру; мемлекеттік қызметшілердің
кәсібилілігі мен жоғары біліктілігі және басқалар.
Мемлекеттік қызмет туралы Заңда мемлекеттік органдарда саяси
партиялардың ұйымдарын құруға жол берілмейтіндігі ерекше атап айтылған.
Мемлекеттік қызметшілер лауазымдық міндеттерін атқарған кезде заңдардың
талаптарын басшылыққа алуға тиіс және саяси партиялардың, қоғамдық
бірлестіктер мен олардың органдарының шешімдеріне байланысты болмауы керек.
1.3 Мемлекеттік лауазым
Мемлекеттік қызмет туралы Заңда мемлекеттік лауазым нормативтік-
құқықтық актілермен белгіленгем лауазымдық өкілеттіктер мен лауазымдық
міндеттердің белгілі тобы жүктелген мемлекеттік органның құрылымдық бөлігі
делінген.
Мемлекеттік лауазым — оны атқаратын адамның өкілеттігінің мазмұны мен
көлемін қамтып көрсетеді.
Лауазым мемлекеттік қызметшінің қызметтік міндеттерінің, құқықтарының
көлемін және жауапкершілігінің шеңберін, оның кәсіби-мамандық даярлығына
қойылатын талаптарды белгілейді. Ол қызметшінің атқаратын жұмысының
мазмұнын көрсетеді, оның құқықтық жағдайын анықтайды.
Әрбір лауазым өкімдік тәртіппен құрылады, ол басқару органының штат
кестесіне енгізіледі және тиісті мамандарға орналастыруға жатады.
Мемлекеттік қызмет туралы Заңда мемлекеттік қызмет ұғымы берілген.
Ол бойынша мемлекеттік қызметші болып заңдарда белгіленген тәртіппен
республикалық немесе жергілікті бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық
банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті мемлекеттік органда атқаратын
және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында
лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы
табылады.
Заңда мемлекеттік қызметшілерді екі топқа бөліп, түсініктеме берген.
Бұлардың бірі мемлекеттік, әкімшілік қызметші деп аталады. Оған
мемлекеттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда
тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік
қызметші жатады.
Енді бір тобы — мемлекеттік саяси қызметші. Мұндай қызметші болып
тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметі саяси — айқындаушы сипатта
болатын және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін
мемлекеттік қызметші табылады. Жалпы алғанда құқықтық мәртебелерінің
ерекшеліктеріне қарай мемлекеттік қызметшілер әр алуан түрлерге бөлінуі
мүмкін.
Ең алдымен:
а) мемлекеттік органдардың,
ә) мемлекеттік кәсіпорыпдардың мекемелердің және ұйымдардың қызметшілері
бөлінеді.
Мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері мемлекеттің қоғамға
басшылық жасау жөніндегі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға
шоғырланған.
Ал, мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар қызметшілерінің
функционалдық міндеттері өзгеше. Олардың қызметі тиісті өндірістік,
әлеуметтік-мәдени және өзге де қызмет процестерін, яғни кәсіпорындардың,
мекемелердін және ұйымдардың мақсаттары мен аткаратын жұмыстарына орай
негізгі міндеттерін орындауды ұйымдастырумен байланысты.
Мемлекеттік қызмет туралы заңда осы заңның барлық мемлекеттік
қызметшілерге қолданылатындығы, бұған Қазақстан Республикасының
Конституциясымен, конституциялық заңдармен немесе өзге заң актілерімен олар
үшін басқадай құқықтық мәртебе белгіленген жағдайлар қосылмайтындығы
айтылған,
Техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік
органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін адамдар мемлекеттік қызметшіге
жатпайды. Мұндай адамдардың тізбесін республика Үкіметі бекітеді.

Жүйелеу мәселесін зерттегенде әкімшілік құқық ғылымы-да ең алдымен
құқықтық жағы ескеріледі.
Қызметшілерді, олардың жүзеге асыратын функцияларының сипатына
байланысты үш жүйеге: лауазымды адамдарға, жедел құрамға, көмекші
персоналға; немесе бес топқа: басшыларға, жауапты мамандарға, техникалық
персоналға (техникалық орындаушылар) және көмекші қызмет көрсететін
персоналға бөлуге болады.
Лауазымды адам,— делінген Мемлекеттік қызмет туралы Заңда,— ұдайы,
уақытша немесе арнайы өкілеттік бойынша өкімет өкілінің міндеттерін жүзеге
асыратын не мемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық-өкім етушілік немесе
әкімшілік-шаруашылық қызметтерді орындайтын адам.
Заң әдебиеттерінде лауазымды адам деп өз құзыретінің шеңберінде
заңдық салдар туғызатын биліктік іс-әрекет жасауға құқығы бар мемлекеттік
қызметшіні айтады (мысалы, басқарудың құқықтық актілерін шығаратын, ақша
құжаттарына қол қоятын, тіркеу іс-қызметтерін жасайтын т.с.с.).
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үшін санаттар белгіленеді.
Мемлекеттік саяси қызметшілер үшін лауазым санаттары белгіленбейді.
Мемлекеттік қызметке кірудің тәртібі мына төмендегі жағдайларды:
а) мемлекеттік орган мәртебесінің ерекшеліктерін;
б) органның кіретін аясы мен саласының ерекшеліктерін;
в) мемлексттік лауазымның санатын;
г) тиісті лауазымға орналасудың тәсілдерін ескере отырып құқықтық
актілермен белгіленеді.
Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруге бәрі
бірдей тең құқылы деген Конституциялық принцип бұл қызметке кіру немесе
нақтылы мемлекеттік лауазымға тұру үшін белгілі шектеулер болмайды деген
ұғым туғызбайды. Ондай шектеулер заңдармен және басқа құқықтық актілермен
тағайындалған.
Азамат мемлекеттік қызметке мына жағдайларда қабылдануға тиіс емес:
а) егер ол сотпен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі кемшін
деп танылған болса;
ә) егер оны сотпен белгілі бір мерзімге мемлекеттік лауазымға орналасу
құқығынан айырған болса;
б) лауазымдық міндеттерін орындауға кедергі келтіретін медицина мекемесінің
қорытындысымен анықталған науқасы болса;
в) мемлекеттік қызметке кірер алдында бір жыл ішінде сыбайлас жемқорлық
құқық бұзушылығы үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған немесе қасақана
құқық бұзушылығы үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған болса;
г) мемлекеттік қызметке кіру уақытына өтелмеген немесе Заңда белгіленген
тәртіппен алынбаған соттылығы бар болса.
Аталған мәліметтерді табыс етпеген немесе бұрмалаған жағдайда
мемлекеттік қызметке алуға жатпайды.
Мемлекеттік және жергілікті қызметке кіретін адамдар мынадай
талаптарға сәйкес келуге:
1) Республиканың заңдарында тиісті лауазымдар жөнінде өзгеше жас
белгіленбесе, жасы он сегізге толған Қазақстан Республикасының азаматы
болуға;
2) тиісті біліктілік талаптарына сәйкес келетін қажетті білімі мен кәсіби
даярлық деңгейі, сондай-ақ заңдарда көзделген жағдайларда жұмыс стажы
болуға тиіс,
Мемлекеттік және жергілікті қызметке кірген кезде азамат салық
қызметі органдарына өзінің алған табыстары мен езіне меншік құқығымен
тиесілі мүлік туралы мәліметтер тапсыруға міндетті.
Азаматтар міндетті арнайы тексеруден өткеннен кейін барып мемлекеттік
әкімшілік лауазымға орналаса алады.
Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарына орналасу сайлау, конкурс,
контракт, тағайындау арқылы жүзеге асырылады.
Сайлау мемлекеттік лауазымдарға орналасудың ең демократиялык нысаны
ретінде сайланатын адамның келісімі болуымен қатар кандидатурасын ұсынуды
және сайлау актісін мезгейді. Мемлекетті қызмет туралы заңда мемлекеттік
саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметке кіруі тағайындау не сайлау
негізінде, сондай-ақ заңдарда белгіленген тәртіп пен шарттарға сәйкес басқа
жағдайларда да жүзеге асырылады делінген.
Конкурс мемлекеттік қызметтегі бос лауазымға таңдау арқылы
орналастырудын нақты нысаны болып табылады. Ол конкурсқа қатысушылар
арасында мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптарға неғұрлым сай
келетін адамдарды анықтау үшін өткізіледі.
Мемлекеттік әкімшілік және жергілікті қызметшінің мемлекеттік
әкімшілік лауазымға орналасушы және қызметі бойынша жоғары тұрған санаттағы
лауазымға жоғарылауы, Мемлекеттік қызмет туралы заңмен, өзгедей көзделген
жағдайларды қоспағанда, тек конкурстық негізде ғана жүзеге асырылады.
Әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға арналған конкурс
Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік қызметке тең қол жеткізу
жөніндегі конституциялық құқығын жузеге асыруға мүмкіндік береді.
Мұндай конкурсты өткізудің шарттары мен тәртібі мемлекеттік қызмет
туралы заңның талабына сәйкес Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі
төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы А—202 бұйрығымен бекітілген Бос
әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізудің
қағидасыңда қаралып бекітілген.
Бұл қағида бойынша конкурс ашық және жабық жағдайда өткізіледі. Ашық
конкурсқа Қазақстан Республикасынын барлық азаматтары қатысуға құқылы.
Жабық конкурсқа тек әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің ғана қатысуға
құқығы болады.
Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылар берген мемлекеттік қызмет
атқарғаны туралы және басқа қажетті құжаттарды қарап, соның нәтижесінде
тестілеуге жіберілген үміткерлердің білімі мен қабілетін, одан кейін
әңгімелесу арқылы кәсіби және жеке қасиеттерін әділ бағалаудың негізінде
тиісті шешім қабылдайды.
Әңгімелесуден өткен үміткерлерді әрбір бос лауазымға біреуін ғана
кадр резервін есепке алуға конкурс комиссиясының өкілетті органға
ұсыныстама жасауға құқығы бар. Конкурс комиссиясының дұрыс қорытындысына ие
болған үміткерді мемлекеттік органның басшысы жарияланған қызметке
қабылдауға міндетті.
Кейбір санаттағы қызметшілердің конкурс арқылы мемлекеттік қызметке
орналасуы міндетті емес. Бұларға мемлекеттік саяси қызметшілер, сондай-ақ
тұрақты негізде жұмыс істейтін, өз өкілеттігін тоқтатқан және қойылатын
біліктілік талаптарға сай келетін Парламент депутаттары, маслихат
депутаттары жатады. Олардың мемлекеттік әкімшілік лауазымға конкурстық
іріктеусіз орналасуға құқықтары бар. Мұның тәртібін Республика Президенті
айқындайды.
Контракт. Мемлекеттік лауазымға орналасу контрактісі мемлекеттік те,
азаматтық та қызмет жүйесінде қолданылуы мүмкін. Контракт жасаудың тәртібі,
оның шарттары, тараптардың міндеттері әртүрлі құқықтық актілермен, олардың
ішінде еңбек заңдарының актілерімен, Қазақстан Республикасы Үкіметінін 1996
жылғы 21 мамырдағы қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметке қабылдаудың
Үлгі контрактісімен белгіленген.
Мемлекеттік лауазымға тағайындау — осы лауазым бойынша белгіленген
функцияларды, міндеттер мен құқықтарды жүзеге асыруды қызметшіге ресми
түрде жүктеу кезін айқындайтын өкілетті мемлекеттік органның немесе
лауазымды адамның заңдық актісі. Тағайындауды мемлекеттік өкіметтің
органдары мен лауазымды адамдары өздерінің құзыретінің шеңберінде белгілі
санаттың лауазымдарына орналасудың гәртібін сақтай отырып жүргізеді.
Мемлекеттік қызметтің ерекшеліктеріне байланысты және оның тиімді
қызмет атқаруын қамтамасыз ету мақсатында заңдармен мемлекеттік
қызметшілерге құкықтық шектеулер қаралған. Мемлекеттік қызмет ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz