Қазақстанның бюджет жүйесінің экономикалық мәні


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

І Қазақстанның бюджет жүйесінің экономикалық мәні.

1. 1 Мемлекеттік бюджет жүйесінің түсінігі, мәні және құрамы

1. 2 Бюджет дефицитін (профицитін) қаржыландыру әдістері

1. 3 Бюджеттік кредиттеу тәсілдері

ІІ Қазақстанның мемлекеттік бюджеті: қалыптастыру және пайдалану проблемалары

2. 1. Жаңа бюджет кодексінің ерекшеліктерін талдау

2. 2. Бюджетті жоспарлау және бекіту

2. 3. Бюджеттің атқарылуы мен нақтылануы

2. 4. Бюджетаралық қатынастар және түсімдер мен шығыстарды бюджет

деңгейлері арасында бөлу

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар

Кіріспе

Қаржы жүйесінің негізгі буыны мемлекеттік бюджет болып табылады. Мемлекеттік бюджет ретінде 1991-ші жылға дейін Одақтық бюджет болып келді. Оған барлық Одақтас республикалардың бюджет енген еді. Бүгінде Қазақстан егеменді ел болған сон, республика үкіметі өзінің ұлттық мемлекеттік бюджетін жасауға кірісіп кетті.

Одақтық бюджет 1984-ші жылдан бастап тапшылық күйін кеше бастады. Рыноктық қатынастарға көшу бюджет баланыстылығына қатты әсер етті. Ол жылма-жыл қарыздар болған кәсіпорын мен ауыл шаруашылығының салмақты дотацияларды бюджет иығына артуымен түсіндіріледі. Өнеркәсіп өнімін сатып алу бағасы мен ауыл шаруашылығы өнімін сату бағалары тепе-тендігінің бұзылуы нәтижесінде де болды. Күрделі әлеуметтік бағдарлама мен қорғанысқа кеткен шығындарды мемлекет дотациялап отырды.

Мемлекеттік бюджет - мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары. Ол мемлекеттің шығын мен табыстарының балансы. Бюджет ұғымы француздың сөзі немесе табыс пен шығындарды бөлу. Бюджет табысы мен шығын құрылымы және нарықтық экономикада елдің мемлекеттік бюджеті жеке баптар бойынша ара салмағы төмендегідей

Бюджет- экономиканың категориясы болып анықталады, яғни экономикалық қатынастардың пайда болуы мемлекет орталықтанған ақша қорына немесе жергілікті ақша қорын қарайтын амал бюджеттік құқықтық категория болып мемлекеттің негізгі қаржы жоспары немесе өзін-өзі басқарудағы кіріс пен шығыс жазылған тізім. Өзінің материалдық мазмұнда бюджет орталықтанған ақша қоры. Мемлекеттік бюджет-бұл мемлекеттік ақша қаржыландыру негізгі орталықтанған қорын жасаудың және пайдаланудың негізгі қаржы бағдарламасы. Бюджет белгілі-бір кезеңге (тоқсан, жыл) жасалып заң түрінде бекітіледі. Мемлекеттік бюджет халық шаруашылық, ғылым мен мәдениеттің жоспарлы түрде дамуын қажеттіліктерін еңбекшілердің әл-ауқатын арттырумен мемлекет басқару органдарын ұстауды еліміздің қорғанысын қаржыландыру қапржымен ресурстарын қамтамасыз етіп отырады. Бюджет арқылы мемлекет кәсіпорында жасалытын таза кірістің едәуір бөлігін әртүрлі құрылымнан тұрады. Оның кірістері халық шаруашылығынан түсетін және халықтың төлемдерінен тұрады. Ал бюджет шығынында халық шаруашылығының және әлеуметтік мәдени шаралары мен ғылымды қаржыландыру басты орын алады. Қаржы беріктігі мен тұрақтылығы мемлекеттік бюджеттің орындалуына байланысты, ол қоғамдық жан-жақты дамуына тікелей әсер етеді. Бюджет шығыннан кірістің асып отыруы экономиканың қажеттілігінен туады. Бюджет жүйесіне басшылық бүкіл ел үшін бір орталықтанған жүзеге асырады.

Мемлекеттік бюджет шығындары құралы мен кұрылымы

  1. Халық шаруашылық шығындар
  2. Әскери қорғау
  3. Басқа шығындар
  4. Әлеуметтік мәдени шығындар

Халық шаруашылық шығындарына- нарықтық қатынастардың дамуына дейін халық шаруашылық шығындарын, мемлекеттік бюджет шығыннан үлкен бөлігін алды. Олардың құрамына: қоғамдық қызмет көрсету, тұрғын үй қызметтері, барлық заңды тұлғаларды қаржыландыру шығындары жатады. Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты халық шаруашылық шығындары ең төменгі жағдайға дейін қысқартылады. Ол келесі мөлшерлерді қабылдауға байланысты:

  1. Заңды тұлғаларға материалдық тәуелсіздік берілген үшін;
  2. Мемлекеттік көмектері мен субъектінің қысқаруына;
  3. Баға айырмасын өтеу дотация қысқаруы;
  4. Капиталдың құрылыстың инвестициялық азаюы.

Әскери қорғау шығындарына басты орынды әскери технологияны өндіру және сатып алу басты орын алады. Болған қаржыландыру бөлігі мен әскери флот бөлігінде бөлуге тура келеді.

Басқа шығындар мемлекет басқару жүйесіне байланысты. Басқару аппаратын жүзеге асыру және басқару шығындарының қысқаруы үлкен мағынаға ие.

Әлеуметтік мәдени шығындар. Мәдени жүйелері, өсу орындары, денсаулық сақтандырумен және қаржыландырумен байланысты, әлеуметтік- мәдени шығындары нарықтық қатынастар жағдайында мемлекет халықтың әлеуметтік мәдени шараларын, ресурстарын қаржыландыруға, халықтың әлеуметтік қорғауға (жәрдем ақы төлеу, материалдық төлемдер, шағын мүлік) мемлекет үлкен көңіл бөлу қажет.

І Қазақстанның бюджет жүйесінің экономикалық мәні.

Мемлекеттік бюджет жүйесінің түсінігі, мәні және құрамы

Бюджеттердiң түрлерi мен деңгейлерi мынаған бөлінеді:

- республикалық бюджет;

- облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi;

- аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi.

Республикалық бюджет

1. Осы Кодекспен айқындалған салықтық және басқа да түсiмдер есебiнен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттiк органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттiк саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын iске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры республикалық бюджет болып табылады.

2. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен бекiтiледi.

Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi

1. Осы Кодекспен айқындалған салықтық және басқа да түсiмдер, есебiнен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегi жергiлiктi мемлекеттiк органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте мемлекеттiк саясатты iске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры облыс бюджетi, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi болып табылады.

2. Тиiстi қаржы жылына арналған облыстың бюджетi, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының шешiмiмен бекiтiледi.

Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi

1. Осы Кодекспен айқындалған салықтық және басқа да түсiмдер есебiнен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi мемлекеттiк органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиiстi аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) мемлекеттiк саясатты iске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi болып табылады.

2. Тиiстi қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешiмiмен бекiтiледi.

Төтенше мемлекеттiк бюджет

1. Төтенше мемлекеттiк бюджет республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң негiзiнде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында енгiзiледi.

2. Төтенше мемлекеттiк бюджеттi бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әзiрлейдi және ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен бекiтiледi.

3. Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында төтенше немесе соғыс жағдайын енгiзу және оның күшiн жою туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы төтенше мемлекеттiк бюджеттi енгiзуге және оның қолданылуын тоқтатуға негiз болып табылады.

4. Төтенше мемлекеттiк бюджеттiң қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасының Парламентi дереу хабардар етiледi.

5. Төтенше мемлекеттiк бюджеттiң қолданылу уақытына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның және тиiстi қаржы жылына арналған барлық деңгейлердегi жергiлiктi бюджеттер туралы мәслихаттар шешiмдерiнiң қолданылуы тоқтатыла тұрады.

6. Төтенше мемлекеттiк бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы енгiзiлген мерзiм iшiнде қолданыста болады.

Төтенше мемлекеттiк бюджеттiң қолданылуы тоқтатылғаннан бастап республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және тиiстi қаржы жылына арналған барлық деңгейлердегi жергiлiктi бюджеттер туралы мәслихаттардың шешiмдерiне сәйкес жүзеге асырылады.

7. Қазақстан Республикасының жекелеген жерлерiнде төтенше жағдай енгiзiлген ретте төтенше мемлекеттiк бюджет енгiзiлмейдi.

8. Қазақстан Республикасының бiрнеше аймақтарының аумақтарында бiр мезгiлде төтенше жағдай енгiзу төтенше жағдайдың зардабы ұлттық мүдделерге және республиканың экономикалық қауiпсiздiгiне нақты қатер төндiруi мүмкiн болатын ретте ғана төтенше мемлекеттiк бюджет енгiзуге негiз бола алады.

Үкімет зейнетақы жөніндегі барлық карызды және жергілікті бюджеттердің жалакы жөніндегі қарызын үстіміздегі жылдың аяғына дейін өтеу жөнінде шешім қабылдады. Ал жергілікті бюджеттердің қалған басқа да қарыздарын өтеуді 1998-1999 жылдарға дейін кейінге қалдырды. Ақпан айында Үкімет жергілікті билік органдарына жалақы жөніндегі және жалақы қорынан аударылатын қаржы жөніндегі қарызды үстіміздегі жылдың бірінші жартысында өтеуге және жаңа қарыздың қордаланып қалуын болдырмауға өкім шығарды. Жергілікті билік органдарының өз шығындарын қысқартуын, қызметін жақсартуын және қайнар көздері есебінен қосымша кіріс алуын ынталандыру үшін орталық бюджеттен осы мақсаттарға қандай да бір қосымша трансферттер бөлінген жоқ. Үстіміздегі жылда қарыз айтарлықтай бөлігі өтелді, сөйтіп жергілікті бюджеттердің міндеттемелер сомасы ішкі жалпы өнімнің пайызы төмендеді.

Қазақстанда жұмыспен қамту деңгейінің артықтық ететін тұстары байқалады. Бұл деңгей материалдар мен шикізаттың жетіспеуі, оның ішінде жөндеу-пайдалануға беру жұмыстарына қажеттісінің жетіспеуі есебінен қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік сектордағы жұмыспен қамтудың жоғары деңгейі мемлекеттік қызметтің тиімділігіне теріс әсерін тигізуде. Денсаулық сақтау мен білім саласында жұмыспен қамту деңгейі тек қызметті пайдаланатын адамдар мен оқушылардың санына ғана емес, сонымен бірге қосымша материалдардың -дәрі-дәрмектің, оқу құралдарының санына қатысты да жоғары болып табылады. Дәрі-дәрмексіз дәрігерлердің тым көп болуы немесе оқулықтары жоқ педагогтардың көптігі емдеудің яки білімнің тиімділігін қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан, жұмыспен тым көп адамның қамтылуы мемлекеттің медициналық және білім беру қызметін көрсетуінің сапасына теріс әсерін тигізуде.

Кейбір салаларда, оның ішінде білім мен әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік бағдарламалардың шашыраңқылығы мен өзара байланыстырылмауы олардың тиімділігі мен айқындылығын төмендетуде. Мысалы, әлеуметтік қорғау бағдарламасында тым кең ауқымды мақсаттар қамтылған. Сондықтан оларды орындау мүмкін еместігі алдын-ала белгілі. Қазіргідей жағдайда әл-ауқаты нашарларға көмектесу, ардагерлерге қамқорлық жасау, денсаулық сақтау мен білім органдарының шалғай аудандардағы қызметкерлерінің еңбегін ынталандыру сияқты шаралардың орындалуы екіталай. Жәрдем ақшалардың бір бөлігі халықтың әл-ауқаты нашар топтарына негізгі тауарлар мен қызмет түрлерін жеңілдікті бағалармен алып, пайдалануына көмек көрсетуге бағытталған. Алайда бұл шара баға түзілу жүйесін бұзудың есебінен жасалған. Бұған қоса жәрдемақылардың бәрі бірдей әл-ауқаты нашарларға жете де алмайды.

Бізде мемлекет көрсететін қызметке баға белгілеуді жақсартатын күш- мүмкіндік бар. Бір жағынан олар үшін төлемді салық салу арқылы, екінші жағынан ақылы қызмет енгізу арқылы алуға болады. Баға жасаудың қазіргі құрылымы Үкіметтің ресурстарды жұмылдыруын және тұтынушылардың мемлекеттік қызметті тиімді пайдалануын қамтамасыз ете алмайды. Денсаулық сақтау және білім мекемелерінің ақылы қызметін ұлғайтудың қазіргі тәсілі мемлекет көрсететін қызметтің тиімділігін арттыру міндеттеріне де, бәсекелесуші жекеменшік медицина және білім қызметтерін дамыту мақсаттарына да сай келмейді.

Бюджеттер арасында қалыптасқан қазіргідей өзара сенімсіз қарым-қатынастар Үкіметтің ресурстарды жұмылдыруын немесе облыстар арасында қаржыны әділетті бөлуін, ал өкіметтің жергілікті органдарының өз қызметін қалыпты җургізуін қамтамасыз етпейді.

Мысалы, кірістерді бөлу тетігі айтарлықтай бай аймақтарда оларды жинаудың тиімділігіне жеткізе қоймайды.

Бізде қолданылып жүрген нормативтік-құқықтық база нарықтық орта өсіріп шығаруға, шағын және орта кәсіпкерлікті көтермелеуге тым нашарлық етеді. Мұндай жағдайда мемлекет тауарлық-материалдық тұрғыдан келгенде, жоғарыда айтылғандай оқулықтарды бәсекелестік жағдайындағы бағалармен сатып ала алмайды. Тыйым салушы нормативтік-құқықтық тәртіп мемлекеттік шығыстардың бір бөлігінің - айталық білім мен оқытудыдың тиімділігін мейлінше азайтады. Ал шын мәнінде ол жекеменшік инициативаны дамытуға көмектескен болар еді.

Үкімет реформаның бірқатар нұсқаларын қарастырмақшы. Олар жекеменшік сектордың бұрын басым болған салаларда неғұрлым елеулі рөль көрсету түрлерін неғұрлым тиімді ұсынуды, баға жасау тетігін мемлекеттік қызмет көрсету үшін ресурстар тартуға пайдалануды, сондай-ақ Қазақстанда оларға сұраныстың өзгеруіне неғұрлым тиімді ілесіп отыруды көздейді. Мұның, оның ішінде бюджеттің шығыс бөлігін нақты құрайтын бөліктеріне қатысты шаралардың да көптеген нұсқалары бар.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті компоненттер жиынтығын жақсарту керек. Денсаулық сақтау, білім беру салаларында да мұндай компонентті қысқарту неғұрлым тиімді болар еді. Ал оқулықтар, дәрі-дәрмек сияқты материалдарды арттырған дұрыс.

Тұтынушылардың денсаулық сақтау мен білім беру сияқты кейбір салаларда қызметке ақы төлеуіне айқындылық және ретті жүйе енгізу қажет. Бұл кірістерді тарту үшін пайдалы болып, мемлекеттік қызметті неғұрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін болады.

Жалақы қорынан бюджеттен тыс бес қорға аударылатын қаржының жиналуын жақсартқан жөн. Бұл істе осындай аударылатын ақшаны жинауды бір қолға алу және бұл міндетті Салық комитетіне жүктеу де мәселені шешудің бір жолы бола алады. Осындай кең ауқымда үнемделген сома едәуір мол болуы мүмкін.

Бұл шара тиімді болуы үшін салық комитеті өз қызметінің нәтижелілігін арттыруға тиіс.

Денсаулық сақтау мен әлеуметтік қорғау қызметтерін көрсетуде аймақтардың теңдігін қамтамасыз етуге көмектесу үшін ресурстарды орталықтандыру деңгейін көтерген дұрыс.

Тағы бір шара-мемлекеттің қызметіне сұраныстың түрлерін және олардан түсетін пайданың әлеуметтік нормасын ескеру. Жоғары оқу орындарын бітірушілерге қызмет көрсету секторы сияқты ұлғайып келе жатқан секторларда жұмыс алу үшін тиісті біліктілік қажет.

Сондай-ақ, бұл салада бәсекелестікті дамытуға және ықтимал инвесторлардың нарықтарға неғұрлым еркін шығуына көмектесу мақсатымен, саланы реттеу тәртібін жетілдіру талап етіледі.

Ең алдымен мемлекеттік сектордағы жұмыспен қамтуды қайта құру ісін бюджет саласындағы жалақы құрылымын кеңінен реформалауды бастағанға дейін жүзеге асыру қажет. Реформаға дейін жалақыны арттыру бюджет үшін көтере алмас жүк болады. Үкімет шарттарды қысқартуды, жұмысқа қабылдауды біршама немесе толық тоқтатуымен үйлестіруге тиіс. Сондай-ақ, ол мемлекет қызметінен өз еркімен босануды ынталандыру үшін жұмыстан шығардағы жәрдемақы төлеу тетігін енгізуге міндетті.

Орайы келгенде айта кететін бір жәйт, штаттар қысқарту процесін, ең дұрысы, өндіріске зиян келмейтін салаларға бағыттаған дұрыс. Мұны қызметтің жекеменшік сектор тиімді жұмыс істей алатын салаларында, мемлекеттік функцияларды тік және көлбеу бағытта қайталайтын мекемелерде штат қысқарту жолымен жүзеге асыруға болады.

Келесі қадам-жұмысқа жалдауды және қызмет сатысында өсуді қамтамасыз ету үшін адам ресурстарын басқарудың тиімді жүйесін жасау. Бұл шара адам ресурстарын басқарудың орталықтандырылған жүйесін енгізуді талап етеді. Сондай-ақ қызмет сатысындағы өсуді қамтамасыз ету үшін штаттағы қызметкерлердің қызметін бағалау жүйесін құру қажет болады.

Бюджет саласында жалақының теңгермелілігін өрістету қажет. Мұндай ұлғайту үкіметтің жекеменшік секторға қатысты бәсекелестік қабілетін арттырады, сөйтіп, уақыт өте келе өз құрамында кәсіби білікті қызметкерлерді, сондай-ақ басшы қызметтердегі кадрларды ұстап тұруына мүмкіндік береді.

Ақшалай емес төлемдердің бәрін ақшалай белгілеу жолымен және басқа жеңілдіктердің күшін жою арқылы үкімет өтем жүйесінің ашықтығын арттыра түсуі керек.

Түрлі деңгейдегі жергілікті өкімет органдары арасында табысты бөлу мен шығынды бөлісу үшін жауапкершіліктің тұрақты жүйесін құру қажет. Мұның мақсаты жыл сайынғы табысты бөлу және субвенциялар деңгейі жөніндегі келіссөзден бас тарту болмақ.

Алдында айтқанымдай, трансферттердің қазіргі жүйесі салыстырмалы бай аймақтардан салық жинауды ынталандыруды жеткілікті түрде қамтамасыз ете алмайды. Үкімет ұлттық салықтың орталыққа тиесілі бөлігін табысы мол облыстардың аударуын жүзеге асыруды қамтамасыз етуі керек.

Жергілікті өкімет органдарының қаржы қызметіне және техникалық мүмкіндіктеріне бақылау жасауды да жақсарту түсу керек. Мұны жер-жерлерде немесе Алматыда білім жетілдіру жолымен жүзеге асыруға болады.

Ішкі және сыртқы қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдік беру тоқтатылады. Сондай-ақ, Үкіметтің несиеге қаржы берү жөніндегі ағымдағы операцияларды ұдайы бақылап отыру қажет.

Ақыр аяғында, несие беру тек мұқият зерттелген мемлекеттік инвестициялық бағдарламалар шеңберінде ғана жүргізілетін болады.

Денсаулық сақтау жүйесі табысының басым бөлігіне орталықтандырылған бақылау жүргізілуге тиіс. Аймақтардың теңдігін қамтамасыз ету үшін ресурстардың неғұрлым жоғары деңгейде шоғырландырылуы талап етіледі. Оның үстіне, бұл жүйе үшін бюджеттік жауапкершілікті орталықтандыруды денсаулық сақтау министрлігінің өзінде жалғастыру қажет.

Денсаулық сақтау саласының мемлекеттік бөлігін оңтайландырып, жекеменшік медицина қызметін көрсетуді жекеменшік медицина мекемелеріне ауыстыруды ойластырды.

Мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесі мекемелеріне жекеменшік көздерден қаржыландырылатын медицина қызметін көрсетуге рұқсат ету жекеменшік медициналық мекемелер жүйесінің дамуына жағдай жасай алмайды.

Сондай-ақ, бұл мемлекеттік медицина қызметін көрсетуге де зиянын тигізуі мүмкін. Үкімет медициналық сақтандырудың жекеменшік нарығын дамытуға арналған шарттарды женілдетуге тиіс.

Бюджеттік рерурстарға түсетін салмақты жеңілдету үшін медициналық қызметке бірлесе ақы төлеуді енгізу туралы мәселе қаралмақ. Сондықтан, мамандандырылған оқу орындарына қабылдаудың белгілі бір нормасын белгілеу қажет.

Оқушы-оқытушы ара қатынасын сан жағынан біртіндеп көтеру мәселесі қаралмақшы. Бұл шара көмекші қызмет атқаратын және әкімшілік саласындағы қызметкерлер санын қысқартумен, жалақы төлеу ауқымын кеңейтумен және орташа жалақыны көтерумен бірге жүруге тиіс.

Әкімшілік -шаруашылық шығындарын көбейту үшін Үкімет оқуға ресми түрде ақы төлеуге неғұрлым ашық та тиімді нысан бере алар еді. Бұл жағдайда ресурстарды бөлу баға арқылы белгіленетін болады. Өз кезегінде, бұл білім, беру саласына жекеменшік сектордың енуін жеңілдетеді.

Сынып кешендері тәрізді физикалық нормалар негізінде ресурстар бөлуді тоқтатып, сұраныс факторларын ескеруді бастайтын уақыт жетті. Бұл, ең алдымен, оқушылардың санына қатысты.

Зейнетақы

Орын алмастырудың бастапқы коэффициенті зейнеткер алғаш рет жәрдемақ алатын жасқа байланысты. Бұл шара зейнетақыны мезгілінен бұрын алудың ынталандырылуын азайтып, ескі және ұсынылып отырған жаңа жүйе бойынша зейнетақы алатын зейнеткерлердің теңдігін қамтамасыз етер еді.

Сонымен бір мезгілде мемлекеттік зейнетақы төлеу үшін жалақы қорынан қаржы аударуды біртіндеп тоқтату кезінде икемділік көрсеткен жөн.

Бұл мемлекеттік зейнеткерлік жүйесі шеңберінде зейнетақы төлеуге арналған ресурстардың жеткілікті болуын қамтамасыз ету үшін пайдалы болар еді.

Сонымен қатар, ұсынылып отырған зейнеткерлік жүйесі мемлекеттік зейнеткерлік жүйесі мемлекеттік зейнеткерлік жүйесі тәрізді жомарт бола алмайтынын қоғамымыз мойындауға тиіс.

Біздің бағалы қағаздар нарығы мен сақтандыру нарығын дамытуға жан-жақты жәрдем көрсетуіміз де осы ауыспалы кезеңнің қиындықтарын біршама жеңілдету үшін жасалып отыр.

Әлеуметтік қорғау бағдарламаларын басқаруды жетілдіріп, оларды жүзеге асыруға жұмсалатын шығындардың неғұрлым ашық болуын қамтамасыз ету қажет. Әлеуметтік қорғау мақсатына арнап кәсіпорындарға жәрдемақы төлеу біртіндеп жойылуы тиіс. Ал, бюджет-қаржысын үнемдеу-осындай қорғау бюджетін қосымша қаржыландыру үшін пайдаланатын болады.

Ақыр аяғында, ең төменгі тұтыну қоржынының жағдайын бақылаудың реалистік жүйесін құру қажет.

Осы бюджеттік салдарлардың кейбіреулері үстірт бағаланып, басқалары-керісінше болуы мүмкін. Бұл өзара байланысып жатқан күрделі процесс. Бюджет үшін оңтайлы болып келетін шаралармен бірге келеңсіз сипаттағы басқа шаралар бірге жүретіні белгілі. Аталған шаралардың бюджеттік салдарларын жеке-жеке талқылаудың түк те қажеті жоқ.

Қызметкерлер санын қысқартудың бюджеттегі салдарлары шектеулі болары анық. Өйткені, мұндай қысқарту орташа жалақыны көтеру шараларымен бірге жүретін болады. Оның үстіне, жұмыстан шыққан кезіндегі жәрдемақы төлеу тетігінсіз оларды жүзеге асыру оңайға түсе қоймаса керек.

  1. 1. 2Бюджет дефицитін (профицитін) қаржыландыру әдістері.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы жүйесін ұйымдастырудың негізгі қағидаттары
Қазақстанның қаржы жүйесі
Бюджеттің экономикалық маңызы мен рөлі
Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің құрылымы мен ұйымдастыру ерекшеліктері
Қаржы функциялары
Қаржы жүйесінің құрылымы немесе 2004 - 2006 жылдардағы қызметін талдау
Нарықтық экономикадағы қаржы жүйесі
Қаржы жүйесі жайлы
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және оның әлемдік тәжірибесі
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіне талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz