Қаржы жүйесіне жататындар


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
Тарих-экономика факультеті
Мемлекеттік бюджет. Мемлекеттік қаржы жүйесі.
Орындаған :
Жетекші :
Факультеттің меңгерушісі :
Арқалық-2005
Мазмұны
Кіріспе
І. Қаржы қызметінің жалпы түсінігі.
1. 1. Қаржының қалыптасуы. Түсінігі, маңызы және мақсаты.
1. 2. Қаржы жүйесінің құрамы, қызметтері және принциптері.
1. 3. Қаржы механизмі, қаржылық саясаты . .
ІІ. Қазақстанның бюджет жүйесінің экономикалық мәні.
2. 1. Мемлекеттік бюджет жүйесінің түсінігі,
мәні және құрамы
2. 2. Бюджет дефицитін (профицитін) қаржыландыру әдістері……….
2. 3. Бюджеттік кредиттеу тәсілдері.
2. 4. Қазақстан Республиканың Ұлттық қоры
ІІІ. ҚР-ның бюджет жүйесін реттеу процесі.
3. 1. Жаңа бюджет кодексінің ерекшеліктерін талдау
3. 2. Бюджетті жоспарлау және бекіту
3. 3. Бюджеттің атқарылуы мен нақтылануы
3. 4. Бюджетаралық қатынастар және түсімдер мен шығыстарды бюджет
деңгейлері арасында бөлу. .
3. 5. Бюджеттік қатынастарды реттеу саласындағы мемлекеттік қаржылық
бақылау. Бюджеттік комиссиялардың құзіреті
Қорытынды . . .
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Қосымшалар.
Кіріспе
Қаржы жүйесінің негізгі буыны мемлекеттік бюджет болып табылады. Мемлекеттік бюджет ретінде 1991-ші жылға дейін Одақтық бюджет болып келді. Оған барлық Одақтас республикалардың бюджет енген еді. Бүгінде Қазақстан егеменді ел болған сон, республика үкіметі өзінің ұлттық мемлекеттік бюджетін жасауға кірісіп кетті.
Одақтық бюджет 1984-ші жылдан бастап тапшылық күйін кеше бастады. Рыноктық қатынастарға көшу бюджет баланыстылығына қатты әсер етті. Ол жылма-жыл қарыздар болған кәсіпорын мен ауыл шаруашылығының салмақты дотацияларды бюджет иығына артуымен түсіндіріледі. Өнеркәсіп өнімін сатып алу бағасы мен ауыл шаруашылығы өнімін сату бағалары тепе-тендігінің бұзылуы нәтижесінде де болды. Күрделі әлеуметтік бағдарлама мен қорғанысқа кеткен шығындарды мемлекет дотациялап отырды.
Мемлекеттік бюджет - мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары. Ол мемлекеттің шығын мен табыстарының балансы. Бюджет ұғымы француздың сөзі немесе табыс пен шығындарды бөлу. Бюджет табысы мен шығын құрылымы және нарықтық экономикада елдің мемлекеттік бюджеті жеке баптар бойынша ара салмағы төмендегідей
Қаржы экономиканың қоғамдық қатынастармен анықталады. Бірақ қаржы звеносында осы қатынастар анықталады да өзіндік әр мағыналарымен түсіндіріледі. Бүтіндей қаржы жүйесі дегеніміз- ақша құралдар қорын пайдалану және іске асыру процесіндегі қаржы қатынастағы әр жүйенің жиынтығы. Басқаша сөзбен қаржы жүйесі кәсіпорындағы ақша қоры құралдарын пайдалану және бөлу әдістері және формаларының жүйесі. ҚР қаржы жүйесі келесі қаржылық қатынастың келесі звеноларын қамтиды:
- Мемлекеттік бюджет жүйесі;
- Бюджеттен тыс арнайы қорлар;
- Мемлекеттік несие;
- Сақтандыру қорлары;
- Жекешелендіру;
- Әртүрлі формадағы кәсіпорындағы қаржылары.
Қаржы жүйесі әртүрлі қаржылық қатынастардың топтарын арнайы байланыстары және жиынтығы әрқайсысын ақша құралдар қорын пайдалану, іске асыру негізін пайдаланады.
Қаржының қажеті әр субъектінің шаруашылық жұмыс ұйымдарға қажет. Қаржының әрқашанда керектігінен туады. Қаржының арқасында ғана шаруашылықтардың айналым қорының негізгі қорларын жасау, олардың негізгі өнімдерін үлғайту және әртүрлі қызмет орындау, сол шаруашылықтардың қаржы ресурстарға байланысты болады. Шаруашылық ұйымдардың әр сатысында қаржы қажеттілігі анықталады. Қаржы мемлекеттің халық шаруашылығын реттеу үшін экономикалық бір деңгейге жақсарту үшін, әлеуметтік-мәдени салаларды дамыту үшін және халықты қорғау үшін негізінде мемлекеттің басқару және ұйымдастыру жұмыстарын орындау үшін қаржының маңызы зор.
Қаржы жүйесіне жататындар:
- Мемлекеттік мекеменің қаржысы;
- Кәсіпорынның, шаруашылық субъектінің және мекеменің формасы;
- Қоғамдық мекеменің қаржысы.
Қаржы жүйесінің негізгі буыны мемлекеттік бюджет болып табылады. Мемлекеттік бюджет ретінде 1991-ші жылға дейін Одақтық бюджет болып келді. Оған барлық Одақтас республикалардың бюджет енген еді. Бүгінде Қазақстан егеменді ел болған сон, республика үкіметі өзінің ұлттық мемлекеттік бюджетін жасауға кірісіп кетті.
Мемлекеттің ішкі қарызынан басқа сыртқы қарызы да болады. Бюджет тапшылығын бәсеңдету үшін мемлекет тек кана ішкі мүмкіндіктерімен ғана шектелмей, кайтару мақсатымен сыртқы займдар мүмкіндіктерін де пайдаланады. Міне, осылай мемлекеттің сыртқы қарызы да пайда болады.
Егер шығындар табыстан асып кетсе, бюджет тапшылығы пайда болады. Бюджет тапшылығын жою үшін табыс бөлігін толтыру қажет немесе мемлекеттік бюджеттің шығын бөлігін қысқартқан жөн. Бюджеттің табыс пен шығысының айырмашылығын жабу үшін мемлекет қиыстырылған вариантына көшеді.
Осы туралы дипломдық жұмысымда толығырақ тоқталып өтейін.
І. Қаржы қызметінің жалпы түсінігі.
1. 1. Қаржының қалыптасуы. Түсінігі, маңызы және мақсаты
Алғашқы қауым құрылысы кезінде класстар және мемлекет болған жоқ. Бірінші ірі қоғамдық класстағы бөлініс- бұл құл иеленушілік және құлдар және бірінші мемелекеттік құл иеленушілер. Қоғамдық экономикалық құл иеленуші формацияда феодалықты өтуде феодалдық мемлекет құруды, сонымен қатар қаржы төлеу категориясы ретінде қарастырды. Бірақ айта кету керек қаржы ғана емес несие және баға пайдалану жолымен де іске асырылады. Ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу үшін тауар үйлестірілуі болуы керек. Баға ақша құралдардың өсіңкілігін өнімді иесіне үйлестірілуден түскенін көрсетеді. Ірі қайта бөлу процесі несиелік қатынастардан реттеледі. Қаржы және несие өзара байланысты категория, сәйкесінше олар кәсіпорынның ақша қорын ұлғайту негізгі айналымын қамтамасыз етеді. Несие ресурстары мемлекеттік бюджеттік тапшылығын жабады.
Қаржы қатынасы екі жүйені қамтиды :
- Экономика ақша қатынасы. Мемлекет орталықтанған ақша қорын пайдалану және іске асырумен байланысты. Мемлекет бюджеттік жүйесі және бюджеттік емес қорлардың өзіндік толықтырулар;
- Экономикалық ақша қатынасы. Орталықтанбаған ақша қорының айналымын басқарудың бөлінуі. Қаржы өзін экономикалық қатынасымен көрсетеді. Іске асыру, бөлуі, дестранизацияланған, орталықтанған ақша құралдар қорын, өндіріс ұлғайту жағдайы және мемлекет тапсырмаларымен және функция мақсатына қатынасы.
Қаржыны бөлу функциясы екіге бөлінеді :
- Ұлттық табысты бөлу- негізгі және алғашқы кіріс деп атайды. Олардың қосындысы ұлттық табысқа тең болады. Материалдық өндіріс қатысушылар арасында ұлттық табысты бөлу негізгі кіріспен іске асырылады. Олар екі топқа бөлінеді:
а) материалдық өндіріс саласында адамдардың шаруалық кірісі жұмысшылар мен жұмысшылардың еңбекақысы;
б) Материалдық өндіріс жүйесіндегі кәсіпорын кірісі;
2. Ұлттық табысты қайта бөлу және сала аралық бөлу құралы. Кәсіпорынның және ұйымдардың қорлануы және табысты өте тиімді пайдаланумен байланысты(денсаулық сақтандыру, әлеуметтік сақтандыру тағы басқа) . Сонымен қатар қаржы бақылау функциясын да орындайды. Бақылау функциясы қор және шығынға қатысты жалпы ішкі өнімді бөлген кезде немесе бөлуді бақылау кезінде пайда болады.
Нарықтық қатынастарға өту кезінде қаржылық бақылау жалпы және жеке кәсіпорындар ғылыми техникалық прогресстің пайда болуы халық шаруашылығының барлық салаларындағы дүниежүзілік жұмыс сапасын жақсаруын динамикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Ол өндірістік және өндірістік емес жүйені қамтиды. Қаржылық бақылаудың басты мақсаттың бірі болып қаржылық құқықтық сақталуын тексер, бюджеттік жүйесінің алдында каржылық міндеттің толық және өз уақытында орындалуын, сонымен қатар салық жүйесі банктер, ұйымдар мен кәсіпорындар арасындағы есеп айырысудың өзара міндеттері. Қаржы-ақша қатынас жүйесі олардың айналым процесінде көрінетін ақша қорын пайдалану мен орналасуында.
Ақша қозғалысы қаржылық экономикалық қатынастармен анықталады. Бұл қатынас өзіне :
- Кәсіпорындар аралық және мемлекет аралық (яғни заңды тұлғалар аралығында) бұл мемлекеттік бюджетке салық төлеулермен;
- Жұмысшылар мен қызметкерлердің әлеуметтік қажеттілігін мемлекет қаржыландару;
- Халықпен мемлекетаралық- салық төлеу, халыққа жәрдемақы төлеу;
- Кәсіпорындар мен жұмысшылар арасында еңбекақы төлеу, осы бағалы қағаздар ұстаушыға дивидент төлеу;
- Кәсіпорындар мен банктер арасында ақша құралдарын сату ұзақ мерзім мен қысқа мерзім несие алу. Қаржы жүйесінің құрамы, қызметтері және принциптері.
Қаржы- белгілі бip коғамның ақша ресурстары. Ол экономикамың дамуы мен ұдайы өндіріс процесін камтамасыз етуге бағышталған. Кез келген мемлекетте қоғамдағы ақша ресурстарының құрамына мемлекеттік қаржы, шаруашылық жүйесінің қаржысы, кәсіпорынның және тұрғындардың қаржысы енеді.
Мемлекеттік қаржы - ақша қаражатынан тұрады. Ол қаражат тұрғындардың, әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз етуде, зандылық пен құқықты сақтауға, қорғаныс пен қоғамдық шаруашылықты басқаруға жұмсалады. Мемлекеттік қаржы құрамына : мемлекеттік бюджет, банктік және мемлекеттік несие, экономиканы тұрақтандыру қоры, зейнеткерлік, тұрғындарды жұмыспен қамту қоры, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры, валюталық қор, мемлекеттік қоғамдық ұйымдардың қаржысы, мемлекеттік салалық министрлік пен ведомстваның қорлары енеді.
Шаруашылық жуйесіндегі қаржыны (мемлекеттік және мемлекеттік емес) - компания, концерн, холдинг, акционерлік қоғам, ассоциация, трест, бірлестіктердің ақшалай қаржысы құрайды.
Кәсіпорынның қаржысын (мемлекеттік, мемлекеттік емес) -меншіктегі және заемдағы қаржылар, ғылым мен техника корының ақшалай қаражаты, әлеуметтік-мәдени даму мен материалдық ынталандыру қоры, амортизациялық қор, резервті және сақтандыру қоры енеді.
Тұрғындардың қаржысы -шаруашылық, еңбек кызметтердің (жалақы, акция дивиденті, пай жарнасы мен банк салымының проценті т. б. ) негізінде, коммерциялық және халықтық банктегі сақталған қаржылардың, зейнеткерлік қорды мемлекеттің icкe қосуының нәтижесінде ақшалай қаражатты құрайды.
Аталған құрылым қаржылық жүйені құрайды. Бұл құрылымның кызметі экономикалық қатынастар жиынтығын тұрғызып, ақша қаражатын ұлғаймалы ұдайы өндірісте құру, бөлу, пайдалануды жүзеге асырады. Және басқа да қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады.
Рыноктық қатынастар жағдайында қаржы негізінде төрт кызметті атқарады: бөлу, реттеу, ынталандыру және бақылау.
Мемлекет ұлттық табыстың едәуір бөлігін қоғамдық щаруашылыққа, әлеуметтік - мәдени шараларға, мемлекет басқаруға мен корғанысты дамытуға бағыттауын қаржының бөлу қызметі атқарады.
Қаржының реттеу қызметі экономикалық дамуды реттеуді мемлекеттің сырттай тәсілімен жүргізгенінде пайда болады. Мемлекет оны салық салғанда, несие саясатында, әртүрлі экономикалық жеңілдіктер мен дотация кезінде жүзеге асырады.
Қаржының ынталандыру қызметі кәсіпорынның экономикалық дамуын әртүрлі ынталандырғанда жүзеге асады.
Қаржының бақылау қызметі бөлінген қаражаттардың мақсатты пайдалануын жүйелі түрде тексеру арқылы жүзеге асады.
Қаржы рыногы - рыноктық экономиканың қалыптасқан элементтерінің бірі. Өз аясына капитал рыногын, валюта рыногын ғана емес және бағалы қағаздар рыногын ендіреді. Бұл рыноктарды өз құрамына енгізудің мақсаты - еркін қозғалыстағы ақша ресурстарын мемлекеттің, кәсіпорынның және акционерлік қоғамның мүддесіне жұмсау. Әкімшілдік - әміршілдік жүйеде қаржы рыногының қызметін мемлекеттік бюджет, банктің несие жоспары, министрліктің қаржы жоспары т. б. тетіктер арқылы жүргізілген.
Экономикалық реформа кезінде кәсіпорын өз шаруашылығын жаңа түрде жүргізіп каржы ресурстарын қалыптасқан тәсілмен бөліп, қолдануға барынша шектеу қойылды. Ресурстардың министрліктер арқылы ішкі сала бойынша бөлінуін барынша қысқартты. Сондықтанда қаржы нарығы құрудың қажеттілігі пайда болды. Оның экономикалық негізі - қаржы ресурстарына қажеттілігінен туып, оны беру мүмкіндігін қысқартты.
Қаржы рыногы - өзінің инфрақұрылымымен айқындалған күрделі механизм және жаңа ақпараттық ағымдармен ерекшеленеді. Қаржы рыногын құру үшін кешенді мәселелерді меңгеру қажет. Оған бағалы қағаздар эмиссиясы және оның курсының өзгеруі, инфрақұрылым мен ақпаратты қамтамасыз етуді жатқызамыз. Рыноктық экономикаға өтуде қаржы нарығын дамыту несие -қаржы жүйесін қайта құруды талап етеді.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарықтық экономикаға eкi түрлі қаржылық қатынастар әсер етеді -бюджеттік және рыноктық. Мемлекеттік бюджет пен баска денгейдегі бюджеттер және бюджеттік емес орталық қаржы қорларының қалыптасуы, әдетте кәсіпкерлер отбасының қайтарылмайтын бip бөлігінен жене азаматтар табысынан тұрады. Осы табыстар мемлекеттің қабылдаған міндеттері мен мақсаттарына қайтарылмайтын бюджегтік қаржыландыру жолымен қолданылады.
Ақша ресурстарын бюджеттік пайдалану нарықпен толықтырылып отырылуы қажет. Каржы нарығында ақша толыққанды тауар ретінде жұмыс атқарады. Оның қолдану бағасы рынок санына сәйкес сұраным мен ұсыным негізінде белгіленеді. Қаржы рыногы жағдайында кәсіпорын, ұйымдар, тұрғындар тұрақты ақшалай қорланған табысты қалыптастырып, оны алуға ұмтылыс жасайды. Ал, халық шаруашылығы қосымша қаржы көздеріне ие болады. Мұндай капитал нарығынсыз кәсіпорындарды өзін- өзі қаржыландыру мүмкін емес. Олардың инвестициялық мүмкіншіліктері тек өздерінің құрал-жабдықтарында шектеліп, басқадай толтыру көздері жоқтың қасы.
Біздің шаруашылық өмірімізде ақша ресурстарын пайдалануда бюджеттік әдіс кеңірек белен алып, қаржы нарьғы тіпті болғанда жоқ. Ақшаның барлық қоры мемлекеттің қолында болып, мемлекеттік бюджет арқылы ұлттық табыстың үштен eкici бөлінді. Несие жүйесінде тек қана мемлекеттік банктер жұмыс жасады. Олардың қызметінде кәсіпкерлік бастамаға шек қойылды. Бюджеттік қор мен несие ресурстары "жоспарға негізделіп" бөлініп, олардың қаржылық қауқары және тиімді қолданылуы ескерілмеді. Рентабельділігі төмен және шығындары көп кәсіпорындар осылай күн кешіп, берекесіздік белен алып, мемлекеттік бюджет тапшылығы пайда болды. Жүзеге асырылған шаруашылық реформасының (1965 жылғы) нәтижесінде кәсіпорынның қаржы ресурстары біршама өсті. Ал, оларды пайдалану қатаң бақылауда болды. Кәсіпорын мен кәсіпорынның, кәсіпорын мен тұрғындардың, кәсіпорын мен банктердің қорларды өзара бөле-бөлісуіне тиым салынды. Банктегі кәсіпорын қорының(қаржысы) есеп шоттары процентсіз сақталды.
Қаржы нарығын қалыптастырудың өзіндік қиындығы бар. Сондыктанда бағалы қағаздар институтын құру қажет және қаржы нарығы инфрақұрылымын дамыту абзал.
Республика президенті мемлекет басшысы ретінде қаржы жұмысы басқа мемлекет органымен келісе отырып Конституция заңы бойынша мемлекет ішкі және сыртқы саясаты арқылы қаржы саясатын іске асырылады. Президент мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қаржыларын және несие-ақша саясаттың жүргізілуін, валюта және қаржылық қатынастардың дұрыс жүргізілуін, қадағалап басқарып отырады. Республика парламенті республика қаржы жұмыстарын парламенттен қарап олардың дұрыс жүргізілуін қадағалап қаржы заңдарын және бюджет құрамын және оның орындалуына қарай бекітеді. Республика қаржы бюджетінің салық және валюта саясатын дұрыс жүргізілуін ұйымдастырушы-Қаржы министрлігі. Қаржы министрлігінің өзінің функцияларын басқа министрлігімен келісе отырып жүзеге асырады.
Қаржы министрлігінің негізгі орындайтын міндеттері:
- Республикадағы бюджет жүйесін дамыту;
- Бірыңғай қаржы бюджеті, салық және валюта саясатын жасап, оны ұйымдастыру;
- Республиканың әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамуын қамтамасыз ету;
- Мемлекет бюджет құрып, оның орындалуын қадағалау және бюджет орындалуына есеп беру;
- Мемлекеттің қаржы қарыздарын жоспарлап, оның дұрыстығын қамтамасыз етеді;
- Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен әдісін басқару.
Қала, аудан көлемінде жергілікті органы әсер етеді. Олардың қызметі жергілікті ақша қоры есебінен қаржыландырылады. Заң бойынша олар мемлекеттік бюджетттің құраушы бөлімі болып саналмайды. Салыстырмалы өзіндік жергілікті қаржының құрама бөлігі болып: жергілікті бюджет, арнайы қойылған жергілікті қорлар, муниципиалды кәсіпорынды қаржыландыру болып саналады. Мемлекеттік бюджет жергілікті басқару органның кірісі мен шығыннан тұрады. Бұлар қабылдаған аймақтың есебіне жергілікті бюджеттің кіріс бөлімі салықтан түскен түсімдер кәсіпорындардын есебінен іске асырылады. Жергілікті басқару органның орталық бюджеті мен муниципиалды қарыздары субвенция және дотациялары бойынша іске асырылады. Жергілікті бюджеттің іске асырылуы үшін жер салығы, транспорт құралдарға салынатын салығы, газ электр жүйесі мен іске асырылуы, сонымен қатар сауда-саттықпен айналысуға лицензия алатын өнімдер, кәсіпорын қызметіне төлемдер және басқа да мемлекеттік заңдар мен бекітілген түсімдерден туады.
- Қаржы механизмі, қаржылық саясаты.
Қаржы басқа жүйесінің негізгі элементі-қаржылық саясаты. Бұл саясат мемлекет қаржылық қарым-қатынастық мемлекет экономикалық және әлеуметтік дамуын негізгі бағдарламасын жүзеге асыру қарым-қатынастарын көрсетеді. Қаржы функциялары қаржы механизмі арқылы жүзеге асырылады. Қаржы механизмі дегеніміз- бұл қаржы тәжірибесінің сыртқы қабы. Каржы механизмінің басты элементтері: қаржы ресурстарының формалары, оларды іске асыру тәсілдері, заң шығарушы нормативінің жүйесі, мемлекеттің кірістерін мен шығыстарын анықтау, қолданылатын бюджет жүйесін ұйымдастыру, кәсіпорынның бағалы қағаздар нарығының қаржылары.
Қаржы механизміне жататындар: қаржы туралы заңдар, қаржылық қатынастарды ұйым формалары, орталықтандырылған ақша қаражатының ресурстарын жасап, оны пайдалану, қаржы жоспарын жасау және қаржы җүйесін басқару формаларын жасау. Қаржы механизмі қаржы саясатының бір бөлігі олардың қарым-қатынастың орындаудағы мемлекеттік шараларының жиынтығы.
Қаржының қажеті әр субъектінің шаруашылық жұмыс ұйымдарға қажет. Қаржының әрқашанда керектігінен туады. Қаржының арқасында ғана шаруашылықтардың айналым қорының негізгі қорларын жасау, олардың негізгі өнімдерін үлғайту және әртүрлі қызмет орындау, сол шаруашылықтардың қаржы ресурстарға байланысты болады. Шаруашылық ұйымдардың әр сатысында қаржы қажеттілігі анықталады. Қаржы мемлекеттің халық шаруашылығын реттеу үшін экономикалық бір деңгейге жақсарту үшін, әлеуметтік-мәдени салаларды дамыту үшін және халықты қорғау үшін негізінде мемлекеттің басқару және ұйымдастыру жұмыстарын орындау үшін қаржының маңызы зор. Қаржы жүйесіне жататындар:
- Мемлекеттік мекеменің қаржысы;
- Кәсіпорынның, шаруашылық субъектінің және мекеменің формасы;
- Қоғамдық мекеменің қаржысы.
Кәсіпорынның шаруашылық қаржы субъектісінің қаржысы негізінде сол мекеменің шарушылығын жүргізү және дамыту үшін қолданылады. Кәсіпорынның, мемлекеттік мекемелердің қаржысы дегеніміз- өндіріс саласында ақша қорын жасау, оны бөліп пайдаланудан түскен жинақтарды, табыстарды пайдалану кезіндегі қаржылық қарым-қатынастарды көрсетеді. Қаржылардың үлғайту субъектілердің, жүмыскерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту, қаржы және банк жүйесінің алдындағы міндеттерді орындау үшін қолданылады. Кәсіпорынның қаржысы коммерциялық және коммерциялық емес мекемелердің, кәсіпорындардың қаржысы болып бөлінеді.
Коммерциялық емес мекемелердің (мәдени, оку орындары, денсаулық сақтау) негізінде мемлекеттік бюджетке түскен қаржылар арқылы және қосымша көрсеткен кызметі үшін түскен қаржыларды және ақысыз көмек ретінде берілген ақша қаржылары бойынша қаржыланады. Бұл мекемелер тиісті қаржының қаржы сметасы бойынша пайдаланады. Негізгі олардың қаржылары- еңбекақы беру үшін, шығынды жабу үшін банк алдындағы міндеттерді орындау үшін және әлеуметтік қор жасау үшін пайдаланады.
Мемлекеттік қаржылар дегеніміз- қоғамдық мекемелер мен олардың мүліктердің арасындағы қоғамдық мекемелер мен кәсіпорындар арасындағы немесе қоғамдық мекеменің өздерінің араларындағы ақща қорын жасап, оны пайдаланудағы экономикалық қарым-қатынастарды айтады. Қоғамдық мекемелердің қаржылары кәсіпорындардан, мекемелерден түскен қаражаттар және сол қоғамның, мекемелердің өзінің орындайтын міндеттерінен түскен қаржы-қаражаттар олардың каржылық ресурсы болып табылады. Қауіпсіздендіру саласының қаржы ресурсы мыналардан тұрады:
- Әлеуметтік қауіпсіздендіру;
- Мемлекеттік және жеке адамды қауіпсіздендіру;
- Жауапкершілікті қауіпсіздендіру;
- Кәсіпкерлікті қауіпсіздендіру.
ҚР-ның қаржылық басқаруын жоғары заң шығарушы органның үкіметі жүзеге асырады. ҚР-ның қаржылық басқаруыніске асырушы- ҚР-ның қаржы министрлігі және оның органдары. ҚР-ның қаржы министрлігінің негізгі міндеттері:
- Мемлекеттің қаржы жүйесінің біржақтылығы- стратегиялық бағытының таратылуы;
- Мемлекеттік бюджеттің орындалуы және жобаның жасалуы;
- Мемлекеттің қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету және мемлекеттің әлеуметтік экономикалық дамуына белсенді әсер етуі. Қаржы нарығының дамуына шаралардың іске асырылуы;
- шетел қаржысын тарту ұсынысын қорғау;
- Бюджеттік жоспарлауды қаржыландыру және есеп беру әдістерін жетілдіру;
ҚР-ның Қаржы министрлігі келесі функцияларды орындайды:
- Мемлекеттік бюджеттің, сонымен қатар мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың орындалуын қамтамасыз етеді;
- Мемлекеттің салық қызметінің көмегімен іске асыру. ҚР-ның мемлекеттік қаржы полициясының ұсынысымен салық саясатымен бірге салық жүйесін жетілдіру;
- Баға белгілеу саясатын анықтауға қатысу;
- Мемлекеттік қамсыздандыру қызметін жетілдіруге қатысу;
- Мемлекет ішкі қарыздарын реттейді;
- Қаржы нарығының даму ұсынысын іске асыру.
ҚР-ның Қаржы министрлігінің басты департаменттері болып: бюджет департаменті, мемлекттік бюджет жобасын құрайтын, өнеркәсіп қаржыландыратын департаменті, құрылыстық және құрылысты индустриялық даму, трансферт жүйесі және онымен байланысты- тамақ өнеркәсібі, ауылшаруашылық және табиғи қорғау, әскери қорғау кешендері, шетел несиелері және ішкі қарыздар, салық реформасы, мемлекеттік бағалы қағаздар және қаржы нарығы.
Нарықтық қатынастарға көшу кезінде ең басты мағынаға қаржы менеджменті деген ұғым қолайлы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz