Мемлекетті басқару органдарының жіктелуі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
М а з м ұ н ы

К і р і с п
е ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...6

1-тарау. Мемлекеттік аппараттың түсінігі, құрылымы, құрылымдық
органдары және оның қызметін ұйымдастыру қағидалары
1. Мемлекеттік аппараттың
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2. Мемлекеттік аппараттың құрылымы және құрылымдық
органдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3 Мемлекеттік аппаратты ұйымдастырудың және оның қызметінің
қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13

2-тарау. Мемлекеттік органдардың түсінігі, түрлері және қызметі
2.1 Мемлекеттік органдардың
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2 Мемлекеттік органдардың түрлері мен
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17

3-тарау. ҚР атқарушы билік органдарының түсінігі, құзыреті және
қызметін ұйымдастыру қағидалары
3.1 Жергілікті мемлекеттік басқарудағы атқарушы билік органдарын
ұйымдастыру мен қызметінің
қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
3.2 Жергілікті мемлекеттік басқарудағы үкіметтік – жергілікті атқарушы
биліктің жоғары
органы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 46
3.3 Үкіметтің құзыреті және үкіметтің қызметін
ұйымдастыру ... ... ... ... .52

Қ о р ы т ы н д
ы ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..64

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 66

К і р і с п е

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Қазір біз құқықтық мемлекет құру
үстіндеміз. Бұл жұмыс мемлекеттің барлық құқық органдарын реформалауды
қажет ететіні сөзсіз. Өйткені бізге мұра болып қалған құқықтық жүйе жаңа
жағдайда өзіне жүктелген міндеттерді толығымен атқаруға әлі де күш-жігерін
жинауда. Ұзақ жылдар бойы тоталитарлық мемлекеттік аппараттың басқаруымен
жүріп-тұрған тізгініміз қазіргі нарық процестерін, одан туындайтын меншік
қатынастарын, енді пайда бола бастаған кәсіпкерлікті қабылдай алмайтын
еді[4.98 б.].
Ал мемлекет аппараттары, олардың: атқарушы, қорғаушы органдары
өркениет талаптарына сай міндеттерін атқаруы тиіс.
Қазақстанның 1991 жылы тәуелсіздік алуы, жаңадан құрылған Егемен
мемлекет пен оның көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың алдына халқымыздың
экономикалық, қоғамдық – саяси, әлеуметтік – мәдени өмірінің барлық
саласында аса күрделі міндеттер қойды. Солардың бірі, сөзсіз, мемлекеттің
қалыптасуына, республикада жаңа экономикалық жүйе құруға, адамның және
азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін нығайтуға заңды негіз жасау
мақсатында заң шығаруды түбегейлі өзгертудің шұғыл қажеттілігі болды.
Осының негізінде 1993 жылғы Конституция қабылданғанға дейінгі 12-ші
сайланған Жоғарғы Кеңес меншік туралы, азаматтық туралы, қоғамдық
бірлестіктер туралы және басқа да көптеген базалық заң актілерін қабылдады.
Қазақстанды Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет
ретінде орнықтырып, елде саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз
етуге 1995 жылғы Конституцияның қабылдануына негіз болды.
Мемлекеттің өз тізгінін қолына берік ұстауы мен қоғамның ырғақты дамуы
ең алдымен мемлекеттік аппараттардың өз қызметін шебер де үйлесімді
ұйымдастыра білуіне байланысты. Осы орайда құқықтық, демократиялық мемлекет
құрылымдары өздеріне жүктелген құзіреттерді ойдағыдай орындап қана қоймай,
оны өзара ымыраға келтіріп, біртұтас мемлекеттік органдар жүйесінде құрылуы
қажет. Менің ұсынып отырған жұмысымда біртұтас мемлекеттік аппарат
жүйелерін кеңінен талқылау.
Мемлекет механизміндегі заң шығарушы, оны атқарушы және қорғау
тармақтарының мемлекетіміз үшін қалыптасуы мен дамуына қатысты мәселелерді
қарастырамыз.
Алайда құқықтық мемлекеттің өзекті мәселелеріне байланысты жарияланған
еңбектер бүгін де аз емес. Сондықтан да әрбір көкейкесті мәселелер өзінің
заңды шешімін табуды күтеді.
Мемлекет механизмі – бұл мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге
асыруға бағытталған мемлекеттік органдардың жүйесі. Механизм—дегенiмiз бiр
неше бөлiмдердiң жиынтығы бұл бөлiмдер бiр-бiрiмен тығыз байданыста болады
және бiрдей жұмыс жасайды. Мемлекеттік аппараттың, оның барлық
бөлімшелерінің мазмұнын қоғамдық өмірдің барлық салаларының тиісті ұйымдау
мен тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық,
ұйымдастырушылық қызмет құрайды.
Бұл қызметтің нысандары көп жағдайда басқарудағы заңдар мен құқықтық
механизмдердің қолданылу шамасына байланысты. Осыған сәйкес мемлекеттік
аппарат қызметінің келесі нысандарын бөліп қарастыруға болады:
1) тікелей басқарушылық – бұл ғылыми ұсыныстар жасаумен, тәжірибе
алмасумен байланысты, құқықтық сипатты иеленбеген қызмет түрлері;
2) құқықтық нысандар – құқықтық заңды сипаттағы қызмет түрлері, яғни,
олар барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады және мемлекеттік
– міндетті салдарды туындатады. Мемлекет аппараты қызметінің негізгі
құқықтық нысандарына мыналар жатады:
а) құқықшығармашылық қызмет – бұл нормативтік актілер жобаларын
дайындауға, оларды қабылдау мен жариялауға байланысты қызмет;
ә) құқық қолданушы қызмет – бұл құқықтық нормаларды жүзеге асырумен
байланысты қызмет;
б) құқық қорғаушы қызмет – бұл заңдардың сақталуын бақылаумен және
қадағалаумен, кінәлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартумен және тағы
басқаларымен байланысты қызмет.
Мемлекеттің сан түрлі қызметін атқаратын механизмі (аппараты) болады.
Мемлекеттің механизмі – белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен
сипатталатын мемлекет органдарының жүйесі. Әр мемлекеттің механизмі оның
тарихи, әлеуметтік, ұлттық, экономикалық, географиялық және басқа да
ерекшеліктеріне байланысты құрылады. Дегенмен барлық мемлекеттерге бірдей
өзіне тән органдары болады. Негізінен, олар – құқықтық тәртіпті сақтайтын,
мемлекеттік ішкі қауіпсіздігін, сыртқы тәуелсіздігін қорғайтын органдар.
Мұндай органдар әр дәрежеде, әр көлемде барлық мемлекеттерде болады.
Мемлекет механизміне тән заңдылық – оның органдары тек мемлекет қызметін
атқаруға қажет болғанда ғана құрылады.
Дипломдық жұмыстың объектісі – мемлекеттік аппарат, мемлекеттік
органдар қызметі.
Дипломдық жұмыс тақырыбының пәні – мемлекеттік аппарат қызметі, ҚР-ның
Конституциясы.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – мемлекеттік аппарат қызметін ұғыну.
Дипломдық жұмыстың құрылымы – кіріспе, үш негізгі тарау, қорытынды
және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрып, жалпы көлемі 67
бетті құрайды.

1-тарау. Мемлекеттік аппараттың түсінігі, құрылымы, құрылымдық
органдары және оның қызметін ұйымдастыру қағидалары

1.1 Мемлекеттік аппараттың түсінігі

Әдетте заң әдебиеттерінде мемлекет механизмі және мемлекеттік
аппарат түсініктері синоним сөздер ретінде қолданылады. Мемлекет механизмі
– бұл мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталған
мемлекеттік органдардың жүйесі. Механизм—дегенiмiз бiр неше бөлiмдердiң
жиынтығы бұл бөлiмдер бiр-бiрiмен тығыз байданыста болады және бiрдей жұмыс
жасайды. Мемлекеттік аппараттың, оның барлық бөлімшелерінің мазмұнын
қоғамдық өмірдің барлық салаларының тиісті ұйымдау мен тиімді қызмет етуін
қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық қызмет құрайды.
Бұл қызметтің нысандары көп жағдайда басқарудағы заңдар мен құқықтық
механизмдердің қолданылу шамасына байланысты. Осыған сәйкес мемлекеттік
аппарат қызметінің келесі нысандарын бөліп қарастыруға болады:
3) тікелей басқарушылық – бұл ғылыми ұсыныстар жасаумен, тәжірибе
алмасумен байланысты, құқықтық сипатты иеленбеген қызмет түрлері;
4) құқықтық нысандар – құқықтық заңды сипаттағы қызмет түрлері, яғни,
олар барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады және мемлекеттік
– міндетті салдарды туындатады. Мемлекет аппараты қызметінің негізгі
құқықтық нысандарына мыналар жатады:
а) құқықшығармашылық қызмет – бұл нормативтік актілер жобаларын
дайындауға, оларды қабылдау мен жариялауға байланысты қызмет;
ә) құқық қолданушы қызмет – бұл құқықтық нормаларды жүзеге асырумен
байланысты қызмет;
б) құқық қорғаушы қызмет – бұл заңдардың сақталуын бақылаумен және
қадағалаумен, кінәлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартумен және тағы
басқаларымен байланысты қызмет [2.63 б.].
Мемлекеттің сан түрлі қызметін атқаратын механизмі (аппараты) болады.
Мемлекеттің механизмі – белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен
сипатталатын мемлекет органдарының жүйесі. Әр мемлекеттің механизмі оның
тарихи, әлеуметтік, ұлттық, экономикалық, географиялық және басқа да
ерекшеліктеріне байланысты құрылады. Дегенмен барлық мемлекеттерге бірдей
өзіне тән органдары болады. Негізінен, олар – құқықтық тәртіпті сақтайтын,
мемлекеттік ішкі қауіпсіздігін, сыртқы тәуелсіздігін қорғайтын органдар.
Мұндай органдар әр дәрежеде, әр көлемде барлық мемлекеттерде болады.
Мемлекет механизміне тән заңдылық – оның органдары тек мемлекет қызметін
атқаруға қажет болғанда ғана құрылады. Екінші заңдылығы – бірінің қызметін
бірі қайталайтын органдардың болмауы.
Мемлекет механизмнiң өзiне тән белгiлерi:
• реттелген мемлекеттiк органдар;
• олардың бiрлiгiн қамтамасыз ететiн алдына қойған мақсаты;
• оның негiзгi элементi болып мемлекеттiк органдар тұрады;
• ол ұйымдық және материалдық күш жүйесi, осының арқасында мемлекеттiк
билiктi жүргiзедi, алдына қойған мақсатына жетедi.

1.2 Мемлекеттік аппараттың құрылымы және құрылымдық органдары

Мемлекеттік аппарат – қоғамды басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет
органдарының біртұтас жүйесі. Оның нышандары:
- мемлекет қоғамды басқаратын және тек қана қызметпен шұғылданатын
адамдардан тұрады;
- мемлекеттік аппарат мекеме мен органдардың байланыс жүйесі;
- мемлекет органдарының қызметі ұйымдастырушылық, материалдық және
әкімшілік кепілдіктерімен қамтамасыздандырылады;
- мемлекеттік аппарат азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын қоғау
үшін құрылады.
Демократиялық, құқықтық, әлеуметтік мемлекет ғасырлар сынағынан өткен
принциптерге негізделіп құрылады. Демократиялық мемлекеттердің аппараттары
мынадай органдардан тұрады:
1. Өкілдік органдар. Қазақстан Республикасында өкілдік органдар екіге
бөлінеді: а) жоғарғы өкілдік орган – Парламент. Ол сонымен қатар заң
шығарушы орган. б) жергілікті өкілдік органдар – облыстық, аудандық,
қалалық мәслихаттар.
2. Мемлекет басшысы. Қазақстан Республикасында мемлекет басшысы –
Президент. Президент мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп
жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін
қамтамасыз етеді.
3. Атқарушы орган. Қазақстан Республикасында жоғары атқарушы органдар -
әкімшіліктер.
4. Орталық басқару органдары. Қазақстан Республикасында оларға:
министрліктер, мемлекеттік комитеттер, комиссиялар, ведомстволар
жатады.
5. Сот органдары. Яғни: Жоғарғы сот, жергілікті соттар, әскери соттар.
6. Прокуратура. Олар заңдардың біркелкі орындалуын қадағалайтын орган.
7. Әскер. Оған мемлекеттің әр саладағы қарулы күштері жатады.
8. Барлау, қарсы барлау органдары.
9. Абақты, бас бостандығынан айырылған адамдарды ұстап тұратын органдар.
Мемлекеттi басқару формасының екi түрi бар:
а) Монархия
б) Республика
Монархия—деген бiр адамның билiгi, билiк атадан балаға мұра ретiнде
қалады және ешкiммен шектелмейдi, ең жоғарғы билiк бiр адамның қолында
болады.
Монархияның үш түрi бар:
1) Шексiз абсолюттiк монархия
2) Шектеушi конституциялық монархия
3) дуалистiк монархия
Республика - бұл мемлекеттiң ең жоғарғы органдарының сайлануы және
белгiлi уақытқа дейiн жұмыс атқаруы.
Республиканың түрлерi:
1) Президенттiк;
2) Парламенттiк;
З) Аралас;
4) Аристократиялық республика;
5) Демократиялық республика.
Қазақстан Республикасының мемлекет басшысы Президент — ол барлық
органдардың үстiнен қарайды және олардың бiр-бiрiмен келiсiм бойынша жұмыс
жасауын қамтамасыз етедi.
Заң шығару органы: негiзi Парламент оның негiзгi мақсаты заң шығару,
бюджеттi тағайындау және ең жоғарғы лауазым иелерiн бақылау, олардан есеп
алу.
Парламент Президентке импичмент жариялай алады. Импичмент-жұмыстан
мерзiмсiз босату және жауапқа тарту.
Заң атқару органдары.
Мемлекеттiң ең негiзгi, мықты органы — себебi олардың қолында нақты
билiк, мәжбүрлеу күштер, материалдық құралдар болады.
Сондықтан осы заң атқару билiгiнiң өкiлеттiлiгiн шектеу ең үлкен мәселе
болып табылады.
Сот органдары.
Соттың негiзгi мақсаты бұзылған құқықты қалпына келтiру және жазалау.
Бақылау-қадағалау органдары.
Бақылау-қадағалау органдарының негiзгiсi прокуратура.
Прокуратура—барлық субъектiлердiң заңдарды орындауын бақылайды.
Сотта мемлекеттiң мүддесiн қорғайды және құқық бұзылған жағдайда соны
қайтадан қалпына келтiретiн орган.
Конституциялык Кеңес - атқарушы орган.
Қазiр Қазақстан Республикасында ғана бар. Конституциялық Кеңестiң
негiзгi мақсаты Парламент қабылдаған заңдардың Конституцияға сәйкес
келетiндiгiн қадағалау.
Конституциялық Кеңес жетi адамнан тұрады, олардың өкiлеттiгi алты жылға
созылады, экс-Президенттер мүшелерi болып табылады. Конституциялык Кеңес —
Конституцияның нормаларына ресми түсiндiрме бередi.
Егер Президент, Үкiмет, министрлiктер, әкiмдіктер және тағы басқа
органдар заңға қарсы актiлердi қабылдаса онда прокуратура бұл заңдарды
қадағалайды және қарсылық көрсете алады.
Әскери күштер.
Бұл мемлекеттiң ерекше органы. Бұл мемлекеттiк шекараны, мемлекеттi
қорғау органы.
Құқық қорғау органдары.
Олардың негiзгi мақсаты, мiндетi адамдардың:
- құқықтары мен бостандықтарын корғау;
- қоғамдық тәртiптi нығайту;
- қылмыспен күресу;
- бұзылған құқықтарды қалпына келтiру.
Оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын және тек қана қызметпен
шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттiк аппарат,мекеме және органдардың
байланыс жүйесi; мемлекет органдарының қызметi ұйымдастырушылық,
материалдық және әкiмшiлiк кепiлдiктермен қамтамасыздандырылады;
мемлекеттiк аппарат азаматтардың заңды мүдделерi мен құқықтарын қорғау үшін
құрылады. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызмет туралы Заңының екiншi
бабында: Мемлекеттiк қызмет — азаматтардың мемлекеттiк органдар мен олардың
аппаратында конституциялық негiзде жүзеге асырылатын және мемлекеттiк
басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттiң өзге де міндеттерi мен функцияларын
iске асыруға бағытталған кәсiби қызмет делiнген.
Мемлекеттік аппараттың ерекше ішкі құрылысы бар: олардың арасындағы
қатынастар бір жүйеге біріктіріледі. Бұл жүйенің негізін экономика, саяси
қарым – қатынастар, сана – сезім құрады. Осы жүйедегі әрбір органның өзінің
орны, бір – бірімен қарым – қатынастары, қызметінің негізгі принциптері
көрсетіледі.
Дамудың әрбір кезеңінде мемлекеттік органдардың орындайтын қызмет бабы
және істері өзгеріп отырады. Шығыс мемлекеттерде бүкіл аппаратты бір
орталыққа бағындыратын – патшаның билігі орнаған. Парламенттік республикада
негізгі функциялар парламенттің қолында болады. Мемлекеттік аппарат
дамуының объективтік бағыттары байқалады: бюрократизация, дифференциация,
профессионализмнің өсуі. Мемлекеттің әрбір типіне мемлекеттік аппараттың
ерекше нышандары сәйкес келеді. Мемлекеттік қызмет – конституциялық негізде
баянды етілетін азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппаратындағы
мемлекеттік басқаруды, басқа да мемлекеттік міндеттер мен қызметтерді
атқаруды жүзеге асыратын кәсіптік қызмет.
Мемлекеттік орган – мемлекеттік аппараттың өкімет билігіне өкілеттігі
бар құрылымдық бөлшегі. Мемлекеттік органның өкімет билігін іске асыруы
мемлекеттің міжбүрлеу күші арқылы қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік органдардың жіктелуі:
1 мемлекеттік органдарды қалыптастыратын субъектілеріне байланысты:
өкілдігі бар мемлекеттік органдар (Президент, Парламент) және мемлекеттік
органдардың өздерінің құратын органдары (өкімет, министрліктер);
2 мемлекеттік органдар құрылымына байланысты: жай, күрделі болып
келеді;
3 аумақтық қызмет аясына байланысты: федералдық, республикалық,
жергілікті;
4 өкілеттіктерінің сипатына байланысты: жалпылама құзіретті органдар
(ҚР Үкіметі) және арнайы құзіретті органдар (Прокуратура);
5 құзырларының іске асу ретіне байланысты: алқалыға жататындар (Үкімет)
және дара басшылыққа жататынар (Президент);
6 Ұйымдық құқық қызметтері түрлеріне байланысты: биліктері толық және
биліктері шектеулі болатындар.
Сонымен, мемлекеттік орган – алдында тұрған ерекше мақсаты бар және
соны орындау үшін құзіреті бар мемлекеттік аппараттың бір буыны.
Мемлекеттік органның құрылуы мен қызметі, негізгі өкілеттілігі
Конституцияда және конституциялық актілерде көрсетіледі. Әрбір мемлекеттік
орган өз қызметін мемлекеттік, материалдық, ұйымдық және зорлау күшімен
қорғайды [14.88 б.].
Мемлекеттік орган мемлекеттің атынан функцияларын атқарады,
әрқайсысының алдында тұрған мақсаттары заңда анық белгіленген. Басқа
мемлекеттік органдармен қалай қатынасатыны, ішкі құрылысы, құзыреті
белгіленген.
Мемлекеттік органның негізгі нышаны оның мемлекеттік билігі. Бұл
мемлекеттік билікті былай түсінуге болады: олар мемлекеттің атынан барлық
субъектілерге міндетті нормативтік актілерді шығарады, немесе құқықтық
нормалардың орындалуын тексереді, ал кейбір кезде жазаға тартуға құқығы
бар. Мемлекеттік заңдарға сәйкес мемлекеттің міндеттері мен функцияларын
іске асыру мақсатында мемлекеттік орган өкілеттікті жүзеге асыратын толып
жатқан қызметтер атқарады.
Мемлекеттік қызметкерлердің өкілеттіктері мемлекеттік органдар алдында
тұрған мақсаттарға және міндеттерге сәйкес анықталады. Мысалы, прокуратура
органдары, сот жүйесі, ішкі істер министрліктері құқық қорғау қызметін
атқарады. Бұл органдар бір – бірімен байланысты. Бәрі бірге жалпы құқық
қорғау жүйесіне жатады.
Мемлекет механизмінің құрылымына мыналар кіреді:
1. өздерінің тікелей біліктілік функцияларын жүзеге асыру барысында тығыз
байланыстағы және өзара бағыныстылықтағы мемлекеттік органдар;
2. биліктік өкілеттіктерге ие емес, алайда, экономика, білім беру,
мәдениет, денсаулық сақтау, ғылым тағы да басқа салаларда жалпы
әлеуметтік функцияларды атқаратын мемлекеттік мекемелер мен
кәсіпорындар;
3. басқарумен арнайы айналысатын мемлекеттік қызметшілер;
4. мемлекеттік аппараттың қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті
ұйымдастырушылық, қаржылық және күштеу құралдары.
Мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің негізгі міндеттері:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, азаматтар мен
заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін
қорғауды қамтамасыз ету;
2. заңдарда белгіленген тәртіппен азаматтардың өтініштерін қарауға, олар
жөнінде қажетті шаралар қолдануға;
3. өздеріне белгіленген құқықтар шегінде және заңды міндеттеріне сәйкес
өкілеттерді жүзеге асыруға;
4. мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауға;
5. өздерінен жоғары басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, шығарылған
шешімдері мен нұсқауларын орындауға;
6. өз өклеттігінің шегінде мәселелерді қарауға және солар бойынша
шешімдер қабылдауға, белгіленген тәртіппен лауазымдық міндеттерін
атқару үшін қажетті ақпарат пен материалдарды алуға құқықтары бар.

1.3 Мемлекеттік аппаратты ұйымдастырудың және оның қызметінің
қағидалары

Мемлекеттік аппаратты ұйымдастырудың және оның қызметінің қағидалары –
бұл мемлекеттік органдарды құру мен олардың қызмет етуінің негізгі
бағыттарын анықтайтын бастамашылық ережелер. Оларға мыналар жатады:
1) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының артықшылығы
қағидасы, бұл қағидаға сәйкес, мемлекеттік қызметшілер аталған
құқықтар мен бостандықтарды мойындауы және қорғауы тиіс.
2) Демократиялық қағидасы, бұл қағида мемлекеттік органдар қызметін
қалыптастыру мен ұйымдастыруға азаматтардың кең көлемде қатысуын
білдіреді.
3) Биліктің тармақтары бөліну қағидасы, бұл қағида билік органдары мен
лауазымды тұлғалар тарапынан заңсыз әрекеттерді болдырмауға
негізделген.
4) Заңдылық қағидасы, бұл барлық мемлекеттің қызметшілердің
Конституцияны, заңдар мен заңға сәйкес актілерді сақтау міндеттілігін
білдіреді.
5) Жариялылық қағидасы, бұл қағида нақты бір мемлекеттік органдардың
тәжірибелік қызметіне қатысты құқық субъектілерінің ақпараттармен
танысуын білдіреді.
6) Кәсібилік қағидасы, бұл қағида мемлекеттік аппарат қызметінде мейлінше
кәсіби қызметкерлерді пайдалануға қолайлы жағдайлар жасайды.
7) Алқалық пен жалғызіліктіліктің үйлесу қағидасы, бұл қағида мемлекеттік
аппараттың демократиялық және бюрократиялық бастамаларының саналы
сәйкестігін қамтамасыз етеді.
8) Сайлаушылық пен тағайындушылықпен үйлесушілік қағидасы, бұл қағида
мемлекеттік басқарудағы орталықтандыру мен орталықсыздандырудың тиімді
байланысын білдіреді.
9) Бағыныстылық қағидасы, бұл қағида мемлекттік органдардың мемлекеттік
аппараттағы әртүрлі деңгейде орналасқанын білдіреді.
Қазіргі мемлекеттік аппараттың қызметі мынадай принциптермен реттеледі:
мемлекеттік аппараттың ішкі құрылысы және қызметінің нәтижелі, тиімді
болуы. Ол үшін оның қызметі демократиялық, конституциялық, заңдылық
принциптерге сәйкес болуға тиіс. Мемлекеттің лауазымды адамдары,
қызметкерлі нормаларды жоғары этикалық дәрежеде орындауы қажет.
Мемлекеттік аппарат халықтың мүддесін қорғап, соны іске асыруға
міндетті. Халықтың мемлекеттік басқару процесіне қатысуының демократиялық
жолдары – олардың сайлауға қатысуы, халықтың өкілдері мемлекеттік аппаратты
құрады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына мемлекет кепілдік
береді. Халық мемлекеттік аппараттың қызметіне көмек беру үшін қоғамдық
ұйымдарды құрады, олар мемлекеттік аппаратпен байланысатын саяси жүйені
құрады.
Конституцияның 33-бабында азаматтардың тікелей және өз өкілдері арқылы
мемлекеттің өкілдік, атқарушы және сот органдарының құрылуы мен жұмыс
істеуі жөніндегі әрекетін жүзеге асыру мүмкіндігі делінген. Қатысудың
түрлері былай деп белгіленеді: мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін өзі
басқару органдарына жеке және ұжымдық өтініштер жолдау; мемлекеттік
органдар мен өзін өзі басқару органдары сайлау және оларға сайлану,
референдумға қатысу, мемлекеттік қызметке кіру.
Мемлекеттік қызметтің принциптері: заңдылық; мемлекеттік биліктің заң
шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік
қызмет жүйесінің біртұтастығы; азаматтардың құқықтарының, бостандықтары мен
заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдында басымдылығы; мемлекеттік
қызметке кіруге, қатысуға еріктілігі; өз өкілеттері шегінде жоғары тұрған
мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қабылдаған шешімдердің төменгі
мемлекеттік органдар қызметшілерінің орындауы үшін міндеттілігі;
мемлекеттік қызметкерлердің кәсіпқойлығы мен жоғары біліктілігі.
Биліктің бөліну принцинтері. Қазақстанның біртұтас мемлекеттік
билігінің тармақтарға бөліну принципі. Конституцияда белгіленген негізгі
принциптерінің біреуі ғана емес, ең күрделісі Республикадағы мемлекеттік
билік біртұтас, өйткені бірден – бір бастауы – Қазақстан халқы және
биліктер бір – бірін шектейді.
Мемлекеттің аппараты өз қызметін ашық және жариялық істеуге тиісті.
Мемлекеттік органдардың қызметтерінің кәсіпшілігі, тәжірибесі және
хабардарлығы өте жоғары болуға тиісті. Мемлекеттік аппарат өзінің
қызметінде бар заңдардың талабын мүлтіксіз орындауға тиісті.
Мемлекеттік аппараттың ішкі құрылысы – қатаң тәртіпті, субординацияны,
олардың бір – бірімен байланысын жақсарту. Мемлекеттік аппарат біртұтас
күрделі жүйе, ол бірнеше салаларға бөлінеді: заң шығару, атқару және сот
жүйелері; құқықты қорғау және қарулы күштер жүйесі. Бұл мемекемелдің
алдында тұрған мақсаттары, ішкі құрылыстары, құзыреті, қолданатын әдістері
мен принциптері. Оларды біріктіріп, қызметтерін жақсы атқаруға жағдай
қалыптасады.

2-тарау. Мемлекеттік органдардың түсінігі, түрлері және қызметі

2.1 Мемлекеттік органдардың ұғымы

Мемлекеттік орган – бұл мемлекеттік міндеттерді орындаушы және осы
мақсатта сәйкес биліктік өкілеттіктерді иеленген ұйым немесе мекеме.
Әрбір мемлекеттік органға мыналар тиесілі:
А) оның оралымды басқаруындағы мемлекеттік, қазыналық мүліктер;
Ә) қаржы құралдары, банктегі есепшот, бюджеттен қаржыландыру көзі;
Б) өзіне тән ұйымдастырушылық құрылымы, онымен байланысты қызметтік
бағыныстылық және қызметтік тәртіп жүйесі;
В) биліктік өкілеттіктердің қажетті көлемі, олардың негізінде
лауазымдық тұлғалар мен алқалық органдар заңды міндетті әрекеттерді жүзеге
асырады.
Мемлекеттік органдардың түрлері:
1. Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру нысанына қарай мемлекет органдары
өкілдік, атқарушылық, сот, прокурорлық және басқа да бақылаушы –
қадағалаушы органдар болып бөлінеді.
2. биліктің тармаққа бөліну қағидасы бойынша – заң шығарушы, атқарушы
және сот органдары.
3. қызметінің құқықтық нысандары бойынша – құқықшығарушы, құқыққолданушы
және құқыққорғаушы органдар.
4. бағыныстылық деңгейіне байланысты – республикалық және жергілікті
органдар.
5. өкілеттіктерінің мерзіміне байланысты – тұрақты (қызмет ету мерзімі
шектеусіз түрде құрылады) және уақытша (қысқа мерзімді мақсаттарға
жету үшін құрылады).
6. құзіретінің сипатына қарай – жалпы (мысалы, Үкімет) және арнайы
(мысылы, Министрлік) құзіретті органдар.
Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, олар атқаратын
қызметтеріне сәйкес жүйе – жүйеге, сала – салаға жіктеледі. Мемлекеттік
органдар өкілеттігінің шеңберіне қарай екі топқа бөлінеді. 1) мемлекеттік
билік органдары: Президент, Парламент және Маслихаттар. 2) мемлекеттік
атқару органдары: Үкімет, Министрліктер, Ведомствовалар, Жергілікті басқару
органдары
Республика президенті мемлекеттік аппаратта ерекше орын алады, ол үш
биліктің біріне де жатпайды. Ол мемлекет билігінің барлық тармағының
келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы
жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Президент – мемлекет басшысы, мемлекеттің
ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және
халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін жоғарғы
лауазымды тұлға. Президент халық пен мемлекеттік билік бірлігінің,
Конституцияның мызғымастығының адам және азамат құқықтары мен
бостандықтарының нышаны, әрі кепілі.
2.2 Мемлекеттік органдардың түрлері мен қызметі

Құрылу тәртібі және атқаратын міндеттерінің сипаты бойынша мемлекеттік
органдар төмендегідей топтастырылады:
- Өкілдік – заң шығару мекемелері, жергілікті өзін - өзі басқару мен
билік ету органдары;
- Атқарушы – мемлекет басшысы, үкімет, министрлік басшысы, жергілікті
атқарушы органдар;
- Сот органдары – конституциялық сот, сот төрелігі органдарының жүйесі.
Өкілетті органдар. Жоғарғы өкілетті органдарды халық сайлайды.
Парламент – заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы
өкілді органы. Оның өкілеттік мерзімі – бес жыл.
Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенат және
Мәжілістен тұрады. Сенат облыстардан, республикалық маңызы бар қаладан және
астанасынан екі адамнан тиісінше барлық өкілдік органдары депутаттарының
бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан тұрады. 7 депутатты Президент
тағайындайды. Мәжіліс республиканың әкімшілік – аумақтық бөлінісі ескеріле
отырып құрылатын және сайлаушылар саны шамамен тең бір мандатты аумақтық
сайлау округтері бойынша сайланатын 97 депутаттардан тұрады.
Негізінде заң шығарушы тек Парламенттің құзіреті, бірақ кейде басқа
жоғарғы органдар осы жұмысқа кіріседі. Парламент кейбір заңдарды қабылдау
құқығын Президентке береді, оны делегаттылық заңдылық деп атайды. Қазақстан
тарихында екі палаталық парламент 1995 жылғы Конституциясында жарияланған.
Бұл парламенттің қабылдаған заңдарының сапасын көтеруге, парламентті
біршама тұрақты және орнықты органға айналдыру үшін қолданған шара.
Қазақстанның сайлау жүйесі мажоритарлық типке жатады, сайлауға көп саяси
партиялар жатады. Бұл палатаға сайланған депутаттар 25 жасқа толуы керек
[4.91 б.].
Қазақстан Парламентінің ерекшелігін жоғарғы палатасының құрылуы және
оның қызмет бабы көрсетеді. Депутаттардың бір жартысы екі жылға, ал екінші
жартысы төрт жылға сайланады. Сенатқа 30 жасқа толған адамдар депутат болып
сайланады. Парламен негізгі заң шығарушы орган. парламенттің сессиясы оның
палаталарының бірлескен және бөлек отырыстары түрінде өткізіледі.
Парламенттің үйлестіруші органдары – бюро, жұмыс органдары – тұрақты
комитеттері, бірлескен комиссиялары болып табылды, Президент мемлекеттің
жоғарғы қызметкерлерін тағайындағанда Парламент келісімін береді, олардан
есеп алады, соғыс және бітім мәселелерін шешеді, халық референдум
тағайындау туралы бастама көтереді, конституциялық заңдылық туралы жыл
сайын жолдауын тыңдайды, өзінің ішкі сұрақтарын шешеді, және басқа да
Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Парламенттің әр палатасының бөлек отырысында шешетін құзіреті бар.
Сенат тағайындау мәселелрінің көбіне өзі қатысатын болса, Мәжіліс заң
қозғау және қаржы мәселелерді шешеді. Парламент қабылданған заңдарға
Президент қолын қояды, заңды осыдан кейін жариялайды. Заң шығарушы жұмысын
Президенттің өзі де атқара алады. Бұл екі жағдайда бола алады: Парламенттің
екі палатасының депутатары уақытша заң шығару билігін Президентке 23
дауыспен рұқсат берсе, Президент заң жобалардың қарау басымдылығын
белгілейді, Парламент осы жобаны енгізілген күннен бастап бір айдың ішінде
қарауы тиіс. Заң шығару жұмысын тікелей халықтың өзі де атқара алады, бұл
жағдай референдум деп аталады.
Атқару билігі өкіметтің қолына жиналған. Президенттік республикаларда
өкімет саяси және ұйымдық тұрғыдан президент қамтитын атқарушы билік
тармағына жатады. Парламенттің қатысуымен президент басқарады, әрі құрады,
оның дербес құзіреті алқалы шешуші органы. Кабинет мүшелері бүкіл халық
сайлаған президент алдында дербес жауап береді. Үкіметтің нақты
егеменділігі мемлекет басшысының субъективтік пікіріне тікелей тәуелді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі – атқарушы билікті жүзеге асыратын,
атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық
ететін мемлекеттік орган. оның заңдық ауқымы тұрғысынан – Конституцияда
және қолданылып жүрген заңдарда белгіленген. Бұл заңда Қазақстан
Республикасының Президентінің 1995 жылы 18 желтоқсандағы конституциялық
күші бар Жарлығымен бекітілген. Президент Үкімет мүшелерін тағайындағанда
Конституцияның 64-бабының 1-тармағы бойынша Парламенттің келісімін алуға
тиіс. Ал үкіметті құру процедурасы өте күрделі және бірнеше кезеңнен
тұрады. Сонымен, Үкімет атқару билікті жүзеге асырады және бүкіл атқарушы
органдардың жүйесіне басшылық жасайды. Қазақстан Республикасының Үкіметін
Премьер – министр, оның орынбасарлары, республика министрлері, мемлекеттік
комитеттерінің төрағалары құрайды. Үкімет нормативтік қаулылар қабылдайды
және нұсқаулар береді.
Орталық салалар атқару билiк министрлiктерiнiң, ведомстволардың,
мемлекеттiк комиссия және комитеттердiң қолына берiлген. Олар қарауындағы
мемлекеттік басқару салаларындағы iстiң жайы үшін жауап бередi. 1997 жылғы
наурыздың 4-дегi президентінің жарлығымен Үкiметтің жаңа құрылымы
белгiленген: Премьер — Министр, оның орынбасарлары, Үкімет аппаратының
басшысы, 14 министрлiк және 11 мемлекеттік комитет. Олар өзінің құзыретi
бойынша бұйрық және инструкция қабылдайды. Үкiмет өзiнің бүкiл қызметiне
Конституцияда және Республиқа Президентiнің алдында жауапты. Премьер —
Министр , оның орынбасарлары және Үкiмет аппаратының басшысы Төралқаның
құрамына кiредi. Премьер — Министр, өзінің өкiмiмен Төралқа құрамына
Үкіметтің басқа да мүшелерiн кiргiзуге хақылы. Министрлiк тиiстi
мемлекеттiк басқару саласына басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген
шектi салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Республиқа орталық атқарушы
органы болып табылады.
Мемлекеттiк комитет тиiстi мемлекеттiк басқару салаларында мемлекттiк
саясаты жүргiзетiн және осы мақсатта заңдарға салааралық үйлестiрудi жүзеге
асыратын Республика комитетi, бас басқармасы, комиссиясы, агенттігi және
Үкiмет құрамына кiрмейтiн өзге де республикалык мемлекеттiк басқару органы.
Үкiмет құрамында орталық атқарушы орган болып табылады. Министрлiктiң,
мемлекеттiк комитетінің жанындағы департамент, агенттiк, сондай-ақ
республиқа министрлiгiнің, мемлекеттiк комитетiнiң жанындағы өзге де
мемлекеттiк басқару органы болады. Ол министрлiгiнің, мемлекеттiк
комитетiнің құзыретi шегiнде арнайы атқарушы және бақылау - қадағалау
функцияларының, сондай-ақ салааралық үйлестiрудi не мемлекеттік басқару
саласында дербес басшылықты жүзеге асырады.
Сот билiгi. Конституцияның 75 — бабына сәйкес Қазақстан Республиқасында
сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. Сот билiгi азаматтардың
құқықтарын, бостандықтарын мен заңды мүдделерiн қорғайды. Сот iсiн
жүргiзудiң азаматтық, қылмыстық және заңмен белгiленген өзге де нысандары
арқылы жүзеге асырылады.
Қазакстан Республиқасында сот жүйесiн Республиқаның Жоғарғы Соты мен
республиканың жергiлiктi соттары (облыстық және оларға теңестiрiлген
соттары, аудандық (қалалық) құрайды. Республиқа аумағында Қазақстан
Республиқасының Әскери (әскердiң, құрамалардың, гарнизондардың) соттары
болады.
Жоғарғы Соттың құрамын пленум, төралқа, азаматтық шаруашылық,
қылмыстық, әскери алқалары құрайды. Қандай бiр атаумен арнаулы және төтенше
соттарды құруға жол берiлмейдi. Соттар тиесiлi билікті ешкiмнің еркiне
қарамастан Қазақстан Республиқасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес
жүзеге асырылады. Сот төрелiгiнің принциптерi Конституцияда белгiленген:
адамның кiнәлi екендiгi заңды күшiне сот үкiмiмен танылғанша ол жасалған
қылмысқа кiнәлі емес деп саналады. Бiр құқық бұзушылық үшiн ешкiмдi де
қайтадан қылмыстық немесе әкiмшiлiк жауапқа тартуға болмайды. Өзiне заңмен
көзделген соттылығын оның келiсiмiнсiз ешкiмнiң өзгертуiне болмайды. Сотқа
әркiм өз сөзiн тыңдатуға құқылы. Жауапкершiлiктi белгiлейтiн және
күшейтетiн, азаматтарға жаңа мiндеттемелер жүктейтiн немесе олардың
жағдайын нашарлататын заңдардың керi күшi болмайды.
Айыпталушы өзінің кiнәсіздігін дәлелдеуге мiндеттi емес. Ешкiм өзiне-
өзi, жұбайына және заңмен белгiленген шектегi жақын туыстарына қарсы айғақ
беруге мiндеттi емес.
Адамның кiнәлi екендiгi жөнiндегi кез-келген күмән туғызатын жағдай
айыпталушының пайдасына қарастырылады. Заңсыз тәсiлмен алынған айғактардың
заңды күшi болмайды. Қылмыстық заңды ұқсастығына қарай колдануға жол
берiлмейдi. Республика соттары қызметi заңдылык судьялардың тәуелсiздiгi,
баршаның заң және сот алдындағы теңдігi, тараптардың жарыспалылығы мен тең
құқылығы, iстердi қараудың жариялылығы принциптерiнiң негiзii-ще құрылады.
Жаңа Конституция бойынша сот қызметкерлерi жаңа әдiспен тағайындалатын
болды. Жоғарғы соттарды тағайындау үшін Президенттiң жанында Жоғарғы Сот
Кеңесi құрылды. Оның қызметiн Президент өзi басқарады. Бұл орган Жоғарғы
Соттың төрағасын, судьяларды, облыстық соттардың төрағаларына лауазымды
кандидаттарды реттейтiн және ұсынатын өкiлеттi орган. Ал басқа төменгi
соттарға тағайындалатын қызметкерлердiң әдiлет министрi басқаратын
әдiлеттiк алқасы кадр мәселелерiн шешедi.
Қазақстан Республиқасының мемлекеттік аппаратында ерекше орынды
Конституциялық Кеңес алады. Бұрынғы Конституция бойынша ол Конституциялық
Сот деп аталып, басқа құзыреттерге ие болатын. Бұл Кеңестiң iшкi құрылысы
мен тағайыңдалу процесi өте қызық. Төрағасын және екi мүшесiн Қазақстан
Республиқасының Президентi тағайъндайды, екi мүшесiн — Сенаттың, ал қалған
екеуiн Мәжiлiстiң төрағалары тағайындайды.
Бұл мемлекеттік органның негiзгi мақсаты — Конституциялык заңдылыкты
корғау, ал сол үшін ол мынандай құзыреттерін орындайды: Парламент
депутаттарының сайлауының дұрыстығын тексередi, Парламент қабылдаған заңдар
мен халықаралык шарттардың Конститутияға сәйкестiгiн Президент қол қойғанға
дейiн қарайды, Конституцияның нормаларына ресми тусiндiрме бередi және
кейбiр сұрақтарды қарайды. Конституциялык Кеңес қаулыларды қабылдайды.
Құқық қорғау органдары. Бұл орган мемлекеттiң атынан Республиканың
аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президентiнiң жарлыктарының
және өзге де нормативтік-құқықтық актiлердiң дәлме-дәл әрi бiрыңғай
колданылуын, жедел iздестiру қызметiнiң, анықтау мен тергеудің, әкiмшiлiк
және атқарушылық iстер жүргiзудiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады.
Прокуратура органдарының жүйесiн Республиканың бас Прокуроры басқарады,
ол өзiне бағынышты орталық аппарат пен облыстық прокуратуралардың,
республикалық мәнi бар қалалар прокуратурасынан және республика астанасының
прокуратурасын, облыстық, аудандық, қалалық, әрi соған теңестiрiлген әскери
және мамандаңдырылған прокуратуралардан тұрады. Бас прокурорды Сенаттың
келiсiмiмен Республика Президентi бес жыл мерзiмге қызметке тағайындайды.
Оның құзыретi:
Конституцияның заң актiлерiнiң және Республика Президентi актiлерiнiң
бұзылуын анықтап, оларды жою шараларын колданады. Жедел iздестiру
қызметiнiң, анықтама мен тергеудiң, әкiмшiлiк және шарушылық iстер
жүргiзудiң заңдылығына қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекет мүддесiн
бiлдiредi. Республиканың Конституциясы мен заңдарға және баска да құқыктық
актiлерге наразылык жасайды және заңда белгiленген тәртiп пен шекте
қылмыстық құдалауды жүзеге асырады. Прокурорлық қадағалау жалпы және
ерекше қадағалауға бөлінедi. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың шығарған
актiлерi Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына Президенттiң
жарлықтарына, Министрлер Кабинетiнің қаулыларына сәйкес болуын қадағалайды
және лауазымды адамдар мен азаматтардың дәлме-дәл және бiрдей орындауын
қадағалайды. Бұдан басқа прокурорлық қадағалау анықтау және алдын—ала
тергеу органдарының заңдарды орындауында прокурорлық қадағалау өткiзедi.
Соттарда iс қаралған кезде заңдардың орындалуын прокурорлық қадағалау
өткiзедi. Ұсталғандарды отырғызатын жерлерде заңның сақталуын қадағалау
прокурорлық құзыреттiң тағы бiр түрi.
Қазақстан Республикасының прокуратурасы төменгi прокурорлар жоғарғы
тұрған прокурорларға және ҚР Бас Прокурорына бағынатын органдар мен
мекемелердiң бiртұтас жүйесiн құрайды. Ол өзiнiң қызметiн тәуелсiз жүзеге
асырады. Прокуратура органдарының қызметiне араласуға тыйым салынады. Заңда
белгiленген негiз бен тәртiп бойынша шығарылған прокурорлық қадағалау
актiлерi барлық органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшiн
мiндеттi. Прокурордың құқықтық актiлерi былай бөлiнедi: қадағалау актiлерi
(наразылық, қаулы, үйғарым, өтiнiш, санкция, ұсыным); Ұйымдастыру және оның
қызмет мәселелерiн реттейтiн актiлер (бұйрықтар, нұсқаулар, өкiмдер,
ережелер) және прокурордың бұйрықтары, ережелер мен нұсқауларды бекiтедi.
Ұлттық қауiпсiздiк Комитетiнiң қарауына жеке адамдардың, қоғам және
мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты
зерделеу мен жүзеге асыруға қатысты, ұлттық қауiпсiздiк органдарының
қарауына жататын қылмыстарды анықтау, ашу және тергеу iстерi жатады.
Жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары мемлекеттiң тиiстi аумағындағы
iстiң жай-күйiне жауапты, жергiлiктi және атқарушы органдар жүзеге
асыратын. Қазақстан Республикасында бiрiңғай мемлекеiттiк билiктiң түрi.
Олардың функциялары: халықтың жергiлiктi iстерге қатысуын қамтамасыз ету,
жергiлiктi жерлерде мемлекеттiк меншiктi, бюджеттiң құрылуын, бекiтiлуiн
және орындалуын басқару, жергiлiктi салықтар мен жиналымдарды белгiлеу,
жасалған жоспарлар, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламалар негiзiнде
тиiстi аумақтың дамуын қамтамасыз ету, халықтың әлеуметтiк — мәдени,
коммуналдык - тұрмыстық және өзге де қызмет қажетiн өтеу. Жергiлiктi
мемлекеттiк басқару органдар жергiлiктi өкiлеттi органдарды, мәслихаттарды
қамтиды, олар тиiстi әкімшілік - аумақтық бөлiнiстегi халықтың еркiн
білдiредi және жалпы мемлекеттiк мүдделердi ескере отырып, оның жүзеге
асырылуын бақылайды. Жергiлiктi атқарушы органдары басқаратын әкiмдер,
бұларға Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бiрыңғай жүйесi
енедi, тиiстi аумақтардағы мүдделер мен қажеттiлiктердi үйлестiре отырып,
атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттiк саясатын жүргiзудi қамтамасыз етедi.
Бұл органдардың ұйымдастырылуы және қызмет бабы Қазақстан
Республикасының 1993 жылғы 10 желтоқсанда қабылданған “Жергiлiктi
өкiлеттігi және атқарушы органдар туралы” қолданылып отырған заңында
белгiленген. Мәслихаттарға өткен сайлауға 18 жасқа толған азаматтар
қатысады, олар 4 жылға сайланады. Облыстық әкiмдердi Президент
тағайындайды, ал одан төмен әкiмдерi облыстық әкiмдердiң өздерi
тағайындайды.
Мәслихаттар өздерiнiң құзыретiндегi мәселелер бойынша шешiмдер, ал
әкiмдер шешiмдер мен өкiмдер қабылдайды.
Қазақстан Республикасының егемеңдiгi мен аумақтық тұтастығын қорғауды
оның қарулы күштерi жүзеге асырады. Мемлекеттiк және коғамдық қауiпсiздiк
пен құқық тәртiбiн қорғау iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк оргаңдарының
қызметi заңмен белгiленедi [17.52 б.].
Сонымен, мемлекеттiк аппарат өкiлеттi, атқару және сот билiктерiнiң
органдарына бөлiнедi.
Екiншiден, мемлекеттiк органдар жоғарғы және төменгi органдарға
бөлінедi.
Үшiншiден, мемлекеттiк органдар жоғарғы, орталық және жергiлiктi
органдарға бөлiнедi.
Заң ғылымында мемлекет пен құқықтың алдында тұрған мүдде— мақсаттарды,
мiндеттердi орындау қызметiнiң негiзгi бағыттарының бiрі оның әдiс-
тәсiлдерiн анықтап, iске асыруды бiрiктiредi. Осы тұрғыдан мемлекеттің,
үкiметтiң, мемлекет аппаратының функциясы деген заңды ұғым қалыптасады.
Қазiргi замаңда Қазақстан Республикасының функциясы күрт өзгерiп
дамуда, негiзгі бағыты нарыктық экономиқаны қалыптастыру, демократиялық
мемлекеттi орнату.
Қазiргi заманғы халықаралық құқығына қатысты тұтастай құқықтық актiлер
кешенi қалыптасты. Халықаралық құқық нормалары нақты мемлекеттегi адам
құқығын тiкелей реттейдi.
Коғамда адамдардың пайда болғаннан бастап, қылмыс пен жазаның түрлерi
де дамуда, мiне, осыған байланысты сот, iске қатысты субъектiлердiң
қайсысының құқықтары мен бостандықтары бұзылғанын анықтай отырып, оның
орнын толтыруға ерекет етедi. Сондықтан әркiм өз құқықтары мен
бостандыктарын сот аркылы қорғауға құқылы. Демек, тәжiрибеде әрбiр адам өз
құқығының бұзылғандығын бiлсе немесе осындай ойда болса, онда ол өз құқығын
қорғау үшін сотқа арыздануға құқылы. Ал сот бұл арыздарды қабылдап, iс
бойынша мәселенiң мазмұнын анықтай отырып әдiлеттi түрде шешуге мiндеттi.
Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, олардың заң мен сот
алдындағы теңдiгi Қазақстан Республикасы Конституциясының 14 — бабының, 1-
бөлiгiнде бекiтiлген. Яғни, бұл ережеде “Заң мен сот алдындағы теңдiгі
барлық азаматтарға - республика азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға және
басқа ел азаматтарына тиесiлi.
Көп елдерде судьялар тағайындалады. Тағайыңдауға әртүрлi органдардың
құқығы бар. Жоғарғы соттың құрамын әдетте мемлекет басшысы (АҚШ-та
Президент, сенат, Ресейде Президенттiң ұсынуымен Ресей парламентiнiң
жоғарғы палатасы (Федерация Кеңесi келiсiмiн бергенде) тағайындайды.
Кезiнде Шығыс Европаның бiрқатар елдерiңде (Венгрия, Польша және басқасы)
судьяны мемлекеттiң алқалы басшысы (Венгрия республикасының Төралқасы,
Польшада Мемлекеттiк Кеңес) тағайыңдайтын тәртiп болды.
Көп елдерде судья өмiр бойына, көбiне белгiлi бiр жасқа толғанға дейiн
тағайындалады. Бiрақ оның белгiлi жасы белгiленген. Көбiңде судья саяси
партияға кiрмейдi, саяси қызметке, ереуілге араласпайды, өз қызметiн басқа
қызметпен бiрге атқармайды. Тоталитарлык социализм елдерiнде, керiсiнше
судья заң бойынша мiндеттi болмаса да билеушi коммунистiк партияда тұруға
тиiс.
Судья қылмыс жасағанда, өз қызметiне салақ қарағанда қызметтен
мезгiлiнен бұрын кетiрiледi.
Судьяны тағайындау мен орнынан кетiрудiң әртүрлi тәртiбi әр елде бiр
ғана мақсатты: саяси институттар жүйесiн есепке ала отырып, елдiң нақты
жағдайына қарай сот билiгi тәуелсiздiгiн нығайтуды көздейдi.
Барлық елдерде дерлiк арнайы соттар, соның iшiнде әдiлет әкiмшiлiгi
бар. Әкiмшiлiк соттары жалпы соттардан тәуелсiз жұмыс iстейдi, өздерiнің
Жоғарғы әкiмшiлiк соттары болады. Бiрақ олардың басты мақсаты мемлекеттiк
басқарудағы заңдылықты қамтамасыз ету болып табылады. Кейде әкiмшiлiктiң
әрекеттерiн жалпы соттардың да қарайтыны болады.
Әкiмшiлік және өзге де соттар арасындағы құзырды бөлiстiру тәжiрибеде
өте қиынға түседi. Әр елдiң әр түрлi әкiмшiлiк соттары бар. Аймақтық және
әкiмшілiк соттары әкімшілiк—аумақтық бөлiлiстерге сәйкестендiрiлiп
құрылады.
Кез келген құқықтық мемлекетте сот, тек қана сот өз төрелiгiн
жүргiзедi. Соттың ғана шешiмiн басшылыққа алатын мемлекет оның әлеуметтiк
маңыздылығын барынша жоғары көтерiп, сот төрелiгiн iске асыруды
тәуелсiздiгiне толык кепiлдiк беруi тиiс. Барлық демократиялық елдерде
солай. Әділет жүйесiнiң қалған органдары аса маңызды да күрделi мiндеттерiн
жүзеге асыра отырып, тек сот төрелiгiкiң функңиясына қызмет етуi қажет. Бұл
тұжырым заң саласындағы басқа мамандардың көңiлiне келмеуi тиiс.
Жалпы сот жүйесiн реформалауда соларды ұйымдық жағынан қамтамасыз ету
мәселесi бiрiншi көздеп тұруы керек. Өйткенi тәуелсiз сот қана азаматтардың
конституциялық құқыктары мен бостандықтарына кепiл бола алады. Сот жүйесi
өзіне жүктелген мiндеттердi ойдағыдай атқару үшiн Бiрiккен Ұлттар Ұйымының
түсiндiрмелерiнде, заңгерлердiң халықаралық Ассоциациясының нормативтерiнде
көзделген стандарттарды басшылыкқа алуға тиiс. Судьялар құқыққа қатысты
барлық мәселенi атқаруы өкiметтiң араласуынсыз шешуi тиiс. Бiр сөзбен
айтқанда, судьяларды тек судьялар ғана алмастыра алады. Басқа ешкiм емес.

3-тарау. ҚР атқарушы билік органдарының түсінігі, құзыреті және
қызметін ұйымдастыру қағидалары

3.1 Жергілікті мемлекеттік басқарудағы атқарушы билік органдарын
ұйымдастыру мен қызметінің қағидалары

Қазақстан Республикасы басқару органдырының әрқайсысы мемлекеттің
атынан қызмет етеді. Елдегі басқару органдарының ұйымдық құрамы ылғи да
өзгеріс үстінде. 1997 жылы 4 наурызда №3377 ҚР Президентінің Жарлығы (ҚР
мемлекеттік органдарын кезекті реформалау туралы) негізінде мемлекеттік
басқару органдарының жалпы саны қысқартылды, олар бір-біріне біріктіріліп,
қайта құрылды. Осы реформа негізінде 47 басқару органы 25-ке қысқартылып,
министрліктер саны 20-дан 14-ке азайды. Басқару органдарының сандық үлесі
азайғанымен, олардың атқаратын шаралары мен мемлекеттік биліктегі орны
бұрынғы қалпында сақталады [3.52-55 б.].
Мемлекеттік билік - әлеуметтік биліктің түрі, әр түрлі әдістерді, оның
ішінде мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану арқылы қоғамда тұрақтылық пен
тәртіпті, азаматтарды ішкі және сыртқы қол сұғудан қорғауды қамтамасыз
етуге міндетті мемлекеттік органдар мен мекемелерде жүзеге асқан
мемлекеттің еркі мен күшінің шоғырландырылған көрінісі.

1-сурет. Мемлекетті басқару органдарының жіктелуі

Енді 1-ші суреттегі мемлекетті басқару органдары немесе мемлекеттік
билік түрлерімен толық танысайық. Осы аталған негізгі құрылымда басқару
органдарының барлық ұйымдық құрылысы орналасқан.
Мемлекет басшысы.
Көп елдерде мемлекет басшысы атқарушы органды басқарады.
Конституцияның негізінде қалыптасып қалған әдет бойынша парламент туралы
моноархтың мынадай құқықтары бар: сессия шақыру, төменгі палатаны тарқату,
жоғары палатаның мүшелерін тағайындау, заңдарды бекітіп жариялау, кейбір
жағдайларда вето құқығы бар болады [2.82б.].
Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің басшысы,
мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізі бағыттарын айқындайды, ел
ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең
жоғары лауазымды тұлға [1.16 б.].
Республиканың президенті – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің,
Конституцияныі мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен
бостандықтарының нышаны әрі кепілі болып табылады.
Қазақстан Республикасы өз егемендігін алғаннан бастап және өз
конституциясын қабылдау барысында республикалық басқарудағы мемлекет болып
құрылды. Республикалық басқарудағы мемлекеттерде, мемлекет басшысы
президент болып табылады. ҚР Президенттің міндетіне келесі жұмыстар кіреді:
• Президент шет елдердің елшілерін қабылдайды, елшілерді тағайындайды;
• Халықаралық келісім-шарттарды растайды;
• Мемлекеттің қарулы күштерінің бас қолбасшысы болып табылады;
• Парламентті таратуға, сессияныңжұмысын шақыруға, басқа күндерге
ауыстыруға құқықты;
• Заң жобаларын қабылдамай, екінші рет Парламентке жіберуге құқықты.
• Президент заңдық дәрежесі бар Жарлықтар мен елдің дамуна байланысты
Жолдаулар жасауға құқықты.
Парламент – Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге
асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы [1.22 б.].
Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және
Мәжілістен тұрады. Сенат әр облыстан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқарудың негізгі принциптері, әдістері. Еңбек ұжымының жетекшісі
Мемлекеттік механизм
Мемлекеттiң механизмi оның анықтамасы және түсiнiгi
Құқықтық мемлекет: ой тұжырымынан жүзеге асыруға дейін
Мемлекеттік басқарудың функциялары мен қағидалары
Мемлекет мазмұны мен формасының бірлігі
Мемлекеттік басқаруды жетілдіру бағыттары
Мемлекет қоғамнын саяси жүйесінің негізгі элементі
Мемлекет қызметінің жіктелуі
Шетелдегі мемлекет басшысының түсінігі мен мемлекет механизміндегі орны
Пәндер