Құқық қорғау органдары


М а з м ұ н ы
К і р і с п е . . . 3
1-тарау. Мемлекеттік аппараттың түсінігі, құрылымы, құрылымдық органдары және оның қызметін ұйымдастыру қағидалары
- Мемлекеттік аппараттың түсінігі . . . 5
- Мемлекеттік аппараттың құрылымы және құрылымдық органдары . . . 6
1. 3 Мемлекеттік аппаратты ұйымдастырудың және оның қызметінің қағидалары . . . 10
2-тарау. Мемлекеттік органдар - мемлекет аппаратының бөлігі
2. 1 Мемлекеттік органдардың ұғымы . . . 13
2. 2 Мемлекеттік органдардың түрлері мен қызметі . . . 14
3-тарау. ҚР атқарушы билік органдарының түсінігі, құзыреті және қызметін ұйымдастыру қағидалары
3. 1 Жергілікті мемлекеттік басқарудағы атқарушы билік органдарын ұйымдастыру мен қызметінің қағидалары . . . 21
Қ о р ы т ы н д ы . . . 35
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 37
К і р і с п е
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазір біз құқықтық мемлекет құру үстіндеміз. Бұл жұмыс мемлекеттің барлық құқық органдарын реформалауды қажет ететіні сөзсіз. Өйткені бізге мұра болып қалған құқықтық жүйе жаңа жағдайда өзіне жүктелген міндеттерді толығымен атқаруға әлі де күш-жігерін жинауда. Ұзақ жылдар бойы тоталитарлық мемлекеттік аппараттың басқаруымен жүріп-тұрған тізгініміз қазіргі нарық процестерін, одан туындайтын меншік қатынастарын, енді пайда бола бастаған кәсіпкерлікті қабылдай алмайтын еді[4. 98 б. ] .
Ал мемлекет аппараттары, олардың: атқарушы, қорғаушы органдары өркениет талаптарына сай міндеттерін атқаруы тиіс.
Қазақстанның 1991 жылы тәуелсіздік алуы, жаңадан құрылған Егемен мемлекет пен оның көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың алдына халқымыздың экономикалық, қоғамдық - саяси, әлеуметтік - мәдени өмірінің барлық саласында аса күрделі міндеттер қойды. Солардың бірі, сөзсіз, мемлекеттің қалыптасуына, республикада жаңа экономикалық жүйе құруға, адамның және азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін нығайтуға заңды негіз жасау мақсатында заң шығаруды түбегейлі өзгертудің шұғыл қажеттілігі болды. Осының негізінде 1993 жылғы Конституция қабылданғанға дейінгі 12-ші сайланған Жоғарғы Кеңес меншік туралы, азаматтық туралы, қоғамдық бірлестіктер туралы және басқа да көптеген базалық заң актілерін қабылдады.
Қазақстанды Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет ретінде орнықтырып, елде саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге 1995 жылғы Конституцияның қабылдануына негіз болды.
Мемлекеттің өз тізгінін қолына берік ұстауы мен қоғамның ырғақты дамуы ең алдымен мемлекеттік аппараттардың өз қызметін шебер де үйлесімді ұйымдастыра білуіне байланысты. Осы орайда құқықтық, демократиялық мемлекет құрылымдары өздеріне жүктелген құзіреттерді ойдағыдай орындап қана қоймай, оны өзара ымыраға келтіріп, біртұтас мемлекеттік органдар жүйесінде құрылуы қажет. Менің ұсынып отырған жұмысымда біртұтас мемлекеттік аппарат жүйелерін кеңінен талқылау.
Мемлекет механизміндегі заң шығарушы, оны атқарушы және қорғау тармақтарының мемлекетіміз үшін қалыптасуы мен дамуына қатысты мәселелерді қарастырамыз.
Алайда құқықтық мемлекеттің өзекті мәселелеріне байланысты жарияланған еңбектер бүгін де аз емес. Сондықтан да әрбір көкейкесті мәселелер өзінің заңды шешімін табуды күтеді.
Мемлекет механизмі - бұл мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік органдардың жүйесі. Механизм-дегенiмiз бiр неше бөлiмдердiң жиынтығы бұл бөлiмдер бiр-бiрiмен тығыз байданыста болады және бiрдей жұмыс жасайды. Мемлекеттік аппараттың, оның барлық бөлімшелерінің мазмұнын қоғамдық өмірдің барлық салаларының тиісті ұйымдау мен тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық қызмет құрайды.
Бұл қызметтің нысандары көп жағдайда басқарудағы заңдар мен құқықтық механизмдердің қолданылу шамасына байланысты. Осыған сәйкес мемлекеттік аппарат қызметінің келесі нысандарын бөліп қарастыруға болады:
- тікелей басқарушылық - бұл ғылыми ұсыныстар жасаумен, тәжірибе алмасумен байланысты, құқықтық сипатты иеленбеген қызмет түрлері;
- құқықтық нысандар - құқықтық заңды сипаттағы қызмет түрлері, яғни, олар барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады және мемлекеттік - міндетті салдарды туындатады. Мемлекет аппараты қызметінің негізгі құқықтық нысандарына мыналар жатады:
а) құқықшығармашылық қызмет - бұл нормативтік актілер жобаларын дайындауға, оларды қабылдау мен жариялауға байланысты қызмет;
ә) құқық қолданушы қызмет - бұл құқықтық нормаларды жүзеге асырумен байланысты қызмет;
б) құқық қорғаушы қызмет - бұл заңдардың сақталуын бақылаумен және қадағалаумен, кінәлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартумен және тағы басқаларымен байланысты қызмет.
Мемлекеттің сан түрлі қызметін атқаратын механизмі (аппараты) болады. Мемлекеттің механизмі - белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен сипатталатын мемлекет органдарының жүйесі. Әр мемлекеттің механизмі оның тарихи, әлеуметтік, ұлттық, экономикалық, географиялық және басқа да ерекшеліктеріне байланысты құрылады. Дегенмен барлық мемлекеттерге бірдей өзіне тән органдары болады. Негізінен, олар - құқықтық тәртіпті сақтайтын, мемлекеттік ішкі қауіпсіздігін, сыртқы тәуелсіздігін қорғайтын органдар. Мұндай органдар әр дәрежеде, әр көлемде барлық мемлекеттерде болады. Мемлекет механизміне тән заңдылық - оның органдары тек мемлекет қызметін атқаруға қажет болғанда ғана құрылады.
Курстық жұмыстың объектісі - мемлекеттік аппарат, мемлекеттік органдар қызметі.
Курстық жұмыс тақырыбының пәні - мемлекеттік аппарат қызметі, ҚР-ның Конституциясы.
Курстық жұмыстың мақсаты - мемлекеттік аппарат қызметін ұғыну.
Курстық жұмыстың құрылымы - кіріспе, үш негізгі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрып, жалпы көлемі бетті құрайды.
1-тарау. Мемлекеттік аппараттың түсінігі, құрылымы, құрылымдық органдары және оның қызметін ұйымдастыру қағидалары
1. 1 Мемлекеттік аппараттың түсінігі
Әдетте заң әдебиеттерінде «мемлекет механизмі» және «мемлекеттік аппарат» түсініктері синоним сөздер ретінде қолданылады. Мемлекет механизмі - бұл мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік органдардың жүйесі. Механизм-дегенiмiз бiр неше бөлiмдердiң жиынтығы бұл бөлiмдер бiр-бiрiмен тығыз байданыста болады және бiрдей жұмыс жасайды. Мемлекеттік аппараттың, оның барлық бөлімшелерінің мазмұнын қоғамдық өмірдің барлық салаларының тиісті ұйымдау мен тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық қызмет құрайды.
Бұл қызметтің нысандары көп жағдайда басқарудағы заңдар мен құқықтық механизмдердің қолданылу шамасына байланысты. Осыған сәйкес мемлекеттік аппарат қызметінің келесі нысандарын бөліп қарастыруға болады:
- тікелей басқарушылық - бұл ғылыми ұсыныстар жасаумен, тәжірибе алмасумен байланысты, құқықтық сипатты иеленбеген қызмет түрлері;
- құқықтық нысандар - құқықтық заңды сипаттағы қызмет түрлері, яғни, олар барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады және мемлекеттік - міндетті салдарды туындатады. Мемлекет аппараты қызметінің негізгі құқықтық нысандарына мыналар жатады:
а) құқықшығармашылық қызмет - бұл нормативтік актілер жобаларын дайындауға, оларды қабылдау мен жариялауға байланысты қызмет;
ә) құқық қолданушы қызмет - бұл құқықтық нормаларды жүзеге асырумен байланысты қызмет;
б) құқық қорғаушы қызмет - бұл заңдардың сақталуын бақылаумен және қадағалаумен, кінәлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартумен және тағы басқаларымен байланысты қызмет [2. 63 б. ] .
Мемлекеттің сан түрлі қызметін атқаратын механизмі (аппараты) болады. Мемлекеттің механизмі - белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен сипатталатын мемлекет органдарының жүйесі. Әр мемлекеттің механизмі оның тарихи, әлеуметтік, ұлттық, экономикалық, географиялық және басқа да ерекшеліктеріне байланысты құрылады. Дегенмен барлық мемлекеттерге бірдей өзіне тән органдары болады. Негізінен, олар - құқықтық тәртіпті сақтайтын, мемлекеттік ішкі қауіпсіздігін, сыртқы тәуелсіздігін қорғайтын органдар. Мұндай органдар әр дәрежеде, әр көлемде барлық мемлекеттерде болады. Мемлекет механизміне тән заңдылық - оның органдары тек мемлекет қызметін атқаруға қажет болғанда ғана құрылады. Екінші заңдылығы - бірінің қызметін бірі қайталайтын органдардың болмауы.
Мемлекет механизмнiң өзiне тән белгiлерi:
• реттелген мемлекеттiк органдар;
• олардың бiрлiгiн қамтамасыз ететiн алдына қойған мақсаты;
• оның негiзгi элементi болып мемлекеттiк органдар тұрады;
• ол ұйымдық және материалдық күш жүйесi, осының арқасында мемлекеттiк билiктi жүргiзедi, алдына қойған мақсатына жетедi.
1. 2 Мемлекеттік аппараттың құрылымы және құрылымдық органдары
Мемлекеттік аппарат - қоғамды басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет органдарының біртұтас жүйесі. Оның нышандары:
- мемлекет қоғамды басқаратын және тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады;
- мемлекеттік аппарат мекеме мен органдардың байланыс жүйесі;
- мемлекет органдарының қызметі ұйымдастырушылық, материалдық және әкімшілік кепілдіктерімен қамтамасыздандырылады;
- мемлекеттік аппарат азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын қоғау үшін құрылады.
Демократиялық, құқықтық, әлеуметтік мемлекет ғасырлар сынағынан өткен принциптерге негізделіп құрылады. Демократиялық мемлекеттердің аппараттары мынадай органдардан тұрады:
- Өкілдік органдар. Қазақстан Республикасында өкілдік органдар екіге бөлінеді: а) жоғарғы өкілдік орган - Парламент. Ол сонымен қатар заң шығарушы орган. б) жергілікті өкілдік органдар - облыстық, аудандық, қалалық мәслихаттар.
- Мемлекет басшысы. Қазақстан Республикасында мемлекет басшысы - Президент. Президент мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.
- Атқарушы орган. Қазақстан Республикасында жоғары атқарушы органдар - әкімшіліктер.
- Орталық басқару органдары. Қазақстан Республикасында оларға: министрліктер, мемлекеттік комитеттер, комиссиялар, ведомстволар жатады.
- Сот органдары. Яғни: Жоғарғы сот, жергілікті соттар, әскери соттар.
- Прокуратура. Олар заңдардың біркелкі орындалуын қадағалайтын орган.
- Әскер. Оған мемлекеттің әр саладағы қарулы күштері жатады.
- Барлау, қарсы барлау органдары.
- Абақты, бас бостандығынан айырылған адамдарды ұстап тұратын органдар.
Мемлекеттi басқару формасының екi түрi бар:
а) Монархия
б) Республика
Монархия-деген бiр адамның билiгi, билiк атадан балаға мұра ретiнде қалады және ешкiммен шектелмейдi, ең жоғарғы билiк бiр адамның қолында болады.
Монархияның үш түрi бар:
1) Шексiз абсолюттiк монархия
2) Шектеушi конституциялық монархия
3) дуалистiк монархия
Республика - бұл мемлекеттiң ең жоғарғы органдарының сайлануы және белгiлi уақытқа дейiн жұмыс атқаруы.
Республиканың түрлерi:
1) Президенттiк;
2) Парламенттiк;
З) Аралас;
4) Аристократиялық республика;
5) Демократиялық республика.
Қазақстан Республикасының мемлекет басшысы Президент - ол барлық органдардың үстiнен қарайды және олардың бiр-бiрiмен келiсiм бойынша жұмыс жасауын қамтамасыз етедi.
Заң шығару органы: негiзi Парламент оның негiзгi мақсаты заң шығару, бюджеттi тағайындау және ең жоғарғы лауазым иелерiн бақылау, олардан есеп алу.
Парламент Президентке импичмент жариялай алады. Импичмент-жұмыстан мерзiмсiз босату және жауапқа тарту.
Заң атқару органдары.
Мемлекеттiң ең негiзгi, мықты органы - себебi олардың қолында нақты билiк, мәжбүрлеу күштер, материалдық құралдар болады.
Сондықтан осы заң атқару билiгiнiң өкiлеттiлiгiн шектеу ең үлкен мәселе болып табылады.
Сот органдары.
Соттың негiзгi мақсаты бұзылған құқықты қалпына келтiру және жазалау.
Бақылау-қадағалау органдары.
Бақылау-қадағалау органдарының негiзгiсi прокуратура.
Прокуратура-барлық субъектiлердiң заңдарды орындауын бақылайды.
Сотта мемлекеттiң мүддесiн қорғайды және құқық бұзылған жағдайда соны қайтадан қалпына келтiретiн орган.
Конституциялык Кеңес - атқарушы орган.
Қазiр Қазақстан Республикасында ғана бар. Конституциялық Кеңестiң негiзгi мақсаты Парламент қабылдаған заңдардың Конституцияға сәйкес келетiндiгiн қадағалау.
Конституциялық Кеңес жетi адамнан тұрады, олардың өкiлеттiгi алты жылға созылады, экс-Президенттер мүшелерi болып табылады. Конституциялык Кеңес - Конституцияның нормаларына ресми түсiндiрме бередi.
Егер Президент, Үкiмет, министрлiктер, әкiмдіктер және тағы басқа органдар заңға қарсы актiлердi қабылдаса онда прокуратура бұл заңдарды қадағалайды және қарсылық көрсете алады.
Әскери күштер.
Бұл мемлекеттiң ерекше органы. Бұл мемлекеттiк шекараны, мемлекеттi қорғау органы.
Құқық қорғау органдары.
Олардың негiзгi мақсаты, мiндетi адамдардың:
- құқықтары мен бостандықтарын корғау;
- қоғамдық тәртiптi нығайту;
- қылмыспен күресу;
- бұзылған құқықтарды қалпына келтiру.
Оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын және тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттiк аппарат, мекеме және органдардың байланыс жүйесi; мемлекет органдарының қызметi ұйымдастырушылық, материалдық және әкiмшiлiк кепiлдiктермен қамтамасыздандырылады; мемлекеттiк аппарат азаматтардың заңды мүдделерi мен құқықтарын қорғау үшін құрылады. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызмет туралы Заңының екiншi бабында: Мемлекеттiк қызмет - азаматтардың мемлекеттiк органдар мен олардың аппаратында конституциялық негiзде жүзеге асырылатын және мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттiң өзге де міндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған кәсiби қызмет делiнген.
Мемлекеттік аппараттың ерекше ішкі құрылысы бар: олардың арасындағы қатынастар бір жүйеге біріктіріледі. Бұл жүйенің негізін экономика, саяси қарым - қатынастар, сана - сезім құрады. Осы жүйедегі әрбір органның өзінің орны, бір - бірімен қарым - қатынастары, қызметінің негізгі принциптері көрсетіледі.
Дамудың әрбір кезеңінде мемлекеттік органдардың орындайтын қызмет бабы және істері өзгеріп отырады. Шығыс мемлекеттерде бүкіл аппаратты бір орталыққа бағындыратын - патшаның билігі орнаған. Парламенттік республикада негізгі функциялар парламенттің қолында болады. Мемлекеттік аппарат дамуының объективтік бағыттары байқалады: бюрократизация, дифференциация, профессионализмнің өсуі. Мемлекеттің әрбір типіне мемлекеттік аппараттың ерекше нышандары сәйкес келеді. Мемлекеттік қызмет - конституциялық негізде баянды етілетін азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппаратындағы мемлекеттік басқаруды, басқа да мемлекеттік міндеттер мен қызметтерді атқаруды жүзеге асыратын кәсіптік қызмет.
Мемлекеттік орган - мемлекеттік аппараттың өкімет билігіне өкілеттігі бар құрылымдық бөлшегі. Мемлекеттік органның өкімет билігін іске асыруы мемлекеттің міжбүрлеу күші арқылы қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік органдардың жіктелуі:
1 мемлекеттік органдарды қалыптастыратын субъектілеріне байланысты : өкілдігі бар мемлекеттік органдар (Президент, Парламент) және мемлекеттік органдардың өздерінің құратын органдары (өкімет, министрліктер) ;
2 мемлекеттік органдар құрылымына байланысты : жай, күрделі болып келеді;
3 аумақтық қызмет аясына байланысты : федералдық, республикалық, жергілікті;
4 өкілеттіктерінің сипатына байланысты : жалпылама құзіретті органдар (ҚР Үкіметі) және арнайы құзіретті органдар (Прокуратура) ;
5 құзырларының іске асу ретіне байланысты : алқалыға жататындар (Үкімет) және дара басшылыққа жататынар (Президент) ;
6 Ұйымдық құқық қызметтері түрлеріне байланысты : биліктері толық және биліктері шектеулі болатындар.
Сонымен, мемлекеттік орган - алдында тұрған ерекше мақсаты бар және соны орындау үшін құзіреті бар мемлекеттік аппараттың бір буыны. Мемлекеттік органның құрылуы мен қызметі, негізгі өкілеттілігі Конституцияда және конституциялық актілерде көрсетіледі. Әрбір мемлекеттік орган өз қызметін мемлекеттік, материалдық, ұйымдық және зорлау күшімен қорғайды [14. 88 б. ] .
Мемлекеттік орган мемлекеттің атынан функцияларын атқарады, әрқайсысының алдында тұрған мақсаттары заңда анық белгіленген. Басқа мемлекеттік органдармен қалай қатынасатыны, ішкі құрылысы, құзыреті белгіленген.
Мемлекеттік органның негізгі нышаны оның мемлекеттік билігі. Бұл мемлекеттік билікті былай түсінуге болады: олар мемлекеттің атынан барлық субъектілерге міндетті нормативтік актілерді шығарады, немесе құқықтық нормалардың орындалуын тексереді, ал кейбір кезде жазаға тартуға құқығы бар. Мемлекеттік заңдарға сәйкес мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында мемлекеттік орган өкілеттікті жүзеге асыратын толып жатқан қызметтер атқарады.
Мемлекеттік қызметкерлердің өкілеттіктері мемлекеттік органдар алдында тұрған мақсаттарға және міндеттерге сәйкес анықталады. Мысалы, прокуратура органдары, сот жүйесі, ішкі істер министрліктері құқық қорғау қызметін атқарады. Бұл органдар бір - бірімен байланысты. Бәрі бірге жалпы құқық қорғау жүйесіне жатады.
Мемлекет механизмінің құрылымына мыналар кіреді:
- өздерінің тікелей біліктілік функцияларын жүзеге асыру барысында тығыз байланыстағы және өзара бағыныстылықтағы мемлекеттік органдар;
- биліктік өкілеттіктерге ие емес, алайда, экономика, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, ғылым тағы да басқа салаларда жалпы әлеуметтік функцияларды атқаратын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар;
- басқарумен арнайы айналысатын мемлекеттік қызметшілер;
- мемлекеттік аппараттың қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастырушылық, қаржылық және күштеу құралдары.
Мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің негізгі міндеттері:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
- заңдарда белгіленген тәртіппен азаматтардың өтініштерін қарауға, олар жөнінде қажетті шаралар қолдануға;
- өздеріне белгіленген құқықтар шегінде және заңды міндеттеріне сәйкес өкілеттерді жүзеге асыруға;
- мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауға;
- өздерінен жоғары басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, шығарылған шешімдері мен нұсқауларын орындауға;
- өз өклеттігінің шегінде мәселелерді қарауға және солар бойынша шешімдер қабылдауға, белгіленген тәртіппен лауазымдық міндеттерін атқару үшін қажетті ақпарат пен материалдарды алуға құқықтары бар.
1. 3 Мемлекеттік аппаратты ұйымдастырудың және оның қызметінің қағидалары
Мемлекеттік аппаратты ұйымдастырудың және оның қызметінің қағидалары - бұл мемлекеттік органдарды құру мен олардың қызмет етуінің негізгі бағыттарын анықтайтын бастамашылық ережелер. Оларға мыналар жатады:
- адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының артықшылығы қағидасы, бұл қағидаға сәйкес, мемлекеттік қызметшілер аталған құқықтар мен бостандықтарды мойындауы және қорғауы тиіс.
- Демократиялық қағидасы, бұл қағида мемлекеттік органдар қызметін қалыптастыру мен ұйымдастыруға азаматтардың кең көлемде қатысуын білдіреді.
- Биліктің тармақтары бөліну қағидасы, бұл қағида билік органдары мен лауазымды тұлғалар тарапынан заңсыз әрекеттерді болдырмауға негізделген.
- Заңдылық қағидасы, бұл барлық мемлекеттің қызметшілердің Конституцияны, заңдар мен заңға сәйкес актілерді сақтау міндеттілігін білдіреді.
- Жариялылық қағидасы, бұл қағида нақты бір мемлекеттік органдардың тәжірибелік қызметіне қатысты құқық субъектілерінің ақпараттармен танысуын білдіреді.
- Кәсібилік қағидасы, бұл қағида мемлекеттік аппарат қызметінде мейлінше кәсіби қызметкерлерді пайдалануға қолайлы жағдайлар жасайды.
- Алқалық пен жалғызіліктіліктің үйлесу қағидасы, бұл қағида мемлекеттік аппараттың демократиялық және бюрократиялық бастамаларының саналы сәйкестігін қамтамасыз етеді.
- Сайлаушылық пен тағайындушылықпен үйлесушілік қағидасы, бұл қағида мемлекеттік басқарудағы орталықтандыру мен орталықсыздандырудың тиімді байланысын білдіреді.
- Бағыныстылық қағидасы, бұл қағида мемлекттік органдардың мемлекеттік аппараттағы әртүрлі деңгейде орналасқанын білдіреді.
Қазіргі мемлекеттік аппараттың қызметі мынадай принциптермен реттеледі: мемлекеттік аппараттың ішкі құрылысы және қызметінің нәтижелі, тиімді болуы. Ол үшін оның қызметі демократиялық, конституциялық, заңдылық принциптерге сәйкес болуға тиіс. Мемлекеттің лауазымды адамдары, қызметкерлі нормаларды жоғары этикалық дәрежеде орындауы қажет.
Мемлекеттік аппарат халықтың мүддесін қорғап, соны іске асыруға міндетті. Халықтың мемлекеттік басқару процесіне қатысуының демократиялық жолдары - олардың сайлауға қатысуы, халықтың өкілдері мемлекеттік аппаратты құрады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына мемлекет кепілдік береді. Халық мемлекеттік аппараттың қызметіне көмек беру үшін қоғамдық ұйымдарды құрады, олар мемлекеттік аппаратпен байланысатын саяси жүйені құрады.
Конституцияның 33-бабында «азаматтардың тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекеттің өкілдік, атқарушы және сот органдарының құрылуы мен жұмыс істеуі жөніндегі әрекетін жүзеге асыру мүмкіндігі» делінген. Қатысудың түрлері былай деп белгіленеді: мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін өзі басқару органдарына жеке және ұжымдық өтініштер жолдау; мемлекеттік органдар мен өзін өзі басқару органдары сайлау және оларға сайлану, референдумға қатысу, мемлекеттік қызметке кіру.
Мемлекеттік қызметтің принциптері: заңдылық; мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы; азаматтардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдында басымдылығы; мемлекеттік қызметке кіруге, қатысуға еріктілігі; өз өкілеттері шегінде жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қабылдаған шешімдердің төменгі мемлекеттік органдар қызметшілерінің орындауы үшін міндеттілігі; мемлекеттік қызметкерлердің кәсіпқойлығы мен жоғары біліктілігі.
Биліктің бөліну принцинтері. Қазақстанның біртұтас мемлекеттік билігінің тармақтарға бөліну принципі. Конституцияда белгіленген негізгі принциптерінің біреуі ғана емес, ең күрделісі Республикадағы мемлекеттік билік біртұтас, өйткені бірден - бір бастауы - Қазақстан халқы және биліктер бір - бірін шектейді.
Мемлекеттің аппараты өз қызметін ашық және жариялық істеуге тиісті. Мемлекеттік органдардың қызметтерінің кәсіпшілігі, тәжірибесі және хабардарлығы өте жоғары болуға тиісті. Мемлекеттік аппарат өзінің қызметінде бар заңдардың талабын мүлтіксіз орындауға тиісті.
Мемлекеттік аппараттың ішкі құрылысы - қатаң тәртіпті, субординацияны, олардың бір - бірімен байланысын жақсарту. Мемлекеттік аппарат біртұтас күрделі жүйе, ол бірнеше салаларға бөлінеді: заң шығару, атқару және сот жүйелері; құқықты қорғау және қарулы күштер жүйесі. Бұл мемекемелдің алдында тұрған мақсаттары, ішкі құрылыстары, құзыреті, қолданатын әдістері мен принциптері. Оларды біріктіріп, қызметтерін жақсы атқаруға жағдай қалыптасады.
2-тарау. Мемлекеттік органдар - мемлекет аппаратының бөлігі
2. 1 Мемлекеттік органдардың ұғымы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz