Ұлыбританиядағы аудиттің дамуы


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазіргі аудиттің отаны Ұлыбритания болып есептеледі. IX ғасырдың өзінде римдіктердің амалдары британиялық шаруашылық қызметте экономикалық жағдайларды есептеу барысында қолданылды.

Сол кезде бухгалтер ұғымында аудитор ұғымына аралас қолданылды. Бухгалтер есептілікті жүргізсе, аудитор есептілікті тексеріп, бақылау жүргізелі.

Алғашқы ағылшын тіліндегі есептік құжаттардың бірі болып 1130 жылындағы Британия мен Шотландияның қаржы мекемелерінің аудит туралы ескертулері табылады. Лондонда аудит 1200 жылы жүргізіле бастады, ал XIV ғасырда таңдаулы мамандардың арасында аудиторлар да болды. Сол кезден бастап аудиттің маңыздылығын айқындайтын көптеген құжеттер бар.

Аудиттік қызметті реттейтін алғашқы заңнама 1285 жылы қабылданды. Осы заңға сәйкес аудиторлар мемлекет атынан бірнеше артықшылықтарға ие болды. Заңға сәйкес аудиттік тексерулерлің басты мақсаты бухгалтерлік құжаттар мен қорытындыларды тексеру болып табылады.

1324 жылы 24 наурызда Эдуард II королінің 3 мемлекеттік аудиторлардың тағайындаоуы туралы жарлығы жарық көрді.

XVI ғасырда тіркеуші кітабын бақылау барлық елдерде енгізілді. Есетеулерді тексеруші тұлға ретінде Британияда аудиторлар аталды.

Есепшi - аудиторлар XVIII ғасырда пайда болды деуге болады, өйткені бiрiншi кәсiби есепшi Джордж Уотсон (1645-1723 ) шотландиялық кәсіпкерлерге бухгалтерлiк есеп беруiн тексеруге кеңес берген болатын. Бұл тексеру жоғары деңгейдегі нәтижелерді көрсетті, шотландықтар тәжиребелерінде тексеруді жиі қолдана бастады. Сонымен бірге қаржылық - шаруашылық үрдістің дамуы және күрделенуі нәтижесінде кәсіби бухгалтер - аудиторлар пайда болды. Эдинбург адрестi кiтабында 1773 жылы жетi тексерушiлердiң аттары бар болды, ал Эдинбург бойынша 1805 жыл шығарылған бiрiншi жеке аудиторлық анықтамада 17 тексерушiлердiң аттары келтiрiледi. Алғашқы кәсіби аудиторлардың қатарына Уильям Велш Дейлотты жатқызуға болады. Ол аудиторлық тексерулер барысында көзге түскен кәсіби аудитор болып табылады. Дейлот ағылшын қонақүй бизнесіндегі темір жолдардың қаржылық есептілік жүйесін өңдеді. Осы жүйенің негіздері қазіргі кезде оның отанында қолданылып жүр. 1905 жылы әлем бойынша аудиторлардың саны 11 мыңға жетті жіне осы аудиторлардың жартысы Англияға тиесілі болды.

XVII - XIX ғасырларда дағдарыс өзекті мәселеге айналған кезде, аудит ең көп дамуға ие болды. Көптеген кәсіпорындардың банкротқа ұшырауынының нәтижесінде білікті есепші - аудиторларға сұраныс өсті. Тексерушiнiң нақты жұмысына бухгалтерлiк есептi жүргiзуден және есеп берудi дұрыс бақылаудан тұрды. Дағдарыстың аяқталуынан кейiн акционерлiк қоғамдар шапшаң дами бастады. Қызығушы тұлғалар шешім қабылдау үшін жеткілікті ақпараттарға қол жеткізуге тырысты. Олар жылдық қаржылық есептілікті және аудитордың шешімін талап етті.

Акционерлiк қоғамдардың алыпсатарлық қызметiнің тәуелсiз тексеруiнiң бiрiншi құжатталған түрі 1720 жылдағы " Оңтүстік теңіз компаниясы " - ның күйреуі болып табылады. Бұл жағдай әлемге оңтүстік теңізінің көпіршігі деген атпен әйгілі болды. Кәсіпорын басқармасы дивидендтерді төлеу немесе қайта сатып алу секілді моігыга алған міндеттерді орындай алматыны анықталған кезде, бұл шаруаға мемлекеттік уәкілеттік органдар араласты. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын тексеру Чарльз Снелға тапсырылды.

Осы кезде қара ниетті келісімдердің алдын алу үшін кәсіби есепшілер қызметін мемлекеттік реттеу жұмыстары басталды. Шағын және ірі кәсіпорындардың қаржысын тәуелсіз тексеру және талдайдың маңыздылығын мемлекеттік деңгейде мойындау басты нәтиже болды. Алғашқы заң Ұлыбританияда пайда болды. 1720 жылы үкімет " Сабын көбігі" атты заңды қабылдады. Бұл заңда корпорациялық кәсіпкерлікке тыйым салынды. 1825 жылы қоғамның қысымымен өзгерістер енгізілді. 1844 жылы Ұлыбританияда кәсіпорындар қызметі туралы заңдар топтамасы жарияланды. Бұл заңдарға сәйкес әрбәр кәсіпорынның басқармасы кәсіпорын акционерлері жылына бір рет өздерінің қолы қойылған қаржылық есептілікті көрсетіп, осы есептілікті тексеру үшін тәуелсіз аудиторлық ұйымды шақыруға міндетті болды.

1832 жылы Ұлыбританияда кәсіпорындар туралы заң қабылданған соң, әрбір кәсіпорын кем дегенде жылына бір рет бухгалетрлік есеп пен қаржылық бақылау мамандарына есептілікке тексеру үшін есептеулер мен қорытындаларды кқрсетуге міндетті болды. Аудиторлар саны көбейді.

1854 жылы Эдинбургте Бухгалтерлер қоғамы құрылды, оның құрамына бухгалетер - аудиторлар кірді.

1862 жылы Англияда " Міндетте аудит туралы " заң қабылданды. Осы кезде аудит экономикалық ғылымдардың бір саласы ретінде мойындалды деуге болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аудит даму кезеңдері
Аудит туралы ақпарат
АУДИТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Аудиторлық істің этикалық құқықтық механизмдері
АУДИТТІ АҚПАРАТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Европа елдеріндегі аудиттің пайда болуы мен дамуы
Бухгалтерлiк есеп және оның ақпаратты аудит мәлiметiнiң көзi
Сыртқы аудитті ұйымдастыру
Аудиторлық қызметті жүзеге асыру
Аудитті ұйымдастырудың озық тәжірибесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz