Мемлекеттің пайда болуының жалпы заңдылықтары



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе

І Тарау. Мемлекеттің пайда болуы және даму тарихы
І.1.Мемлекеттің пайда болуының заңдылықтары
ІІ.2.Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар

ІІ Тарау. Мемлекет ұғымының мазмұны мен мәні
ІІ.1.Мемлекет ұғымы және оның белгілері
ІІ.2.Мемлекеттің мәні мен қызметтері

ІІІМемлекеттік билікті ұйымдастыру мен оның құрылымы
ІІІ.1. Мемлекет нысаны (формасы)
ІІІ.2. Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам

Қорытынды
Қосымша
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Мемлекет ұғымын және нысандары мен оның элементтерінің аясын зертеуді
Қазақстандағы заң білімдері мен заң-құқықтық жүйесінің тарихынан бөліп
қарауға болмайды. Сондықтанда, біріншіден мемлекет терминінің өзіне
тоқталатын болсақ, оның көптеген мәні бар.
Саяси - құқықтық ғылымдарда мемекет термині бірнеше мағынада
қолданылады.
- біріншіден, мемлекет – бір таптың бір тапқа үстемдік етуін қолдайтын
саяси ұйым;
- екіншіден, мемлекет – құқықтық заңдарға тәуелді адамдардың
бірлестігі;
- үшіншіден, мемлекет – қоғамның саясатың жүзеге асыратын саяси ұйым;

- төртіншіден, мемлекет – қоғамды басқару міндетін атқаратын,
адамдардың, таптардың қарым-қатынастарын реттеп отыратын, заңдарды
қабыдайтын саяси ұйым;
- бесіншіден, мемлекет – адамзат қоғамы дамуының нәтижесінде пайда
болған саяси ұйым.
Әрине мемлекет туралы зерттеушілердің көқарасы бір жерден шығып, бір
текті болды деп айтуға болмайды. Мемлекет саяси - құқықтық ғылымдардың
зерттеу объектісі болып табылады.Соған орай мемлекет өзінің мыңдаған
жылдарға созылған тарихи даму үрдісінде саяттанушылар тарапынан түрліше
бағаланып келеді. Мемлекеттің анықтамасын да түрлі көзқарастағы саяси
қайраткерлер түрліше тұжырымдап келгенің жоғарыда келтірілген
тұжырымдамалар арқылы көруге болады.Мысалы, ежелгі грек философы Демокрит:
Мемлекет жалпыға бірдей игілік пен әділеттілік әкелуі керек, - деп
есепеген екен. Оның пайымдауынша: Жақсы басқарылатын мемлекет – үлкен
тірек, ол сақталып тұрғанда, онда бәрі де болады – бәрі тұтас болады, ол
құлағанда, онымен бірге бәрі де өледі [1].
Қазіргі заманғы философтар мен әлеуметтанушылардың пайымдауынша,
мемлекет – қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік жүйесін
бірізділікке түсіретін, қоғамды басқаратын және сақтайтын негізгі институт
болып табылады.
Мемлекет ұғымына қатысты түрлі тұжырымдар мен пікірлерден кейін
мемлекеттің негізгі белгілеріне тоқталып кетейік:
- мемлекеттің рулық басқару нысанынан басты айырмашылығы арнаулы
кәсіби басқару және мәжбүрлеу аппаратының болуы;
- мемлекеттің өзінің өмір сүруі үшін халықтан салық жнауға мәжбүр
болуы;
- мемлекеттің өз азаматтарының аумақтық принцип бойынша
бөлінеьтіндігі;
- мемлекет басқа ұйымдардан қоғамда әрекет ететін құрылымдарымен және
институттарымен, егемендігімен ерекшеленуі;
- мемлекеттің шекарасы, анық белгіленген аумағының болуы
- мемлекеттің заңдар және басқа да нормативтік-құқықтық актілер
шығаруы, солар арқылы қоғамда тәртіп орнататындығы [2].
Тақырыптың өзектілігі:
Құқықтық білімді игеру барысында жоғары оқу орнынында құқытық білім
алушы маман мемлекет және құқық мәселелерін жаңаша осы заман талаптары
тұрғысынан түсінеді. Жалпы мемлекет туралы ұғым мемлекет және құқық
теориясы пәнінде оқытылады. Заң ғылымында мемлекет пен құқық абстрактілі
санат, категория ретінде зерттеліп, оқытылады.
Мемлекетті зерттеу барысында мемлекеттегі нақты белгілі бір тарихи
кезеңде болған құбылыстар деп қарастырмай керісінше, оларды жалпы сипаттары
бойынша тарихи дамудағы өзгеру сатыларын жан-жақты қамтып, қарастыру
зерттеу нысаны ретінде алынып отырған тақырыптың өзекітілігі болып
табылады.
Мақсаты мен міндеті:
Тақырыптың мазмұның ашып көрсеу үшін зерттеу жұмысына осы заманғы
мемлекеттіліктің дамыған нысандарын зерттеудегі бағыт-бағдарларды ашып
көрсетуді, олардың мағынасы мен мәнін теориялық көзқарастар тұрғысынан
түсіндіруді мақсат етіп алдым.
Тақырыптың зерттелу деңгейі:
Мемлекеттің ұғымы, нысандары және оның элементтері туралы алғашқы
шығармалар ежелгі грек философтарының пайымдауларынан бастап қалыптаса
бастаған. Оған: Сократ, Платон, Аристотель еңбектеріндегі идеялар мен
Гегель, Кант еңбектеріндегі мемлекеттіліктің философиялық негізделуі жайлы
шығармаларын айтуға болады. Сондай – ақ К,Маркстың, Л.И.Петражцкийдің,
Вашингтоның, Де Голльдың мемлекет ұғымына, оның нысанына көп көңіл бөліп
еңбектер жазғанын атап өтуге болады.
Диплом жұмысының теориялық тұрғыдан мәнділігі мынада жатыр
Автор: Осы берілген тақырыпты, әртүрлі тұрғы жағынан қарастырды. Оған
түрлі көзқарастар, көптеген ғалымдар мен саясатшылардың көзқарастары мен
тәжірибелері де қолданылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен мазмұны.
Бүгінгі менің дипломдық жұмысымның тақырыбы Мемлекет үғымы, нысандары
және оның элементтері болып табылады. Жұмыстың құрылымы үш бөлімнен және
екі параграфтан тұрады. Бұл тақырыпта негізінен мемлекеттің пайда болуымен
оның ұғымынын қалыптасу тарихы мен оның құқық салалары мен байланысы
қарастырылған.

І. Мемлекеттің пайда болуы және даму тарихы

І.1.Мемлекеттің пайда болуының заңдылықтары
Ғылыми-зерттеу мәліметтеріне қарағанда біздің ғаламшарымыз – жер
осыдан 4-5 млрд. жыл бұрын пайда болған көрінеді. Адам, яғни саналы
адам – homo sapiens жер бетінде осыдан 40 мың жыл бұрын пйда
болған дейді антрополог ғалымдар. Алғашқы мемлекеттік құрылымдар біздің
дәуірімізден 4-5 мың жыл бұрын пайда болғанын ғылыми зерттеулер дәлелдеді.
Соған сәйкес ежелгі адамдар 35 мыңдай жыл бойы мемлекеттік құрылымсыз өмір
сүрген деуге болады.
Мемлекеттілікке дейінгі кезең ғылымда алғашқы қауымдық құрылыс немесе
рулық қауым деген атаумен белгілі. Бұлай болатын себебі адамдар ол кезде
қауым, ру-ру болып тайпаларға бірігіп өмір сүрген. Бірлестіктерге бірігу
қандас туыстық, бірге тұру және бірлесіп, ортақтасып еңбектенуге
негізделетін.
Ру – адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі, туысқан адамдардан
тұратын қауымдастық. Оның мүшелері өзара некеге отырмайды. Барлық халықтар
рулық дәуірден өткен. Қазіргі халықтардың кейбіреуінде рулық дәуірден
қалған әдет-ғұрыптар, дәстүрлер әлі де сақталған. Мысалы, қазақтың салт-
дәстүрі бойынша жеті атаға дейін қыз алысып-беріспейді.
Рулық қоғамда қауымдық билік болған. Ру өміріне байланысты
мәселелердің барлығын рудың жалпы жиналысы қарап, шешіп отырған. Оған
жынысына қарамай, кәмелетке толған ру мүшелерінің барлығы қатысатын. Қандай
мәселе болса да, жалпы қауымның келісімімен, әділдік жолымен шешілген. Ру
мүшелері жалпы жиналыста ру ағасын сайлайтын болған. Ру ағасына ақылы
толған, ру әдет-ғұрпын, дәстүрін білетін, рудың қамын ойлайтын, қауымды
басқара білетін адам сайланатын. Бірнеше ру бірігіп, тайпа құрған. Тайпаны
басқару үшін ру ағалары кеңес құрған. Сол кеңесте рулардың тұрмысына, басқа
тайпалармен қарым-қатынасына байланысты мәселелер қаралатын.
Алғашқы қауымдық құрылыс, яғни рулық қауым жетілу деңгейі төмен, даму
жағы тұралап қалған қоғам болатын. Мұнда бірлесіп еңбектенудің негізгі
рлері терімшілік, аң және балық аулау болатын. Еңбектенудің осындай
түрлеріне сай еңбек құралдары да қарапайым, жетілдірілмеген болып келетін.
Алғашқы қауымдық құрылыста (рулық қауымда) әлеуметтік билік орын
алатын. Мұндай билік әдетте ең алдымен еңбектенуге негізделетін де, онда
күштеп еңбек етуге мәжбүрлеу болмайтын. Адамдар міндеттерін өз еркімен
атқаратын, еңбек ету қауымдағы адамдардың барлығына бірдей болатын,
еңбектену нәтижесінде табылған қоректер рулық қауым адамдары арасында
теңдей етіп бөлінетін, қауымдастардың құқықтары да, міндеттері мен
жауапкершіліктері де тең болған.
Рулық қауым, яғни алғашқы қауымдық құрылыстың негізгі басқару
органдары көсем – ру басы, яғни қауым бастығы, қариялар кеңесі және
қауымдастардың жалпы жиналысынан тұрады. Рулық қауымның болмысына
байланысты ең маңызды мәселелерді шешу күн тәртібіне қойылғанда ғана
қаумдастар жалпы жиналыс өткізген. Рулық қауымның әрбір ересек мүшесі
қандай да болсын мәселелерді талқылауға, оларды шешуге қатысуға қақылы
болатын.
Рулық қауымдағы күнделікті мәселелерді дер кезінде шешуді
ұйымдастырып, басқарып отыру үшін қауымның ең беделді мүшелері арасынан
қауым бастығы көсем (ру ағасы) сайланатын. Бұл лауазымға адамдар сайлау
арқылы ие болатын.
Ру ағасы (көсем) қауымның басқа мүшелерімен тең болатын және барлық
қауымдастар тәрізді солардың үлесіндей мөлшерде үлес алатын болған. Оның
биліктік беделі тек қана қауымдастардың оған деген құрметіне, сеніміне
негізделеді. Соғыс туындағанда әскерге басшылық ету үшін әскери көсем
сайланатын, қауым ішінде осылайша көсемдер (қариялар) кеңесі құрылатын.
Уақыт өте келе рулар өзара бірігіп тайпаларды құрайды, өз кезегінде
олар ру өкілдерінен тұратын көсемдер (қариялар) кеңесі арқылы басқарылатын.
Тайпаны басқаратын көсемдер кеңесі тайпа көсемін сайлайтын. Бұл лаузым да
қоғам дамуының алғашқы кезеңдерінде алмастырылып отыратын және ол лауазым
иесіне ешқандай артықшылық бермейтін.
Қоғам дамуының барысында тайпалар да бірігуді бастады. Алғашында
мұндай бірігу уақытша сипатта болатын, кейіннен тайпалардың бірігуі тұрақты
сипат ала бастады. Сөйтіп, тайпалар одағы қоғам дамуының қозғаушы
күштерінің біріне айналды.
Тайпалар одағы тайпа көсемдері кеңесі арқылы басқарылатын, олар болса
одақ көсемін сайлайтын. Қоғам дамуы барысында кейінірек көсемдер өз қызмет
бағыттарын өмір бойы атқаратын болды.
Жоғарыда айтылғандарды тұжырымдай келгенде алғашқы қауымдық құрылыс
(яғни рулық қауым) жөнінде оларға ғана тән мынадаай сипаттарды атауға
болады.
1. Ру (алғашқы қауым) мүшелері ортақ шаруашылықпен айналысуда қандас
туыстастығына, бір аумақта бірлесіп өмір сүруіне сүйенген.
2. Ортақ тілде сөйлеген және дәстүрлері, әдет-ғұрыптары барлығына бірдей
болған.
3. Ру адамдары арасында некелік қатынастардың орын алуына тыйым салынған.
Мысалы, қазақтарда некелік қатынастарына тыйым салу жеті атаға
жеткенге дейін сақталып келген, яғни жақын туыстар түгілі жамағайындар
арасындағы некелік қатынастарға да тыйым салынатын болған.
4. Ру (қауым) өлген адамды барлық қауымдастарға ортақ қабірге жерлейтін
болған.
5. Әрбір рудың (қауымның) өзіне тән атауы болатын.
6. Рудың (қауымды) ең беделді қауым мүшесі көсем (ру ағасы) басқаратын,
оның өзі қауымның жалпы жиналысында сайланатын.
Сонымен, мемлекеттілік кезеңге дейінгі әлеуметтік билік тікелей түрде
қоғамдық болған, оның құрылуы алғашқы қауымдық демократияға, өзін-өзі
басқаруға негізделген, оның ықпалы тек ру (қауым) тегіне ғана таралатын да,
сол рудың (қауымның) ырқын (ерік жігерін) білдіретін, қандас туыстардың
өзара қарым-қатынастарына негізделетін, мұнда қауымның жиналысы биліктің
органы ретінде іс атқаратын, ру ағалары алғашында артықшылықтарға ие
болмаған деп тұжырым жасауға болады.
Ф.Энгельс алғашқы қауымдық құрылысты алғашқы қауымдық коммунизм,
азаматтың алтын ғасыры деп атаған.
Алғашқы қауымдық кезеңде қоғамдық қатынастарды нормативтік реттеу рулар
мен тайпалардың әлеуметтік-экономикалық бірлігін білдірді және оны
қамтамасыз етіп отырған адамдардың тіршілік ету әрекеттерінде орын алды.
Мұның өзі еңбек құралдарының жетілдірілмеген қарапайымдылығына, еңбек
өңімділігінің мардымсыздығына байланысты еді. Осыдан барып бірлесіп тұру
еңбек құралдарына қоғамдық меншіктің болуын және өндірілген қоректік
өнімдерді теңдей етіп бөлу қажеттілігін туындатты. Ал мұның өзі алғашқы
қауымдық қоғам нормаларының табиғи болмысына әжептәуір ықпалын тигізді [3].
Нормалар алғашында табу - тыйымдар түрінде болды, бірте-бірте олар әдет-
ғұрыптарға ұласты (сөйтіп, басқаша, екіншщі түрге айналды). Кейініректе
моральдық нормалар пайда бола бастады.
Әдет-ғұрып – қауымдағы адамдардың қарым-қатынасын реттейтін, дағдыға
айналған географиялық, ұлттық, экономикалық факторларға байланысты тарихи
қалыптасқан, жазылмаған мінез-құлық қағидасы. Олар ру тұрмысының дамуына
байланысты, ру мүшелерінің арасындағы қатынасты жөнге салып, реттеу үшін,
олардың өсіп-өніп, өмір сүруін қамтамасыз ету үшін қажетті құрал ретінде
қолданылды. Ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, ру мүшелерінің сана-сезіміне ананың
сүтімен, қауым өмірінің үлгісімен сіңіп, олардың мінез-қүұлықтарын, іс-
әрекетін алға бағыттап отырды. Ру әдеттері барлық ру мүшелерінің еркін
білдіріп, мүдделерін қорғайтын қағидалар деп танылып, оны мүлтіксіз орындау
- әрбір ру мүшелерінің дағдысына айналды. Ру әдет-ғұрыптарын сақтау,
орындау – міндет пе әлде құқық па деген сауал ру мүшелерінің ойына кіріп те
шықпайтын. Олардың түсінігінше ру әдеттерін, дәстүрлерін бұлжытпай орындау
табиғи, өзін-өзі түсінікті жағдай болып саналды. Рулық әдеттер, дәстүрлер
қандай болғанын қазақ халқының тарихынан көруге болады.
Мемлекеттің пайда болуының жалпы заңдылықтары . Ру дәуірінде
адамдар тек жаратылыстың даяр өнімдерін жинап қорек етіп, өмір сүрген. Келе-
келе адамдар өндіріс құралдарын жасап алып, өздері шаруашылық пен
айналысады. Сөйтіп, термешіліктен өндіру шаруашылығына ауыса бастайды. Мал
бағудан егіншілікке ауысады.
Егіншіліктің нәтижесінде отырықшылық қалыптасып, елді мекендер,
қалалар салына бастайды. Қалаларда қол өнері пйда болып, ол мал шаруашылығы
және диқаншылық сияқты табыс көзіне айналды. Эконмиканың аталған салалары
бірінен-бірі бөлініп шығып, дербес өмір сүре бастағаннан кейін, бірінің
өндірген өніміне бірі мұқтаж екендігі байқалады. Диқандарға – мал өнімі,
малшыларға – жер өнімі, қолөнершілерге – тамақ қажет болды. Сөйтіп, оларға
делдалдық жасайтын алыпсатарлар қалыптаса бастады.
Құрал-саймандардың жетілдірілуіне байланысты еңбек өңімділігі де
өседі. Соның нәтижесінде артық өнім пайда болды. Рулық қауымда барлық
жиналған, табылған өнім ру мүшелерінің жалпы меншігі болған еді. Енді еңбек
өңімділігінің өсуіне байланысты артық өнім жеке адамдардың, жеке
отбасыларының меншігіне айнала бастады. Сөйтіп, малға, жерге, қолөнер
бұйымдарына жекелеген иелер пайда болды. Ақырында ру қауымының жалпы
меншігінің орнына жеке адамдардың меншігі пайда болып, меншіктің айрықша
түрі – жеке меншік қалыптасты. Жеке меншіктің пайда болуына байланысты
қоғам таптарға бөлінді. Бір жағынан, құрал-жабдықтар, өндірілген бұйымдар,
мүлік-дәулет адамдардың бір тобының қолында шоғырланады да, байлар пайда
болды. Сөйтіп, рулық қауым өзіне тән белгілерінен айырылып, құлдырады. Оның
орнына жеке меншікке негізделген, айрықша екі үлкен әлеуметтік топтан
тұратын қоғам қалыптасты. Мұндай жағдайда рулық қоғамдағы барлық ру
мүшелерінің игілігін көздеп, еркін білдіретін қауымдық билеу құрылымы өз
міндетін, қызметін атқара алмады.
Меншік иелерінің – байлардың айрықша мүдделері болғандықтан, басқа
ру мүшелерімен, кедей-жарлылармен қатар отырып, мәселелерді тең негізде
шешуге бармайды. Содан байлар мен кедейлердің арасында қайшылықтар пайда
бола бастады. Қоғамдағы осындай түбегейлі экономикалық-әлеуметтік
өзгерістердің нәтижесінде қоғамды билеу, басқару жүйесі де өзгерді. Рулық
биліктің орнын саяси билік, саяси құрылым баса бастады. Сөйтіп, қоғамның
белгілі бір сатысында мемлекет және құқық пайда болды.
Мемлекеттің пайда болуы және оның қалыптасуы ұзақ уақыт бойы жүретін
процесс. Ол әр халықта әрқилы болып өткен.
Мемлекеттің пайда болу тариханың екі түрлі жолын атап айтуға болады:
1. Мемлекеттің пайда болуының шығыстық жолы (Ежелгі Шығы, Африка,
Америка). Осы жолмен көшпелі мемлекеттер де пайда болған.
Өздерінің даму барысында бұл мемлекеттер шығыс жолымен жүріп өтті.
Сонда бұл жолдың сипаты мына белгілерден көрінеді.
- рулық (алғашқы) қауымға тән ерекше белгілер (атрибуттар): жерді қауым
болып иелену мен оларға ұжымдық меншік ру-тайпа ақсүйектерінің
(абыздар,әскери көсемдер және т.с.с) қолына шоғырланған. Бұл шоғырлану ру-
тайпалық құрылыстың (яғни қауымның) ыдырауы барысында да сақталған. Ал енді
бұлардағы басқа рудың қоғамдық құрылымдары мемлекеттік органдарға
айналған, ал ру-тайпа ақсүйектері шенуніктер аппаратына өзгерген, сонда жер
қоғамдық болудан өзгеріп, мемлекеттікке көшкен.
2. Мемлекет дамуының батыстық (еуропалық) жолы. Мемлекеттер дамуында
бұл жолды Рим, Афина елдері жүріп өткен. Бұл жолға тән сипаттарға келер
болсақ, олар алғашқы қауымдық құрылыстың (ру-тайпалардың) ыдырауының
белсенді түрде болғанын, сөйтіп жеке меншік пен таптардың пайда болғанын
атау керек. Мысалы, Римде мемлекеттің пайда болуына үлкен ықпалын тигізген
плебстер мен патрицийлердің күресі болды. Соның нәтижесінде плебстер
демократиялық жеңілдіктер алған.
Мемлекеттердің пайда болуының әрқилы жолдарының болуына қарамастан,
олардың бәріне өз ықпалын тигізген қозғаушы күш – ру-тайпалық құрылыстың
(қауымның) ыдырауы мен ұйымдасқан түрдегі мемлекеттік биліктің
қажеттілігінен туындаған болатын.
Жалпы мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болуы
нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы. Мемлекет
жария өкіметтің пайда болуы мен іс-әрекетінің нәтижесі ретінде
қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны және оның негізгі
салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда өкіметтің күш-қуатына
сүйенетін басқару жүйесі.
Мемлекеттің дамуы – шығыс елдерінде (Иран, Индия, қытай, Араб
елдерінде) басым түрде қоғамдық меншікті қорғауға байланысты. Себебі бұл
елдерде алғашқы қоғам ыдырауы кезінде күрделіқұрылыстар болды: ірі су
каналдарын жасау, суармалы ирригациялық жүйелер қалыптастыру,
құрғақшылықпен күресу. Міне осы күрделі жұмыстарды жақсы жүргізу үшін
қоғамдық мемлекеттік меншік қалыптасты. Сол меншіктің иелері: чиновниктер,
ру, тайпа басшылары, король, императорлар болды. Король-императорлар
жердегі құдай дәрежесінде болды. Сөйтіп, бұл елдерде көбінесе мемлекеттік
деспотизм орнады. Бұл елдердің экономикасы, әлеуметтік жағдайы, демократия
өте бәсең дамыды. Мемлекеттік биліктің, қоғамдық меншіктің басында –
абсолюттік монарх болды, одан төменгі – екінші дәрежедегі билік уәзір
министрлердің қолында, одан төменгі билік – чиновниктерде болды. Осы
сатылық биліктер – бәрі бірігіп қалың бұқараны қанауда болды. Қоғамдық
меншікпен қатар жеке меншік те дамыды [4].
Шығыс типті (Азия типті) мемлекеттер кейінгі ғасырларда шығыс еуропа,
Африка, Оңтүстік Америка елдерінде де қалыптасты.
Сонымен, Азия типті мемлекеттердің қалыптасу себептері:
- ірі ирригациялық жүйелерді жасау;
- оны іске асыру үшін құлдырады, жұмысшыларды жүйелі түрде топтастыру –
біріктіру;
- барлық жұмысты бір орталықтан басқару.
Мемлекеттік басқару аппараты бұрынғы ру-тайпаны басқарған аппараттан өсіп
қалыптасты. Жаңа аппарат қалың бұқарадан алыстай түсіп, әділетсіздікті,
қанаушылықты күшейтті. Азия типті мемлекеттер өте бәсең дамып, ХІХ – ХХ
ғасырларға дейін көп өзгермей сақталып келді (Қытай, Иран т.б.)
Мемлекеттің пайда болуының шығыстық моделінің көптеген белгілері азиялық
және африкалық тайпалар мен ұлыстарға тән климаттық және басқа да табиғи
жағдайлармен сипатталады. Мұнда орасан көп егін шаруашылығы массивтерін
игеруге деген қажеттілік, суару каналдарының құрылысы мен басқа да
ирригациялық жұмыстарды жүзеге асыру қажеттілігі анық сезіліп тұрды. Мқндай
жұмыс көлемін жекелеген отбасы, тіпті кейде қауым да атқара алмайтын еді;
бұл тек орасан зор материалдық, кадр және басқа да ресурстары бар, мемлекет
деп аталатын қуатты да ықпалды ұйымның ғана қолынан келетін еді. Сол
себепті де мұнда ұзақ уақыт бойы жерге қоғамдық меншік сақталып келді, ол
кейіннен мемлекеттің меншігіне айналды. Пайдаланылып жүргеніне қарамастан
жеке меншіктің, мемлекеттің пайда болуының батыстық моделіне жататын
елдердегі сияқты, басымдық жағдайы болмады. Мемлекеттің ролінің артуына
байланысты кездескен объективті қиындықтарды жеңуде мемлекеттік билік
көбнесе деспоттық бағытты ұстанды. Ол мәжбүрлеу − жазалау аппаратына,
қарулы күштерге, бюрократиялық шенеуніктікке сүйенеді, бұлардың алдында кез
келген адам өзін құқықсыз сезінетін, олардың тағдыры тұтасымен мемлекетке
тәуелді еді, заң жүзінде де, іс жүзінде де соның қолында болды. Қатыгездік,
шығыстың жауыздығы және екі жүзділік билік жұмысына өзінің ізін қалдырды.
Сөйте тұра мемлекет сыртқы әлемнен тұйықталып, бөлектену бағытын ұстанды;
басқа елдермен ақпараттар алмасу жоққа тән еді, соның нәтижесінде әрбір
режим өз бетінше, ешкіммен арласпай әрекет етті, кейде жалпы прогрестен де
хабардар болмайтын еді.
Еуропалық елдерде – мемлекет және меншіктің шапшаң, күрделі дамуы,
қоғамның тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты.
Афина мен Римде алғашқы қоғамның ыдырауы кезінде экономикалық күшті топтар
мен таптар мемлекетті өз қолдарына алып, өз мүдде-мақсаттарын орынгдайтын
мемлекеттік аппарат орнатты. Бұл мемлекеттер көбінесе демократиялық
жүйедегі саяси бірлестік болып қалыптасты. Спарта аристократиялық
республика болып қалыптасты. Мұнда құлдардың саны жергілікті халықтан
бірнеше есе көп болып, жаңа мемлекеттік басқару аппараты құрылды.
Жергілікті халықтың арасында қайшылыққа жол бермеу саясаты қалыптасты.
Республикада қатаң заңдылық, құқықтық тәртіп орнады.
Германияда мемлекеттің қалыптасуы басқаша болды. Мұнда құл иелену көп
дамымады. Қалың бұқара байларға тәуелді болды, феодалдық қатынастар дами
бастады. Рим империясының біраз жерін Германия өзіне қаратып, феодалдық
мемлекеттің дамуын тездетті. Осы типті мемлекеттер Еуропаның бірнеше
елдерінде, Ресейде, Ирландияда, Азияда, Орта Азия елдерінде қалыптасты.
Мемлекеттің алғашқы қоғамдағы биліктен айырмашылығы:
1. Халықты туысқандығына қарамай, территориясына сәйкес біріктіру.
Билікті осы территорияда жүргізу.
2. Қоғамдағы басқаратын арнаулы аппараттың құрылуы. Бұл аппарат үстемдік
таптың, топтың, мүдде-мақсатын орындау үшін қалыптасты.
3. салалық жүйесінің болуы. Арнаулы мемлекетті басқаратын аппаратта
қызмет жасайтын адамдарды әлеуметтік қамтамасыз ету үшін салық
қалыптасты.
Батыстық модель туралы Ф.Энгельстің Семьяның, жеке меншіктің және
мемлекеттің шығу тегі деген еңбегінде, сондай − ақ көлемді монографиялық
және оқу әдебиеттерінде толық жазылған, оның бірнеше варианты бар, олардың
әрқайсысында осы процеске шешуші ықпал ететін түрлі факторлар басым.
Тап күресінің теориясы және оның мемлекеттің пайда болуын анықтайтын
ықпалы тұрғысынан қарағанда Афинының тәжірбиесі ерекше қызығушылық
туғызады; мұнда мемлекет, Ф.Энгельтің сөзімен айтқанда, тікелей рулық
қоғамның өз ішінен өрбіген таптық қарама − қайшылықтардан пайда болған.
Жеке меншіктің пайда болуы таптар мен әлеуметтік топтарды алдын ала
анықтап алып, сосын жіктеді, одан кейбіреулер басқаларды қанау мүмкідігін
алды. Аталған топтардың басқаларға экономикалық үстемдігі сенімді, нық және
тұрақты болуы үшін оны мемлекет құрып, саяси үстемдікпен нығайтып қойды.
Басқа факторлардың (сырттан жаулап алу, тайпааралық конфликтілер және
соғыс) бұл жерде елеулі әсері болған жоқ; олар экономикалық және әлеуметтік
− таптық факторлардың басымдық рөліне көлеңке түсіре алған жоқ.
Бұл процесс көне Римде басқа сценарий бойынша жүрді. Мұнда рулық
қоғамда біртіндеп келімсектер ( плебстер) көбейе берді де, римдіктер оларға
араласып, сіңіп кетуден сақтанып, жеке бір аристократияға айналды. Римге
келіп жатқан плебстердің саны қаншалықты көп болса да, ауқымды жұмыс
көлемін орындаса да құқықсыз еді. Осының барлығы олардың наразылығын
туғызып, құқығы мен артықшылықтары үшін күресуге итермеледі. Күрестің
нәтижесі плебстердің рулық құрылысты бұзып, мемлекет құруымен аяқталлды.
Германдық тайпалардың мемлекет құру процесіне сыртқы фактор ықпал
етті. Дамудың мемлекетке дейінгі сатысында тұрған бұл тайпа ұзақ уақыт бойы
Рим империясына қарсы басқыншылық соғысын табысты жүргізді. Рим
империясынан көп аумақты жаулап алған олар басқаруды соңғы болып
ұйымдастыруы, олардың өздеріне сөзсіз бағынуын, алым − салық пен басқа да
төлемдердің дер кезінде төленуін, өздеріне қажетті тәртіпті қадағалап
отыруы керек еді. Алайда олардың рулық органдарды бұл міндеттерді шешуге
бейімделмеген болып шықты, сөйтіп өздерінің шамасы келетін мемлек құру
қажеттігі туды. Әрине, жоғарыда аталған фактор ( бөтен аумақты жаулап алу
және оларды басқарудың қажеттігі) өзінен өзі емес, басқа да бірқатар ішкі
факторлармен ( қауымдық меншіктің ыдырап, жеке меншіктің пайда болуы,
герман жұртшылығының бай мен кедейлер болып бөлініп, жіктелуі) бірлесіп
әрекет етті, алайда соңғысына қатысты ол қуатты катализатор мен
жеделдеткіштің ролін атқарды.
Қазақстан аумағанда мемлекеттің пайда болуы. Қазақстанның аумақтық,
табиғи географиялық, топырақ − климаттық жағдайлары, оны мекендеген
халықтың ерекшеліктері алғашқы қауымдық құрылыста және одан кейінгі
кезеңдерде басқару нысанын қалыптастырып, дамытуға, ұйымдастыруға және
тіршілік етуін қамтамасыз етуге әсер етті. Далиған кең даланың өзі де
алғашқы тобырдың, қауымның, тайпаның бір орнында тұрақтамай, үнемі көшіп −
қонып жүруіне жағдай туғызғандай еді. Сонымен қатар ұлы дала жері жоқ
көптеген көршілес тайпалар мен халықтардың осында келіп, орнығып, тұрып
қалсақ деген көз құртына да айналды. Қазақстан аумағының көптеген
миграциялық тасқындардың түйіскен жерінде, халықтың жер аударылу жолында
болғандығының да әсері болды. Осының барлығы аталған аумақта
мемлекеттіліктің пайда болу процесінің бірқатар ерекшеліктерінің болуына
алып келді.
1. Қазақ даласы бір халықтың емес, көптеген халықтың (сақтар,
үйсіндер, хундар, сарматтар және т.б) мекені болғандықтан бірі екіншісін
қуып шығып, сосын өздері жаңа келімсектердің шабуылына ұшырап жатты −
ру− тайпалық институттарды мемлекеттікке қайта құру процесінде айқын
жүйелілік пен сабақтастықтың болуы кейде қаралмады да. Кейде,
мемлекеттіліктің бір халықта пайда болғаннышаны соғыстың немесе басқа да
бір осындай жағдайлардың салдарынан жойылып кетеді де, белгілі бір уақыт
өткеннен кейін басқа халықтарда пайда болады.
2. Дамудың мемлекеттік сатысына жеткен күшті көршілірі жаулап алған алғашқы
құрылыстың сатысындағы кейбір тайпалар мемлекеттікке өзінің еркінен тыс
ұмтылады. Мұндай жағдайда олардың дамуының табиғи барысы жылдамдаған сияқты
болады. Мысалы, сақ тайпалары Александр Македонскийдің, парсы патшалары
Кирдің, Дарий 1- дің әскерлерінің шабуылына ұшырады: олардың толық немесе
жартылай жаулап алуы жаулап алушылардың басқарудың мемлекеттік нысанын
енгізуімен, алым − салықтар жинауымен қатар жүргізілді. Бостандық пен
тәуелсіздік алған бұл тайпалар бұрынғы, мемлекетке дейінгі нысанға қайта
оралу мүмкіндігіне ие ьолды, бірақ көбнесе жағдайларда жаңа мен ескінің
синтезі байқалатын ( ру−тайпалық және ерте мемлекеттік нысандар мен
институттардың шиеленісуі).
3. Тікелей Қазақстан аумағында мемлекеттің пайда болуы мұнда мемлекеттің
ролінің күштілігімен сипатталатын өндірістің азиялық тәсілі сияқты тарихи
формацияның бекуімен байланысты. Жер, мал, жайылым, су шаруашылық
объектілері өндірістің негізі құралдарына айналды, оларды иелену үшін
қырғын ұрыстар болды. Соның барысында рулық байланыстар мен қарым −
қатынастар, ішінара болмаса, бұрынғы тұрақтылығын жоғалта бастады. Уақыт
өте келе олардың байланысы мен қарым − қатынасы басқаша жаңғыруы немесе
жайылып кетуі керек болды.
4. Қазақстан жерін мекендеген тайпалар мен ұлыстардың мемлекет құруының
тағы бір ерекшелігі, бұл процестегі армияның үлкен ролінің болуы. Ол бірден
− ақ қуғын − сүргін мәжбүрлеу механизмдерінде басты орын алды. Қандай да
бір режимнің тағдыры, биліктің жүзеге асырылу сипаты оған тәуелді болды.
Пайда болған мемлекеттер шығыстың деспоттық үлгісімен құрылды және өзінің
қол астындағы азаматтарына айтарлықтай дәрежеде билік жүргізе алатын. Олар,
негізінен әр алуан шығыстық нысанда, монархтың (қанағат, халифат, хандық,
сұлтан) еді. өзінің құрамына орталыққа бағынатын үлкен аймақтық −
мемлекеттік құрылымдарды жиі− жиі бірлестіріп отырса да, олар, алайда,
вассалитет − сюзерениттің негізінде құрылған классикалық феодалдық
мемлекеттерден ерекшеленетін еді. Бірақ олардың дамуы біртіндеп осы бағытта
жүрді. Нәтижесінде, XIV−XV ғасырларда қазіргі Қазақстан аумағында тұрақтап
қалған қазақ халқы қалыптасқан кезде, мұнда хандық билік нысанындағы
феодалдық мемлекеттілік орнықты.
Мемлекеттің пайда болу, даму себептері:
- Қоғамды басқаруды, жақсарту, дамыту: қоғамның жұмысының көлемі де,
шеңбері де молайып, кеңейіп ескі басқару аппараты тиісті дәрежеде
жұмыс жасай алмады. Жаңа мемлекеттік аппарат қажет болды;
- Қалың бұқараның, қаналушы таптың үстемдік тапқа, топқа қарсы іс-
әрекетін әлсірету, жою үшін күшті мемлекеттік аппарат керек болды;
- Қоғамды, экономиканы дамыту үшін, әлеуметтік жағдайды жақсарту үшін
басқарушы аппаратты нығайту керек болды;
- Қоғамның қорғанысын күшейту үшін, заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң
сақтау үшін мемлекет керек болды [5].
І.2.Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар

Мемлекеттің пайда болу процестерінің саяси-құқықтық ойда бейнеленуі.
Мемлекеттің пайда болуының жалпы және жеке заңдылықтары ежелден-ақ
адамдарды толғандырып, олардың қызығушылыған туғызып келді. Алғашқы
кауымдық қоғамның рулық (немесе ру-тайпалық) ұйымының мемлекетке орын
беруінің себебін білуге тырысу, осы процестерге ықпал ететін және олардың
динамикасы мен бағытын анықтайтын факторларды белгілеу, осыған байланысты
әр халықтың жалпы және ерекше тәжірибелері көптеген теорияларға, тұжырымдар
мен пайымдауларға келіп тоғысты. Олардың кейбіреуі саяси-құқықтық ойдың
тарихында айтарлықтай із қалдырмастан, тез ұмытылып қалды, ал енді бір
бөлігі ұзақ уақыт бойы адамдардың ақыл-ойын жаулап алды, әлі де болса
олардың дүниеге көзқарасы мен түйсігіне әсер етіп келеді. Аталған
теорияларға талдау жасай келіп біз әрбір ойшылдың мемлекеттілік генсзисіне
деген өзіндік тәсілі бар екендігін көреміз, олардың басқа ойшылдардан
тәсілі де басқа, өз позицияларын негіздеуі де әр түрлі. Сонымен, кейде
терең ойлы және дұрыс пікірлер жеңілтек, үстірт пікірлермен қонып жатады.
Алайда, ойшылдар айтқан постулаттардың, болжамдар мен ережелердің жиынтығы
баға жетпес байлық. Қоғамдық-саяси және мемлекеттік-құқықтық шындықты оның
дамуының өзгермелі кезеңдерінде адамның ойлау логикасын түсінуге мүмкіндік
бере отырып олардың негізгілерін білудің, әр түрлі ойшылдың пайдаланған
аргументтері мен дәлелдерін салыстырып талдау жасаудың, олардың күшті және
әлсіз жақтарын анықтап, осы теориялардың адамзаттың кәдесіне жарайтын-
жарамайтындығына қорытынды жасаудың маңызы зор.
Мемлекет пен құқықтың пайда болуы туралы түрлі теориялар бар. Осы
құбылыстардың пайда болуын олар түрліше түсіндіреді. Марксизм-ленинизм
ілімі мемлекет пен құқытың пайда болуын таптық теория тұрғысынан
түсіндіреді. Рулық қауым құлдырап, жеке меншік пайда болып, қоғам екі тапқа
– қанаушы және қаналушы таптарға бөлінген соң, олардың арасында шешілмейтін
қайшылықтар орын алады. Сол екі тап нәтижесіз, тоқтаусыз күресте бірін-бірі
жойып жібермеуі үшін рулық биліктің орнына жаңа саяси құрылым – мемлекет
пайда болды. Мемлекет аталған қайшылықтарды шешу үшін емес, кедей тапты
байлардың еркіне көндіріп, оны қанауға, езуге жағдай туғызу үшін құрылған.
Сондықтан қандай да мемлекет болсын тек қанауды мақсат тұтып, бай, яғни
үстем таптың игілігін көздеп, соның мүддесін қорғайды. Ф.Энгельс Отбасы,
жеке меншік және мемлекеттің пайда болуы деген ғылыми еңбегінде мемлекет
пен құқықты үстем таптың құралы деп таниды. Социолистік мемелкет те таптық
мемлекет. Бірақ ол сан жағынан қоғамның басым көпшілігін құрайтын еңбекші
таптың мүддесін қорғайды. Белгілі бір мөлшерде оған бір жағынан —
мемлекеттік құрылым, екінші жағынан — тірі организмнің (атап айтқанда -
адамның) арасында паралелль жүргізуші органикалық теория келіп жанасты.
Соған ұқсас, жеке организмнің басы, денесі,қолы және т.б. дене мүшелері
болатыны, және олардың әрқайсысының орын дайтын түрлі функциялары болатыны
сияқты, әрбір мемлекеттік құрылым да белгілі бір мақсатқа арналған және
басқа мемлекеттік құрылымдардың ролі мсн функциясын қайталамауга тиіс.
Олардың бәрі өзара матасып кеткен, іштеріндегі белсенділері басқаларының
қызметін анықтап, бағыт беріп отырады. Өздерінің тұтастығымен олар
өздсрінше бір бірлік құрды, Органикалық теория шсңберінде әр түрлі факторға
акцснт жасаған ағымдар бөлініп шықты. Алғашқы ағымның өкілдері Платон мен
Аристотельдің ойы бойынша, дене болмаса қолдың өз бетінше әрекет ете
алмайтыны сияқты, адам да мемлекеттен тыс тіршілік ете алмайды. Одан
әлдеқайда кейін пайда болған ағымның өкілдері Герберт Спенсер және оның
ізбасарлары, адамдардың пайда болуымен бірге пайда болған мемлекет қашан
қоғам өзінің тіршілік етуін тоқтатқанға дейін өмір сүре береді және егер
организм (мемлекет) жалпы алғанда сау болса, онда оның құрамдас бөліктері
де сау болады деген ойды түйіндейді.
Теологиялық (діни) теория мемлекет пен құқықтың пайда болуын құдайдың
құдіретімен байланыстырады. Әрбір ірі дінде құдайдың әрекеті деген діни-
құқықтық қағидалар бар. Қазіргі заманда да кейбір мелекеттер осындай
қағидаларға негізделіп құрылып, қызмет атқаруа. Бұл қағидаларға сүйене
отырып дін теоретиктері мемлекет пен құқық құбылыстарын діни рәсімдерге
байланыстыра түсіндіреді. Бұл теорияны ғылыми түрде уағыздаған Фома
Аквинский, Жак Маритен т.б.
Патриархалдық теория мемлекет пен құқықтың шығуын отбасының дамуымен
байланыстырады. Отбасының қожасы ер адам, ол отбасын өз еркімен билейді,
отбасы мүшелерінің арасындағы қатынастарды реттейді. Сөйтіп, отбасы
мүшелерінің белгілі бір тәртіпке бағынып, қалыптасуының жөн-жобаларын
анықтайды. Бұл теория адамдар осындай қағидаларды басшылыққа алып, мемлекет
құруда отбасын басқару үлгілерін қолдаған деп түсіндіреді.
Келісім-шарттық теория мемлекет пен құқықтың шығуын, пайда болуын
адамдар арасындағы келісім-шартпен байланыстырады. Тағылық дәуірде адамдар
өмір сүру үшін бірімен-бірі жауласып, соғысып, әбден береке-қасиеті кетеді.
Сондай қауіпті өмірден құтылу үшін адамдар өзара ымыраға келіп, шартқа
отырады. Соның нәтижесінде мемлекет құрып, оған қоғам мүшелерінің барлығын
қорғауды, лайықты өмір сүруге жағдай туғызуды міндеттейді. Бұл теорияны
жақтайтындар қоғам мүшелері де заң талаптарына бағынатыны туралы міндеттеме
алады деп түсіндіреді.
Диалектикалык-материалистік теория мемлекеттің пайда болуын табиғи-
тарихи себептермен - өндіріс қаржысына жеке меншіктің пайда болуымен,
қоғамның тапқа бөлінуімен, шиеленіскен әлеуметтік келіспеушіліктер мен
қарсыласулар тудыратын олардың теңсіздігімен, таптық қарама-қайшылықтың
ымырасыздығымен түсіндіреді. Экономикада шешуші позицияда отырған тап,
өзінің экономикалық билігін сақтап қалуға тырысады, Осы мақсатпен ол саяси
билікті қолга алып, соның көмегімен өзінің еркін бүкіл қоғамға таңады.
Сөйтіп ол қоғамда өзінің диктатурасын, яғни саяси билігін орнатады. Бұл
қөзқарас Ф.Энгельстің "Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің пайда
болуы" деген еңбегінде және В.И. Лениннің Мемлекет туралы деген
лекциясында кең түрде негізделді, Оларда, сондай-ақ К.Маркстің кейбір
еңбектерінде мемлекеттің пайда болуының күрделі процесінің көптеген
сипаттары дұрыс көрсетілген. Алайда оларды түсіндіру кезінде бұл процестегі
таптық фактордың ролінің дабырайіъш көрсетілетіндігін ескермеуге болмайды,
өйткені шын мәнінде мемлекет билік етуші таптың қарсыластарын басып-жаншып,
қанап, қысым көрсету үшін ғана құрылған жоқ, сондай-ақ тұтас алғанда
қоғамды басқарып, оның қалыпты жұмыс істеуі және үдемелі дамуы үшін қолайлы
жағдайлармен қамтамасыз ету үшін және құқық тәртібін қалыптастырып, сақтау
үшін де құрылды ғой.
Күштеу (зорлау) теориясы мемлекет пен құқықтың шығуын зорлық-
зомбылықпен байланыстырады. Күшті тайпалар әлсіз тайпаларды жаулап алып
бағындырып, олардың қарсылығын басу үшін мемлекет және оған тән басқару,
күш қолданатын органдарды құрады дейді.
Органикалық теория – бұл пікірді Платон көне дәуірде уағыздаған (б.з.
ІҮ-ІІІ ғ.). Бірақ теория толық түрде ХІХ ғасырда қалыптасты. Өкілдері:
Блюнчли, Г.спенсер, Вормс, Прейс т.б.
ХІХ ғасырдағы ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып, бұл теория – адам
қоғамында табиғаттың объективтік даму заңдарына сәйкес эволюциялы жолмен
мемлекетті құрады. Мемлекеттің Үкіметі – адамның басы-миы сияқты қоғамды
басқарады. Қанаушы тап қоғамның экономикасын дамытады. Ол қоғамды қорғайды
деп түсіндіреді.
Табиғи құқықтық теория – ХҮІІ – ХҮІІІ ғғ. Қалыптасқан теория.
Өкілдері: Г.Гроцкий, Т.Гоббс, Д.Локк, Ж:Ж.Руссо, Б.Спиноза, А.И.Радищев
т.б. Теорияның мазмұны: адамдардың өздерінің табиғи құқықтары болады
(бостандық, теңдік, еңбек жасау т.б.). Оны ешкім жоя алмайды, оған зиян
келтіре алмайды. Қоғамның тарихи даму процесінде адамдардың арақатынасында
қайшылықтар басталды. Сондықтан қоғамда бостандықты, әділеттілікті,
теңдікті сақтау үшін адамдар өзара шарт жасап мемлекетті құрды. Бұл шарттың
мазмұны көп елдің Конституциясына кірді деп түсіндіреді.
Психологиялық теория – ХІХ ғасырда бұл теорияны уағыздаған: Ч.тард,
Л.И.Петражицкий. Қоғам мен мемлекетті бұл теория адамдардың психологиялық
біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі – бәрі келісіп ұжымдық
түрде басқаруы. Қоғам мен мемлекет адамдардың табиғи психологиялық даму
заңдылық процесінің нәтижесінде пайда болды деп түсіндіреді.
Мемлекет қоғамның көп салалы, көп жүйелі құбылыстарына сәйкес дамып,
өмірге келген бірлестік. Оның себептерін қоғамдағы болып жатқан объективтік
факторлар құрастырады: биологиялық, психологиялық, экономикалық,
әлеуметтік, діни, ұлттық т.б. құбылыстар. Сондықтан бір теорияның көлемінде
мемлекет пен құқықтың пайда болуын ғылыми тұрғыдан толық түсінуге болмайды.
Жоғарыда көрсетілген теориялардың бәрінде де кемшіліктер мен
жетістіктер бар. Оны ғалымдар пайдаланады. Мемлекет және құқытың пайда
болуын, ғылыми тұрғыдан дұрысырақ түсіндіретін – тарихи материалистік
теория. Бұл теория мемлекет және құқық тарихи туынды – қоғамның
антигонистік тапқа бөлінуінің нәтижесі болып табылады деп түсіндіреді.
Кемшілігі – мемлекет пен құқықты тек экономикалық базиспен шектеуі,
жалпы теорияның атқаратын жұмысын бір жақты түсінуі (қоғамдық маңызын
шектеуі) және олардың келешегін болжаудағы жіберген қателіктері [5].
Осы теориялардың бәріне тән бір белгі бар – ол мемлекет пен құқытың
адам қоғамы дамуының белгілі бір сатысында пайда болуы. Шынында да тарихи
деректерге жүгінсек, мемлекет пен құқықтың қоғам дамуының белгілі бір
кезеңінде туындай бастағанын байқауға болады.
1. Мемлекет (таптық тәсіл бойынша) – бір таптың (азшылықтың) бір тапқа
(көпшілікке) үстемдік етуін қолдайтын саяси ұйым.
2. Мемлекет (жалпы әлеуметтік тәсіл бойынша) – саяси ұйым
(ассоциация). Бұл саяси ұйымға оның мүшелері бұқаралық биліктің қатынастары
арқылы біріктіріледі. Мұнда мемлекет адамдардың өзара ымыраға келуінің
құралы болып табылады.
3. Мемлекет – құқықтық заңдарға тәуелді адамдардың бірлестігі (И.кант
бойынша).
Жоғарыда көрсетілген теориялардың бәрінде де кемшіліктер мен
жетістіктер бар. Мемлекет пен құқықтың пайда болуы, ғылыми тұрғыдан
шындықпен жанасатын дәйекті, дұрыс түсіндіретін теориялардың бірі тарихи-
материалистік теория. Өйткені бұл теория мемлекет және құқық тарихи туынды
– қоғмның антогонистік тапқа бөлінуінің нәтижесі болып табылады деп
түсіндіреді.

ІІ. Мемлекет ұғымының мазмұны мен мәні

ІІ.1.Мемлекет ұғымы және оның белгілері
Мемлекет – басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның
тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар
жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән
ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне
қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық
және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге
нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады.
Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері
бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда,
ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан
ерекшелігемен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде ұғынамыз.
Көрсетілген негізгі жағдайлар біздің түсінігімізде мемлекетті
анықтауда өзінің көрінісін табуы керек. Өзінің көрінісін тапқан құбылыстың
күрделілігі мен көп аспектілігіне қарай оның біржақты болуы мүмкін емес.
Мемлекет дегеніміз – адамзат қоғамы дамуының нәтижесінде пайда болған
саяси ұйым.
Мемлекет – қоғамды басқару міндетін атқаратын, адамдардың, топтардың,
таптардың қарым-қатынастарын реттеп отыратын, заңдарды қабылдайтын саяси
ұйым.
Мемлекет – қоғамның саясатын жүзеге асыратын саяси ұйым.
Мемлекет туралы ұғымның толық болуы үшін оның белгілеріне егжей-
тегжейлі тоқталып, олардың мазмұны мен мәнін тереңірек ашу қажет.
Мемлекеттің негізігі белгілері.
1. басқару органдары мен мекемелерінің ерекше жүйесі болуы (әскер,
полиция, сот т.б.) Қоғамдық өмірдің дамып, күрделене түсуіне байланысты
мемлекеттің механизмі де күрделене түседі.
2. Үстем таптың мүдделері мен мақсаттарына сәйкес қоғамдық қарым-
қатынас ережелерін белгілейтін құқықтың болуы.
Мемлекеттің билік жүргізетін белгілі территориясының болуы, халықты
руына қарай емес жеріне сәйкес бөлу. Аймақтық ұйым ретінде мемлекет сол
көлемде белгілі бір ұлттың, ұлттық мемлекеттің қалыптасуы процесіне әсер
етеді. Дамыған қоғамда мемлекеттік органдармен қатар әр түрлі партиялар,
одақтар, бірлестіктер т.б., бұлардың жиынтығы қоғамның жалпы саяси
институттардан мемлекеттің ерекшелігі қоғамдағы жоғарғы өкімет билігіне
(суверендік құқыққа) иелігі. Мемлекеттік өкімет билігінің күші сол елдегі
бүкіл халықты және барлық қоғамдық ұйымдарды қамтиды. Мемлекеттің қоғамдағы
бірлестіктерден, ұйымдардан айырмашылық белгілері:
- мемлекет қоғамдық көлемде бірден-бір билік жүргізетін ұйым; басқа
бірлестіктердің билігі барлық халықты қамти алмайды, мемлекет қана
барлық қоғамға күші бар нормативтік акты қабылдай алады;
- мемлекет қоғамдағы барлық құқықтық нормалардың дұрыс, уақытында іске
асуын, орындалуын қадағалап, заңдылықты, тәртіпті бақылып отырады;
- мемлекеттің ішкі-сыртықы істердегі тәуелсіздігі басым.
Мемлекеттің рулық басқару нысанынан басты айырмашылығы арнаулы кәсіби
басқару және мәжбүрлеу аппаратының болатындығында жатыр. Бұл жердегі әңгіме
қоғамнан ерекшеленген, басқару ісі негізіг қызметіне, кәсібіне, яғни
мамандығына айналған, қатары біртіндеп көбейе бастаған адамдар туралы.
Басқарушы – адамдардың мұндай ерекше тобын алғашқы рулық басқару нысаны
білген емес. Ол тек қана басқарудың мемлекеттік жүйесіне тән нәрсе,
мемлекеттің үлкен механизмін іске қосады. Нәтижесінде мемлекет халқы бір
жағынан басқарылатындарға, екінші жағынан басқарушылар мен басқаруға
байланысты мамандарға бөлінеді. Сөйте тұра екіншілерінің біріншісіне қатысы
тек қана басқару функцияларында емес, сондай-ақ кейбір мәжбүрлеп ықпал ету
шараларын да ресми түрде жүзеге асыруына қақысы бар [6].
Мемлекеттің басқа бір ерекше белгісі, өзінің өмір сүруі үшін халықтан
салық жинауға мәжбүр болуы. Бұл салық – мемлекеттің өмір сүріп, тіршілік
етуінің экономикалық негізі. Салықсыз ол күнкөре алмайды, өйткені қаржының
жетіспеуінен немесе болмауынан оның өмір сүруі қиындайды. Салықты
мемлекеттің барлық азаматтары, оларға қоса шетелдіктер мен азаматтығы жоқ
адамдар да төлейді. Халықтың шамалы бөлігі ған салық төлеуден босатылады.
Мемлекет салықтан түскен қаржыны басқару және мәжбүрлеу аппаратының орасан
зор армиясын ұстауға, мемлекеттің өзі жүргізетін ішкі және сыртқы саяси
шараларын қаржыландыруға, денсаулық сақтау, білім беру, ғылым, мәдениет
салаларын қолдауға, экономиканың маңызды салаларын ынталандыруға, қоғамдық
қауіпсіздікті, құқық тәртібін, қылмыс және құқық бұзушылықпен күресті
қамтамасыз етуге пайдаланады.
Мемлекеттің ерекше белгілерінің біріне оның өз азаматтарын аумақтық
принцип бойынша бөлетіндігі жатады, ал алғашқы – рулық басқару ұйымының
негізінен мүлдем басқаша – қандас туысқандардың байланысы мен қарым-
қатынасынан құралады. Енді соңғысы бұрынғы маңызын жойды, басқару ісінде
басым болудан қалды. Керісінше, мемлекет азаматтарға өздеріне тиесілі
құқықтарын бөліп, оларға міндеттер жүктеу туралы мәселені шешкен кезде,
оларды басқару, ұйымдастыру және басқа да шараларға тарту кезінде ең
алдымен олардың қай аумаққа жататындығын, тұрғылықты жерін ескереді.
Мемлекеттің дамуы барысында халықтың аумақтық орналасу принципі бірқатар
мемлекеттік-құқықтық институттарымен (тұтас алғанда) жанама түрде байланыс
орнатты, ол оны нақтыолай түсуге, тереңдетуге, айқын мазмұнмен толықтыруға
бағытталған болатын.
Осыған байланысты адамның қандай да бір мемлекетке жататындығын
білдіретін азаматтық институт пайда болды. Мемлекет азаматы еместер
шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ тұлғалар болып танылады. Азаматтардың
мәртебесіндегі айырмашылықтарының, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ
тұлғалардың арақасында мемлекет халықты өзіміздікі және өзіміздікі емес
деп айшықтап атап көрсетеді (дифференциялайды). Сыртқы (мемлекеттер
арасындағы) және ішкі (автономиялық және әкімшілік аумақтық бөліністер
арасындағы) шекаралар институтының маңызы айтарлықтай. Олардың көмегімен
мемлекеттік биліктің кеңістіктегі шегі, сондай-ақ мемлекеттің егемендігінің
құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтық билік жүргізу институты
анықталады.
Мемлекет басқа үйымдардан қоғамда әрекет ететін құрылымдарымен және
институттарымен, егемендік сияқты белгілерімен ерекшеленеді. Бұл сипат
мемлекетті басқа ұйымдардан, қоғамдық құрылымдар мен институттардан жоғары
қояды.
Егемендіктің екі құрамдас бөлігі бар: үстемдік және тәуелсіздік.
Мемлекеттік биліктің үстемдігі деп өз аумағындағы ең жоғары билікті айтады.
Өз аумағындағы жұмыс істеп тұрған барлық ұйымдар, бірлестіктер, құрылымдар
мен тұлғалар мемлекеттің басымдық рөлін мойындайды. Олар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет және құқық теориясының пәнінің ерекшеліктері
Мемлекет және құқық теориясының пәні
Мемлекет және құқық теориясының түсінігі әдістері
Мемлекеттің шығуының жалпы заңдылықтары
Мемлекет және құқық теориясы пәні
Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі және оқу пәндеріндегі мемлекет және құқық теориясы
Мемлекет және құқық теориясының ерекшеліктері
Шығыстық мемлекеттердің пайда болуы жолдары
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері. Мемлекеттің пайда болуы
Мемлекеттерді типке бөлудегі өркениетті тәсіл
Пәндер