Мемлекет нысаны түсінігі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе 3

1 Мемлекет нысаны түсінігі 5
1.1 Мемлекет нысанының қалыптасуына әсер ететін факторлар 5
1.2 Басқару нысаны 7

2 мемлекет нысаны элементтері және оның сипаттамалары
2.1 Мемлекеттің әкімшілік – құрылым нысаны 13
2.2 Мемлекеттің саяси режимі 13
14
3 ҚАЗІРГІ ТАҢДА Мемлекеттік басқаруды ақпараттық
қамтамасыздандыру
18
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер 27
30

КІРІСПЕ

Басқару нысаны мемлекет нысаны түсінігінің анағұрлым кең мағынадағы
маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ол биліктің жоғары органдарының
жүйесіне, олардың арасындағы құзыретті бөлісу мен өзара әрекеттестік
принциптеріне баса назар аударады. Басқару нысаны мемлекетті
сипаттайтын басты көрсеткіштердің қатарына жатады. Ол бағыт таңдау мен
мемлекетгік саясат басымдығына және оны жүзеге асырудың тәсілдеріне,
биліктің демократиялық дәрежесіне және оның халыққа түсінікті болуына
айтарлықтай ықпал етеді.
Басқару нысанын анықтау кезінде мына төмендегі мәселелер ескеріледі:
➢ Мемлекетте қандай органдар және лауазымды тұлғалар жоғары билікті
бейнелейді;
➢ Олар қандай принциптер мен бастамаларда қалыптасады және олардың
арасындағы өзара әрекеттестікте тежемелік пен тепе-тендік механизмі
қолданыла ма;
➢ Олардың арасындағы мемлекеттік өмірдің негізгі саласын басқару
жөніндегі құзырет қалай бөлінеді;
➢ Жоғары биліктің төменгі тұрған органдар мен халық үшін ашықтық
дәрежесі қандай.
Мемлекеттің сыртқы нысаны мен ішкі мазмұнының диалектикалық бірлігі
байқалады. Мемлекеттің нысаны қоғамның экономикалық, мәдени, рухани
мазмұнына байланысты. Демократиялы мемлекеттер туралы айтатын болсақ, олар
тек қана республика немесе шектелген монархия түрінде өмір сүреді. Ал шығыс
мемлекеттерде көбіне монархиялық басқару болғаны жақсы мәлім. Қытай,
Үндістан, Египет, Англия, АҚШ мемлекеттерінің философтары, Аристотель,
Монтескье, Локк, Вашингтон, Де Голль мемлекеттің нысанына көп көңіл бөлген.
Мемлекеттің мазмұны оның нысанынан бөлінбейді, олар бір-бірімен тығыз
байланыста дамиды.
Курстық жұмыстың мақсаты – мемлекет түсінігін толық ашып, оның негізгі
элементтеріне тоқталу, сондай-ақ оларға жекелей сипаттама беру.
Мемлекет — басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның
тіршілік тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғы шарттар
жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән
ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне
қарай мемлекет экономиканын дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық
және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге
нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады.
Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері
бар айырықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда,
ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекше
өзгешелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде қабылдаймыз.
Көрсетілген негізгі жағдайлар біздің түсінігімізде және мемлекетті
анықтауда өзінің көрінісін табуы керек. Өзінің көрінісін тапқан құбылыстың
күрделілігі мен көп аспектілігіне қарай оның біржақты болуы мүмкін емес
және бірнеше "қабатты" қамтиды.
Мемлекет дегеніміз бұл — адамзат қоғамы дамуының маңызды кезеңдеріне
тән саяси ұйым:
а) қоғамды басқару міндетін атқару, адамдардың, топтардың, таптардың
және басқа да әлеуметтік субъектілердің қарым-қатынасын реттеп, бағыттау,
олардың бірлескен іс-қимылына жағдай жасау жүктелген;
б) оның саясатын жүзеге асыру жүктелген кеңтармақты органдар жүйесі
және биліктің ұйымдастырушылық күш құралдары бар;
в) тапсырмасының орындалуын қоғамдық өмірдің барлық суъбектілері
қамтамасыз ететін әкімшілік мәжбүрлеу өкілеттігі берілген.
Мемлекет туралы бұл түсінікті ашып, нақтылай отырып, әрбір белгі
соғылған белгілерге егжей-тегжейлі тоқталып, оның мазмұнды және мәнді
сипаттамасына тереңірек үңіліп, әрекет ету механизмін көрсету қажет.
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық , әлеуметтік, құрылымдық ,
басқарушылық салаларындағы обьективтік даму процестері бір-бірімен тығыз
байланыста өзгеріп, жаңарып отырды. Малшылық пен егіншілік қалыптасты,
ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келіп, адамның тәжірибесі өсіп
молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді:
1) Малшылық
2) Жер игеру
3) Өндірістік
4) Саудагерлер тобы
Бұның бәрі еңбектің өнімділігін арттырды, қоғамның шығысынан
кірісінасырды. Сөйтіп қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін
топтар, таптар пайда болды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік
қайшылықтарды өмірге әкелді. Олар төмендегі негізгі обьективтік заңдардың –
қосымша өнімнің пайда болуы; жеке меншіктің қалыптасуы; топтар мен
таптардың арасындағы күрестің басталуы әсерінен туындайтын қайшылықтарды
реттеп, қоғамды басқару үшін өмірге мемлекет пен құқық келді.
Мемлекеттің дамуы – мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке
меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлінуінің
туындысы. Мемлекет жария үкіметтің пайда болуы мен іс-әрекетінің нәтижесі
ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны мен оның негізгі
салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда мемлекеттің күш-қуатына
үйренетін басқару жүйесі.

1 Мемлекет нысаны түсінігі
1.1 Мемлекет нысанының қалыптасуына әсер ететін факторлар

Тәуелсіз Қазақстанда екі жылдан кейін 1993 жылғы Конституциясының
орнына екінші 1995 жылғы Конституция алынды. Бұл соңғы Конституция
мемлекеттің сыртқы нысанын өзгертіп, Қазақстанда президенттік республиканың
саяси режимі құрылды.
Мемлекеттің тарихи даму процесінде оның нысанына бірнеше жағдайлар
әсер етеді. Бірінші жағдайға географиялық, климат, тарихи факторлар жатады.
Егер мемлекет континентте қалыптасса немесе оның шекарасы теңізге, мұхитқа
шықса, бұл екі жағдайда екі мемлекеттің нысаны екі түрлі болады. Аралда
орналасқан мемлекеттердің континенттік мемлекеттермен салыстырғанда
демократиялық режимдері күштілеу екені байқалады. Шығыс мемлекеттерде
бірінші ірі цивилизациялардың дамуы ұлы өзендермен байланысты болды:
Қытайда - Хуанхэ, Египетте - Ніл, Вавилонда - Тигр және Евфрат, Үндістанда
- Ганг. Шығыс мемлекеттерде — монархия, Европада - шектелген монархия
немесе республика құрылған. Ежелгі демократиялық республикалар Жерорта
теңізінің жағасында орналасқан. Ол мемлекеттер шапшаң, жақсы дамығаны
белгілі. Қазақстанның географиялық жағдайы екі бірдей – Ресей және Қытай
сияқты ірі мемлекеттермен көршілес болуы, теңізге қашықтығы және ашық
тікелей жолдың жоқтығы мемлекеттің дамуына едәуір нұқсан келтіріп отыр.

Мемлекеттің құрылысына экономикалық және саяси жағдайлар әсерін
тигізеді. Мысалы, Үндістанның мемлекет құрылысы туралы қатаң қағида болған:
патшаның әділетті болуы, жеке меншікті бұзбайтын, брахмандарды сыйлайтын
және олардың айтқан ақылдарын тыңдауы міндетті болған. Бұл туралы Ману
заңдарында айтылған. Ресейдің феодалдық мемлекетінде халық жиналысының,
соттың, рулық қауымның рөлдері көпке дейін сақталып келді. Саяси жағдай,
топтардың арасындағы қарым-қатынастар шиеленіскен жағдайларда демократиялық
басқару туралы айту қиын. Дағдарыс кезінде көбіне мемлекетті басқару бір
адамның қолында болады: Наполеон, Рузвельт, Гитлер, Пиночет. Ал мемлекеттің
экономикасы жақсы дамыған кезде, жағдай тыныш уақытта демократиялық әдістер
жақсы қолданатыны мәлім (Греция, Рим, Швейцария, Бельгия).
Мемлекеттің құрылымына қоғамның ұлттық құрамы, тарихи әдет-ғұрыптары
немесе ерекше тарихи жағдайлары да әсерін тигізеді. Ресей, Үндістан,
Америка, Мексика мемлекеттері көп ұлттық мемлекеттерге жатады, сондықтан
олардың мемлекеттік құрылымдары – федерация. Ал Жапония, Германия, Польша
бір ұлттық мемлекеттер, бірақ біреулері тұтас мемлекет, екіншілері, мысалы,
Германия – федерация. Бұл жағдайды анықтау үшін Германияның мемлекеттік
процесін және тарихын жақсы білу керек. XIX ғасырда Пруссия мен
Австрияның гегемония үшін күресі Пруссияның жеңісімен аяқталды. Бірақ
феодализм кезеңінен Германияның капитализмге көшкенімен буржуазиялық
мемлекеттің қалыптасуы аяқталған жоқ. Сондықтан, қазір де немістер бірнеше
тәуелді мемлекеттерде тұрады: ФРГ, Швейцария, Австрия – олар федерацияға
жатады.
Қазақстан жерінде көне дәуірден қазақтың арғы атасы түріктер, бергі
атасы қыпшақтар өмір сүрген. XV ғасырда қазақ хандығы құрылып өзінің
тәуелсіз мемлекеті болған. Қазақстан көп ұлттық республикаға айналуы XX
ғасырда болды. Сондықтан, Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы
біртұтас, бөлінбейтін мемлекет болып жарияланды.
Мемлекеттің нысанына – халықаралық жағдай, мемлекеттердің арасындағы
қарым-қатынастар, және абыройы күшті адамдардың істері де әсер етеді.
Отарлық мемлекеттердің басқару нысанына бұрынғы метрополия мемлекеттерінің
нысаны үлгі болатыны мәлім. Дамыған елдердің саяси-мемлекеттік құрылысы,
олардың демократиялық іс-әрекеттері дамушы елдерге көп әсер етуі
объективтік процесс. Мысалы, Ұлыбритания бүкіл Европа континентіне, Жапония
және Скандинавия мемлекеттеріне өзінің шектелген конституциялық монархиясын
үлгі ретінде сыйлағаны белгілі. Ал АҚШ өзінің көрші мемлекеттеріне және
посттоталитарлық мемлекеттерге президенттік республикасының әсерін тигізді.
Франциядағы Де Голль құрған парламенттік республикада кейбір мемлекеттерге
әсерін тигізді. Республиканың мемлекеттік құрылысына саяси күшті
адамдардың қызметі және жүргізген саясаты әсерін тигізеді: Гитлер,
Рузвельт, Шыңғыс хан, Абылай, Петр I, Ататүрік және басқаларын еске алсақ
дұрыс болады. Марксизм - Ленинизм саясаты бір континенттің
мемлекеттеріне 70 жылдан аса үлгі болды. Тек қана Евразия емес, Куба,
Вьетнам, Корея, Африканың мемлекеттерінің тарихына ықпал жасағаны мәлім.
Мемлекеттің дамуына діни факторлары да әсерін тигізеді. Мұсылман,
католик, христиан, буддистік мемлекеттердің өздеріне тән нышандары бар.
Сонымен, мемлекеттің сыртқы формасын анықтау үшін көп фактілерді терең
зерттеу керек.
Оқу әдебиетінде мемлекеттің нысаны көбіне үшке бөлінеді – басқару
нысаны, мемлекеттің құрылымының нысаны және саяси режим. Ал негізінде
мемлекеттің нысаны тарихи кезеңмен және әрбір мемлекеттің ерекшеліктерімен
байланысты екені мәлім. Сондықтан, мемлекеттің әрбір нысанының көп
варианттары бар. Мемлекеттердің дамыған кезінде осы үш элементтерінің
біреуі бірінші орынға шығады. Қазіргі Ресейде мемлекеттің екінші элементі –
Ресей федерациясының негізгі принциптерін сақтау үшін Шешен республикасымен
соғыс әдісін қолданғаны белгілі. Бұл Ресей федерациясының мықтылығын
көрсету, негізгі принциптерін сақтау үшін істелген саясат. Бұл мемлекеттің
құрылым нысанын бірінші орынға қойып отыр. АҚШ 1860—1864 жылдары Солтүстік
пен Оңтүстіктің арасындағы соғыс кезінде федерацияны сақтау мақсаты
мемлекеттің негізгі нысаны болды. Фашистік режим құрылған кезде мемлекет
нысанының саяси режимі бірінші орынға шығады. Бейбітшілік кезде
экономикалық дамуы жоғары демократиялық мемлекеттерде басқару нысаны
мемлекеттің сыртқы жағдайын белгілейді.

1.2 Басқару нысаны

Мемлекеттің басқару нысанына оның жоғары, орталық және жергілікті
органдарының құрылуы, олардың қарым-қатынастары қандай принциппен
қалыптасты, халық оларды сайлауына қандай түрде қатысады деген сұрақтарға
жауап береді. Мемлекет нысандарының арасында басқару формасы маңызды
элемент болып саналады. Басқару нысаны монархия және республика екі түрге
бөлінеді.
Монархия жоғарғы билік бір адамның қолында болады және бұл билік
мұрагерлікпен беріледі. Монархияның белгісі: мемлекетті басқаратын адамның
билігі оған әкесінің немесе басқа туысқандарының қолынан көшуі.
Сондықтан оның билігі – мұралық билік. Тақтың көшуінің екі әдісі бар: шығыс
және кейбір Европа мемлекеттерінде тақ тек ер адамдарға беріледі. Ал
көпшілік Европа мемлекеттерінде еркек адамдарға да, әйел адамдарға да
беріле береді (Ресей, Дания, Англия). Монархияның озбырлық жолмен де көшуі
мүмкін: Наполеон, Каролингтердің тұқымдары, Вильгельм Оранский. Англияда
даңқты революция арқылы монархия түпкілі патшаның орнағаны белгілі.
Монархияның көшуінің үшінші түрі бар, монарх бірнеше ақсүйектердің
тұқымдарынан сайланды (Малайзия). Тарихта екі монарх болған мемлекеттік
басқару формасы да кездескен (Спарта). Тоталитарлық режимдерде
Коммунистік партияның басшысының билігі монархтың билігінен де күшті болды.

Сонымен, монархтың билігі көбіне мұрагерлік билікке жатады, ол өзінің
қызметіне құдайдан басқа ешкімнің алдында жауапты емес, ол мемлекеттің
басшысы, құқықтың қайнар көзі, оның атынан сот, мемлекеттің атқару
функциялары жүзеге асырылады, ол әскерді басқарады, мемлекеттің атымен шарт
құрады. Монархтың бірнеше жоғары аттары мен титулдары болады, оны асырау
мемлекеттің міндеті. Мысалы, Англияның короліне 1660 жылдан бастап цивилдік
қағазбен парламент мұқтажына керек ақшаны беретін болды. Королдердің
сарайлары, киімдері, әскерлері мемлекеттің міндетінде болды. Королді асырау
мемлекетке өте ауыр болса да, көп мемлекеттер королден және монархиядан
басын тартқысы келмейді. Қазіргі Англияның королі – Елизавета II мұра
жалғастыратын балаларының абыройы өте күшті болмады, екі баласы және қызы
некесін бұзып, ажырасып кетті. Бірақ 1997 жылы Англияның азаматтарынан
"Король Англияға керек гте?" деп сұрастырғанда, 66 проценті монархия да,
король де сақталсын деп жауап берді.
Монархия екіге бөлінеді: шексіз және шектелген монархиялар. Шексіз
монархия – монархтың билігін басқа мемлекеттік орган шектемейді, жоғарыда
айтылған биліктің бәрі соның қолында. Бірақ шексіз монархияның да бірнеше
түрлері бар. Ең бірінші шексіз монархия – Шығыс деспотия (Египет, Вавилон,
Қытай, Жапония). Монархтың қолында өте күшті экономикалық функциялары
жиналған, ал бұл билік осы айтқан мемлекеттердің географиялық және ерекше
экономикалық жағдайларымен байланысты. Мысалы, Египет мемлекетінде
номдардың бәрін фараон біріктіріп, Ніл өзенінде суару жұмыстарын
басқаратын. Монархтың осындай қиын экономикалық қызметі өте күшті биліктің
қажет екенін туғызды. Сондықтан, фараондардың биліктері шексіз болатын: ол
Ра құдайдың тұқымы, таққа отырған кезден оған пирамида салады, ол
экономикалық, қаржы, заң шығару, діни, сот, әскери қызметтерін басқарған.
Тарихта кездескен шексіз монархияның екінші түрлері көне дәуірдегі
мемлекеттерде болған. Оған Рим империясы жатады. Бұл шексіз монархия
республиканың орнына келді. Императордың да билігі өте күшті, бірақ оны
күшейтетін жағдайлар саяси факторлерге байланысты болған. Орта ғасырларда
шексіз монархия феодализмнің соңғы кезінде пайда болды. Ең күшті феодалдық
шексіз монархияларға Людовик XIV, Петр I, Екатерина II, Елизавета I,
Фридрих II, Үдемі Сүлейман монархиялары жатады. Людовик XIV мемлекетті 55
жыл басқарды (1661-1715). Оның "мемлекет деген мен" — сөзі бүкіл Европаға
мәлім болған. Версаль сарайын салдырды, қаржыны өзі жұмсады, заңды өзі
шығарды, парламентті жинамай мемлекетті, әскерді де, сотты да өзі басқарды.
Ол өмір бойы көрші мемлекеттермен соғысып, сыртқы саясатын толық өзі
жүргізді. Бірақ феодализмнің шексіз монархияларының мемлекетке істеген
жақсылықтары да көп еді. Қазіргі жаңа ғасырларда шексіз монархиялар өте
сирек кездеседі (Бруней, Оман).
Монархиялардың көбі шектелген монархияларға жатады. Бұл монархияда
монарх билігі басқа бір органмен немесе заңмен шектеледі. Шектелген
монархия шығыс мемлекеттерінде кездеседі, мысалы, Үндістан. Үндістанның
патшасы екінші кастаға жататын – критерилерге, ол брахмандардың айтқан
ақылдарын және олар құрған Кеңесін сыйлауға тиісті. Патша брахмандардың
жеке меншігіне тиісуге құқығы жоқ, оларды өлім жазасына кесе алмайды, заң
шығару немесе сот функцияларын олардың Кеңесі қатыспаса атқара алмайды.
Орта ғасырларда Европа мемлекеттерінде сословиелік - өкілдік
монархиялар пайда болды. Европа қоғамында үш сословие қалыптасқан болатын:
шіркеу қызметкерлері, дворяндар және қала тұрғындары, басқаша айтқанда –
буржуазия. Осы сословиелер өздерінің мүдделерін қорғайтын сословиелік
органды құрайтын, ол Парламент, Кортес, Бас штаттар деп аталатын. Бұл
органдар қалыптасқан кезде салық жинауға келісімін беретін, одан кейін
қызметін күшейтіп заң шығару ұсынысын қолына алды, кейін заң шығару билігін
өзіне қаратты. Жапония мемлекетінде императордың билігін сегун деген әскери
қызметкерлер шектеген болатын, бұл басқару форма сегунат деп аталды.
Жаңа кезеңдерде шектелген монархия конституциялық монархия деп
аталады. Оның екі түрі бар: дуалистік және парламенттік монархия.
Дуалистік монархияда мемлекетті басқарған екі топтың күші тең, буржуазиялық
революциялар өткеннен кейін, оның бірінші кезеңінде бұрынғы корольдер
биліктерінің жартысынан айырылды, оған біріншіден заң шығару билігі жатады.
Мысалы, Франция мемлекетінде 1791 жылғы Конституция бойынша король заң
шығару билігін жоғалтты, ол ұлттық жиналыстың қолына көшті. Бірақ оның
қолында қалған билігі әлі күшті еді: ол әскерді өзі басқарды, осыны
пайдаланып өзінің халқына қарсы шықты, сот қызметкерлерін, министрлерді
және атқару билікті өзіне бағындырды, шығарған заңдарға тыйым салды және
парламентті таратуға құқығы болды. Сонымен, мемлекеттік билік екіге
бөлінді: парламент буржуазияның мүдделерін қорғады, ал король феодалдардың.
Бірақ, тарихи процесс объективтік түрінде парламентті жеңіске жеткізді де,
дуалистік монархия парламенттік монархияға айналды. Парламенттік монархия
бірінші Англияда кұрылды. Даңқты революциядан кейін Құқық туралы Билль
деген (1689ж.) конституциялық заңда осы мемлекеттік басқару нысаны пайда
болды. Қазір Европа мемлекеттерінің көбі осыған жатады: Бельгия, Норвегия,
Швеция, Дания. Бұл мемлекеттерде монарх – мемлекеттің басшысы. Ол
парламенттің келісімінсіз көп мәселелерді шеше алмайды. Парламенттің
төменгі палатасына көп орын алған саяси партия өзінің өкіметін құрады. Сол
партияның басшысы премьер-министр болып тағайындалады. Премьер-министр
кабинетін өзі құрастырады, король оған тек келісім береді. Кабинет королдің
алдында емес, парламенттің алдыпда жауапты. 1997 жылы Англияда
консервативтік партия сайлауда лейбористерден жеңіліп 18 жыл Англияны
басқарғаннан кейін оппозицияға кетті. Парламент королдің мұқтажына керек
ақшаны бөледі, оның жеке өміріне де қатысады. Бірақ көп мемлекеттер
монархтың құқықтарын шектесе де, бұл ескілік немесе керек емес мемлекеттің
элементі деп санамайды. Монарх – мемлекеттің көркі, тұрақтылығы, сәні,
ертеден келе жатқан әдет ғұрыптары. Сондықтан, кейбір мемлекеттер жойылған
монархияларды қайтадан орнына қалыптастырғаны мәлім (Испания 1975, Англия).
Қазіргі Ресей, Грузия, Болгария, Румыния мемлекеттерімің патша тұқымдары,
тірі халықтың арасында монархияны қалпына келтіру деген пікірді білдірген
адамдар және саяси партияларда бар. Сонымен, монарх топтардың, саяси
партиялардың арасындағы арбитрі және тұрақты саяси режимінің кепілдігі
болып көрінеді. Монархтың өмірін реттейтін әдет-ғұрыптардың көбін халық
жақсы көреді: парламенттің бірінші сессиясын ашу процедурасы, мемлекетке
келген қонақтарды қарсы алу, мемлекеттің атымен мерекелерімен құттықтау,
монарх сарайларының өмірім реттейтін әдеттер.
Мемлекеттің екінші басқару нысаны – Республика. Егер мемлекетте
жоғарғы және төменгі органдардың бәрі сайлаумен белгілі мерзімге құрылатын
болса, осындай мемлекеттік басқару формасы – республика деп аталады.
Республика, мемлекеттік органдар белгілі бір мерзімге сайланып құрылады.
Республика деген сөз көне дәуірдегі мемлекеттерде бірінші рет қолданды. Бұл
термин халықпен байланысты. Мемлекетті басқаратын адамдар мен органдарды
халық бір белгілі кезеңге сайлайды. Сайланбаған қызметкерлер мен органдар
республикада болмайды. Республиканың ең бірінші түрі - Греция, Афин
республикасы. Олар халықты өте шектеулі түсінді, бұл республиканың басқару
органдарына және сайлауға тек Грецияның азаматтары қатысатын. Ал азаматтары
болып 20 жасқа толған еркек адамдар, ата-анасы Афинаның азаматтары, жеке
меншігі бар, әскерде қызмет еткен, барлық құқықтарын пайдалана алатын
адамдар саналатын. Сонымен, әйел адамдар, метистер, шет елдердің
азаматтары және құлдар саяси өмірге қатынасқан жоқ. Грецияның негізгі
органы – халық жиналысы, ол барлық қызметкерлерді сайлаған, олардан есеп
алатын, мемлекеттің негізгі мэселелерін шешетін, заң шығарды. Басқа
органдар 500 жүздік Кеңес, гелиэй, қызметкерлер, стратегтер, белгілі
уақытқа ғана сайланатын және халық жиналысының алдында жауапты болатын.
Антикалық республиканың аристократтық түріне Рим және Спарта
республикасы жатады. Бұларда сайлауға және мемлекетті басқаруға
азаматтардың бәрі емес, тек қана ақсүйектері жіберіледі.
Орта ғасырларда республика өте сирек кездеседі, көбіне ол республика
— қала (Псков, Новгород, Бремен, Любек, Венеция, Флоренция).
Жаңа кезеңде республиканың екі түрі кездеседі: президенттік және
парламенттік республикалар. Президенттік республиканы АҚШ 1787 жылғы
Конституциясында бекіткен. Олар Англияның корольдерінен көп озбырлық,
заңсыздық көргесін, абыройлы билікті орнатуды анық түсінді. Деспотиялық
режим құрылмауы үшін биліктің бөліну принциптерін енгізді. Сонымен,
мемлекеттің жаңа басқару формасын ойлап шығарды. Президенттік республикада
билік үшке бөлінеді: заң шығару парламенттің қолында, атқару билік –
президент пен өкіметтің қолында, ал сот билігі тәуелсіз сот органдарында.
Президентті халық сайлайды. АҚШ-та 4 жылда бір рет президенттік сайлауы
өтеді. Президент – мемлекеттің бірінші басшысы, өкіметті өзі басқарады,
Сенаттың келісімімен министрлерді тағайындайды, әскер оған бағынады.
Президент-республика бірлігінің тұтастығының символы. Кейбір президенттік
республикаларда президентпен қатар премьер-министр үкіметті басқарады.
Көбіне оны президенттің өзі тағайындайды және ол президенттің алдында
жауапты. Парламенттің өкіметті тарататын құқығы жоқ. Кейбір мемлекеттерде
президент премьер-министрден басқа бірнеше министрлерді өзі тағайындайды,
ал қалған министрлерді премьер-министрдің өзі парламенттің келісімімен
тағайындайды. Мемлекеттің Заң шығару билігі парламенттің қолында және
парламент белгілі қызметкерлерді және жоғарғы сотты тағайындағанда
келісімін береді. Парламенттің алған заңдары екі рет тексеріледі: президент
вето құқығын қолданып, қабылданған заңдарға қолын қояды, Конституциялық
сот, әдетте заңның Конституцияға сәйкестігін тексереді. Сот билігі ерекше
сот органдарының қолында. Сот қызметкерлері президенттік республикаларда
белгілі уақытқа немесе өмірбойлы тағайындалады. Оларды тағайындайтын
заңдарды әрбір мемлекеттерде ерекше, бірақ бұл процеске президент те,
парламент те қатысады. Үш билік бір-біріне тең болуға тиіс деп көп
конституцияларда жазылған, ол үшеуінің арақатынасын реттеп отыратын
президенттің билігі.
Президенттік республикалардың варианттары көп, олардың біріне
жартылай президенттік республика жатады (мысалы: 1958 жылғы Конституциясы
бойынша Франция, Турция).
Парламенттік республика. Бұл мемлекетті басқару нысанында билік
парламенттің қолына жиналған. Кабинет пен премьер-министрді парламенттің
төменгі палатасы тағайындайды, тексереді және түсіреді. Өкімет
парламенттің алдында жауапты. Парламенттік басқару нысаны жағдайында билік
жүргізу функциясы мемлекет пен үкімет басшылары арасында бөлінетін.
Президент тек мемлекет басшысы. Үкімет атқарушы билікті жүзеге асырады, әрі
парламенттегі партиялық көпшілік негізінде құрылады. Күшті үкімет - әлсіз
президент.
Сонымен, өкіметте парламенттің сенімі болған кезде ол өзінің қызметін
істей алады, ал болмаған жағдайда отставкаға шығады. Мұндай республикаларда
президент мемлекеттің басшысы, оның биліктері өте аз. Парламенттік
республикаларға Италия жатады.

2 мемлекет нысаны элементтері және оның сипаттамалары
2.1 Мемлекеттің әкімшілік – құрылым нысаны

Мемлекет формасының екінші элементіне мемлекеттік құрылымының нысаны
жатады, Бұл мемлекеттің әкімшілік-жергілікті бөлінуі, сол бөлімдердің бір-
бірімен қатынасы, және мемлекеттің және бөлімдердің арасындағы
байланыстары. Мемлекеттік құрылым-ұлттық мемлекеттік қатынастарды,
әкімшілік-территориялық жүйені, олардың ерекшеліктерін бейнелейді.
Мемлекеттер бұл элемент бойынша унитарлық, федеративтік және
конфедеративтік мемлекеттерге бөлінеді.
Тұтас мемлекеттер. Қазақстан Республикасының жері тұтас, ол
бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды, деген Конституцияның кіріспесінде
(унус деген сөз - бір, жалғыз деп лат тілінен аударылады). Сонымен, тұтас
мемлекеттер тек қана әкімшілік-жергілікті аудандарға бөлінеді. Мысалы,
Қазақстанда әкімшілік-аумақтық құрылысы 14 облыстан тұрады, оларды
Президент тағайындаған әкімдер басқарады. Облыстар аудандарға, қалалық
аудандарға, ауылдарға, селолар мен поселкілерге бөлінеді. Ал жергілікті
өкілді органдар маслихат деп аталады, оған депутаттарды халық сайлайды.
Жергілікті әкімшілік – аймақтық бөліністердің құқықтары тең. Жергілікті
атқару орган — әкім.
Федерация. (федус деген сөз – одақ деп лат тілінен аударылады).
Құрама мемлекет бірнеше зиялы мемлекеттерден тұрады. Құрама мемлекет –
күрделі мемлекет, ол федерацияның мүшелерін біріктіреді. Мемлекеттік
органдар екіге бөлінеді: жалпы федерацияның органдары және әрбір мүшесінің
жеке органдары. Федерацияның субъекттері ішкі істерін ерікті өздері шешеді,
ал федеративтік орталық органның қолында барлық ішкі-сыртқы билік болады.
Федеративтік республика халықаралық құқықтың алдында тек бір мемлекет
болуға тиіс. Бірақ тәжірибеде кейбір федерацияның субъектілері өздері
халықаралық қатынастарға шығуға құқығы бар еді, мысалы, СССР (Украина мен
Белорусия БҰҰ мүшесі), Югославия, США, Канада. Көбіне олардың тәуелсіздігі
формалды түрінде қалғаны мәлім. Халықаралық құқық федерацияның өкілі
ретінде шарттарға орталық билік қолын қойғанын дұрыс санайды.
Федерацияда конституция, астана, азаматтық, заңдар, сот және қаржы
жүйесі бәрі екіге бөлінеді. Федерацияның екі түрлері бар: ұлттық құрама
және жергілікті құрама. Біріншісіне бұрынғы СССР, Югославия, Ресей,
Үндістан жатады, ал екіншісіне АҚШ, Австрия, ФРГ, Швейцария жатады. Олардың
мемлекеттік құрылысы тарихи дамуымен байланысты.
Конфедерация. Бұл өте көлемді және күрделі конфедерациялы
мемлекеттердің одағынан және халықаралық ұйымнан айыру өте қиын.
Конфедерация – белгілі мақсатқа жету үшін бірнеше ерікті мемлекеттердің
уақытша одағы. Конфедерация мүшелері өздерінің тәуелсіздігін толық
сақтайды: азаматтығын, заңдарын, мемлекеттік аппаратты, сот және қаржы
жүйесін, өздерінің ақшасын. Конфедерация қабылдаған шешімдерді олардың
жоғарғы органдары мақұлдау керек. Тарихта конфедерацияның бірнеше түрлері
кездеседі: Америкада 1781 жылы Конфедерацияның баптары қабылданған болатын,
бұл бұрынғы Англияның 13 отарларын біріктірді. Вашингтон бұл федерацияны
құмнан істелген арқан деп атады. Конфедерацияның жалпы Конгресс деген
органдары құрылды, ол тек қана үш сұрақты шешті: әскер, ақша, шет істер,
басқа қызмет бабы әр штаттың қолында сақталған еді. Германияда конфедерация
1815-1866 жылдары, Швейцария - 1815-1845 жылдары, Египет пен Сирия 1958
жылы біріккен Араб республикасын құрды, 1961 жылы Сирия бұл одақтан шықты.
Сонымен, конфедерацияда орталық биліктің шешімдері тек конфедерация
субъектінің мемлекеттік органдарына жайылады да, жеке адамдарға және
ұйымдарға жайылмайды. Конфедерацияның субъектілері халықаралық қарым-
қатынастардың субъектілері болып қала береді. Конфедерациялар өте әлсіз
және тұрақты емес.

2.2 Мемлекеттің саяси режимі

Мемлекеттік нысанның соңғы элементі — саяси режим. Бұл режим деген
сөзді екі мағынада қолданады. Бірінші – саяси режимді мемлекеттің бүкіл
саяси жүйесіне таратады, ал оның екінші жағынан саяси режимді тек
мемлекеттің қолданатын әдістері деп түсінуге болады. Сонымен, саяси режимді
мемлекеттің қолданатын әдістері, азаматтардың құқықтарымен бостандықтарының
дамуы және кепілдіктері, демократиялық институттарды қолдану.
Саяси режим демократиялық және демократияға қарсы режимдерге
бөлінеді. Саяси режимнің мынандай түрлері болады: деспотиялық,
аристократиялық, шектелген демократиялық, теократиялық, әскери-полицейлік,
формалды-демократиялық, либералды-демократиялық, патерналистік,
бонапаристік, авторитарлық, тоталитарлық, фашистік, расистік, отарлық,
социалистік, пролетарлық және басқа түрлері. Саяси режимдердің негізгі
бөлінуі: демократиялық және демократияға қарсы режимдер.
Демократияға қарсы режимдер. Халық басқару процесіне қатыспайтын және
оның еркімен санаспайтын режим осы түрлерге жатады. Фашистік режим
(Болгария, Германия, Жапония, Италия). Халықтың саяси құқықтары шектеледі,
жалғыз партия мемлекеттік аппаратты басқарады және онымен біртұтас болады,
әскер басқа құқық қорғау органдары күшейеді, мемлекеттің экономикасы және
сыртқы саясаты соғыспен байланысты болады. Әскери режим (Чили, Португалия)
мемлекеттік төңкеріс өткізгеннен кейін өкілеттік органдардың рөлі төмендеп
әскер мемлекеттің негізгі функциясын басып алады. Расистік режим осы
әдістердің бәрін тек қана бір ұлтқа немесе бірнеше ұлттарға қарсы
қолданады. Феодалдық мемлекеттерінің көбінде шіркеудің күшті режимі
құрылады. Шіркеу мемлекетпен қатар күшті рөл атқарады, ол монархтың таққа
отырғанына қатысады, мемлекеттік Кеңесте өзінің жеке орындарына ие болады,
оған қарсы істелген қылмыстарды өзі өте қатты жазалайды. Бұл араб
халифатының, Европа феодалдық мемлекеттерінің саяси режимдері.
Авторитарлық режимдер бір адамның билігімен байланысты болады (Тито,
Сталин, Чаушеску, Кастро, Людовик XIV, Наполеон).
Авторитарлық азаматтарды тырп еткізбей мемлекет саясатына бағындыру.
Тоталитаризмнің айырмашылығы — авторитаризм халыққа бір идеологияны
мойындатпайды, либералдық дамуға жол ашады, оппозицияға кедергі жасамайды,
адамдардың жеке өміріне араласпайды. Бірақ, саяси билікке халық жаппай
тартылмайды, шектеулі дәрежеде болады, бірақ бір ғана саяси лидердің,
немесе арнайы топтардың, отбасының қолында болады.
Қолында билігі бар, өзінің мәртебесін сақтап қалуға немесе қолбасшылық
жағдайын одан әрі нығайтуға тырысқан орган немесе лауазымды тұлға халық
жағынан және оппозиция жағынан бақылауды шектей немесе болғызбай отырып
қатаң саяси бағыт ұстанады. Бұл кезде қанаты қырқылған демократия біржола
жойылып кетпейді, қаралып отырған режимнің демократияны толығымен жоққа
шығаратын тоталитаризмнен ерекшеленетін өзінің қарама-қарсы жағына айналып
та кетпейді. Аталған белгілерден басқа авторитаризмге мына төмендегі
белгілер де тән:
• жоғары және жергілікті биліктің (сыртқы атрибуттарын сақтай отырып)
қалыптасып және қызмет істеуіне халықтың қатысуының айтарлықтай кемуі;
• жергілікті органдарды орталыққа берілетін бірқатар дәстүрлі
өкілеттіктерінен айыра отырып басқаруды орталықтандыруды күшейту;
• сөзсіз бағынуға және үнсіз орындауға есептелген басқарудың
әкімшілдік-әміршілдік стиліне әуестену;
• статистік құндылықтарды пайдалану өсіп жатқан тұста құқықтық
құндылықтардың шынайы маңыздылығы мен қолданылуының іс жүзінде төмендеуі;
• оппозициялық қызметтің жария мүмкіндіктерінің біртіндеп тарылып,
минимумға дейін жетуі.
Авторитарлық мемлекеттік-саяси режим, әдетте, тұрақсыз болады. Ол
қоғамдағы саяси күштердің нақты ара салмағына байланысты тоталитаризм
жағына, болмаса демократияландыру бағытына қарай да дамуы мүмкін.
Тоталитарлық мемлекеттер тобы әр тектес. Бұл топқа ең алдымен әскери-
полицейлік табиғаты ашық та айқын көрінетін фашистік мемлекеттер жатады.
Фашизм — басқарушы элитаның неғұрлым реакциялық бөлігінің халыққа жасап
отырған зорлық-зомбылығының, заңсыздығының және тіпті террорының айқын
бейнесі Ол қарапайым демократиялық құқықтар мен бостандықтарды жойып, іс
жүзінде жоққа шығарады, оппозицияны сотсыз жазалауды әдетке айналдырған,
халықтың бостандық сүйгіш күштерін басып-жаншып, қудалайды. XX ғасырдың
бірінші жартысында Германияның, Италияның, Жапонияның, Испанияның,
Португалияның мемлекеттік-құқықтық практикасында фашизм толық көрініс
тапса, қазіргі күні сыртқы демократиялық және либералдық мемлекеттік
нысандар арасынан фашистік тенденциялар түрінде ғана көрініп қалады.
Социалистік елдердегі мемлекеттік-саяси режим тоталитаризмнің басқа бір
түріне жатады: Оларды пролетариат диктатурасы жекелеген сыртқы
демократиялық институттардың көлеңкесінде қалса да, алайда соңғысынан
мемлекеттің зорлау-мәжбүрлеу табиғаты көрініп қалатын еді. Қанаушы таптар
мен оның қалдықтарын жою функциясыи жариялау жаппай қуғын-сүргінді, зорлық
пен мәжбүрлеуді кеңінен қолдануға бағыт берді. Жеке адамның мүддесі
мемлекет мүддесімен салыстырғанда кейінге ысырылып қалды. Оппозицияға жол
берілмеді, пікір алуандығын (плюрализм) жокқа шығарылды, әкімшілік-
әміршілдік жүйе билік құрды. Мемлекеттік-саяси режимнің алуан түрлілігі
ретінде тоталитаризмнің мынандай да ерекшеліктерін атауға болады;
➢ қоғамның тіршілік әрекетінің негізгі салаларын мемлекет қарауына
айналдыру;
➢ барлық қоғамдық бірлестіктерді бүкіл дербестіктен айыру, оларға
қазыналық қызмет бағытын тану;
Тоталитарлық — (латын сөзінен —барлық, толық) қоғамдағы мемлекеттік
билік бір топтың, бір партияның қолывда шоғырланған, елде демократиялық
бостандық пен саяси оппозицияның болуына тыйым салған режим. Мемлекет жеке
адамның барлық істерін бақылауға алады. Тоталитарлық режимде:
1. Тек бір партия билік жүргізеді.
2. Басқару қатаң түрде бір орталықтан жүргізіледі.
3. Бір идеология ғана жарияланады.
4. Еркін пікір айтуға тыйым салынады.
5. Репрессия, күш қолдану мемлекеттің ең негізгі функциясы болып табылады.
Бұл режимнің қалыптасуы халықтың белсенділігімен болады. Әдебиетте
тоталитаризмді бұқаралық қозғалыстың диктатурасы деп атайды. (Сталин, Мао
Цзе Дун, Гитлер, Муссолини), әйгілі ғалым Ф.Хайектің пікірі бойынша
Тоталитаризмнің ұрығы әр формадағы коллективизмге және индивидтті, оның
дара ұмтылыстарын қандай да болсын қоғамдыққа бағындыруда.
Аристократиялық — қоғамдағы ақ сүйектер әулетінен құрылған топтардың
мемлекетте саяси билікті жүргізуі, негізінде тарихта Греция, Афина, сияқты
т.б. мемлекеттерде дамыды.
Фашистік — (италия сөзі — бірлестік, байлау) — бір ұлттың билік
жүргізуде үстемдігі жарияланатын және ашық түрде террористік диктатура
жүргізетін режим. Мемлекетте адам құқы жойылады, бостандыққа жол
берілмейді. Тарихта Италияда, Германияда қалыптасқан.
Либералдық — (латын сөзі — ерікті). Еркін кәсіпкерлікпен парламенттік
демократияны дамытуды қамтамасыз етуді мақсат етіп, мемлекеттің барлық
тетіктерін сол мақсат үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
Мемлекеттің құрылым нысаны
Мемлекет және құқық теориясы оқу құралы
Мемлекет және құқық теориясының жалпы сипаттамасы
Құқық теориясы
Мемлекет жəне құқық теориясының жалпы сипаттамасы
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері. Мемлекеттің пайда болуы
Кәсіпкерлік құқық пәнінен дәрістер кешені
Мемлекет туралы негізгі түсініктер
Мемлекет нысанының түсінігі, мазмұны және мемлекетті басқару нысаны
Пәндер