Мемлекет кірістерінің мәні


Мемлекет кірістерінің мәні
Мемлекет қаржысының іс-әрекеті кезінде өзара тығыз байланысты екі процесс пайда болады: мемлекеттік құрылымдардың қарамағына қаржы ресурстарын жұмылдыру және қаражаттарды мемлекеттің әр түрлі қызметтеріне пайдалану. Бұл процестердің алғашқысы өзінің көрінісін мемлекеттің кірістері ұғымында екіншісі мемлекеттің шығыстарында табады.
Мемлекеттіқ кірістері деп экономикалық қатынастардың жүйесін айтады, бұл қатынастардың процесінде мемлекеттің жұмыс істеуінің материалдық базасын жасау үшін мемлекеттің меншігіне түсетін қаражаттардың жиынтығы құрылады.
Жиынтық қоғамдық өнімді бөлудің нөтижесінде мемлекеттік жеке кәсіпорындардың, шаруашылық ұйымдардың және халықтың бастапқы табыстары жасалынады. Бастапқы табыстар бөлу мен қайта бөлудің күрделі процестеріне ұшырайды, мұнда маңызды рөлді қаржы орындайды. Бұл процестердің нәтижесінде ақша қорлары, ең алдымен бюджет қоры жасалынады.
Жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қаржы арқылы халықтың табысының бір бөлігі алынады; кәсіпорындардың табысы (пайдасы) бөлініске ұшырайды - оның бір бөлігі бюджетке түседі, басқа бөлігі кәсіпорындарда қалады және ішкі шаруашылық қажеттіліктеріне пайдаланылады.
Сонымен бірге халықтың бастапқы табыстары да қызметтің өндірістік емес сферасының мекемелері көрсететін қызметтерді төлеу арқылы қайта бөлінеді. Бұл түсімдер өндірістік емес сфера кәсіпорындарының (мысалы, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және т. б. ) табыстарын құрайды. Сөйтіп, табыстар қоғамдық өнімнің құнын шаруашылық жүргізуші субъектілер бойынша бөлуге байланысты адамдардың қарым-қатынастарын білдіретін дербес экономикалық категория ретінде болады.
Мемлекеттің кірістері мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағына қаржы ресурстарын қалыптастырумен байланысты болатын қаржы қатынастарының бөлігі ретінде көрінеді. Сонымен бірге жұмылдырылатын мемлекеттің қаржы ресурстары орталықтандырылған кірістер қатарына, мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағында қалғандары орталықтандырылмаған кірістерге жатады.
Орталықтандырылған қаржы кірістері негізінен салық түсімдері сыртқы экономикалық қызметтен алынатын кірістер, халық төлемдері есебінен қалыптасады. Орталықтандырылмаған кірістер кәсіпорындардың өздерінің ақшалай табыстары мен қорларынан құрылады.
Мемлекеттің орталықтандырылған кірістерінің құрамында басты орынды бюджсттін кірістеді алады, оның есебінен қоғамды дамытудың экономикалық және әлеуметтік міндеттерін шешу қамтамасыз етіледі.
Мемлекет кірістерінің басым бөлігін түрлі деңгейдегі бюджеттерге орталықтандыру біртұтас қаржы саясатын жүргізуге, қаражаттарды ұлттық шаруашылықтың басым салаларының пайдасына қайта бөлуді қамтамасыз етуге, өндірістік емес сфера қажеттіліктерін қанағаттандырып отыруға мүмкіндік береді, бюджет қаражаттарынан басқа мемлекеттің орталықтандырылған кірістеріне бірқатар мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар жатады. Табыстар ұғымының материалдық-заттай жағы мемлекетте щаруашылық жүргізуші субъектілерде, халықта жинақталатын ақша қаражаттарының анықтамасы болып табылады.
Мемлекет кірістерінің экономикалық мағынасы жөне оларды ұйымдастыру мемлекеттік шаруашылық жүргізудің саяси және экономикалық рөліне байланысты болып келеді. Әрбір қоғамдық экономикалық формация үшін тауар-ақша қатынастарының даму дәрежесімен, өндіріс әдісімен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен байланысты болатын оған тән мемлекет табыстарының жүйесі сипатты болады.
Мемлекет табыстарының қалыптасуы мемлекеттің тікелей белсенді қатысуымен жүзеге асырылады: ол бюджетке орталықтандырылатын және шаруашылық жүргізуші субъектілерге қалдырылатын қоғамның таза табысының үлесін белгілейді, сондай-ақ халықтың жеке табыстарының бір бөлігін және қоғамның басқа қаражаттарын шоғырлаңдырады.
Мемлекет өңдіріс құрамдарының және тиісінше, қосымша өнімнің иесі болып отырған жағдайда мемлекет меншігінен алынатын табыстар мемлекет кірістерінің айтарлықтай көзі болып табылады. Мемлекет кірістерінің бір бөлігі жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағанттындыру үшін мемлекеттің салық жүйесі жұмылдыратын кәсіпкерлік сектордың, кооперативтік ұйымдардың және халық табысының бір бөлігі есебінен құралады. Табыстардың белгілі бір бөлігін мемлекет өзіне қарасты қаржы активтерін (акцияларды және т. с. с. ), жылжымайтын сүлікті саудан алуы мүмкін.
Мемлекет кірістерін, тиісінше, бюджеттік қордың кірістерін де қашптастырудьщ шешуші көзі болып табылады.
Фискалдық маңызы бойынша екінші әдіс мемлекетгік қарыздар болып табылады. Олар тек бюджет тапшылығын жабуға емес, сонымен бірге әр түрлі күрделі шығындарды, әсіресе экономиканың мемлекеттік секторындағы қаражаттарды инвестициялауды қамтамасыз етуге пайдаланылады. Қаржы жүйесінің әр түрлі буындарының шиеленісуі күшейе түсіп отырған экономикалық дағдарыс кезінде қарыздардың маңызы айтарлықтай артады. Қарыздар мемлекет қаржыларының түрлі буындарында, республикалық және жергілікті бюджеттерде, мемлекеттің тартылған қаражаттары құрамында қолданыс тауып отыр. Соңғы жылдары әсіресе бюджет түсімдерінің көздеріндегі қарыздардың үлесі артып отыр. Олар түрлі деңгейдегі бюджет тапшылығын жабуда кеңінен қолдануда. Сонымен қатар қаржы рыногының жұмыс істеуі қарыздарды мемлекеттік кәсіпорындардың шығындарын жабу үшін де пайдалауға мүмкіңдік береді. Кәсіпорындарды модернизациялауға, олардың материалдық-техникалық базасын жаңартып, ұлғайтуға бағытталатын күрделі жұмсалымдарды қаржылаңдыру енді қарыздардың облигацияларын өткізу арқылы қосымша қаржы ресурстарын тарту есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
Мемлекет кірістерін жұмылдырудың үшінші әдісі эмиссия, оның үстіне тек қағаз-ақша эмиссиясы ғана емес, сонымен қатар кредит эмиссиясы болып табылады. Эмиссияға мемлекет салық және қарыз түсімдері мемлекеттің өсіп отырған шығындарын жабуды қамтамасыз ете алмағанда, оның үстіне қаржы рыногында жаңа қарыздарды шығаруға қолайсыз жағдайда ғана иек артады. Қағаз-ақша эмиссиясы да, кредит эмиссиясы да егер олар шаруашылық айналымның қажеттілігіне байланысты болмай бюджет тапшылығын жабу кажеттілігімен байланысты болса, экономикада инфляциялық процестердің күшеюіне әкеп соқтырады. Сондықтан дамыған нарықтық шаруашылық елдері әдетте кредит эмиссиясына жүгірмей, оны қарызбен алмастырады.
Мемлекеттің кірістерін жұмылдырудың жоғарыда сипатталған әдістері мемлекеттік басқарудың әр түрлі деңгейіндегі бюджеттік қорларды қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. Бұл жерде эмиссия қолданылмайды. Орталықтаңдырылмаған ақша қорларын жасау барысыңда аударымдар, түрлі жарналар, ерікті түсімдер және т. б. әдістер кеңінен пайдаланылады. Бұл әдістер өте-мөте мемлекеттік кәсіпорындарда қолдалынады.
Мемлекет кірістерінің сыныптамасы
Мемлекеттің кірістерін сыныптау олардың экономикалық мағынасын, құрамы мен мақсатты бағыттылығын, қалыптасу қағидаттарын, яғни мемлекет кірістерінің бүкіл жүйесін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Меншік нысандарын ұйымдық-құқықтық ресімдеуге қарай мемлекеттің кірістері мыналардан тұрады:
1) мемлекеттік көсіпорындар мен ұйымдардың табыстарын;
2) жеке кәсіпкерлік сектордың салық түсімдерінен;
3) халықтың салық төлемдерінен;
4) кооперативтік және ұжымдық кәсіпорындардың салық түсімдерінен;
5) қоғамдық ұжымдардың салық түсімдерінен.
Жасалу сфераларына байланысты мемлекеттің кірістері: материалдық өндіріс сферасында қалыптасатын кірістер; өндірістік емес сферада жасалатын кірістер болып жіктеледі.
Қаржылық мазмұны бойынша мемлекеттің кірістері:
салықтық;
салықтық емес болып белінеді (мемлекет иелігінен алудан жене жекешелендіруден түсетін қаражаттар, ақшалай-заттай лотереялардан түсетін табыстар және т. б. ) .
Салықтық кірістерді жұмылдыру жағдайында меншік нысандарының ауысымы болуы мүмкін.
Жұмылдыру әдістері бойынша кірістер орталықтандырылған және орталықтандырылмаған болып жіктеледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz