Құйылым пайдаларын түзету



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Мемлекет қаржысының жалпы сипаттамасы
2.2. Қоғамдық тауарлар, игіліктер және қызметтер көрсету.
2.3. Мемлекет қаржысының ұғымы және құрамы
2.4. Мемлекет кірістерінің мәні
2.5. Мемлекет кірістерінің сыныптамасы

ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Кез келген қоғамда мемлекет бірқатар факторларға: қоғам дамуының
таңдап алынған үлгісіне, саяси құрылысына, қалыптасқан дәстүрлерге, сыртқы
факторларға қарай экономикалық қызметке қатысады. Жалпы мемлекеттің
қоғамдағы экономикалық қызметі оның мына функцияларында білінеді:
1) экономикалық дамудың қалыпты дамуына құқықтық базаны анықтау;
2) монополиялық қызметті шектеу және бәсекелестікті қорғау;
3) табыстар мен байлықты қайта бөлу;
4) экономиканы тұрақтандыру;
5) ресурстарды қайта бөлу.
Аталған функциялардың іс-әрекеті тікелей немесе жанама түрде "қаржы"
категориясын пайдаланумен байланысты болып келеді; айтарлықтай дәрежеде бұл
байланыс мемлекеттің үшінші, төртінші және бесінші функцияларында көрінеді.
Нарықтық жүйе табыстар мен байлықты алғашқы бөлуде айтарлықтай
теңсіздікті тудыратындықтан мемлекет оларды қайта бөледі. Мемлекет
азаматтардың (үй шаруашылықтарының) табыстарын теңестіру үшін салық
салудың, трансферттердің, жалақыны реттеудің, бағалардың жүйелерін
пайдаланады.
Мемлекеттің ішкі қарызынан басқа сыртқы қарызы да болады. Бюджет
тапшылығын бәсеңдету үшін мемлекет тек кана ішкі мүмкіндіктерімен ғана
шектелмей, кайтару мақсатымен сыртқы займдар мүмкіндіктерін де пайдаланады.
Міне, осылай мемлекеттің сыртқы қарызы да пайда болады.
Егер шығындар табыстан асып кетсе, бюджет тапшылығы пайда болады.
Бюджет тапшылығын жою үшін табыс бөлігін толтыру қажет немесе мемлекеттік
бюджеттің шығын бөлігін қысқартқан жөн. Бюджеттің табыс пен шығысының
айырмашылығын жабу үшін мемлекет қиыстырылған вариантына көшеді.
" Қаржы жүйесінің" ұғымы қаржы ұғымының одан әрі дамуы және нақтылана
түсуі болып табылады.
Елдің біртұтас қаржы жүйесі тиісті ақша қорлары құрылып,
пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын
органдардың жиынтығын қамтиды. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада,
тек мемлекетт қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл
жеткіліксіз.
Сонымен бірге жалпы институционалдық тұрғыдан алғанда қаржы жүйесі бұл
қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан - ол мемлекетте іс-
әрекет ететін бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы
екенін естен шығармаған жөн.
Қаржы (қолма – қол ақша, табыс ұғымын білдіретін орта ғасырдың
латын тілінің financia сөзінен пайда болған француздың finance сөзінен
шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, өндірістік қатынастарды білдіретін
ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі
экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды
экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық
шаруашылықтан жүйелі тауар – ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып,
дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен
тығыз байланысты. Бірінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізетін
авторды атау қиын.

2.1. Мемлекет қаржысының жалпы сипаттамасы
Мемлекеттің экономикалық қызметі

Мемлекеттің экономиканы тұрақтандыру жөніндегі іс-қимылы экономикалық
жағдаяттың ауытқулары туғызатын жұмыспен қамтылуы және инфляция деңгейін
бақылауды, сондай-ақ экономикалық өсуді ынталандыру жөніндегі шараларды
қамтиды.
Экономикалық ресурстарды қайта бөлу екі жағдаятта нарықтық жүйенің
жетілмегендігінен барып туады:
1) бірқатар тауарларды өндірудің тепе-теңдік көлемінің олардың оңтайлы
көлемінен ауытқуы;
2) ресурстарды бөлуден рыноктың бас тартуы немесе қоғамдық тауарларды,
игіліктерді және қызметтер көрсетуді ұлғайту мен өндіру үшін оларды
жеткілікті бөлмеу.
Бірінші жағдаятта тауарлар мен қызметтер көрсетудің бірқатарын өндіру
немесе тұтыну бұл тауарларды тікелей өндіруші немесе тұтынушылар болып
табылмайтын субъектілерде шығын тудырады немесе пайда келтіреді. Бұл
құбылыс "жанама нәтижелер" немесе "құйылымдар" деп аталады және бұл
шаруашылық процестердің қатысушылары емес адамдардың немесе топтардың
пайдалары немесе шығындары болып табылады.
Құйылым шығындарына айналадағы ортаның ластануымен, шудың,
тербелістердің, түрлі қолайсыздықтардың болуымен байланысты шығындар
жатады. Бұл жағдайда өндірушілер өздерінің шығындарының бір бөлігін халыққа
аударып салады және өндірушілердің шығындары азаяды. Нәтижесінде
өндірушілерде өндірістің үлкен көлемі болуы мүмкін, демек, бұл тауарларды
өндіру үшін ресурстар көбейтілген көлемде түсетін болады.
Құйылым шығындарын теңестіру үшін мемлекет ұсынымды шалатын мынадай
реттеуші шараларды жүргізеді:
1) қызметті заңнамалық шектеу немесе оны зиянды әсер болмайтын
жағдайларға жеткізу талабы; мұндай қызметтің нормалары мен стандарттарын
сақтау шығындарды арттыруға және тепе-тең және оңтайлы көлемінің
сәйкестігіне жеткізеді.
2) құйылым шығындарына тең немесе жақын арнаулы салықтарды енгізу, бұл
шаруашылық жүргізуші субъектілердің жалпы шығындарын арттырады және тепе-
тендіктің жай-күйін қамтамасыз стеді.
Екі жағдайда да өнімге немесе қызмет көрсетуге ресурстарды тым көп
бөлу жойылатын болады.
Құйылым пайдаларын: білім беру, санитарлық-профилактикалық шаралар,
медициналық көмек, ауа райын болжау, өрттен қорғау және басқа бірқатар
қызметтер көрсету жасайды, бұлардан пайданы бұл игіліктерді нақты
пайдаланушылар ғана емес, сонымен бірге жалпы қоғам да алады. Бұл қызметтер
көрсетуді нақты пайдаланушылар тек нарықтық сұранымды қалыптастырады, ал
құйылым пайдалары ақиқаттық мөлшерге дейін сұранымды толықтырады және
қызмет көрсетудің қажетті көлемін белгілейді. Бұл жағдаят мұндай қызметтер
көрсетуге ресурстарды бөлудің жеткіліксіздігін сипаттайды.
Құйылымдар пайдалары кезіндегі мемлекеттің реттеуші іс-қимылдары
сұраным мен ұсынымды көбейтуге бағытталған. Сұраным тұтынушыларды құйылым
пайдаларын тудыратын тауарлар немесе қызметтер көрсетуді сатып алу үшін
қосымша сатып алуға жарамдылықпен қамтамасыз ету жолымен арттырылады.
Ұсыным өндірушілерді қаражаттандыру жолымен арттырылады, бұл олардың
шығындарын азайтады және өндірістерді кеңейтуге мүмкіндік береді.
Құйылым шығындарының іс-әрекет процесі сызбаларда көрсетілген. Бұл
шығындардың болуының нәтижесінде (10.1 сызба)
ұсыным сызығы S1 жағдайында болады, яғни қоғамға аударып салынған
шығындардың бөлігінен кәсіпорын босатылады. Барлық шығындарды қосқан
жағдайда ұсыным сызығы S2 жағдайында болады; бұл орайда тепе-тең көлем Q,-
ден Q2-ге төмендейді, ал тепе-тең баға Р1-ден Р2-ге көбейеді. Ұсыным
сызығының сапырылысуына жоғарыда айтылған мемлекеттің іс-қимылымен қол
жетеді.

Құйылым пайдаларының іс-әрекеті (10.2 сызба) D1 сұраным сызығы тек
оның нарықтық жағынан қамтып көрсететінін және (Q2 сызығына сәйкес келетін
сұранымның жалпы мөлшерін төмендететінін білдіреді, яғни нарықтық сұраным
қоғамдық тауарлармен және қызметтер көрсетумен қамтамасыз етумен және
оларды тұтынумен байланысты қоғамның барлық пайдасын қамтып көрсетпейді.
Сұранымның нарықтық мөлшері оңтайлы мөлшерінен аз болып шығады, ал бұл
мақсаттарға жұмсалатын ресурстар жеткіліксіз көлемде түседі.

Құйылым пайдаларын түзету 10.3 сызбада кескінделген: "а" жайғасымында
бұған қоғамдық тауарларды тұтынушыларды мемлекеттің қаражаттандыруы
жолымен, ал "ә" жайғасымында өндірушілерді қаражаттандыру жолымен D1 -ден
D2-ге көбейтумен қол жетеді. Екі жағдайда бұл тауарларды өндірудің тепе-тең
көлемі көбейеді, бірақ екінші жағдайда бұдан басқа оларға бағаны
төмендетуге қол жетеді.

2.2. Қоғамдық тауарлар, игіліктер және қызметтер көрсету.

Өндіріске және тиісінше белгілі бір тауарларды, игіліктерді және
қызметтер көрсетуді өндіретін, қамтамасыз ететін саларды қаржыландыруға
мемлекет сондай-ақ тікелей қатыса алады. Олар қоғамдық, және әлеуметтік деп
аталады. Қоғамдық тауарлардың кәдуілгі рыноктық тауарлардан қағидалы
айырмашылығы сол, олар бөлінбейді және шығарып тастау қағидатының іс-
әрекетіне ұшырамайды.
Бөлінгіштік жеке сатып алушының тауарға қол жетушілігін, оның тап
өзіне қажетті нақтылы тауарларды сатып алу мүмкіндігін қажет етеді, мұның
өзі сатып алушының егемендігін анықтайды.
Шығарып тастау қағидаты тұтынушыны егер ол тауардың нарықтық бағасын
төлей алмаса немесе төлегісі келмесе осы тауардан болатын пайдадан
аластатуды білдіреді.
Қоғамдық тауарлар бөлінбейді, өйткені олар жеке сатып алушыларға
бөлшектеніп сатылмайды және пайдаланушыларды әдеттегідей оларды
пайдаланудан аластатуға болмайды, яғни бұл жерде шығарып тастау қағидаты іс-
әрекет етпейді. Рыноктық тауарлардан алынған пайда оларды сатып алу
кезінде, ал қоғамдық тауарлардан алынған пайда өндіру кезінде ажыратылады.
Елеулі сипаттағы қоғамдық тауарларға қалалар мен елді мекендердегі
абаттандыру объектілерінің құрылысы мен оларды: көше жарығын,
көгалдандыруды, тротуарларды және басқа қолайлылықтарды ұстау; кеңірек
аспектіде - құқықтық тәртіпті қорғау жөніндегі қызметтер, мемлекетті
сырттан қол сұғушылықтардан қорғау, мемлекеттік басқару қызметтері жатады.
Бірқатар қызметтер көрсету шығарып тастау қағидатының ықпалына түсіп
кетеді, яғни оларға баға белгілеуге және оларды кәсіпкерлік құрылымдар
арқылы өткізуге болады. Мысалы, біқатар медициналық қызметтер, білім
деңгейін көтеру, қағида бойынша, бұл қызметтер көрсету мемлекет белгілген
кепілдікті минимумнан жоғары қамтамасыз етіледі. Бұл қатарда мұражайлардың,
кітапханалардың, қоғамдық теледидар мен радиохабарын тарату қызметтері, жол
желісі және басқалары. Оларды құйылымдардың елеулі пайдасын жаңғырту
ерекшелігі біріктіреді, мұның нәтижесінде жеке меншік сектор оларды
жеткілікті көлемде өндіруге бармайды. Сондықтан ресурстарды бөлудегі
үйлесімсіздікті болдырмау үшін мемлекет едәуір дәрежеде оларды өндіру мен
қаржыландыруды қамтамасыз етеді; бұл - "аралық" қоғамдық қызметтер көрсету
немесе қоғамдық сыңайлы (мемлекеттік сыңайлы тауалар (10.4 сызбаны
қараңыз).
Кез келген жағдайда нарықтық жүйе не қоғамдық тауарларға ("таза"
қоғамдық тауарлар мен қызметтер көрсету үшін) ресурстарды бөлмейді, немесе
оларды жеткіліксіз көлемде ("аралық" қоғамдық қызметтер көрсету үшін)
бөледі. Сондықтан мемлекеттің қаржы механизмі арқылы мұндай тауарларды,
игіліктерді және қызметтер көрсетуді өндіру және қоғамды олардың белгілі
бір көлемімен қамтамасыз ету туралы мемлекет шешім қабылдауы тиіс.
Экономикалық ресурстарды қайта бөлуге салық-бюджет жүйесі арқылы жетеді:
салық және басқа міндетті төлемдер арқылы, жекеше сектор дара, нарықтық
тауарларды

өндіруде, ал халық оларды тұтынуда шектелінеді. Сөйтіп, ресурстардың бір
бөлігі мемлекеттік бюджетке беріліп, керекті қажеттіліктерді, қоғамдық
мүдделерді қанағаттандыруды қамтамасыз етуші салалар, өндіріс
қаржыландырылады.
Теориялық айқындамалар тұрғысынан қоғамдық тауарлардың оңтайлы сапа
тұтынушы таңдауының теориясына, тұтынушылардың соңғы қосымша өлшемді
төлеуге жалпы әзір екендігі, яғни оның бағасы қоғамдық тауардың бұл
өлшемінің шекті шығындарымен теңестірілгенде шекті пайданың шекті
шығындарға (шекті пайдалылық теориясы) сәйкестігі қағидаты бойынша баға мен
өндіріс көлемінің есептелуіне сәйкес анықталады. Алайда практикалық тұрғыда
қоғамдық тауарларды пайдаланудан болатын өндіріс шығындары мен пайданы
үнемі есептеу мүмкін емес, өйткені бірінші жағдайда құйылымның қосымша
шығындарының болуы мүмкін, ал пайда көптеген тұтынушылар арасында ыдырап
тарап кетеді. Сондықтан қоғамдық тауарлардың санын шығын-пайданы талдау
әдісімен анықтау мемлекеттік органдардың шешімдерімен толықтырылады. Және
жалпы қоғамдық тауарлармен қамтамасыз ету, оларды өндіру үшін экономикалық
ресурстарды бөлу проблемалары мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық
саясаттың, соның ішінде қаржы саясатының да предметі болып табылады. Мұндай
шешімдер демократиялық жолмен — ел азаматтарының өз еркін білдірумен
қабылдануы тиіс, бұл саяси дауыс беру рәсімдеріне саяды. Сайлаушылар
өздерінің ортақ мүдделері мен артықшылықтарын асқан дәрежеде
қанағаттандыратын бағдарламалар мен олардың сыртында тұрған партияларды,
саяси жетекшілерді таңдайды. Және, керісінше, олардың көңілін, разылығын
ақтамаған және орындамаған немесе ішінара орындаған саяси жетекшілерді
орындарынан кері шақырып алады. Сөйтіп, экономикалық ресурстарды қайта бөлу
проблемасы саяси тұрғыдан салық-бюджет механизмі арқылы шешілетін
мемлекетгің қаржы саясаты шараларының аспектісіне ауысады және қоғам
дамуының бұл кезеңінің мемлекеттік қаржы саясатының тиімділігі мен мақсатқа
сайлығының мән-мағынасын құрайды.

2.3. Мемлекет қаржысының ұғымы және құрамы

Мемлекеттің қаржысы мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси
функцияларын орындау үшін оны қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз ететін
елдің қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табылады және олар экономика
мен социумдағы сан алуан өзара байланыстарды қамтитын мемлекеттік сектордың
өндірістік және әлеуметтік қатынастардағы іс-қимылымен байланысты.
Экономикалық мәні жағынан мемлекеттің қаржысы мемлекеттің, оның
кәсіпорындарының қаржы ресурстарын қалыптастырып, алынған қаражаттарды
мемлекет пен оның кәсіпорындарының функцияларын орындауға пайдалану үшін
қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта
бөлумен байланысты болатын ақша қатынастарын білдіреді.
Мемлекет (өзінің билік пен басқару органдары арқылы), бір жағынан,
жеке кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, азаматтар, басқа жағынан, бұл
сферадағы ақша қатынастарының субектілері болып табылады.
Ішкі ұлттық өнімнің өсуімен салыстырғанда мемлекеттің шығыстары
көлемінің озыңқы қарқынмен өсуі мемлекеттің қаржыларына тән сипат болып
табылады. Бұл құбылыс XIX ғасырдағы неміс экономисі Вагнердің заңы — "
Өспелі мемлекеттік белсенділік заңы" ретінде белгілі. Бұл заңға сәйкес
өнеркәсіп саласы дамыған елдерде мемлекеттің шығындары өндіріс көлеміне
қарағанда жылдамырақ өсуі тиіс. А. Вагнер мемлекеттік белсенділіктің өсуін
үш фактормен байланыстырады:
1) экономика дамуының нәтижесінде экономикалық тірліктің күрделенуімен және
еңбек бөлінісінің тереңдеуімен; бұл мемлекет тарапынан тиімді және ұтымды
экономиканы, құқық тәртібін, заң қызметтерін кеңейтуді қолдаудың
қажеттігіне жеткізеді;
2) техника мен технология дамуы капиталдың үлкен мөлшеріне қажеттілікті
қажет етеді, бұл капиталды майда фирмалардың алдында артықшылықтары бар
акционерлік компаниялар немесе мемлекеттік корпорациялар қамтамасыз ете
алады; мемлекет монополиялардың қызметін реттеу үшін техникалық шарттар
бойынша олар құрылатын өндірістерге қатысуы тиіс;
3) көрсетілетін қызметтерден болатын пайда экономикалық бағалауға төзбейтін
білім беру және денсаулық сақтау сфераларында мемлекет белсенділікті
күшейтеді.
Сөйтіп, Вагнердің заңы нарықтық шаруашылықтың белгілі бір
шектеулілігін және экономикалық процестерді мемлекеттік реттеудің
қажеттігін дәлелдейді.
Мемлекет қаржысының функциялары экономикалық категория болып келеді:
бұл — бөлумен бақылау функциялары.
Алайда бөлгіштік фукциядағы мемлекеттің қаржысын неғұрлым толық
сипаттау үшін мемлекеттің реттеуші іс-қимылдарының қажеттігінен туындайтын
құрамдас қосалқы функцияларды бөліп көрсеткен жөн, бұл:
1) орналастыру;
2) қайта бөлгіштік;
3) тұрақтандыру қосалқы функциялары.
Орналастыру қосалқы функциясы қоғамдық тауарлар, игіліктер және
қызметтер көрсету нарықтық жүйе арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін
еместігінде, мемлекеттің оларды өндіру және халықты қамтамасыз ету үшін
ресурстарды бөлуі және орналастыруы қажет екендігінде көрінеді. Мәселе
шектеулі экономикалық ресурстарды жекеше және қоғамдық тауарлар
арасында оңтайлы бөлуде және олардың құрылымы мен мөлшерін таңдауда болып
отыр. Қоғамдық тауарлардың ресурстары көбінесе салықтардың есебінен
қалыптасатындықтан, жекеше, рыноктық тауарларды өндірудің мүмкіндіктері
шектелінеді, оңтайландыру проблемалары фискалдық саясат үшін қиын болып
көрінуі мүмкін.
Түрлі фискалдық құралдар арасында бөлініс көбінесе тікелей мыналар
арқылы орындалады:
1) табысы төмен үй шаруашылығын қаражаттандыруды жоғары табыстарға үдемелі
салық салумен ұштастыратын салықтық -трансферттік тәсімі арқылы;
2) баламалы түрдегі бөлініс жалдаушылардан төмен табыс болатын тұрғын үй
сықылды қоғамдық шаруашылықты қаржыландыру үшін пайдаланылатын прогрессивті
салықтар арқылы орындалуы мүмкін;
3) ақырында, қайта бөлуге табысы төмен тұтынушылар пайдаланатын басқа
тауарларды қаражаттандыруды көбінесе жоғары табысты тұтынушылар сатып
алатын тауарларға салынатын салықтармен ұштастыру арқылы жету мүмкін.
Саясаттың баламалы құралдарын таңдауда тұтынушылардың немесе
өндірушілердің таңдауға араласуы болғанда көтерілетін толық нәтижеленетін
ысыраптар немесе тиімділік шығындары есепке алынуы тиіс. Салықтық -
трансферттік механизм арқылы қайта бөлудің жеке тұтыну немесе өндірістік
таңдауға кедергі жасамайтын артықшылығы болады. Алайда тіпті бұл механизм
де тиімділік шығындарысыз емес, сондықтан жанжалды теңдік пен тиімді
мақсаттарды теңгеруді табу қажет. Жүргізілетін оңтайлы саясат мүдделердің
екеуіне қолданылуы тиіс.
Тұрақтандырудың қосалқы жүйесінің іс-әрекеті сыртқы сауда мен төлем
балансының жай-күйінің нәтижелерін ескере отырып, жоғары жұмыспен қамтуға,
бағаны тұрақтандыру мен экономикалық өсудің қолайлы дәрежесін қамтамасыз
етуге саяды. Сонымен бірге мемлекеттік бюджеттің шығыстары және салық
салудағы өзгерістер бойынша қатаң не шектеулі шараларды қолдана отырып,
мемлекет жиынтық сұранымға ықпал жасайды.
Мемлекет қаржыларының экономикалық мазмұны бірыңғай емес: олардың
құрамында жеке оқшауланған буындар бөлінеді, олардың әрқайсысы өзгеше
функцияларды орындайды.
Мемлекеттің қаржысы республикалық және жергілікті деңгейлерде іс-
әрекет етеді жәнс мемлекеттік бюджетті, бюджеттен тыс қорларды, мемлекеттік
кредитті, мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар мен ұйымдардың
қаржыларын кіріктіреді. Аталған буындардың түрлі функциялық арналымының
арқасында мемлекет экономикалық, әлеуметтік, саяси процестердің үлкен
спектріне, сапалық және аумақтық проблемаларды шешуге ықпал етеді.
Экономикалық және әлеуметтік сфераға мемлекеттік басшылықтың деңгейіне
қарай мемлекеттің қаржысы жалпымемлекеттік (республикалық) және жергілікті
(муниципалдық) қаржылар болып бөлінеді.
Функциялық арналымы бойынша мұндай сан алуан қаржылық байланыстардың
арқасында мемлекет аумақтық, сондай-ақ салалық аспектілерде көптеген
экономикалық және әлеуметтік процестерге ықпал жасай алады.
Егер қаржы қатынастарын топтастыру кезінде мемлекеттің экономика мен
әлеуметтік процестерге басшылық жасау деңгейіне сүйенетін болсақ, онда
Қазақстан Республикасындағы мемлекет қаржысының құрылымын шамамен мынадай
түрде көрсетуге болады (10.5 сызба).

Мемлекет қаржысының құрамында республикалық және жергілікті
деңгейлерде қалыптасатын бюджеттік қатынастар мен өзара байланыстар маңызды
рөл атқарады. Бюджеттік қатынастар көмегімсн мемлекеттік құрылымдардың
қарамағына қаржылық әдіспен қайта бөлінетін ұлттық табыстың едәуір бөлігі
жұмылдырылады. Түрлі деңгейдің бюджеттері - республикалық, жергілікті
бюджеттер тиісінше өкімет пен басқарудың республикалық және жергілікті
органдары үшін тірліктің қаржы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құйылым шығындары
Мемлекет қаржысының жалпы сипаттамасы
Мемлекет қаржысы туралы
Мемлекет қаржысы
Мемлекеттік қаржы туралы
Мемлекеттің экономикалық қызметі туралы
Мемлекеттің экономикалық қызметтері
Мемлекеттің экономикалық қызметі
Қаржы нарығының қалыптасуы мен дамуы
Мемлекеттің қаржысы
Пәндер