Саяси нормалар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

келеді?-деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келеді.

Енді мемлекеттің және құқықтың пайда болуы туралы теориялардың мазмұнына қысқаша тоқталып өтейік.

Теологиялық теория - мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді.

Табиғи теория - бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауынша, мемлекетті, қүқықты ешкім ойлап тапқан жоқ, олар адамның өзі сияқты табиғаттан бастау алып, әділеттілікке негізделген абсолюттік ұғымдар деп атайды.

Тарихи теория - осы теорияны үстанғандар мемлекет пен құқық тарихтан бастау алып, тарихпен бірге жетілді дейді.

Патриархалдық теория - мемлекет адамдардың отбасы тәжрибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы басшысы бірте-бірте мемлекеттің басшысына айналған. Отбасы басшысы - әке, мемлекеттің басшысы -монарх.

Психологиялық теория - адамдардың психология-лық біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі - бәрі келісіп, ұжымдық түрде басқарады деген түжырымды қолдайды және тағы басқалар.

Қазақ жерінде алғашқы қауымдық қоғам заманында рулық қауым пайда болып, үзақ ғасырлар бойы адамдар туыс, қандастығы үйымның шеңберінде өмір сүрді. Бұл аймақта мекендеген көшпелі тайпаларда мемлекеттің құрылуы ғасырларға созылып, ол ерекше күрделі түрлер арқылы қалыптасты, ал барша жүрт ертеден келе жатқан ауызша заңдар жүйесі "әдет" заңына бағынып келген.

1465 жылы тарихта түңғыш дербес қазақ хандығының негізі қаланып, Жәнібектің үлы Қасым ханның тұсында көркейіп, қуатты мемлекетке айналды. Қасым хан қазақтың құқықтық әдеттерін жүйелеп "Қасым салған қасқа жолды" түжырымдап берді. Ол бес тараудан туратын:

1. Мүлік заңдары (мал } мүлік, жер дауы мәселелері) .

2. Қылмыс заңдары (кісі өлтіру, ел шабу, мал талау, урльщ мәселелері) .

3. Әскери заңдар (цосын, аламан, әскери міндет, түлпар ат, цара цазан мәселелері) .

4. Елшілік жоралары (майталмандъщ, шешендік, сыпайыльщ, әдептілік) .

5. Жүртшылық заңы (ас, той, мереке, жасауыл және т. б) .

Қоғамның даму барысы қазақ заңдарының одан әрі жетілуіне әкеп соқты. Осындай міндетті Есім хан (1598-1645 жж. ) бүрынғы қазақ заңдарына, әдеттеріне жаңадан дем беріп, әсіресе, әскери заңдардың беделін күшейтті. Бұл әрекет жоңғар қалмақтарының бас-қыншылығына тойтарыс беруге бағытталды. Есім хан өзінің заңдар жинағында ежелгі қүқықтық әдеттерді қаз-қалпында сақтағаны үшін оған халық "Есім ханның ескі жолы" деген ат берді.

Өз заманында Тәуке хан (1680-1718 жж. ) дәуір ыңғайына сай бейімдеп қазақ заңдарын жинап, топтастырып, мемлекеттік дәрежеге көтерді. Тарихта бүл заңдар "Тәуке ханның жеті жарғысы" деген атпен белгілі. Жеті жарғыда бүрынғы әдеттерге қосымша жаңа ережелер, қағидалар енгізілді.

Бүл тарихи құжатта мемлекеттік, әскери іс, шаруашылық, қылмыс, діни, жүртшылық, отбасы және неке мәселелері қамтылды.

1. 3. Мемлекеттің негізгі түсініктері

Қазіргі заманғы мемлекет - қоғамның қалыпты тір-шілігі мен дамуын қамтамасыз ететін, өзінде түрып жатқан азаматтар мен халықтардың қүқықтарыи, бостандықтарын әрі заңды мүдделерін қорғайтын, мемлекеттің өз ішіндегі және сыртқы даулар мсн жанжалдарды шешетін институт. Мемлекет - белгілі бір аумақ шеңберінде халықты өз ырқына көндіріп отыратын, бүкіл қоғам атынан ішкі және сыртқы саясатты жүзеге асыратын, барлық халыққа міндетті заңдар мен ереже-қағидаларды шығарып қабылдайтын, халықтан салық жинайтын ерекше қүқылы саяси үйым.

Мемлекеттің белгілеріне мыналар жатады:

1. Мемлекеттік билік - ерекше көпшілік билігі, яғни халық билігі.

2. Мемлекеттің халқы әкімшілік жүйеге бөлінеді, Азаматтары шекарасы белгіленген әкімшілік-террито-рияның аумағында түрады.

3. Ішкі және сыртқы саясатын жүргізуде тәуелсіз.

4. Билік жүргізетін органдарының болуы. Бүл орган-дарда тек қана басқару қызметімен шүғылданатын адамдар болады.

5. Заң шығару қүқығы болады және заңдарды мемлекеттің аумағында түратындардың бүлжытпай орындауы.

6. Мемлекеттің басқару органдарының аппаратын үстауы және әлеуметтік мәселелерді шешу үшін салық жинауы.

Мемлекеттің нысаны көбіне ушке бөлінеді: бас-қару нысаны, мемлекеттік қүрылымының нысаиы және саяси режим.

Басңару нысаныиа оның жоғарғы, орталық және жергілікті органдарының қүрылу жолдары, олардың қарым-қатынасының принциптері және оларды сайлау-дың түрлері мен ерекшеліктері жатады.

Мемлекеттің басқару жолы монархия және республика деп екі түрге бөлінеді. Монархияда жоғарғы билік бір адамиың қолында болады және бүл билік мүрагерлікпен беріледі. Мысалы, оған жататындар Англия, Бельгия, Норвегия, Швеция, Жапония және Дания елдері.

Егер мемлекеттерде жоғарғы және төменгі орган-дардың бәрі сайлаумен белгілі бір мерзімге қүрылатын болса, осындай мемлекеттік басқару формасы респуб-

лика деп аталады. Казіргі кезде республиканың екі түрі кездеседі: президенттік - (АҚШ, Франция, Ресей, Түркия, Қазақстан т. б. ) және парламенттік республи-калар - (Италия) .

Мемлекет нысанының екінші элементіне мемлекет-тік ңурылымының нысаны жатады. Бүл - мемлекеттің жергілікті әкімшілікке бөлінуі, сол бөлімдердің бір-бірімен қатынасы және мемлекет пен бөлімдердің арасындағы байланыстары. Мемлекеттер осы бойынша унитарлық, федеративтік және конфедеративтік болып үшке бөлінеді. Мысалы: Қазақстан Республикасы унитаралық мемлекет - оның жері түтас, ол бөлінбейді және оған қол сүғуға болмайды.

Мемлекеттің нысанының соңғы элементі - саяси режим. Мемлекеттің саяси режимін, оның қолданатын әдістерінен, азаматтарды қүқықтары мен бостандық-тарының дамуы және кепілдіктері, демократиялық институттарды қолдануынан білуге болады. Саяси режим демократиялық, демократияға қарсы болған режим-дер болып бөлінеді.

Енді мемлекеттің қызметтеріне келсек, ол күрделі екі топқа: ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

Мемлекеттің ішкі қызметтеріне:

- экономикалық;

- әлеуметтік;

- қаржы реттеу;

- мәдениет бағытындағы;

- экологиялық;

- қүқықтық тәртіпті реттеу жатады. Сыртқы қызметтеріне:

- шет мемлекеттермен екі жақты пайдалы қарым-қатынастарды дамыту;

- мемлекетаралық саяси ынтымақтастықты дамытып, жақсарту;

- мәдени және ғылыми-техникалық ынтымақтас-тықты қалыптастыру;

, - дүниежүзілік ғаламдық мәселелерді реттеп, іске асыру; - мемлекеттің қорғанысын, қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және т. б. жатқызуға болады.

Құқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан негізгі мақсаты болған. Көне дәуірдің ойшылдары: Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Цицерон құқық пен мемлекуеттің өзара қатынасын инабаттылық, парасаттылық, әділеттік жол-мен дамуын армандады. Аристотель: заң үстемдігі болмаса, демократия жоқ - деді. Қазіргі заманда құқықтық мемлекет туралы пікір жан-жақты дамып, дүние жүзінің ғалымдары бір тұжырымға келіп, ортақ ғылыми көзқарас қалыптасты деуге болады.

Қүңыңтық мемлекеттің негізгі сипаттары:

1. Заңның үстемдік етуі.

2. Мемлекеттік биліктің бөлінуі.

3. Түлға мен мемлекеттің өзара жауаптылығы.

4. Азаматтардың қүқықтары мен бостандықтарының шын мәнділігі, олардың қүқықтық және әлеуметтік қорғалатындығы.

5. Саяси және идеологиялық плюрализмнің болуы.

6. Азаматтық қоғамның қалыптасуы.

7. Ішкі заңдардың көпшілік таныған халықаралық қүқықтық нормалар мен принциптеріне сәйкес келуі. Адамдар "заңның қүлы" болмайынша қүқықтық тәртіп те, демократия да жақсы дамуға тиіс емес, Бұл туралы өмір тәжірибесінен қалыптасқан өсиет сөз бар:

Заң - мемлекеттің ақылы.

Сот - мемлекеттің жүрегі.

Мәдениет - мемлекеттің тәртәбі.

Міне, осы үш қагидалы өсиет өзара бірігіп, қалып-тасып жәие мемлекеттің ішкі заңдары көпшілік таныған халықаралық қүқықтық нормалар мен принциптерге сәйкес келсе, елімізде қүқықтық мемлекет орнайды. Қорыта айтқаида, құқықтық мемлекет дегеніміз - жеке тұлға мен қогам мүддесін қорғайтын, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне иегізделген мемлекет.

1. 4. Құқық туралы негізгі түсініктер

Норма дегеніміз - бір қатынасты реттеп, басқаратын ереже. Нормалардың қоғамда қалыптасқан екі түрі бар: әлеуметтік нормалар мен техникалық нормалар.

Қоғамдағы көптеген қарым-қатынастарды реттеп, басқарып отыратын негізгі құрал - әлеуметтік норма-лар. Әлеуметтік нормалар адамдардың іс-әрекетінің, мінезінің, тәртібінің қоғамдық ережесі болғандықтан қоғамды басқарудың, қатынастардың қүралына айналды.

Бұл нормалардың негізгі түрлері:

• Құқық нормасы.

• Моральдық нормалар: жацсы-жаман, дурыс-бурыс, әділеттік-әділетсіздік, достыц-цастыц, ынабат-тылъщ, парасаттылъщ, адамгершілік т. б. цасиеттер.

• Саяси нормалар.

• Эстетикалых нормалар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Конституциялық-құқықтық нормалар, институттар мен принциптер
Қоғамдағы әлеуметтік нормалар
Әлеуметтік нормалардың ішіндегі моральдық нормалардың мәні
Қоғамдық қатынастарды реттеуі
Қоғамдық қатынастарды нормативтік реттеу жүйесі
Әлеуметтік нормалар
Алғашқы қауымдық қоғамдағы биліктің және құқықтық нормалардың ерекшеліктерін көрсетіп құқықтық сипаттамасын беру
Әлеуметтік нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуші ретінде
Құқықтық әдет ерекшеліктері
Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны мен ролі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz