МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЛАУ МЕН СӨЙЛЕУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 3

1 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЛАУ МЕН СӨЙЛЕУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
АСПЕКТІЛЕРІ 6
1. 1 Мектепке дейінгі балалардың ойлау мен сөйлеудің теориялық
талдамасы 6
1. 2 Ойлау мен сөйлеудің түрлері және оның даралық ерекшеліктері
11
2 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ ЕСТІҢ ЖӘНЕ ОЙЛАУДЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2. 1 Мектепке дейінгі балалардың логикалық ойлау қабілетін
арттыру 18
2. 2 Мектепке дейінгі балалардың сөйлеуінің психологиялық
ерекшеліктері 18

Қорытынды 20
Қосымша
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 25
27
31

Кіріспе

Адамның өз өмір тіршілігі мен күнделікті іс−әрекетінде әр алуан
мәселерді шешіп отыруына тура келеді. Осындай мәселелер мен күрделі істерді
шешу жолында кездесіп отыратын қиыншылықтар қоршаған ортамазда бізге әлі де
беймәлім құбылыстар мен сыры ашылмаған нәрселердің көп екендігін көрсетеді.
Соған орай, біз дүниенің сыр – сипатын ұғыну үшін заттар мен құбылыстардың
өзара қатынастарының құпиясын тереңірек білуді, оларды ашып көрсетуді
мақсат етеміз. Міне, осындай мақсаттарға жету жолында әрбір адам өзінің
әрекетінде заттар құбылыстардың өзара қатынастарының құпиясын тереңірек
білуді , оларды ашып көрсетуді мақсат етеміз. Міне, осындай
мақсат–мүдделерге жету жолында әрбір адам өзінің іс–әрекетінде заттар мен
құбылыстардың белгісіз қасиеттерін , тәжірибесі мен білімнің шама–шарқының
жеткіліксіздігін аңғарады. Өйткені, әлем шексіз, оған орай дүниені танып
білу де шексіз. Адамның ойы сол шексіз әлемдегі нәрселердің сырын, құпиясын
білуге бағытталады. Әрбір адам ойланып–толғанғанда өзіне беймәлім
нәрселердің сырын ашып, жаңалықты біледі. Мысалы, бала оқу материалының
мәнін түсініп, есеп шығаратын болса – мұның өзі оған ешқандай жаңалық болып
көрінеді.
Сонымен, ойлау дегеніміз – әлеуметтік жағдаймен ұштасқан , тілімен
тығыз байланысты психикалық үрдіс, сол арқылы болмыстың, дүниедегі
нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі. Бұл бейнелену адам ойының талдау
және біріктіру әрекеттері арқылы танылады. Бір сөзбен айтқанда, ойлау –
сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама жолмен біздің санамыздағы ең биік
сатыдағы бейнесі. Ойлау адамның өмір тәжірибесі мен практикалық
іс–әрекеттері нәтижесінде пайда болып, тікелей сезім үрдісінің шеңберімен
әлдеқайда асып түседі.
Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау
танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды.
Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ойлау сезімдік
мағлұматтардың негізінде ғана мүкін болатын нәрсе. Елестерде жалпылағыш
элементтер мол болғанмен , оның таным мүмкіндігі ойладан әлдеқайда төмен.
Ойлаудың қамтитын шеңбері өте кең.
Ойлау – сұраққа жауап қайтарудан , мәселені шешуден, оның мәнісіне
түсіне білуден жақсы байқалады. Мәселен, Сырдария Арал теңізіне құяды
деген сөйлемде ой тууға негіз боларлықтай түрткі жоқ. Мұнда біреуден
естіген, көрген–білген мағлұматтарды жәй қайталау бар. Ал, затты өнерінен
адамның ой процесінің ерекшеліктері жақсы байқалады.
Адамның ойы әрқашан да сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге
пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз
күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі.
Ойлау мен бірдей нәрсе деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс
емес. Ой – сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы, сөз – ойды басқа
адамдарға өзінен бұрынғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қала
алды, ойды өмірді онан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланды.
Бала тілі шықпай тұрған кезде ойлай алады. Нәресте айналасындағы
дүниені бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы танып біледі. Ойлаудың бұл
түрі оның танымын онша кеңіте алмайды. Баланың тілі шығып, сөз арқылы
үлкендермен қарым– қатынасқа түскенде ғана оның ойлау шеңбері кеңейетін
болады.
Сөз бен ойдың бірлестігі алғашқы адамдардың психикасында да үлкен орын
алған. Сөзбен ойлаудың арқасында ғана олар бірінің білмегенін екіншісі
біліп, ақыл– ойын молайта түскен. Тіл мен ойдың бір– бірімен тығыз
байланыста болатындығын халық ерте кездің өзінде– ақ – байқаған. Мәселен,
халқымыздың Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түсімде деген
мақалы адамның басындағы ойы тілінен көрінетіндігін, ал тілдің өзі адам
психологиясын байқататын тамаша құрал екендігін жақсы көрсетеді. Сөйтіп,
ойдың дамуы адамның нақтылы іс– әрекетімен шарттас болумен қатар, оның
сөйлеу мәдениетін меңгере білуімен де , сөз өнеріне жетілуімен де тығыз
байланысты Адам өзінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен
пікірлеседі, ой алмасады. Адам баласының сана сезімінің дамуында дыбысты
тілдің пайда болуының маңызы зор болды. Көптеген жазушылар сөйлеу немесе
сөз жөнінде өз пікірлерін айтқан. И. М. Сеченов былай дейді: “Бес жастағы
баланың ойы сөзбен немесе сыбырлап сөйлеумен немесе тіпті тілдің қозғалуы,
еріннің жабырлауымен айтылады. Мұның өзі ересек адамдарда да (тек түрлі
дәрежеде болуы мүмкін) жиі кездеседі. Мен тіпті өзімнен де білемін: ойымның
ауыздың жабық, қозғалмайтын күйінде тілсіз сөйлеумен, яғни ауыз қуысында
тілдің бұлшық еттерінің қозғалуымен қоса қабаттасуы өте жиі болады. Барлық
жағдайда да басқалардың алдында бір ойға баса назар аударғым келсе, оны
алдымен дереу сыбырлап айтып аламын”. Ішкі сөйлеу өте қысқа, икемді болып
келеді. өйткені, адам әр кез өз ойлауының мазмұнын жақсы билеп отырады.
Менің ойымша әр адамда әрқалай болады. Кейбір адамдар бір ойлағанын ұзақ
ойлап, сол туралы ішінен пікір айтуы қысқа болады, ал кейбіреулерінде
керісінше ұзаққа созылуы мүмкін. Әр адам ойлағанын іштей сөйлеп жүреді. Бір
адаммен келіспей қалса да іштей ол адамды жамандайды да, ұрысады да, қазір
барып былай айтамын, ананы айтамын, мынаны айтамын деп отырады.
Физиологиялық тұрғыдан сөздің мєнін И. П. Павлов былай түсіндіреді:
“Егер айналадағы дүниеден алынатын біздің түйсіктеріміз бен елестеріміз
шындықтың бірінші сигналдары болып табылатын болса, онда тіл ең єуелі
сөйлеу органдарынан ми қабығына баратын кинестезиялық тітіркенулер екінші
сигналдар – сигналдардың сигналы болып табылады. Олар шындықтан
дерексіздену болып табылады да жалпылауға мүмкіншілік береді, ал бұл соңғы
бізге ғана тєн ең жоғары ойлауды құрайды” Павловтың осы айтқан сөздерінен
біз байқаймыз ол тілді сөйлеу органдарынан ми қабығына баратын
кинестезиялық тітіркенулермен салыстырады. Француз ғалымы Брока “адамдардың
ми сыңарларының сол жақ бөлігінде нерв орталығы бар. Ол адамның дыбыстап
сөйлей алуын басқарып тұратын орталық. Сөзді қабылдау көптеген
анализаторлардың (көру, есту, қозғалыс) бірлескен қызметін қажет етеді”, -
дейді . Ал неміс ғалымы Бернике басқа біреудің сөзін есту мидың сол жақ
сыңарларындағы самай бөлігінің арт жағында орналасқан нерв орталығының
қызметіне байланыстылығын айтады. Француз ғалымы Брока мен неміс ғалымы
Берникенің айтқан сөздерін салыстыра отырып бір жағдайды байқауға болады.
Екеуі де адамның дыбыстап сөйлей алуын, сөзді қабылдауын, басқа біреудің
сөзін естуді нерв орталығының қызметімен байланыстырады. Екеуінің сөзінде
осындай ұқсастық бар.

1 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЛАУ МЕН СӨЙЛЕУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1 Мектепке дейінгі балалардың ойлау мен сөйлеудің теориялық
талдамасы

Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз
болады. Біз тікелей біле алмайтын заттармен құбылыстарды тек ойлау арқылы
ғана білеміз. Түйсік , қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен
құбылыстары жайлы қарапайым қортындылаулар жасалынады. Бірақ қарапайым
қортындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның
қажетті қатынастарымен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. Адамның ой-
әрекеті, әсіресе әр түрлі мәселелерді бір –біріне жанастыра отырып шешуде
өте жақсы көрінеді.
Ойлау дегеніміз –сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс
қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау
танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды.
Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтер өңдейді. Ойлау сезімдік
мағлұматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе. Елестерде жалпылағыш
элементтер мол болғанымен, . Таным мүмкіндігі ойлаудан әлдеқайда төмен.
Ойлаудың қамтитын шеңбері өте кең.
Адамның ойы әрқашанда сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге
пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз
күйінде білдірілгенде , ана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі.
Ойлау мен сөйлеу бірдей нәрсе деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою
дұрыс емес. Ой-сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғары формасы, сөз ойды басқа
адамдарға жеткізетін құрал. Ойдың сөз арқылы бейнеленуі арқасында адам
өзінен бұрынғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қала алды, ойды
өмірді одан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланды. Бала тілі шықпай тұрған
кезде де ойлай алады. Нәресте айналасындағы дүниені бірінші сигнал
жүйесінің қызметі арқылы танып біледі. Ойлаудың бұл түрі онын танымын онша
кеңіте алмайды. Баланың тілі шығып, сөз арқылы үлкендермен қарым-қатынасқа
түскенде ғана оның ойлау шеңбері кеңейетін болады.
Сөз бен ойдың бірлестігі алғашқы адамдардың психикасында да үлкен
орын алған. Сөзбен ойлаудың арқасында ғана олар бірінің білмегенін екіншісі
біліп, ақыл-ойын молайта түскен. Тіл мен ойдың бір-бірімен тығыз байланыста
болатындығын халық ерте кездің өзінде-ақ байқаған. Мысалы: халқымыздың
ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түсімде ; деген мақала адамның
басындағы ойы тілінен көрінетіндігін , ал тілдің өзі адам психологиясын
байқататын тамаша құрал екендігін жақсы көрсетеді. Сөйтіп, ойдың дамуы
адамның нақтылы іс-әрекетімен шарттас болумен қатар, оның сөйлеу мәдениетін
меңгере білуімен де, сөз өнеріне жетілуіменде тығыз байланысты.
Сөйлеумен тығыз байланыста жүріп отыратын ойлау процесі тек адам
баласының психикасына ғана тән пороцесс болып табылады. Кейбір
психологтардың (Л. Леви-Брюль) т. б. айтатынындай мәдени дамудан артта
қалған халықтардың ойлауы төмен , логикасы шорқақ дейтін теориялар ғылыми
жағынан дәйексіз болып есептелінеді. Адам ойлауының эволюциялық даму жолы
өте ұзақ. Ойлаудың ішкі мазмұны қоғам дамуымен бірге өзгеріп отырады. Қоғам
ілгері дамып, оның ғылымы мен техникасы өскен сайын жаңа ұғымдар пайда
болып, қалыпиасады. Бұрынғылары ескіріп қатардан шығады. Ғалымның әкелік
таратқан қуыршақтарына ер балаларда , қыздар да қатты қызығып, өздерінше
бөпе қылып әлдилеп, киіндіріп ұйықтатып ойнай бастайды. Бұған қарап қыз
балаларда биологиялық аналық түйсіктің оянғаны, ал ер балалар соларға
еліктеген ғой деуге болар еді. Шынында да, балалардың біразы қуыршақтармен
бір сәт қана ойнап, кейін жайына кетті. Ал басқалары қуыршақтардың қасынан
кетпей, ойындарын түрлендіре түсті. Ал бір ғажабы, ер балалар қуыршақпен
ойнауларын жалғастыра бергенде, бұл ойыннан тез жалыққан қыздар болды. Адам
сыртқы дүние құбылыстарының сырын көбірек білген сайын, оның ойлауы да
жетіле түседі. Қазір ойлаудың практикалық әрекетпен байланысқан сан-салалы
түрлеріпайда болды. Адам өз ойлауының ақтқаттығын, яғни шындығымен
құдіреттілігін , өмірге жарасымдылығын практика жүзінде дәлелдеуге тиіс. Ой
амалдары мен логикалық операциялар, оларды орындаудың белгілі ережелерімен
жүйесінің пайда болуы-адам ойлауының зор табысқа жетуінің , тарихи дамуының
нәтижесі. Ойлау заңдылықтары мен ережелері сансыз қайталаудың жәгне
тәжірибеде тексерілудің нәтижесінде адам санасында бекіп, зор шындыққа
айналды. Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесінде
туындап отырады. Адам ойлауының мазмұнын билейтін -объективтік шындық.
Ойлау өзіндік ішкі қарама-қарсы қайшылықтарға толы процесс. Бұл оның
дамуының және іске асуының қозғаушы күштері болып табылады. Ойлаудың пайда
болуында жаңа, белгісіз нәрселерге зекр салып, қызығудың да маңызы зор.
Адам әркез өзінің алдына мақсат, міндет қоя білуіқажет. Бұларды басқа адам
да қоюы мүмкін. Өмір тәжірибесімен білімі жеткілікті кісі алда тұрған
міндетті тез аңғарады да , мәселе қоя біледі, ой процесі бағытын анықтайды.
Бұдан соң мәселені шешу, яғни ойдың негізгі кезеңі басталады. Бұл адам
психологиясына ерекше әсер ететін өзекті , аса мәнді кезең болыпесептеледі.
Ойдың кей кезде шындықтан ауытқитын кездері де болады. Бұл адамды
шындықтағы құбылыстар жөнінде қате көзқарасқа, теріс пікірлерге де алып
келеді. Түйсік пен қабылдауға қарағанда ойлауда қателесуге мүмкіндік бар,
әйтседе ойлу құбылыстардың мәнін екі жақты (теория мен тәрбие ) бірдей
қарастырып, тереңірек біліпотыратындықтан, қабылдау мен елестерге қарағанда
әлдеқайда жоғары тұрады. Ойлау сыртқы дүниені мида бейнелеудің ең жоғары
формасы. Ғылыми техникалық процесс “ойлайтын “ машиналарды дүниеге
келтірді. Қазіргі есептегіш машиналар өз жұмысының нәтижесін бағалай алады,
программалардан нәрселерді үйрене де, оны жақсарта алуға да шамасы келеді.
Машиналар белгілі ережелерге сәйкес мәтінді бір тілден екінші тілге
аударады, сөйленіп тұрған сөзді машина тіліне яғни кодқа айналдырады. Бірақ
оқып үйрену қабілеті жөнінен машина адамнан аса алиайды. Машинаға қарағанда
адамның оқып үйренуі әлдеқайда жеңіл. Сөйтіп есептегіш машиналар қанша
“ақылды” болғанымен адам ойлауына пар-пар келе алмайды, адам ойлауы , оның
барлық психологиялық қасиеттері өз қасиеттерін мәңгі –бақи сақтап қалады.
Ойлау аса күрделі психикалық процесс. Оны зерттеумен бірнеше ғылым
айналысады. Бұлардың ішінде логика мен психологияның орны ерекше. Осы екі
ғылымның ойды зерттеудегі әдіс тәсілдерінде де өзіндік айырмашылықтар бар.
Мысалы: психология түрлі жас мөлшеріндегі адам ойының пайда болу, даму,
қалыптасу жолын, яғни жеке адамның ойлау еркшеліктерінің заңдылықтарын
қарастырса, логика бүкіл адамзатқа ортақ ой-әрекетінің заңдары мен
формаларын айқындайды. Адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым,
пікір, ой формаларының табиғатын зерттейді.
Адамның ең жарқын ерекшелігінің біреуі оның сөйлеу қабілеттілігі.
Сөз – адам психикасының өмір сүруінің аса маңызды факторы
қарымқатынас мүмкіндігінен айрылған адам ойдағыдай дами алмайды.
Сөйлеу дегеніміз өзі тіл арқылы ойымызды басқа біреуге дыбыстап немесе
граматикалық көрініс арқылы жеткізіп қарым-қатынас жасау.
Сөйлеу – пікір алмасу процесінде адамның белгілі бір тілді
пайдалануы. Бір тілдің өзінде сөйлеудің сан алуан формасы болуы мүмкін.
Сөйлеу жеке адамның арасындағы ара ара түсінусіді реттеу үшін, пікір
алмасу үшін қзмет етеді. Сөйлеу процесі арқылы адам өзінің білімін
практикалық тәжірибесін ғана байытып қана қоймайды. Сонымен қатар ғасырлар
бойы жинақталған қоғамдық тәжірибелі меңгеруге мүмкіндік алады.
Адамға тән сөйлеу әрекеті екі түрлі сипатта болады бұларсыз сөйлеу өз
қызметін дұрыс атқара алмайды.

Ойлаудың мазмұны

Ойлау формалары
Ойлау ой операцияларымен қоса ой формаларынан да тұрады. Ойдың
бастапқы формасы болып ұғым есептеледі. Ұғым дегеніміз заттар мен
құбылыстар туралы ой. Ұғымда заттардың жалпы және негізгі қасиеттері
белгіленеді. ( Мәселен, балабақша, бала, тәрбиеші т. б. әр текті ұғымдар).
Ұғымдар арқылы адам танымының ұзақ процесінің нәтижесі қорытылады.
Адамның ұғымдары қозғалмайды емес, қайта мәңгі қозғалып тұрады, бірі
екінщісіне құйылып отырады, мұнысыз олар нағыз өмірді көрсетпейтін болады
.
Ұғымдар дара және жалпы болып екіге бөлінеді. Мәелен, Шымкент қаласы
, Ғ. Мұратбаев дара ұғым болса, кітап , адам т. б. жалпы ұғым
болады. Кейде жинақтаушы ұғым да болады. Мәселен, жиналыс ( студенттер
жиналысы), кітапхана ( балалар кітапханасы ) т. б. Бала балабақшаға
келгенсін ғылыми ұғымдарды меңгере бастайды, оның білім, дағдыларының түсуі
ғылыми ұғымдардың негізін меңгере білуге қолайлы жағдай жасайды. Баланың
логикасын дамыту, ұғымдарын өсіру – науқандық жұмыс емес. Ол әрбір сабақ
үстінде, балабақшадағы барлық тәлім-тәрбие процесінің барысында ұдайы
жүргізілетін жұмыс.
Мұнда балалардың жас ерекшелігі де қатты ескеріледі. Мәселен, екінші
топ балаларына сөз таптарын түсіндіргенде, математика сабағында бөлінгіш
, бөлгіш сияқты ұғымдардың бірінен-бірі олардың өзіндік белгілеріне
қарай ажыратқызса, бала ұғымының қалыптасуы ойдағыдай жүріп отырады. Кез
келген ұғым – жалпылай алудың нәтижесі. Мектепке дейінгі балалары
құбылыстардың сырттай ұқсастықтарына көбірек мән жасалады. Мәселен, кіші
топ балалары китті көбінесе балық деп санайды. Өйткені киттің суда
жүзетіндігі, сыртқы түрі балыққа ұқсас екендігі рас. Тәрбиеші киттің ауамен
дем алатынын, балаларын сүтпен қоректенетінін айтып түсіндіргенде де бала
оны балықтың бір түріне жатады деп ойлайды. Соның нәтижесі мына төмендегі
кестеде беріліп отыр.

Төртінші топтағылардың жалпылауынан заттың ішкі мәнін, оның негізгі
ерекшеліктерін, байланыстыратын бейнелей алушылықты байқауға болады.
Мәселен, олар, су, ауа, металл т. б. денелердің қысым ұлғаюшылық секілді
жалпы белгілеріне қарап, бұларды өлі табиғат, ұғымына, ал өсімдіктерді
өсіп отыратындығына байланысты тірі табиғат ұғымына жатқызады.
Ойлаудың күрделі формаларының бірі ─ ой қорытындылары. Ой
қорытындылары дегеніміз бірнеше пікірлерден жаңа бір пікір шығару тәсілі.
Қорытынды шығару үшін оны белгілі тәртіпке бір – бірімен байланыстыруымыз
қажет. Қатар тұрған кездейсоқ пікірлерден қорытынды шықпайды.
Ой қорытындыларының үш түрі болады. Біріншісі – дедукциялық, екіншісі
– индукциялық, үшіншісі – аналогиялық ой қорытындысы деп аталады. Мәселен,
біз тірі организмдер оттегі жоқ жерде тіршілік ете алмайды, ал балық тірі
организмнің бірі десек, олай болса, балық оттегі жоқ жерде тіршілік ете
алмайды.

1. 2 Ойлаудың мен сөйлеудің түрлері мен даралық ерекшеліктері

Адам әрекет еткенде мазмұны жағынан да, шешу тәсілі жағынан да алуан
түрлі мәселелермен кездеседі.
Практикалық ойлау. Машина моторының неліктен бір қалыпты жұмыс
істемей тұрғандығын білу үшін шофер капотты көтереді, мотордың қызуын
байқайды, контактілерді тексереді, егер қажет болса сымдардың ұшын
тазартады, кей жерлердегі шайбаларды нықтайды. Ойдың бұл түрін практикалық
немесе әрекетті деп атайды. Ол міндеттің көрнекі, нақтылы түрде берілуімен
сипатталады. Оны шешу әрекері практикалық әрекет.
Нақтылы ойлау. Мәселені шеше отырып адам өзінде бар көрнекі
бейнелерді пайдаланса, нақтылы бейнелік ойлау көрініс табады. Керек жерге
қай жолмен тезірек жетуге болатынын ойластырған адам барар жолдың барлығын
көрнекі бейнеменен елестетіп шығады. Ол олардың әрқайсысының ұзақтығын, жол
сипатын, жүріп өтуге кететін уақытын салыстырып талдайды, мәселені ойша
шешеді.
Теориялық ойлау. Егер мәселе теориялық түрде қойылса, оны шешу
абстракциялық ұғымдарды, теорияларлық білімдерді пайдалану талап етеді.
Мәселен, балаға оқыған шығармасының әдеби қаһармандарының барлық нақтылы
қылықтарын талдаудан өткізуді, оларды борыш, намыс, берілгендік т.
б. сияқты ұғымдармен берілетін қоғамда қабылданған мораль нормаларымен
салыстыруы қажет.
Адам ойлауына тән жалпы заңдылықтар болғанмен, жеке адамның ойлау
әрекеті даралық ерекшеліктерге толы. Әрбір адам бірінен- бірі ойының
кеңдігі немесе тарлығы, орамдылығы, ұшқырлығы, дербестілігі, оның логикалық
жүйелілігі, сыншылдығы т. б. сапаларымен ажыратылады.
Ойының кеңдігі бар адам еркін ойлайды, мәселені, ескі әдетпен,
үйреншікті жолмен шешпейді. Ой- парасаты кең адам мәселені түрліше
әдістермен шешеді, бұрын сыналып қате деп табылған әдіске жоламайды. Ой-
өрісінің кеңдігіне қарама-қарсы қасиет ойдың тарлығы. Мұндай адам мәселені
шешуге шорқақ, ойға шабан, ол баста ойына келген бір әдісті шырқ
айналдырады да жүреді. Барлық ойлау әрекетіне тән басты қасиеті нәрселердің
мән- жайын дұрыс ұғынып, олардың жалпы заңдылықтары мен өзара байланысын
ашып беруге қабілетті болатындығы. Мұндай әрекет ойлау жүйесін жетілдіріп,
адамның ақыл-ойын өрістетеді. Адам ойлауының дамуына ықпал етуге бір мақсат
- ойлау әрекетінің жасампаздық қасиетін арттыру, сөйтіп, адам ойының
мүмкіндіктерін толық пайдалануды жүзеге асыру болып табылады.
Адамдар құбылыстар арасындағы немесе біртектес құбылыстардың қайсыбір
тобының өз ішіндегі ең терең және ең негізгі себептік тәуелділіктерді
ашқаннан кейін, өздері ашқан заңның анықтамасын береді.
Тілдің сөздік және грамматикалық формаларында адам ақылымымен ашылған
барлық тәуелділік, байланыс, қатынастар көрініс береді. Ойдың таным сатысы
ретіндегі де , процесс ретіндегі де барлық ерекшеліктері ойлау мен
сөйлеудің осы тұтастығынан туындайды.
Сөйлеу түрлері
Адамның сөйлеу әрекеті түрлі белгілеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді.
Біріншіден, сөйлеу күрделілігіне, өзінің психикалық және физиологиялық
механизміне орай, көпшіліктің бірге қосылып айтатын сөзі – хормен сөйлеу –
және қарапайым түрде қайталау болып отыратын – жаңғырық сөзі болып
бөлінеді. Осы негізде сөздер атаушы сөздер мен коммуникативті сөйлеу болып
та бөлінеді. Ал сөйлеудің жоспарлы түрде мақсат-міндеттерді көздейтін түрі
бағдарлы сөйлеу делінеді. Бұл орайда, сөздер үнемі бағдарлы түрде айтылатын
активті сөйлеу мен сөйлеудің құрылысын талап ететін реактивті сөйлеу болып
жіктеледі. Сондай-ақ, сөйлеудің тағы бір түрі қосалқы сөз деп аталады.
Сөйлеудің қосалқы түрі сөйлеудің қалыпты құрылысын қатаң талап етпесе де,
өздігінен сөйлеу түрі болып саналады. Қосалқы әрекетін топтастырып
ажыратуда ерекше маңызы бар жайт – сөйлеудің еркін болуы. Бұл сөйлеуді
топтастырып бөлудегі үшінші негіз болып саналады. Ал төртінші негіз бойынша
сөйлеу сыртқы және ішкі белгілеріне орай жіктеледі. Осы негізге сүйене
отырып, сөйлеуді сыртқы сөз – дауыстап естіртіп сөйлеу және іштей сөйлеу
деп екі топқа бөлеміз.
Сөйлеудің адамдар әрекетінде жетекші қызмет атқаратын түрі –
коммуникативті сөйлеу. Ол күнделікті қарым-қатынас барысында кеңінен
қолданылады. Сөйлеудің бұл түрі: а) монологтық сөйлеу, ә) диалогтық сөйлеу.
б) үнсіз сөйлеу, в) жазба сөз болып төрт топқа бөлінеді. Сөйлеудің бұл
салаларының әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.
а) Монологиялық сөйлеу – сөйлеу әрекетінің кең тараған түрі. Мұнда
айтылуға тиісті ой-пікір толық сипатталып, ұзағынан айтылады, әрбір жайт
пен жағдай тыңдаушыларға жете түсіндіріледі. Соған орай ол жүйелі, дұрыс
ырғақты, екпінді, бет, дене құбылыстары мен қимыл-қозғалыстар арқылы
қажетті сөздерді өзгелерге жеткізудің әдіс-тәсілдерін қамтиды.
ә) Диалогтық сөйлеу – оқиға мен болмыс көбінесе, нақты тақырыпқа
құрылып, әрбір сөйлем мен сөз алғашқы айтылған ойды ұштастырады. Бұл –
сөйлеудің ұтымды бір түрі.
б) Үнсіз сөйлеу – адамның практикалық іс-әрекеті мен теориялық ой-
пікірі жоспарланып, белгілі жүйеге салынуы. Мысалы, бір жерге бару үшін
адам немен барады, қалай барады, алдымен соның бәрін жоспарлап алады. Мұнда
ой талқысы, талдау сияқты әрекеттер болады. Іштей сөйлеуде адамның ерні
жыбырлап, тілі қозғалады, дыбыс сыртқа шықпайды. Ішкі сөйлеудің
психологиялық мәселелері психолог А. Н. Соколовтың зерттеулерінде
қамтылған.
в) Жазу сөзі – мұны монологтық сөйлеудің бір түрі деуге болады. Жазу
сөзі ауызша сөйлеуге қарағанда, ой-пікірді кеңінен, жүйелі, ерікті түрде
жеткізеді. Сөйлеу әрекетін үйретуді жазба сөзден бастаған дұрыс. Жазба сөз
мәдениеті жоғары адам өз ойы мен пікірін ұтымды, бейнелі, әрі түсінікті
етіп білдіре алады.
Сөйлеу – тіл көмегімен түзілген адам аралық қатынас құралы. Сөйлеудің
келесі түрлері болады: сыртқы және ішкі сөйлеу. Сыртқы сөйлеу өз кезегінде
ауызша, жазба болып, ал ауызша – монологтық және диологтық болып бөлінеді.
Сөйлеудің барша түрлері өзара ықпалды қатынас түзеді. Сөйлеу
түрлерінің бәріне бірдей сипат – олардың сөздік дыбысталуында. Бірақ
олардың әрбірінің өзіндік ерекшеліктері бар. Тіл қатынассыз және заттасқан
тілдік процесс болмай, ешқандай ой, ойлау болуы мүмкін емес. Ауызша да,
әсіресе жазба сөздің дайындығы сөйлеудің іштей, адамның өзінен - өзі,
күбірлеп айтып шығуынан басталады, мұны ғылымда ішкі сөйлеу деп атайды.
Жоғарыда атағанымыздай, сыртқы сөйлеу ауызша және жазбаша болады.
Жазбаша сөйлеуде тілдік қатынас мәтін арқылы жанама болады.
Жазба сөйлеудің, ауызшаға қарағанда, мазмұны жинақты келеді.
Сөйлеудің жазба түрі жазба белгілер негізінде орындалады. Қазіргі кездегі
көп тілдердің дыбыстары әріптермен өрнектеледі. Жазба сөйлеу – естумен
қабылданатын тілдік дыбыстардың, көрумен танылатын әріптер мен адамның
тілдік әрекеттерінің күрделі байланысынан құралатын процесс. Жазба
сөйлеудің ауызша сөйлеуден кейін пайда болып, әрі соның негізінде
қалыптасатынын түсінеміз.
Біреудің дыбыстауынан құлағымызға жеткен сөз ауызша сөйлеу деп
аталады. Ауызша сөйлеуде кеңістік және уақытқа байланысты біраз шектеулер
болады.
Ауызша сөйлеу – диологтық және монологтық түрде болады. Диологтық
сөйлеу әңгімелесушілердің өзара қысқа сөз алысуы, түзілетін сөйлемнің
құрылым толық болмауымен ерекшеленді.
Монологтық сөйлеу ұзаққа созылады, ортаға қыстырма сөздер қосылмайды,
алдын ала көп дайындықты талап етеді.
Монологтық сөйлеу диологтыққа қарғанда қиындау, сондықтан оның толық
фомасы адамзат тарихында кейінірек қалыптасқан. Ал мұндай сөйлеу түрін
балаларда қалыптастыру үшін тәрбиешілер арнайы міндеттерді жүзеге келтіре
отырып, еркін әрі мәнді сөйлеу тәрбиесін бүкіл оқу процесінде үзбестен
жүргізіп барады.
Әрқилы негізгі ойлау түрлері.

Ойлаудың ерекшеліктері.

Ойлаудың физиологиялық ерекшеліктері

Сөйлеу – тілдестік байланыстың ең өнімді әмбебап құралы, себебі мұның
жәрдемімен берілген ақпарат мағыналық толықтығын жоғалтпайды. Сөз бен
сөйлеу арқылы ақпарат таңбалық бекімін тауып, қажет кезде мағыналық шешімге
келеді.
Сөйлеу арқылы тек қана ақпарат жүрісі орындалып қалмастан,
әңгімелесушілер арасындағы бір біріне деген ықпал да жасалады, яғни өзара
бағыт бағыдар көрсете орырып олар бір бірінің іс - әркет қылықтарын
үйлестіруге не өзгертуге тырысады.

2 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ ЕСТІҢ ЖӘНЕ ОЙЛАУДЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2. 1 Мектепке дейінгі балалардың логикалық ойлау қабілетін арттыру

Балалық шақта ойлаудың дамуы, қатал шектелуді көтермейтін, өзара тығыз
байланысты бірнеше сатыдан тұрады.
Баланың өте жас кезінде көрнекі қимылдық ойлау басымырақ болады, ол
әзірше сөйлеу білмей тұрып – ақ дүниені негізінен қабылдау және әрекет
арқылы таниды.
Дамудың келесі сатысында көрнекі образды ойлау және ойланып сөйлеу
басым ( билеу, үстем болу ) бола бастайды. Мұнда заттар мен олардың
бейнелері сөзбен байланыста болады. Ойлау әрекетінің бұл түрі мектепке
дейінгі жастағы балаларға тән, мұнда бала бейнелер арқылы ойлайды, ал
білетін сөздері қорытынды жасауға көмектеседі. Балада ( өз тәжірибесінің
төңірегінде ) пікір айтуға талпыну пайда болады.
Балабақшада оқуының басталуымен, мектепке дейінгі кезінен гөрі,
баланың жұмыс процесінде тиісті ұғымдарға сүйенген ұғымдық ойлауы тез дами
бастайды. Бастапқыда ол нақтылы заттар мен құбылыстармен тығыз байланысты (
нақтылы ұғымды ойлауы басым ), бірақ бірте-бірте кіші топ балаларында
нақтыладан абстрактілей білуге қолы жетіп, пікір айтып азды-көпті қорытынды
жасауға қалыптаса бастайды.
Ойлау процесінің дамуында оқытудың маңызы орасан зор. Ол баланың
елестете алуы мен білімін кеңейтеді. Жаңа ұғымдарды игеру жүріп жатады,
олар бір жүйеге келтіріліп, ой қорытындылау жиі жасалады, оның ішінде
шартты, гипотетикалық түрде қолданылады.
Бала оқи бастаған алғашқы кезде құбылыстардың көптеген байланысу
себептері түсінікті болғанымен, алайда оның бұл түсінігі азғантай өмір
тәжірибесінің шеңберінен көбіне ұзап шыға алмайды.
Кіші топ балаларының ойлау процесі әдетте әрекетпен тікелей
байланысты. Оларда тікелей алатын әсерінің орны өте зор, бұл кейде нақтылы
көргеннен көңілді аударуды, сөйтіп абстракциялық ұғымдарды түсуді
қиындатады. Жазушы В. Г. Короленконың айтуына қарағанда, балалар: Кейбір
әсерлердің бір-бірімен байланысын аңғару үшін, олар тікелей бір әсерге тым
беріліп кетеді . Өзінің балалық шағын еске түсіріп ол былай деп жазады:
Үлкендер маған талай рет биязы түрде, менсінбегендіктен сен түк
түсінбейсің дейтін, ал маған оған таңданатын едім, түсінетін едім,
түсінетін несі бар ? Мен автордың суреттегенін көретінмін .
Кіші топ балаларының біздің айналамыздағы болмыс құбылысының себебін
түсінуі жыл санап өсе түседі. Егер кіші топтың баласы шыбын үйдің төбесінде
құлап кетпей қайтып жүреді, деген сқраққа ешқандай жауап қайыра алмаса,
ересек топтың баласы оны былай деп түсіндіріде: Өйткені шыбын жеңіл және
оның аяғы төбеге мықтап жабысып айырылмайды.
Кіші топ балаларының түсініктері едәуір мол, бірақ олар ғылыми емес,
күнделікті тұрмысынан алынған түсініктер болып табылады.
Кіші топ балаларының пікірі мен ой қорытындылары бірте-бірте ақылға
қонымды бола түседі. Балалар мектепке дейін бір нәрсе дұрыс емес деп
турасын айтуы мүмкін. Оқу процесінде олар мұндай мұндай қылықтан бірте-
бірте арылады. Олардың сөзінде мектепке дейінгі балаларға тән емес, шартты,
болжамды пікірлер пайда бола бастайды.
Балабақшада оқу дәрежесіне қарай және өмір тәжірибесі молая келе,
балалардың ұғымы да дамып және ол неғұрлым дұрысырақ бола бастайды. Бұған
қазіргі кездегі ғылыми прогресс үлкен ықпал жасайды.
Адамның болашағы оның қазіргі алған білімінің сапасына, көлеміне,
ойлау деңгейіне байланысты. Балабақша ─ бұл бала тұлғасы мен санасының
дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезең. Сондықтан да,
балабақшадағы білім ─ үздіксіз білім, білік дағдылардымеңгертумен қатар,
олардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар сөйлеуінің дыбыстық бұзылыстарының негізгі себептері
Психика дамуы тежелген балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру
Сөйлеу әрекетінің орталығы
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ПРОЦЕСТЕРІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Байланысты сөйлеуді дамыту - балалардың сөйлеу тәрбиесінің басты міндеті
Мектепке дейінгі білім беру мекемеде түзету логопедиялық жұмысының жетілдіру жолдары
Мәселенін мұндай бағытта шешілуі
Бала сөзінің дамуы жеке сөздерді меңгеруден
Естімейтін балалардың сөзжасамды меңгеру ерекшеліктерін анықтау
Ойын кеңістігі арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың мәдени қарым - қатынас дағдыларын дамыту ерекшеліктері
Пәндер