Мектепке дейінгі жаста ойын әрекетінің маңызын көрсету



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ 3

1 ОЙЫННЫҢ ТӘРБИЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Ойын түсінігі 4
1.2 Мектепке дейінгі жаста ойын әрекетінің маңызы 4
5
2 ОЙЫН АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫ ЖАН ЖАҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУ
2.1 Ойын – балалардың ойлау қабілетін арттыратын іс- әрекет
2.2 Ұлттық мұраның бай қазынасы – халықтық ұлттық ойындар 7
2.3 Ойын-оқушылардың сөйлеу дағдылары мен икемділіктерін дамыту
құралы ретінде 7

ҚОРЫТЫНДЫ 11

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 24

29

31

Кіріспе
Мектеп жасына дейінгі балалар болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік
мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани
дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-
бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін
жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын,
мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге
байланысты.
Зерттеу жұмысының мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың ойын
әрекетін дамыту
Зерттеу мақсатына сай келесі міндеттер анықталды:
- Ойынның тәрбиелік аспектілерінің теориялық негіздерін зерттеу;
- Ойын түсінігін ашу;
- Мектепке дейінгі жаста ойын әрекетінің маңызын көрсету;
- Ойын арқылы балаларды жан жақты тәрбиелеуді талдау;
- Ойын – балалардың ойлау қабілетін арттыратын іс- әрекет ретінде
зерттеу;
- Ұлттық мұраның бай қазынасы – халықтық ұлттық ойындарға сипаттама
беру;
- Ойын – баланың білім-білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы
ретінде қарастыру.
Зерттеу объектісі: тәрбие ретіндегі ойын әдістері
Зерттеу әдістері: фактілерді талдау, жүйелеу, ғылымилылық, тарихилылы
әдістер қолданды
Зерттеу болжамы: Мектеп жасына дейінгі немесе мектепке дейінгі
мекемелерде ойын әдісі тәрбиелеу және оқытудың басты нәтижелі құралыболып
табылады, сондықтан да оларды жетік зерттеп игеру арқылы ғана қарастырылып
жатқан жастық шақта тәрбие жұмысының нәтижелілігіне жетуге болады.

1 ОЙЫННЫҢ ТӘРБИЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Ойын түсінігі

Адам іс-әрекетінің ерекше бір түрі – ойынның пайда болуын
зерттеушілердің біразы өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс-
әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойында шындықтың көрінісі, оның
бейнелі сәулесі қылаң береді. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі
құбылыстары мен үлкендердің түрлі іс-әрекеттеріне еліктеу екені белгілі.
Ойынның шартты түрдегі мақсаттары бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-
әрекеттер бала үшін қызықты. Балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене
шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын
барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет
байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі
психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді.
Балабақшада тәрбиеленушілердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда
негізгі жұмыс түрі- ойын әрекеті.
Бала саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол болып , жан-жақты дамуы
үшін және тілін дамытып, сөз байлығын дамыту үшін және айналадағы өмір
құбылысын ұғыну үшін пайдаланудың маңызы зор.
Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі де
көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А. С Макаренко былай дейді: Ойында
бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады.
Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу- бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге
асыралады. Ойын- балалар үшін айналадағы танып, білу тәсілі.
Ойын әрекеті мазмұнынан әлеуметтік сипаты баланың қоғамдық өмір
сүретіндігімен байланысты. Ол алғашқы айлардан бастап- ақ маңайындағылармен
қарым-қатынас жасауға ұмытылады, соның арқасында жасау құралы, күш қуаты
тілді біртіндеп меңгереді.
Ойын – бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын ойнағанда бөлме теңіз де,
ұшақ та темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар ойын кезінде тыныш отыра
алмайды. Тіпті жалғыз баланың өзінде де сөйлесіп жүреді.. Сондықтан, ойын
барысында тілдесім үлгісі қалыптасады.
Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті-
рольді, драматизациялық, дидактикалық құрылыс ойындары, қимылды ойындар,
ұлттық ойындар болып бөлінеді.

1.2 Мектепке дейінгі жаста ойын әрекетінің маңызы

Мемлекеттік тілге үйрету сабақтарын құру және оны оқыту мағынасын
іріктеу кезінде бірқатар принциптерді ескеру қажет. Басты принциптердің
бірі — тәрбие мен оқуды бірыңғай үрдіске біріктіру. Бұл тіл дамыту қазақ
тілі сабақтарының негізгі мақсаты ретінде ғана болады дегенді білдіреді,
алайда сабақта шешілетін міндеттер бұл мақсатпен шектеліп қалмайды.
Мектепке дейінгі балалық – баланың жүйкелік дамуында бірінші қадам,
оның өмір қоғамына қатысу дайындығы. Психологтардың бекітуінше мекепке
дейінгі балалардың дамуында жанжақты болатын негізгі бағыт түрі, ойын болып
табылады.
Ойынның дамыту маңызы көптүрлі. Ол баланың тануына қоршаған ортаны,
оның ойлану дамуына, еркіндігіне, өз қатарларымен өзара әрекет құрлымында,
өзін тану және өзін бағалауда үлес қосу. Онда ойын көрінісі ойнаушылармен
анықталады, балалардың балардың өздерін ұстауы және типтік ережелері
берілген бағдарламада жоқ, баланың әрекет етуі бұл жағдайда бірінші
жоспарда болады. Ғалымдар баланың ойында өмірде көргенін қайталайтындығын,
оны болып жатқан жағдайларда өзінің қатынасын жасайтындығын айтады.
Әдістемелерді таңдау кезінде ойын жұмысын құрлымдауда балалардың жас
ерекшеліктері, жүйкелік дамулары, қабілеттері, әрбірінің жеке қасиеттері
есепке алыну керек. Сонымен қатар зерттеулер авторлары баланы ойын
бағытында басшылық әдістемесін жасаған тәрбиенушілер ғана бағыттай алады.
Өкінішке орай, қазіргі уақытта мекетепке дейінгі мекемелердің тәжірибе
қортынды жұмысы бойынша, мекемелерде педогикалық үрдіс ойыны сабақтарға
орын беріп, екінші жоспарда қалды. Балалардың ойының мазмұны жоқ, ойын
бағыты біртүрлі, балалар белгілі бір бейнені жаңа жағдайға қоя алмайды.
Бұның себебі өмірдегі кейбір жағдайларға байланысты. Қазіргі уақытта (бір
жасты топтағы өзқатарларымен араласуы, мамандандырылған оқыту, көпбалалы
жанұялардың жоғалуы).

2 ОЙЫН АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУ
2.1 Ойын – балалардың ойлау қабілетін арттыратын іс- әрекет

Құрылыс ойынында бала сызық бойына әдемі үй құрылысын жасап, оның
бояуларының бір-бірімен келісімді болуын қадағалайды. Құрылыс материалдарын
пішіні, түсі бойынша симметриялы орналастырып, оларды көлемі (кең, тар),
биіктігі (биік, аласа) бойынша салыстырады. Ойын барысында шығармашылық
танытып, жаңа мазмұн ойластырып, белсенділік көрсетеді. Өзінің және
жолдастарының тұрғызған құрылыстарының сапасына баға береді.
Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін
арттырады. Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал
бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдынғы орында, яғни
ойын технологиясы арқылы баланың оқуғаынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл
болмақ.
Ойын – дегеніміз не? Ойын дегеніз – халықтың баланы әдептілікке,
сауаттылыққа баулитын қүралдың бірі.
Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, денешынықтыру
ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементерін пайдаланудың
маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл- ойын дамытып, сабаққа
деген қызығушылықтарын арттырады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз, импульсивті
болғанымен, қабылдау есте сақтау мүмкіндіктері жақсы дамыған.
Сондықтан кез- келген сабақты өткізу үшін дидактикалық ойындар
қолдана білу керек. Мысылы Сауат ашу оқулығында тақырып соңында
тапсырмалар берілген. Осы тапсырмаларды ойын арқылы
ойынарқылыөткізугеболады. Ұйқасын тап, Сиқырлы қоржын, Өлең жолын
құрастыр т.б. ойындар.
Тіл дамыту, сауат ашу сабақтарында да ролдік ,сюжеттік ойындарды
қолдануға болады. Ролдік ойындар мектепке дейінгі балалармен өмірінде
елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақ та , қысқа да болу мүмкін. Сюжетті-
рөлді ойындар бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің
сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктену, шындық ты көрсету болып
табылады.Мысалы Дүкен ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушы
әрекеттеріне еліктейді., ал Мектеп болып ойнағанда мұғаліммен оқытушының
әрекетіне еліктейді. Отбасы ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға,
күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға
төселдендіруге болады.
Ұлттық қазақ ойындары: Қыз қуу, Орамал тастау, Асықтар, Бәйге
ойындары. Бала өмірінің кезеңі ойын арқылы жетіледі. Ойындар әр топта жас
ерекшелігіне сай жүргізіледі. Мен өз тәжірибемде ойындарды көп қолданамын.
Сабақ барысында да, күннің жартысында да жүргіземін. Баланың тілін
жетілдіру үшін оны әңгімеше тарта отырып, баланың сөздік қорын жаңа
сөздермен толықтырып, түсінігін молайту қажет. Баланың тілін дамытуда ойын
түрлерін жүргізу арқылы, ойын шарттарын айта отырып та байытуға балады.
Мысалы : Қуыршаққа қонаққа бару, Мен кіммін, Қуршақты киіндіреміз,
Шарбақты құрастыру, Көлемі бойынша қой деген секілді ойын түрлерін
қолдануға болады. Мен кез келген ойын түрлерін сабағымен тақырыбына сай
таңдап аламын. Әсіресе дидактикалық ойындарды тіл дамыту сабақтарында
пайдаланудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сабақты бекіту, баланың
шығаршашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін ойындар сабақтың
тақырыбына, мазмұнына сай таңдап аламын. Мысалы: Телефон ойынында
диалогтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты- бір нәрсе жайында сұралап, баланың
оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып
табылады.
Рөлдік ойындар мектепке дейінгі балалар өмірінде елеулі орын алады.
Бұл ойындар ұзақа та ,қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті- рөлді ойындар
бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан
бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады.Мысалы Дүкен
ойынын ойнағанда балалар сатушы сатып алушының әрекеттеріне еліктейді.
Шаштараз, Отбасы ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға,
күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға
төселдендіруге болады. Педагок өтілген ойынға талдау жасап, оның балаларға
тигізген тәрбиелік ықпалы бағалауға, өз тобындағы сюжетті-рөльді
ойындарының одан әрі басшылық ету тәсілдерін ойластыруға тиіс
Қойылымдық ойындарда рольдер, ойын әрекеттері қандай шығарманың,
ертегінің т.б. Сюжеті мен мазмұны шарттас болады. Ол сюжетті-рөльді ойынға
ұқсас. Барлық балалар ертегіні жақсы көреді, ертек айтып берсең бар
ынтасымен тындайды. Ертегі балалардың ой- қиялын, сөздік қорын дамытады.
Құрылымдық ойындар- балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны
қоршаған өмірді алуан түрі құбылыстарды және соларға байланысты іс-
әректтерді бейнелеу болып табылады. Құрлыс ойыны бір жағынан сюжетті-рөлді
ойнауға ұқсас келеді. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, темір
жолдар, театрлар, цирктер т.б. ірі құрлыстар салады.
Дидактикалық ойындар кішкене балаларға меилінше тән оқыту формасы
болып табылады, оның арғы тегі ойынды өлең мен қимылмен ұштастыру негізінде
көп нерсені үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасына жатыр. Мысалы:
Сиқырлы қалпақтың сырын ашайық- деген ойынды ересек топтарда тәрбиеші
балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін
дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті-қалпақтың астында не бар екнін
білу.Дидактикалық ойындар айналамен танысу сабағында, әдебиет, сабақтарында
жиі қолданады.
Бала тәрбиесі қиын да, жауапты міндет. Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс,
оқшау тұрған емес. Ол қоғамның, заманың бағыт- бағдармен, тыныс-
тіршілігімен бірге жүріп отырады. Осы орайда кез-келген бүлдіршін үшін бала
тәрбиесі ата-анасына берілген тәлім-тәрбиені одан әрі жалғап, жандыратыны
сөзсіз

2.2 Ұлттық мұраның бай қазынасы – халықтық ұлттық ойындар

Осыдан келіп ойын туралы мынандай тұжырым жасауға болады:
- ойын - тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды
байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді тәрбиелейді.
- ерік жіне мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны
жетілдіреді.
- ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.
- эстетикалық тәрбие беру - өнерді, көркемдікті түсіндіру құралына
айналады.
- еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.
- дене күшінің жетілуіне көмектеседі - ойын баланы жан-жақты жарасымды
тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады.
Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті
танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай,
саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың
ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында
саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге
деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.
Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және
білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен
ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық,
мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады.
Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру,
бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік,
үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары
қалыптастырылады.
Қазақ ауыз әдебиетіндегі, әсіресе, балалар фольклорын дамытушы негізгі
бір сала – балалар ойыны. Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани
жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын
үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін,
зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. Адам өркениетке бейім болуы үшін
балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ
болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді деп К.Чуковский бала
денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді
екендігін атап көрсеткен.
Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық
дәстүрі, әдет-ғұрпы, тәрбие мектебі бар. Баршамызға белгілі, ойын арқылы
баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың
бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік
қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге
әзірленеді.
Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті.
Сұлтанмахмұт Торайғыров Балалықтың қанына ойын азық деп бекер айтпаған.
Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және
қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі,
қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып
бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп
жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды
дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және
шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-қатынасын
реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады. Бала алған
рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі
жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан (ән-саз, бейнелеу өнері
сабақтары) алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік
жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері сабақтарында жасаған ыдыс, үй
жиһаздарын, қағаздан құрастырған заттарды ойын құралы ретінде пайдаланады.
Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ал
ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар
қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.
Құрылыс ойынында бала сызық бойына әдемі үй құрылысын жасап, оның
бояуларының бір-бірімен келісімді болуын қадағалайды. Құрылыс материалдарын
пішіні, түсі бойынша симметриялы орналастырып, оларды көлемі (кең, тар),
биіктігі (биік, аласа) бойынша салыстырады. Ойын барысында шығармашылық
танытып, жаңа мазмұн ойластырып, белсенділік көрсетеді. Өзінің және
жолдастарының тұрғызған құрылыстарының сапасына баға береді. Дидактикалық
ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар
музыкалық ойыншықтар мен әр түрлі саздық аспаптардың дыбыс шығару
ерекшелігін ажыратуға, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге,
әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді. Ауызша ойналатын дидактикалық
ойындарда сұрақ, өтініш, келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу
қабілеттері жетіледі. Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша бөлек-бөлек
суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау үшін
байқағыштық пен тапқырлық көрсетеді. Қимыл-қозғалыс ойынында балалар
санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады. Бұндай ойындарда балалардың
ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты
бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық
көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалар
тәрбиеленеді. Бала өмір құбылыстарына, адамдарға, жануарларға деген
ынтасын, қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы
қанағаттандыратындықтан, ойынның қай түрі болсын балалардың адамгершілік
тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады.
Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан
да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: Ойын ойнап,
ән салмай, өсер бала бола ма? деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше
орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық
ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынды зерттеу мәселесімен тек
психологтар мен педагогтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар
және өнер қайраткерлері мен бала тәрбиесін зерттейтін ғалымдар да
шұғылданды. Көптеген балалар жазушылары бала ойынының психологиялық мәнін
және ойынға тән ерекшеліктерді көркем бейнелер арқылы суреттегені де мәлім.
Адам іс-әрекетінің ерекше бір түрі – ойынның пайда болуын
зерттеушілердің біразы өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс-
әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойында шындықтың көрінісі, оның
бейнелі сәулесі қылаң береді. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі
құбылыстары мен үлкендердің түрлі іс-әрекеттеріне еліктеу екені белгілі.
Ойынның шартты түрдегі мақсаттары бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-
әрекеттер бала үшін қызықты. Балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене
шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын
барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет
байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі
психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді.
Сондықтан да педагогикада бала ойынына ерекше мән беріледі, өйткені
ойын үстінде қалыптасатын балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның көңіліне
өмірбақи өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толқытқан қуанышын
немесе ренішін, асқақ арманын, мұрат-мүддесін бейнелесе, күні ертең сол
арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сөйтіп бүгінгі ойын,
бейнелі әрекет ертеңгі шындық ақиқатқа айналатын кезі аз емес.
Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал
ететін жетекші, басты қүбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің
күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстарды ақиқат сырын
ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Былайша айтқанда болашақ
қайраткердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді.

Ойын мен еңбектің бір-біріне ұқсас сипаттары көп, сондықтан кейбір
педагог-ғалымдар жақсы ойын - жақсы жұмыс сияқты да, жаман ойын- жаман
жұмыс сияқты деп қарап, бұлардың арасында айырма шамалы деген түйін
жасайды. Өйткені, әрбір жас кезінде ойын тиісті дәрежеде ақыл мен қажыр-
қайрат жұмсауды керек етеді.Белсенді іс-әрекет пен күш-жігер жұмсалмаған
ойын, жақсы ойын болып табылмайды. Жақсы ойын да жақсы жұмыс та көңілді
қуанышқа толтырып, рахатқа бөлейді. Демек, осы жағынан ойын мен жұмыстың
ұқсастығы байқалады. Баланың ойыныңда да белгілі дәрежеде тиісті
жұмыстағыдай жауапкершілік болуға тиіс. Олардың негізгі айырмашылығы тек
мынада: баланың ойыны нақты материалдық рухани байлықты көздемейді, ал
жұмыс ондай игілікті өндірудің негізгі жолы екені айқын.
Баланың қуанышы мен реніші ойыңда айқын көрінеді. Ойын кезіндегі
баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері
ұшқындайды, белсенділігі артады, ерлік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның
бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.
Ойын үстінде бала бейне өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезіміне
бөленеді. Бірақ бала одан ойын екенін білмейді деген түсінік тумайды.
Сондықтан шындықтағыдай сөйтейік, бүйтіп көрейік деуі, олардың ойынды
ойын деп түсінуінде жатыр.
Осыдан келіп ойын туралы мынандай т ұ ж ы р ы м ж а с а л а д ы :
а) ойын - тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды
байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді т ә р б и е л е й д і.
ә) е р і к ж ә н е м і н е з қасиеттерін бекітеді, адамгершілік
сапаны жетілдіреді.
б) ұ ж ы м д ы қ с е з і м әрекеттері өсе түседі.
в) э с т е т и к а л ы қ т ә р б и е б е р у - өнерді,
көркемдікті түсіндіру құралына айналады.
г) е ң б е к т ә р б и е с і н б е р у мақсаттарын шешуге
мүмкіндік береді.

д) д е н е к ү ш і н і ң ж е т і л у і н е к ө м е к т е с е д
і - ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және
физиологиялық негіздері болып табылады.
Халық жасаған мұралар сан алуан. Аға ұрпақ өз білгенін, өз көкейіне
тоқығанын кейінгі буынға мирас етіп, іс-әрекет үстінде көзін қанықтыра
беруден бастаған. Солардың бірі – ұлт ойындары халықтың сәби шағымен
бүгінгі өскелең дәуірінің куәсі ретінде, адам баласының фантазиялық ой-
жүйесінің заңды жалғасы ретінде оны үйретудің тәжірибеде пайдаланудың үлкен
білімділік, тәрбиелік маңызы бар.
Ойынға тек ойын деп қарамай халықтың асыл қазынасы, бір жүйеге
келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қараған орынды. Бұл пікіріміз жалаң
болмас үшін заманымыздың заңғар жазушысы, ұлы ойшылдарымыздың бірі Мұхтар
Омарханұлы Әуезовтің мына бір пікірін еске ала кетейік: Біздің
заманымыздың өмір кешкен ұзақ жолында өздері қызықтаған алуан өнері бар
ғой. Ойын деген менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып,
көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір мағыналары болған.
Халқымыз ұлт ойындарында ұрпақ қамын ойлаған, бір жүйеге келтіріліп
өрнектелген ой мен әрекеттің, құпия философияны түсінуге жетелейтін
адамгершілік үлгі-өнегенің желісі бар. Жас бала ойынға алдымен үйренуші,
көруші өсе келе соған белсенді қатынасушы келесі кезеңді үйретуші,
жаттықтырушы, ұлғая келе көруші жанкүйер ретінде қатынасады. Кейінгі кезде
ұлт ойындарына көңіл бөлмеу нәтижесінде, көбі ұмыт болып, мүлде жоғалуға
жуық.
Ұлт ойындарын жанұя тәрбиесінен бастап, балабақшада түрлі тәрбиелік
шараларда қосымша материал ретінде пайдаланып келеміз.
Ұлттық мұраның бай қазынасының бірі – халықтың ұлттық ойындары көп
салалы, көп қырлы құбылыс, ол тек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі жаста ойын әрекетінің маңызы
Шығармашылық қабілетін дамыту
Балалардың ойлау қабілетін ойын арқылы дамыту
Сюжетті-рөлдік ойындар арқылы 4-5 жастағы балалардың тілін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке дайындық факторы ретінде сюжетті рөлдік ойында өзара әрекеттесу қабілетін дамыту
Балаларды толық күн болатын шағын орталықтарда тәрбиелеу мен оқыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойынының зерттелуі
Мектеп жасына дейінгі балалардың іс –әрекеті, психологиялық ерекшеліктері және зерттеу әдістері
Өмірдің үшінші жылындағы балалардың даму және қабылдау ерекшеліктері
Мектепке дейінгі жастағы бала өміріндегі ойынның алатын орны
Пәндер