Толық сервисті мейрамханалар


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе3

Мейрамхана бизнесінің теориялық аспектілері

1. 1. Қонақжайлық индустрия кәсіпорындарының даму эволюциясы13

1. 2. Мейрамханалардың сыныптамасы

1. 3. Қонақ үй-мейрамхана қызметтерінің сипаттамасы мен ерекшеліктері27

1. 4. Персоналдың мейрамхана қонақтарымен қарым-қатынас мәдениеті

1. 5. Мейрамхана бизнесінің Қазақстан Республикасындағы қазіргі ақуалы35

2. Мейрамханадағы қызмет көрсету мәдениетін зерттеу ("Ас-Мар" мейрамханасы мысалында)

2. 1 Кәсіпорындардың жалпы сипаттамасы

37

III бөлім. Қаланың мейрамхана бизнесінің ҚР-ғы даму мәселелері мен перспективалары64

3. 1. Қазақстандағы мейрамхана бизнесінің мәселелері64

3. 2. ҚР-ғы мейрамхана бизнесінің даму перспективалары67

Қорытынды71

Пайдаланылған әдебиеттер74

Қосымшалар76

Кіріспе

Мейрамхана бизнесі туризм индустриясында айтарлықтай орын алады және АҚШ, Канада және Еуропа елдерінде өте үлкен табыс көзі болып табылады. Туризмнің дамуымен қоса Азия елдерінде мейрамхана ісінің дауыда байқалып келеді.

Қонақжайлық - адамзат цивилизациясының фундаминталды түсінігі. Көптеген елдерде бүгінге дейін қонақты жақсылап қарсы алу, оған ең жақсы тағамдарды ұсыну, қажет болса жатар орын беру салттары сақталып келеді.

Адамзат цивилизациясының дамуымен қатар, әр түрлі себептермен үйден тыс жерде қалған адамдарға қонақжайлық қызмет көрсету көптеген адамдардың мамандығына айнала бастады. Ал қазыр ол толыққанды индустрияны құрап отырған жайы бар.

Американдықтар бұл индустрияда экономиканың барлық туыстас салаларын біріктірген, яғни сапар шегіп жүрген адамдарға қызмет көрсетуге маманданған арнайы мекемелер арқылы: мейманхана, мейрамхана, туристік агенттіктер, ұлттық парктер, демалыс және мәдени парктері және т. б. АҚШ-та бұл индустрия жұмыспен қамту жағынан екінші орынға ие, нақтырақ айтсақ, бұл сала 10 миллионнан астам американдықты жұмыспен қамтып отырған жайы бар. Көптеген штаттарда бұл - экономиканың маңызды саласы, ол жылана 400 миллиард доллорға дейін тауарлар мен қызметтер көрсетеді. /1/1

Өндірістік емес сала бұл - қолмен ұстап сезінуге болатын тауарларды өндірмейтін салалардың өте үлкен комплексі. Осы комплекстердің көбі адам қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Олардың ішінде маңызды орынды т у р и з м алады.

Қазіргі таңда көптеген елдерде туризм халық шаруашылығының ең қарқынды дамып келе жатқан саласына айналып отыр. ХХ-ХХІ ғасырлардың тоғысында туризм әлемдегі маңызды экономикалық-әлеуметтік құбылыстардың бірі болды.

Туризмнің жаппай демалу формасына айналуы өмір сапасының жақсаруымен әлеуметтік байланыста. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның міліметтері бойынша 2000 жылы туристердің саны әлемде 700 млн. жуық болған.

Мейманхана және мейрамхана комплекстері әлеуметтік саланың маңызды элементі болып табылады, және де қоғамдық өндірістің тиімділігін арттырады, яғни халықтың өмір деңгейінің өсуіне әсер етеді.

Тәжірибеден байқанымыздай, соңғы жылдардағы экономикалық өзгертулер мейманхана және мейрамхана шаруашылығындағы сервисті жақсартпақ түгіл, керісінше, олардың бір қатарларының сапасының төмендеуі байқалды. Әсіресе оның залалын шетелдік туристер шегуде. Сонымен қатар соңғы уақыттарда жоғары санатты мейманханалар пайда бола бастады, олар әр түрлі деңгейдегі менеджерлерге өте зәру болып отыр. Қазыргі таңда қонақ үй мен мейрамханаларға жоғары сапалы мамандарды дайындау бастапқы кезеңде тұр.

Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, Қазақстан Республикасындағы мейрамхана бизнесі дамуының өзектілігі өте жоғары, себебі біздің қала үлкен туристік орталық болып табылады және біздің қалаға келген кез-келген туристің қызмет түрлерін таңдауға құқығы болуы керек, сонымен қатар тамақтануды да. Ол таңдау мейрамханалардың көптігімен, олардың ұсынатын мәсірлерінің молдығымен және де қызмет көрсету сапасы мен бағасы арқылы көрінуі керек.

Бұл жұмыстың мақсаты болып, Қазақстан республикасындағы мейрамхана бизнесін зерттеу сұрақтары және осы саланың нарықтық қатынастар кезіндегі даму перспективалары мен мәселелерін зерттеу және қоғамдық тамақтану мекемелерінің туризм индустриясының маңызды бөлігі ретінде дамуының өзектілігін зерттеу табылады.

Қойылған мақсаттарды келесі жұмыс тапсырмалары айқындайды:

1) әлемдегі және Қазақстандағы тамақтану индустриясының қалыптасуының негізгі этаптарын зерттеу;

2) нарықтағы мейрамхана ісінің қазіргі жағдайын сараптау;

3) қаладағы бар мейрамғаналарға сыныптама беру және олар ұсынатын қызметтер аумағында зерттеулер жүргізу;

4) Қазақстандағы мейрамхана бизнесінің ары қарай даму мүмкіндіктерің және мәселелерін зерттеу.

Зерттеу заты болып мейрамхана бизнесінің ұйымдастырушылық-экономикалық механизмі, оның қызметіндегі маркетинг пен менеджмент, осы саланың басқада туристік индустрия салаларымен өзара байланысы табылады.

Зерттеу нысаны ретінде Қазақстанның туристік индустриясының кәсіпорындары, мейрамханалар алынды.

Теориялық база және методикалық негіз болып шетелдік және отандық ғалым-экономистерінің басқару, маркетинг пен менеджмент сұрақтары бойынша еңбектері, туристік қызметтің әлеуметтік-экономикалық концепциялары, мемлекеттік және жергілікті статистика мәліметтері, туристік фирмалардың алғашқы тіркеу құжаттарының мәліметтері табылды.

Зерттеулердің ғылыми жаңашылдығы болып, оның ҚР-ғы қазіргі таңдағы мейрамхана бизнесінің мәселелері мен даму перспективаларын қарастырылғандығы табылады.

Жұмыстың тәжірибелік маңызы, оның мейрамхана ісін лицензиялау, сертификаттау және сапасын арттыруда нақты ұсыныстардың беруінде және де басқарудың ұйымдастыру-экономикалық механизмне өту жолдарын қарастыруында.

Дипломдық жұмыс құрылымы кіріспе, негізгі бөлімнің 3 тарауынан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттермен, қосымшадан тұрады.

Кіріспе бөлімде таңдалған зерттеу тақырыбының өзектілігі айқындалады, оның мақсаты мен негізгі тапсырмалары бекітіледі, жұмыстың ғылыми жаңашылдығы мен тәжірибелік маңыздылығы айқындалады.

Бірінші бөлім «Қонақжайлық индустрия кәсіпорындарының даму эволюциясы» қонақжайлық индустриясының тарихи даму сұрақтарын ашып, сараптайды, қазіргі таңдағы қонақ үй-мейрамхана қызметтерінің ерекшеліктерін, тенденцияларын зерттейді, сонымен қатар, ҚР-ғы туризмнің дамуына тамақтану кәсіпорындарының рөлін көрсетеді.

Екінші бөлімде «Тараз қаласындағы мейрамхана бизнесінің қазіргі таңдағы жағдайы» мейрамханалардың өндірістік қызметтері ашылып және көрсетілетін қызметтер сапасын басқаруы зерттеледі.

Үшінші бөлімде «Қаланың мейрамхана бизнесінің ҚР-ғы даму мәселелері мен перспективалары» мейрамхана ісін лицензиялау, сертификаттау және сапасын арттырудың негізгі бағыттары келтіріледі, туристік қызмет сапасымен сервис, сервистік қызмет және сервистік қызмет көрсету арасындағы байланыс айқындалады, туристік фирмаларға ұйымдастыру-экономикалық механизмді қолдану нусқаулары жасақталған.

Қорытынды бөлім дипломдық жұмыс нәтижесі бойынша негізгі қорытындылар мен ұсыныстарды жинақтайды.

1. 1 Қонақжайлық индустрия кәсіпорындарының даму эволюциясы

Қонақжайлық индустрия кәсіпорындарының даму эволюциясын қарастыра отырып, олардың тарихи жоспарда адамзат қоғамының даму периодтарына сәйкес келетін периодтарын атап көрсетуге болады2:

  1. ерте заманғы;
  2. орта ғасырлық;
  3. жаңа заман;
  4. қазіргі период.

«Қонақжайлық» түсінігі адам қоғамы сияқты өте көне. Оның бастауы, сонау ертедегі жолаушымен бірге нанды бөлісіп жеу салтынан басталып, қазіргі таңдағы қонақжайлық индустриясының көпқырлы конгломераттарымен аяқталады.

Ағылшын сөзі hospitality (қонақжайлық) көне француздық hospice (оспис) сөзінен шыққан. Осындай мекеменің ең ертедегісінің бірі - Hospise de Beaune (Оспис-де-Бон) Бугундиядағы, сонымен қатар Hotel Dieu (Отель Дье) атыменде белгілі, ол «Құдай үйі» деген мағынаны білдіреді. Оның негізін 1443 жылы Бургундияның қазыналық канцлері Николя Ролен қалаған болатын. Бұл мекеме қайырымдылық аурухана және кедейлердің уақытша баспанасы ретінде болды. Николя Ролен өз уақытында, Бургундия бұрын-сонды көрмеген, ең атақты салық жинаушысы болған деседі. /1/3.

Николя Ролен негізін қалаған аурухана қазірде жұмыс істеп тұрған жайы бар. Оның ескірген қабырғаларын ең соңғы үлгіде жабдықталған рентген кабинеті мен операциялық бөлімдер жауып тұр.

Қонақжайлық индустриясының Греция мен Римдегі дамуы

Адамзат дамуының бұл кезеңіне тарихшылардың көбі алғашқы қонақжай мекемелерінің, яғни қазіргі мейманхана мен мейрамханалардың алғашқы формаларын, пайда болуын жаткызады. Қонақжайлық индустриясының алғашқы мекемелері - т а в е р н а л а р - туралы жазуларды антикалық дәуірге жататын манускриптардан көруге болады. Осындай жазбалардың бірі вавилон патшасы Хамурапийдің кодексі болып табылады (шамамен б. з. д. 1700ж. ) . бұл жазулардан біз сол кездердегі таверналардың өте нашар абыройға ие болғандығын көре аламыз.

Б. з. д. І мың жылдықта Ежелгі Грецияда таверналар әлеуметтік және діни өмірдің ажырамас бөлігі болса керек. Таверналарда меймандарды жайғастыруға арналған бөлмелердің болғандығына қарамастан, олар көбінде меймандарды тамақтандыру қызметін көрсететін болған. Сауданың қарыштап дамуына және сонын салдарынан пайда болған ұзақ сапарларға байланысты таверналарда тек қана тамақтандыруды ғана емес, сонымен қатар түнеп шығатын жатар орындардың да қарастырылуын талап етті. Осы жайттар келесі бір кәсіпкерліктің түрі - жатақхана үйлерінің пайда болуына ықпал жасады.

Рим империясы тұсында жатақхана үйлері мен таверналар жан-жақты пайда бола бастады. Жанақхана үйлері, әсіресе барлық үлкен жолдардағы, өте білгірлікпен соғылды және өз уақытының талабына сай бола білді. Кейін М а р к о П о л о былай деген, «бұл үйлерде патшаға да аялдауға болады екен». Олар бір бірінен 25 миль қашықтықта орналасатын болған, себебі оларда мемлекеттік шенеуниктер мен шабармандар аялдайтын болған. Осы уақытта Марко Поло қиыр Шығысқа бет алған болатын, онда осындау жатақханалардың 10 мыңнан астамы бар болатын.

Қоғамның төменгі қабаттарына арналған таверналар мен жатақханалар түндік пен демалысқа арналған жағдайлардың ең қарапайымын ұсынатын болған.

«Іскер адамның түстігі» ойын ең алғаш римдік тратирші Секвей Локат ұсынған болатын (шамамен б. з. д. 40ж) . Оның бұл жаңалығы галерлі жағалаудағы маклерлердің өмірін айтарлықтай жеңілдетті. /1/4

Аспазшылар көптеген азаматтық құқықтардан айрылған болатын, әскерке баруға, біреуге қарсы шағымдануға, ант қабылдауға және қамқоршы болу құқықтарын қоса алғанда. Бірақта олар өздерін элита деп санады және бір-бірлеріне жоғары дәрежелі атақтар сыйлайтын болған. Адриан императордың тұсында (б. д. 117-138ж. ) римдік бас-аспаздар Палатиндік төбеде өздерінің жеке Аспаздық өнердің академиясын ашқан болатын.

Ұлы Жібек Жолындағы қонақжайлық

Қонақжайлық мекемелерінің пайда болуына айтарлықтай үлесін Таяу Шығыстағы, Азиядағы және Кавказдағы сауда қатынастарының дамуы тигізді. Осы аумақтардың территориясы арқылы ең ірі сауда жолдары өтетін болған. Керуен сатушыларына түнеп шығатын жатар орындар дайындау мақсатында, жол бойында арнайы орналастыру пунктері - керуен-сарайлар орналасатын болған. Онда адамдар демалатын және жылқылармен түйелерді

орналастыратын орындар болған. Керуен-сарайдың сыртын, табиғи апаттардан және де керуен тонаушылар мен қарақшылардан қорғау мақсатында, биік қабырғалармен қоршаған.

Ежелгі Азияда үлкен керуендермен, түйелермен сапар шегетін болған. Түнді керуен жолының маңына шатыр тігіп түнейтін болған. Кейде саудагерлер керуен-сарай дейтін - қонақ үй комплекстерінде аялдаған. Сол уақыттағы Азияда жолаушыларға көрсететін ыңғайлықтар, Еуропадағылардан әлде қайда артығырақ болған. Шығыста сауда батыстағыға қарағанда өте қызу жүрді, сондықтан да адамдарда жиі сапарға шыққан.

Қазақстанның аумағы арқылы да Ұлы Жібек Жолының керуен жолдары өткен. Халық арасында, қонақ пен үй иесі арасындағы қатынас ережелері де болған екен.

Б. д. 476 жылы Рим империясының жойылунан кейін, қонақжайлық мекемелері дамуының жаңа сатысы басталды.

Орта ғасырлардағы қонақжайлық

Орта ғасырлардағы қонақжай мекемелерінің дамуына сол кездердегі діни дәстүрлер өте күшті ықпалын тигізді. Осы кездері әулие жерлерге тағзым жасаушылар саны артты. Шіркеулер монастірлерге тағзым жасаушыларға түнеп шығатын жатар орын мен тамақтандыруды қамтамассыз етуін жүктеп отырған. Осындай үйлердің бірі, Ронсельван шатқалындағы аббаттықта орналасқан, жолаушыларды жылы қарсалып, тегін нан, емші, етікші қызметтерін ұсынған.

Монастырлік ас әдетте қарапайым болатын, бірақ жол бойындағы басқа да мекемелердің тамақтарына қарағанда сапасы әлде-қайда жоғары болды. Жеміс-жидекті, малды монахтар өздері өсіретін. Ас бөлмесінде қатаң тазалық сақталатын. Сонымен қатар, монахтар азық-түлік есебін жүргізіп отырған, соның арқасында тамақтың бағысы арзан болған.

ХІІ-ХІІІ ғасырларда Русьте алғашқы тұрғын үйлер пайда болды, қазіргі қонақ үйлердің ертедегі түрі. Оларды «ямама» деп атаған және осындай «ямалардың» ара қашықтығы ат көшім жердей болған.

ХІІІ ғасырда қонақ үйлер Витебскте, Гроднода, Бресте, Слонимде және тағыда басқа белорусь қалаларында пайда болды.

Орта ғасырлардағы қонақжайлық мекемелері қызметтерінің прогрессивті бағыттарының бірі ол - алғашқы кәсіби ассоциациялардың құрылуы болып табылады. Мәселен, 1282 жылы Италияның Флоренция қаласының трактиршілері өздерінің жеке гильдиясын, ассоциациясын құрды. Трактирлер қала меншігіне тиесілі болды және әр үш жыл сайын трактирді жалға беру аукционы өткізіліп тұрған. Гильдияға мүше болу өте тиімді болған секілді, себебі 1290 жылы оның құрамына 86-ға жеткен екен.

Англияда ең жақсы көлік құралы болып пошта арбасы болды. Олар жол-жөнекей бірнеше жол бойындағы таверналарға немесе қонақ үйлерге тоқтайтын болған, кейіннен бұл мекемелер пошта станцияларының атауы болып кетті. /1/5

Орта ғасырларда адамдар көп сапар шегетін болған, осыған байланысты жол бойындағы қонақ үйлер саны да артты. Қазіргі стандарттармен алсақ олар өте тұрпайы болып келген. Меймандар бөлме ортасында, еденге төселген үлкен матрацта жатқан, ал тамақтануға келетін болсақ, олар өздері алып келген тағамдарын немесе сол қонақ үй иесінен сатып алатын болған.

XVI жүз жылдықта Англияда қарапайым халыққа арналған таверналар - ординарлар ашылды. Онда ортақ дастарқан басында қатаң ақыға кезекші тағамдарды ұсынған. Жақсы ет онда сирек кездесетін, көбінде тұрып қалған еттер пайдаланылды. Дәмдеуіштер етті сақтап қана қоймай, сонымен қатар еттің жағымсыз иістерін жасырып тұрған. /1/6

Жаңа заман (XVIғ. - ХХғ. басы) . Кофейнялар.

XVI жүз жылдықта экспорттың екі экзотикалық заты Батыс Еуропаның дастархан басындағы әдеттеріне ықпалын тигізді ол: шай және кофе болды.

Константинопльде (Турциядағы қала, Стамбул деген атпен белгілі) болған саяхатшылар кофеге әуестеніп, отанына қайтқанда осы кофені өздерімен бірге алып кететін болған. XVI ғасырдың соңына қарай кофе өзіне айтарлықтай назар аударды, бұл жәйт шіркеу назарынан тыс қалмады. Олар кофені «ислам шарабы» және «хрестиян еместердің сусыны» деп атады.

Келесі ғасырларда кофейнялар Еуропада, жаңбырдан кейінгі саңырау құлақтай ашыла бастады. 1675 жылы бір ғана Венецияның өзінде 100-ден аса кофейнялар болды. Мәселен, Сан-Марко алаңындағы Café Florian атты кофейня әлі күнге дейін жұмыс істеп келеді. Алғашқы ағылшындық кофейня 1652 жылы Лондонның Сент-Майкл Алей көшесінде ашылды. Оны армениялық қалаған болатын. Кейінерек 1683 жылы Венада ашылды. Венада алғашқы рет кофені бал қосып, сүтпен араластырып ұсыну пайда болды.

Кофейнялар қазіргі кафелердің арғы тегі болды, бертін келе олар өз уақытының мәдени және әдеби өмірінің орталығы болды, сонымен қоса тағы бір пайдалы рөл ойнады - ол бүкіл Еуропаның арақтан есін жинауына ақпал етті.

Трактағы қонақжайлық

ХІХғ. - ХХғ. басы

1800 жылға қарай ағылшындықтар өздерінің көршілерінен мейрамхана концепциясын қабылдай бастады. Ағылшындық мейрамхана - жоғары аспаздықтың, сервистің эталоны болды.

ХІХ ғасырдың ортасына - "a la carte" (а ля карт) мәзірін қолдана бастауын жатқызамыз. Әр клиент мәзірде тұрған тағамдарды өзінің талғамы бойынша таңдап алуға мүмкіндік алды.

1898 жылы Лондонда «Савой» мейманханасы ашылды. Оның басқарушысы атақты Цезарь Ритц (қазіргі таңда Ритц-Карлтон мейманханасы оның атын иемденді), ал бас-аспазшысы Жорж Агюст Эскофье болған. Бұл екі тұлға мейманхана жанындағы мейрамханаларды ұйымдастыруда нағыз төнкеріс жасады. Эскофье өз уақытының даңқты аспазшысы болған. Оған атақ-даңқты өзі шығарған аспаздық анықтамасы мен ас бөлмесіндегі бригадалық кезекті енгізгені алып келген болатын.

ХІХ ғасыр өзімен бірге «а ля карт» түстігін, қоғамдық тамақтанудың жетілдіруін, азық-түлікті консервациялауды, кафе-балмұздақтарды және мерекелік себепке байланысты мейрамханаларға баруды алып келді.

Қазіргі заман ғылыми-техникалық прогрестің, көлік құралдарының дамуының арқасында барлығына дерлік ашық. Адамдардың қызметтеріне демалуы, тамақтануы, көңіл көтеруіне алуан түрлі жерлер әзір тұр. Зымырыған жүз жылдықтар жедел қызмет көрсету индустриясын дамытты. /1/7

ХІХ-ХХ ғасырлардың тоғысында қонақжайлық индустриясы маңызды салаға айналып отыр. Қонақ үй құрылысымен, мамандарды дайындаумен, баға қоя саясатымен қонақ үй бірлестіктері, синдикаттар, акционерлік қоғамдар, корпорациялар айналаса бастауда. ХХ ғасырдың басында осындай бірлестіктердің арасында ең белсенділері болып қонақ үй иелерінің Лондондық синдикаты, француздық «Қонақ үй иелерінің одағы» табылды. 1906 жылы Халықаралық қонақ үй иелерінің одағы құрылды, оның құрамына 1700 қонақ үй басшалыры мүше болды.

1910 жылы Ресейде 4685-тей қонақ үй тіркелді, бұл жеке иеліктердегі трактирлерді, мейманханаларды санамағанда. Осылардың арасында ең танымалдарының бірі «Метрополь» болды, ол 1897-1907жылдары Петербурлік акционерлік қоғаммен соғылған болатын, «Люкс» қонақ үйі (негізін салушы - мәскеулік наубайшы Филиппов), Гранд-отель (иесі - көпес, миллионер Корзинкин), Шевалдышевтің «Европа», «Париж» және т. б. қонақ үйлері.

ХХ ғасырда Минскіде 30-дан астам жекеменшік қонақ үйлер болды. Олардың кейбіреулері 10-15 номерлі, жиһаздалған бөлмелерден тұрды. Минскіде сонымен қатар, Солтүстік-Батыс өңіріндегі ең үлкен қонақ үй - «Европа» бар еді, оның 30 номері және сол кездегі өлшем бойынша, ауқымды қызмет түрлерін ұсынды: ерлер және әйелдер залы бар шаштараз, мейрамхана, кітапхана, лифт, вокзалға дейінгі көлік және т. б.

Қонақжайлық индустриясы дамуының қазіргі таңдағы тенденциялары

Кейінгі он жылдықта дамуы өріс алған, қонақжайлық индустриясы мекемелердің даму тенденциясына келесілерді жатқызуға болады:

  1. мейманханалық және мейрамханалық ұсыныстардың мамандануын тереңдету;
  2. дүниежүзілік қонақ үй және мейрамхана тарамдарының пайда болуы;
  3. шағын мекемелер санының артуы;
  4. қонақжайлық индустриясына жаңа компьютерлік технологиялардың енгізілуі.

Сонғы уақыттарда дәстүрлі толық сервесті мейрамхана, қонақ үйлермен қатар қысқартылған көлемдегі қызметтер мен астарды ұсынатын мамандандырылған мекемелер пайда бола бастады. Мамандандырылған мекемелер әр алуан түрлі болып келеді. Мұндай қонақ үйлер туристік нарықтың белгілі бір сегментіне мамандануы мүмкін: мәселен, өздерінің демалыстарын гольф ойындарында, ат жарыстарында, шаңғы тебуде өткізетін клиенттерге, конгресстерге, көрмелерге, т. б. өткізетін түристерге.

Мейрамханалар, әдетте, ұлттық тағамдарды, таңғы астарды, кешкі астарды дайындауға маманданады. Дүниежүзі бойынша ең үлкен танымалдыққа жедел қызмет көрсету мейрамханалары ие болды, олар гамбургер және қуырылған картопқа(McDonald's), пиццаға (Pizza Hut, Domino, Little Greaser), бифштекстерге (Sizzler), теңіз өнімдеріне (Red Lobster), сэндвичтерге (Subway) маманданған. Осы ретте аса қатты қызығушылықты белгілі бір тематикаға бағыт алған мейрамханалар тудырады, мысалы: Жабайы Батыс, рок-н-ролл, футбол, самолеты, темір жол, 50 жылдарды сағыну және т. б. әдетте олар шектелген көлемдегі ас-мәзірін ұсынады, себебі олардың басты мақсаты таңдалған тематикаға, атмосфераға сай болу.

1. 2. Мейрамханалардың сыныптамасы

Бір ауыздан мақұлданған мейрамханалардың сыныптамасы жоқ, мүмкін, бұл, аталған саланың қарыштап дамуынан болар. Тамақтану мекемелерінің сыныптамасы көптеген белгілер бойынша жүргізіледі.

Басқарудың байланыстылық белгісі бойынша мекемені бөлімшелі және жеке өзі қызмет атқаратын деп ажыратады. АҚШ-ғы ең ірі бөлімшелі мейрамханаларға «Макдональдс» (бөлімшелер саны 9460, жылдық табысы 12 млрд. доллор), Бургер Кинг, КФЦ, Уэндиз және т. б. жатқызуға болады.

Ассортиментке байланысты мекемелерді комплексті, әнбебап және мамандандырылған деп ажыратады.

Қызмет көрсету контингентіне байланысты мекемелер тұрақты клиенттермен (бұндай тамақтану мекемесі қонақ үй, шипажай маңында болады), ауыспалы контингентпен (мысалы, қалалық мейрамхана) .

Қызмет көрсету әдістеріне қарай оларды, тұтынушыларға даяшылар қызмет көрсететін, өзіне-өзі қызмет көрсететін, аралас қызмет көрсетілетін болып бөледі.

Сонымен қатар, тамақтану мекемелері циклдің толықтығы бойынша, көлемі, қызмет сипатына қарай, жұмыс режиміне, және т. б. белгілері бойынша ажыратылады. /8/8.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық тамақтар мейрамханасы
Әуе ұшақтарындағы мейрамханалар
80 орындық мейрамхана жұмысын ұйымдастыру
Алматыдағы мейрамханалық бизнесті басқару ерекшеліктері
Мейрамхана қызметін ұйымдастырудың теориялық негіздері
Мейрамханадағы жұмысты ұйымдастыру
Мейрамхана шаруашылығы
Мейрамхана кәсіпорынын ұйымдастыру
Алматы қаласындағы мейрамхана менеджменті («Brasserie» мейрамханасы мысалында)
Мейрамханалық іс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz