Мейманхана қызметінің экономикалық тиімділігін көтеру жолдары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ

1 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕЙМАНХАНА БИЗНЕСІНІҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЕРОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 2 Қазақстандағы қызмет көрсету аясындағы мәселелер және Астана қаласы бойынша мейманхана қызметі

1. 3 Мейманхана қызметінің экономикалық тиімділігін көтеру жолдары

2 «КОМФОРТ ОТЕЛЬ АСТАНА» АҚ ҚОНАҚ ҮЙІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ

2. 1 «Комфорт Отель Астана» АҚ экономикалық жағдайы. Еңбек ресурстарының пайдаланылуына және негізгі қорлармен қаруландырылуына талдау

2. 2 «Комфорт Отель Астана» АҚ басқару құрылымын ұйымдастыру

3 МЕЙМАНХАНА КЛИЕНТТЕРІН ОРНАЛАСТЫРУДЫ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ

3. 1 «Комфорт Отель Астана» қонақ үйін басқаруды және ұйымдастыруды жетілдіру

3. 2 Қазақстандағы мейманхана қызметінің даму келешегі және негізгі индикаторлары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

3

6

6

14

17

17

20

25

25

26

28

29

КІРІСПЕ

Курстық жұмысының өзектілігі. Елімізде соңғы бес жылда мейманхана бизнесі қарқынды дамып келеді. Аса ірі қалаларымыздағы жеке кіші отельдер саны артып, ескі мейманханалар қайта жаңғыртылуда. Алайда отандық мейманхана сервисі мен қызмет көрсету сапасы бәрі бірдей жоғары деуге әлі ерте. Сондықтан да көптеген мейманханаларымыз батыс пен шығыс елдеріндегі беделді бәсекелестерінің қатарынан көріне алмай тұр. Себеп, республикамыздағы мейманханалардың басым бөлігі - арнайы категорияға ие емес. Мәселен; Қазақстандық мейманхана рыногын төмендегіше топтастыруға болады: Бес отель «5 жұлдызды», жиырма үші «4 жұлдызды» категория қатарына тіркелсе, «3 жұлдызды» мейманханаға елу нысан қатысты. Қалған мейманхана қорлары - арзан сегменттегілер.

Еліміздегі 385 мейманхана орынжайларының 350-і қалалық жерлерде орналасса, 35-і ауылдық елді-мекендерден (11 облыстағы) орын алған. Бір өкініштісі, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарындағы ауылдық жерлерде мейманханалар мүлдем жоқ. Ал Алматы, Астана және Ақтау қалаларындағы санаулы мейманханалар ғана қонақтарына комфортты жағдай жасауға қабілетті.

Дегенмен, елімізде мейманхана құрылысы қарқын алып келеді. Осыған сай Астанадағы бірқатар қолжетімді мейманханаларды қайта жаңғырту есебінен нөмірлік қор қысқарды. Нәтижесінде экономикалық жоғары классты мейманханаларға сұраныс көбейді, ал онда қызмет көрсету құны аса қымбат.

Бір жағынан алғанда, шетелдік батыстық бәсекелес кәсіпорындар желісінің ықпалымен ірі қалалардағы мейманхана саласының дамуы жоғары деңгейде деп сипатталады. Екінші жағынан, сырттан келетін туристерге қолайлы кейбір аймақтардағы мейманхана индустриясын жетілдіру жағы мардымсыз. Осымен байланысты орталық қалалардағы, экскурсанттарға ыңғайлы өңірлердегі Отандық мейманхана желісінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру проблемасы туындайды. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мұндай кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігі маркетингтік басқарудың ажырамас бөлігі болып табылатын қызмет сапасын ұдайы көтеруге негізделеді. Бұл өз кезегінде мейманхана кәсіпорнының ғаламдық жүйеге енуіне жол ашып, тұтынушылар талабына толық жауап береді.

Зерттеудің нормативтік-ақпараттық базасы мен мәселелерді әзірлеу деңгейі:

Зерттеу барысында Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігі мен Астана қаласы Статистика жөніндегі басқармасының материалдары, «Комфорт Отель Астана» АҚ жайлы материалдар мен мәліметтер зерттеу жұмысының негізгі ақпараттық базасын құрады.

Мейманхана қызметін ұйымдастыру формаларының бірқатар басымдықтары ел экономикасының мейманхана секторына қолдануға жарамды. Қазақстандық, сондай-ақ шетелдік клиенттерді туристік нысандар мен еліміздің кәсіпорындарына тарту Отандық мейманжайлылықты әрі қарай дамыта түсуге мүмкіндік береді. Осы жағдайда қазақстандық туристік өнімдердің халықаралық рыноктағы бәсекеге қабілеттілігі жөнінде айту орынды. Алайда, аталған секторды ілгерілету сәл қиынға соғып тұр. Оған кедергі болған - ұйымдастырушылық, құқықтық және экономикалық сипаттағы мәселелер. Оның негізгісіне жататындар - қызмет көрсету сапасының төмендігі, тиімсіз менеджмент, баға шығыны, өнімі мен қызметін өткізуге шорқақтық. Туризмді дамыту арқылы мейманхана бизнесін ұйымдастырудың батыстық тәжірибесіне бейімделе отырып, келтірілген проблемалардан айығуға болады. Қазақстандағы мейманхана қызметі шетелдік мейманханалар тізбегінің ықпалымен дамып келетінін ескерсек, кіші-гірім елді-мекендердегі қызмет сапасын басқару стратегиясы ойдағыдай орындалмай отыр. Қызмет индустриясы - бір-біріне жанасып жатқан сала. Сондықтан да ұсынылатын қызмет сапасы алдымен сол ұйымның қызметкеріне тәуелді. Яғни, мұндағы ішкі және сыртқы маркетингтің ролі басым.

Мақсаты:

Мейманхана қызметі шаруашылығын заманға сай бәсекеге қабілетті етіп жетілдіру, оны еліміздің экономикасының жоғары табысты секторына айналдыру, Қазақстан мейманханаларының имиджін тартымды туробъекті ретінде қалыптастыру.

Алға қойған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі керек:

- мейманхана бизнесін ұйымдастырудың қазіргі заманғы тенденцияларын үйрену;

- мейманхана бизнесін дамытуға және оның материалдық базасын жетілдіруге жәрдемдесу жөніндегі ережелерді әзірлеу;

- Отандық мейманханалардың қазіргі жағдайына баға беру;

- «Комфорт Отель Астана» АҚ қонақ үйінің қаржылық жағдаятына талдау жүргізу;

- осы саланы реттеу тетігін жетілдіруге ықпал ету;

- қонақ үйлік сервис сапасын белгiленген талаптарға сәйкес арттыру.
Зерттеу нысаны:

Астана қаласындағы «Комфорт Отель Астана» АҚ қонақ үйі.

Зерттеу пәні:

Зерттеу нысаны болып қазіргі экономикалық жағдайда қазақстандық мейманхана бизнесіндеғы қызметті ұйымдастыру танылды.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері:

Жалпы зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі ретінде заң актілері, ҚР Президентінің Жарлықтары мен ҚР Үкіметінің Қаулылары, отандық және шетелдік ғалым-экономистердің ғылыми жұмыстары алынды.

Зерттеу нәтижелері салыстырмалы талдау, сараптамалық, есептік-құрылымдық, экономикалық-математикалық, болжамдау және монографиялық әдістерді қолдану көмегімен алынды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

Мейманхана бизнесі қызметін ұйымдастыру бойынша берілген ұсыныстар жұмыстың ғылыми жаңалығын қамтиды. Осы реттегі қол жеткізілген жаңалықтар:

  • мейманхана секторын ілгерілетудің алғышарттары анықталды;
  • теориялық сараптама негізінде қазақстандық мейманхана саясатының ерекшеліктері талданып, қорытылды;
  • мейманхана қызметін жетілдіру алға тартылып, оның даму перспективасына болжам жасалды.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы:

Мейманхана бизнесінің әлеуетін қалыптастыру жолында оның экономикалық механизмін жетілдіру үшін осы курстық жұмысында қолданылатын әдістемелік тәсілдер мен ұсыныстар арқылы айқындалады. Зерттеу материалын мейманхана бизнесі саласында, өндіріс пен қызмет көрсету орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатындағы жобаларды жасауда пайдалануға болады.

Жұмыс құрылымы мен көлемі:

Курстық жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

1 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕЙМАНХАНА БИЗНЕСІНІҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЕРОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Қазақстандағы қызмет көрсету аясындағы мәселелер және Астана қаласы бойынша мейманхана қызмет

Еліміздің базар экономикасына көшу процесі мен оның әлемдік интеграцияға шоғырлануы жағдайында мейманхана қызметінің ролі зор. Сондықтан да мейманхана қызмет саласын қарқынды дамыту - кезек күттірмейтін міндет. Алайда еліміздегі бірқатар мейманханалардың жоғары техникалық деңгейде сапалы қызмет көрсетуінде көңіл қынжылтатын сәттер да жоқ емес. Мұны шешу үшін мейманханадағы қызмет көрсету саласына теориялық баға бере білу керек.

Ал Батыс елдеріндегі мейманханалық қызмет түрлерін дамыту тенденцияларының талдамасы ел экономикасының аса маңызды бағыттары деп тұжырымдалады. Оған алдымен мемлекет ықпал етуі тиіс. Осы жағдайда замана ықпалына қарай дамуда мемлекет әрдайым басты рольде. Мемлекет бұл саланы дамытудың стратегиялық әзірлемесінің орындалуын қатаң қадағалауы тиіс.

Басқа елдер тәрізді Қазақстанда да мейманхана бизнесін дамытудағы басты проблема - білікті кадр тапшылығы. Соның салдарынан еңбекті ұйымдастыру тиімсіз болып отыр. Америка Құрама Штаттарындағы мейманханалық желілер маусымдық жұмысшы күші есебінен игеріледі. Олар бұл істі дайын қызметкерлерді артығымен ұстайтын ұйымдарды өздеріне жұмысқа тарта отырып орындайды. Ал осы тәрізді тәсілдер Қазақстанда мүлдем жоқ. Тәжірибесіз маманның сапалы оқу курсынан өтуіне көп уақыт қажет. Еліміздің мейманханаларында дайындықсыз жұмыскерлердің еңбегін пайдалану құбылысы өте жиі ұшырасады. Ол өз кезегінде үлкен ұтылысқа алып келеді.

Қызмет көрсету сапасы жағынан Отандық мейманханалардың дамыған шетел мейманханаларімен бәсекеге түсуі екіталай. Мейманханаларіміздің басым бөлігінде қызмет көрсету сапасының сын көтермейтіні - шындық.

Қазақстанның ірі қалаларында комфортты жағдай жасайтын мейманханалар жеткілікті делік. Төрт және бес жұлдызды мейманханалар негізінен халықаралық мейманханалық желіге қатысты әрі оларды халықаралық компаниялар басқарады. Ал олардың меншік иесі - жергілікті өкімет органдарымен және жеке инвесторлармен бірлескен кәсіпорындар.

Мұндағы қызмет көрсетудің жоғары сапасы қымбат төлемді талап етеді. Оған ірі бизнесмендер, іскер туристер, әйгілі артистер, спортсмендер ғана қол жеткізуі мүмкін. Ал елімізге ат басын бұрған кез келген қарапайым азаматқа арналған қалыпты деңгейдегі туристік классты мейманханалар жоқтың қасы.

Іс жүзінде елімізде «үш жұлдызды» категориясына сәйкес келетін мейманхана ілуде біреу. Аз болғаны сондай, олардың басым бөлігі қызмет көсету сапасы жағынан да, персоналдар дайындау жағынан да жоғарыда айтылған категорияға сай емес.

Қазіргі таңда қазақстандық мейманхана бизнесін жетілдірудегі ең өзекті мәселеге айналған құбылыс - мейманханалар мен туроператорлардың өзара әрекеттестігі. Серіктестер бір-біріне жиі-жиі талап қойып жатады. Келісімшарт тәртібін орындау барысында да олқылықтар кездесіп қалады.

Туроператорлардың өз топтары үшін сақтаулы нөмірлерді алдын ала сатып алмағандығынан келетін шығындарға мейманханалар шыдап бағуда. Кеш тапсырыс - мейманхана индустриясындағы көзжұмбайлық факторлардың бірі.

Ал орынжай жағына келгенде туроператорлар да өз серіктестеріне кінә қоймақ. Бірқатар мейманханалар туртоптарға орынжайларын жеңілдіксіз ұсыну не тауарларына тым жоғары баға қою салдарынан туристік топтарды қабылдаудан қол үзіп қалады. Осындай жағдайда туроператорлардың өз ұстанымын қорғауына қиындықтар туындап жатады.

Қазақстандық мейманхана бизнесін ұйымдастыру жолындағы желілік қатынас қалыптасудың бастапқы белесінде тұр. Сондықтан да осы кезеңдегі өзара бірлесу формалары тым күрделі. Сонымен қоса заманауи талаптарға толығымен жауап бере алмайды. Мұндағы негізгі айтпағымыз - Отандық тәжірибенің жоқтығы.

Жалпы мейманханалар мынадай екі сегментке бөлінеді: Желілік мейманханалар және желісіз мейманханалар. Желісіз мейманханалармен салыстырғанда желілік мейманханалардағы еңбек өнімділігі 50%-дай жоғары. Ол негізінен еңбекті ұйымдастырудың желілік формасын қолдану арқылы қажетті ресурстарды жеткізу мен қызметкерлерді кәсіптік оқытуға кететін жұмыс көлемі есебінен қаржыны үнемдеуге байланысты.

Қазақстандық желісіз мейманханалардағы еңбек персоналдары өнімінің төмендеуін тұрғындардың кіріс деңгейі мен салықтық тәртіптің дұрыс орындалмауынан сұраныстың азаюына алып келгендігімен түсіндіруге болады. АҚШ-да мейманхана тиімділігіне қарай менеджерлерге сыйақы тағайындауды басқару шарты кең тараған. Ал қазақстандық желісіз мейманханалар келісімдерінде еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру мен басы артық штаттан арылуға ынталандыру көзделмеген.

Мейманхана бизнесін дамытуға кедергі - транспорттық инфрақұрылым: аймақтарда орналасқан кейбір демалыс базаларына жолдың сапасыздығынан жетуге мүмкін болмай жатады.

Қазіргі уақытта шетелдерге демалысқа, емделуге, іскерлік сапарға, шоп-турға кеткен туристер саны басымдық алып отыр. Қазақстанның ішінде емделу мен демалыс үшін ұйымдастырылған жолдамаларға сұраныс бар болғаны 25%-ға қанағаттандырылады. Сонымен бірге, ТМД елдерінен келген ұйымдастырылмаған туристерге туристік қызметтің толық кешені көрсетілмейді.

Нашар дамыған инфрақұрылым, туробъектілердің материалдық-техникалық базасы, кәсіптік кадрлардың, туристік қызмет рыногына қатысушылар арасында тығыз өзара байланыстың болмауы, халықаралық деңгейде имидждік компанияның жеткіліксіз жүргізілуі - бұның бәрі елімізде туристік саланың ойдағыдай қалыптасуына тосқауыл болуда.

Ұлы Жiбек жолы бойында орналасқан Қазақстан аймағындағы көрікті қалалар мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден-ақ саяхат пен туризм нысандары болып табылған. Тарихқа шегінсек, Қазақстандағы алғашқы туристiк ұйымдар 20 ғасырдың 20-30 жылдарынан бастау алған. Жылжыған жылдар көшімен сатылай дамыған туризм Тәуелсiздiк таңы арайлап атқан кезеңнен дамудың жаңа сатысына көштi. 1993 жылдан Қазақстан Дүниежүзiлiк туризм ұйымына мүше. 2006 жылы 13 маусымда «Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы» Заңы қабылданды. Онда туристiк саланы дамытудың бiрiншi кезектегi шаралары айқындалды. Қазақстанның табиғи, тарихи, геосаяси орны туристiк нысандарды ұтымды пайдалануға мүмкiншiлiк бередi, сонымен қатар экономиканың басты тармақтарының бiрi ретiнде дамытуды қажет етедi.

Қазақстанның туристiк фирмалары бүгінде дүние жүзiнiң 80 аса елiмен қарым-қатынас жасайды. Қазақстанда туризмнiң барлық түрлерi бар. Бұл үшiн Қазақстан аумағы бойынша 700-ден астам саяхаттық маршруттар белгiленген. Оларға еліміздегі әр түрлi категориялы мейманханалар сервистiк қызмет көрсетедi. Туризм қазіргі әлемде құқығы жағынан жүз жылдықтың экономикалық феномені болып танылды. Осы заманғы дүниежүзілік экономикада туристік сала - аса жанды әрі перспективалы салалардың бірі, тіпті кейбір елдерде мемлекет кірісінің алғашқы тарауы болып табылады. Қазақстанда Ішкі Жалпы Өнім көлемінің 1, 5-2 % туризм үлесі құрайды.

Бүкіләлемдік туристік ұйымның болжамы бойынша Қазақстан тұрақты туризмді дамыту үшін болашағы бар елдер сапында. Барлық туристік нарықта Қазақстанның табиғатына, ландшафтарына және ұлттық мәдениетіне үлкен қызығушылық білдіреді. Зерттеу мәліметтері бойынша алыс-жақын шет елдерден республикамызға бет алатын туристердің 74 % - жабайы табиғатты, 63 % - көшпенділер мәдениетін, 59 % - тау жоталарын, 68 % - әсем табиғат көріністері мен шексіз кең даланы, 58 % - таза табиғатты тамашалауға құштар. Сондықтан да Қазақстандағы туристік сала елдің экономикалық дамуындағы басым сала ретінде белгіленді.

Төменде туристердің, бейрезиденттер мен резиденттердің Қазақстанға келу мақсаттары бойынша құрылымы ұсынылған.

Сурет-1, 2011 жылғы Қазақстанға туристердің келу мақсаттары бойынша құрылымы

Сурет - 2, 2011 жылғы туристер мен бейрезиденттердің Қазақстандағы сапар мақсаты бойынша құрылымы

Сурет -3, 2011 жылғы туристер мен резиденттердің Қазақстандағы сапар мақсаты бойынша құрылымы

Ұсынылған суреттердің үшеуінде де іскерлік және кәсіби мақсаттағылар саны - басым.

Елімізде жылдан-жылға туристік қызметке деген сұраныс өсіп келеді. Соған сәйкес туристік саладағы жұмыс орындарының көлемі де ұлғаюда. Туристік бизнестегі жұмыс технологиялары тегіс компьютерлендіріліп, өркендеуде. Осы замандық клиент талап қоюшы әрі таңдаушы. Олар сенімді серіктестер арқылы сапалы тур-тағамдардың жеткізілгенін қалайды. Мұның бәрі туристік сала қызметкерлерінен біліктілігін, жұмыс тәжірибесін және мамандығына машықтануын талап етеді. Сапалы туристік қызметті ұйымдастыру - осы замандық әрбір туристік фирманың алға қойған міндеті. Сапалы қызметпен қамту тағы да білікті маманға келіп тіреледі.

Туризмнің қазіргі индустриясы әлемдік экономиканың ең жоғары табысты және серпінді дамушы салаларының бірі болып табылады.

Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық өмірінде соңғы жылдары болған өзгерістер туризм саласындағы ұсыныстарды нақты сұранысқа барынша жақындатып, кеңінен таралуына мүмкіндік береді. Өзіндік келбеті мен инфрақұрылымы бар біздің еліміздің жас астанасы ретіндегі қалаға өсіп келе жатқан қызығушылық туризм саласын сипаттайтын көптеген көрсеткіштермен расталады.

Сурет-4, 2011-2012 жылдардағы туризм түрлері бойынша туристерге қызмет көрсету, (мың адам)

Туризм түрлері бойынша туристерге қызмет көрсету

2012 жылы ішкі туризм айтарлықтай өскен.

2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Астана қаласында қала қонақтары мен тұрғындарына қызмет көрсеткен 84 мейманхана жұмыс істеді. 2012 жылы қаланың туристік фирмаларымен және мейманханаларімен 340, 3 мың туриске қызмет көрсетілді. Соның ішінде келу туризмі 53, 0 мың адам, шығу - 31, 1 мың адамды құрады. Ең үлкен үлес салмақ ішкі туризмге тиесілі - 256, 2 мың адам (75, 3%) . 2011 жылмен салыстырғанда қызмет көрсетілген туристер саны 35, 4%-ға немесе 88, 9 мың адамға көбейді. Бұл өсім 2011 жылмен салыстырғанда 1, 7 есеге өскені келуші туризм есебінен болды.

Туристік қызметпен айналысатын барлық туристік фирмалармен және жеке кәсіпкерлермен 86, 1 мың адамға қызмет көрсетілді, оның ішінде туристік фирмалармен - 83, 4 мың адамға, туристік қызметпен айналысатын жеке кәсіпкерлермен - 2, 7 мың адамға қызмет көрсетілді. Сонымен бірге 18, 4 мың жолдама өткізілген. Туристік фирмалар арқылы сатылған жолдамалардың жалпы құны 820, 9 млн. теңгені құрады.

Туристік қызметпен шұғылданатын жеке кәсіпкерлермен және туристік фирмалармен, сондай-ақ мейманханалармен ұсынылған жұмыстар, қызметтер көлемі 2012 жылы 6234, 1 млн. теңге құрады. Туристік қызметпен шұғылданатын жеке кәсіпкерлермен және туристік фирмалармен ұсынылған жұмыстар, қызметтер көлемі 1099, 2 млн. теңге, оның ішінде турдың бағасына кірмейтін визалық және экскурсиялық қызмет көрсету көлемі 19, 9 млн. теңге, орындарды сақтап қою бойынша қызмет көрсету көлемі 1078, 3 млн. теңге құрады.

Кесте - 1, 2012 жылы ұсынылған жұмыстар, қызметтер көлемі,

(мың теңге)

Көрс/р
соның ішінде:
барлығы
туристік фирмалар-мен
туристік қызметпен айналысатын жеке кәсіпкер- лермен
орналас-тыру нысандары-мен
келушілерді орналастыру-мен айналысатын жеке кәсіп-керлермен
Көрс/р: Астана қаласы
: 6234068, 0
соның ішінде:: 1092473, 7
6745, 7
4760601, 6
374247, 0
Көрс/р: Алм/ты ауданы
: 3990546, 4
соның ішінде:: 47788, 2
-
3693478, 2
249280, 0
Көрс/р: Сары/қа ауданы
: 2243521, 6
соның ішінде:: 1044685, 5
6745, 7
1067123, 4
124967, 0

2012 жылы ұсынылған жұмыстар, қызметтер көлемі

Мейманхана кешені құрылымы - туризмді дамытудың маңызды шарты.

Алдыңғы жылы халықаралық туризм 84094 келу көрсеткішін, ұлттық - 287335 келу көрсеткішін, ел ішіндегі туризм - 256204 келу көрсеткішін құрады.

Сараптама жүргізілген кезеңде Астанаға 52 963 шетел азаматы келген. Бұл 2011 жылғы деңгейден 1, 7 есеге жоғары екенін атап өту керек. Заңды тұлғаларға қатысты туристук фирмалармен және мейманханалармен ТМД елдерінен келген 12 933 адамға қызмет көрсетілді. Ол 2011 жылдың сәйкес көрсеткішінен 9, 4 %-ға асып түседі.

Келгендердің едәуір үлесін Ресейден (78, 4 %), Украинадан (6, 3 %), Өзбекстаннан (3, 5 %) келген азаматтар құрайды.

Кесте - 2, ТМД елдерінен келген туристер саны, (адам)

Мемлекеттер
Жылдар

2012

жыл

%-бен

2011 жылға

ТМД елдерінен келгендердің жалпы көлеміндегі үлесі %
2011
2012

2011

жыл

2012

жыл

Мемлекеттер: Барлығы
Жылдар: 11826
2012жыл%-бен2011 жылға: 12933
ТМД елдерінен келгендердің жалпы көлеміндегі үлесі %: 109, 4
100
100
Мемлекеттер: Әзірбайжан
Жылдар: 50
2012жыл%-бен2011 жылға: 246
ТМД елдерінен келгендердің жалпы көлеміндегі үлесі %: 4, 9 есе
0, 4
1, 9
Мемлекеттер: Армения
Жылдар: 17
2012жыл%-бен2011 жылға: 200
ТМД елдерінен келгендердің жалпы көлеміндегі үлесі %: 11, 8 есе
0, 1
1, 5
Мемлекеттер: Белорусь
Жылдар: 181
2012жыл%-бен2011 жылға: 214
ТМД елдерінен келгендердің жалпы көлеміндегі үлесі %: 118, 2
1, 5
1, 7
Мемлекеттер: Грузия
Жылдар: 175
2012жыл%-бен2011 жылға: 241
ТМД елдерінен келгендердің жалпы көлеміндегі үлесі %: 137, 7
1, 5
1, 9
Мемлекеттер: Қырғызстан
Жылдар: 178
2012жыл%-бен2011 жылға: 337
ТМД елдерінен келгендердің жалпы көлеміндегі үлесі %: 1, 9 есе
1, 5
2, 6
Мемлекеттер: Молдова
Жылдар: 28
2012жыл%-бен2011 жылға: 91
ТМД елдерінен келгендердің жалпы көлеміндегі үлесі %: 3, 3 есе
0, 2
0, 7
Мемлекеттер: Ресей
Жылдар: 10253
2012жыл%-бен2011 жылға: 10144
ТМД елдерінен келгендердің жалпы көлеміндегі үлесі %: 98, 9
86, 7
78, 4
Мемлекеттер: Тәжікстан
Жылдар: 91
2012жыл%-бен2011 жылға: 154
ТМД елдерінен келгендердің жалпы көлеміндегі үлесі %: 1, 7 есе
0, 8
1, 2
Мемлекеттер: Түркменстан
Жылдар: 8
2012жыл%-бен2011 жылға: 38
ТМД елдерінен келгендердің жалпы көлеміндегі үлесі %: 4, 8 есе
0, 1
0, 3
Мемлекеттер: Украина
Жылдар: 471
2012жыл%-бен2011 жылға: 810
ТМД елдерінен келгендердің жалпы көлеміндегі үлесі %: 1, 7 есе
4, 0
6, 3
Мемлекеттер: Өзбекстан
Жылдар: 374
2012жыл%-бен2011 жылға: 458
ТМД елдерінен келгендердің жалпы көлеміндегі үлесі %: 122, 5
3, 2
3, 5

ТМД елдері бойынша келген туристердің алдынғы сапында Ресей, ал соңында Түркменстан тұр.

Заңды тұлғаларға қатысты туристік фирмалармен және мейманханалармен ТМД-дан тыс елдерден келген 34 825 адамға немес шетел туристерінің жалпы санының 36, 8 %-на қызмет көрсетілді. Әдеттегідей, 2012 жылда да келушілер саны бойынша Түркия, АҚШ, Германия, Қытай, Ұлыбритания елдері алдыңғы орындарда.

Кесте - 3, ТМД-дан тыс елдерден келген туристер саны, (адам)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызметтің нақты саласына қарай істелген қызметтер
АҚМОЛАТУРИСТ ҚОНАҚ ҮЙІНІҢ ЕСЕПТЕРІНЕ СИПАТТАМА
Қазақстандағы қонақ үй бизнесінің қалыптасуы және болашағы. ЖШС «ОТЫРАР»қонақ үйі
Достық қонақ үйінде қонақтарға қызмет көрсету түрлерін дамыту
Мерей қонақ үйінің шаруашылық қызметінің комплексті талдау
Қонақжайлылық индустриясындағы инновацияның түрлері
Әлеуметтік жарнама тұтынушылары
Орналастыру құралдарының қызмет сапасын бағалау және қабылдау
Кәсіпорынның өндірістік қуаты
Кіші кәсіпорын жүйелерінің дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz