Маркетингті жоспарлау және бақылау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Тұтынушылар Одағы

Арқалық экономика және құқық колледжі

Тақырыбы: Маркетингті жоспарлау және бақылау

Тексерген: Абдикова Баян Шамшиденқызы

Орындаған: Камалмева Диана Бақытбекқызы

Арқалық 2007 жыл

Кәсіпорынның стратегиясы бекітілгеннен кейін қабылданған шешімдер жіктеліп, әрбір өндіріс және тауар бойынша нақтылы бағдарламаға жеткізілуі керек. Осындай тиянақталған жұмыстардың жиынтығы маркентингтік жоспар болып табылады, ал оның мақсаты стратегиялық жоспарда көздеген өндірістің, стаудың, табыстың өсуін іске асыру. Маркетинг жоспарына өндіріс жоспарлары, тауарлар шығарудың нарықтық қызметінің, маркалы бұйымдары шығарудың жоспарлары да жатады. Мұның себептері аталмыш кәсіпорынның әрбір өндіріс бірнеше тауарлық топқа, жеке тауарларға және олардың маркаларына, осымен қатар бірнеше нарыққа да, бағытталуы, ал осы айқындамалардың әрқайсысы маркетинг жоспарында орын алады.

Жылдық жоспар - бұл ұзақ мерзімдінің осы жылда іске асыруға міндеттілерінің тарамдалған нұсқасы.

Жылдық жоспарда маркетингтік жағдайлардың, мүмкіндіктер мен қатерлердің, әрбір өндірілетін тауар тарапынан туатын мақсаттар мен міндеттердің толық сипаттары беріледі, маркетинг стратегиясы және осы жылдық іс - қимылдың бағдарламасы баяндалады, қаржылардың сомасы және оларды пайдалануды бақылау белгіленеді.

Маркетинг жоспары бірнеше туардан тұрады.

Бірінші «Бақылау көрсеткіштерінің мәліметтері» негізгі мақсаттары және жоспардың нұсқауларын қамтиды: ақшалай мөлшерленген сатудың көлемі және оның өткен жылмен салыстырғандағы өсімі, ағымдағы пайданың жобалы мөлшері және оның өткен жылға қарағанда өсуі, сатудың бекітілген көлемі мен пайдаға көз жеткізерлік бюджеттік қаржылар, жарнамаға керекті шығындардың мөлшері және т. б. Бақылау көрсеткіштерінің мәліметтері кәсіпорын басшыларына жоспардың негізгі бағытын ашуға көмектеседі.

«Ағымдағы маркетингтік уақиғалар» тарауында мақсатты нарықтардың сипаттамалары және кәсіпорынның олардағы жағдайы беріледі. Негізгі қаржылық нарықтық сегменттердің аумақтары, тапсырушылардың қажеттіктері, макроқоршам ортаның факторлары суреттелінеді. Бәсекелестердің тарату арналарының тізімі және жаңа тауарларды шолулар келтіріледі.

Жоспардың келесі тауарды «Мүмкіндіктер мен қателер». Мұның мақсаты тауар өндірушінің нәтижесінде қалай да болсын әсер ете алатын факторларға және оқиғаларға басшылардың назарын аудару. Бұл жерде мүмкіндіктер ретінде маркетингтік қағидалардың тартымды, кәсіпорын өзінің мақсаттарына жетіге бәсекелестер алдында басымдық ала алатын бағытын айтады. Ашыла бастаған нарықтық мүмкіндіктерді көре білу - түк өзгермейтіндей бүгінгі нарықтар мен тауарларға арқа сүйейтіндердің алдында үлкен басымдылық.

Қатерлер ретінде қолайсыз ағымдағы немесе нақтылы уақиғаға байланысты туатын қиындықтар танылады, ал бұлар мақсатталған маркетингтік қимылдар жасалмағанда азды - көпті мөлшерде қолдағы тауардың, тауарлық топтың немесе түгел кәсіпорынның жағдай шебін құлдыратады. Мысалы, сәбізді қолданып, тағам өнімдерін шығарушы мына типтес қолайсыздықтарға жолығуы мүмкін:

  • егістіктерде зияекестер пайда болуы және олармен күресетін адамдардың болмауы, ал бұл шығымның өнімнің азаюына әкеп соқтырады.
  • тұтынушылар жағынан экологиялық таза, химиялық тыңайтқыштар қолданбай өсірілген ауылшаруашылық өнімдеріне құмарлық сөзсіз көбеюі ықтимал.
  • сәбізде болатын микроэлементтер көп тараған аурулардың дамуына қолайсыз ықпал етеді, деген маман медиктердің қорытынды жасауы ықтимал және т. б.

Маркетинг мамандары әрбір мүмкіндіктердің және қатердің ықтималдығын анықтауы және осыған сәйкес шаралардың, оларға кәсіпорынға деген салдарын керекті әрекеттерді жоспарлау үшін бағалауы жөн.

Жоспардың кезекті «Маркетинг стратегиясы» аталатын тауарды белгіленеген міндеттерді шешудің тұрғысын қамтиды. Мұның құрамында - мақсатты нарықтар, маркетинг кешені және маркетинг шығындары жөніндегі стратегиялар болады. Мақсатты нарықтар стратегиясы кәсіпорын өзінің әрекеттерін шоғырландыратын рыноктардың сегментін анықтауға арналады. Ол осындай сегменттердің әрқайсысына айтылмыш өндірушінің тауарларының бәсекелік қабілетін көтеруді және оның мақсаттарына жеткізуді көздей отырып қабылдады. Маркетингтік кешеннің стратегиясы бұған дейін қаралған оның элементтерінің әрқайсысына қатысты және ол барлық элементтерді іске асыруда мүмкіндіктер қатерлер мен өзекті проблеммалар қалайша ескерілетінін анықтайды.

Маркетингтік шығындар деңгейі жоғарда көрсетілген стратегияларды іске асыруға қажетті бюджеттің мөлшеріне әсерін тигізеді.

Маркетинг жоспарының тағы да бір тарауы - «әрекеттер бағдарламасы». Ол маркетингтің белгіленген стратегиясын жүзеге асыру үшін «Не істеу көзделіп тұр?», «Кім істейді?», «Қандай мерзімде?», «Қандай шығындармен?» деген сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік береді. Жаңа мүмкіндіктер немесе қателер туа қалатын жағдайды ескере отырып, бағдарламаға өзгерістер еңгізіледі.

Шаралар жоспарынан кейін іс - қимылдың көздеген нәтижелерін табыс, шығын, пайда, зияндар саласында айқындайтын маркетингтің бюджеті жасалынады. Бюджет жасаудың тәртібі таңдап алынған әдістемеге байланысты болады.

Маркетинг жоспарының соңғы тарауы болып «Бақылаудың тәртібі» танылады, мұнда нені бақылайтыны және бақылау қалай өткізілетіні көрсетіледі.

Маркетингті бақылауды үш кезеңге бөледі. Жылдық жоспардың орындалу барысы, пайда түсіру және стратегиялық бақылау. Осы бағытталған әрқайсысы бойынша жауапты қызметкерлер тағайындалады, бақылаудың мақсаты белгіленеді, оларды іске асырудың әдістері мен тәсілдері көрсетіледі. Бақылаудың нәтижесінде жоспарланған көрсеткіштермен салыстыру жою үшін реттеуші ықпал шараларын белгілеуге мүмкіндік береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маркетингiлiк жоспарлау
Қазақстандағы кәсіпорындарда маркетингті ұйымдастыру
Маркетингті басқарудың функционалдық құрылымы
Маркетингті стратегиялық жоспарлау
Маркетинг жоспарының құрылымы
Тауарды жетілдіру тұжырымдамасы
Стратегиялық жоспарлау процесі
Баспа өнімдері саласындағы кәсіпорындағы маркетингтік қызметті ұйымдастырудың теориялық негіздері
Кәсіпорынды басқару процесі
Маркетинг процесін басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz