МАҚТА ӨҢДЕУ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ҚАРЖЫ - АҚША АҒЫМДАРЫН БАСҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

ӘӨЖ 330:364. 66:667. 21(574. 5) Қолжазба құқында

НИЯЗОВ ТАЛГАТ ЖАКСЫБАЕВИЧ

МАҚТА ӨҢДЕУ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ҚАРЖЫ-АҚША АҒЫМДАРЫН БАСҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ТЕОРИЯ, ӘДІСНАМА, ТӘЖІРИБЕ

08. 00. 05- Экономика және халық шаруашылығын басқару

(қызмет сфералары мен салалары бойынша)

Экономика ғылымдарының докторы

ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Түркістан, 2010

Жұмыс Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орындалған.

Ғылыми кеңесшісі экономика ғылымдарының докторы

Джуманов Ә. М.

Ресми оппонененттер экономика ғылымдарының докторы

Ертаев Қ . Е

экономика ғылымдарының докторы

Қасенов Қ. Р.

экономика ғылымдарының докторы

Қантөреев М. Т.

Жетекші ұйым Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық

университеті

Қорғау 2010 жылы 16 қазан сағат 11-00 де Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациялар қорғау жөніндегі Д14. 61. 15 диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен жайы: 161200, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, Университет қалашығы.

Диссертациямен Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кітапханасында танысуға болады.

Автореферат қыркүйек 2010 жылы таратылды.

Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы, э. ғ. д. Мусабеков Қ.

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Тереңдетілген нарықтық қайта құру жағдайындағы Қазақстанның экономикалық саясаты, мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-шаруашылық жағдайын жақсарту мен рентабельділігін жоғарылатуға және мақта кластерін қалыптастыру мен дамытуға бағытталған. Мақта кластері, оның қатысушыларын қаржылай қолдаудың нақты мемлекеттік саясаты болған жағдайда ғана іске қосылатыны бәрімізге белгілі. Бүгінгі таңда аталған бағытта нақты қадамдар жасалуда. Атап айтар болсақ мемлекет, мақта шаруашылықтарының зиянкестермен күресуге жұмсайтын шығындарын 100 пайыз, егілетін ұрық құнының, суару үшін пайдаланылатын суды жеткізуге, тыңайтқыштар мен гербицидтерді сатып алу үшін жұмсалатын щығындардың 40 пайызын, жанар-жағармай мен дренаждық және ирригациялық жұмыстарды жүргізуге кететін шығындардың бір бөлігін өтеуді жоспарлауда. Бұл мақта шикізатын өндірушілерді қолдаудағы айтарлықтай қадам болғанымен оны кластердің технологиялық тізбегіне тікелей және жанама әсер ететін басқа да шаралармен кешенді түрде қолдану айтарлықтай оң нәтижені береді. Мұндай инструменттерге мақта талшықтарын сатып алу құнын реттеуді, энерго-шикізаттар мен электр энергиясына дүниежүзілік бағадан төмен бағаны қалыптастыруды, құрал-жабдықтар импорттауды дотациялауды, альтернативті шикізат қорын стимулдау мен қаржыландыруды т. б. жатқызуға болады.

Мақта өңдеу кәсіпорындары көпқырлы қызмет атқарады. Мақта шикізатын бастапқы өңдеуден мақта талшықтары, ұрық және мақта линтын алудан басқа мақта зауыттарына келесідей бірқатар міндеттер жүктелген: егуге қажетті ұрықты дайындап мақта егетін шаруашылықтарды қамтамасыз ету, мақта өсірудегі агротехникалық әрекеттерді жүргізуде бақылау жасау және көмек көрсету, мақта шикізаттарын кептіру және тазалау, бастапқы қайта өңдеу және мақта өнімдерін тұтынушыларға жеткізу т. б. Қазақстанда өндірілетін мақтаның талшықтығы оташа болып, шикі мақтаны өсіріп жинаудың 80 пайызы шаруа қожалықтары үлесіне тиеді. Бүгінгі таңда мақта өнімдеріне тұрақты сұраныстың болуына байланысты дүниежүзілік нарықтағы оларды сату көлемі жеткілікті түрде тұрақты болып отыр. Жақын келешекте мақта өнімдерін сату көлемінің азаюы күтілмеуде, себебі оларға деген сұраныс жоғары. Сондықтан да мақта шикізатын қайта өңдеу тиімділігін арттыру қажеттілігі туындап отыр. Еліміздегі мақта өнеркәсібінің дамуы өндіру үрдісін механизациялау мен автоматтандыру, мақта заводттарын мақта өсіретін шаруашылықтарға мейлінше жақындату, ұзақ тасымалдау мен артық жүк тиеу жұмыстарын азайта отырып, мақта щикізатын жинау мен қайта өңдеудің біріңғай ағымын құру бағытында жүріп жатыр.

Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы жобалық қуаттылығы 770 мың тоннаны құрайтын 21 мақта өңдейтін кәсіпорын бар, оның 12-сі Мақтаарал ауданында орналасқан, ал қалғандары болса Шымкент және Түркістан қалалары мен Шардара, Сарыағаш, Ордабасы және Отырар аудандарында орналасқан. Ортажылдық қуатты пайдалану 40-45 мың тонна мақта шикізатын құрайды. Мақта зауыттарының қуаттылығы барлығы 60% жүктелген, бұл шикізат базасының өсуі жағдайында өңдеу үшін қажетті қосымша мақта қуаттарының құрылысын салмай-ақ, мақта шикізатын қайта өндіру көлемінің өсімін қамтамасыз етеді.

Кәсіпорынның қаржы-ақша ағымдарын қалыптастыру, қозғалысын реттеу және бақылау, мақта өңдеу саласын дамытуға бағытталған мемлекеттік саясат аясында айрықша маңызды және өзекті. Сондықтан да Қазақстан экономикасының дамуында, мақта өңдеу кәсіпорындарының маңызды мәселелерінің бірі, олардың қаржылық тұрақталғана әсер ететін қаржы-ақша ағымдарын тиімді басқару болып табылады.

Дүниежүзі мақта нарығындағы бәсекелестіктің дамуына байланысты кәсіпорындардың жемісті дамуының алғы шарты, өз қызметіндегі қаржы-ақша ағымдарын үйлестіруді, несие саятатын жүргізуді, қаржылық болжауды, жоспарлауды, төлем тәртібін сақтауды және басқада қызметтерді қамтитын, дұрыс ұйымдастырылған басқару жүйесі болып табылады. Ал қаржы-ақша ағымдары, дәстүрлі түрде барлық деңгейдегі басқару жүйелерінің маңызды элементі болып саналады.

Мақта өңдеу кәсіпорындарында қаржы-ақша ағымдарын басқару жүйесін ұйымдастыру мен жоспарлау, оларды өндірістік-шаруашылық қызметті қамтамасыз етуде тиімді қолдану мәселелері әлі толық зерттеліп, қарастырылмаған.

Сондықтан да мақта өңдеу кәсіпорындарындағы қызметтерді жоспарлау, өңдірілген өнім құнын, сапасын көтеру, тағы басқа да мәселелерді талдау, ғылыми зерттеу тақырыбының өзектілігін туындатады.

Сондай-ақ зерттеу тақырыбының өзектілігі келесілермен анықталады:

  • Қазақстан экономикасының даму жағдайындағы мақта өңдеу кәсіпорындарының үлкен көлемдегі қаржы-ақша қаражаттарын айналымға тарту мен оларды тиімді басқару ролінің жоғарылауы;
  • кәсіпорындардың шаруашылық қызметіндегі қаржы-ақша ағымдарын басқарудың мәні мен тиімділігін ғылыми тұрғыда негіздеудің жеткіліксіздігі ;
  • мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын басқарудағы жоспарлау, бағалау талдау мен бақылаудың әдістемелік аппаратын толық және тиімді пайдалануға, сондай ақө икемді шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін кешенді зерттеу жұмысының жоқтығы;
  • бизнесті басқару тиімділігін жоғарылатуға себеп болатын және кәсіпорынның қаржы-ақша айналымына оң ықпал ететін, теориялық негізделген, тәжірибеде қолдануға болатын қаржы-ақша ағымдарын басқарудың қазіргі заманғы әдістерінің қажеттілігі.
  • мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын басқару үрдісінің отандық экономиканың қазіргі заманғы талаптарына сәйкестелу қажеттілігі.

Ғылыми зерттеудің осындай бағытын таңдау теориялық тұрғыда да тәжірибелік тұрғыда да өзекті бола отырып, тақырыптың маңыздылығы мен жұмыс компоненттерінің мазмұндылығын туындатады.

Диссертация тақырыбының зерттелу дәрежесі . Кәсіпорындардың қаржы-ақша ағымдарын басқарудың әдіснамалық мәселелері экономикалық ілімнің бірқатар классиктері мен әлемге танымал экономист ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан

Кәсіпорынның қаржы-ақша ағымдарын басқару мәселелері Қазақстан ғылымы мен тәжірибесіндегі айтарлықтай жаңа тармақтардың бірі болып табылады. Кәсіпорынның қаржы-ақша ағымдарын басқарудың теориясына байланысты мәселелер әлемінің экономикасы дамыған елдерінің танымал классик экономист ғалымдары Р. Брейли, С. Майерс, Ю. Бригхем, Л. Гапенски, Дж. К. Ван Хорн, А. Дайле, С. Майерс, Дж. О`Брайен, Ж. Ришар, М. Р. Метьюс, Э. Хельферт, Дж. Фостер, Р. С. Каплан, К. Уорд т. б., ғылыми еңбектерінің жарық көрген орыс тіліндегі аудармаларында, сондай-ақ кеңестік кеңістіктегі экономисттер т. б. еңбектерінде көрініс тапқан.

Сондай-ақ осы мәселелерге, қазақстандық келесі экономист ғалымдар да еңбектерін арнаған, олар: Мамыров Н. К., Мархаева Б. А., Мельников В. Д., Копешов Ш. К., Жуйриков К, Ильясов К. К., Джуманов А. М., Дюсембаев К. Ш., Ертаев К., Мырзалиев Б, Сабден О. С., Отаров А. К., Зейнелгабдин А. Б., Аканаева Т. А. Касенов Қ. Р., Кантөреев М. Т. және т. б.

Ресейдің И. Т. Балабанов, В. В. Бочаров, А. М. Бирман, И. А. Бланк, А. Г. Грязнова, М. В. Докучаев, А. И. Кочеткова, В. В. Ковалев, Д. С. Моляков, В. М. Родионова, М. Н. Крейнина, В. В. Ковалев, Л. П. Павлова, Е. М. Сорокина В. К. Сенчагов, Е. С. Стоянова, Т. В. Теплова, Э. А. Уткин, М. А. Федотова, А. Д. Шеремет, Е. И. Шохин. және т. б. экономист ғалымдарының еңбектері де зерттеу тақырыбын ашуға арналған.

Аталған экономист ғалымдардың ғылыми зерттеу жұмыстарының, қаржы-ақша ағымдарының теориясын, қоғамның ақша шаруашылығын мемлекеттік реттеу тәжірибесін және жалпы, қаржы-ақша ағымдарын басқару жүйесін дамытудағы маңызы өте зор екенін айта отырып, бүгінгі күні кәсіпорынның тұрақты қаржылық дамуын қамтамасыз ететін құрал ретінде қарастырылатын талдау, жоспарлау және ақша қаражаттарының қаржылық менеджментін бір жүйеге біріктіретін ғылыми зерттеу жұмыстарының өте аз екенін сөз етуге болады.

Отандық экономист ғалымдардың еңбектерінде көбінесе қаржы-ақша ағымдарын қалыптастыру мен талдауы қарастырылған. Ал қаржы-ақша ағымдарын басқаруды ұйымдастырудың әдістері мен әдіснамасы монографиялық еібектер мен мерзімдік басылымдарда өте сирек кездеседі.

Сонымен қатар ғылыми басылымдарда қаржы-ақша ағымдары анықтамасы қаржы түсінігімен түсіндіріледі. Кәсіпорындардағы қаржы-ақша ағымдарын, сондай-ақ негізгі және айналым қаражаттары мен материалды активтерді, амортизациялық қорларды басқару жүйесін қалыптасыру әлі де болса жеткіліксіз дамыған, ал нарықтық экономика мен қазіргі кемелденген менеджмент жүйесі кәсіпорындардың басқару жүйесіне жаңаша көзқараспен қарауға және басқаруға автоматтандырылған технологияларды ендіруге аса көңіл бөлуді қажет етеді, өйткені қаржы-ақша ағымдарын басқарудың тиімді экономикалық механизмдерін қалыптастырмай кәсіпорынның тиімді жұмысы туралы сөз қозғауға болмайды. Жаңа экономикалық процестер қаржы-ақша ағымдарын басқарудың мақсатқа лайықты тиімді жүйесін қалыптастыруды талап етеді. Бұл өз кезегінде қаржы-ақша ағымдарын басқару жүйесін қалыптастырудың теориялық, әдіснамалық мәселелерін жетік зерттеу қажеттілігін аңғартады.

Сондықтан да нарықтық экономика жағдайында мақта өңдеу кәсіпорындардың қаржы-ақша ағымдарын басқару жүйесін қалыптастырудағы бірқатар шешілмеген және жіті талқылауды татап ететін мәселелерді теориялық, әдіснамалық тұрғыда нақтылау мен ғылыми-тәжірибелік тұрғыда шешу, таңдалған зерттеу бағытының актуалдылығын туындатады.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері . Ғылыми зерттеу жұмысының басты мақсаты, мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін, негізгі шаруашылық қызмет барысындағы қаржы-ақша ағымдарын тақтикалық және стратегиялық басқару жүйесінің теориясы мен әдіснамасын құру, ғылыми негіздеу және жетілдіру. Осы қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей тиісті міндеттер қойылған:

  • қаржы-ақша ағымдарын басқару жүйесін қалыптастыруды жетілдірудің теориялық әдіснамалық аспектілерін ғылыми зерттеу және оның экономикалық категория ретіндегі ұғымдар аппаратын нақтылау;
  • мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын мінездейтін кешенді жіктелуі мен басқарудың мақсатты параметрлерін негіздеу және олардың көлемі мен қарқындылығына әсер ететін факторларды нақтылау;
  • кәсіпорындардың қаржы-ақша ағымдарын басқару жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды негіздеу және басқарудың ақпараттық жүйесін қалыптастыру;
  • қаржы-ақша ағымдарының жіктелуіне салыстырмалы талдау жасау және олрады пайдалану бағыттарын негіздеу;
  • кәсіпорынның жалпы басқару жүйесінде пайдалану үшін, қаржы-ақша ағымдарының құрылымының мақсаттылығын бағалау;
  • кәсіпорынның қаржы-ақша ағымдарын басқарудың ақпараттық қамсыздандырудың ұстанымдары мен әдіснамалық тұстарын негіздеу;
  • мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын басқаруды ақпараттық қамтамасыздандырудың құрылымдық ерекшеліктерін анықтау және басқаруды ақпараттық қамсыздандыруды қалыптастырудың негізі болып табылатын модельдеуді негіздеу;
  • кәсіпорындардағы қолданыстағы қаржы-ақша ағымдарын басқару жүйесін зерттеу, оның ерекшеліктерін анықтау және оны жетілдіру мәселелерін шешу;

Зерттеу объектісі Қазақстан Республикасындағы мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын басқару жүйесіндегі ұйымдастырушылық-экономикалық қатынастар жиынтығы.

Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізі болып алдыңғы қатарлы шет ел классик ғалымдарының және отандық экономист ғалымдардың фундаменталды және қолданбалы ғылыми еңбектерінің концептуалды ережелері, қаржы-ақша ағымдарын басқару жүйесін жетілдіру мәселесіне байланысты өткізілген халықаралық және отандық ғылыми тәжірибелік конференциялардың материалдары, мерзімдік басылымдарда жарық көрген жарияланымдар, Қазақстан Республикасының (ҚР) заңдары мен құқықтық актілері зерделенді.

Мәліметтер көздері болып ҚР Статистика Агенттігінің, ҚР Ауыл шаруашылығы және Қаржы министрліктерінің, Оңтүстік Қазақстан облысының (ОҚО) ауыл шаруашылығы басқармасының есебі, есептілігі және статистикалық мәліметтері, ОҚО да орналасқан мақта өңдеу кәсіпорындарының жылдық есебі мен есептілік мәліметтері, бизнес жоспарлары мен жұмыс жоспарларының мәліметтері мен көрсеткіштері алынды.

Көрсеткіштер мен мәліметтерді сараптау монографиялық, абстрактілі-логикалық, жүйелі талдау және синтездеу, сондай-ақ статистикалық, экономико-математикалық әдістерді пайдалану арқылы жүргізілді.

Диссертациялық жұмыс ҚР Білім және ғылым министрлігінің (БжҒМ) білім және ғылым саласындағы бақылау Комитетінің 08. 00. 05 -Экономика және халық шаруашылығын басқару (салалар мен қызмет ету сферасына байланысты) мамандығы паспорты аясында орындалған.

Диссертацияның ғылыми жаңалығы мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын басқару жүйесін қалыптастырудың кешенді теориялық-әдіснамалық ережелерін қалыптастыру, жүйелі зерттеу және іс жүзіндегі экономикалық механизмін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша нұсқау беру болып табылады.

Ғылыми жаңалық құрамын қамтитын диссертациялық зерттеу жұмысының аса маңыздыларына төмендегілер жатады:

  • «қаржы-ақша ағымы» ұғымының экономикалық маңызы нақтыланды, оларды басқару жүйесін қалыптастырудың теориялық, әдіснамалық және тәжірибелік негіздері дамытылды;
  • кәсіпорындардың қаржы-ақша ағымдарын басқаруға әсер ететін факторлар жүйесі нақтыланды, басқару деңгейлеріне (тактикалық және стратегиялық) байланысты қаржы-ақша ағымдарының жіктелуі ұсынылды;
  • мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын басқару механизмдерінің мақсатты параметрлеріне тигізетін әсерін ескере отырып, басқарудың әртүрлі қызметі мен деңгейлеріне байланысты осы ағымдарының құрылымы мен оларды басқару саясаты жасалды;
  • қаржы-ақша ағымдарының нәтижелік жылдамдығын реттеуге мүмкіндік беретін сыртқы орта факторларының әсер етуін бағалауға негізделген ақша қаражаттарының қалдығын есептеудің моделі мен оған қолданылатын оптимизациялаудың алгоритмі құрылды;
  • мақта өңдеу кәсіпорындарының басқару аппаратына ұсынылатын мәліметтердің ақпараттануын жақсарту мақсатында басқару деңгейлері бойынша құрылған қаржы-ақша ағымдарын басқаруды ақпараттық камтамасыздандыру жүйесі жасалды;
  • кәсіпорынның қаржы-ақша ағымының көрсеткіштер мен мәліметтер жүйесі жетілдіріліп, ұсынылды;
  • мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын басқаруды экономикалық және нормативті-құқықтық реттеу, сондай-ақ оларды басқаруды ұйымдастыру әдістерін жетілдіру бойынша нұсқаулар жасалды;
  • кәсіпорындардың қаржы-ақша ағымдарын басқарудың тиімділігін бағалаудың көрсеткіштер жүйесі нақтыланды және оларды дамыту бойынша әдістемелік ережелері жасалды.

Қорғауға шығарылатын зерттеу жұмысының негізгі тұстары :

Нарықтық экономика жағдайындағы мақта өңдеу саласындағы кәсіпорындардың қаржы-ақша ағымдарын басқару жүйесін қалыптас-тырудың экономикалық механизмдері оларға байланысты ұғымдық аппаратты жетілдіруді талап етеді. Сондықтан да экономикалық категория ретінде қарастырылатын қаржы-ақша ағымдарына қатысты біркелкі ұғымдық аппараттың болмауы отандық және экономикасы дамыған елдердегі теория мен тәжірибедегі, аталған ұғымдардың экономикалық мазмұнына талдау мен жалпылауды қажет етеді. Осыған орай зерттеу жұмысының қорғауға шығарылатын негізгі тұстары төмендегідей:

  • мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын басқару жүйесін қалыптастырудың нақтыланған және тереңдетілген теориялық- әдіснамалық және тәжірибелік негіздері;
  • кәсіпорынның қаржы-ақша ағымдарын басқару жүйесін қалыптастыру мен дамыту мәселелерін кешенді зерттеудің әдістемелік негізі;
  • «қаржы-ақша ағымы» ұғымының авторлық ғылыми-тәжірибелік талдамасы мен негізделген жіктемесі;
  • басқарудың негізгі ұстанымдарына сәйкес, пайдаланушылардың тұтыну қабілеттілігін терең талдау арқылы мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын тиімді басқару жүйесін құру;
  • мақта өңдеу саласындағы кәсіпорындардағы қаржы-ақша ағымдарын шұғыл, тактикалық және стратегиялық басқару мақсатында негізгі ұстанымдарға сәйкес ақпараттардың берілгендер жүйесін құру;
  • нарықтық қайта құру жағдайында кәсіпорынның қаржы-ақша ағымдарын басқару жүйесін ақпараттық камтамасыздандыруды қалыптастыру;
  • мақта өңдеу кәсіпорындарында қаржы-ақша ағындарын басқару жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру және оның мақсатты параметрлерін анықтау.

Зерттеу жұмысының теориялық және тәжірибелік маңыздылығы. Диссертациялық жұмыста негізделген теориялық-әдіснамалық және концептуалды ұсыныстар қаржы, экономика және халық шаруашылығы салаларын басқару мәселелерін зерттеудің теориялық тұстарын кеңейтеді және толықтырады, оның әдіснамалық базасын дамытады және мақта өңдеу кәсіпорындарының қолданыстағы қаржы-ақша ағымдарын басқару жүйесін қалыптастырудың ғылыми-тәжірибелік мәселелерін кешенді және жүйелі түрде шешуді ұсынады.

Зерттеу барысында құрастырылған мақта өңдеу кәсіпорындарының қызметіндегі қаржы-ақша ағымдарын стратегиялық, тактикалық және шұғыл басқаруды қамтамасыз ететін әдістер мен нұсқаулар кең түрде қолдану мүмкіндігімен анықталады.

Зерттеу жұмысының теориялық, әдіснамалық және тәжірибелік нәтижелері Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының және бірқатар мақта өңдеу кәсіпорындарының шаруашылық қызметінде тәжірибелік қорытындылар мен нұсқаулар ретінде пайдаланылуда. Оларды кәсіпорындар тарапынан берілген ендіру актілері растайды.

Соның ішінде төмендегі көрсетілген зерттеу нәтижелері жеке дара тәжірибелік маңызға ие:

  • қаржы-ақша ағымдарын тактикалық және стратегиялық басқаруды қалыптастыру әдісі;
  • сегменттер мен жауапкершілікті орталықтары бойынша ақша қаражаттарының қозғалыс бюджеті жүйесі;
  • кәсіпорынның қаржы-ақша ағымдарының болжау нысаны мен айлық төлем күнтізбесі;
  • кәсіпорынның ақша ағымдарын жоспарлау мен бақылау нысандары.

Зерттеу нәтижелерін апробациялау және жүзеге асыру . Диссертацияда қамтылған ғылыми зерттеудің нәтижелері мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарының динамикасын талдау барысында пайдаланылды, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан бірқатар мақта өңдеу кәсіпорындарының, атап айтқанда «Корпорация Нимекс» ЖШС, «Мырзакент» АҚ, «Шардара мақта» ЖШС, «Ақ алтын» ЖШС, «Контал» ЖШС және басқада кәсіпорындардың қаржы-ақша ағымдарын басқару жүйелерін қалыптастыруда қолданылып, тәжірибелік қызметінде енгізуге қабылданған.

Диссертациялық жұмыстағы ережелер Х. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде, Шымкент университетінде, Шымкент әлеуметтік-педагогикалық универститетінде және «Мирас» университеттерінде «Энокомиканы мемлекеттік реттеу», «Кәсіпорын экономикасы», «Қаржылық басқару» «Қаржы», «Корпоративті қаржы», тағы басқада экономикалық пәндер бойынша лекция оқу барысында қолданыс тапқан.

Диссертациялық жұмыс Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университінің «Қаржы және несие» кафедрасының ғылыми зерттеу бағытынына сәйкес орындалған.

Зерттеу нәтижелерiнiң сынақтан өткізілуі және тәжiрибелiк қолданылуы . Диссертациялық жұмыстың негiзгi тұстары мен қорытындылары Х. А. Ясауи атындағы ХҚТУ «Қаржы және несие» және «Экономикалық теория және аудит» кафедраларының біріккен ғылыми семинар мәжілісінде баяндалды. Зерттеу нәтижелерi мен ұсыныстары және тәжірибелік есептеулері Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде экономика, қаржы, менеджмент және басқада экономикалық мамандықтар бакалаврлары мен магистрларын оқыту үрдісінде пайдаланылды. Диссертациялық жұмыстың негізгі ұсыныстары бірнеше халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларда, атап айтқанда Г. В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясында (2008 ж. ), Ташкент Мемлекеттік экономикалық университетінде (2008 ж. ), Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде (2009 ж. ), М. Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекттік университетінде (2008 ж, 2009 ж. ), А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде (2009 ж, 2010 ж. ), Шымкент унверситетінде (2009 ж. ), Шымкент әлеуметтік педагогикалық университетінде (2009 ж. ) өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялардың материалдарында, сондай-ақ «Вестник КазЭУ» (Алматы қ. ), «Қазақстанның ғылыми әлемі» (Шымкент қ. ), «Ізденістер, нәтижелер» (Алматы қ. ), «А. Яссауи атындағы ХҚТУ хабаршысы» (Түркістан қ. ), «ҚЭУ хабаршысы» (Қарағанды қ. ), «Экономика және статистика» (Астана қ. ), «Зерттеуші» (Шымкент қ. ) сияқты ғылыми журналдарда мақала ретінде жарияланып, талқыланды.

Зерттеулердің қорытындысы жарияланған жұмыстар. Диссертацияда қарастырылған мәселелердің негізгі қорытындылары мен ұсыныстары автордың жалпы көлемі 57, 52 б. т. болып табылатын жалпы саны 48 ғылыми еңбектерінде, оның ішінде 25 халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда, 7 шетелдік басылымдарда, 18 ҚР БжҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау Комитетінде тіркелген мерзімдік ғылыми басылымдарда және 5 монографияда баяндалды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«БИАР» ЖШС-нің АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ МЕН ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ БӨЛУ МЕХАНИЗМІН ТАЛДАУ
Қазақстан Республикасында еркін экономикалық аймақты басқаруды жетілдіру
Кәсіпорынның қаржыландыру көздерінің құрылымы
Нарық жағдайында агроөнеркәсiп саласында майлы дақылдар iшкi кешенiн қалыптастыру және дамыту (Оңтүстік Қазақстан облысы агроөнеркісібі мысалында)
Ауылшаруашылығында логистика инфрақұрылымын қалыптастыр
Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдау мақсаты.Қаржы аясындағы реттеу органдарының жүйесі
Ақша ағымдарын жоспарлаудың қажеттілігі және оны іске асыру
Тоқыма өнеркәсіп бұйымдары кәсіпорындарының пайдаланатын негізгі шикізат көзі
Жаһандану жағдайында ұлттық экономиканың бәсекелестік артықшылығын қалыптастырудағы агроөнеркәсіп саласының әлеуетін және мүмкіншіліктері
Жобаның қаржылық талдауын және экономикалык талдауын айқындау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz