Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы


ОҚУ ҮРДІСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Э. Т. КАКЕНОВА, ПМПИ-дың магистранты
Арқалық қаласы
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
Қазақстан өз алдына дербес мемлекетке айналып, нарықтық қатынастар заңымен өмір сүруге бет бұрған ауыспалы кезеңде білім беру саласында түбегейлі қайта құрулар мен өзгертулер жүзеге асырылуда.
Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқынды дамуы білім беру жүйесінің алдына мүлде жаңа міндеттерді қойды. Сондай жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдын бірі - білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы. Яғни, кезінде ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялылары арман еткен ұлттық мәдениет пен әлемдік мәдениетті кірістіре білім берумен тәрбиелеуге бүгінгі таңда кеңінен жол ашылуда.
Қоғамымыздың даму кезеңінідегі басты мәселелер мен басты талаптардың бірі білім беру жүйесінде оқыту үрдісін технологияландыру. Яғни, білім беру жүйесіндегі маңызды міндеттердің бірі - білім беру үрдісіне жаңа технологияларды енгізіп, білім беруді компьютерлендіру және халықаралық ғаламдық коммуникациялық жүйелерге шығарумен өрнектеледі. Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеп, білімін жетілдіруде компьютерлік технологияның алар орны ерекше. Ақпаратпен жұмыс істей білуді қалыптастыру және қатынас қабілетін дамыту, жеке тұлғаны ақпараттық, копьютерлендірілген қоғамға даярлау. Бұндай оқыту үрдісі оқушының тікелей компьютермен қатынасы арқылы орындалады. Яғни баланың жеке қасиеттеріне қарай компьютерге бейімдеу арқылы оның тиімді жақтары айқындалады [1] .
Педагог - ғалымдар қазірігі кезеңде қолданылып жүрген білім беру технология терминін әр қырынан ашып көрсетуде. Педагогикалық технологияға алғаш анықтама берген ғалымдардың қатарындағы Т. И. Шомова «Білім беру технологиясы - қатысушыларға ыңғайлы жағдайды қамтамасыз етіп, нақты нәтижеге жету мақсатындағы білім беру үрдісін жобалаудағы, ұйымдастырудағы, бағдарлаудағы және корекциялаудағы мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетінің үрдістік жүйесі» десе, В. П. Беспалько «Оқу үрдісін жүзеге асырудың мазмұндық техникасы» деген анықтама береді. Педагогикалық жүйе - тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған, мақсатты, бір-бірімен өзара байланыстағы оқытудың әдістері мен тәсілдер жүйесін құрайды [2] .
Оқыту үрдісінде қолданылатын инновациялық технология білім алушылардың күрделі жүйені қарапайым тілмен шебер қабылдаушыға айналу процесіндегі оқытудың педагогикалық әдістерімен тәсілдерінің құрылымдық жүйесі болып табылады. Оқытудың жаңа технологиялық әдістері мен тәсілдерін қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасалады.
Заман ағымының өзгеруіне байланысты қазіргі кеде осы заманғы білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын 50-ден астам оқыту технологиясы қолданыста. Педагог ғалымдардың ішіндегі В. М. Монаховтың белгілеген «Оқыту технологияларын меңгеру және оларды оқу үрдісінде пайдалану» кезеңдерімен өткізеді. Олар мына төмендегілер:
- оқыту технологиясы теориялық негіздеу;
- технологияның процедураларын меңгеру;
- мүғалімнің әдістемелік құралдарын меңгеру;
- қолданылатын технологияның нәтижесін анықтаудың әдістері және өлшемдері;
- технологияны меңгеру мәдениеті.
Осы кезеңдерден өту арқылы білім беру барысында озық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ойлау қабілеті мен белсенді ой еңбегін дамытуды ұйымдастыруда әдіс-тәсілдерді түрлендіріп оларды топтастыру қажет.
Оқыту әдістері қазіргі таңда мектеп педагогикасындағы күрделі проблемалардың бірі. Бұл мәселені зерттеуші авторлар (С. И. Архангельский, С. И. Зиновьев, Н. В. Кузьмина, Т. А. Никандров, т. б. ) әрқайсысы оқыту әдістеріне анықтама беріп, түрлі негізде топтастыруды ұсынада. Мысалы. Архангельскийдің айтуынша: «Оқыту әдісі оқыту жұмысын ұйымдастыру мен оқытудың моделі», Никандров: «Оқыту әдісі оқушылардың таным әрекетін басқару тәсілі» деген. Оқыту әдісі педагогтардың, оқушылардың ғылыми білімді меңгеруіне, өздігімен іздену және рухани даму мақсатына жетуге көмектесетін тәсілдер мен амалдар жиынтығы болып табылады.
Оқыту әдісінің тиімділігін арттыру сабақтарда әртүрлі бірнеше әдістерді ұштастырып, қолдана білумен нақтыланады.
Кез келген пәнді мектепте оқыту үшін таңдап алынған пәннің мазмұны мемлекеттік стандарт, бағдарлама, оқулық түрінде көрініс табады. Оқушылар ол мазмұнды сыныптық, сыныптан тыс және мектептен тыс оқу түрлерін қамтитын оқытуды ұйымдастырудың белгілі бір әдістемесі арқылы меңгереді.
Әдістеме дегеніміз - методика. «Методика» сөзі ежелгі грек тілінен аударғанда - «Таным тәсілі», «Зерттеу жолы» деген ұғымдарды береді. Әдіс - дегеніміз нақты міндетті шешудің, әлдебір мақсатқа жетудің тәсілі. Демек, әдістеме бұл әдістердің жиынтығы және кешені. Әдістеменің тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында оқыту процесінің заңдылығын зерттеу және оқып үйренуге араналады. Сонымен әдістеме оқу процесін ұйымдастыру мен оның негізгі факторларын жетілдіруге бағытталады.
ХХ ғасыр басындағы көрнекті әдіскер К. А. Иванов әдістеменің маңызды міндеттері деп сол ғылымды оқу пәні ретінде жақсы жолға қоюға алып баратын оқытудың айқындау, бағалау, бейнелеу тәсілдерін атайды. Әдістеме пәнді қалай оқыту мәселесін қарастырады және зерттейді.
Осылайша әдістеме пәні - педагогикалық процесс, мұғалімнің пәнді оқытуы, оқушының пәнді оқуы. Ал әдістеменің нысаны - оқытудың әдістері, мазмұны, ұйымдастырылуы және түрлері.
Пәнді оқыту және материалды меңгерту - өзара байланыста және үнемі қозғалыста болатын құрауыштардың басын біріктіретін өте күрделі процесс. Оқытудың мақсаты оның мазмұнынан, білім беру және оны игеруге басшылық жасаудан, оқушылардың оқу әрекеті мен оқыту нәтижесі деген тізбектен тұрады. Оқыту процесіндегі қозғалыс оның ішкі қайшылықтарын жою барысында іске асады. Ол қайшылықтар оқыту мақсаты мен қол жеткен нәтиже, ге қолданылған оқыту құралдары мен әдістерінің арасында пайда болады.
Оқыту процесінің диалектикалығы сияқты әдістемені оқып - үйрену де үнемі даму үстінде болады. Жалпы әдістеменің мақсаты білім беру үрдісіне жаңалықтар енгізіп, жас ұрпақты тәрбиелеудің кешенді міндеттерін іске асыру қызметін жасау болып табылады [3] .
Кез келген әдістеме белгілі бір ғылыммен тығыз байланыста дамиды. Мысалы, тарихты оқыту әдістемесі тарих ғылымдарымен бірге философия, әлеуметтану, мәдениеттану, педагогика, психология, дидактика талаптары логика сияқты ғылым салаларымен де тығыз байланысты дамиды. Бұл салалардың материалдарын пайдалану шығармашылық сипат алады, өйткені әдістеме пәні оларды тарихты оқыту процесін жетілдіру мақсатында қорытып, жаңғыртып пайдаланады . . . 3
Гуманитарлық пәндердің сабақтарында оқытылатын материалдардың бәрі дерлік тәрбиелік мақсатқа пайдалануға қолайлы. Оқытуды ұйымдастыру арқылы тәрбиелік міндеттер басшылыққа алынуы қажет. Демек, бұл жағдайда мұғалімге үлкен жауапкершілік жүктеледі.
Қазақстан Республикасы азаматтарын тәрбиелеу мәселесі қазіргі таңдағыдай мемлекеттік деңгейде алынып отырғанда, бұл істе балабақша тәрбиешісі мен мектеп мұғалімі шешуші орны алады . . . 4
Сондықтан да орта мектепте білім беру үрдісімен тәрбиеге үлкен мән берілуі қажет. Әсіресі мектеп оқушыларын тұлға ретінде тәрбиелеуде өзіндік орны ерекше пәндерге, оларды жетілдіруге, оның тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде. Қандай да болмасын пәнді оқытуды жетілдірудің бірден-бір жолы - сол пәннің алдына қояр негізгі міндеттері мен факторларын дұрыс анықтай білу қажет.
Оқытудың негізгі факторлары оқу процесінде кешенді түрде жүйемен іске асады. Жүйе дегеніміз - өзара әрекеттесе, тығыз байланыста болып, белгілі біртұтастық, бірлік құрайтын бөліктердің жиынтығы. Оқу факторларының ішкі тұтастық қасиеті оқыту процесіне дұрыс ықпал жасап, оның сапасының жақсаруына жол ашады.
Оқушының танымдық мүмкіндіктері оқушының жасына және соған сәйкес білім мен дағдыны игеру деңгейіне тікелей байланысты. Оқытудың әдістері мен тәсілдері танымға ұмтылуға күш жұмасуға, тұлғаның ойлауын, қиялын, ерік-жігерін және сезімдік қасиеттерін дамытуға айтарлықтай ықпал жасайды. Оқу процесінде оқушылардың білімді меңгеру және қолдану қабілеті дамиды.
Қабілет дегеніміз пәнді оқып-игеруде табысқа жетуге алғышарт болатын тұлғаның дербес ерекшеліктері. Ол қабілеттілік әрекеттің әдістері мен тәсілдерін тез, терең және оңай меңгеруден байқалады.
Оқыту нәтижелері алға қойған мақсаттарды іске асырумен тікелей байланысты. Ол оқушылардың қол жеткізген білім мен дағдысының, олардың интеллектуалдық, эмоциялық және ерік-жігерінің деңгейін танытады. Білімін дәлелдеу және негіздеу, ең бастысын бөліп ашу, себеп-салдарлы байланыстарды анықтап, қалыптасқан мәселені шешуге қажетті білімді қолдана алудан көрінеді [4] .
Оқытудың әдістері мен тәсілдері, әдістеме өзге ғылымдармен оқытудың мазмұнын талдап жасайтын базалық пәндер мен тығыз байланысты. Әдістеменің мақсаты - ғылымның негізі мәліметтерін таңдап алып, оны дидактикалық өңдеуден өткізіп, бейімдеп, мектеп курсының мазмұнына енгізу.
Таңдап алу оқушылардың танымдық мүмкіндігін ескере отырып жүргізіледі. Оларды анықтауда психология ғылымының жетістіктеріне сүйенеміз. Бұл ғылым оқушылар танымы мен танымдық әрекетінің ерекшеліктерін ашуға көмектеседі. Оның үстіне оқыту процесіне талдау жасағанда бірқатар психологиялық және педагогикалық зерттеу тәсілдері де қолданылады. Әдістеме пәні оқытудың бір саласы ретінде педагогикамен де тығыз байланысты. Педагогика - оқыту, ғылыми зерттеу әдістемесімен тәрбие мақсатын айқындайды. Осы әдістер мен мақсаттарды негізге алып, әдістеме оқу процесінде, ғылыми зерттеуге де нақты мазмұн береді.
Оқыту әдістері мен тәсілдерін топтастыру арқылы оқушылардың санасында нақты бейне қалыптастыруға ұмтылыс байқалады. Ол үшін оқушылардың бойында дербес жұмыс істей алу дағдысын қалыптастыруға көп көңіл бөлінеді.
Оқыту әдістемесінің жетілдірілуі оқушылардың білімі мен шеберлігі дәрежесіне едәуір әсер етеді және мұғалімге пәннің мектептегі курсының бірқатар мәселелерінің меңгерілуінің барысындағы кемшіліктерді жоюға көмектеседі.
Жақсы жолға қойылған оқытудың әдістемесі оқушылардың бойында білім мен танымдық дағдыларды, ғылыми көзқарас пен сенімді қалыптастырып, дамытуда тиімді нәтиже береді.
Әдістер мен тәсілдер және оқытудың түрлері (жалпы, топтық, дербес), сабақ типтері (қайталау, жинақтау, семинар, зертханалық, саяхат сабақ), сабақ үстіндегі мұғалім әрекеті мен оқушының оқу құралдары бір бірімен тығыз байланысты. Оқу материалдарының мазмұның, оқыту әдістерінің ұйымдастырылуын және оқушылардың танымдық қызмет формаларының біртұтастығына оқушылар оқыту мақсатында қол жеткізеді [5] .
Әдістерді топтастыруда бірнеше негіз басшылыққа алынады. Мысалы, 60 жылдары логикалық ойлау операциялары негіздерінде индуктивті, аналитикалық әдістер, дидактикалық мақсатта материалды оқып-үйрену, бекіту, алған білімді тексеру әдістері орын алды. Ғалымдар мен әдіскерлер білім көзіне ерекше ден қояды. Танымал дидактиктер М. Н. Скаткин мен И. Я. Лернер оқушылардың танымдық әрекетінің деңгейін және олардың дербестігінің үнемі артып отыратындығын ескере отырып, оқыту әдістерін топтастырудың әмбебап жүйесін жасады.
Білім беру саласы өзгерістерге ұшырап, оқытудың мазмұны үздіксіз жаңаруда. Жаңа мазмұнға сай жаңа әдістер жүйесі дүниеге келуде. Жаңашыл оқыту білім беру жүйесінде болашағы зор аса маңызды міндеттердің бірі.
Жаңашылдық яғни «Инновация» - жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдірсе, педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, мақсаты мен мазмұнына, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізу деген ұғымды танытады. Осыған орай жаңашыл процестер педагогиканың бір саласы жекелеген пәндерді оқытудың әдістемесіне шұғыл, тез қолдану мүмкіндігімен ерекшеленетіндігін көруге болады. Оқыту үрдісінде жаңа әдістер мн тәсілдерді қолдануға мүмкіндіктер мол. Пә мазмұнының жаңаруы оны оқушыларға игертудің әдістерін де жетілдіруді қажет етері сөзсіз.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 8-бабының 7-тармақшасында «Оқытудың жаңа технологияларын енгізу білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіліерге шығару» деп атап көрсетілген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz