Президенттің Республикалық референдум туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРЕНДУМНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Референдум тікелей демократия, яғни халықтың мемлекеттік мәселелерді
шешуге тура қатынасу нысандарының бірі болып табылады. Референдумға
мемлекеттің сайлау құқығы бар барлық азаматтары қатысады.
Конституциялық құқықта референдумның мынадай:
императивтік, консультативтік, конституциялық, заң шығарушылық,
міндеттеушілік, факультативтік, мемлекеттік, жергілікті түрлерін ажыратып
көрсетеді.
Императивтік референдум халықтың тура еркін білдіру жолымен референдум
кезінде қабылданған шешімнің міндетті заңдық күші болатындығын білдіреді.
Консультативтік референдум кезінде мемлекеттік билік органдары кайсы бір
маңызды мәселе бойынша шешім (заң, басқа да нормативтік құқықтық актілер)
қабылдаған кезде халықтың пікірі айқындалады. Конституциялық референдум
кезінде конституцияның немесе оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
жобасын бүкілхалықтың дауыс беруімен қабылдау туралы әңгіме болады.
Заң шығарушы референдум халықтың дауыс беруімен заң шығаруға
байланысты өткізіледі. Міндетті референдум конституцияда қайсыбір мәселені
шешу үшін көзделген. Конституция, конституциямен белгіленген шарттарға
орай, кұзыретті органға референдум өткізуді міндеттейді.
Факультативтік референдум құзыретті органның заңда (конституцияда)
көзделген мәселелер бойынша өз қалауымен (бастамасымен) референдум
тағайындай алатындығын білдіреді. Референдум мемлекеттің бүкіл көлемінде
немесе мемлекеттің белгілі бір аумағында өткізілуі мүмкін.
Қазақ КСР-ның 1978 жылғы Конституциясында мемлекеттік билікті халықтың
халық депутаттары Кеңестері арқылы жүзеге асыра алатындығы көзделген.
Басқаша айтканда, азаматтар мемлекет өмірінің барлық мәселелерін шеше
алатын өкілеттіктері бар өкілдерін Кеңестерге сайлайды. Қазақ КСР
Конституциясында мемлекет өмірінің барынша маңызды мәселелері бүкілхалықтық
талқылауға енгізіледі, сондай-ақ бүкілхалықтық дауысқа (референдумға)
қойылады. Тек халықтың еркінің қандай: императивтік немесе консультативтік
сипатта ма болатыны түсініксіз еді. Мемлекет өмірінің ең маңызды
мәселелерін халық емес, оның орнына Коммунистік партия шешетіндіктен,
референдумның айқындалмаған сипаты оның маңызына жәй қарай салудың салдары
болды. Бұл КСРО-ны сақтауға орай 1991 жылы Коммунистік партия және ол
құрган мемлекеттің күшімен бір-ақ рет өткізілген референдумда да осындай
"ащы әзіл" болып шықты. Қазақ КСР-ы азаматтарының ең басым көпшілігі Одақты
сактап қалуға дауыс берсе де, референдумның қортындысының міндетті заңдық
күші болмады.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясында республика
азаматтарының мемлекет өмірінің мейлінше маңызды мәселелері бойынша заңдар
мен шешімдер қабылдау үшін республикалық референдум өткізе алатындығы
көзделген.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы Жоғарғы Кеңеске
референдум өткізу өкілеттігін берді. Тек Жоғарғы Кеңеспеп кеңескеннен кейін
Президенттің де референдум өткізу туралы шешім қабылдау құқығы болды. Оны
ұйымдастыру мен өткізу тәртібі конституциялық заңдармен белгіленетіні
көрсетілді. Алайда, Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі заңды қабылдап
үлгергенше, ол өзі заңсыз сайланды деп танылды.
1995 жылғы 25 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің
Республикалық референдум туралы конституциялық заң күші бар Жарлығы
қабылданды. Аталған Жарлықтың құқықтық негізі Қазақстан Республикасының
1993жылғы Конституциясы болды.
Осы Жарлықтың негізінде 1995 жылғы 29 сөуірде Президенттің
республикалық референдум өткізу туралы Жарлығы шыкты, онда: 1991 жылғы 1
желтоқсанда Қазақстан Республикасының бүкілхалық сайлаған Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігін 2000жылғы 1 желтоқсанға дейін созуға келісесіз
бе? деген сұрақ енгізілді.
1993 жылғы Конституцияның 78-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан
Республикасының Президенті Республиканың Жоғарғы Кеңесімен кеңескеннен
кейін референдум өткізу туралы шешім қабылдай алады. Алайда, Конституциялық
Соттың шешімімен Жоғарғы Кеңес таратылды және осыған байланысты
республиканың 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының
Президентіне уақытша өкілеттік және әкімдерге қосымша өкілеттіктер беру
туралы Заңы кайтадан күшіне енді. Осы заң Президенттің референдум
тағайындау туралы өз қалауымен жеке шешім қабылдауына өкілеттік берді.
Президенттің өкілеттік мерзімін ұзарту туралы мәселені референдумға
енгізудің конституциялығы қаншалықты болды? Бұл сұрақка 1993 жылғы
Конституцияға, сондай-ақ Президенттің Республикалық референдум туралы
Жарлығы қағидаларын жәй талдау негізінде жауап беруге болады. 1993 жылғы
Конституцияда мемлекет өмірінің мейлінше маңызды мәселелері бойынша
республикалық референдум өткізу мүмкіндігі туралы айтылды. Конституцияда
осы мәселелердің, сондай-ақ ре-ферендум өткізуге болмайтын мәселелердің
тізімі келтірілмеген. Президенттің Республикалық референдум туралы
Жарлығында қандай мәселелер бойынша референдум өткізуге болмайтындығы
айтылған. Оның қатарында ел басшысының өкілеттігін ұзарту туралы мәселе
жоқ. Президенттің өкілеттігін ұзарту туралы мәселені мемлекет өмірінің
маңызды мәселелері қатарына жатқызуға бола ма? Әрине, болады, өйткені
Президент — ел басшысы және мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы ретінде
Президент өкілеттігі туралы меселені бәрібір халық шешеді.
Сөйтіп, Президент өкілеттігін ұзарту туралы республикалық референдум
Конституцияға және Президенттің Республикалық референдум туралы
конституциялық заң күші бар Жарлығына толық сәйкес өткізілді.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы республикалық
референдумға қатысты мәселелерді жаңаша шешті. Біріншіден, Президент
республикалық референдум өткізу туралы шешім кабылдауға құқылы бірден-бір
субъект болып табылады. Оның үстіне мұндай шешімді Президент жеке бастамасы
бойынша қабылдай алады. Екіншіден, Парламент республикалық референдум
тағайындау туралы тек бастама білдіре алады. Осындай бастамамен Парламент
Президентке жүгіне алады. Парламенттің республикалық референдум өткізу
туралы бастамасын Президенттің қолдауына да қолдамауына да құқығы бар.
Үшіншіден, 1995 жылғы Конституция республикалық референдумды республика
қызметінің негізгі принциптерінің бірі ретінде орнықтырды. Конституцияның 1-
бабында мемлекет өмірінің мейлінше маңызды мәселелері, республикалық
референдумдағы дауыс беруді қосып есептегенде, демократиялық әдістермен
шешілетіндігі айтылады. Конституцияда мұндай мәселелердің бірі
Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу болып табылатындығы
белгіленген. Оның үстіне Конституция факультативтік референдумды белгіледі.
Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселені
республикалық референдумға шығаруды немесе Парламенттің карауына беруді
Президент шешеді. Егер осы мәселе Президент шешімімен Парламенттің қарауына
енгізілсе, онда Парламент оны Конституцияда көзделген тәртіппен қарайды.
Конституцияның 62-бабының 3-тармағына сәйкес Парламент әр Палата
депутаттарының жалпы санының кем дегенде төрттен үшінің көпшілік даусымен
Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді. Дауыс беру Палаталар
бойынша жеке өткізілсе де, мәселе Палаталардың бірлескен отырысында
қаралады. Төртіншіден, Конституция қандай мәселені референдумға шығаруға
болмайтындығын жанама түрде көрсетеді. Ол - Конституциямен белгілеген
біртұтастық, мемлекеттің аумақтық тұтастығы, республиканы президенттік
басқару нысаны.
Конституция қағидалары негізінде және оны жүзеге асыру мақсатында
Қазақстан Республикасының Президенті 1995 жылғы 2 қарашада Республикалық
референдум туралы конституциялық заң күші бар Жарлық шығарды. Жарлықта
республикалық референдум Конституция, конституциялық заңдар, заңдар және
Қазақстан Республикасының мемлекеттік өмірінің аса манызды өзге де
мәселелері жөніндегі шешімдер жобалары бойынша бүкілхалықтық дауыс беру
ретінде белгіленді. Тиісінше республикалық референдум мақсаты:
республика Конституциясын, конституциялық заңдарын, заңдар қабылдау,
оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу болуы мүмкін. Бұл, Парламент заң
шығарушы орган болғанмен, ол заңдастырудың бірден-бір субъектісі болып
табылмайды. Мемлекеттік биліктің бастауы ретіндегі конституциялық қағидасын
жүзеге асыра отырып, халық Конституция, конституциялық заңдар қабылдап,
оларға өзгертулер енгізе алады;
республиканың мемлекет омірінің мейлінше маңызды өзге мәселелері
бойынша шешімдері. Мемлекет өмірінде қандай мәселелердің мейлінше маңызды
екендігін алдын ала анықтау қиын. Тек осындай сипаты бар бір мәселе жөнінде
батыл айтуға болады: ол Президент өкілеттігінің мерзімін ұзарту туралы.
Республикалық референдум туралы Жарлық республикалық референдум өткізуге
болатын мәселелер тізбесін береді.
Бұл тізбеге Конституция кдғидалары мен идеяларынан туындайтын
мәселелер енгізілген. Мынадай моселелер:
адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына
әкеліп соқтыратын;
мемлекеттің біртұтастығы мен аумақтық тұтастығын, республиканың
басқару нысаның өзгерту;
республиканың әкімшілік-аумақтық кұрылымы мен шекарасын өзгерту;
сот төрелігі, қорғаныс, ұлттық кауіпсіздік және қоғамдык тәртіпті
сақтау;
бюджет пен салық саясаты;
рақымшылық пен кешірім жасау;
Республика Президентінің, Парламент Палаталарының және Үкіметінің
билігіндегі қызметке адамдар тағайындап, оларды қызметтерінен босату;
республиканың халықаралық шарттарынан туындайтын міндеттемелерді
орындау мәселелері референдумға енгізілмейді.
Аталған мәселелердің республикалық референдумға енгізілмеуі тегіннен-
тегін емес. Мұндай мәселелерді референдумға енгізу саяси жағдайды
тұрақсыздандыруға, әлеуметтік жанжалға, мемлекеттік органдар қызметінің
берекесін кетіруге, ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіруге, республиканың
халықаралық шарттарын орындауға кедергі келтіруге әкеліп соқтыруы мүмкін.
Қазақстан Республикасының жасы 18-ге толған барлық азаматы шығу
тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайларына, жынысына,
нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, сеніміне, тұратын жеріне
немесе өзге де кез келген мән-жайға қарамастан республикалық референдумға
қатыса алады. Сайлаудағы сияқты, қабілетсіздігі сотпен танылған, сондай-ақ
сот үкімі бойынша айыбын өтеу орнындағы азаматтардың референдумға қатысуға
құкығы жоқ.
Референдум азаматтардың еркін білдіру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Референдум - Қазақстан халқының билікті тікелей жүзеге асыруының конституциялық құқықтық нысаны
Сайлау органдары
Азаматтардың сайлауға қатысу принциптері
Қазақстан Республикасы Президентінің құзыреті
Конституциялық құқықты интернационализациялау
Республикалық референдум ұғымының түсінігі
Конституциялық құқық пәнінен дәрістер
Қазақстан Республикасының сайлау органдары
Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының конституциясын құқықтық негіз ретінде қарастыру
ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ – ҰЛТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖЕТЕКШI САЛАСЫ
Пәндер