Макроэкономикалық теориялардың пайда болуы
Мазмұны
Кiрiспе 3
1 МАКРОЭКОНОМИКА МАҚСАТТАРЫ, МІНДЕТТЕРІ, ТАЛДАУ ҚҰРАЛДАРЫ
1.1 Қазіргі макроэкономика ғылымының қалыптасуы мен дамуы 5
1.2 Макроэкономиканың зерттеу пәні және негізгі макроэкономикалық
проблемалар 5
1.3 Макроэкономиканың зерттеу әдісі, мақсаттары және талдау
құралдары 9
2 МАКРОЭКОНОМИКА – ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГIЗГI БІРЛIГI 12
2.1 Макроэкономикалық теориялардың пайда болуы
2.2 Макроэкономикалың модельдерi
2.3 Макроэкономикалық көрсеткiштер 17
Макроэкономикалық тепе-теңдiк және олардың байланысы 17
21
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МАКРОЭКОНО-МИКАЛЫҚ САЯСАТЫ ЖӘНЕ 23
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ 27
3.1 Мемлекет және тепе-теңдiктi шешу мәселелерi
3.2 Мемлекет билiгiнiң тиiмдi факторлары
29
Қорытынды 29
Қолданылған әдебиеттер 31
33
34
Кiрiспе
“Мықты стратегияға ие болып әрi табандылық таныта отырып, бiз
жолымызда кездесер кез келген күрделi кедергiлердi абыроймен еңсере аламыз”-
дейдi Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев [1].
Макроэкономика ғылым ретiнде экономикалық құбылыстар мен үрдiстердi
экономикалық теориялар мен үлгiлер түрiнде жүйелеп қорытуға арналған. Мұнда
экономика бiртұтас жүйе ретiнде қарастырыла отырып, тауарлар өндiрiсi мен
қызмет көрсетудiң жалпы көлемiн және оның өсуiн, инфляция қарқыны мен
жұмыссыздық деңгейiн, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының
жағдайын зерттейдi. Сондай-ақ макроэкономика өндiрiс көлемiнiң,
жұмысбастылықтың, тауар мен ақша нарықтарындағы тепе-теңдiктiң ұзақ
мерзiмдегi өзгерiстерiмен қатар, экономикалық айнымалылардың қысқа мерзiмдi
тербелiстерiн зерттейдi [1, 16].
Макроэкономика жалпы экономиканың жедел дамуы немесе оның құлдырауы
тұсындағы жағдайы, өндiрiлетiн өнiмнiң өсуi мен инфляция мен жұмыссыздық
кезеңiндегi төлемнiң балансы, айырбас курсы туралы түсiнiк бередi. Сонымен
бiрге макроэкономика экономикалық өзгерiстерге, оның iшiнде экономикалық
қаржылық саясатқа, тұтыну және қаржы, доллар мен саудадағы байланыстарға,
жалақы мен баға өзгерiстерiне, ақша қорына, мемлекеттiк бюджетке база назар
аударады. Қысқаша айтқанда, экономиканы даму барысындағы әр алуан пiкiр-
таластарды, бүгiнгi таңдағы экономикалық проблемаларды да кеңiнен
қарастырады. Тұрмысқа қажеттi тауарлардың көлемiн, ұлттық экономиканың
әрекеттестiгi, шаруа қожалықтары мен фирмалар жұмысын, нарық бағасын
анықтайды. Нарық туралы сөз болғанда, алдымен жалпы ауыл шаруашылық
өнiмдер, медициналық қызмет пен бөлшек сауда еске түседi. Ал баға жайына
келсек, жұмысшы еңбегiн дәрiгер еңбегiнен ЭВМ бөлшектернiң бағасын,
Рембрандт суреттерiнiң бағасы арасындағы өзгешелiктердi ажырата бiлу
қарастырылады.
Макроэкономика – ұлттық өндіріс көлемінің жалпы деңгейі, жұмыссыздық
пен инфляция сияқты іргелі проблемаларды зерттейтін ғылым; экономикалық
жүйені біртұтастылық ретінде қарастыратын, әрі ел экономикасының даму
факторлары мен нәтижелерін жалпылама түрде зерттейтін экономикалық
теорияның маңызды бір саласы [1, 16].
Алғашқы макроэкономикалық зерттеулер меркантилизм және физиократтар
мектептерінен басталады. Ал қазіргі макроэкономика ғылымының негізін салушы
ретінде атақты ағылшын экономисі Джон Мейнард Кейнс (1883-1946) саналады.
Оның 1936 жылы шыққан Жұмыспен қамтудың, ақшаның және пайыздың жалпы
теориясы деген еңбегі негізінде макроэкономика өз алдына жеке ғылым
ретінде қалыптасты. Дж. Кейнс өзінің осы еңбегінде нарықтық экономикада
үлкен жұмыссыздық пен іске асырылмаған өндірістік қуаттардың тұрақты
жағдайы орын алуы мүмкін және осы кезде мемлекеттің дұрыс ұйымдастырылған
және жоспарланған бюджет – салық және ақша – несие саясаттары арқылы сол
жұмыссыздықты қысқарта және экономикалық дағдарыстардың ұзақтылығын
төмендете отырып ұлттық өндіріске ықпал жасауға болатындығы жөніндегі
мәселелерді дәлелдеуге тырысты. Сәйкесінше, Кейнс біртұтас жүйе ретіндегі
ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігін де дәлелдеді.
Кейнстік экономикалық теория макроэкономика және экономикалық саясат
салаларында аса басым бағыт болып саналады. Осыған сәйкес, біз мынаны ғана
айта аламыз, яғни, макроэкономиканың ғылым ретінде дамуының бастапқы
импульсі болып Дж.М. Кейнстің экономикалық идеялары табылады.
Макроэкономика миркоэкономикамен тiкелей байланысты. Жеке өнеркәсiптiң
базасын зерттеу барысында микроэкономика басқа өнеркәсiптiң бағаларын
назардан тыс қалдырмайды. Микроэкономикада тұтынудан түсетiн табысты әр
түрлi тауарларға бөлу көзделсе, макроэкономикада керiсiнше, сол екi
аралықтағы өзгерiстер зерттелiнедi [1, 16].
Курстық жұмыстың мақсаты, макроэкономикалық теориялардың пайда болуын,
макроэкономикалық көрсеткiштердi, макроэкономикалық тепе-теңдiк және
олардың байланысын ашып қарастыру болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес
алдымызға мынадай міндеттерд қойдық:
- қазіргі макроэкономика ғылымының қалыптасуы мен дамуын зерттеу;
- макроэкономиканың зерттеу пәні және негізгі макроэкономикалық
проблемаларын қарастыру;
- макроэкономиканың зерттеу әдісі, мақсаттары және талдау құралдарына
толық анықтама беру.
Курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды және пайдаланылған
әдебиеттерден тұрады.

1.1 Қазіргі макроэкономика ғылымының қалыптасуы мен дамуы
Экономикалық теория ғылымының бастапқыда бір ғана құрамдас бөлігі
болған – ол микроэкономика. ХХ ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап кейнстік
теорияның өмірге келуімен байланысты оның екінші құрамдас бөлігі пайда
болды – ол макроэкономика. Осыған байланысты қазіргі уақытта, экономикалық
теория микроэкономика және макроэкономика болып бөлінеді.
Экономикалық теория күрделі қоғамдық және әлеуметтік, әрі гуманитарлық
ғылым болып табылады. Оның зерттеу аясында біз білетініміздей, қоғамның
шектеулі мүмкіндіктер жағдайында шексіз қажеттіліктерін қанағаттандырудағы
қабылдайтын шешімдері сияқты мәселелер қаралады. Сондықтан біз экономикалық
теория ғылымын микроэкономика курсын зерттеумен ғана шектеліп қоймаймыз.
Сол үшін де макроэкономика курсы арқылы біз экономикалық теория деген
адамзатқа қажетті үлкен ғылымды игеруді толық меңгере аламыз.
Микроэкономика ғылымын және оның қалай оқытылғаны жөніндегі мәселелерді
еске түсіре отырып, оған мынадай анықтама беруге тырысамыз.
Микроэкономика – жекелеген экономикалық агенттердің мінез-құлықтары
мен тәртіптерін зерттейтін ұтымды субъектілердің дербес шешім қабылдауларын
қарастыратын экономикалық теорияның негізгі бір саласы. Микроэкономика
түсінігі бір мағынада ғана қарастырылмайды, ол бір жағынан, жекелеген
фирмалардың, үй шаруашылықтарының және салалардың өз қызметтерінің
ынталарын іске асыру жөніндегі шешімдерін зерттейді, ал екінші жағынан,
ресурстарды тиімді пайдалану және оларды орналастыру, тауарлар мен
қызметтерге баға белгілеу сияқты сұрақтарды да қарастырады [1, 17].
Соғыстан кейінгі жылдары және 60-шы жылдарға дейін макроэкономикалық
саясаттағы кез келген талдау кейнстік қағидаларға сүйенді. Кейнстің
қалыптастырып кеткен идеяларын, оның ізбасарлары – неокейнстік бағыттың
негізін салушылар – Джон Хикс, Элвин Хансен, Пол Самуэльсон, Рой Харрод,
Евсей Домар сияқты ғалымдар әріқарай дамыта түсті.
Бірақта, уақыт өте келе пайда болған жаңа теоретикалық бағыттар
кейнстік экономикалық теорияның маңызын төмендете бастады. Кейнстік бағытқа
аса салмақты түрде сын айтушы оппонент – монетаризм теориясы қалыптасты. Ал
оның негізін салушы американ экономисі Милтон Фридмен (1912-2006) болды.
Макроэкономика терминін алғаш рет 1933 жылы норвегиялық экономист
Рагнар Фриш (яғни, осы ұғымның алғашқы авторы) қолданды. Ал ол ғылыми
айналымға Кейнстің басты еңбегі дүниеге келгеннен кейін нақты енгізіліп
қолданыла бастады. Бірақта, жоғарыда атап өткеніміздей, макроэкономикалық
талдау сұрақтары бірқатар ғасырлар бұрыннан-ақ маңызды түрде қарастырыла
бастаған. Француз экономисі-физиократ Ф. Кенэ өзінің Экономикалық кесте
(1758 ж.) деген еңбегінде алғаш рет экономикалық ғылым саласында қоғамдық
өнімнің натуралдық және құндық элементтері арасындағы баланстық
пропорцияларды анықтау тұрғысынан қоғамдық ұдайы өндірісті талдауға
талпыныс жасаған. Макроэкономикалық талдаудың маңызды жақтары ағылшын
экономисі Д. Юмның төлем балансын зерттеу еңбектерінде де кездеседі.
Қоғамдық ұдайы өндірісті макроэкономикалық тұрғыдан талдауды К. Маркс те
өзінің моделінде қолданды, ол Капитал еңбегінің 2-ші томында (1885 ж.)
жиынтық қоғамдық өнімнің натуралдық-заттық және құндық құрылымдар
арасындағы сәйкестіліктер мен байланыстарды зерттеді [2, 23].
Ал қазіргі уақытта, макроэкономика ғылымының дамуына елеулі үлесті
посткейнстік мектептің өкілдері (Дж.В. Робинсон, Н. Калдор, П. Страфф),
шведтік, чикаголық мектептің ғалымдары, жаңа классикалық макроэкономикалық
бағыттың өкілдері (Р. Лукас, Р. Барро, Т. Сарджент, П. Ромер) және де жаңа
кейнсшілдер мектебі (Дж. Акерлоф, О. Бланчард, Н.Г. Менкью, Д. Ромер, Д.
Уэйл) қосып келеді. Тіпті осындай көптеген алуан түрлі мектептердің бар
болуына байланысты, олардың макроэкономикалық ой-пікірлері мен
көзқарастарының бірдей еместігіне қарамастан, бүгінгі күнге дейін әлемдік
макроэкономикалық ғылымға ангосаксондық бағыт үстемдік жүргізіп келеді
деген ой айтылады, соңғы онжылдықтарда осы ғылымның төңірегінде
Германияның, Францияның, Италияның, Нидерландының, Жапонияның, Қытайдың,
Ресейдің және басқа да бірқатар елдердің ұстанымдары, көзқарастары мен
беделдері кеңейіп, маңызды түрде дамып келеді.
Сонымен, макроэкономика экономикалық теория ғылымының негізгі бөлімі
ретінде адамдардың шексіз қажеттіліктері және шектеулі экономикалық
ресурстар сияқты іргелі проблемаларды ұлттық экономика деңгейінде
зерттейтін ғылым саласы. Макроэкономика экономиканы біртұтас жүйе ретінде
қарастырады.
Модельдеу мен дерексіздендіру (абстракциялау), ойша жіктеу
макроэкономикалық талдаудың негізгі әдісі болып табылады. барлық
макроэкономикалық үдерістер модельдерді (үлгілерді) салу негізінде
зерделенеді. Макроэкономикалық модельдер араларындағы негізгі өзара
қатынастарды табу мақсатымен экономикалық үдерістер мен құбылыстардың
графикалық немесе алгебралық баяндалуы. Модельді салу үшін әр зерттелетін
құбылыстың ең маңызды сипаттарын айырып, мәні, маңызы аз құбылыстар мен
факторлардан дерексіздену қажет. Сонымен, модель (үлгі) дүниенің, шындықтың
қарапайым көрінісі, ол экономикалық үдерістер дамуының негізгі
заңдылықтарын тауып, экономикалық өсу, инфляция, жұмыссыздық сияқты күрделі
макроэкономикалық мәселелердің шешу нұсқаларын әзірлеуге мүмкіндік беретін
жеңіл түріндегі көрініс болып келеді. Макроэкономикалық модельдердің
түрлері көп: функциялар, графиктер, сызбалар мен кестелер, олар
макроэкономикалық шамалар араларындағы, экономикалық құбылыстар
араларындағы, экономикалық құбылыстар араларындағы себеп – салдар
байланыстарын түсінуге мүмкіндік береді. Макроэкономикада функциялардың әр
түрлерін айырады.
а) іс-қимылдық олар экономикалық агенттердің мінез-құлқын, жүріс-
тұрысын сипаттайды (мысалы, тұтыну функциясы): ,
мұнда a – табыс деңгейінен тәуелсіз жеке тұтыну;
(V - T) – қолдағы табыс;
b – іс-қимылдық коэффициент, ол тұтынуға шекті бейімділік деп
аталады да қолдағы табыс шамасының бірлікке өзгеруіндегі тұтыну
шамасының өзгеруін көрсетеді.
б) технологиялық, олар өндіріс технологиясын баяндайды (мысалы,
өндірістік функция): ,
мұнда Y- жиынтық шығарудың шамасы, ол капитал қоры (К) және еңбек
қорымен (L) анықталады, яғни негізгі экономикалық ресурстардың (қорлардың)
санымен.
в) институционалдық, олар институционалдық факторлардың (мемлекеттік
басқару параметрлерінің) макроэкономикалық шамаларға жасайтын ықпалын
көрсетеді, мысалы, салықтар функциясы: ,
мұнда Т – салық түсімдерінің шамасы,
- табыс деңгейінен тәуелсіз ерікті салықтар,
t – салық мөлшері,
Y- жиынтық табыс деңгейі (шығару);
г) дефинициондық, олар кез келген макроэкономикалық шаманың анықтауын
көрсетеді (мысалы, жиынтық сұраныс функциясы, анықтау бойынша, ол барлық
макроэкономикалық агенттер сұранысының сомасы):
мұнда С – үй шаруашылықтардың сұранысы (тұтыну шығындары),
I – фирмалар сұранысы (инвестициялық шығындар),
G – мемлекет сұранысы (тауарлар мен қызметтердің мемлекеттік
сатып алулары) мен
Xn – шетел секторының сұранысы (таза экспорт).
Барлық функцияларды графиктер мен кестелер түрінде көрсетуге болады.
Модельдерге (үлгілерге) көрсеткіштердің 2 түрі кіреді: экзогенді және
эндогенді.
Экзогенді шамалар – ол сырттан берілетін, үлгіден тыс қалыптасатын
көрсеткіштер. Экзогенді шамалар тәуелсіз болып келеді. Эндогенді шамалар –
үлгінің ішінде қалыптасатын көрсеткіштер.
Экзогенді эндогенді
ауыспалы ауыспалы
Сурет 1.1
Үлгі экзогенді шамалардың (сыртқы күш, қозғалу) өзгеруі эндогенді
шамалардың өзгеруіне әсер етуін көрсетуге мүмкіндік береді (Сурет 1.1).
мысалы егер тұтыну функциясының түрі С=C (Yd,W) болса,
мұнда С-жиынтық тұтыну шығындардың шамасы,
Yd-қолдағы табыс және
W-байлық
онда Yd және W – экзогенді шамалар, ал С – эндогенді болып табылады.
Бұл үлгі қолдағы табыстың немесе байлықтың өзгеруі тұтыну шығындар шамасын
қалай өзгертетінін талдауға мүмкіндік береді. Сонымен, тұтыну тәуелді шама
ретінде (функция), ал қолдағы табыс пен байлық шамасы – тәуелсіз шамалар
(функцияның негізі) ретінде саналады. Әр түрлі үлгілерде бір шаманың
эндогенді де, экзогенді де болуы мүмкін. Солай, тұтыну үлгісіндегі тұтыну
шығындары (С) эндогенді (тәуелді) шама ретінде, ал жиынтық сұраныс
үлгісінде тұтыну шығындары (С) экзогенді (тәуелсіз) шама, яғни
ауыспалы болып келеді, ол жиынтық шығару мен жиынтық табыстың шамасын
анықтайды. Бұған мемлекеттік басқарудың ауыспалылары жатпайды, олар,
әдетте, экзогенді болып келеді. Мысалы: тауарлар мен қызметтердің
мемлекеттік сатып алулары, аккордты салықтар, салық мөлшерлері,
трансферттердің шамасы, пайыздың есептеу мөлшері, міндетті резервтер
(қорлар) нормалары, ақша базасы. Ауыспалылардан басқа, үлгілерге
параметрлер мен константалар кіреді. Олар тұтынуға деген шекті бейімділік,
сақтауға шекті бейімділік, депозит ретінде енгізу нормасы, артылып қалған
резервтер (қорлар) нормасы және икемділік көрсеткіштері, мысалы,
инвестициялардың (қаржы салымының) пайыз мөлшерінің өзгеруіне икемділігі,
табыстың өзгеруіне ақшаға деген сұраныс икемділігі, капитал ұтқырлығының
дәрежесі және т.б.
Макроэкономикалық ауыспалылардың маңызды ерекшелігі – олардың 2 топқа
бөлінуі: ағындар көрсеткіштері мен қорлар көрсеткіштері. Ағын – ол
белгіленген мерзім ішіндегі сан. Макроэкономикада уақыт бірлігі ретінде жыл
саналады. Ағындар көрсеткіштеріне жатады: жиынтық шығару, жиынтық табыс,
тұтыну, инвестициялар, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, жұмыссыздардың
саны, экспорт, импорт және басқалар, олар жыл сайын есептеседі. Қор –
уақыттың белгіленген сәтіне келетін сан, яғни белгіленген уақытқа (мысалы,
2000 жылдың 1 қаңтарына). Қорлардың көрсеткіштеріне жатады; ұлттық байлық,
жеке байлық, капитал қоры, жұмыссыздардың саны, өндірістік әлеует,
мүмкіндік, мемлекеттік қарыз және т.б. Макроэкономикалық көрсеткіштер
абсолюттік және салыстырмалы деп бөлінеді. Абсолюттік көрсеткіштер ақша
(құндық) түрінде (бұған адам санымен өлшенетін жұмыссыздар санының
көрсеткіштері енбейді), ал салыстырмалы – пайыздарда немесе салыстырмалы
шамаларда өлшенеді. Салыстырмалы көрсеткіштерге жұмыссыздық деңгейі,
дефлятор (бағалардың жалпы деңгейі), инфляция қарқыны, экономикалық өсу
қарқыны, пайыз мөлшері, салық мөлшері және т.б. кіреді.
Макроэкономикада тепе-теңдік жағдайларды зерделеудің зор маңызы бар.
Тепе-теңдіктің 3 түрін айырады: тұрақты, тұрақсыз және бейтарап. Жүйедегі
тепе-теңдік тұрақты деп саналады, егер тепе-теңдік жағдайдан шығарылып,
жүйе өз бетімен оған қайтакелсе, тұрақсыз – орнына қайтпаса және бейтарап –
жүйе алғашқы жағдайына келе ме, жоқ па – анық айтуға болмаса.
Макроэкономикалық үлгілерде уақыт факторының маңызы зор. Талдауда осы
фактор қалай есептелуіне байланысты макроэкономикалық үлгілердің 3 түрін
айырады: статикалық, салыстырмалы статиканың және динамикалық. Статикалық
модельдер уақыттың белгіленген сәтіндегі экономикалық ахуалды сипаттайды.
Салыстырмалы статика модельдері экономикалық жүйенің бір тепе-теңдік
жағдайдан екінші жағдайға көшу нәтижесін көрсетеді, бірақ, бұл көшудің
қалай болатындығын зерттемейді. Бұл процестің (үдерістің) механизмі
динамикалық үлгілерде зерделенеді. Динамикалық үлгілерде дисконттау
қағидасы маңызды рөл атқарады, яғни болашақ табыстардың құнын қазіргі
мерзімге келтіру (PV). Дисконттау әдісі инвестициялық жобалардың
қаржыландыруына қаржыларды салу нәтижелілігін анықтауында, құнды қағаздарды
сатып алғанда, тұтынудың уақытаралық таңдауында пайдаланады. Дисконтталған
құн мына формула бойынша есептеледі:
мұнда х1, х2...хn – әр болашақ кезеңдерінде экономикалық агент
ұйғаратын (болжайтын) табыстар (біріншіден n - дейін),
r – дисконт нормасы, макроэкономикалық үлгілерде ол пайыз мөлшеріне
тең. Пайыз мөлшерінің макроэкономикалық мәні: ақшаны басқаша пайдаланудың
баламалы шығалары (шығындары) [3, 85].

проблемалар
Микроэкономика сияқты, макроэкономика да экономика теориясының бөлімі.
Грек тілінен аударғанда: макро – үлкен, микро – кішкентай, кішкене,
экономика – шаруашылықты жүргізу. Сонымен, макроэкономика – тұтастай
экономиканың немесе оның ірі жиынтықтарының (агрегаттарының) тәртібін
зерделейтін ғылым.
Макроэкономика терминін ең алғашқы болып 1933 жылы белгілі
норвегиялық ғалым – экономист-математик, эконометриканың негізін
салушыларының бірі, Нобель сыйлығының лауреаты Рагнар Фриш қолданды. Бірақ
қазіргі макроэкономикалық теория атақты ағылшын экономист, Кембридж
мектебінің өкілі, лорд Джон Мейнард Кейнстің басты (іргелі) еңбегінен
басталады. 1936 жылы оның Жұмыстылықтың, пайыздың және ақшаның жалпы
теориясы деп аталатын кітабы жарық көрді. Онда Кейнс макроэкономикалық
талдаудың негізін қалады. Кейнс еңбегінің маңызы өте зор, тіпті
экономикалық әдебиетте Кейнсиандық төңкерісі деген термин, кейнсиандық
макроэкономикалық модель (үлгі) пайда болды. Оның алдындағы –
микроэкономикалық талдау (классикалық модель, үлгі) Микроэкономика жеке
шаруашылық жүргізетін субъектілердің (тұтынушы немесе өндіруші) жеке
нарықтағы экономикалық тәртіптерін (мінез-құлықтарын) зерделейді, ал
макроэкономика экономиканы біртұтас ретінде зерделеп, барлық экономика үшін
ортақ жалпы мәселелерді зерттейді. Макроэкономика жалпы ішкі өнім, ұлттық
табыс, жиынтық сұраныс, жиынтық сұраныс, жиынтық тұтыну, инвестициялар,
бағалардың жалпы деңгейі, жұмыссыздық деңгейі, мемлекеттік қарыз деген
жиынтық шамаларды қолданады. Макроэкономиканың негізгі мәселелері:
экономикалық өсу және оның қарқындары; экономикалық цикл және оның
себептері; жұмыстылық деңгейі мен жұмыссыздық мәселесі; бағалардың жалпы
деңгейі мен инфляция мәселесі; пайыз мөлшерінің деңгейі мен ақша
айналымының мәселелері; мемлекеттік бюджеттің жағдайы; бюджеттік тапшылығын
қаржыландыру мәселесі мен мемлекеттік қарыз мәселесі; төлем балансының
жағдайы мен валюталық бағам мәселелері; макроэкономикалық саясаттың
мәселелері [4, 43].
Барлық осы мәселелер макроэкономикалық талдау тұрғыларынан, яғни жеке
тұтынушы, жеке фирма, тіпті жеке сала деңгейінде шешілмейді. Осындай
бірқатар жалпы – немесе макроэкономикалық мәселелердің болуына байланысты
экономика теориясының жеке бөлімі, жеке пәні – макроэкономиканың пайда болу
қажеттілігі туды (туындады). Макроэкономиканы зерделеудің маңыздылығы:
1) ол макроэкономикалық құбылыстар мен үдерістерді жай ғана баяндамай,
олардың араларындағы заңдылықтар мен тәуелділіктерді тауып,
экономикадағы себеп-салдар байланыстарды зерттейді.
2) макроэкономикалық тәуелділіктер мен байланыстарды білу арқылы
экономикадағы жағдайды бағалап, оны жақсарту үшін не істеу керегін
көрсету, ең алдымен саяси қайраткерлердің іс-қимылдары, яғни
экономикалық саясатының қағидаларын әзірлеуге мүмкіндік береді.
3) макроэкономиканы білу арқылы келешекте үдерістердің дамуын болжауға,
яғни болашақ экономикалық мәселелерді көріп, болжам жасауға болады.
Макроэкономикалық талдаудың 2 түрін айырады: ex post талдауы және ex
ante талдауы. Макроэкономикалық талдау ex post немесе ұлттық есеп
жүргізушілік, яғни статистикалық мәліметтер талдауы экономикалық қызметтің
нәтижелерін бағалауға, мәселелер мен жағымсыз құбылыстарды тауып шығаруға,
оларды шешу мен жеңу бойынша экономикалық саясатты әзірлеуге, әр елдердің
экономикалық әлеуетінің салыстырмалы талдауын өткізуге мүмкіндік береді.
Макроэкономикалық талдау ex ante, яғни белгіленген теориялық
тұжырымдамалардың негізіндегі экономикалық үдерістер мен құбылыстардың
болжамдық модельдеуі. Бұл экономикалық үдерістердің даму заңдылықтарын
анықтап, экономикалық құбылыстар мен ауыспалылар арасындағы себеп салдар
байланыстарын табуға мүмкіндік береді. Осы ғылым ретіндегі макроэкономика.
Макроэкономика салыстырмалы түрде жас ғылым болып табылады, алайда
жоғарыда атап өткеніміздей, экономикалық теорияның бұл бөлімінде көптеген
бәсекелес мектептер мен бағыттардың пікірлері орын алатындығын мойындай
келе, микроэкономикаға қарағанда макроэкономиканы зерттеудің әлдеқайда қиын
және күрделі екендігін айтқанымыз жөн. Көптеген ғылыми әдебиеттерде бұл
ғылымға әртүрлі анықтамалар беріледі. Сондықтанда, макроэкономикаға
жоғарыда аталған анықтаманы толықтыра отырып, тағы да мынадай анықтамалар
бере аламыз.
Макроэкономика – бұл тұрақты экономикалық өсу жағдайын, ресурстардың
толық қамтылуын, инфляцияның төменгі деңгейін және төлем балансының тепе-
теңдігін қамтамасыз ету тұрғысынан экономиканың қызмет етуін біртұтас жүйе
ретінде зерттейтін экономикалық ғылымның аса маңызды бір саласы.
Макроэкономика – бұл экономикадағы агрегатталған (іріленген,
біріктірілген, жүйеленген, жиынтықталған) өлшемдер мен көрсеткіштерді
зерттейтін ғылым.
Макроэкономика – әлемде болып жатқан ғаламдық экономикалық
проблемаларды және олардың кез-келген ұлттық экономикамен өзара байланысын
және оған әсер етуін зерттейтін ерекше ғылым.
Көптеген экономистер макроэкономиканың зерттеу пәнін негізгі төрт
макроэкономикалық проблемамен байланыстырады. Олар сол өзіне берілген
негізгі анықтамасынан шығады: жұмысбастылық, инфляция, экономикалық өсу
және төлем балансы.
Макроэкономиканың зерттеу пәні – негізгі макроэкономикалық проблемалар
төңірегіндегі ұлттық экономиканың жалпы біртұтас жүйе ретіндегі әрекет ету
заңдылықтары. Алайда, макроэкономика осы төрт проблемамен ғана шектеліп
қоймайды, оған тән басқа да проблемалар бар.
Макроэкономиканың зерттейтін негізгі проблемалары:
1. Тұрақты экономикалық өсу, оның қарқыны мен динамикасы;
2. Экономикалық цикл, оның пайда болу себептері;
3. Жұмысбастылық деңгейі және жұмыссыздық мәселесі;
4. Бағалардың жалпы деңгейі және инфляция мәселесі;
5. Пайыз мөлшерлемесінің деңгейі және ақша айналымының мәселесі;
6. Мемлекеттік бюджет жағдайы;
7. Бюджет тапшылығын қаржыландыру мәселесі және мемлекеттік қарыз мәселесі;
8. Төлем балансының жағдайы және валюта бағамының мәселелері;
9. Ел ішіндегі ұлттық нарықтардың жағдайы және олардың сыртқы ортамен
байланысы;
10. Макроэкономикалық саясатты жүргізу мәселелері.
Жалпы алғанда макроэкономика курсының мазмұны осы аталған
макроэкономикалық проблемалардың мәнін ашуға негізделеді. Осымен бірге сол
макроэкономикалық проблемалардың үнемі тұрақты түрде бір бірімен орын
ауыстырып отыратындығын да есепке алған жөн, сол себепті микроэкономикаға
қарағанда макроэкономиканың зерттеу пәні мен объектісі әлі толық
анықталмаған ғылым ретінде деп санап, ылғи да өзгеріске ұшырап отырады.
Қазіргі уақытқа дейін әртүрлі макроэкономикалық мектептер макроэкономика
курсының мазмұны мен құрылымын әр қырынан түсіндіріп келеді. Көптеген
макроэкономикалық әдебиеттерде негізгі макроэкономикалық проблемаларды
қарастыру тәртібі әртүрлі болып табылады. Бірақта, біз бәрібірде
макроэкономиканың зерттеу объектісіне тоқталуымыз қажет.
Макроэкономиканың зерттеу объектісі – ұлттық экономиканың өсу қарқыны
мен факторлары, ұлттық табыс көрсеткіштері және қоғамның байлығы [1, 16].
Макроэкономикалық көзқарас тұрғысынан халық шаруашылығы төрт
макроэкономикалық субъектіден құралады:
1. Үй шаруашылығы – жұмыс күші ұсынысын және игіліктерге деген сұранысты
қалыптастырады, алынған табыстарының бір бөлігін тұтынады, ал қалған
бөлігін жинақтайды, олар ең аз шығын жұмсай отырып өз пайдалылықтарын
максималдауға тырысады.
2. Фирма – өндіріс факторларына сұраныс білдіретін және игіліктердің
ұсынысын жасайтын, әрі инвестициялау үрдісін жүзеге асыратын белгілі
бер елдегі барлық кәсіпкерлік сектордың жиынтығынан құралады,
фирмалар ереже бойынша, өз қызметін жүзеге асыру барысында үнемі
пайданы максималдауға тырысады.
3. Мемлекет – ұлттық қауіпсіздік, ғылым, инфрақұрылым қызметтері сияқты
ерекше қоғамдық игіліктерді ұсынушы сектор, ол әдетте, пайданы
максималдауды мақсат етіп қоймайды, халық шаруашылығының тиімді
әрекет етуі үшін оңтайлы жағдайлар жасайды. Сонымен қатар, мемлекет
маңызды макроэкономикалық субъект ретінде игіліктерді өндіреді және
сатып алады, салық салады, трансферттік төлемдер төлейді, ақша
ұсынысын қалыптастырады.
4. Сыртқы орта – шет елдердегі экономикалық субъектілердің жиынтығынан
және шетелдік мемлекеттік институттардан құралады, олар отандық
экономикаға өз игіліктерін ұсынады және сол отандық экономиканың
өндірген игіліктеріне сұраныс білдіреді, экспорт пен импортты
қалыптастырады. Сыртқы әлем секторы ұлттық төлем балансы мен валюта
бағамының жағдайын анықтау үшін зерттеледі.
1.3 Макроэкономиканың зерттеу әдісі, мақсаттары және талдау құралдары
Өз талдауында макроэкономика микроэкономикада пайдаланатын әдістер мен
қағидаларды қолданады. Экономикалық талдаудың осындай жалпы әдістері мен
қағидаларына жатады: ойша жіктеу (экономикалық үдерістер мен құбылыстарды
зерттеп түсіндіру үшін үлгілерді пайдалану); дедукция мен индукцияны
үйлестіру; нормативтік және позитивтік талдауды үйлестіру; басқа да тең
жағдайларда қағидасын пайдалану; экономикалық агенттер мінез-құлқының (іс-
әрекеттерінің) оңтайлылығы, тиімділігі жөніндегі болжам және т.б.
Макроэкономикалық талдаудың ерекшелігі – оның ең маңызды қағидасы
ретінде ойша жіктеу болып келеді. Тұтастай экономика деңгейінде
экономикалық тәуелділіктер мен заңдылықтардың зерделуі мүмкін, егер
жиынтықтарды немесе агрегаттарды қарастырса. Макроэкономикалық талдау
агрегаттауды талап етеді. Агрегаттау – ол жеке элементтердің біртұтас,
агрегатқа, жиынтыққа бірігуі. Агрегаттау әрқашан ойша жіктеуге негізделеді,
яғни экономикалық үдерістер мен құбылыстардың ең маңызды қасиеттерін,
заңдылықтарын көрсетеді. Агрегаттау макроэкономикалық агенттерді,
макроэкономикалық нарықтарды, макроэкономикалық өзара қатынастарды,
макроэкономикалық көрсеткіштерді атап айтуға мүмкіндік береді. Экономикалық
агенттер мінез-құлқының типтік қасиеттерін табуға негізделген агреттау 4
макроэкономикалық агентті атап көрсету мүмкіндігін қамтамасыз етеді:
1) үй шаруашылықтары
2) фирмалар
3) мемлекет
4) шетел секторы
1) Үй шаруашылықтары – ол жеке, тиімді, оңтайлы жұмыс жасайтын агент,
оның экономикалық қызметінің мақсаты – ең жоғары пайдалыққа жету. Олар: а)
экономикалық қорлардың (еңбектің, жердің, капиталдың және кәсіпкерлік
қабілеттіліктердің) иесі болып келеді. Экономикалық қорларды сатып, үй
шаруашылықтары табыс табады, олардың көбін тұтынуға (тұтыну шығындарға)
ұстап, сол себептен олар: б) тауарлар мен қызметтердің негізгі сатушысы
болып келеді. Табыстың қалған бөлігін үй шаруашылықтары сақтайды, сондықтан
олар: в) негізгі сақтаушы немесе несие беруші (кредитор) болып келеді, яғни
экономикада несие қаражаттарының ұсынысын қамтамасыз етеді.
2) Фирмалар – жеке дербес, оңтайлы әрекеттегі макроэкономикалық агент,
оның экономикалық қызметінің мақсаты – пайданың өсуі. Фирмалар: а) өндіріс
үдерісін қамтамасыз ететін экономикалық қорлардың сатып алушысы ретінде; б)
экономикада тауарлар мен қызметтердің негізгі өндірушісі болып келеді.
Өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтерді сатудан алынған түсімді
фирмалар үй шаруашылықтарына факторлық табыстар түрінде төлейді. Өндіріс
үдерісін кеңейтіп, капиталдың қорын өсіруге және капиталдың тозуының,
ескіруінің орнын толтыруын қамтамасыз ету үшін инвестициялық тауарлар қажет
(бірінші кезекте, жабдық), сондықтан фирмалар; в) инвестолар, яғни
инвестициялық тауарлар мен қызметтердің сатып алушылары болып табылады.
Әдетте фирмалар өз инвестициялық шығындарын қаржыландыру үшін қаржы
құралдарын пайдаланады, яғни олар; г) экономикадағы негізгі қарыз алушы
болып келеді, өйткені несие құралдарына сұраныс береді.
3) Мемлекет – экономиканы реттеуге, экономикалық процестер (үдерістер)
барысына әсер ету саяси және заң құқығы бар мемлекеттік мекемелер мен
ұйымдар жиынтығы. Мемлекет – ол дербес (жеке), оңтайлы әрекеттегі
макроэкономикалық агент, оның негізгі міндеті – нарықтың сәтсіздікке
ұшырауын болдырмау және қоғамдық игілігін жоғарлату – сондықтан ол: а)
қоғамдық игіліктердің өндірушісі; б) өзінің көптеген міндеттерін атқару
үшін және мемлекеттік секторының (бөлігінің) қызметін қамтамасыз ету үшін
тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатып алушысы ретінде табылады; в) ұлттық
табыстың (салықтар мен трансферттер жүйесі арқылы) қайта үйлестірушісі; г)
мемлекеттік бюджеттің жағдайына байланысты – қаржы нарығында қарыз, несие
беруші немесе қарыз алушы. Бұдан басқа мемлекет; д) нарық экономикасы
қызметінің реттеушісі мен ұйымдастырушысы болып табылады. Ол экономика
қызметінің институционал негіздерін (заңнамалық базасы, қауіпсіздік жүйесі,
салық салу жүйесі, сақтандыру жүйесі және т.б.) құрып, қамтамасыз етеді,
яғни ойын ережелерін әзірлейді; елде ұсынысын қамтамасыз етіп, бақылайды,
себебі ақша эмиссиясына (ақшаның шығарылуы мен айналымына) монополиялық
құқығына ие, макроэкономикалық саясатын өткізеді. Макроэкономикалық саясат
бөлінеді:
- экономикалық өсуді қамтамасыз ететін құрылымдық
- экономиканың мерзімдік құбылуларын (тұрақсыздануын) басуға,
ресурстардың жұмыспен толық қамтылуына, бағалардың тұрақты деңгейін және
сыртқы экономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған
конъюктуралық (тұрақтандыру) саясатына.
Тұрақтандыру саясатының негізгі түрлері:
а) Фискалдық (немесе бюджеттік-салықтық) саясат
б) монстарлық (немесе ақша-несиелік) саясат
в) сыртқы экономикалық саясат
г) табыстар саясаты
4) Шетелдік сектор (бөлік) – дүниежүзінің барлық басқа елдерін
біріктіріп, жеке оңтайлы әрекеттегі (қызмет жасайтын) макроэкономикалық
агент. Ол осы елмен келесілер арқылы өзара әрекеттестікті іске асырады:
а) халықаралық сауда арқылы (тауарлар мен қызметтердің экспорты мен
импорты);
б) капиталдардың ауысуымен (капиталдың экспорты мен импорты, яғни қаржы
активтердің).
Талдауға шетел секторының (бөлігінің) қосылуы ашық экономиканы алуға
мүмкіндік береді. Нарықтардың агрегаттауы әрқайсысының қызмет атқару
заңдылықтарын табу, атап айтқанда – нарықтың әр қайсысына сұраныс пен
ұсыныстың қалыптасу ерекшеліктерін, олардың тепе-теңдік жағдайларын
зерттеу, сұраныс пен ұсыныс ара қатынастарының негізінде тепе-теңдік баға
мен тепе-теңдік көлемді анықтау, әр нарықтағы тепе-теңдіктің өзгеру
салдарын талдау мақсатымен өткізіледі.
Нарықтардың агреттауы 4 макроэкономикалық нарықты айыруға мүмкіндік
береді:
1) тауарлар мен қызметтер нарығы (шынайы нарық)
2) қаржы нарығы (қаржы активтер нарығы)
3) экономикалық ресурстар (қорлар) нарығы
4) валюталық нарық
Макроэкономикалық талдаудың жалпы әдістері мен принциптеріне мыналар
жатады:
- абстракциялау (экономикалық құбылыстар мен үрдістерді зерттеу және
түсіндіру үшін үлгілерді қолдану);
- индукция мен дедукция әдістерінің үйлесімділігі;
- нормативтік және позитивтік талдаудың үйлесімділігі;
- әртүрлі тең жағдайларда принципін қолдану;
- экономикалық агенттердің ұтымды шешім қабылдаулары туралы болжамдар және
т.б..
Макроэкономикалық талдаудың басты ерекшелігі – ол агрегаттау болып
табылады.
Экономикалық агенттердің мінез – құлықтарының және тәртіптерінің аса
маңызды жақтарын айқындауға негізделген макроэкономикалық агрегаттау әдісі
мынадай төрт негізгі макроэкономикалық агентті бөліп көрсетуге мүмкіндік
береді, олар:
1. үй шаруашылықтары немесе тұтынушылар,
2. фирмалар немесе өндірушілер,
3. мемлекет немесе үкімет,
4. шетелдік сектор немесе сыртқы орта.
Рыноктарды агрегаттау мынадай негізгі төрт макроэкономикалық рынокты
бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:
1. игіліктер немесе тауарлар мен қызметтер рыногы (нақты рынок),
2. қаржы рыногы (қаржылық активтер рыногы),
3. экономикалық ресурстар рыногы,
4. валюталық рынок.
Макроэкономикалық үлгілер макроэкономикалық шамалар арасындағы өзара
тәуелділіктерді түсіндіруге және экономикалық құбылыстар арасындағы себеп –
салдарлық байланыстарды танып білуге мүмкіндік беретін функциялардан,
графиктерден, формулалардан, сызбалардан және кестелерден құралады. Ал
макроэкономикалық үлгілерді құру үшін экзогендік және эндогендік
айнымалылар қолданылады [1, 16].
Макроэкономикада күнi бүгiнге дейiн шешiмi табылмай келе жатқан үш
мәселе бар. Бiрiншiсi – тұрақты жұмыссыздықтың мерзiмдерiн қалай
түсiндiруге болады. Мысалы, 1930 жылдары жұмыссыздық бiрнеше жылға созылып,
20 проценттен астам болды, ал соғыс жылдарынан кейiн әр түрлi жағдайларға
байланысты оның мөлшерi өсе түстi. Америка Құрама Штаттарында 1982 жылғы
жұмыссыздық 10,6%-ке өстi, ал 1982 жылдың 1984 жылға дейiн 9% мөлшерiнде
болса, 1989 жылдың басында ол 5%-ке дейiн төмендедi. Кейбiр Еуропа
елдерiнiң, дәлiрек айтқанда, Ұлыбритания мен Францияны экономикасы 80-
жылдары кеңiнен етек алған жұмыссыздықты бастан кешiрдi.
Макроэкономикалық зерттеулер тұрақты жұмыссыздықтың өзектi мәселе
екенiне назар аударады.
Екiншi өзектi мәселе: жұмыссыздықты тежеу барысында қандай шараларды
қолдану тиiмдiлiгi жөнiнде кейбiр экономистердiң пiкiрiнше, жұмыссыздық
мәселесiн мемлекет тарапынан жұмыссыз қалғандарға компенсация жүйесiн дұрыс
жолға қою арқылы немесе салықты қысқарту жолымен шешуге болады. Бұл
тұрғыдағы пайымдау экономиканы жетiк бiлетiн Роберт Лукас секiлдi
мамандарға әдеттегiден өзгеше болып көрiндi.
Бұдан басқа да пайымдаулар жұмыссыздық өскен кезде мемлекет өз
тарапынан қаржы саясатын жүйелi түрде, яғни салықты төмендету немесе
мемлекет шығынын өсiру арқылы жүзеге асыруы тиiс дегенге саяды.
Келесi ауқымды зерттеуге лайық мәселе – инфляцияны түсiндiру: Нелiктен
АҚШ-та баға 1979-1980 жылдары 10%-ке өсiп, 1986 жылы 2%-ке төмендеп кеттi?
Мұндай тоқтаусыз инфляцияның себебi неде? Баға өсуi әр жыл сайын 1,000%-тен
асса, 1985 жылы Боливияда баға 11,000%-ке өстi. Мұндағы саясат – инфляцияны
өсiрмеу, егер ол өсетiн болса, жұмыссыздықты көтермей оны қалайда қысқарту.
Үшiншi үлкен мәселе – өнiмнiң өсу мөлшерiн не анықтайтын жөнiнде. Не
себептен әр жан басына шаққандағы өнiм мөлшерi АҚШ-та жыл сайын 1,7%-тен
келiп, бұл әрбiр 40 жылда екi есе өседi? Нелiктен өнiм өндiру АҚШ-қа
қарағанда Жапонияда соңғы жылдары жедел арта түсуде? АҚШ-пен салыстырғанда
Жапония экономикасы, егер табыс мөлшерi жан басына шаққанда, АҚШ деңгейiне
жетсе де, өсе бермек пе? Осы секiлдi жұмыссыздық мәселесi зерттелуде деген
сұрақ макроэкономикада ұзақ уақыттар бойы шешiмiн таппай отыр. Бұл сұрақ
төңiрегiнде әр ұрпақ өкiлi өз ойларын өткен жағдайларды, әсiресе 1930
жылдарғы депрессияны талдай отырып дамытуы тиiс. Расында инфляция туралы
экономистердiң ой-пiкiрлерi әр алуан. Бiреулерi инфляцияны тоқтау үшiн
ақшаның өсуiн тежеу қажет дейдi. Әйтсе де инфляция өсуiнiң себебiн анықтау
мәселесi әлi де тиiстi шешiмiн тапқан жоқ.
2 МАКРОЭКОНОМИКА – ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗГІ БӨЛIГI
2.1.Макроэкономикалық теорияларының пайда болуы
Кез келген адам өз қажеттiлiктерiн әрқашанда барынша толық
қанағаттандыруға тырысады. Бұл қажеттiлiктердiң негiзi ақша мен байлықта
емес, адамдардың өздерiнде. Сондықтан экономика – адамдар өз
қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн шектеулi ресурстарды пайдаланғанда
туындайтын таңдауларды зерттейтiн қоғамдық ғылым. Барлық ресурс бүкiл
адамзаттың қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға жете бермейдi. Бұндай жағдайда
сиректiлiк пайда болады. Сиректiлiк – кез келген адамның қажеттiлiгiн
қанағаттандыруға ресурс көлемi жетпейтiн жағдай. Сондықтан да экономиканы
терең зерттеу керек. Осы зерттеудегi алғашқы қадам – қандай тауарларды,
қаншалықты мөлшерде өндiру керек деген сұрақтарға жауап беру. Бұл
сұрақтарға жауап қазiргi экономиканың өзектi мәселелерi тиiстi жолмен
шешуге зор әсерiн тигiзедi. Әдетте тиiмдiлiкке жету үшiн өндiрiстiк
ресурстарды үш топқа бөлiп қарастырады. Олар: еңбек, капитал, табиғи
ресурстар. Бұл үшеуiн бiрiктiрiп өндiрiс факторлары деп атайды. Өндiрiс
факторлары – тауарды немесе қызметтi өндiруде пайдаланылатын еңбектiң,
капиталдың және табиғи ресурстардың негiзгi салымдары. Өз кезегiнде еңбек –
адам өндiрiс үрдiсiнде жұмсайтын барлық дене және ой шығындарының жиынтығы.
Капитал – өнеркәсiптiк құрал-сайман, жабдықтар мен инфрақұрылымды қоса
алғанда адамның жасаған барлық өндiрiстiк құралдары. Табиғи ресурстар –
өндiрiсте өңдеусiз табиғи түрде қолданылатын барлық заттар, мысалы, құнарлы
жер, құрылысқа арналған бос орындар, тоғайлар, минералдар және т.б.
Жалпы экономика ғылымы екi басты бөлiмнен тұрады: макроэкономика және
микроэкономика. Микроэкономика – фирмалар, үй шаруашылықтары, үкiметтiк
агенттiктер сияқты шағын бiрлiктер жасайтын таңдауларды зерттейтiн
экономиканың бөлiгі. Макроэкономика – экономиканың инфляция, жұмыссыздық,
экономикалық өсу секiлдi iрi масштабты экономикалық құбылыстарын зерттейтiн
бөлiгi [11, 16].
Макроэкономика экономиканы бiр үлкен бүтiн құбылыс ретiнде
қарастыратын ғылым. Ол экономикадағы iс-әрекеттердi бiрiктiрiп жалпылай
қарастырады. Белгiлi бiр уақыт аралығында кейбiр фирмалар өндiрген
өнiмдерiне бағаны өсiредi, кейде төмендетедi. Бағаның жиынтық өзгерiс
талдау кезiнде зерттеушiлер көптеген баға өзгерiстерiнiң iшiнен орташасын
алады. Бағаның экономикадағы жиынтық динамикасын өлшеу үшiн баға индексi
қолданылады. Макроэкономиканың негiзгi мақсаты жеке фирмалар мен
жұмысшылардың дамуын қарастыру емес, экономиканың жиынтық беталысын
талдаудан тұрады. Макроэкономикадағы жалпы ұлттық өнiм, қор жинағының
нормасы, тұтыну баға индексi, инфляция деңгейi, жұмыссыздық деңгей және
өндiрiс көлемiнiң өзгеру қарқындылығы секiлдi көрсеткiштер экономиканың бiр
бөлек элементiн ғана қарастырмайды, олар экономиканың дамуының беталысын
зерттеуге мүмкiндiк бередi.
Макроэкономика ғаламдық мәселелердi де зерттейдi белгiлi бiр уақыт
аралығында ұлттық экономиканың байлығы өстi ме, әлде кемiдi ме? Қарастырып
отырған мемлекеттегi халықтың қор жинағының мөлшерi қандай? Неге кейбiр
мемлекеттерде инфляция бар, ал тағы бiреулерiнде ол жоқ? Мiне, осындай және
тағы басқа да сұрақтарға макроэкономика жауап бередi.
Экономикалық өсу халық санының артуы және техникалық прогресс сияқты
салыстырмалы тұрақты факторлар әсерiнiң нәтижесi болып табылады. Осы
факторлардың ұзақ мерзiмдегi динамикасы әлуеттi өндiрiс көлемiнiң
динамикасын анықтайды. Ал қысқа мерзiмде экономика осы негiзгi
траекториядан ауытқып отырады. Сол себептi тұрақты экономикалық өсудi
қамтамасыз ету үшiн осы циклдiк толқуларды басқарып отыру қажет.
Ресурстардың толық пайдаланылуы және экономиканың инфляциясыз өсуi
мақсатында экономикалық циклдердi басқару макроэкономикалық саясат арқылы
жүзеге асырылады. Макроэкономикалық саясат бюджет-салық немесе қазыналық
және ашқа-несие немесе монетарлық саясаттан тұрады. Бюджет-салық саясаты
сыртқы саудада, тек қана үкiмет арқылы, ал ақша-несие саясаты Орталық банк
арқылы жүзеге асырылады. Осы қазыналық, монетарлық саясаттардың көмегiмен
мемлекет iшкi және сыртқы макроэкономикалық тұрақтылық орнатуға және оны
ұстап тұруға тырысады. Кез келген мемлекет экономикасы үшiн
макроэкономикалық саясатын қатесiз анықтау, оны таңдалған бағытта дұрыс
жүргiзу ең өзектi де басты мәселе болып табылады.
Макротеорияны зерттеушi ұлы макроэкономистер Джон Мейнард Кейнс,
Нобель сыйлығының иегерi Милтон Фридмен, Массачусетс технологиялық
институтынан Франко Модильяни және Роберт Солаз, Иель университетiнен
Джеймс Тобин, одан кейiнгi жас буындар Харвард университетiнен Роберт
Барро, Мартин Фелдстейн, Чикаго университетiнен Томас Сарджент, Джон Тейлор
бiрлесе отырып мемлекеттiң баға жөнiндегi саясатына талдау жасайды.
Макроэкономикалық теорияның дамуы бүгiнгi таңдағы экономикалық
проблемаларға тiкелей қатысты. Кейнс экономикасы 1930 жылдарғы тоқырау
тұсында дамып, сол тоқыраудан қалай шығу жолдарын көрсеттi. Ал монетаризм
теориясы инфляция проблемасын шешу мақсатында 1960 жылдары кеңiнен өрiс
алды, кейiн, 1980 жылдары пайда болған ұсынымды жақтайтын экономика бұл
саладағы ретсiздiктi салықтарды қысқарту жолымен шешуге тырысты, бiрақ
бұдан ешқандай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz