Моңғолия қазақтары мен салыстырсақ Қытай еліндегі қазақтарының өмір сүру салты монғолия қазақтарымен етене жақын



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Э.Т.Какенова
Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ
оқытушы

КҮЛЛІ ҚАЗАҚТАРДЫҢ ҚАРА ШАҢЫРАҒЫ, ОРТАҚ ОТАНЫ - ҚАЗАҚСТАН

Тарихтың сыры да көп, айтатын мұңы да көп түркі текті халықтардың
ішіндегі іргелісінің бірі де, бірегейі қазақ халқы.
Біз, қазақ – атаны, ананы пір тұтқан халықпыз. Сондықтан да біз
тегімізді атадан, тілімізді анадан деп санаған халықпыз.
Біз қазақ қайдан шықтық?, Әлемдегі өркениетте, тарих көшінде алар
орынымыз қандай? деген сауалдар осы бүкіл қазақтың ұлы қосында тілге тиек,
сезімге тірек болып, баршамыздың көкірегімізде шырақтай алаулап тұрғаны
аян.
Қазақ халқы – тамырын жеті қабат жер астына жіберген алып
бәйтеректей, өзегін ғасырлар тереңіне тартып, осынау қасиетті ұлы даласынан
табан аудармай, дауылдармен алысып, тағдырымен қарысып, өсіп-өркендеп келе
жатқан байырғы халық. Бүгінгі қазақ халқы сонау есте жоқ ескі замандарда–ақ
тұлпарларының тұяғымен дүниені дүр сілкіндірген көне сақтардың, ежелгі
ғұндардың, байырғы түріктердің ұрпағы, үлкен үйдің қара шаңырағын ата
жұртта сақтап қалған халық. Бұл – ескіден қалған көне жәдігерлер, сақ
заманының куәгері Алтын киімді адамның алтын тостағанындағы және Түрік
қағанатының тарихын танытқан Орхон – Енисей мен Талас жазбалары дәлелдеген
шындық.
Қазақ халқының құрамына кірген тайпалық одақтар Ұлы Түрік қағанаты,
Түргеш, Қарлұқ, Қимақ, Қарахандықтар мемлекеттерінің негізін қалаушылар
қатарында болған.
Біздер талай-талай оқиғалардың куәсі болған асқар таулар мен
ұланғайыр даланың түлегіміз. Бұл – біздің сан буын бабаларымыздың кір жуып,
кіндік кескен жері, көл жазира өңіріміз, атадан қалған байтақ мұрамыз, баға
жетпес байлығымыз, алтын босағамыз. Еліміз өркендеп, айдарынан жел есіп,
байрағы желбіреп, азат мемлекет болды. Бүгінгі тәуелсіздікке, бостандықққа
қол жеткізу үшін миллиондаған адамдардың жаны қиылып, жазықсыз зардап
шекті.
Қазақ ұлтының бүгінге дейінгі тарихының басты мазмұны азаттық үшін
күреске сайып келеді. Елдік пен бостандық жолындағы күресіміздің байырғы
скиф, ғұн, оғыз, сақ, үйсін, қаңлы, қыпшақ, замандарынан кешегі шерлі
желтоқсанға дейінгі сан ғасырлық шежіресі бар.
Жанқиярлық, табанды күресінің арқасында ата-бабаларымыз өзінің бірлік-
берекесін сақтап қана қоймай, ХV ғасырда қуатты Қазақ хандығын құрып, Қазақ
мемлекетін тарих саханасына паш етті [1].
Егемен еліміздің тарихы талай-талай өркенді өзгерістерге, жан-
жадыратар жақсы жаңалықтарға толы. Қазақ елінің мақтанышының бірі, оның
тату – тәтті ынтымағы жарасқан көп ұлтты халқы бар.
Республикамыздағы қазіргі ұлтаралық жарасым ахуалын көздің
қарашағындай сақтай білу барлық ұлттың, әрбір азаматтың ең жауапты міндеті.
Қазақстандағы ұлтаралық жарастықтың негізгі ұйтқысы болу міндетін алдымен
осы атамекеннің иесі – Қазақ халқы өз мойнына алуы керек. Өйткені халқымыз
ұлтаралық жарастықты, сыртқы дүниемен өзара тиімді ынтымақтастықты жүзеге
асыра алса ғана өзінің өркениетті мемлекетіне ие бола алады.
Біздің туымыз – тәуелсіздік, тілегіміз – бейбітшілік, тыныштық дей
келе қазақ елінің әр азаматы күш колдану мен жанжал аталуыны болдырмауға
бар ерік-жігерін аямау қажет. Осы мақсат жолында Қазақстандағы барлық ұлт
өкілдері бір кісінің баласындай, бір қолдың саласындай күш біріктіруіне
мүдделі.
Осы жолда елімізде игілікті істер атқарылып, тарих беттерінде елеулі
оқиғалар орын алуда. Соның бірі Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы.
Құрылтайды өткізудегі негізгі басты мақсат бүкіл әлемдегі қазақ қауымының
болашағы жөнінде ойласу, ұлтымыздың тарихындағы ерекше белестің тұсында
еліміздің қалай өркендейтіндігін талқылау. Қазақ диаспорасының қалыптасуы –
зерделі жанды таң қалдыратын құбылыс. Бүгіндері жер жүзінде тарих
тәлкегімен тарыдай шашылып кеткен қазақтар әлемнің 44–тей елінде ғұмыр
кешуде. Қытайда, Монғолияда ұлты қазақ бауырларымыз бар. Кеңес Одағының
ыдырауына байланысты біз қазір Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы
республикаларда тұратын бауырларымызды да отандастар деп санаймыз.
Өзбекістандағы, Түркіменістандағы, Қырғызстандағы қазақтар ана тілін,
ұлттық мәдениетін, әдет–ғұрып жақсы сақтаған.Сонымен қатар ағайындарымыз
Түркияда, Иранда, Ауғаныстанда көп, Еуропада да өз емес, Америкада,
Канада да, тіпті алыстағы Ауғаныстанда да бар, әрқайсысының тағдыры,
тұрмыс халі әр түрлі.
Алыстағы бауырлардың халықтық дәстүрлерді сақтауы сүйсінтеді, тәнті
етеді. Атамекеннен алыстаған бауырымыздың ана тілін қадірлеуі, қандай
жағдайда да ұмытпағаны – біздің ұлт болып мақтан тұтар нәрсеміз.
Шет елдегі қазақтардың қай елде жүрсе де өзін Қазақстанның өкілі
сезінетіндей, қазақ азаматы сезінетіндей жағдай жасау мәртебелі міндет.
Қазақ азаматы қай жерде де өз ұлтының озық дәстүрлерін, тілін сақтаса, асыл
қасиеттерін ардақ тұтса, атамекенге деген сезімін әлпештей білсе, туған
халқы алдындағы перзенттік парызының орындалғанының айғағы болар еді [2].
Әлемдік кеңістікте тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің пайда болуы,
басқа республикалардағы қазақтарды диаспораға айналдырды. Сонымен бірге
Қазақстанның дербестікке қол жеткізуі қазақ диаспорасының ұлттық санасын
оятып, ұлттық тарихын, мәдениетін, тілін білуге, салт-дәстүрін, әдет-ғұрып
сақтауға жол сілтеп, бүгінгі мен ертеңін тануға ынталандырады.
Әлемнің әр түрлі мемелекетерінде ғұмыр кешіп жатқан қазақ
диаспорасының өкілдері өздерінің ұлттық негіздерін ұмытқан емес. Дүние
жүзінің әлеуметік–экономикалық дүниесінің тотальді интеграциясына ұшырып,
жаппай жаhандану процесі жүріп жатқанда Қазақстандағы қазақтар тәріздес шет
елдердегі қандастарымызда да өзіндік этникалық қабілетін жоғалтпаудың
жолдарын іздеуде. Бұндай әрекет барлық халық үшін маңызды.
Шет елдегі қандас бауырларымыздың қазақы сана–сезімі өз деңгейінде
екендігін Сәбит Мұқановтың Моңғолия жерінде болған сапарынан кейін
қалыптасқан пікір арқылы дәлелдеуге болады. Жазушы ағамыз: Моңғолия
қазағынан үш түрлі олжа таптым. Біріншісі, қазақтың әдет–ғұрып, салт–санасы
қаймағы бұзылмай сақталыпты. Екіншісі, сыбызғы деген ата–бабамыздың музыка
мұрасы оркестірдің аспабында ойналады екен. Үшіншісі, мұндағы қазақтар
оқығыш, білімдар, сауатты зиялылар мол екендігін көріп көңілім толды деген
екен. Міне, осындай пікірдің астарын түсінген адамға шет елдегі қазақтармен
мемлекетіміздегі қазақтардың бірлігін ұштастыру қажеттігін аңсаған жолда
мақсат–мүдденің мол екендігін атап өтуге болады.
Моңғол елін мекендеген қазақ диаспорасының, яғни шоғырының саны
біршама. Моңғолия қазақтарының өзіндік тарихы, салт–дәстүрі, әдет–ғұрпы,
наным–сенімдері мол.
Біз қазақ ежелден өміріміздің маңызды бір бөлшегі ретінде бірнеше
шаруашылық түрлерімен шұғылданған халықпыз. Яғни, қазақ халқының ұлттық
шаруашылығы, ахуалы, тұрмысы, жан–дүниесі басқаға ұқсамайтын өзіндік
ерекшелігі бар этнос, бірілік. Қазаққа әрқашан қайда жүрседе ерекше бір
сипат беріп, оны көптеген ұлт елдерінен оқшаулап тұрған және ұлттық ахуал
тұрмысынан жан–дүниесінің ерекшеліктерінің қалыптасуына тұғыр болып келген
ұлы күш – көшпелі мал шаруашыдығы.
Моңғолиядағы қазақтардың негізгі дәстүрі сан ғасыр бойы атадан балаға
жалғасып келе жатқан мал шаруашылығы болғандықтан, олар қазақы қағида:
Малдың демінен басқасының барлығы қажеттілікке жарайды деп көреді де,
малдан алынатын барлық өнімдерді дәстүрлі әдістермен өңдеп, өмір –
тіршіліктеріне кеңінен пайдаланады. Оларға ет, сүт, жүн, тері, қыл, қылшық,
қыбыр, түбіт және тағы басқалар жатады.
Моңғолиядағы қазақтардың өсіретін малдарының көпшілігі – қой түлігі.
Дала арқарының ұрпағы – Керей қойы өзінің генфонд (тұқым қоры) жағынан
дүниеде теңдесі жоқ жануар. Ол суыққа төзімді, аса өсімтал түлік. Балдай
тәтті сүті бар, керей ауылы жаз айларында қойды екі рет сауады. Қоралы
койды қосақтап сауатын ұлы мирас, қыруар еңбек үрдісі қазір тек Моңғолия
қазақтары өмірінде сақталған. Олар тек сүттен қырықтан астам түрлі тағадар
дайындайды. Ол тағамдар жылдың төрт мезгілінде ешбір тоңазтқышсыз қоймадан,
қосалқы үйде сақталады, сапа дәнінен айырылмайды.
Абақ керейлерінің көпшенді ауылында қазіргі таңда өндірісте көрініс
таба қоймаған өзіндік қол өнер, ұсталық және ағаш шеберлігі болған. Киіз
басу, тері және көн илеу, арқан тарту, сабын былғау қазақтың ежелгі кәсібі.
Абақ керейлер табиғи жосамен үй ағашын, рәу ағаш қоймалжыңымен киіз,
жарғақ, жүн бояйды. Қазақ мыспен қорғасынды мүсәтір қосып ерітіп темір
жалмайды, көрік қазақтың ежелгі кәсібі, қазақ арасында темірден түйін
түйген ұсталар кездесетін. Абақ керей ұсталары темірден пышақ, аңыздық,
қырықтық, қайшы, қысқыш, құлып, топса, балта, балға, тесе, таға, шеге,
орақ, қақпан, соқса. Күмістен ер – тұрман жабдықтап белбеу, ноқта, насыбай
шақша, қын күмістеп, білезік, сақина сырға, алқа соғады. Ауқатты адамдар
керегесінің көгіне дейін күмістейді [3].
Моңғолия қазақтарында Наурыз тойы, оның өткізілу уақыты жөнінде
өзіндік тарихи ерекшеліктер қалыптасқан. Наурыз тойы 90-шы жылдардың орта
кезіне дейін ақпан айының 20-сы немесе наурыз айының бас кезінде өткізіліп
келген. Яғни, Монғол халқының жаңа жылы Саған Сарыдан он күн бқрын
тойланатын болған. (Саған Сары буддалық жыл санауға байланысты ақпан мен
наурыз айларының арасында, бірде он күн ілгері, кейде он күн кейін келіп
отырады.) Тек Қазақстанмен арақатынас басталғаннан кейін Наурыз тойы арнайы
осы айдың 22-де өткізу қалыптасқан.
Моңғолия қазақтарының Наурыз тойындағы мерекелік шаралары әркелкі.
Климаты қатаң, суық келетін Баян - Өлгей аймағында ат спорты ойындарын
өткізуге мүмкіндік болмайды. Ал Қобда аймағында қысы жұмсақ келетіндіктен
көкпар (жергілікті диалекті бойынша – көкпері), ат жарысы түрлері
тәріздес мерекелік шаралар өтеді.
Наурыз түні немесе басқа да той-томалақта ауылдың үлкен-кішісі
жиналып ойнайтын ойын түрлері көп сақталған. Мысалы, асықпен байланысты
ойын түрлері: ат жарыстыру, тайынша байлау, хан ойыны, бақанға отырғызу,
қарақасқа құю сияты ойындар ойналады.
Қазақ салт-дәстүр нақыштарының сақталуы Моңғолия қазақтарының
өмірінде мал шаруашылығымен тығыз байланысты екіндігі барлық жағдайда да
дәлелденген.
Қазақтар сияқты Моңғолия қазағының мәдениетінің ең бір еңселі
бөлігі–қол өнері. Бұл да қазақтың көшпеді шаруашылық салтына байланысты.
Көшпенді өмірді үй–жай, шаруашылыққа қажетті заттар, ер–тұрман, киім– кешек
барлығы да қол өнерден көшпенді өмірге ықшам барлық түрін талап етеді. Ол
қолөнердің темір ұсталығы, ағаш шеберлігі, тоқыма, сырыма, қаптама, аптама,
терме, зерделік, құрақ құру, түйін түю, ою, қию, түзеу, ырғылау, иіру
сияқты түрлері. Мұнда аталған қол өнердің анасы қызына, әкесі ұлына тым
жасынан үйретеді, баулиды.
Қол өнер, ұсталық, аңшылық және балық аулау қазақ шаруашылығының
қосалқы түрлері болған. Қазақ тұрмысындағы аңшылықтың ежелгі түрі бүркіт
ұстап түлкі аулау болса, бұл салт Моңғолиядағы қазақтардың арасында әлі
жалғасып келеді.
Моңғолия қазақтарының салт – дәстүрі жөнінде тоқталғанда ең бірінші
кезекте қазақ халқының барлығында бірдей қасиетті, қастерлі болып саналатын
баспанасы – киіз үйді тілге тиек етуге болады.
Моңғолиядағы қазақтардың киіз үйлері Қазақстан, Қытай, Ресей немесе
басқадай жерлердегі қазақтардың шошақ үйлерінен өзгеше, Монғол жерінің
табиғаты мен климат ерекшеліктеріне бейімделген, орташа биіктегі үлкен киіз
үйлер болып келеді. Тағы бір ерекшелік – Моңғолия қазақтары киіз үйдің
ауқымы керегенің санымен емес, уық санымен анықтайды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Монғолия жерінде қазақ диаспорасының қалыптасуы, тарихы мен ерекшелігі
Моңғолиядағы социалистік құрылыс жылдарындағы қазақ диаспорасы
ДИАСПОРОЛОГИЯ ЖӘНЕ ДИАСПОРА ҰҒЫМЫ
МОҢҒОЛИЯДА ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Қазақтар
Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы және оның қызметі
Түркиядағы қазақ диаспорасы
ХIX–XX ғ. басындағы тарбағатай өңірінің қазақтары (тарихи-этнографиялық зерттеу)
Моңғолия қазақтарының этнографиялық зерттелу мәселелері
Шыңжан өлкесіндегі қазақтар
Пәндер